Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

Вид материалаДокументы
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
4 курсЖеке пәндерді сипаттау
Курстың/пәннің мазмұны
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   54

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Кредо

Пәннің коды: Cred 3211

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3- оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: т.ғ.к. Жақапбаева Г.А. т.ғ.к.

Курстың мақсаты: Жобалау-сызу жұмыстарын автоматтандыру жүйесін пайдалану арқылы инженерлі ізденістерін өңдеудің, алаңдар мен автожолдарды жобалаудың, жер бетінің сандық моделін жасаудың әдістері мен тәсілдерін оқу “Credo жүйесіндегі жобалау негіздері” пәнінің мақсаты болып табылады. Осы графикалық жүйе арқылы сызудың басқа, әр түрлі салада пайдаланатын күрделі кеңістік, көлемдік конструкцияларын есептеуге және құруға болады.

Деректемелері/Пререквизиттері: Инженерлік геодезия, Компьютерлік біліктілік. Информатика және есептеу техникасы, AutoCAD негіздері.

Курстың/пәннің мазмұны: Credo DAT жүйесі. Credo DAT Plus. Интерфейстің жалпы сипаты. Мәліметтер процедурасы. Импорт. Пункттер. Нақты байланыстар. Теодолиттік жүріс. Экспорт. ASII файылдарымен танысу. Өңдеу процедурасы. Алдын ала өңдеу. Есептеулер процедурасы. Сызбалар процедурасы. DXF планшеті. Сызбаларды шығару. Объектіні шығаруға дайындау. Объектінің бөлігін таңдау. Жазбаша файлдарын шығару. AutoCAD бағдарламасына сызбаны шығару. CREDO жүйесіндегі топографиялық пландардағы шартты таңбалар.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. CREDO «Программный комплекс обработки инженерных изысканий, цифрового моделдирование месности, проектирование автомобильных дорог и генпланов», Том А, общие сведения, Минск 1999 г.
  2. «CREDO_DAT – Система камеральной обработки инженерно-геодезических работ», книга 1 «Инженерно-геодезические и землеустроительные работы», Минск 1999 г.
  3. «CREDO_GEO Объемная геологическая модель месности», книга 2 «Руководство Пользователя», Минск 2000 г.
  4. «CAD_CREDO – Система проектирования автомобильных дорог», книга 1 «Руко-водство Пользователя», Минск 2000 г.
  5. «Система камеральной обработки инженерно-геодезических работ», книга 2 «Подсистема обработки линейных изысканий», Минск 1999 г.
  6. Практическое задание по использованию комплекса CREDO. «Оброботка данных, вводимых с клавиатуры при использовании рукописных журналов и схем», Минск 2001 г.
  7. Практическое задание по использованию комплекса CREDO.«Обработка ин-женерно-геологических изысканий в системе CREDO_GEO», Минск 2000 г.
  8. Практическое задание по использованию комплекса CREDO. «Проектирование горизонтальной и вертикальной планировки участка под задание в системе CREDO MIX», Минск 2001 г.
  9. Практическое задание по использованию комплекса CREDO. «Организация безбумажной технологии с использованием комплекса CREDO», Минск 2000 г.
  10. Маслов А.В., Гордеев А.В., Батраков Ю.Г. Геодезия. Учеб.пособие для вузов. Изд. 4, перераб. и доп.–М.:Недра, 1980. 616 с.

Сабақ беру әдістері: Берілген курс лекциялық және практикалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.

Практикалық жұмыстарда әрбір студентке жеке тапсырма беріліп, әкімшіліктік істі жүргізу орындалады. Тапсырманы орындау, қосымша сұрақтарға жауап беру, жұмысты уақытылы және ұқыпты көркемдеу сабақтағы белсенділікті қалыптастырады.

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмысты орындау сапасы, қойылған сұрақтарға жауаптары, жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.

Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, жерді пайдалану мен қорғау жөніндегі жылдық есептер, кітапхана қоры.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Мелиоративтік жүйелерді жобалау

Пәннің коды: MZhZh 3302

Пәннің типі: Кәсіптендіру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 3- оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жүсіпов М.М. – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Мелиоративтік жүйелерді жобалау жөніндегі ғылым мен техниканың ең жаңа табыстарын ескере отырып қазіргі заман талабына сай білім беру. Нұсқауларды техника-экономикалық салыстыру негізінде мелиорацияланатын ауданның және ауыспалы егістік танаптарының өлшемдерін, мелиорацияланатын жерлердің ауылшаруашылық тұрғыда қолдануын, суғару желісінің типін негіздеуге үйрету. Қолданыстағы ҚНж/еЕ пайдалана отырып мелиоративтік жүйелерде жолдарды жобалауға үйрету. Жабық, ашық және қосарланған желіліерді жобалауды үйрету. Коллекторлы-кәрізді желілерін жобалау негідерімен таныстырып оны нақты жағдайда іске асыруға үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Физика, математика, геология және гидрогеология, геодезия, мелиоративтік егіншілік, гидравлика.

Курстың/пәннің мазмұны: Жобалау ізденіс жұмыстарын ұйымдастыру және жоспарлау. Жобалау ізденіс институттарының құрылымы, мамандануы және орналасуы. Жобалауға қажетті алғашқы мәліметтер. Ізденіс жұмыстары. Ізденіс жұмыстарының нормативтік құжаттары, тапсырма, келісім, және рұқсат алу. Жобаланатын нысанның немесе су шаруашылығы жүйесінің технико- экономикалық көрсеткіштері және тиімділігі. Су жинау-қашыртқы желісі. Жобалау шарттары. Су жинау-қашыртқы желісінің есепті өтімдері. Каналдарды жобалау. Құбырлы желіні жоспарда жобалау. Құбырлы суару желісін қолдану шарттары.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Костяков А.Н. Основы мелиорации. М.: Сельхозизд., 1960г.-662с.
  2. Марков Е.С. и др. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. М.: Колос, 1981.,-375с.
  3. Марков Е.С. и др. Практикум по сельскохозяйственным гидротехническим мелиорациям. М.: Агропромиздат, 1986.,-368с.
  4. Атақұлов Т.А., Кенебаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациясы. Алматы, 2000ж.
  5. Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И. и др. Основы сельскохозяйственной мелиоарции (на каз.яз. и русс. яз.) Тараз, Изд «Аква», 2003г.
  6. Бекбергенов К.Ж. Ауылшаруашылық мелиорациясы. (оқулық). Алматы, Кайнар, 1994г.
  7. Зубаиров О.З., Атақұлов Т.А., Рау А.Г., Досмухамбетова А.Р. «Мелиорация пәні бойынша практикум». Алматы, 2005 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Жерді баптау және қорғау

Пәннің коды: GBK 3305

Пәннің типі: Кәсіптендіру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 3 - оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ақылбаев Қ.И. – техника ғылымының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға жердің жағдайын нашарлататын үрдістерден сақтану және осы үрдістерді тоқтату, техногенді түрде бүлінген жерлерді рекультивация жолымен қалпына келтіру әдістері жайлы білім беру. Пән кешенді, себебі, ол тек қана техногенді түрде бүлінген жерлерді қорғау және қалпына келтіру мәселелерін ғана емес, сонымен қатар табиғатты пайдаланудың жалпы мәселелерінде қамтиды. Осының арқасында жерді баптаудың және қорғаудың әдістерін дұрыс таңдап алуға және қолдануға мүмкіндік туады. Курсты оқып, игеру болашақ мамандардың дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды. Пәнді оқып, игеру барысында алған білімдері адамның антропогендік іс-әрекетінің нәтижесінде болатын табиғат жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуының және бүлінуінің себептерін анықтауға қол жеткізеді.

Деректемелер/Пререквизиттер: Мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология, мелиоративтік егіншілік, өсімдік шаруашылығы, суару мелиорациясы, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерді жаратылыстық қорлармен және биосфераның компоненттерімен таныстыру. Қоршаған ортаның ластану себептерімен таныстыру. Биоценоздармен және агробиоценоздармен таныстыру. Топырақ жамылғысымен және оның табиғаттағы пайдаланудағы алатын орнымен, топырақ жамылғысының бүліну үрдістерімен таныстыру. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттарымен және кезеңдерімен таныстыру. Жерді баптаудың әдістерімен және технологиясымен таныстыру. Топырақты зиянды заттармен ластанудан сақтаудың және ластанған топырақтарды тазартып өндіріске пайдаланудың жолдарымен таныстырып оларды іске асыру жолдарын үйрету. Топырақ қорғау шараларын кешенді түрде негіздеуді және қолдануды үйрету. Жерді баптаудың әдістерін дұрыс таңдап алуды үйрету. Баптау жұмыстарын жүргізудің алдыңғы қатарлы технологияларын қолдануды үйрету. Топырақ қорғау, топырақты қалпына келтіру шараларының тиімділігін анықтауды үйрету. Жерді баптау. Бүлінген жерлерді баптаудың бағыттары. Жерлерді баптаудың кезеңдері. Техникалық баптау. Биологиялық баптау. Жерді қорғау. Топырақ эрозиясы. Су эрозиясы. Жел эрозиясы. Топырақты тұзданудан және батпақтанудан қорғау. Топырақты ластанудан қорғау. Құмдарды бекіту және игеру. Жер заңдарының негізі.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Охрана природы / А.Г.Банников, А.К.Рустамов, А.А.Вакулин; Под ред. А.Г.Банникова – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Агропромиздат, 1985. -287с.
  2. Поляков М.И., Бойко А.Т., Шьедовский П.В. Рекультивация земель и охрана природы. – Минск, Урожай, 1987.
  3. Экология и рекультивация техногенных ландшафтов // Под ред. В.М.Курачева. – РАН Сиб. отд. Инс-та почвоведения и агрохимии. – Новосибирск, Наука, 1992
  4. Охрана природы и природных ресурсов // Под ред. В.Д.Бондаренко. – Львов: Вища школа, Изд-во при Львовском университете, 1985. – 192 с.
  5. Уоллворк К. Нарушенные земли. – М.: Прогресс, 1979. – 269 с.
  6. Охрана природы: Справочник / Митрюшкин К.П., Берлянд М.Е., Беличенко Ю.П. и др. -2-е изд., перераб. и доп. М.: Агропромиздат, 1987. – 269 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Ғылыми- зерттеу және тәжірибелі әдістемесінің негіздері

Пәннің коды: GZTAN 3302

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3 - оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: профессор Қ.Ә.Омаров, оқытушы Ы.С.Жиембай

Курстың мақсаты:

Білімгерлерге мелиорация, жер қорлары және олардытиімді пайдаланудағы ғылыми зерттеулердің өзіңдік мәнін, озық агротехникалық шараларды қолдану тәсілдерін үйрете отырып, жоғарғы дәрежелі мамандар дайындау.

Деректемелері/Пререквизиттері: экология,инженерлік геодезия жоғарғы математика, сызба геометрия, гидрология, гидрометрия және ағынды реттеу, топырақтану, өсімдіктану

Курстың/пәннің мазмұны:

Білімгерлерге ғылыми-зерттеу әдістерін, эксперименттерді жобалау принциптерін, ғылыми зерттеулердің негізгі талаптары мен тәсілдерін негіздеуді,зерттеулердің экономикалық тиімділігін анықтауды, ғылыми жұмыстардың нәтижелерін өңдіріске еңгізуді, ғылыми әдебиетерде пайдалануды, ғылыми рефераттар, мақалалар дайындауды үйрету

Ұсынылатын әдебиет:

1. В.И. Крутов,В.В.Попов Основы научных исследований У.М.1989 г.

2. Доспехов Б.А. Методика полевого опыта с основами статической обработки результатов исследования М.1985 г.

3. Д.Фанн Введение в теорию планирования экспериментов М.1970 г.

4. В.Н.НарциссовНаучныеосновы системы земледелия М 1982 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


4 курс


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Менеджмент және маркетинг негіздері

Пәннің коды: ММN 4204

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 4 - оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Елпанова М.А.

Курстың мақсаты:

Менеджмент: әрекет түрлері және басқару жүйелері, оқиғаларды моделдеу және шешімдер жасау, менеджменттіњ табиғаты және міндеттер құрамы, менеджмент жүйелерін ұйымдастыру формалары, менеджмент жүйелеріндегі реттеу және бақылау, тауар рыногін кешенді зерттеу, рыногті сегменттеу.

Деректемелері/Пререквизиттері: гидротехникалық құрылымдар; су энергиясын пайдалану; су күшінің қондырғылары; ауылшаруашылығын сумен қамтамасыз ету және суландыру.

Курстың/пәннің мазмұны:

Маркетингтің теориялық негіздері мен концепциялары, маркетингтік орта, маркетингтік зерттеулер және ақпарат жүйесі, рынокты саралаудың әдістемелік негіздері, маркетинг жүйелеріндегі тауар, баға және олардың саясаттары, тауар жылжыту және тарату, маркетингтік жоспарлау және бақылау.

Ұсынылатын әдебиет:

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Курстың/пәннің/юниттің атауы

Трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемалары

Пәннің коды: TОРР 4209

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 4 – оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: т.ғ.д., профессор Т.Қ.Қарлыханов

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға трансшекаралық өзендерді пайдалану проблемаларын түсіндіру. Трансшекаралық өзендердің техногенді түрде бүлінген су көздерін қорғау мәселелерін ғана емес, сонымен қатар табиғатты пайдаланудың жалпы мәселелерінде қамтиды. Курсты оқып, игеру болашақ мамандардың дүниетанымдық және ойлы әрекеттік дайындығының кеңеюіне ықпал жасайды. Пәнді оқып, игеру барысында алған білімдері адамның антропогендік іс-әрекетінің нәтижесінде болатын табиғат жүйесінің тепе-теңдігінің бұзылуының және бүлінуінің себептерін анықтауға қол жеткізеді. Білімгерлерді Қазақстандағы жалпы су қорлармен және су көздерімен таныстыру. Трансшекаралық су қорлары мен су көздерінің ластану себептерімен таныстыру. Қазақстан республикасындағы трансшекаралық су көздерін пайдалану және оның проблемалары туралы түсіндіру. Трансшекаралық табиғи су ресурстарын ұқыпты және тиімді пайдалану шараларын, су қорларын қорғау әдістерін үйрету.

Деректемелер/Пререквизиттер: Мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология, мелиоративтік егіншілік, өсімдік шаруашылығы, суару мелиорациясы, ландшафттану және табиғи-техногендік кешендер.

Курстың/пәннің мазмұны: Жер шарындағы жалпы су қорлары. Су қорлары туралы жалпы түсінік. ТМД елдерінің сумен қамтамасыздануы. Трансшекаралық су көздері. Жалпы түсінік. Су көздерін пайдалану кезінде мемлекеттер арасында туындайтын проблемалары.Қазақстандағы барлық теңіздері, көлдері, өзендері. Трансшекаралық су көздерін пайдалануда БҰҰ қабылданған нормативтік құжаттар, келісімдер.Трансшекаралық және халықаралық көлдерді пайдалану және қорғау жөніндегі конвенция. Қазақстан республикасының Ресей федерациясымен трансшекаралық су көздері. Қазақстан республикасының Қырғызстан республикасымен трансшекаралық су көздері. Қазақстан республикасының Қытай мемлекетімен трансшекаралық су көздері. Қазақстан республикасының Өзбекстан республикасымен трансшекаралық су көздері. Шығыс Қазақстан облысының су ресурстары. Батыс Қазақстан облысының су ресурстары. Солтүстік Қазақстан облысының су ресустары.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Охрана природы / А.Г.Банников, А.К.Рустамов, А.А.Вакулин; Под ред. А.Г.Банникова – 2-е изд., перераб. и доп. – М.: Агропромиздат, 1985. -287с.
  2. Бурлибаев М.Ж., Достай Ж.Д, Турсунов А.А. – Арало-Сырдарьинский бассейн. – Алматы: Дәуір – 2001. - 180 с.
  3. Фурсов В.И. Экологические проблемы окружающей среды
  4. Қазақстан Республикасының су кодексі.-Алматы,2003.-67б.
  5. Географические научные школы Московского университета. – М.: Городец, 2008. – 680 с.
  6. Охрана природы и природных ресурсов // Под ред. В.Д.Бондаренко. – Львов: Вища школа, Изд-во при Львовском университете, 1985. – 192 с.
  7. Охрана природы: Справочник / Митрюшкин К.П., Берлянд М.Е., Беличенко Ю.П. и др. -2-е изд., перераб. и доп. М.: Агропромиздат, 1987. – 269 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру, интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Гидротехникалық құрылымдар

Пәннің коды: GK 4301

Пәннің типі: Кәсіптендіру цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 4-оқу жылы

Оқу семестрі: 7

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шомантаев А.Ә. – а/ш.ғ.д., профессор, Отарбаев Б.С. – а/ш.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Гидротехникалық құрылымдарды пайдалануына жалпы принциптермен, негізгі түсініктермен, факторлармен, гидротехникалық құрылымның негізгі техникалық ұзақ мерзімге пайдалану әсерімен, сушаруашылық объектісінде гидротехникалық құрылымдарды әр-түрлі типтерге экологиялық аспектісімен таныстыру. Визуальдық және инструментальдық көріністер құрылыстан кейінгі туралы түсіндіру. Көктемдегі және тасқын суларының өтімділігін натуралдық көріністерден, жалпы және жергілікті шайылуынан, күресу әдістерімен, гидротехникалық құрылымның төменгі беткейдегі жөндеу тәсілдерімен, орта және кіші өзендердің апат жағдайынан қорғау тәсілдерін үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Гидротехникалық құрылымдардағы (ГТҚ) курстық және дипломдық жобалауға қойылатын талаптар. Негізгі ережелер мен нормалар. Жобалау туралы жалпы түсініктер. Жобалауды ұйымдастыруға қойылатын талаптар.Құрылымдар кластары.Жалпы ережелер. Жобалау технологиясы. Жобаның мәтіндік және сызба материалдарын жасауға қойылатын талаптары. Тасты және топырақ бөгеттері. Қолдану шарттары. Сүзілуге қарсы элементтері. Бөгеттің тұрақтылығы және деформациясы. Ашық, жабық, құбырлы, мұнаралы,туннельдік сужібергіштердің типтері және конструкциялары. Құрылыс өтімділіктерін анықтау. Каналдағы құралдар. Реттегіш құрылымдар, классификациялар, ерекшеліктері және жұмыс шарттары. Құрылымның типтері: ашық, жабық, диафрагмалық және олардың конструкциясы. Су өлшеуіш құрылымдар. автоматикалық су жіберудің принциптері. >

Ұсынылатын әдебиет:

1. Ә.Қадырбаев, Ә.Ауланбергенов. Гидравлика негіздері және ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету. Алматы – 1996ж.

2. Б.М.Мыржықбаев, А.Б.Мыржықбаева. Гидравликалық машиналар мен насос станциялары атауларының түсіндірме сөздігі. Тараз – 1998ж.

3. Проектирование насосных станций и испытание насосных установок. Под ред. В.Ф.Чебаевского. Москва – 1982г.

4. Насостар және насос қондырғыларын сынақтан өткізу. Б.М. Мыржықбаевтың ред.шыққан. Тараз - 1997ж.

5. Насосы и насосные станции. Под ред. В.Ф.Чебаевского. Москва - 1989г.

6. Б.М.Мыржықбаев. Қалақшалы «ОВ» және ОПВ тектес насостар. Тараз – 1997ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).