Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

Вид материалаДокументы
Пәннің коды
Курстың мазмұны
Оқу әдістемелік бағыттары
Курстың/пәннің/ юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Бағалау әдісі
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Сабақ беру әдістері
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Сабақ беру әдістері
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Подобный материал:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   54

Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Философия

Пәннің коды: Fil 2106

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Исабекова А.аға оқытушы

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:
  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005
  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005
  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.

Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы

1

ссылка скрыта

Философиялық қайнар көздері

2

ссылка скрыта

Философиялық түп негіздері

3

ссылка скрыта -

Философиялық әдебиеттер

4

ссылка скрыта

Реферат тақырыптары


Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).


Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Айтимов Б. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9,
  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.
  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.
  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.
  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,
  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.
  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Компьютер арқылы тапсырылатын тестілеу студенттерге өз білімдерін тексеруге мүмкіншілік береді және қосымша тренинг та болады.

Практикалық сабақтарды өткізу әдістемесі және компьютерлік тестілер қазіргі құқықтық білім беру талаптарына сай келеді.


Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Өміртіршілігі қауіпсіздігінің негіздері

Пәннің коды: ТК 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беру, таңдау пән

Оқу жылы: екінші

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Сарабекова Ұ. – аға оқытушы

Курстың мақсаты: Азаматтық қорғаныстың төмендегі негізгі іс-шараларын үйрету:

-төтенше жағдай кезінде халықты қорғауды, кезек күттіруге болмайтын жұмыстарды жүргізу мен ұйымдастырудың негіздерін үйрету;

-студенттерге жарақаттану зардаптарын, белгісін анықтауды, ерекше қауіпті жұқпалы ауруларды білуді және алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету

-өз мамандығына сәйкес саласындағы өндірістердің тұрақты жұмыс істеуін ұйымдастыруды және олардың жұмыстарының тұрақтылығын жақсарту шараларын оқып-үйрету

-АҚ бойынша халықты оқыту жүйесімен таныстыру

-оқыту барысында студенттерді қоғам алдындағы жауапкершілікті сезінуге осы пән міндеттерінің маңыздылығын терең игеруге бейімдеу.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы білім беретін орта мектептердегі қоғамдық пәндерден алған білім мен білік дағдылары.

Курстың/пәннің мазмұны: «Өміртіршілік қауіпсіздігі» курсының негізгі мазмұны студенттерді тіршілік қауіпсіздігінің негізгі құрылымдарымен таныстыру, төтенше жағдайлар классификациясымен таныстыру және одан қорғану тәсілдерін оқыту. Төтенше жағдай кезінде өзара және зардап шеккен адамға алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйрету. Азаматтық қорғаныстың оқулықтарымен таныстыру және өндірістік нысандардың төтенше жағдайлар кезінде жұмыс істеу тұрақтылығын, құтқару мен кезек күттірмейтін басқа да жұмыстарды ұйымдастыруын оқытып-үйрету. Сонымен қатар Төтенше жағдай кезінде халықтың іс-әрекеті мен психологиялық дайындығы туралы тақырыптарды қамтиды.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Әлібеков А. Азаматтық қорғаныс бүкілхалықтық іс. Алматы, 1998ж.

2.Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы ҚР Заңы. 15 шілде 1996ж. «Егемен Қазқастан» газеті

3.Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық әдістемелік жинағы. 1, 2, 3, 4, -шығарылымдары, Алматы 2000ж.

4.Арпабеков С. Өміртіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004ж.

5.Мырзабеков А. Жазатайым жарақат алғанда.Алматы 1988ж.

6.Оразақов Е. Дәрігерлік кеңес. Алматы 1991ж.

7.Тіршілік қауіпсіздігі. Оқу құралы 1-кітап. Алматы 2003ж.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: : әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

География топография негіздерімен

Пәннің коды: ТК 2102

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: екінші

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: аға оқытушы, т.ғ.к. Абжамиева Л.Б.

Курстың мақсаты: Жердің көлемі, мөлшері жайлы және географиялық карталар жайлы түсініктеме беру. Кеңістіктегі және жазықтықтағы нүктелердің координаталарын анықтауда, план, карта жасауда, картографиялық проекцияның номенклатурасын географиялық төбелерге байланысты еспетеп табу. Карта құрудың негізгі этапын, қазіргі баспаларды, картаның автоматизациялық құру кезеңдері, топографиялық карта жаңартуды үйренеді.Пәнді оқытуда қойылатын міндеттер: тематикалық және атлас карталарын геоинформация картографиялық көріністердегі карта жасаудың технологиясын, әдісін, теориялық негіздермен танысу.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны: География топография негіздерімен пәнінің негіздері және басқа ғылымдармен байланысы. Объектінің жергілікті жағдайын, санын, сапасын, сипаттамасын анықтау. Мемлекеттік органдар мен заңды тұлғалар арасындағы геодезиялық және топографиялық жұмыстар. Картадағы градустық және километрлік торлар. Нүктелердің координаталарын анықтау. Карта құрудың негізгі этапы. Картаның шынайы құрамы, әдістері. Топографиялық карта есептері. Картографиялық проекцияның математикалық негізі. Картографиялық проекцияның түрлері. Географиялық картаның математикалық негізі, масштабы, карта номенклатурасы. Географиялық координаттар бойынша карта номенклатурасын анықтау. Топографиялық түсірістің масштабы мен бедер қимасының биіктігін таңдаудың негіздемесі. Ауданның табиғат және әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Ірі масштабты топографиялық түрістер. 1:100 000 масштабтағы картаның орналасу схемасы. Топографиялық түсірістерді және карта жасау жұмыстарын автоматтандыру. Берілген ауданның жалпы экономикалық картасы. Топографияллық түсірістегі 1:5000, 1:10 000 масштабты карталардың атқаратын міндеттері. Жер бедері және оны пландар мен карталарда бейнелеу. Жер учаскесін жобалау мәні. Жобаларды құрастыру ережелері мен әдістері. Жерпайдалану ауданын аналитикалық әдіспен анықтау. Жер пайдалану учаскелерін графикалық әдіспен жобалау. Графикалық әдіспен ауданды анықтау. Учаскелерді механикалық әдіспен жобалау. Механикалық әдіспен ауданды анықтау. Қазіргі кездегі түсіру негізін GPS технологиясын пайдалану арқылы құру. Автоматтандырылған топографиялық түсірістер. Автоматты түрде карта жасауды ақпараттық қамтамасыз ету. Электрондық карталарды Maplnfo, GREDO жүйелерінде жасау. Ғарыштық суреттер арқылы цифрлы топографиялық карталар жасау.

Ұсынылатын әдебиет: 1. Вахрамаева Л.А. Картография және топография негіздері. М:Недра, 1985

2. Нұрпейсова. Геодезия. Алматы, 2005

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Экономикалық теория

Пәннің коды: ET1203

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Құлтанов Б.Б.аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту, қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағыттау.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жалпы білім беретін орта мектептердегі қоғамдық пәндерден алынған білім мен білік дағдылары.

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Экономикалық теория негіздері. Оқулық - Алматы, Санат-1998.
  2. Экономикалық теория. Оқу құралы - Алматы, 1999.
  3. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе, 2002.
  4. Экономикалық теория негіздері. Оқу- көрнекілік құрал. Л.М. Куликов- М, 1993.
  5. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002.
  6. Кримова В. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003.
  7. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003.
  8. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2008.
  9. Экономикалық теория. Оқу құралы (авт. Сүлейменова Г.К. , Мұхамеджанова Ә. Ғ. , Өмірзақова М.Ә. т.б – ҚМУ, Қызылорда, 2004.
  10. Ғабитов Ж., Доғалов А., Досмағанбетов Н., Микроэкономика. Оқулық.- Алматы, 2010.

Сабақ беру әдістері – Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Топырақтану

Пәннің коды: Тор 2206

Пәннің типі: Базалық міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы, т.ғ.к. Далдабаева Г.Т.

Курстың мақсаты: жерді мелиорациялау, рекультивациялау және қорғаудың негізгі объектісі топырақты әр түрлі тұрғыдан қарастыра отырып білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: Геодезия, экология

Курстың/пәннің мазмұны: Топыраққұраушы факторлар. Топыраққұралу процесіне шолу. Топырақтың құрамы, қасиеті және құбылымдары.Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың минералдық (А) және механикалық (Б) құрамы. Топырақтың органикалық бөлшегі. Топыраққұраушы жыныстар мен топырақтың химиялық құрамы. Топырақтың сіңіру қабілеті. Топырақтың түйіртпелігі. Топырақтың физикалық қасиеті. Топырақтағы су және су қасиеттері мен құбылымы (режимі). Топырақтың жылу қасиеттері. Топырақ ерітіндісі. Топырақ құнарлылығы мен ферменттер. Топырақтарды жіктеу. Топырақ географиясы және оны аудандау. Топырақ эрозиясы және онымен күресу шаралары. ТМД-ның жер қоры, оны егіншілікте пайдалану және қорғау. Топырақты агроөндірістік топтау және бонитеттеу.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Тазабеков Т.Т., Калдыбаев С.К., Тазабекова Е.Т., Топырақтану. Алматы, 2004.

2. Фаизов К.Ш., Кененбаев С.Б., Мамутов Ж.У., География и экология почв Казахстана. – Алматы, 2006.

3. Фаизов К.Ш. и др. Почвы Казахстана. – Алматы, 2001.

4. Қ. Ділімбетов, Ғ.Қ. Ділімбетова Топырақтану негіздері Алматы 1997.

5. Мирзадинов Р.А.,Дүйсенбеков С.Л. Қазақстан топырақтары /Орысша-қазақша анықтамалық сөздік/ Алматы: КазККА, 2008

6. Почвоведение с основами геологии: Учебное пособие. Мн: Новое знание, 2002

7. Розанов Б.Г. Морфология почв. Учебник. Москва: Акадамический проект, 2004

8. Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., т.б. Топырақтану. Оқу құралы. Алматы: ҚазККА, 2009

9. Тайжанов Ш.Т. Топырақтану. Оқу құралы. Павлодар С.Торайғыров ат.ПМУ, 2002ж.

Сабақ беру әдістері: Сұрақ-жауап, түсіндіру, интерактивті әдістер, оқытудың техникалық құралдары.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 балдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы:

Фотограмметрия

Пәннің коды: FOTGR 1101

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: II

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: аға оқытушы Жусупова Л.К.

Курстың мақсаты: суреттердің геометриялық бейнелеу қасиеттерін, ауылшаруашылық сызба пландары мен карталарын құрудың бүгінгі күнгі құралдарын, ауыл шаруашылығының практикалық мәселелерін шешкенде арақашықтық зондылау әдістерін пайдалану мүмкіншілігін оқытып, үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: Жоғары математика, есептеу техникасы, физика, геодезия, табиғатты қорғау, егіншілік.

Курстың/пәннің мазмұны: Аэро және ғарыштық түсіріс материалдарын пайдалану теориясы, тәсілдері және құралдары. Фотограмметрия саласындағы жаңа аэорофототүсіріс құрылғылары, фоторамметриялық және стерофотограмметриялық құралдар, есептеу техникалары. Аэрофототүсіріс материалдары бойынша пландарды жасаудың заманауи әдістері. Жерге орналастырудағы жерге орналастыру жобасын жасау, жерді есепке алу және бағалау, аумақты зерттеу, шешу барысында аэрофототүсіріс материалдарын тиімді пайдалану.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Ильинский Н.Д.,Обиралов А.И., Фостиков А.А. Фотограмметрия и дешифрирование снимков Москва Недра 1985 г
  2. Обиралов А.И. Дешифрирование снимков для целей сельского хозяйства Москва Недра 1982 г
  3. Практикум по дешифрированию снимков (учебное пособие) Москва МИИЗ 1978 г.
  4. Практикум по фотограмметрии (учебное пособие) Москва МИИЗ 1978 г.
  5. Абдығалиева С.С. Кертешов Т.С. Қалмұратов Е.Д. Фотограмметрия. Әдістемелік нұсқаулар. Алматы,1997