Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

Вид материалаДокументы
Пәннің атауы
Оқу семестрі
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   54

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 3110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Исаева А.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;

Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: - қазақстан тарихы, саясаттану, мемлекет және құқық тарихы, экономикалық теория, қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде).

Курстың/пәннің мазмұны: Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы,2006
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж.
  4. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
  5. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
  6. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.
  7. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.
  8. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Өсімдік шаруашылығы

Пәннің коды: OSh 3209

Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Казбекова Б.М.– су ресурстары және суды пайдалану магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ мамандарды қоршаған ортадағы өсімдік дүниесімен, оның ішінде өсімдіктердің мәдени, дәрілік, мал азықтық түрлерімен, ерекшеліктермен, қасиеттерімен, қоршаған ортаға байланысты олардың түрлерінің өніп-өсу, таралу жолдарымен, ауыл шаруашылығында өсімдіктерді өсірудің технологияларымен таныстырып, оларды өндірісте пайдаланудың жолдарын үйрету. Өсімдіктану мен өсімдік шаруашылығы мәселелерін қарастырып қана қоймай, өсімдік физиологиясы, генетика, селекция және тұқым шаруашылығы пәндерінің көптеген мәселерін қамтиды.

Деректемелер/Пререквизиттер: мектептегі химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология, мелиоративтік егіншілік, ландшафтану және табиғи-техногендік кешендер.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерді өсімдіктердің түрлерімен, олардың морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерімен танысу. Өсімдік шаруашылығында қолданатын зерттеу әдістерімен таныстыру. Далалық, техникалық және мал азықтық дақылдарды өсірудің интенсивті технологияларымен таныстырып, оларды іс-жүзінде қолдануды үйрету. Өсімдіктерді топтастыруды және олардың түрлерін анықтауды үйрету. Морфологиялық ерекшеліктеріне байланысты өсімдіктердің семьялық түрлерін анықтап ажыратуды. Өсімдік шаруашылығы ғылымының және озат тәжірибе жетістіктерін өндірістік жағдайда қолдануды үйрету.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Вавилов П.П. и др. Растениеводство. –М: Агропромиздат, 1986 г.

2. Вавилов П.П. и др. Практикум по растениеводству. –М: Колос, 1983 г.

3. Сейітов И., Саудабаев Т., Абдірашев Ш. Агрономия негіздері. –Алматы: Ана-тілі, 1991 ж.

4. Можаев Н.Н. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы. –Ақмола: Жаңа Арқа, 1993 ж.

5. Жанабаев Қ., Сейітов И., Саудабаев Т. Өсімдік шаруашылығының өнімдерін өндіру технологиясы. –Алматы: Қайнар, 1994 ж.

6. Голованов А.И., Блец А.Г., Ермакова В.Е:, Ефимов И.Т. Мелиоративное земледелие. –М: Агропромиздат. 1986 г.

7. Пиуновский Б.А. Практикум по мелиоративному земледелию. –М: Агропромиздат, 1986 г.

8. Гриценко В.В., Колошина З.М. Семеневодство полевых культур. –М: Колос, 1984 г.

9. Лысогоров С.Д., Ушкаренко В.А. Орошаемое земледелие. –М: Колос, 1981 г.

10. Практикум по орошаемому земледелию. – М: Агропромиздат, 1985 г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша,орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Суару мелиорациясы

Пәннің коды: SM 3210

Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қошқаров С.И. – техника ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Ауыл шаруашылық дақылдардан жоғары және тұрақты өнімді алу үшін егістік танаптарындағы топырақтық ауалық, сулық және қоректік режимдерін жасау және реттеуді зерттеу, сонымен қатар күрделі табиғи жағдайларда гидромелиоративтік нысандарда табиғатты қорғау шараларын және экономикалық тиімділікті қамтамсыз ететін, ауыл шаруашылық өндіріс саласында нақты мәселелерді шешуге бағытталған білімнің және сол білімді нақты өндірістік жағдайда қолдана білуді үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері: география, физика, математика.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерді топырақтық қолайлы ауалық, сулық және қоректік режимдерін қамтамсыз ететін суару мелиорациясы және суару жүйелерінің түрін негіздеуге үйрету. Мелиоративтік шараларды таңдау және негіздеу үшін орындалатын есептерді дұрыс орындауға, қоршаған ортаны және инженерлік нысандардың жағдайы жайлы мәліметтерді алуға және оны өңдей білуге үйрету. Мелиоративтік-инженерлік есептерді, жерлерді мелиорациялауды нысандарды жобалауды сауатты орындауға үйрету. Болжамдау және инженерлік шешімдерді техника-экономикалық тұрғыда негіздеу арқылы гидромелиоративтік шараларды дұрыс таңдауға үйрету. Мелиорация анықтамасы, мелиорацияның міндеті, мелиорацияның түрлері, мелиорацияның топыраққа және қоршаған ортаға әсері. Қазақстанның табиғи аймақтары және олардың мелиоративтік сипаттамасы. Дақылдардың суару режимі. Ағайынды Алпатьевтің биоклиматтық әдіс. А.Н. Костяковтың дақылды суару режимін анықтаудағы графоаналитикалық әдісі. Ауыспалы егістегі дақылдарды суару тәртібі. Дақылдарды жаңбырлатып, топырақ ішімен, тамшылатып суару әдістері. Күріш дақылының суару тәртібі. Суландыру каналдарының гидравликалық есебі. Қашыртқы-коллектор желісі. Суармалы алқап топырағын тұздан шаю.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Костяков А.Н. Основы мелиорации. М.: Сельхозизд., 1960г.-662с.
  2. Марков Е.С. и др. Сельскохозяйственные гидротехнические мелиорации. М.: Колос, 1981.,-375с.
  3. Марков Е.С. и др. Практикум по сельскохозяйственным гидротехническим мелиорациям. М.: Агропромиздат, 1986.,-368с.
  4. Атақұлов Т.А., Кенебаев Т.С. Ауылшаруашылық мелиорациясы. Алматы, 2000ж.
  5. Мустафаев Ж.С., Умирзаков С.И. и др. Основы сельскохозяйственной мелиоарции (на каз.яз. и русс. яз.) Тараз, Изд «Аква», 2003г.
  6. Бекбергенов К.Ж. Ауылшаруашылық мелиорациясы. (оқулық). Алматы, Кайнар, 1994г.
  7. Зубаиров О.З., Тілеуқұлов А.Т. «Суару мелиорациясы» (оқулық). Алматы, Дайк-Пресс 2010 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары.

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Мелиорациядағы инженерлік шешімдерді экологиялық негіздеу

Пәннің коды: MIShEN 3211

Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Ақылбаев Қ.И. – техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ инженер гдротехниктерге адамның іс әрекетінің нәтижесінде табиғи ортаны жан-жақты талдауды бағалау білімін беру және ауылшарушашылық жерлерді мелиорациялау. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау кезінде шешімдерді бағалаудың, инженерлік техникалық және мелиоративтік шараларды негіздеудің табиғи жүйелердің су және жер қорларын тиімді пайдаланудың негізі болып табылады. Табиғатқа адамның іс-әрекетінің әсерлерінің өсу жағдайларында табиғатты пайдалану заңдарының нысандық мазмұнын ашу арқылы, экожүйенің құрамында ауылшаруашылық өндірісінің орнықты дамуын экологияылық қауіпсіз тұрғыда қамтамасыз ету.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, геология және гидрогеология негіздері, геодезия, герология және гидрометрия, мелиоративтік топырақтану, мелиоративтік егіншілік, гидравлика, суару мелиорациясы.

Курстың/пәннің мазмұны: Табиғи жүйенің түзілуі және қызмет істеу заңдылықтары. Табиғи жүйенің табиғи климаттық және әлеуметтік экономикалық бастапқы мәліметтің (мағлұматтың) құралы. Табиғи техникалық қысымдағы бірлестіктердің түзілуінің және қызметінің негізгі заңдылықтары. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау табиғи жүйенің шарасы. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау кезінде табиғи жасанды ландшафттарда топырақтың мелиоративтік, гидрогеологиялық, гидрогеохимиялық және экологиялық процесстердің түзілуі және қызметі. Табиғи жүйенің экологиялық әлеуметтік экономикалық жағдайларын бағалау. Әсер ету көзі ретіндегі табиғи жүйенің экологиялық сипаттамасы. Табиғи жүйенің әлеуметтік экономикалық жағдайларды бағалау. Экологиялық экспертиза. Экологиялық экспертиза. Экологиялық экспертизаның принциптері. Экспертиза зер заттары. Заңды нормативтік ретіндегі экологиялық экспертиза. Экологиялық экспертиза жайлы Қазақстан Республикасының заңы. Экологиялық экспертизаның түрлері. Инженерлік әрекетінің әртүрлі стадиясында экологиялық экспертизаны өткізудің формалары және реті. Инженерлік әрекетінің әртүрлі стадиясында экологиялық экспертизаны өткізудің формалары және реті.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Агаев Т.Б., Джапарудзе Г.Г., Зярембе Г.В., Шибашов С.А. «Экологические основы реконструкции окружающей среды» - М., 2000

2. Герасимов Н.И. Экологические проблемы в прошлой, настоящей и будущей географии мира- М., 1985

3. Козыкеева А.Т. Мелиорация негізінің практикумы – Тараз, 2001

4. Козыкеева А.Т. Практикум по основам мелиорации – Тараз, 2001

5. Козыкеева А.Т. Мелиорация негізі пәні бойынша курстық жобаларды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. – Тараз, 1999

6. Козыкеева А.Т. Методические указания по курсовому проектированию по дисциплине Основы мелиорации – Тараз, 1999

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Су ресурстарын кешенді пайдалану

Пәннің коды: SRKP 3206

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші оқытушы: Шонбаева Г.А. – техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Болашақ инженерлердің кәсіби қызметіне үлкен ықпалын тигізетін қажетті білім беру. Табиғи қорларды пайдаланудың үздіксіз өсу жағдайында экономиканың дамуы тек қана табиғи ортаны ғылыми негізде үнемді пайдаланғанда және оны қайта өңдеп, байытып қорғағанда ғана мүмкін. Бұл қағида су қорларын пайдаланғанда өте қажет. Қазіргі жағдайда су шаруашылығының іс-шаралараның шешетін міндеттері халық шаруашылығының бір тармағымен шектелмейді. Су шаруашылығы іс-шаралары көптеген салалардың мақсатына тиісті табиғи кешендерге тигізер әсері мол.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, гидрология, гидрогеология, ағынды реттеу, геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны:

Су ресурстары,олардың ерекшеліктері, басқа табиғи ресурстарынан айырмашылығы. Өзендер, көлдер, мұздықтар және жер асты су қорларын тиімді пайдалану мүмкіншілігін анықтауға арналған су тепе-теңдік теңдеуін пайдалану. Су ресурстарын пайдалануды жоспарлау, ерекшеліктері. Су ресурстарын кешенді пайдалану және оларды қорғаудың нұсқалары. Су шаруашылық тепе-теңдігі. Су шаруашылық кешенінін қатысушылары.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Зарубаев Н.В. КИОВР.-Л.: Стройиздат, 1976.-224с.
  2. Маслов Б.С., Минаев И.И. Мелиорация и охрана природы. – М.: Россельхозиздат, 1985.-270с.
  3. Юшманов О.Л. и др. КИОВР.-М.: Колос, 1994.-318с.
  4. Шабанов В.В. и др. КИВР и ОП.-М.: Колос, 1994.-318с.
  5. Водный кодекс Республики Казахстан.-Алматы: Юрист, 2004.-69с.
  6. Маркин В.Н. Учет качества водных ресурсов в уравнении водохозяйственного баланса // Мелиорация и водное хозяйство.-1994.-№4.
  7. Система сельскохозяйственного производства Кызылординской области (Монография). Алматы: Бастау, 2002.-512с.
  8. Авакян А.Б., Шарапов В.А. Водохранилища.-М.: Мысль, 1987г.
  9. Сыроежкин М.И. Обоснование ВХК.-Л.: Энергия, 1974г.
  10. Шабанов В.В. и др. «КИОВР». Методическое указание по изучению дисциплины.-М.: ВСХИЗО, 1985.-86с.
  11. Омаров К.А., Шомантаев А.А. Методическое указание для выполнения КП на тему: «Обоснование участников ВХК по дисциплине КИОВР и ОЭ».-КПТИ, кафедра «ГГиМС», 1995.-86с.
  12. Тестовые задания по дисциплине: «КИВР». КГУ им. Коркыт Ата, 2006г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Мелиорация мен су шаруашылығында табиғатты пайдалану

Пәннің коды: MSShTPN 3207

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3-оқу жылы

Оқу семестрі: 5

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қарлыханов Т.Қ. – техника ғылымдарының докторы, профессор

Курстың мақсаты: Табиғатты пайдаланудың экологиялық, экономикалық және әлеуметтік жағдайларды ескеріп, табиғи жүйенің қасиетін сандық және сапалық бағалау керек. Адамның іс әрекетінің қиын қыстау факторларын таба білу және адамның іс әрекетінің нәтижесін бағалау үшін қоршаған табиғи ортаны жан жақты өткізе алу. Табиғи жүйеге мүмкін жүктемені анықтаған кезде интегралдық сипаттамаларды және көрсеткіштерді, сонымен қатар белгілерді дұрыс таңдау қажет. Табиғи техникалық бірлестіктегі қысымдағы бірлестіктердің өлшемдерін табиғи жүйелердің жағдайлардың интегралдық көрсеткіштерімен үйлестіру.

Деректемелері/Пререквизиттері: география, табиғи сулардың сапасын жақсарту, мелиоративтік топырақтану.

Курстың/пәннің мазмұны: Гидромелиорациядағы су ресурстарын тиімді пайдалану және қорғау. Су ресурстарының ластануы себептері. Қазақстаның жер ресурстары, оның өндіріс құралдары. Ғылыми техникалық прогресс және оның табиғатқа тигізетін әсері. Табиғатты пайдаланудың маңызы және негізгі түрлері. Табиғи ресурстарды пайдалану жағдайы. Табиғатты пайдалануды басқару. Тұрақты экономикалық өсім. Экологиялық ситуация, паспортизация және сараптау. Табиғатты қорғау аймағандағы халықаралық байланыстар. >

Ұсынылатын әдебиет:

1. Арустамов Э.А., Волощенко А.Е. Платонов А.П. Основы природопользования. М., 1996

2. Бобылев С.Н., Ходжаев А. Ш. Экономика природопользования. Уч.пособие -М: ТЕИС, 1997. 272 с.

3. Гирусов Э.В. и др. Экология и экономика природопользования. Учебник для Вузов // Под. Ред. Проф. Э.В. Гирусова – М: Закон и право ЮНИТИ, 1998 – 455 с.

4. Никаноров А.М. , Хоружая Т.А. Глобальная экология: Уч. Пособие М: Изд. ПРИОР, 2001 -286 с.

5. Природопользование. Учебник Под ред. проф. Э.А.Арустамова 2-е издание-М. 2000–284 с.

6. Сагимбаев Г.К. Экология и экономика – Алматы6 Каржы-каражат.- 1997

7. Сагимбаев Г.К. Экология негіздері –Алматы, 1995

Каженбаев С., Махмутов С. Табиғат қорғау. –А., Ана тілі, 1992.- 144 бет

8. Экономика природопользования // Под ред. Т.С. Хачатурова. –М., Изд МГУ, 1991- 221 с.

9. Хван Т.А., Хван П.А. Основы экологии Серия «Учебник и уч.пособие» Ростов на Дону «Феникс» 2002.- 256 с.

10. Комплексное использование и охрана водных ресурсов // О.Л. Юшманов, В.В. Шабанов, И.Г. Галямин и др. – М. Агпромпроиздат, 1985.- 303 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз ету және жайылымды суландыру

Пәннің коды: ASKZhS 3208

Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент

Оқу жылы: 3- оқу жылы

Оқу семестрі: 6

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шонбаева Ғ.А. – техника ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Ауылшаруашылығын сумен қамту ауылдық тұрғындардың коммуналды-тұрмыстық және мәдени-әлеуметтік жағдайларын жақсартуға, мал шаруашылығын дамытуға және еңбек өнімділігін арттыруға аса қажетті. Бұл пәннің кешенді ауқымдылығы сумен қамту, лас суларды әкету және суландыру жүйелерінде әртүрлі инженерлік құрылымдардың, қондырғылардың көптігін көрсетеді, яғни су көзінен тұтынушыға дейінгі жүйелерде.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, география, жоғарғы математика, геодезия, сызба геометрия, химия, табиғи сулардың сапасын жақсарту.

Курстың/пәннің мазмұны: Сумен қамту және лас су әкету жүйелерінің даму тарихы. Жер бетінде су қорларының бөліну реттері.Қазақстан су қорлары. Сумен қамту жүйелерін, суды көздеріне орай, суды беру тәсіліне орай, жұмсалу мақсатына сәйкес жіктеу. Сумен қамту схемалары. Жер асты суларын шығаратын құрылымдар. Жер асты су көздері. Су тұтыну. Су тұтынушылардың есеп санын анықтау. Елді мекенде, фермада, өндіріс орындарында су тұтыну мөлшерлері. Суды тасымалдау және бөлу. Құбырлардың гидравликалық есептері. Есепті кестелер, теңдеулер, графиктер – оларды пайдалану реттері. Көшелік құбыр желілері. Олардың негізгі схемалары. Гидравликалық есептеулер жүргізу. Сақтаушы сыйымдылықтар.

Реттеуіш және су қорын сақтаушы сыйымдылықтар. Жер теріндегі суларды шығаратын құрылымдар. Судың сапасын жақсарту. Табиғи су көздерін қорғау. Лас суларды әкету жүйелері мен схемалары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. В.С.Оводов Сельскохозяйственное водоснабжение и обводнение.- М.: Колос,1984, 480 с.

2. В.Н.Смагин, К.А.Небольсина., В.М.Беляков Курсовое и дипломное проектирование по сельхозводоснабжению.

3. Н.Ж.Жұмағұлов. Сумен жабдықтау.- Алматы, Білім, 1995, 188 стр.

4. Ж.А.Карамбиров. Сельскохозяйственное водоснабжение. – М.: Агропромиздат.

5. В.М.Усаковский. Водоснабжение в сельском хозяйстве. М.: Колос, 1987, 319 с.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, зертханалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.