Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

Вид материалаДокументы
Жеке пәндерді сипаттау
Кредит саны
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Кредит саны
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
Курстың мақсаты
Бағалау әдісі
Жеке пәндерді сипаттау
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   54

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005
  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005
  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.

6. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

7. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

8. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

9. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

10. Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

11. С.Мырзалы. Философия . А., 2008.

12. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):

Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.

Оқу тілі: Қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Экономикалық теория негіздері

Пәннің коды: Ektn 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Ерниязова Ж.Н. э.ғ.к., аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің заман талабына сай экономикалық ой-өрісін кеңейту болып табылады. Ол қазіргі демократиялық қоғам идеясымен жаңа қағидаларға сүйеніп, ұлттық және әлемдік экономикалық ойларға бағытталуы қажет. Қазақстан Республикасындағы экономика жаңа қатынастардың сапалы экономикалық, рыноктік ой қорларының мол болуын қамтиды.

Деректемелер/Пререквизиттері: экология және тұрақты даму

Курстың/пәннің мазмұны: Қоғам дамуындағы экономикалық теорияның орны мен рөлі. Экономиканың негізгі мәселелері. Экономикалық категориялар және заңдар, экономикалық үрдістерді оқу әдістері, ерекшеліктері. Меншік қатынастары және экономикалық жүйелер типтері. Нарықтың қалыптасу заңдары және посткеңестік елдердегі нарықтың құрылу ерекшеліктері; нарықтың негізгі заңдары мен категориялары; жеке ұдайы өндірістің қағидалары, шығындардың қалыптасу ерекшеліктері мен түрлері, өндірістік факторлар нарығының, олардың бағасы мен табысының ерекшеліктері. Микро және макродеңгейдегі экономика мәселелерінің өзара байланысы, макро-экономиканың қызмет ету заңдылықтары; экономикалық өсу және оның түрлері; экономикалық цикл және әлеуметтік-экономикалық циклдылық мәселелері. Қазіргі экономикалық жүйедегі мемлекет. Экономикалық өсуді қамтамасыз етудегі ақша-несие және қаржы саясатының ролі. Әлеуметтік саясаттың негізгі заңдылықтары. Халықаралық экономикалық қатынастар және олардың негізгі формалары.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Экономикалық теория. Оқу құралы - Алматы, 1999.
  2. Жалпы экономикалық теория. Оқулық. Редактор жетекшісі Шеденов Ө.Қ. Алматы-Ақтөбе 2002,
  3. Осипова Г.М. Экономикалық теория негіздері,- Алматы 2002
  4. Кримова В. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003
  5. Мауленова С.С. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2003
  6. Темірбекова А.Б. Экономикалық теория. Оқу құралы-Алматы 2008
  7. Экономикалық теория. Оқу құралы (авт. Сүлейменова Г.К. , Мұхамеджанова Ә. Ғ. , Өмірзақова М.Ә. т.б – ҚМУ Қ-орда 2004
  8. Ғабитов Ж., Доғалов А., Досмағанбетов Н., Микроэкономика. Оқулық.- Алматы 2010.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: KN 2110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Исаева А.- аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі; Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: қазақстан тарихы, саясаттану, мемлекет және құқық тарихы, экономикалық теория, қоғамтану (мектеп бағдарламасы деңгейінде), жалпы тарих (мектеп бағдарламасы деңгейінде)

Курстың/пәннің мазмұны: Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құқықбұзушылық. Занды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылу негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы салық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы еңбек құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы қылмыстық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы экологиялық құқығы негіздері. Қазақстан Республикасының жер құқығы. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы,2006
  2. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.
  3. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж.
  4. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.
  5. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.
  6. Ашитов З.О. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004 ж.
  7. Баянов Е. Қазақстан Республикасының мемлекеті мен құқығының негіздері. Алматы, 2003ж.
  8. Стамкулов Ә.С. «Қазақстан Республикасының экология құқығы. Оқу құралы. 1 бөлiм. Тараз, 2003ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Адам өміртіршілігі қауіпсіздігі негіздері және еңбекті қорғау

Пәннің коды: Aoknek 2101

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, таңдау компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 1

Дәріс беруші: Аяхметов А.Ж. аға оқытушы

Курстың мақсаты: Еңбек қорғау жөннідегі негізгі заңшығарма актілері - Конституция, еңбе кқорғау және еңбек туралы Заңдар, ҚР Үкіметтік органдарының еңбек қорғау жөніндегі жетекшілік құжаттары; ЕҚ жөніндегі мөлшерлік техникалық құжаттар – еңбек қауіпсіздігі стандарттарының жүйесі, құрылыстық мөлшерлер мен ережелер, қауіпсіздік техникасы жөніндегі ережелер мен нұсқауларды үйрету.

Деректемелері/Пререквизиттері:

Курстың/пәннің мазмұны: ЕҚ мөлшерлері мен ережелердің бұзғандық үшін лауазымды адамдардың жауапкершілігі; еңбек қорғауды басқару жүйесі – жүйенің негізгі қағидалары, жұмыстарды ұйымдастыру және үйлестіру, жұмыстарды жоспарлау, ЕҚ жағдайын бақылау және қадағалау, еңбек қорғау жағдайын есепке алу, талдау және бағалау, жұмыскерлерді еңбек қауіпсіздігіне үйрету, еңбекшілерді емдік-сақтандыру қызметң және дербес құралдарымен қамтамасыз ету, еңбек қорғау мәселелерін уағыздау.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Қ.С. Қалжігітов, А.М. Төлемісова, Н.Г. Приходько, К.Ш. Исаев «Өмір-тіршілік қауіпсіздігі», «Оқулық». Алматы, 2004 ж.
  2. П.А. Таңжарықов, С.Т. Абрахманов, Ұ.Ж. Сарабекова. «Мұнай газ саласындағы еңбекті және қоршаған ортаны қорғау» – Қызылорда, «Тұмар», 2009 ж.
  3. Х.С. Калжигитов Безопасность жизнедеятельности. (учебное пособиеи). Алматы, Айкос. 1999 г.
  4. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық-әдістемелік жинағы. (3 (7) шығарылым, 2001 ж.)
  5. М.И. Гагалев Организация работы санитарных дружин в очагах поражения. М., 1981 г.
  6. Э.С. Бисенова, Ж.Б. Шілдебаев, Ғ.З. Сауытбаева «Экология»

«Ғылым» Алматы, 2001 ж.
  1. Табиғатты пайдалану және қоршаған ортаны қорғау Е.М.Үпішев, С.Мұқашұлы. - Алматы «Экономика» 2006 ж.
  2. Экология негіздері Сағымбаев Г. - Алматы, Баспа кабинеті, 1999 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Гидравлика

Пәннің коды: Gid 2203

Пәннің типі: Базалық пән, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Қарлыханов Т.Қ. – техника ғылымдарының докторы, профессор, Отарбаев Б.С. – ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Гидравлика сұйықтардың тепе-теңдік күйі мен қозғалыс заңдылықтарын, фильтрация ерекшеліктерін, гидравликадағы зерттеулерде пайдаланатын әдістерді үйрету. Зерттеулерде қолданатын эксперименттерді жасауды, әр-түрлі өлшегіш құралдарды пайдалануды, жазық және қисық беттерге түсірілген қысым күштерін анықтай алуды, каналдардың, арынды және арынсыз құбырлардың және басқа су өткізгіш құрылымдардың гидравликалық есептерін және грунт сулары қозғалысының есептерін шеше алуы қажет. Болашақта оның қызметінде орын алуы мүмкін құбылыстардың физикалық мағынасын білуі қажет.

Деректемелер/Пререквизиттері: математика. физика, инженерлік графика.

Курстың/пәннің мазмұны: Гидростатика, гидродинамика негіздері. Гидродинамика және сұйықтардың қозғалыс кезіндегі заңдылықтары. Құбырлардағы арын ысыраптары және гидравликалық соққы. Сұйықтардың өзіне тән қасиеттері. Нақты және тұтқырлы сұйықтар. Саптамалар және сұйықтардың саптамалар арқылы қозғалыс заңдылығы. Ашық арналар және олардың гидравликалық параметрлері. Гидравликалық шапшымалар. Қабыспа құрылыстар және ағынның қозғалыс кезіндегі гидравликалық параметрлері. Жер асты сулары және олардың қозғалысы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Абдраманов А.А. «Гидравлика» Тараз. 2000г.

2. Штеренлихт Л.В. «Гидравлика» –М.: Энергияатомиздат 1984 г.

3. Штеренлихт Л.В. «Задача по гидравлике» М. Колос 1992г.

4. Гидрометеорлогиялық станциялар мен бекеттерге арналған гидрометеорологиялық ережелері. Жадынама. 3.1 бөлім. Бекеттердегі гидрологиялық бақылаулар. Алматы. 2005ж. 256б.

5. Овчаров Е.Е. и др. Практикум по гидрогеологии, гидрометрии и регулирование стока. М.: Во, Агропромиздат. 1988-224стр.

6. Бурлибаев М.Ж., Волчек А.А., Калинин М.Ю. «Гидрометрические измерения и гидрогеологические расчеты для вожвохозяйственных целей» А. Канагат, 2004г.360стр.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық, практикалық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша, орысша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Геология және гидрогеология негіздері

Пәннің коды: GGN 2204

Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Шонбаева Ғ.А. – техника ғылымдарының кандидаты, оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге жалпы теориялық және практикалық білім беру, осы берліген білімдерді маман ретінде жобалау, гидротехникалық құрылыс және ауылшаруашылықты сумен қамтамасыз ету немесе суландыру мақсаттарымен пайдалана білу үшін оқылады.

Деректемелері/Пререквизиттері: математика, экология, геодезия.

Курстың/пәннің мазмұны: Геология және гидрогеологияның ғылым ретінде табиғи ғылымдар қатарындағы орны. Жалпы теориялық және қолданбалы салалары. Жер қыртысының құрамы және құрылысы. Жер қыртысындағы химиялық элементтердің таралуы. Минералдар. Тау жыныстары. Геохронологиялық процестер мен құбылыстар. Гидргеология. Тау жыныстарының сулық және физикалық қасиеттері. Жер асты суларының жіктелуі және пайда болуы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. К.С.Сапарбаев. Геология және гидрогеология негіздері. Алматы, Білім, 1996 ж.

2. Кац Д.М. Основы геологии и гидрогеологии. –М.Колос, 1981 г.

3. Реммель А.В. Геология и гидрогеология. М, 1967г.

4. Ананьев В.П., Передельский Л.В., Основы геологии и гидрогеологии. М.Высшая школа, 1980г.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Гидрология және гидрометрия

Пәннің коды: GG 2205

Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 4

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Жиембай Ы.С. – оқытушы

Курстың мақсаты: Су шаруашылығның мамандарын әртүрлі мақсаттағы нысандарда сумен қамтамсыз етудің жақсатру міндеттері сауатты шеше білуге дайындау. Ғылыми зерттеулерді талап ететін қиын қыстау кезеңдерде де шешімдер қабылдап, оны талдай білуге үйрету, яғни студенттерге зертханалық және табиғи зерттеулердің әдістемесі жайлы білім беру. Өзен ағынының факторы және түзілу заңдылықтарын, өзен және көл режимдері, суағарлар мен суаииардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын өлщеу мен анықтаудың әдістерімен техникалық құралдары туралы қажетті білім беру.

Деректемелері/Пререквизиттері: экология, физкалық география, физика, химия, геология және гидрогеология негіздері, информатика, геодезия математика, гидравлика, жер асты суларын барлау және іздеу, суғармалы егіншілік және егін шаруашылығы.

Курстың/пәннің мазмұны: Білімгерлерге өзен ағынынң пайда болу заңдлықтары мен өзендердің, көлдердің, батпақтардың қоректенуі, су режимдері мен арна процестерінің су эрозиясы туралы толық мағлұмат алуы қажет. Өзендер мен гидромелиоративтік жүйелердегі негізгі гидрометриялық өлшеу жұмыстар мен қолданылатын құралдарды және есептеу әдістерін оқып білуі қажет. Гидромеириялық өлшемдер мен гидрологиялық ақпараттардың дұрыстығын, оларды талдап бағалауды барысында және өңдеу әдістерімен тәсілдерін білуі қажет. Гидромелиоративтік жүйелер мен гидротехникалық құрылымдарды жобалау олардың негізгі гидрологиялық сипаттамаларын есептеуді үйренуі қажет.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Железняков Г.В. Неговская Т.А. Овчаров Е.Е. Гидрология, гидрометрия және регулирование стока М.Колос 1984

2. Ж.Достайұлы Жалпы гидрология А.Білім 1996

3. Быков В.Д. Васильев А.В., Гидрометрия Л. Гидрометеоиздат 1977г.

4. Көпбасаров Ж. Гидрология, гидрометрия және гидротехникалық ғимараттар А. Ана тілі, 1993ж.

5. Омаров Қ.Ә. Инженерлік гидрология Қызылорда Қорқыт Ата ҚМУ 2003ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық, практикалық, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).


Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Мелиоративтік топырақтану

Пәннің коды: MT 2206

Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Буланбаева П.У. – ауылшаруашылығы ғылымдарының магистрі, оқытушы

Курстың мақсаты: Ауылшаруашылығы өндірісінің негізгі нысаны топырақты әр түрлі тұрғыдан қарастыра отырып, білім беру. Топырақ біріншіден, өз бетінше дамып, өзгеріп отыратын, әрі жасанды жолмен өзгертуге болатын күрделі табиғи дене, екіншіден өсімдіктер өсетін негізгі орта болып табылады. Топырақты мелиорациялаудың инженерлік әдістерін, гидромелиоративтік жүйені жобалау мен тиімді пайдалануды және мелиоративтік жұмыстарды жүргізуді экономикалық тұрғыда негіздеу. Атмосфералық үрдістердегі топырақтың орны, топырақ түзілу шарттары және дәлелдемелері, топырақтағы негізгі үрдістер. Литосфера, биосфера және қоршаған ортадағы энергия мен заттар алмасуы. Аймақтық заңдылық, географиялық топырақ аймақтары бойынша топырақтың негізгі түрлері және қасиеттері, топырақ құрылымы мен құрамы, топырақты игерудегі, мелиорциялау және баптау кезіндегі өзгерістер, топырақты бонитеттеу және оның экономикалық құны, мәдениеттендіру, топырақ эрозиясы.

Деректемелері/Пререквизиттері: физика, география, химия, математика, жоғарғы математика, геодезия, экология және тұрақты даму.

Курстың/пәннің мазмұны: Топырақтану ғылымының тарихы және оның ғылыми негізін салушылар. Топырақ және оның пайда болуы. Топырақ түзілу құбылысы туралы түсінік. Топырақтың түзілу факторлары мен жағдайлары. Климат, топырақ сулары және ыза суларының топырақтың түзілуіндегі маңызы. Топырақтың минералогиялық және механикалық құрамы. Топырақтың физикалық және физико-механикалық қасиеттері. Топырақтың өз бойынан су өткізгіштігі және оның ылғалдылыққа байланысты болуы. Топырақтың сулық, ауалық, жылулық және химиялық қасиеттері. Топырақтағы органикалық заттар. Қарашіріктің түзілу факторлары және көздері. Топырақ эрозиясы туралы түсінік, оның туындау себептері. Топырақты мәдени түрге келтіру туралы түсінік, мәдени турге келтіру процессінің қолданылатын шараларға байланысы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қ.Ділімбетов, Ғ.Қ.Ділімбетова. «Топырақтану негіздері». Алматы, 1997ж.

2. Е.У.Жамалбеков, Р.М.Билдебаева. «Жалпы топырақтану және топырақ георафиясы мен экологиясы». Алматы – 2000ж.

З. Д.Дүйсенбеков «Топырақтану және геоботаника негіздері». Алматы, 2010ж.

4. Т.Т.Тазабекұлы, Е.Тазабекова. «Топырақтану түсініктеме сөздігі». Алматы – 1993ж.

5. И.А.Плюснин, А.И.Голованов. «Мелиоративное почвоведение». Москва – 1971г. және т.б.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақша

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).