Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
Вид материала | Документы |
- Физика-математика факультеті 5В011100 – «Информатика» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының, 7398.77kb.
- ПӘні бойынша оқыту бағдарламасы, 326.34kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- 5B042300 «Арт-менеджмент» мамандығы бойынша қабылдау талаптары, 29.33kb.
- «№5 жалпы орта білім беру мектебі» мемлекеттік мекемесінің 2010-2011 оқу жылындағы, 831.2kb.
- Ылым министрлігі қазақ инженерлік теникалық академиясы, 1195.19kb.
- Бейімді –бағдарлы оқытудың мәселелері: Неге бейімді – бағдарлы оқу жүйесіне көшуіміз, 753.32kb.
- 6М010300- «Педагогика және психология» мамандығы бойынша элективтік модульдер каталогы, 207.15kb.
- Конкурстық құжаттама көшірмесінің пакетiн, 1288.76kb.
- Баға ұсыныстарына сұрау салу тәсілімен салық заңнамаларын түсіндіру бойынша мультимедиялық, 57.66kb.
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Мелиоративтік егіншілік
Пәннің коды: МЕ 2207
Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Казбекова Б.М.– су ресурстары және суды қолдану магистр, оқытушы
Курстың мақсаты: Болашақ бакалавр мамандарға топырақтың құнарлығын арттыру және жерді тиімді пайдалану шараларын оқып, өндірісте қолдана білуді, мелиорацияланған жерлерде ауыл шаруашылық дақылдарын өсірудің жолдарын қоршаған ортаның талаптарын ескере отырып жүргізуді қазіргі заман талабына сай, аз күш және қаражат жұмсап, сапалы да тұрақты мол өнім алу тұрғысынан оқытып үйрету. Егіншілік заңдармен, топырақ құнарлығын сақтау және арттыру әдістерімен таныстырып, өсімдік тіршілігіне қажетті факторларды оңтайландыруды үйрету; ауыспалы егістердің ғылыми негіздерімен, оны құру, өндіріске енгізу және игеру принциптерімен таныстыру; арамшөптердің биологиялық ерекшеліктерімен және олармен күресу әдістермен таныстырып оларды іс-жүзінде қолдана білуді үйрету; тыңайтқыштардың түрлерімен, оларды дайындау және топыраққа енгізу әдістерімен, олардың топыраққа және өсімдікке тигізетін әсермен таныстыру; топырақтың технологиялық қасиеттерімен, өңдеу тәсілдерімен таныстыру және оларды қолдана білуге үйрету; аймақтық егіншілік жүйелерінің ерекшеліктерімен таныстыру; далалық, техникалық және мал азықтық дақылдарды өсірудің интенсивті технологиясын қолдануды, мелиорацияланған жерлерде ауыл шаруашылық дақылдарды өсіруді негіздеп қолдануға үйрету.
Деректемелер/Пререквизиттер: мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология.
Курстың/пәннің мазмұны: Жер қорлары және егін шаруашлығы, Қазақстан Республикасының жер қорлары ерекшеліктері және оны пайдалану негіздері; мелиорацияланған жердегі егіншілік, өсімдіктердің тіршілік жағдайлары және фактор, егіншіліктің негізгі заңдары және ауыл шаруашылық дақылдарының өнімін бағалау; Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы ауыл шаруашылық мелиорациялары; мелиорацияланған жерлердегі егіншілік жүйелері, мелиорацияланған жерлердегі ауыспалы егістер, топырақты өңдеу, мелиорацияланған жерлерді тыңайту, арамшөптер, зиянкестер, аурулар және оларға қарсы жүргізілетін күрес.
Ұсынылатын әдебиет:
- Голованов А.И., Блец А.Г., Ермаков В.Е., Ефимов И.Т. Мелиоративное земледелие. – М.: Агропромиздат, 1986.
- Пиуновский Б.А. Практикум по мелиоративному земледелию. – М.: Агропромиздат, 1986.
- Вавилов П.П. и др. Растениеводство. М.: Агропромиздат, 1986.
- Вавилов П.П. и др. Практикум по растеневодству. – М.: Колос, 1983
- Гриценко В.В., Колошина З.М. Семеноводство полевых культур. –М.: Колос, 1984
- Лысогоров С.Д., Ушкаренко В.А. Орошаемое земледелие. – М.: Колос, 1981.
- Практикум по орошаемому земледелию. М.: Агропрмиздат, 1985
- Сейітов И., Саурабаев Т., Абдірашев Ш. Агрономия негіздері. – Алматы: Ана тілі, 1991
- Можаев Н.Н. және басқалар. Өсімдік шаруашылығы. – Ақмола: Жаңа Арқа, 1993
- Жамалбеков Қ., Саудабаев Т., Сейітов И. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технология. – Алматы: Қайнар, 1994
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және зертханалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша,орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Ландшафттану және табиғи-техногендік комплекс
Пәннің коды: LTTK 2208
Пәннің типі: Базалық цикл, міндетті компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 4
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Казбекова Б.М.– су ресурстары және суды пайдалану магистрі, оқытушы
Курстың мақсаты: Пәнді оқығанда табиғатты пайдалану қағидалары мен заңдарына және диалектика категорияларына көңіл бөлу керек. Болашақ бакалаврларға ауыл шаруашылық мелиорациясының нысаны – жер бедерінің, оны түзетін жыныстармен, топырақпен, ауа-райымен, сулармен, тірі денелермен салыстырмалы бірлігін сипаттайтын және адамның әсерінен болатын ландшафттар жайлы ұғым беру. Бұл пән табиғатты пайдалану, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау кезінде табиғи қорларды тиімді пайдалану мәселелерін шешудің негізі болып табылады. Табиғатты тиімді пайдалану, оның ішінде ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау мәселелерін шешкенде ландшафттың ролін білу керек. Ауылшаруашылық жерлерді мелиорациялау нысандары ретіндегі, табиғи және табиғи-антропогендік ландшафттарды таныстыра білу керек. Табиғи пайдаланатын жерлердің өзгеру қарқыны және ландшафттық-экологиялық теңгермесін ескеріп, ландшафтты пайдалану бағытын дұрыс таңдау қажет. Ландшафттарды мелиорациялаудың экологиялық салдарын ескеру керек. Табиғаттың өзінде негізі қаланған табиғи ортаның потенциалды мүмкіндіктерін және тенденцияларын (мақсаттарын) оңтайландыру қағидаларын байланыстыру қажет.
Деректемелер/Пререквизиттер: мектептегі физикалық география, химия, физика, математика, ботаника, биология пәндері. Жоғары оқу орнында: математика, геодезия, экология, мелиоративтік топырақтану, геология және гидрогеология.
Курстың/пәннің мазмұны: Ландшафттанудың жалпы жағдайы, табиғат және табиғи ресурстар. Табиғи орта және өмір сүру жағдайы, адамның табиғатпен қарым-қатнасы. Табиғи жүйе, геожүйе, экожүйе, ландшафттар, агроландшафтар, геожүйенің ластануы. Қазақстанның ландшафтары. Ландшафттардың ресурстарын табиғи-экологиялық бағалау. Табиғи-техникалық кешендер.
Ұсынылатын әдебиет:
1. Исаченко А.Г. Основы ландшафтоведение и физика-географическое районирование. М.: Высшая школа, 1985.
2. Исаченко А.Г. Оптимизация природной среды. М.: Мысль, 1980.-264с.
3. Арманд Д.Л. Наука о ландшафте, М.: Мысль, 1975.-287с.
4. Чупахин В.М. Основы ландшафтоведение, М.: Агропромиздат, 1987.-168с.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Құрылыс материалдары және бұйымдары
Пәннің коды: КMВ 2204
Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Қаршығаев Р.О. – аға оқытушы
Курстың мақсаты: Бұл пәннің оқытылу мақсаты құрылыс өндірісінде, әсіресе құрылыста қолданылатын материалдардың қасиетіне қарай пайдалана білу. Яғни олардың құрылымына қарай қасиеттерін талдау беру және қайсы жерде қолдануға болатынын білу. Сонымен қатар олардың қалай дайындалатынын, қандай әдіспен жасалатынын айта білу екені шарт. Әр-түрлі материалдардың қасиеттерін білу керек. Пәнді меңгерудің бірде – бір шарты, бұл жоғарғы курстарды оқытылатын арнайы пәндер тығыз байланыстылығы және де бұл пән жалпы теоретикалық пәндер негізіндегі сабақтастығы, атап айтсақ (химия, физика, жоғары математика, материалдар кедергісі және т.б.). Инженер-құрылысшы табиғи құрылыс материалдар өндірісінің теориялық негіздерін конструкциялар өндірісімен байланыстыра білуі керек.
Деректемелері/Пререквизиттері: математика, физика, геометрия, химия.
Курстың/пәннің мазмұны: «Құрылыс материалдары және бұйымдары» пәнін оқып-үйрену құрылыс материалдары мен бұйымдарын, сәулет өнерін, экономика-құрылыс жұмыстарының технологиясын, құрылыс экономикасының негіздерін білуге сол сияқты студенттердің оқу-өндірістік тәжірибесін өткізу кезінде жинақталған білімі мен шеберліктеріне негізделген. Курста құрылыс, құрастырудың жекелеген түрлерінің техникалық негіздері және көтергіш, қоршау, өңдеу өнімдері, басқа да үймереттер мен ғимараттардың арнайы жұмыстарды нақтылығы жүзеге асырудың рет тәртібі, әдістері берілді.
Ұсынылатын әдебиет:
- Қ.А. Бисенов, С.С. Үдербаев, Г.С. Абиева. «Құрылыс материалдары», (оқу құралы), Алматы, «Ғылым», 2008ж.
- А.Г. Домокеев Строительные материалы: Учеб. Для строит. Вузов. – 2 изд. –М.: ВШ., 1989. -495с.
- Микульский В. Г., Горчаков Г. И. и др. Строительные материалы. М: АСВ, 1996, -489 с.
- Комар А. Г. Строительные материалы и изделия. М.: , 1988, -487 с.
- Чехов А. П., Глущенко В. М. Строительные материалы. Лабораторные занятия. Киев: В. Ш., 1981,- 207 с.
- Попов Л. Н. Лабораторные испытания строительных материалов и изделий. М.: В. Ш., 1984, 2-165 с.
- Воробьев В. А. Строительные материалы. М.: В.Ш., 1979, -382 с.
- Драченко Б. Ф. Ерисова Л. Г. Технология строительного производства. М, 1978, -460 с.
- Дворкин Л. И. Строительные материалы и детали /практикум/. Киев, 1988, -200 с.
- Дворкин Л. И., Пашков И. А. Строительные материалы из промышленных отходов. Киев.: В. Ш., 1980, -141 с.
- Воробьев В. А., Комар А. Г. Строительные материалы. М.: В. Ш., 1976, - 478
- Журналы: “Строительные материалы”, “Бетон и железобетон” и др.
- Құрылыс материалдарына байланысты Мемлекеттік стандарттар.
- Бисенов Қ.А., Нарманова Р.А. Құрылыс материалдары мен бұйымдары. 2003 ж.
Сабақ беру әдістері: Берілген курс практикалық және зертханалық сабақтардан, студенттің өзіндік жұмыстарынан және оқытушының кеңес беруінен тұрады.
Бағалау әдісі: Аудиториялық жұмыстар: практикалық жұмыстарды орындау дұрыстығы, игеруі, сұраққа жауаптары ескеріледі. Зертханалық жұмыстарды толық және сапалы орындауы, орындалған жұмысты қорғау ерекшеліктері бағаланады. Студенттің жұмысқа деген шығармашылық көзқарасы бағаланады. СӨЖ (өзіндік жұмыс):
Аралық бақылау және қорытынды тест: бағалардың бекітілген критерийлеріне сай бағаланады.
Оқу тілі: Қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: көрнекі құралдар, сызу құрал- жабдықтары, әдістемелік нұсқаулар, кітапхана қоры.
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: AutoCAD және Credo негіздері
Пәннің коды: AutoCrN 2209
Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3, 4
Кредит саны: 3
Дәріс беруші: Жақапбаева Д.
Курстың мақсаты: Студенттерге жрбалау-сызу жұмыстарын автоматтандырылған стандарттық жүйесін қолданып, сызбалар құрастыру әдістерін және тәсілдерін үйрету. Сондай-ақ студенттердің осы қуатты әрі жетілген программалық графикалық жүйесі бойынша әрі қарай өз бетінше білімдерін тереңдетіп, қыр-сырын меңгерулеріне тура бағыт сілтеу.
Деректемелер/Пререквизиттері: инженерлік геодезия, информатика.
Курстың/пәннің мазмұны: AutoCAD – кез келген техникалық коструктивті жобалармен және графикалық пакет. AutoCAD-тың көркем графикалық редакторлармен (Мысалы: Photoshop, Pointbrush). айырмашылығы - AutoCAD бейнемен емес, объектінің геометриялық сиптталуымен жұмыс істейді. Бұл жүйе тек шетелдерде ғана емес, біздің елімізде де клмпьютерлік жобалауды болашақта дамытуға жасалған қадамдардың жаңа бағыттарымен таныстырады. . AutoCAD екі өлшемді координаттар жүйесіндегі сызбаларды жасауға ғана емес, сонымен қатар әртүрлі ғылыми техникалық салалардағы конструкцияларды модельдеуге, геометриялық кеңістіктегі модельдер мен масштабталған және символдардан құралған байланыс жүйелерін құруға мүмкіндік береді.
Ұсынылатын әдебиет:
- Финкельштейн Э. AutoCAD 2000. Библия пользователя.: Пер. с англ.- М.: Издательский дом “Вильямс”, 2000
- Baumback.W, Fahie.P, Davies.B, «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998
Қосымша әдебиеттер:
- Baumback.W, Fahie.P, Davies.B, «AutoCAD Modules AutoCAD II Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1998
- Baumback.W, Fahie.P, Davies.B, «AutoCAD Modules AutoCAD I Auto CAD 2000», Self-paced Leaning Modules EduCAD Publications Ins 1999
- Чигарев Ю.Н, Мезин.Д.Г Справочник команд AutoCAD LT 2000,Consistent Software 2000
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және практикалық сабақтар, түсіндірмелі-иллюстративті әдіс, репродуктивті әдіс, модульдік оқытудың технологиясы, дамыта оқыту әдісі; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, критикалық ойлауды дамыту стратегиясы; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша.
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интерактивтік тақта, электронды білім ресурстары, виртуальды зертхана.
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Мелиоративтік насостар және қондырғылар
Пәннің коды: MNK 2210
Пәннің типі: Базалық цикл, таңдау компонент
Оқу жылы: 2-оқу жылы
Оқу семестрі: 3
Кредит саны: 4
Дәріс беруші: Отарбаев Б.С.– ауылшаруашылығы ғылымының кандидаты, аға оқытушы
Курстың мақсаты: Болашақ мамандарға гидравликалық маншиналар-сорғылар және су көтергіштермен қатар, насос станцияларының гидротехникалық ғимараттары туралы тиянақты білім беру. Білімгерлерге суармалау және құрғату, суландыру насос станцияларын, гидротехникалық, гидромелиорациялық жұмыстардағы су төгу, гидромеханизация және т.б салаларды жабдықтайтын насостардың түрлерімен, құрылымымен және теориялық негіздерімен таныстырып, насос қондырғыларының жұмысына дағдыландырып, оларға әр түрлі насос станцияларын жобалауды үйрету міндеті жүктеледі.
Деректемелер/Пререквизиттер: инженерлік геодезия, гидрология, гидрометрия. Курстың/пәннің мазмұны: Насостар, насос станциялары мен қондырғылары туралы жалпы мәліметтер. Насостардың негізгі параметрлері. Қалақты сорғылар. Пайдалану ерекшеліктері. Ортадан тепкіш насостардың жұмыс істеу принципі. Өстік (күреме) қалақты сорғылар конструкциясы. Жұмысшы органдар, нығыздау түйіндер және құрылғылары. Көлемдік, құйынды, арынша және басқа түрлі насостар мен су көтергіштер. Жалпы классификациясы. Қалақшалы насостардың әр түрлі пайдалану режимдеріндегі жұмыстары. Насос пен құбырдың бірлескен, тізбектескен жұмысы. Ортадан тепкіш насостардың параллелді жұмыстары. Насос станциясының ғимараты. Арынды су құбырлар желісі, су жібергіш және әкететін құрылымдар. Насос станцияларының гидротораптарын пайдалану. Пайдалану қызметін ұйымдастыру, олардың құрылымы.
Ұсынылатын әдебиет:
- Насосы и насосные станции. Под ред.В.Ф.Чебаевского. М.:Агропромиздат, 1989 г.– 416 с.
- Проектирование насосных станций и испытание насосных установок. Под ред. В.Ф.Чебаевского. М.:Колос, 1982 – 320 с.
- Б.М.Мыржықбаев, А.Б.Мыржықбаева Гидравликалық машиналар мен насос станциялары атауларының түсіндірме сөздігі. Тараз, 1998 – 125 бет.
- Б.М.Мыржықбаев. Қалақшалы «Д» тектес насостар, Тараз, 1997 -72бет.
- Б.М.Мыржықбаев. Қалақшалы «ОВ» және ОПВ тектес насостар. Тараз, 1997. 77 бет.
- Б.М.Мыржықбаев. Қалақшалы «В» тектес насостар. Тараз, 1997 59 бет.
- Насостар және насос қондырғыларын сынақтан өткізу. Б.М. Мыржықбаевтың ред.шыққан. Тараз, 1997 -99 бет.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (ХЭКР – халықаралық электронды кітапханалар ресурсы).
Жеке пәндерді сипаттау
Пәннің атауы: Саясаттану
Пәннің коды: Saya 3108
Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент
Оқу жылы: 1-оқу жылы
Оқу семестрі: 5
Кредит саны: 2
Дәріс беруші: Айдарова Ш.
Курстың мақсаты: Саясаттың басты мақсаты – адам, қоғам және мемлекет арасындағы үйлесімділікті іздеу. Саясат – қоғам, мемлкет және әрбір азаматтың тіршілігінің негізгі. Әсіресе саясаттың ролі мен маңызы қоғамның негізгі құндылықтары мен идеалдырының өзгеріске ұшыраған, өтпелі тарихи кезеңдерінде ерекше мәнге ие болады. Саясаттану саяси процестерді суреттеп, түсіндіріп, оның дамуының бағыттарына болжам жасаумен қатар ол кәсіпкер, жартылай кәсіпкер, әсіресе маман емес саясаткерлерге қажетті білім береді. Адамдарды жауапты азаматтық міндеттерін атқаруға дайындайды. Саяси идеялар мен нормаларды, әдет-ғұрыптарды, саяси ақпараттар мен білімді кеңінен таратуға үлкен ықпал жасайды. Қоғамның рухани және интеллектуалдық жағынан жаңарып, әлеуметтік және гуманитарлық құндылықтарын қайта қарап қалыптастыруда, саясаттану ғылымының өзектілігі даусыз. Қазіргі қоғамның саяси шындығын шынайы түрде ашу саясаттанудың басты мағынасы болып табылады.
Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, философия, мәдениеттану, әлеуметтану, құқық негіздері.
Курстың/пәннің мазмұны: Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттану пәні, мақсаттары мен міндеттері. Саясаттанудың әдістері мен қызметтері. Саяси ғылымының дамуының негізгі кезеңдері. Әлемдегі саяси ойлардың дамуының негізгі кезеңдері.. Қазақстандағы саяси ойлардың дамуы. Қазіргі жағдайдағы Қазақстандағы саяси ойлардың негізгі жағдайы. Саясат қоғамдық өмір жүйесінде. Саясат және оның қалыптасуы. Саясаттың қызметі. Саясаттың қоғам өмірінің басқа да салаларымен байланысы. Билік саяси феномен ретінде. Билік ұғымы және оның тұжырымдамалары. Биліктің түрлері мен қызметі. Қазақстан Республикасындағы билік пен оппозицияның қарым-қатынасы. Этносаясат. Этнос пен ұлт түсінігі, қоғамдағы ұлтаралық және этносаралық қатынастар. Ұлттық саясат мемлекеттік саясаттың маңызды құрамдас бөлімі ретінде. Қазақстандағы қазіргі этносаяси процесстер. Қоғамның саяси жүйесі. Саяси жүйе түсінігі. Саяси жүйенің құрылымы мен қызметі. Саяси жүйенің типологиясы. ҚР саяси жүйенің даму мәселелері. Мемлекет және азаматтық қоғам. Мемлекеттің қалыптасуы мен маңызы. Мемлекеттің типтері мен оның қызметі. Азаматтық қоғам түсінігі. Әлеуметтік және құқықтық мемлекет түсініктері. ҚР азаматтық қоғам мен құқықтық мемлекет қалыптасу мәселелері. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар. Саяси партия мен қоғамдық қозғалыстардың ұғымы. Саяси партиялардың типологиясы мен қызметтері. Саяси жүйенің ұғымы. Қазақстандағы қазіргі саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың орны. Саяси режимдер. Саяси режимдердің ұғымы мен типтері. Тоталитаризм мен авторитаризмнің орны мен негізгі белгілері. Демократияның орны мен ерекшеліктері. ҚР демократияландырудың негізгі кезеңдері. Саяси процесс. Саяси процесстің ұғымы мен оның типтері. Саяси процесстің ұйымдастырылуы. ҚР саяси процесстердің ерекшеліктері. Саяси идеология және саяси сана. Саяси сананың негізгі белгілері мен орны. Саяси идеологияның қызметтері. Саяси идеологияның негізгі типтері. Саяси мәдениет және саяси әлеуметтенуі. Саяси мәдениеттің ұғымы мен қызметі. Саяси әлеуметтенудің ұғымы. ҚР әлеуметтену мәселелері мен саяси мәдениеттің ерекшеліктері. Саяси элита мен саяси көшбасшылық. Саяси элита ұғымы, қызметі және жіктелуі. Саяси көшбасшылық ұғымы мен типологиясы. ҚР саяси көшбасшылық институты мен саяси элиталары. Саяси технологиялар. Саяси технологияларының маңызы, құрылымы мен типтері.
Ұсынылатын әдебиет:
- Саясаттану негіздері. Қуандық Е.С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.
- Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.
- Политология в схемах и комментариях: учебное пособие / под ред. Тургаева А.С., Хренова А.Е., - СПб: Питер, 2005.
- Политология: Учебн. пособие / Сост. и отв. ред. Радугин А.А., - 2-е изд., доп.. - М.: Центр, 2003.
- Пугачев В.П. Политология / Пугачев В.П.,. - Филол. об-во "Слово": Эксмо, 2003.
- Партиялар, партиялық жүйе тарихы және қазіргі кезең: Оқу құралы. Иманбекова Б.И.– Алматы: Абай атындағы ҚазҰПУ, 2004. 24-бет
- Политические партии Казахстана. Алматы 2004.
- Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі. Мұсатаев С.Ш. – Алматы, 2007.
Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері – лекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, ролдік ойындар, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.
Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.
Оқу тілі: қазақша, орысша
Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (РЖООЭК – республикалық жоғары оқу орны аралық электронды кітапхана).