Институт 050703 – «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже

Вид материалаДокументы
2. Жеке пәндердің (курстардың, юнитеттердің) сипаттамасы
Курстың мақсаты
Бағалау әдісі
Пәннің коды
Курстың мақсаты
Бағалау әдісі
Курстың/пәннің/ юниттің атауы
Курстың мақсаты
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Курстың/пәннің/юниттің атауы
Курстың/пәннің мазмұны
Сабақ беру әдістері
Бағалау әдісі
Название курса/дисциплины/юнита
Семестр обучения
Методы преподавания
Методы формы оценки
Пәннің коды
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   54



2. Жеке пәндердің (курстардың, юнитеттердің) сипаттамасы

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Қазақстан тарихы

Пәннің коды: КT 1101

Пәннің типі: жалпы, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Тухмарова Ш.К. – саясаттану ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Қазақстан тарихының ертедегі дәуірінен бастап, бүгінге дейін негізгі кезеңдері туралы оның этногенезі, Қазақ халқы мемлекеттілігінің орнығуы мен дамуының үздіксіздігі, сабақтастығы туралы объективтік тарихи білім беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - жоқ.

Курстың/пәннің мазмұны: тарихты зерттеу әдіснамасы мен Қазақстан тарихының хронологиясы. Қазақстан ежелгі дәуірде – тас, қола, темір кезеңдері, алғашқы қауым және күрделі ұйымдастырылған, әлеуметтік дифференцияланған қоғамның қалыптасу дәуірі – сақтар, үйсіндер, қаңлылар, ғұндар. Қазақстан орта ғасыр кезеңінде – түрік мемлекеттері, моңғол шапқыншылығы, қазақ халқының және мемлекеттілігінің эволюциясы, қазақ хандығының құрылуы. Қазақстан Ресей империясының құрамында. «Алаш» қозғалысы мен «Алаш – Орда» үкіметінің тарихы. Қазақстан Кеңес өкіметінің орнауы жылдарында. ХХ ғ. Қазақстанның саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуы. Қазақстанның тәуелсіз Республика ретінде қалыптасуы.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Қазақстан тарихы Очерктерi. - Алматы, 1994.

2. Қазақстан тарихы І-V-том. - Алматы, 1996-2010 ж.ж.

3. Мыңжан Н. Қазақтың көне тарихы. - Алматы, 1992

5. ГумилевЛ. Көне түрiктер. - Алматы, 1992

6. Салғарин Қ. Қазақтың қилы тарихы. - Алматы, 1993

7. Көмеков А. Қыпшақтардың саяси тарихы, қарым-қатынастары. - Алматы, 1994.

8. Маданов Х. Ұлы дала тарихы. - Алматы, 1994ж.

9. Бекмаханов ХІХ ғ 20-40 жж Қазақстан. - Алматы, 1992

10.Қозыбаев М. Жауға шаптым ту байлап. - Алматы, 1990

11. Қазақстан тарихы очерктер. - Алматы, 1994.

12. Қойгелдиев М. Алаш қозғалысы. - Алматы, 1995ж

13. Аничкин И. Жанкожа Нурмухамедулы. - Алматы, 1997г

14. Нурпейсов Н. Алаш пен Алашорда. - Алматы, 1994ж

15. Назарбаев Н.А. Казахстан-2030. - Алматы, 1997г

16. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

17. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, мемлекеттік емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Информатика

Пәннің коды: Inf 1102

Пәннің типі: жалпы, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 3

Дәріс беруші: Остаева А.Б. – педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: студенттердің ақпараттарды алу, түрлендіру, беру, сақтау процестері туралы негізгі білімді сапалы және нақты меңгеруін қамтамасыз ету. Бұл мақсатқа жету қазіргі заманғы қоғамның дамуында ақпараттық технологияның ролі және бүкіл әлемдік ғылыми көріністі қалыптастырудағы ақпараттық процестердің мәнін студенттерге жеткізумен анықталады. Ақпаратты қорғау әдістері, ЭЕМ-дегі локальды және глобальды желілер, ақпараттық процестер және жаңа технологиялар жайында теориялық білім беру; өмірге керекті есептерді шығару үшін компьютерлік техниканың мүмкіншіліктерін сапалы және ұтымды пайдалану; мәтіндік редактор, кестелік процессормен жұмыс істеу мүмкіндіктерін көрсету, деректер қорын құруды және кез-келген қолданбалы программалармен жұмыс жасау.

Деректемелер/пререквизиттері: -

Курстың/пәннің мазмұны: Информатика ғылым жəне техниканың бірлестігі. Қазіргі информатика құрылымы. Ақпарат, оның түрлері мен қасиеттері. Деректерді тасымалдаушылар. Деректермен жұмыс істеу операциялары. Буль алгебрасы. Графтар және ағаштар. Компьютердің логикалық элементтері. Машинаны ұйымдастыру: Фон-Нейман принципі, басқару құрылғылары, командалар жүйелері мен типтері. Енгізу-шығару жəне тоқтату. Компьютер жадысының құрылғысы. Енгізу-шығару құрылғылары. Есепті шешудің стратегиялары және шешімді іздеу. Алгоритмдердің концепциялары мен қасиеттері, алгоритмдерді жүзеге асыру. Блок-схема алгоритмінің графикалық өңделуі. Ақырғы автоматтар. Пост және Тьюринг машиналары. Бағдарламалаудың негізгі конструкциясы. Заманауи қолданбалы бағдарламалық қамтамаларға шолу. Ақпараттарды өңдеу құралдары. Кестелік процессорлар. Баспа жүйелері. Деректер қорын басқару жүйелері. Графикалық редакторлар. Мультимедиялық қосымшалар. Операциялық жүйелердің негізгі концепциялары. Желілер мен телекоммуникациялар. Web-қосымшаларын жасау технологиялары. Ақпараттық қауіпсіздік және оны құрушылар. Антивирустық бағдарламалар. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. «Электронды үкімет» инфрақұрылымы. Бизнес-үрдістерді талдау және құру технологиялары. Техникалық тапсырмаларды жасау принциптері. «E-Learning» электронды оқыту негізі. Электронды оқыту әдістері. «E-Learning» ортасының негізгі компоненттері. Білімді бағалау әдістемесі. «E-Learning» ортасын құрудың заманауи технологиялары.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Новиков Ф., Яценко А. Microsoft Office 2000 в целом. СПБ:БХВ-Санкт-Петербург.2001г.

2. Вильямс Микки. Программирование в Windows 2000г. Энциклопедия пользователя. Издательство «Диа-Софт» - 2000 г.- 640 с.

3. Левин И.Н. ПК для пользователей. Киев: Диалектика, 2000 г.

4. Лавренов С.М. Excel. Сборник примеров и задач. М: Финансы и статистика, 2001 г.

5. Золотова С.И. Практикум по Access, М.: Финансы и статистика, 2001 г.

6. Олифер. Компьютерные сети. М: Финансы и статистика, 2001 г.

7. Симонович С.В. Информатика, Базовый курс. Питер 2001 г.

8. Алексеев А.П. Информатика 2002. Москва 2002 г.

9. Автоматизированные тесты по темам: Операционная система MS-DOS, NC, архиваторы, компьютерные вирусы.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері - лекциялық және лабораториялық сабақтар; сабақтарда интерактивті тақталарды қолдану, сұрақ-жауап, лабораториялық сабақтарда компьютерді қолдана отырып, тапсырмалар орындау, тест сұрақтары, презентацияны қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе - 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: компьютерлік сыныптар, электронды оқулықтар, кітапхана қоры, интернет жүйесі, интерактивті тақта.


Курстың/пәннің/ юниттің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale -1104

Пәннің типі: жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші профессор: Айдарова Ш., тарих ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге болашақ мамандар ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану - әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастарын қарастырып, адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік институттар туралы ғылым. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Арнайы әлеуметтанулық теориялар және әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері - Алматы, Экономика,2004ж

2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану - Алматы, Ғылым, 2003ж

3.Әженов М., М.Садырова Қоғамның әлеуметтік құрылым - Алматы, Қазақ университеті, 2002ж

4.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы - Алматы, Қазақстан, 2006ж

5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ.) - Алматы: Ғылым,1995ж

6. Абай Қара сөздері - Алматы, 1993ж

7. Тажин М., Аяған.Б. Социология негіздері - Алматы,1992ж

8. Сорокин. П. Человек. Цивилизация. Общество. - Москав,1992ж

9. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

10. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және тұрақты даму

Пәннің коды: Etdi 1105

Пәннің типі: жалпы, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жиенбаева Л., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Экологияның мақсаттары, міндеттері мен әдістерін талдау. «Тұрақты даму» түсінігінің анықтамасын сипаттау. Экологиялық факторлар мен оларды жіктеп, түсіндіру. В.И. Варнадскийдің негізгі биогео-химиялық заңдарын талдау. Тұрақты даму концепциясынан мәлімет беру. Экологияның басқа ғылымдармен байланысы. Экология бөлімдері.

Деректемелер/Пререквизиттері: Оқылатын курс бойынша студент пән бойынша базалық білімі болуы керек:биология, өндірістік экология, химия, валеология, және т.б. әдебиетпен жұмыс жасай білуі ақпараттарды анализдеу дағдысы, өз бетінше қорытындылар мен түйіндер жасай білу, ПК бойынша дағдылары болуы қажет.

Курстың/пәннің мазмұны: Даралар экологиясы: ағзалар және олардың коректенуі, эколо-гиялық факторлар және оның классификациясы. Либихтың минимум заңы және Шелфорд-тың толеранттылық заңы. Толеранттылық шегі. Популяциялар экологиясы: ста-тикалық және динамикалық сипаттамалары. Қауымдастықтар экологиясы: биоценоз, экожүйе және биогео-ценоз туралы түсінік: экожүйедегі тұрарлық байланыстардың негізгі формалары; экожүйе-дегі энергия және химиялық элементтердің айналымы: биоценоздың трофикалық құрылы-мы; экожүйе өнімділігі. Экожүйенің тұрақтылығы және тұрақтылық механизмдері (гометоз және экологиялық сукцессия). Биосфера және оның тұрақтылығы. Биосфераның эволюциясы. Тұрақты даму концепциясы. Тұрақты даму факорлары. Экологиялық, экономикалық, әлеуметтік.

Ұсынылатын әдебиет:

1

Колумбаева С.Ж., Білдебаева Р.М.. Жалпы экология- Алматы, Қазақ университеті 2006

2

Оспанова Г.С., Бозшатаева Г.Т. Экология (оқулық) - Алматы, 2002

3

Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық -Алматы: «Зият Преес», 2004

4

Баешов А.Б. Экология негіздері. Түркістан - Яссауи университеті, 2000.

5

Банников А.Г., Рустамов А.К. Охрана природы -Москва., Колос 1987

6

Молдахметов М, Ғазалиев А. және т.б. Экология негіздері (оқулық) - Қарағанды, 2002.

7

Бродский А.К. Жалпы экологияның қысқаша курсы. Оқу құралы – Алматы: Ғылым, 1997.- 192 бет.

8

Демеген А.А. Экология әлемі. Атаулар мен анықтамалар.-Алматы: «Қазақ университеті», 1998


9

Бейсенова Ә.С., Шілдебаев Ж.Б., Сауытбаев Г.З. Эколгия (оқулық). -Алматы, «Ғылым» ғылыми баспа орталығы , 2001

10

Қазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздері: Экология және табиғат қорғау – Алматы: Мектеп АҚҚ, 2002, 392 бет.

11

Әлімбетов Қ.Ә., Оспанова Г.С., Мейірбеков А.Ұ. Табиғатты пайдалану және қорғау негіздері. Оқу құралы. -Алматы, «Экономика» 2000


Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер- шағын топтарда жұмыс, пікір-талас,презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Название курса/дисциплины/юнита: Русский язык

Код дисциплины : K (O)t-1102

Тип дисциплины: общеобразовательные, обязательный компонент

Год обучения : 1-год обучения

Семестр обучения : 1,2

Количество кредитов: 6

Ф.И.О.лектора/профессора: Бисембаева Ш., аға оқытушы

Цель курса (ожидаемые цели обучения и приобретаемые компетенции): расширение лексического минимума общеупотребительных слов и словосочетаний, овладения граммати-ческими формами и конструциями на уровне их употребления в речи. Овладение лексичес-ким и термонологическим минимуом по специальности. Построение различных типовв речевой деятельности: беседа, описание, информирование.

Пререквизиты:

Содержание курса/дисциплины: Грамматические формы и конструкции в функциональ-ном аспекте, Реппродуцирование адапттированных и продуцирование несложных прагмати-ческих текстов, диаологических и монологических высказывании в устоной и письменной форме, на темы, актуальные для социально-бытовой и профессиональной сфере, по разным видам речевой деятельности, говорению, аудированию, чтению, письму. Развитие учебно-профессиональной речи: вырботка умений и навыков чтения, слушания, конспектирования литаратуры по специальности.

Рекомендуемая литература:

1. Жаналина Л.К., Мусатаева М.Ш. Практический курс русского языка. Алматы, 2005 г.

2. Дудников А.В. и др. Русский язык. М., 1981 г.

3. Ворожбицкая И.И. и др. Русский язык. Москва. 1987 г.

4. Городилова Г.Г. и др. Практикум по развитию речи. Учебное пособие для педагогических институтов. Л., 1988 г.

5. Греков В.Ф., Крючков С.Е. Чешко Л.А. Пособие для занятий по русскому языку. Москва. 1966 г.

6. Метса А.А. и др. Русский язык. Москва. 1991 г.

7. Надежина И.Ф. и др. Учебник русского языка: Для национальных групп неязыковых вузов. 3-е изд. М., 1985 г.

8. Насырова М.Р. Практический курс русского языка. Алматы. 1991 г.

Методы преподавания: лекция, практика, проблемные методы обучения, деловая игра, мо-дульная технология, репродуктивные методы, объяснительно-иллюстративный метод, час-тично-поисковые или эвристические методы.

Методы формы оценки: буквенно-рейтинговая система, посещаемость, активность на заниятиях, групповая презентация, выполнение практических задач

Язык обучения : русский

Условия (требований для обучения специальности (ступени): библиотечный фонд, вертуальная лаборатория, интерактивная доска, электронные учебники, электронно-образовательные ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Математика

Пәннің коды: Mat1203

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі:1

Кредит саны:3

Дәріс беруші: Абуова А.О., педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: инженерлік салада математикалық ақпаратты жүйелі түрде пайдаланып, студенттердің мамандығына деген қызығушылығын арттырып, өз бетімен білім алу дағдыларын дамыту; математикалық білім берудің мақсаты мен міндеттерін іске асыруға бағытталған математиканы пайдалану арқылы шешілетін есептерді кең қолдану, білім бере отырып, студенттерді тәрбиелеу, оларды әр түрлі ақпаратттар ағынына өзіндік талдау жасауға үйрету, математикалық білім деңгейлерін көтеріп, қажетті ой сапаларын қалыптастыру.

Деректемелері/Пререквизиттері: алгебра, анализ бастамалары, геометрия.

Курстың/пәннің мазмұны Векторлық және сызықтық алгебра элементтері. Векторларға қолданылатын амалдар. Екінші және үшінші ретті анықтауштар. Сызықтықтық теңдеулер жүйесін шешу. Жазықтықтағы аналитикалық геометрия. Түзу сызық, екінші ретті қисықтар. Математикалық анализге кіріспе: шектер теориясы. Бір және көп айнымалы функцияның дифференциалдық қисаптары. Бір айнымалы функцияның интегралдық қисаптары. Бірінші және екінші ретті дифференциалдық теңдеулер. Қатарлар ықтималдықтар теориясы. Кездейсоқ оқиға және оның ықтималдығы. Тәжірбиелердің қайталануы. Кездейсоқ шамалар. Математикалық статистика. Статистикалық үлестіру қатары және оның сипаттамасы. Статистикалық гипотезаларды бағалау. Дисперсиялық және корреляциялық талдау.

Ұсынылатын әдебиет:
  1. Әубәкір С.Б. Жоғары математика. Алматы, 2000.

2.Минорский В.П. Сборник задач по высшей математике.Москва, 2001.

3.Данко П.Е., Попов А.Г. Высшая математика в упражнениях и задачах. Москва, 2002 4.Пискунов Н.С. Дифференциальное и интегральное исчисления. Москва, 2003.

5.Шипачев В.С. Высшая математика. Москва, 2004.

6. Қазешев А.Қ. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика. Алматы, 2005.

7.Гмурман В.Е. Руководство к решению задач по теории вероятностей и математической статистике. Москва, 2006.

8. Жаңбырбаев Б.С. Ықтималдықтар теориясы және математикалық статистика элементтері. Алматы, 2007.

9.Жоғары математика пәні бойынша күндізгі бөлім студенттеріне арналған есептеу-графиктік тапсырмалар жинағы. Қызылорда, 2008.

Сабақ беру әдістері: зерттеушілік әдісі, проблемалап оқыту әдісі, өзіндік білім алу әдісі, ғылыми әдістер (салыстыру, аналогия, синтез, классификация және т.б. әдістер), жаңа инновациялық технологияларды (интерактивті тақта, т.б.) пайдалану, компьютерлiк және ақпараттық технологияларды қолдану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет кластары, электронды білім ресурстары, (РЖООЭК – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физика

Пәннің коды: Fiz 1204

Пәннің типі: базалық, міндетті пән

Оқу жылы: I

Оқу семестрі: 1

Кредит саны:3

Дәріс беруші: Сапарходжаев П.И., педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Курстың мақсаты: негiзгi физикалық құбылыстар мен идеяларды оқып-үйрену; Қазiргi және классикалық физика теориясы мен заңдарын, қалыптасқан түсiнiктердi, сондай-ақ физикалық зерттеу әдiстерiн бiлу;Ғылыми көзқарас пен қазiргi физикалық ойлауды қалыптастыру; физиканың әртүрлi облыстары бойынша нақты есептердi шығару әдiстерi мен жолдарын үйрену;Қазiргi ғылыми аппаратуралармен танысу, физикалық эксперименттер жүргiзуге iскерлiктi қалыптастыру; болашақ мамандығы бойынша қолданбалы есептердi физикалық модельдеуге қалыптастыру.

Деректемелер: физика, математика және механика курстары.

Курстың/пәннің мазмұны: Кинематика. Материялық нүктенiң қозғалысы. Бiрқалыпты түзу сызықты қозғалыс. Жылдамдық және үдеу. Қисық сызықты қозғалыс. Бұрыштық жылдамдық және бұрыштық үдеу. Динамика. Масса. Күш. Ньютонның заңдары. Бүкiләлемдiк тартылыс заңы. Ауырлық күшi. Салмақ. Салмақсыздық. Сақталу заңдары. Импульс. Импульстiң сақталу заңы. Күш жұмысы. Энергия. Энергияның сақталу заңы.

Ұсынылатын әдебиет:

Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 1 том. Механика. Молекулалық физика. Термодинамика. Алматы, 2001.-173 бет.

Қожанов Т.С., Рысменде С.С. Физика курсы. 2 том. Электр және магнетизм. Оптика. Атом және ядролық физика. Алматы, 2003.-197 бет.

Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. І том. Механиканың физикалық негiздерi. Молекулалық физика. Тербелiстер және толқындар.-Орыс тiлiнде 10-басылуына сәйкес қазақша 2-басылуы.-“Мектеп“ баспасы, Алматы, 1971.-500 бет