Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Вид материалаДокументы
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Жұмыс тілі
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Практикалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Еңбек сыйымдылығы
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Практикалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   15


6 семестр

Пәннің аталуы

М27.2. Жануарлар селекциясы

Қысқартылған атауы

ЖС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Биғара Т.С.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пін, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 30, ОБСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Зоология», «Биохимия», «Генетика», «Анатомия», ”Жануарлар биотехнологиясы”, ”Жануарлар физиологиясы” пәндері.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Жануарлар селекциясы» пәнінің негізгі мақсаты -студенттерге ежелден калыптасқан, ұзақ уакыттар бойы тәжірибелермен тексерілген ауылшаруашылық малдарының өнімділігін арттыру, халық шаруашылығына тиімді де пайдасы зор мал тұқымдарын шығару және оның тұқымдық сапасын жетілдіру әдістері жөнінде іргелі білім беру болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе.Малдың шығу тегі мен эволюциясы.

Ч.Дарвиннің эволюциялық ілімі, оның маңызы. Малдың өсіп жетілуі. Онтогенез, оның мәні мен маңызы. Жануарлардың өсіп-жетілу заңдылықтары. Мал селекциясының негізгі әдістері. Мал сұрыптау. Мал селекциясының теориялық негіздері. Сұрыптау түрлері. Малды дене бітімі,сыртқы пішіні және ішкі құрылысы бойынша бағалау және сұрыптау.

Конституция, экстерьер, интерьер туралы түсінік. Малды өніміне қарай бағалау және сұрыптау.Малды өнімділігіне қарай бағалау принциптері мен әдістері. Малды ата тегіне қарай бағалау және сұрыптау.Мал шежіресін жасау және селекцияда қолдану тәртібі. Малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сұрыптау. Аталық малды ұрпағының сапасына қарай сынау. Аналық малды ұрпағының сапасына қарай бағалау және сынау. Жұп таңдау. Жұп таңдаудың генетикалық алғышарттары. Жұптаңдаудың селекция тиімділігіне әсері. Сұрыптау мен жұптаудың арақатынасы. Жұп таудың негізгі принциптері. Селекцияның негізгі генетикалық өлшемдері. Малдың селекциялық белгілерінің өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын зерттеудің биометриялық негіздері. Мал тұқымы туралы түсінік.Мал тұқымдары туралы ілімнің генетикалық-селекциялық негіздері.Мал тұқымының негізгі ерекшеліктері. Мал өсіру әдістері. Таза тұқым өсіру.Оның мақсаттары мен міндеттері.Таза тұқым өсірудің селекциялық-генетикалық ерекшеліктері. Туыстық малдарды шағылыстыру. Оның биологиялық ерекшеліктері. Инбридингті селекцияда қолдану. Инбредтік депрессия. Аталық із және аналық ұя бойынша селекция жүргізу және оның мақсаты.Аталық ізге тән ерекшеліктер.Аталық ізбен жүргізілетін селекциялық сұрыптау мен жұптаулар. Будандастыру.Оның мәні мен биологиялық ерекшеліктері. Гетерозис селекциясы, оның биологиялық мәні. Мал шаруашылығындағы гибридтеу. Оның түрлері мен тарихы.Мал селекциясында биотехнология ілімінің маңызы.Гендік инженерия.

Практикалық сабақтар: Малдың өсіп- жетілуін анықтау.

Малдың экстерьері мен конституциясын бой өлшемдері аркы-лы бағалау, малдың тұлға индекстерін есептеп шығару.Малдың экстерьері мен конституциясын графикалық кескіндеу арқылы бағалау. Малдың сүт өнімділігі және оны есептеу әдістері. Малды сүт өнімділігі бойьшша бағалау. Малды ет енімділігі бойынша багалау.Құсты жұмыртқа өнімділігі бойынша бағалау. Қойды жүн өнімділігіне қарай бағалау. Жылқыны жұмыс өнімділігіне карай бағалау. Малды жанама туыстарына карай бағалау. Аталық малдың препотенттілігін анықгау. Қой шаруашылығындағы малдың класына карай жұп таңдау. Будандардың әр тұқымынан қан үлесін анықгау. Мал шаруашылығында гибридтеуді қолдану. Мал тұқымдарын шығару әдістері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың барысында және емтихан тапсыру нәтижесінде студент үй жануарларының шығу тегі мен тарихи дамуы (эволюциясы), коғамда мал шаруашылығы мен өндіргіш күштер дамуының өзара байланыстылығы, мал туқымы туралы ілім, малдың өсіп жетілуі мен дамуындағы заңдылыктар, мал сұрыптау мен жұп таңдаудың ғылыми негіздері, практикалық тәсілдері, мал өсіру мен селекцияның негізгі әдістері, мал селекциялау, малдың тұқымдық, өнімділік касиеттерін және оларды ұрпақган-ұрпаққа жақсарта түсу жұмыстарын меңгерулері тиіс.

Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).


6 семестр

Пәннің аталуы

М27.3. Микроорганизмдер селекциясы

Қысқартылған атауы

МС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Рысбаева Г.С.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, лабораториялық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: биофизика, микробиология, микроорганизмдер биотехнологиясы

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Cтуденттерге микробиология бөліктерінің құрылым принциптері, жеке жұмыстарды ұйымдастыру үшін теориялық жағынан негізгі жағдайларды ашуға үйрену, микроорганизмдер селекциясының қазіргі жағдайын және оларды дамытудың тиімділігін түсіндіру.

Нәтижесінде: штаммаларға және өнімнің сорттарына деген сұранысты білу;

Биотехнологиялық объектілерге сәйкес оқу-зерттеу әдістерін таңдап, оларды сенімді түрде қолдана білу;

М м.о. негізгі қасиеттерін, олардың жіктелуін, адам өміріндегі және табиғаттағы рөлін білу, биологиялық белсенді заттар өнеркәсібіндегі микробтарды пайдалану мүмкіндіктерін оқып білу;

Микробиология және биотехнология жөніндегі әдебиеттерді пайдалану; микроорганизмдердің өнеркәсіптік өсуін қолдау; технологиялық процесстердің әр түрлі этаптарындағы олардың өмір сүру қабілеттерін қадағалау.

Мазмұны

Дәрістер: Микроорганизмдерді сұрыптау. М.о – дің өмір сүруіне өндірістік маңызы бар өнімдер және микроб жасушаларының табиғаты , олардың маңызы. Клондар мен штаммалар туралы түсінік. Сұрыптау үшін микроорганизмдердің негізгі түрін таңдау. Микрооорганизмдердің табиғи формалаларының әр түрлілігі.

Сұрыптау жұмысына штамма дайындау. Сұрыптау жұмысының схемасы. Мутанттар алу. Мутацияның әр түрлілігі. Мутацияның пайда болу жиілігі. Мутацияны топтау. Пайдалы, зиянды және бейтарап мутациялар. Соматикалық және генеративтік, хромосомдық, геномдық мутациялар. Хромосомдық және геномдық мутациялардың эволюциядағы рөлі. Өнімділігі жоғары мутанттарды іріктеп алу әдістері. Кездейсоқ мутацияларды іріктеу. Белгілі бір фенотивтік белгілері бар мутантты мөлшерлі түрде іріктеу. Ауксотрофтық мутация. Аутоселекция. Құрылымында азоттық негіздері немесе амин қышқылдары бар, резистенттік құрылымды аналогтарды мутанттар арасынаніріктеу. Резистенттікті антибиотиктер үшін мутанттарды арасынан таңдап алу. Морфологиялық жағдайына байланысты мутанттарды таңдап алу. Түрдің өзгергіштігі. Фенотиптік және генотиптік өзгергіштік. Модификвция, рекомбинация, трансдукция, транскрипция және коньюгация туралы түсінік. Түрдің өзгергіштігі. Фенотиптік және генотиптік өзгергіштік. Модификвция, рекомбинация, трансдукция, транскрипция және коньюгация туралы түсінік. Түрдің өзгергіштігі. Фенотиптік және генотиптік өзгергіштік. Мутацияның маңызы. Гендік инженерияның келешегі. Мутациялық өзгергіштік. Индуцировандық мутагенез. Генетикалық рекомбинанттарды алу әдістері. Микроорганизмдерді белгілі бір температурада өсіру. Микроорганизмдердіегуге арналған құрал – жабдықтар. Микрооорганизмдер мен жұмыс жасаған кезде қолданылатын құрал – жабдықтар.

Практикалық сабақтар: Микроорганизмдер селекциясы туралы түсінік. Селекция процесінің теориялық негіздері. Сұрыптау жұмысының ықшам сызбасы. Біріншілік және екіншілік метоболиттер. Мутанттарды алу, олардың түрлері. Мутациялардың түрлерін анықтау. Мутацияның типтері

Модификация туралы түсінік. Гендік инженерияның болашағы. Геномдық, хромосомалық, гендік мутация. Микроорганизмдерді егу және өсіру тәсілдері

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағыдыларын іс жүзінде пайдалана білу қажет

Бақылау формасы: аралық бақылау, қорытынды (емтихан).


6 семестр

Пәннің аталуы

М32.1. Биотехнологиялық құрал-жабдықтар

Қысқартылған атауы (егер бар болса)

БТҚЖ

Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

6 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.:

Сейдалиева Г.Т.

Доцент / оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі/академиялық сағ. саны

Дәрістер-30, практ. – 30, ОБСӨЖ- 60, СӨЖ – 60.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы- 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: микроорганизмдер биотехнологиясы, инженерлік энзимология, өсімдік биотехнологиясы, генетикалық инженерия , экологиялық биотехнология, тағам биотехнологиясы.

Білім беру мақсаттары

/ компетентности

«Биотехнологиялық құрал – жабдықтар » пәнінің мақсаты биотехнологияның əртүрлі салаларында пайдаланатын құрал-жабдықтар, биотехнологиялық құрал-жабдықтарға қойылатын талаптарды, жұмыс істеу принципін, қолданылуы туралы, құрылымдық ерекшеліктері туралы студенттерге білім беру болып табылады.

Компетенттілігі: Студенттерге биотехнология өндірістік технологиясының əр түрлілігі жəне оған байланысты құрал-жабдықтар туралы түгелдей таныстыру, биотехнологиялық қондырғыларға қойылатын талаптар мен жұмыс істеу принциптері, неге арналғанын білу, биотехнология жəне биоинженерия денгейіндегі қазіргі жетістіктері туралы үйрету олардың болашақтағы кəсіби мамандығын табысты игеруіне үлесін қосады


Мазмұны

Дәріс мазмұны: Кіріспе. Технологиялық қасиеттеріне байланысты биотехнологиялық өндірістердің көп- жəне азтоннажды болып бөлінуі, қондырғылардың негізгі технологиялық түрлері, олардың жалпы сипаттамасы, соңғы өнімдер қасиеттері мен асептикалық талаптар. Биотехнологиялық өндірістерді технологиялық қамтамасыз етудің негізгі принциптері. Биотехнологиялық өндірістердегі микроб контаминанттарымен күресу. Сұйықты мерзімді заласыздандыруға арналған қондырғылар (қоректік орталар, қоспалар, көбік басушылар). Сұйық қоректік ортаны үздіксіз заласыздандыру қондырғылары: өлшем жинағы, олардың жұмыстау принциптері. Қоректік орталар, қоспалар, көбік басқыштарды мөлшерлеу. Ауаны тазалау жəне залалсыздандыру технологиялық жүйелері. Алдына ала сүзу фильтрлері жəне ауаны биологиялық тазалау, Өсіретін культураны мерзімді жəне үздіксіз өсіру тəсілдері. Инокуляторлар жəне өсіру ферментаторлар. Ферментаторларға өсіру талаптары, Қондырғылардың аэрациялау, араластыру, жылу алмасу жəне көбік басу жүйелері. Биообъектілерге оттегінің қажеттілігі. Биообъектілерді өсіру процесіне жалпы оттегінің берілуі. Клеткаға сұйықтықтың берілуі. Биосинтез процесіндегі жылу алмасу, ферментерлардың жылу көздері. Жылу алмасы түрлері. Биообъектілерді өсіруге аналған ферментаторлар. Микроорганизмдерді қатты қоректік ортаға өсіру құрылғылары. Микроорганизмдерді анаэробтыөсіру ферментаторлары. Көбік басу жүйесінің сипаттамасы жəне көбік басуды бағалау тəсілдері.Көбік түзілуге қоректік орта құрамы мен микроорганизмдеркультураларының қасиеттерінің əсері. Механикалық көбік басу арналған құрылғылар. Фототрофты микрорганизмдерд і өсіруге арналған биореакторлар. Олардың ашық жəне жабық түрлері. Биообъектілерді терең аэробты жағдайда өсіруге арналған ферментаторлар; су астымен сұйық фазалы энергиялы (өзі сорылатын араластырғышты, эжекционды струйнды ферментаторлар), газды фазалы (барботажды, барботажды эрфлитті, колонды, форсуналық) жəне біріккен түрлері.Биологиялық синтез өнімдерінің негізгі препараттық формалары. Соңғы өнімді бөлу жəне қоюландыру. Концентраттарды алу. Флотаторлар, центрифугалар, сепараторлар, экстракторлар, адсорберлардың конструкциясы жəне əсер ету принциптері. Биологиялық активті заттар ерітінділерін қоюландыру жəне тазалауға арналған қондырғылар. Биологиялық активті заттар ертінділерін мембранды бөліп алу қондырғылары. Мембранды бөлудің техникасы. Микрофильтрация, диализ, электродиализ жəне ультрофильтрация. Кептіру туралы мəлімет. Биомасса жəне биологиялық синтез өнімдерін кептіру əдістерімен қондырғылар. Мөлшерлегіш жəне қаптау аппаратуралары. Микробиологиялық өндірістерді аппаратурамен жабдықтандыру;аминқышқылдар, ферменттер, өсімдіктерді қорғауға арналған заттар, бактериялық тыңайтқыш, еріткіштер жəне т.б. Фитобиотехнология өндірістерін аппаратурамен жабдықтандыру; жекеленіп бөлініп алынған өсімдік клеткалары мен ткандарды өсіруге арналған жарық камералары жəне ферментаторлар. Дəрі дəрмек өндірістерін аппаратурамен жабдықтандыру; вакциналар, диагностикалық, емдеу жəне медициналық препараттарды u1257 өндіру, Инсулин, интерферондар, өсу гормоналарын өндіруге гендік инженерлік жəне молекулалық биологиялық тəсілдерді пайдалану. Тағам өндірісін аппаратурамен жабдықтандыру; сыра, шарап, спирт, сүт қышқылды өнімдері, жəне ірімшік, наубайхана ашытқылары. Биогеотехнологиялық аппаратура жабдықтары; пайдалы қазбаларды өңдеу жəне тау-кен өндірістері. Экологиялық биотехнология аппаратура жабдықтары; қалдық суларды биологиялық тазалау, ауыл-шаруашылығы қатты қалдықтарын қайта өңдеу, аэротенклер, метантенклер, биофильтрлер.

Практикалық сабақтар мазмұны: Биотехнологиялық өндіріс түрлері, шикізатпен қамтамасыз ету және дайын өнімді тасымалдау құралдары. Ауа жəне қоректік заттарды залалсыздандыру қондырғылары. Анаэробты микроорганизмдерді өсіруге арналған ферментаторлар. Ферментаторлардың аэрациялау жəне араластыру жүйелері. Көбік басу тəсілдері мен құрылғылары. Фототрофты микроорганизмдерді өсіруге арналған биореакторлар. Аэробты микроорганизмдерді өсіруге арналған ферментаторлар. Микробсинтез өнімдерін бөліп алу, тазалау жəне кептіруге арналған аппаратуралар. Фитобиотехнология өндірісіне қолданатын қондырғылар. Сыра және шарап өндіруге арналған қондырғылар. Сүт өнімдерін өңдеуге арналған құрал – жабдықтар. Металдарды бактериалды сілтілендіруге арналған өндірістік қондырғылар. Ластанған суларды аэробты тазалауға арналған қондырғылар. Ластанған суларды анаэробты тазалауға арналған қондырғылар.

Курстық жұмыс.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде студент биотехнология өндірісі құрал-жабдықтарының алуантүрлілігі мен оларға сәйкес келетін аппаратуралық құрылымдары туралы мәліметтерді меңгеру керек.

Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).