Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Вид материалаДокументы
Пәннің аталуы
«л-м» жмдп
Оқытушының Т.А.Ә.
Оқу жоспарымен сәйкестігі
Еңбек сыйымдылығы
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Зертханалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Жұмыс тілі
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер /сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі
Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Жұмыс тілі
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15

4 семестр

Пәннің аталуы

М43 «Лаборант-микробиолог» жұмысшы мамандығын дайындау практикумы

Қысқартылған атауы

«Л-М» ЖМДП

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, зертханалық сабақтар

Семестр:

Семестр 4

Оқытушының Т.А.Ә.

Саденова М.К.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша , орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік-практикалық бөлім (таңдау бойынша)

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

2 апта

Еңбек сыйымдылығы



Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Физика, Бейорганикалық химия, органикалық химия, молекулалық биология,биохимия .

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Берілген курсты оқытудың мақсаты тыңдаушыларды микробиологиялық, биохимиялық процестерді аппараттар мен құралдарды ғылым мен техниканың соңғы жетістіктерін қолдана отырып, зерттеуде келешек биотехнолог және ғылым қызметкерлері ретінде арнайы дайындау. Зертханалық сабақтарда микроорганизмдер туралы тереңдей мағлұмат беру және осы арқылы табиғатта микробиологиялық процестердің ерекшеліктерін анықтау, табиғат және адам өміріндегі орнын білуге, болашақ маман қазіргі биотехнологияның, микробиологияның принциптерін біліп, ол білімді практикада пайдалануға үйрету.Микроорганизмдердің дамуының физиологиялық заңдылықтарын, өсіру принциптерін беру.

Компотенциялар: микробиология үшін анағұрлым маңызды прокариоттар мен эукариоттардың ерекшеліктерімен таныстыру, технологиялық процестің әртүрлі этаптарындағы олардың тіршілік қабілетін бақылауды, зертхана мен өндірісте санитарлық-микробиологиялық бақылау жүргізуді үйрену логикалық, аналитикалық және концептуальдық ойлану шеберлігін игеру.

Мазмұны

Дәрістер: Кіріспе. Курстың мақсаты мен міндеттері, оның биотехнолог даярлау жүйесіндегі орны. Биотехнологиялық процестің жүру және зерттеу ерекшеліктері. Микробиологиялық зертхана туралы негізгі түсініктемелер. Құралдар, аппараттар және оларды реттеу. Микроскоптардың және микроскопиялаудың түрлері, олардың құрылысы мен жұмыс істеу принциптері. Биотехнологияның зерттеулеріндегі микроскопиялаудың ролі. Культивирлеу процесін сипаттайтын химиялық көрсеткіштер. Суспензиялар мен биологиялық ерітінділерді селективті бөлудің негізгі заңдары. Культуралық сұйықтықтың құрамын хроматографиялық әдіспен анықтау. Микроорганизмдерді бөліп алу және өсіру. Қоректік орта жасау принциптері. Мерзімдік және үздіксіз өсіру. Вирутардың дақылдануы.

Зертханалық сабақтар : Оқу және өндірістегі микробиологиялық зертхананың негізгі құралдары.Биологиялық объектілерді микроскоптау әдістері және жасуша популяциясының сипатына бақылау. Биологиялық жүйенің тотығу-тотықсыздану потенциалын өлшеу. Культуралы сұйықтықтағы диализ және электродиализ әдісімен тазарту. Культуралы сұйықтықтың компоненттерінің концентрациясын фотоэлектрокалориметр көмегімен анықтау. Культуралы сұйықтықтың анализі мен бөлуде хроматографиялық әдісті қолдану.

Микроорганизмдерді беткі және тереңгі қабатта өсіру әдістері. Таза дақылдарды алу және оның тазалығын зерттеу әдістері. Өсу процесін бақылау. Микроорганизм популяциясының өсу қисық сызығын анықтау. Жасушалардың биомассасын анықтау.Микроорганизм түрлеріне қарай олардың белсенділігін анықтау. Мутагендердің әсерін анықтау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде студент технологиялық процестер параметрлер өлшеу және талдаудың негізгі әдістері, негізгі өнімдерді талдау сызба-нұсқасын технологиялық процестермен алынатын өнімдерді теориялық зерттеу құралдары мен әдістерін, өлшеу техникаларының технологиялық процестерді зерттеуге қолданылуын білуі керек. Алған білімдері арқылы теориялық дайындығын шыңдап, білік пен дағдыларын іс жүзінде пайдалана білуі керек.

Бақылау формас: ағымдық, аралық бақылау, қорытынды (емтихан)



3 – курс

5, 6 – семестрлер


5 семестр

Пәннің аталуы

М7. Кәсіби ортадағы шет тілі

Қасқартылған атауы

КОШТ

Оқу іс-шаралары оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5-6 семестрлер

Оқытушының Т.А.Ә.

Курбанбаева С.Н.,Ашимова Т.С

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы, оқытушы

Жұмыс тілі

Ағылшын тілі,орыс тілі

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Практ.- 45сағ., ОСӨЖ-45сағ., СӨЖ –45сағ.

Еңбек сыйымдылығы

135 сағ

Кредиттер /сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиты: қазақ тілі, орыс тілі ,Шетел тілі І, Шетел тілі ІІ

Білім беру мақсаттары /құзіреттлігі

«Шетел тілі» пәнін оқытудың мақсаты қарым –қатынас жасаудың 4 түрін (оқу, жазу,сөйлеу,жазу) қолдана отырып,мамандардың кәсіби аясында шет тілін қолданумен анықталады, шет тілінде қарым-қатынас жасау.

Мазмұны

Практикалық сабақ шет тілін тереңдетіп оқитыноқу топтарынақарастырылған, - онда төменде берілген сұрақтар қарастырылады:іскерлік серіктестік жағдаяттарында және әр түрлі аяларда білікті ақпараттық және шығармашылық іс-әркекеттер үшін қажет қарым-қатынас (лингвистикалық, әлеуметтік-лингвистикалық және әлеуметтік мәдени) компетенциясын дамыту және қалыптастыру, бірлескен ғылыми және өндірістік жұмыстар. Тілдің стилі: түсіну, қолдану аясы, қызметі; тілдің ғылыми стилі, оның ерекшеліктері; тілдің ғылыми стилінің лексикасы. Рецензия және пікір жазу. Конспект,оның түрлері. Іскерлік хат.

Оқу жұмысының нәтижелері/ытынды бақылау түрлері

Күнделікті кең тараған жағдаяттарда қарым-қатынас жасау үшін қажет лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру,тілдің және сөйлеу іс-әрекеттерінің әр түрін дамыту. Студенттердің білім деңгейі ағымдық ,межелік және қорытынды бақылау түрінде – емтихан тест түрінде қабылданады.


5 семестр

Пәннің аталуы

М10. Құқық негіздері

Қысқартылған атауы

ҚН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, семинар, ОСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусабекова М.А., Бердібеков С.О.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушылар

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Жалпы білім беретін пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–15сағ., практикалық–15сағ., ОСӨЖ–30сағ., СӨЖ–30сағ.


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Құқық негіздері

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

«Құқық негіздері» пәнің оқыту мақсаттары: Қазақстан Республикасындағы құқықтық мемлекеттілікті жетілдірудің қажетті шарты ретіндегі қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу, окушылардың әлемдік танымын қалыптастыру, қоғамдық және құқықтық мәдениет және жеке құқық танымын жоғарылату.

Оқу пәнін оқыту мақсаты қазіргі қоғамның қажеттілігі мен мүддесінен туындап отыр. Оқутыдың негізгі мақсаты заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет және құқық теориясының негіздерін меңгеру, ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру. Бұдан басқа міндет ретінде: қоғам өміріндегі мемлекет пен құқықтың орны мен ролін анықтау, Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамыуның алғышартымен және мәселелерімен таныстыру, қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси - құқықтық жолдарын анықтау, субъективтік құқықтар мен субъективтік юридикалық міндеттерді жүзеге асыруға қажетті тәжірибені жинақтауға үйрету.

Мазмұны

Дәрістер: Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Семинар сабақтар: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын. Алған білімнің негізінде студент ажырата білуі қажет: құқықтық институттарды оларды қамтамасыз ететін нормаларды; құқықтық нағидаларды, оларды қамтамасыз ететін кепілдіктерді. Сонымен қатар, студент алған білімін тәжірибеде дұрыс қолдана білу, қалыптасқан құқықтық қатынастарға құқықтық нормаларды қолдана білу, әлеуметтік- құқықтық құбылыстарды параллел мен ұқсастық жолымен мәнін анықтау. Алған білім және тәжірибе студеттерге заң шығарушылық базаны құқықтық қатынастарға дұрыс қолдана білуге, саралай білуге және сол салаға тиістілігін анықтай білуге бағытталған тәжірибе жинақтауға мүмкіндік беруі, сонымен қатар юридикалық емес мәселелер шеңберінде құқық нормаларымен логикалық өзара байланысты ғылыми негізделген аргументтерді теоретикалық – құқықтық көзқарас пайдасына шешу.

Аталған курсты оқығанға дейін оқушылар орта және жалпы білім беру мектептерінде алған құқықтық және тарихи білімдері қажет.

Құқық негіздері әлеуметтік- гуманитарлық пәндер циклінің басқа пәндерімен тығыз байланысты. Олардың құқық негіздерімен өзара байланысы оқудың негізгі объектісі- әртүрлі қоғамдық қатынастар.

Құқық негіздері қоғамдық қатынастарды мемелекттік- құқықтық әсер етудің нәтижесі ретінде, құқықтық нормаларды әлеуметтік норманың түрі ретінде, мемлекет қоғамның саяси ұйымы ретінде қарастырады. Аралас пәндер қоғамдық құқық пен мемлекеттің пайда болуының және дамуының саяси, тарихи, философиялық, әлеуметтік шарттары мен алғышарттарын қарастырады және ол Қазақстан Республикасында және әлемде болып жатқан саяси-құқықтық құбылыстарды кешенді түсінуге мүмкіндік береді.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Оқу курсын оқу барысында студент кем дегенде мынадай білімді алуы қажет: Қазақстан Республикасының Конституциясының нормаларының жүйесін; мемлекет және құқық теориясының негізгі анықтамалары мен категорияларын, азамат пен адамның құқықтары мен еркіндіктерін жүзеге асыратын салалық заң шығарушылықтың қажетті нормаларын.


5 семестр

Пәннің аталуы

М24. Биотехнологиялық өндірістің негіздері

Қысқартылған атауы

БӨН

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ,

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Есимова А.М.

Доцент/оқытушы:

химия ғылымдарының кандидаты, доцентм.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Лекция-15 сағ., лаб – 15 сағ.,СРСП-30сағ., СРС –30сағ.

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы -90 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

2 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: биологиялық химия, математика, физика, генетика, микробиология.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәнді оқыту мақсаты студенттерді биотехнологиялық өндірістің негізгі сатыларымен таныстыру, оның ішінде:шикізат түрлері,биообъектілер – биохимиялық белсенділіктері биоөндірістің негізі болып табылатын клеткалар мен ферменттер, осы өндірістің негізіндегі процестер, соңғы өнімдерді бөліп алу, тазалау жəне тауарлық формалары.

Компетенция: биоөндіріс негізіндегі микроорганизмдердің ерекше мүмкіншіліктерін жəне ферментативті реакциялардың əркеттілігін көрсету, шикізатқа, оның ішінде тапшы емес екіншілік өнімдер мен бірқатар өндіріс қалдықтарына сипаттама беру, микроорганизмдерді дақылдау əдістерімен таныстыру,биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін алу сатыларына микроорганизмдердің сипаттама беру.

Мазмұны

Пəннің мазмұны:

Биотехнологиялық өндірісте қолданылатын

биологиялық объектілер. биотехнологиялық

өндірістің шикізат көзі. Микроорганизмдердің биотехнологиялық өндіріс объектісі ретіндегі маңызы. Микроорганизмдердің біріншілік жəне екіншілік метаболиттері.Микроорганизмдерді дақылдау Соңғы өнімдерді алу.Микробиологиялық синтез өнімдерінің түрлері. Тірі микроорганизмдер негізгінде алынған препараттар (бактериялық тыңайтқыштар, ұйытқы жəне т.б.). Инактивацияланған клеткадан жəне олардың өңделген өнімдерінен тұратын препараттар (азықтық ашытқылар, саңырауқұлақ мицелийлері жəне т.б.). Микроорганизм метаболизмінің тазаланған өнімдері негізіндегіпрепараттар (витаминдер, аминқышқылдары, ферменттер, антибиотиктер жəне т.б.).Соңғы өнімдерді алу жəне тазалау əдістері. Концентрациялау, экстракция,

кептіру. Жоғарғы тазалау əдістері – жұқа қабатты хроматография, электрофорездің əртүрлі əдістері жəне т.б. Дайын формаларды дайындау – таблетка, ампула, қораптау жəне т.б.

Практикалық сабақтар тақырыптарының тізімі:

Микроорганизмдер – биотехнологиялық өндіріс негіздері. Микроб клеткаларының метаболиттік мүмкіншіліктері. Катаболизм жəне анаболизм процестерінің көптүрлілігі. Спирттік, сүтқышқылыдық, пропионқышқылдық, майқышқылдық ашуын процестерін жүзеге асыратын микроорганизмдерге сипаттама.

Шикізат түрлері. Өнімдердің маңызы. Витаминдер, ферменттер, аминқышқылдарын синтездеуін жүзеге асыратын микроорганизмдерге сипаттама. Шикізат түрлері. Өнімдердің маңызы. Антибиотиктердің биосинтезін жүзеге асыратын микроорганизмдерге сипаттама. Жартылай синтетикалық антибиотиктерді алу. Антибиотикалық өндірістің дамуы. Микроорганизмдердің бағытталған қасиетті мутантты клеткаларын гендік инженерия əдісімен алу. Биотехнологиялық өндірістің шикізат базасы. Міндеттері мен жетістіктері.Сатылы дақылдау жағдайларындағы микроорганизмдердің өсу ерекшеліктері. Өсу қисығына сипаттама, қолдану. Үздіксіз дақылдау жағдайындағы микроорганизмдердің өсуерекшеліктері. Хемостат, турбидостат, оксистат. Салыстырмалы сипаттама, қолдану. Биотехнологиялық өндірістің негізгі сатыларына сипаттама. Лабораториялық өңдеулерді ендіру. Қиыншылықтары, сатылары, мысалдар. Биотехнологиялық өндірістің соңғы өнімдерін тазалау жəне бөліп алу əдістері.

Биопрепараттар - биотехнологиялық өндіріс өнімдері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде студенттің

биотехнологиялық өндірістің негіздерінің инженерлік, микробиологиялық және технологиялық негіздерін білу Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).