Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Вид материалаДокументы
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Жұмыс тілі
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Практикалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Жұмыс тілі
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Практикалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   15


5 семестр

Пәннің аталуы

М31.1. Биологияны оқыту әдістемесі

Қысқартылған атауы

БОӘ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Саденова М.К., Мамырбекова А.К.

Доцент/оқытушы:

Аға оқытушы, х.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттері: Ботаника, зоология, цитология, гистология, адам және жануарлардың анатомиясы және физиологиясы, генетика, экология, микробиология, педагогика және психология.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Берілген пәнді оқытудың мақсаты мектепте биологиялық циклдегі пәнмен тәрбиелеу және оқытудың маңызды мәселерін таныстыру, студенттерді оқу процесінің үйымдастыру формаларымен, биология сабағын жүргізудің әдістерімен және әдістемелік тәсілдерімен таныстыру.

Компотенциялар: Биологияны оқыту әдістемесінің дамуының қазіргі жағдайын және келешегін түсіну, мектепте биологияны оқытудың сәйкес әдістерін таңдай және қолдана білу. Оқыту процесін талдауға интегральді жол таба білу, алған білімді теориялық дайындық деңгейін көтеруге қолдану, сонымен қатар оны іс жүзінде қолдана білу.

Мазмұны

Дәрістер: Қазіргі мектептегі биологиялық білім беру концепциясы. Биологиялық білім берудің мақсаты мен міндеттері. Биологияны оқыту әдістемесі пәні, мақсаты және міндеттері. Педагогикалық ғылым түрінде биологияны оқыту әдістемесінің дамуындағы негізгі кезеңдер. Әдістеменің маңызды мәселелерін шешудегі ғалымдардың еңбегі. Мектеп биологиясының мазмұны және ерекшеліктері. Орта мектептегі биологияны оқытудың ғилыми принциптері. Биология әдістемесінің негізгі дидактикалық принциптері. Мектеп биология пәнінің басқа пәндермен байланысы, пән аралық және пән ішілік байланысы. Мектеп биологиясының негізгі түсініктері. Түсінік классификациясы. Әдістер және оның классификациясы. Әдістемелік тәсілдер туралы түсінік және оның сипаттамасы. Биологияны оқыту формаларының жүйесі, оқыту формаларының өзара байланысы. Сабақ – биологияның оқу процесін үйымдастырудың негізгі формасы. Сабаққа қойылатын талаптар. Тақырып бойынша сабақтар жүйесі. Биология сабақтарының ерекшеліктері. Биология бойынша сабақтың құрылымы және типтері. Сабаққа дайындық. Сабақ жоспары. Сабақтағы мәселелік құрлымы. Практикалық жұмыс сабағы. Сабақты талдау әдістемесі. Оқушылардың өз бетінше жұмысы және оны жүргізу формалары. Экскурсия – биологиядан оқу тәрбие жұмысын ұйымдастырудың маңызды формасы, экскурсияға дайындық. Саяхат сабақты жүргізу әдістемесі. Оқулық бойынша үй жұмысы. Үйде орындалатын практикалық жұмыстар. Алдын-ала экспериментальды жұмыстар. Кластан тыс жұмыстардың түрлері. Биологияны оқытудың материалдық базасы. Оқытудың жеке әдістері.

Практикалық сабақтар: Ботаника сабақтарын оқыту әдістемесі (6-сынып) тақырыптары: «Өсімдіктердің вегетативті мүшелері», «Өсімдіктердің генеративтік мүшелері», «Жемістер. Жеміс түрлері». Зоология сабақтарын оқыту әдістемесі (7-сынып) тақырыптары: «Систематика», «Омыртқасыздар», «Омыртқалылар». Адам анатомиясы сабақтарын оқыту әдістемесі (8-сынып) тақырыптары: «Клетка- организмнің құрлымдық бірлігі», «Организмді басқару жүйесі». Жалпы биология сабақтарын оқыту әдістемесі (9-сынып) тақырыптары: «Тірі ағзалардың негізгі қасиеттері», «Жерде тіршіліктің пайда болуы», «Клетканың химиялық құрамы», «Клеткадағы зат алмасу және энергия түзілу», «Тұқым қуалаушылық және өзгергіштіктің негізгі заңдылықтары». Жалпы биология сабақтарын оқыту әдістемесі (11-сынып) тақырыптары: «Экология негіздері», «Биосфера туралы негізгі ұғым».

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу және емтихан тапсыру процесінде студент биология бөлімдері құрлымының принциптерін және мазмұның; органикалық дүниенің тұтастығын түсіндіру мақсатындағы негізгі жалпыбиологиялық және экологиялық түсініктерді тереңдету және дамыту жайлы түсінік қалыптастыру әдістемесі.

Бақылау формас: ағымдық,, аралық, қорытынды (емтихан)


5 семестр

Пәннің аталуы

М31.2. Ғылыми зерттеу негіздері және СОҒЗЖ

Қысқартылған атауы

ҒЗН және СОҒЗЖ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Биғара Т.С.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Биотехнология негіздері», «Жалпы және молекулалық генетика», «Математика», «Биоинженерия»

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Берілген пәнді оқытудың мақсаты студенттерге жалпы әдістеме бойынша білім беру және өндірісте қалаған түрдегі зерттеу жұмыстарын жоспарлау,оны жүгізе білу, түрлі зерттеулердің негізгілерін шолу, ғылыми-зерттеу жұмыстардың мағынасын көрсету: студенттерді әдістеменің негізгілерімен таныстыру; жаңа технология және құрылғылармен таныстыру, объективті нәтижелер алу, нақты шешімдер,сондай-ақ негізделген нұсқаулар жасауды оқыту.

Мазмұны

Дәрістер: Ғылыми зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары. Ғылыми түсінік және ғылыми шығармашылықтың негіздері. Ғылыми ілім, ғылыми әдістеме жайында түсінік. Ғылыми-зерттеудің бағытын таңдау. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының кезеңдері. Іздену,жинақтау және ғылыми мәліметтерді саралау,өңдеу. Ғылыми әдебиеттермен,басылымдармен жұмыс жасау. Теориялық зерттеулер, теориялық зерттеулердің әдістері мен міндеттері. Тәжірибелік зерттеулер. Тәжірибелердің міндеттері мен түрлері, классификациясы. Зерттеулердегі математикалық анализ. Көрсетілгендерді мүмкін болатын статистикалық әдістермен өңдеу. Тәжірибе жасауды ұйымдастыру және әдістемелік құралдары. Ғылыми жұмыстың нәтижелерін жазу, мәліметтерді енгізу. Зерттеу нәтижелерінің экономикалық негіздерін және ғылыми жетістіктерін енгізу.

Практикалық сабақтар: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен міндет-тері. Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеттері мен перспекти-валары.Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру өндіріс жағ-дайларында ҒЗЖ енгізудің спецификалық ерекшеліктері. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы жұмыс жоспарын құру және оны жүргізудің әдістемесі. Ғылыми таным мен шығармашылықтың әдістемелік негіздері Ғылыми әдістеме туралы, ғылыми білім түсінігі. Ғылыми бағыт жөніндегі ғылыми түсінік. Ғылыми зерттеу бағытын таңдау. Ғылыми зерттеу жұмысының этаптары. Ақпараттың жиналуы және өңдеу. Ғылыми әдебиетпен жұмыс.Теориялық зерттеулер. Зерттеулерге математикалық анализ тәжірибе мәліметтерін өңдеу. Мәліметтер статистикалық тазалау әдістері. Зерттеулердің эксперименталдық зерттеулері, классификациясы, түрі мен тапсырмалары.Организациялық және әдістемелік эксперимент құрастырылымдары.Ақпарат алмасуы, зерттеу жұмыстарының нәтижелерін безендірілуі. Кірістіру және экономикалық зерттеулер нәтижелерінің түсіндірмелері.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың және емтихан тапсыру нәтижесінде студент ғылыми зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру мен жүргізуді, тәжірибелік экспериментті қоюдың әдістерін және ғылыми нәтижелерді ұштастыруды білу қажет.

Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).



5 семестр

Пәннің аталуы

М31.3. Өндірістің технологиялық регламенті, технохимия және микробиологиялық бақылау стандарттау

Қысқартылған атауы

ӨТР

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық сабақ, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Балхибеков Р.М.

Доцент/оқытушы:

Магистр аға оқытушы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық сабақ– 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: физика, неорганикалық химия, органикалық және бейорганикалық химия, биохимия, жалпы және молекулалық генетика, микробиология және вирусология, микроорганизмдердің биотехнологиясы, биотехнологиялық өндірістің негіздері, микроорганизмдердің әртүрлілігі, гендік инженерия және тағы басқа жалпы курстарын.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пәннің мақсаты: өндірістің технологиялық регламенттің негізгі сатыларымен принциптерімен, ерекшеліктерімен, өндірісті жобалаумен өндіріске сипаттама берумен таныстыру,оның ішінде: өндірістің шикізаттан дайын өнімді ауға дейін сатыларымен, өндірістің технологиялық сызба – нұсқасымен; шикізатпен, дайын өнімен және материалдармен, соңғы өнімдерді тазалау жəне тауарлық формаларымен; өндірістің аппаратуралық сызба – нұсқасымен, технологиялық процестерімен; өндірістік қалдықтармен және атмосфераға тастайтын қалдықтармен, оларды қолдану және зиянсызданумен; өндірісті бақылаумен; өндірістің техника қауіпсіздігімен таныстыру. Өндірістің технологиялық процесін өңдеу үшін лабораториялық регламенті жасауды түсіндіру.

Пəнді оқытудың міндеттері: биотехнологияның мәні мен мақсатымен, өндірістің технологиялық регламентін таныстыру.Өндірістің технологиялық процесінің ерекшелігі мен принциптерімен, әдісімен таныстыру, биотехнологиялық өндірістің шикізатынан бастап, соңғы дайын өнімді бөіп алу процестерін түсіндіру.

Мазмұны

Дәрістер: . Өндірістік және лабораториялық регламент түрлері. Өндірістің тиімділігін жоғарылату үшін өндірістік регламенттің мәні.Регламентің негізгі мазмұны.

Лабораториялық регламент. Лабораториялық регламенттің негізгі сатылары.Өндірістің технологиялық процесін өңдеу үшін лабораториялық регламентің мәні.Лабораториялық және өндірістік регламенттің бір бірімен байланысы.

Лабораториялық регламентке жалпы сипаттама. Лабораториялық регламеттің ішіндегі мысалыға маңыздысы антибиотик өндірісі. Негізгі сатылары. Егіс материалын дайындау.Қоректік ортаны дайындау. Антибиотик биосинтезі. Культуральды сұйықтықты алдын ала өңдеу. Антибиотикті бөліп алу және тазарту. Дайын өнімді алу, дәрілік заттарды формаларын дайындау, буып –түю. Өнеркәсіптік өндірістің регламенті. Өндірістік регламенттің құралатын сатылары.Өндіріске жалпы сипаттама.

Дайын өнімге сипаттама.

Қолданылатын аумағы: химиялық формуласы, физико-химиялық қасиетті, органолиптикалық,

биологиялық қасиеті, шегіне дейін берілетін концентрациясы,сақтау әдісі және тасмалдау әдісі және т.б.

Бастапқы шикізаттар, химикат материалдар және аралық өнім. Жұмсалған шикізат пен аралық өнімге кестені құрастыру формасы.

Нормативтік–техникалық құжаттар. Технологиялық сызба нұсқасы. Өндірістің сатылары, көмекші жұмыстың сатылары, негізгі технологиялық процестің сатылары, қалдықты қауіпсіздендіру сатысы. Атмосфераға технологиялық желдеткішпен шығарылған тастандыларды қауіпсіздендіру сатысы.

Өнеркәсіптік өндірістің аппаратуралық сызба нұсқасы. Құрылғыларды және құрал жабдықтарды басқару және бақылау.

Технологиялық сызба нұсқаға жалпы түсіндірме.Зарарсыздалған ауаны алу. Егіс аппаратында егіс материалын өсіру. Қоректік ортаны дайындау және зарарсыздау. Өндірісің материалдық балансы. Шикізат материалының және энергоресурстың жұмсалу нормасы. Технологиялық режимінің нормасы. Өндірісті бақылау. Өндірістің режиміне келтіретін зияндар.

Өндірістен атмосфераға шығарылатын газдар мен ағын сулар және қалдықтар. Тіршілік қауіпсіздігі. Мамандардың міндеті түрде өтетеін ережелері. Қорытынды.

практикалық сабақтар:

Бастапқы культураның түріне байланысты егіс материалын дайындау. Өндіріс регламенті бойынша қоректік ортаны дайындау. Қоректік орталарды және ыдыстарды зарарсыздау әдістері. Қоректік ортаның зарарсыздығын бақылау. Микроорганизмдерді культивирлеу. Негізгі әдістер және сандық сипаттамалар. Антибиотиктер продуценті. Антибиотиктік активтілігін анықтау. Қоректік ортаны дайындайтын құрал жабдықтарды зарарсыздау. Биотехнология өндірісіндегі ағын суды анаэробты тазарту.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

технологиялық регламенттің негізгі сатыларымен принциптерімен, ерекшеліктерімен, өндірісті жобалаумен өндіріске сипаттама берумен таныстыру,оның ішінде: өндірістің шикізаттан дайын өнімді ауға дейін сатыларымен, өндірістің технологиялық сызба– нұсқасымен; шикізатпен, дайын өнімен және материалдармен, соңғы өнімдерді тазалау жəне тауарлық формаларымен; өндірістің аппаратуралық сызба – нұсқасымен, технологиялық процестерімен; өндірістік қалдықтармен және атмосфераға тастайтын қалдықтармен, оларды қолдану және зиянсызданумен; өндірісті бақылаумен; өндірістің техника қауіпсіздігімен таныстыру. Өндірістің технологиялық процесін өңдеу үшін лабораториялық регламенті жасауды түсіндіру.

Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан).


5 семестр

Пәннің аталуы

М33. Микроорганизмдер биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

МБ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәріс, лабораторялық сабақ, СӨЖ,ОСӨЖ

Семестр:

5 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Есимова А.М.

Доцент/оқытушы:

Химия ғылымдарының кандидаты, доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент


Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәріс-30сағ., лаб.-30сағ., СРС-60сағ., ОСӨЖ – 60сағ.

Еңбек сыйымдылығы

180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредита

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: биохимия, жалпы молекулярлық генетика, микробиология и вирусология, математика.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Пəнді оқытудың мақсаты біріншілік және екіншілік метаболизмнің өнімін және оның алу технологиясын микроорганизмдердің биосинтетикалық мүмкіндігін студентерге таныстыру

Компетенция: жаңа заманғы жағдайымен болашақта дамуымен микроорганизмдер биотехнологиясымен түсіну,

биотехнологиялық өнімге қойылған талапты білу, құрлымдық техникалық проблемасын құрастыру және анализдеу бойынша жаңалығын үйрену, биотехнологиялық өндірістің өнімін әр түрлі жерлерде қолдану және оларды өндірістік жағдайда қамтамасыз ету барысында алғашқы орынды иелену және ғылыми негізде жұмыс жасауын ұйымдастыру

Мазмұны

Лекцияның мазмұны: Биотехнологияның негіздері.

Ауыл шаруашылығы, медицина, тамақ өндірісіне арналған микробтық биомасса алу биотехнологиясы. Метаболизм алудың биотехнологиясы.Күн энергиясын қолдану, биотрансформация, металл биотехнологиясы, экологиялық биотехнология, тамақ биотехнологиясы.Стероидтық гормонды өндірісте алуда микроорганизмді қолдану. Микробиологиялық әдіспен фермент алудың артықшылығы. Шикізаттар, Биоөндірісте қолдану.Микроорганизмді культивирлеу үшін қоректік ортаны құрастыру. Микроорганизмді культивирлеу.

Лабораторялық жұмыстың мазмұны: Автоклавтаудың негізі мен техникасы. Мембранды фильтрлеу.

Микроорганизмдер дақылдарының тазалығын тексеру.

Шикізат сапасын (тазалығын) анықтау.

Микроорганизмдердің өсуі мен оған рН жəне температура

жағдайларының əсерін зерттеу.

Əртүрлі көмірсуларды қолданатын микроорганизмдерді зерттеу.

Топырақ үлгілерінен актиномициттерді бөлу, сұйық қоректік ортада

дақылдау, оларға диффузиялау əдісімен актиномицеттердің культуралды

сұйықтығының антибиотикалық активтілігін анықтау.

Сүт қышқыл өнімдерінің микрофлорасы.

Курстық жұмыс

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту нәтижесінде емтиханды тапсыруда студент бағалы өнімдерді алуда микроорганизмдердің мүмкіндігін қолдана білу

Бақылау формасы: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).курстық жұмыс