Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі

Вид материалаДокументы
Пәннің атауы
Пәннің оқу шаралары/ оқу курстары (егер бар болса)
Модульге жауапты
Жұмыс тілі
Оқу түрі /академиялық сағаттар саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаты/ компетенциялар
Зертханалық жұмыстардың мазмұны
Оқу әрекеттерінің нәтижелері /қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Оқытушының Т.А.Ә.
Жұмыс тілі
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
Зертханалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Пәннің аталуы
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   15


5 семестр

Пәннің атауы

М34. Өсімдіктер биотехнологиясы

Модульдің қысқаша атауы (егер бар болса)

ӨБ

Пәннің оқу шаралары/ оқу курстары (егер бар болса)

Дәріс, зертханалық сабақ, СӨЖ, ОБСӨЖ

Семестр:

5 семестр

Модульге жауапты:

Амантаев Б.О.

Доцент/оқытушы

Ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент міндетін атқарушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орысша

Оқу жоспарына қатынасы

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі /академиялық сағаттар саны

Дәріс- 30 сағат, зертханалық -15 сағат, СӨЖ- 45 сағат, ӨБСӨЖ – 45 сағат.

Жұмыс сыйымдылығы

135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Неорганикалық химия, органикалық және биоорганикалық химия, цитология, биохимия, жалпы және молекулалық генетика, өсімдіктер физиологиясы, микробиология, жасушалық биотехнология, молекулалық биология.

Білім беру мақсаты/ компетенциялар

Биотехнологияның барлық негізгі салалары мен биотехнологияның зерттеу нысаны болып табылатын өсімдік жасушаларының өсірудің биологиясы туралы қазіргі кездегі білімді көрсету пәннің мақсаты болып табылады.

Компетенциялар: биотехнологиялық өндірістерді ұйымдастырудың негізгі принцптері мен әдістері, нысандары туралы түсінік болу, биотехнологияның қазіргі кездегі жағдай мен болашағын түсіну, биотехнологиялық өнімдерге қойылатын талаптарды білу.

Мазмұны

Дәріс мазмұны: Биотехнология – жаңа қарқынды дамып келе жатқан биология бағытының бірі. Өсімдіктер биотехнологиясының даму кезеңдері. Биотехнологияның нысандары және әдістері. Өсімдіктер биотехнологиясының негіәзгі бағыттары. Өсімдіктер жасушаларын өсірудің теориялық және әдістемелік принцптері. Өсірілетін жасушаларды қоректендіру. Каллустарды алу және өсіру. Каллусогенез процесіне әсер етуші ықпалдар. Жасушаларды өсіру. Суспензиялық дақылдарды өсуру тәсілдері. Өсірілетін жасушалардың биологиясы. Дифференциация, дедифференциация процестері. Өсімдік тәріздес экономикалық маңызды заттарды алу үшін жасушалық технология.

Өсімдіктерді микроклональді көбейту және олардың артықшылықтары. Клональді микрокөбейтудің тәсілдері. Вирус ауруларынан өсімдіктерді сауықтыру. Гаплоидтық технология. Жасушалық селекция. Жасушалық селекция әдістері. Сомаклондық өзгергіштік. Генетикалық инженерия. Іn vitro жағдайында гендер банкін жасау.

Зертханалық жұмыстардың мазмұны: Биотехнологиялық зертхананы ұйымдастыру. Оқшауланған өсімдік жасушалары және ұлпаларымен жұмыс жасауға қажетті құрал-жабдықтарды өсімдік материалдарын залалсыздандыру әдістері. Тұздардың (макро- жəне микроэлементтер), витаминдердің, фитогормондардың ерітінділерін дайындау. Мурасиге-Скугтың сұйық жəне агар қосылған қоректік орталарын дйындау. Өсімдік материалын дайындап, эксплантты бөліп алу. Эксплантты агары бар ортаға отырғызу жəне өсіру. Каллустан суспензияны шығару. Клеткаларды жаңа ортаға көшіру жəне өсуін бақылау. Каллус клеткаларына цитогенетикалық талдау өткізу.

Оқу әрекеттерінің нәтижелері /қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқу нәтижесінде және емтиханды тапсырғаннан соң студент өсімдік жасушаларын өсірудің заманауи әдістерін, маңызды метаболиттер алу үшін өсірілетін жасушаларды қолданудың терориялық және әдістемелік принцптерін білуі тиіс.

Бақылау түрі: ағымдағы, аралық, қорытынды (емтихан).


5 семестр

Пәннің аталуы

М35. Жануарлар биотехнологиясы

Қысқартылған атауы

ЖБТ

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер,зертханалық сабақ, ОБСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 5

Оқытушының Т.А.Ә.

Кансеитов Т.

Доцент/оқытушы:

Ауылшаруашылық ғылымдарының докторы

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, зертханалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

3 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Молекеулалық биология», «Биохимия», «Жануарлар физиологиясы».

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Бұл пәнді оқытудың мақсаты жалпы биологияда тәжірибелерді жүргізу үшін, сондай-ақ медицина мен мал шаруашылығындағы міндеттерді шешу үшін кең қолданылатын гендік инженерия, жасушалық инженерия, эмбриоонды инженерия ретіндегі биотехнологияның кәзіргі заманындағы бөлімдерінде кездесетін практикалық тәсілдерді және теориялық негіздермен студенттерді таныстыру болып табылады.

Компитенттілігі: студенттер жануарлар биотехнологиясының жасанды ұрықтандыру полиовуляция, эмбриондарды салу жануарларды клондау, трансгенозды монипуляцияның жасушалық жағын және осы жолмен жаниурларды алу тұқымқуалау қасиеттері өзгертілген химерлі түрлерді алу тұқым қуалайтын ауруларды медеу сияқты тәсілдер сияқты ұғымдарды алу қажет. Сондай-ақ олар бұл монипуляциялық малшаруашылығы мен медицина ғылымында және практикасында қолданылатындығы туралы түсініктер ала алады. Жаңа биотехнологиялық процестердің жасалуы мен әртүрлі салада қолданылауы: логикалық, аналитикалық және концептуалды ойлау дағдыларын игеруді, кәсіби потенцалды жүзеге асыруға қабілетті міндеттер мен құқықтары бар және ұжымда жұмыс істеу қабілетін игеретін өзін шығармашылық тұлға ретінде тану, сондай- ақ түсініктер туралы дағдыларды меңгеріп және нәтижелерді құжаттандыруға үйрету.

Мазмұны

Дәрістер: Ұрғашы жануардың жыныстық жүйесінің морфогенезі мен физиологиясы. Сары денешіктің қалыптасуы, овуляциясы, фоликулогенезі, оогенезі. Ұрықтандыру. Ұрықшаның имплонтация алдындағы дамуы. Супер овуляция. Аңшылық синхронизациясы. Донорлардың ұрықтануы. Зертханалық және орташа өлшемдегі ауылшаруышылық жанурлары эмбриондарының имплонтация алдындағы трансплотациясы. Донорлар, эмбриондар және рецепиенттер арасында өзара ара қатынас. Эмбриондардың даму кезеңдері және оның трансплантация кезіндегі орналасатын жері. Ооциттердің культивирлеу және ұрықтандыру. Жынысын анықтау. Эмбриондарды бағалау. Эмбриондарды төменгі температурадағы консервациялаудың теориялық аспектілері. Мұздату кезіндегі эмбриондардың даму кезеңдері. Криопротектор. Криотехника. Ооциттерді және эмбриондарды қатыру. Ветрификация, монозиготалы және клондалған жануарлар. Химерлі жануарлар. Трансгеноз.

Зертханалық сабақтар: Сперматозоидтар, эмбриондар және ұрық жасушалардың өмір сүруін анықтайтын әдістер. Эмбриондарды трансплантациялау әдістері. Эмбриондарды кроиконсервациясы. Эмбриондарды қатыру үшін орталар дайындау. Эмбриондардың өмір сүруі үшін әр түрлі криопротекторлардың әсер етуі. In vivo, in vitro эмбриондарын культивирлеу. Ауылшаруышылық жануарлардың сперматозоидтарының криоконсервациялық әдістері. Ооциттердің ветрификациясы және криоконсервациясы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқыту және емтихан тапсыру процесінде студент жануарлар биотехнологиясын ұйымдастырудың негізгі нысандарын, әдістерін және принциптерін білу керек.

Бақылау түрлері: ағымдық, аралық, қорытынды (емтихан)


6 семестр

Пәннің аталуы

М9. Әлеуметтану және саясаттану

Қысқартылған атауы

ӘжС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОБСӨЖ,СӨЖ

Семестр:

6 семестр

Оқытушының Т.А.Ә.

Абенов К.К.

Доцент / оқытушы:

Аға оқытушы

Жұмыс тілі

Қазақша, орыса

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер–30, практикалық –30, ОБСӨЖ–60, СӨЖ–60


Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Мәдениеттану, философия, құқық негіздері, логика,

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

Әлеуметтану курсының мақсаттары мен міндеттері Қазақстан Рспубликасындағы жоғарғы кәсіби білім берудің мемлекеттік стандартымен анықталған, және студентке болашақ маман ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыдан тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттесетікпен даму заңдылықтарын қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрлымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылықпен өз ара байланысқа түсуі және қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік береді.

Мазмұны

Дәрістер: Әлеуметтану пәніне кіріспе, әлеуметтанулық теориялар мен концепциялар, нақыты әлеуметтік зерттеулердің методологиясы мен методикасы, қоғамның қалыптасу, даму аспектілері, қоғамның әлеуметтік құрылымы, стратификациясы, мобильділігі, әлеуметтік институттар, тұлға әлеуметтануы, девиациялық мінез құлық әлеуметтануы, мәдениет әлемуеттануы, экономикалық мәдениет, мінез құлық әлеуметтанулық зерттеу аспектісі ретінде, саяси қатынастар және билік әлеуметтануы, бұқаралық коммуникация әлеуеттануы.

Семинарлық сабақтар: Әлеуметтік білімдер құрылымы, қазақ ағартушыларының әлеуметтік ойлары, әлеуметтік зерттеулерді нарықтық қатынастарды зерттеуде қолдану, қоғам әлеуметтік жүйе ретінде, қоғамның әлеуметтік стартификациясы, тұлға типтері, отбасы әлеуметтануы, экономикалық, саяси, мәдениет, бұқаралық коммуникация әлеуметтануы.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Студенттер қоғамдық өмірдің даму заңдылықтарына назар аудару негізінде олардың дұрыс дүниетанымын қалыптасады, қоғамдық үрдістердің белгілі бір мемлекеттер көлемінде немесе ғаламдық тұрғыда қалыптасуы мен іске асу ерекшеліктерін ашып көрсетеді, нақты қоғамдық ортада іс-әрекет жасау қабілетіне дағдыланады, қандай болмасын қоғамдық құбылыстар жағдайына баға беру қажетті ғылыми ұстанымдары қалыптасады, өзінің кәсіби проблемаларын әлеуметтік тұжырымдар мен әдістерді қолдану арқылы шешуге қажетті білімдермен қаруланады; болашақта Қазақстанның қоғамдық - саяси сферасында белсенді болуға тырысады.


6 семестр

Пәннің аталуы

М27.1. Өсімдіктер селекциясы

Қысқартылған атауы

ӨС

Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

Семестр 6

Оқытушының Т.А.Ә.

Биғара Т.С.

Доцент/оқытушы:

А.ш.ғ.к., доцент м.а.

Жұмыс тілі

Казақша, орысша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пән, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 30, ОСӨЖ – 60, СӨЖ – 60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 180 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері

4 кредит

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Өсімдік биотехнологиясы», «Ауылшаруашылық биотехнологиясы» «Жалпы молекулалық генетика","Молекулярлық биология", "Биохимия" пәндері кіреді.

Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі

"Өсімдіктер селекциясы" пәні студенттерге мәдени өсімдіктердің өсіп жетілуінің эволюциялық заңдылықтарын, жаңа сорттарды ашудағы жетістіктерді, ауыл шаруашылығына пайдалы да тиімді өсімдіктерді, егістік дақылдарын зерттейді. Сонымен қатар жеміс-жидектердің түсімін және сапасын арттырудың, зиянкестер мен ауыруларға қарсы күрес жүргізудің жолдарын тереңінен түсіндіреді.

Мазмұны

Дәрістер: Генетикалы-селекциялық зерттеулердің теориялары мен іс жүзінде жүргізілген ілімі. Мәде-ни өсімдіктердің эволю-циясы. Генетикалық селекция ғылымының қазіргі кездегі бағыты мен мақсаты. Селекция-лық түрдің ауылшаруашылық өндірісіндегі экономикалық тиімділігі мен маңызы. Селекция-ның әдістері. Селекция әдістерінің дамуы мен қолдануына тарихи шолу. Өсімдік селекциясындағы гибридизация. Тозаңдану.Оның түрлері мен әдістері. Будандастыру, оның түрлері. Мутация. Сұрыптау. Сұрыптаудың түрлері. Сұрып-таудың табиғи және жасанды түрлеріне арналған Ч. Дарвиннің ілімі. Өсімдіктер генофонды және оның селекцияда қолдануы. Интродукция және оның іс жүзіндегі маңызы. Өсімдік интро-дукциясының теориялық негізі. Мәдени өсімдіктердің шығуы мен әр түрлілігі жөніндегі Вавиловтың теориясы. Өсімдіктер селекциясындағы түрдің шығуы туралы ілім. Негізгі материал-ды алудың түрлері мен әдістері. Селекция және өнімділік. Зиянкестер мен ауруларға қарсылығын сақтауы. Өнімділігіне баға беру.Селекциялық заттардың сапасын өніміне қарап бағалау. Түрлер туралы түсінік. Жаңа сорттардың шығарылуы. Өндірістің жаңа түрлерге сұранысы.Селекциялық егістер мен түрлерді сынау үшін жерді дайындау және таңдауды үйрену. Гетерозис және оның өсімдіктер селекциясында пайдалану. Аталық тазалығын пайдалану. Өсімдік селекциясындағы поли-плойд, анеуплойд және гаплойд. Полиплойтардың, анеуплойд-тардың түрлері және ерекшеліктері. Гаплойдтар және олардың селекциядағы маңызы.

Практикалық сабақтар: Өсімдік селекциясының теориялық ілімдері.Селекцияның қәзіргі кездегі бағыты мен мақсаты.

Селекция әдістерін іс жүзінде қолдану. Өсімдік селекциясын-дағы гибридизация,будандастыру және мутация. Сұрыптау. Сұрыптаудың түрлері мен әдістері. Интродукциялық матери-алды пайдалану. Мәдени өсімдіктердің шығу тарихына шолу

Бастапқы-негізгі материалды алу әдістері. Зиянкестерге және ауруларға қарсы төзімділігіне селекция жүргізу. Өнімділігін арттыруға селекция жүргізу. Сорт туралы ілім. Ауылшаруа-шылық өндірісінде сорттың маңызы. Селекция жүргізуде тұқымдық материалды таңдау. Сортты сынауда топырақты таңдау және дайындау. Селекциялық үрдістердің принциптері.

Өсімдік селекциясында биотехнологиялық әдістерді қолдану.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Пәнді оқудың барысында және емтихан тапсыру нәтижесінде студент селекцияның негізгі әдістерін,мәдени өсімдіктердің систематикалық жағдайындағы шығу тегін есепке алуын,оның ішінде гибриттерді, полиплоиттарды және мутагенезді оқып және де қажетті жоғары азықтық өсімдіктердің сорттарын селекциялық мақсатта жасау үшін,бүтін организмнің күрделі белгілері мен қасиетінің пайда болуын, генетика заңдылықта-рына, гендік инженерия механизмдеріне негізделетінін білуі керек.

Бақылау түрлері: ағымдағы, аралық, қорытынды (эмтихан).