Ылым министрлігі «ТҰран» университеті

Вид материалаДокументы

Содержание


Курс мазмұны
Операторлық шеберлік негіздері
Курс мазмұны
Басқару психологиясы
Курс мазмұны
Костюм стилистикасы
Курс мазмұны
Бейнеөнім дайындау
Курс мазмұны
Мәдениетаралық коммуникациялар теориясының негіздері
Курс мазмұны
Режиссердің сценаристпен жұмысы
Курс мазмұны
Редакциялау негіздері
Курс мазмұны
Курс мазмұны
Курс мазмұны
Халықаралық маркетинг
Курс мазмұны
Лизинг Курс 3, 4, семестр 5, 6, 7, 8
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   27

Курс мазмұны

Экран өнерінің спецификасына кіріспе. Аудиовизуалды ақпаратты қабылдаудың жалпы заңдылықтары. Экрандық бейнені тану үрдісі. Жарық – бейненің форма құрастырушы компоненті. Жарық алып жүретін ақпарат.

Кадр рамкалары. Бейне масштабы.

Композиция. Монтаж – кеңістіктік-уақыттық континуум құру әдісі.

Экрандық кеңістік құру әдістері. Кеңістіктік және уақыттық ығысулар мінездемесі.

Шығармашылық және технология қосылысы. Жаңа технологиялар – жаңа бейнелеу эстетикасы. Қазіргі заман теледидарының бейнелеу құралдары.

Дэвид Линчаның «Дикие сердцем» фильмі (1990).

Алексей Германның «Тексеруа на дорогах» эпизоды (1985).

А. Учительдің «Гарпастумы».

Операторлық шеберлік негіздері

Курс 3, семестр 5



Пән коды

БДOOM30510

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Операторлық шеберлік теориясы мен практикасын меңгеру, жарықпен және камераның алуан түрлерімен жұмыс істеп үйрену, техникалық бөлігін игеру

Алдыңғы деректемелер

1. Журналистикаға кіріспе

2. Теле журналистика

Кейінгі деректемелер

1. ТД-дағы продюсерлеу

2. Журналистика бойынша мастер-класс

Тьюторлар

доцент Тастулекова С.И.

филол.ғ.к., доц. Султанбаева Г.С.

Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- реферат дайындау;

- презентациялар;

- репортаждар түсіру т.б.

Бақылау түрлері

ауызша сауалнама (Р 1), репортаж (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Студенттер камераның әр алуан түрлерін меңгеріп, әр қилы климаттық және басқа да жағдайларда түсірілімдер жасауды үйренуі тиіс, операторлық жұмыстың режиссурасын білуі қажет.



Курс мазмұны


Бейнекамера. Бейнекамера құрылысы және оны басқару. Сипаттамалары, оны пайдалану ережелері. Бейнекамера бейне материал жасау құралы ретінде. Жұмыстарды қабылдап алу. Композиция. Жарықтандыру. Композиция заңдары (тұтастық, сәйкестік және үйлесімділік). Композициялық құрастыру. Перспективалар түрлері. Ірі көрініспен алу. Ракурс. Кадрларды жинақтау. Композиция тереңдігі. Жарық қызметтері. Жарықтандыру түрлері. Жарықпен жұмыс істеу принципі. Жарық жабдықтары. Электрлік қауіпсіздік. Монтажды бейнетүсірілім. Монтаждық принцип (әрекеттер үздіксіздігі, бейнематериалды ұйымдастыру әдісі). Образ. Кеңістік пен уақыт. Кадрішілік монтаж. Ырғақ пен қарқын. Бейнебағдарламалардағы дыбыс. Дыбыстарды топтастыру. Микрофондар, түрлері, классификациясы. Синхронды дыбысты жазу. Дыбыс параметрлері және оларды бақылау. Сценарлық жоспарлар және бейнетүсірілім технологиясы. Сценарлық жоспарлар жазу формасы, композициясы және құрылымы. Стилистика және образды форма. Кадр сыртындағы мәтін ерекшеліктері. Қарқын мен ырғақ, кеңістік пен уақыт, көрермендер қабылдауы, драматургия.


Басқару психологиясы

Курс 3, семестр 5


Пән коды

БДPsU30510


Жалпы сыйымдылығы

2 кредит.

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Оқылатын пән негіздерін психологиялық ғылым саласы ретінде меңгеру арқылы кәсіби қызметін психологиялық білімдерді қолдану тұрғысынан кеңейтуге мүмкіндік беру


Алдыңғы деректемелер


Экономикалық теория

Кейінгі деректемелер


Self-менеджмент, Менеджмент, Көшбасшылық

Тьюторлар

Психол.ғ.к., доцент Ли Е.П.

Психол.ғ.д., профессор Хамзин Б.М.

Пед.ғ.к., доцент Линчевская Т.А.

Кафедра

«Психология»

Байланыстар

Тел. 387 36 47

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.

Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Оқылатын пәннің негіздерін психологиялық ғылымдардың бір саласы ретінде меңгеру, психологиялық білімдерді қолдану жағынан кәсіптік мүмкіндіктерін кеңейту.



Курс мазмұны


Басқару психологиясы – пәнаралық ғылыми-практикалық бағыт. Оның мақсаты шаруашылық басқарудың нарықтық жүйесі жағдайында ұйымдастыру проблемаларын шешуді зерттеу мен психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.

Зерделеу нысаны ретінде бірлескен, кооперативтер, шағын кәсіпорындар сияқты ұйымдарға кіретін, қаржылық және заң тұрғысынан дербес адамдар алынады.

Менеджмент психологиясының пәнін менеджер қызметін тиімді ететін психологиялық факторлар, индивидуалды және топтық шешімдерді қабылдау ерекшеліктері, көшбасшылық, мотивтеу, нормалар, құндылықтар т.б. құрайды.


Костюм стилистикасы

Курс 3, семестр 5


Пән коды

БДStK30511

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді кинофильм саласындағы шығармашылық, көркемдік қызметтерге дайындау. Көрермендер қабылдауы мен көлемдік-кеңістіктік ойлауды дамыту, алған білімдерін фильм жасау барысында пайдалануға үйрету. Ойлау бейнелерін қалыптастыру.

Алдыңғы деректемелер

1.Бейнелеу өнерінің тарихы

2.Мәдениеттану

Кейінгі деректемелер

1.Фильм шешімін бейнелеу


Тьюторлар

аға оқытушы, Соломонов Н.В.,

профессор, Коренчук В.Д.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Реферат

эскиз

Бақылау түрлері

Реферат (Р1), эскиз (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Бейнелеудің реалистік және басқа да жүйелерінің заңдарын білу; сурет тілі мәнерлілігі құралдарын білу; бейнелеу әрекеті тәсілдерін білу: кескіндеулерді, конструктивті бейнелеулерді салуды орындау, форманың жарықкөлеңкелі модельденуін, түрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдерін қолдану; шығармашылық қызмет тәжірибесін қалыптастыру.


Курс мазмұны


Әртіс костюмдері, оның пайда болу тамыры. Біздің уақытымызға дейінгі пайда болған сахналық киім-кешектердің этикалық, жанрлық ерекшеліктерді оқып үйрену. Көрініс элементі ретінде костюмнің қазіргі заман тенденцияларына сай көрінісі.

Театрлық костюм – спектакльді дайындау элементі ретінде. Ойындық және персонаждық костюм – ритуальды киімнен және фольклордыдан қазіргі заманғы көркем практика киімдеріне дейін.

Қазіргі заманғы киім формаларының негізгі тарихы.

Қорғану қару-жарағы –бұл қазіргі заманғы киім эволюциясы элементтерінің үрдіс тарихы. Ұрпақтан ұрпаққа өтетін адамзаттың қалыптасқан киім үлгілерінің нақты экологиялық шарттары.

Ежелгі Мысыр, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим, Византия және ортағасырдағы дәстүрлі киім үлгілері.

Қазіргі заман киімдерінде бейнеленген, өмір сүру шарттары берілген, қазіргі заман адамдары бейнеленген классицизмнің ықпалы.

Бейнеөнім дайындау

Курс 3, семестр 5


Пән коды

БДIVP30511

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді кинотүсірілім техникасы және заманауи технологиялармен жабдықталған кинотелетүсірілім аппаратурасы негіздері жөніндегі техникалық білімдермен, сондай-ақ шығармашылық жұмысты тиімді түрде ұйымдастыруға қажетті практикалық дағдылар мен техникалық тәсілдермен қамтамасыз ету.

Алдыңғы деректемелер


1.Композиция

2.Оператор шеберлігі

3.Кинотелетехника

Кейінгі деректемелер

1.Монтаж

2.Продюсерлеу

Тьюторлар

аға оқытушы, Задарновский В.А.,

профессор, Коренчук В.Д.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Бейнеролик

Бақылау түрлері

Реферат (Р1), Бейнеролик (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Кино және бейнеаппаратура құрылысының конструктивті элементтерін, кино- және бейнетехниканың даму тарихын білу, алған білімдерін іс жүзінде қолдана білу.


Курс мазмұны


Кинематографиядағы ойлап табулар. Кинематография әдістері.

Кинооператор ойлап табу құралдары. Кинооператорлық дыбыстық фильмдердегі ақ-қара түстегі өнер.

Фильм сапасын бейнелеу және оператордың бейнелеу құралдары.

Киностудияның технологиялық жарықтанғандығы.

Киноөндіріс талаптарына сай қазіргі заманғы кино түсіру аппараттары және олардың түсірілген фильм жоаспарлары мен репетицияларды тікелей көрсете алатын электронды-комппьютерлік технологиямен жабдықталғандығы.

Түсті фильмдердегі кинооператорлық өнер. Кеңэкранды фильмдердегі кинооператорлық өнер. Технологиялық прогресс және операторлық өнер.

Операторлық өнердегі сандық технология. Бейнеөнім дайындаудағы технология таңдауға әсер ететін форматтар.


Мәдениетаралық коммуникациялар теориясының негіздері

Курс 3, семестр 5


Пән коды

БДOMO30511

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттердің мәдениетаралық коммуникациялар теориясының негіздерін меңгеруі


Алдыңғы деректемелер

Мәдениеттану

Кейінгі деректемелер


Мәдениет ескерткіштері, Этика және эстетика

Тьюторлар

проф. Джанабаева Г.Д.



Кафедра

«Туризм»

Байланыстар

Тел. 387 3224, e-mail: korablev47@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Әлемдік көркем мәдениетпен байланысты, әлеуметтік-мәдени қызмет көрсету саласында практикалық жұмыс дағдыларын меңгерту.



Курс мазмұны


Курс әлемдік көркем мәдениеттің тарихи даму заңдылықтарын, көркемдік дәстүрлердің әлемдік мәдени-тарихи кеңістік жүйесіндегі орны мен ролін, әлемдік өнердегі жекелеген стильдер мен бағыттардың ұлттық және көркемдік дүниетанымдық ерекшеліктерін, өнер морфологиясын ашады.


Режиссердің сценаристпен жұмысы

Курс 4, семестр 7, 8

Пән коды

ПДRRS40701

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Экран өнерінің болашақ шығармашыл қайраткерлерін сценарлық шеберліктің теориялық негіздері жөніндегі білімдермен, сондай-ақ режиссер мен сценаристің шығармашылық жұмысын тиімді етіп ұйымдастыруға қажетті біліктермен қамтамасыз ету.

Алдыңғы деректемелер

1.Режиссура, 2.Сахналық шеберлік

Кейінгі деректемелер

1.Продюсерлік шеберлік

Тьюторлар

доцент, Абенов К.Т.,

профессор, Нарымбетов С.Ж.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, практикалық сабақтар, кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ, СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Сценарий жазу

Сахнаға жарамды үрдіс

Бақылау түрлері

Сценарий жазу (Р1)

Сахнаға жарамды үрдіс (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Болашақ туындының басты концептуалды идеясын өзі үшін анықтай білу; бүкіл шығармашылық құрамның (драматург, оператор, суретші, сазгер, дыбыс режиссері, аниматор және басқа өндірістік қызметкерлер) күшін басты міндетті орындауға, көркемдігі жоғары кинематографиялық туынды жасауға бағыттай отырып, шығармашылық процесті тиімді басқара білу.

Курс мазмұны

Фильм құрылымы (әмбебап «скелет»), үш субқұрылым. Ойлаған ойдың біріңғай эмоциональды дамуы – және сценарист және режиссер. Үш субқұрылым жұмысы: 1) «Жұмбақтар» - сұрақтар принципі және ойламаған жауаптар; 2) үшбаспалдақты конфликт дамуның сұлбасы; 3) ішулер арасындағы жұмыс.

«Катарсис» – әмбебап максимум. Кульминация талдауы, катарсис түсінігіне жақын. Конфликт – драма аксиомасы.

«Саспенс» - көрермен мен фильм байланысының режимі. Саспенс режиміндегі жұмыс.

Драмадағы батыр. Мінездемелермен жұмыс. Көрерменге арналған мінездеме –фильмнің қақпасы. Тұлға доминанты: 1) ақыл, 2) бостандық, 3) эмоция. Драма уақиғасындағы мінезді ашудың үш кезеңі: 1) Әуестенушілік, 2) Біргекүйзелу, 3) Идентификация. Конфликт тарихындағы даму үшін керекті персонаждар типі: 1) батыр (протагонист), 2) антагонист, 3) батыр махабатының обьекті, 4) батырдың досы. Батыр конфликтінің төрт түрі: 1) персонаждармен конфликт, 2) социалды ортамен конфликт, 3) физикалық әлеммен конфликт, 4) ішкі конфликт. Тарихтың бұрылмалы пункттері. Уақиғаға себепші немесе қызығушылықтың тұтануы, осыны бұрылмалы пункт деуге болады. Бұрылмалы пункттың үш эффекті. Кульминация. Кульминацияның жақсы бес түрі: 1) ойламаған жүріс, 2) драммалық ішулердегі ойын, 3) мінездің ойламаған дамуы, 4) көркемдік шындықды қою, 5) бірігуді құру. Сахна. Эпизод. Уақиға. «Такт» немесе «қадам» дегеніміз не. Альтернативті фактор. Альтернативті фактордың алты баспалдағы. Конфликт тереңдігі. Мінездемелердің өсуі. Тарихтың даму құрылымының бес баспалдағы. «Парадигма» Сида Филдс. Үшінші актідегі міндетті сценаға бүкіл фильм арқылы уақиғаны инициалайтын қозғалыс. Экспозиция.

Редакциялау негіздері

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

ПДORe40701

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Ағылшын тіліндегі мәтінді кемшіліктерін анықтап, қателерді жөндеу жолдарын таба отырып, талдау және бағалауды үйрену

Алдыңғы деректемелер

1. Шет тілі

Кейінгі деректемелер


1. Стилистика және редакциялау

2. Публицистің шығармашылық шеберханасы

Тьюторлар

пед.ғ.к., аға оқытушы. Головчун А.А.

магистр, аға оқытушы. Жаханова З.Р.

магистр, оқытушы. Жагыпарова Д.М.

Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

- тест жазу; - жазба жұмыстарын жазу (task-based writing, independent writing);

Бақылау түрлері

тест жазу (Р 1), тест жазу (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Ағылшын тіліндегі мәтіндерді редакциялаудың негізгі тәсілдері мен әдістері



Курс мазмұны


Редакциялау мәтінмен жұмыстың негізгі түрлерінің (тәсілдерінің) бірі, оны жетілдіру. Жазылғанды жетілдіру. Түзету тәсілдері. «Бір тақырыпты» лексиканы қолданудың, синонимдерді (оның ішінде контекстуалды да), сөздерді қайталаудың лексикалық құралдары. Фразааралық байланыстардың лексика-грамматикалық құралдары, есімдіктер. Үстеу. Сан есім. Жалғаулықтар. Демеуліктер. Фразааралық байланыстардың құралы ретіндегі етістік-баяндауыштардың түр-шақ формаларының тұтастығы. Сөздердің орын тәртібі. Синтаксистік параллелизм. Фразааралық байланыстардың құралы ретіндегі қыстырма сөздер. Құрмалас сөйлемдердің мәтіндегі ролі. Логикалық қателер мен оларды түзету тәсілдері.

Композициялық қателер (мәтіннің жоспарға сәйкес келмеуі, дәйектіліктің бұзылуы, мәтіннің басқы немесе соңғы бөлігінің сәтсіз құрылуы, пайымдау-мәтінде қорытынды тұжырымның болмауы

Синонимдер (лексикалық және грамматикалық) және олардың мәтінді ұйымдастырудағы ролі. Синонимдік алмасым тәсілі мәтінді түзету тәсілі ретінде. Грамматикалық (морфологиялық, синтаксистік). Грамматикалық тіркесімділік нормаларының бұзылуы: қиысу, меңгеру тәсілдерінің бұзылуы. Құрмалас сөйлем құрудағы қателер. Сөйлемдер шегінің бұзылуы.

Self-менеджмент

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

ПДSMn40701

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Тұлғаның өзін ұйымдастыруы мен өзін өзі басқаруына қатысты теориялық білімдер мен практикалық дағдыларын қалыптастыру.



Алдыңғы деректемелер


Психология, Маркетинг, Менеджмент, Мәдениеттану

Кейінгі деректемелер


Ұйымдастыру мінез-құлқы, Персоналды басқару, Көшбасшылық, Адам ресурстарын басқару.


Тьюторлар

проф.Бекназарова А.Т., аға оқытушы. Мейманкулова Ж.Ж., аға оқытушы. Алешина Л.С.

Кафедра

«Менеджмент»


Байланыстар

Тел. 387 36 38, turanmanegement@mail.ru


Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- есептер шығару;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.


Бақылау түрлері

Тест, есептер шығару, реферат (Р 1), тест, есептер шығару, реферат (Р 2), компьютерде тестілеу (қорытынды)


Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты меңгеру өзін өзі басқару мен жалпы адам ресурстарын басқаруға қатысты теориялық білімдер мен практикалық дағдыларын қалыптастыруға жол ашады.




Курс мазмұны


Self-менеджмент дегеніміз – өзін басқару. Бұл бағыт әрі тұтастығымен, әрі көпқырлы ерекшелігімен айрықшаланады. Жеке менеджментті құру және дамыту барысында табысты менеджерге тән кемінде бес айрықша дағдыны дамыту және оны іс жүзінде қолдана білу қажет.

Self-management дегеніміз – адамның өзін ұйымдастыруы мен өзін өзі басқаруы жөніндегі ғылым. Ол басқарушы мамандарды даярлаудың шетелдік тәжірибесінде кеңінен зерттеліп, іс жүзінде бұрыннан қолданылып келеді.


Қарап шығу семинары

Курс 3,4, семестр 5,6,7,8


Пән коды

ПДPrS30502

Жалпы сыйымдылығы

6 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

90 с.

Мақсаты

Студенттерді әлемнің жетекші кинематографиялық елдеріндегі кинематографтың дамуымен және қазіргі ахуалымен таныстыру. Қарап шығу семинарлары студенттерге кино дамуының негізгі кезеңдерімен, бағыттарымен, әлемнің танымал кинематографистерінің шығармашылығымен, жанрлық формалар өзгерісімен танысуға мүмкіндік береді.

Алдыңғы деректемелер


1.Әлемдік кино тарихы

2.Кино теориясы

3.Қазақ киносы

Кейінгі деректемелер

1.Режиссура

2.Монтаж

Тьюторлар

аға оқытушы, Баймуханова С.З.,

профессор а.қ., Касымжанова К.И.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Тесттер

Рецензия

Бақылау түрлері

Тесттер (Р1)

Рецензия (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Режиссура, операторлық шеберлік, драматургия, актерлік шеберлік персоналийін білу.


Курс мазмұны

Эдисонның ұлы ойлап тапқыштығы және кино эрасының басы (1895ж). Бірінші жыл операторлары, Эдвин Портер «Большое ограбление поезда».

Девид Уорк Гриффит, оның әлемдік кинематографияға қосқан үлесі, «Рождение нации» фильмі жайында.

Орсон Уэллс «Гражданин Кейн». Американдық студия «Кистоун»: Макк Сеннета. Студия актерлері. Чарльз Спенсер Чаплин. Чарльз Спенсер Чаплин «Золотая лихорадка». «Цирк» фильмі.

Вестерн жанры. Вестерн эволюциясы. Қазіргі заманғы америка киносы.

Мартин Скорзезе «тәуелсіздер» жүрісі. «Бешеный бык» фильмі. «Таксист» фильмі, шығармашылыққа көпшіліктің қоятын бағасына талдау жасау.

Кинематографиядағы «постмодернизм» түсінігі.

Квентин Тарантино «Бешеные псы». «Криминальное чтиво» фильмі.

Вьетнам соғысына қарсы қозғалыс. Ф.Ф. Кополлы режиссерінің «Апокалипсис сегодня» фильмінен фрагмент. Земекис режиссерінің Срезка 60-70-80-ші жылдардағы «Форрест Гамп» фильмінен үзінді.

Стенли Кубриктің «Барри Линдон», «Заводной апельсин» фильмдері.


Халықаралық маркетинг

Курс 3,4, семестр 5,6,7


Пән коды

ПДMMr30501

Жалпы сыйымдылығы

6 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

90 с.

Мақсаты

Кейінгі курстарды оқу барысында қажет болатын кешенді теориялық білімдер мен практикалық дағдылар

Алдыңғы деректемелер


Логистика

Маркетинг

Саясаттану

Кейінгі деректемелер


Маркетингті жоспарлау

Стратегиялық маркетинг

Саланы логистикалық басқару

Тьюторлар

Э.ғ.д., проф. Спанов М.У.

аға оқытушы. Иркитбаева Ж.Б.

аға оқытушы. Полухина Е.А.

Кафедра

Маркетинг және сервис

Байланыстар

Тел. 387-36-46, marketingturan@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

СӨЖ

СОӨЖ

Кеңестер

Өздік жұмыс формалары:


баяндама жазу

реферат жазу

Бақылау түрлері

Баяндама Р1, реферат Р2, компьютерде тестілеу

Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты меңгеру қазіргі заманғы маманның логистика саласындағы базалық және кәсіби біліктілігін, дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.



Курс мазмұны


Халықаралық маркетинг ұғымы, мәні. Халықаралық маркетингті ҚР экономикасына ендіру қажеттілігі және проблемалары. Халықаралық маркетинг субъектілері. Халықаралық маркетингтік орта. Халықаралық маркетингтік зерттеулердің ерекшеліктері мен бағыттары. Халықаралық маркетингтік зерттеулерді ақпараттық қамтамасыз ету. Халықаралық маркетингтік зерттеулер процесі және шетел нарығын болжалдау. Халықаралық маркетингтегі нарық сегментациясы. Халықаралық тауар саясаты. Тауар саясаты зерттемесі. Тауар/ел сызбасы бойынша маркетингтік профильді талдау. Стандарттау және бейімдеу саясаты. Халықаралық нарыққа арналған тауар стратегиялары. Брэндинг және оның халықаралық маркетингтік стратегияларды жүзеге асырудағы ролі. Тауар белгілерін халықаралық қорғау. Халықаралық маркетингтегі коммуникациялық стратегиялар. Импорттық және экспорттық маркетинг ерекшеліктері. Сатып алу және жеткізу маркетингі. Халықаралық коммерциялық операцияларды маркетингтік қамтамасыз ету. Сыртқы сауда операцияларын классификациялау. Шетелдік серіктестердің сенімділігін маркетингтік бағалау. Халықаралық маркетингті ұйымдастыру және бақылау.


Лизинг

Курс 3, 4, семестр 5, 6, 7, 8


Пән коды

ПДLiz30502

Жалпы сыйымдылығы

6 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

90 с.

Мақсаты

Кейінгі курстарды оқу барысында қажет болатын кешенді теориялық білімдер мен практикалық дағдылар

Алдыңғы деректемелер


Микроэкономика

Макроэкономика

Логистика

Кейінгі деректемелер


Кәсіпорын экономикасы

Кәсіпкерлік қызмет негіздері

ҚР кедендік құқығы

Өнеркәсіптік маркетинг

Тьюторлар

Э.ғ.д., проф. Абдильдин С.С.

Э.ғ.к., доцент Успанова М.У.

Э.ғ.д., проф. Спанов М.У.

Кафедра

Маркетинг және сервис

Байланыстар

Тел. 387-36-46, marketingturan@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

СӨЖ

СОӨЖ

Кеңестер

Өздік жұмыс формалары:


баяндама жазу

реферат жазу

Бақылау түрлері

Баяндама Р 1, реферат Р 2, компьютерное тестілеу

Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты меңгеру қазіргі заманғы маманның логистика саласындағы базалық және кәсіби біліктілігін, дағдыларын қалыптастыруға септігін тигізеді.


Курс мазмұны

Лизинг пәні мен міндеттері. Лизинг инвестициялау әдісі ретінде. Лизинг қызметінің қажеттілігі. Лизингтік операциялардың негізгі элементтері. Микролизинг түрлері.

Лизинг туралы заңнама. Лизингтік келісімшарт жасау. Мемлекеттің нарықтық экономика жағдайындағы құрылымдық- инвестициялық саясаты. Лизинг нарығын мемлекеттік реттеу. Мемлекеттік органдармен өзара әрекеттестік тәжірибесі. Лизингтің нормативтік – құқықтық базасы: қайшылықтар, өзгерістер, тәжірибе. Қаржы нарығындағы лизингтік бағдарламаларды ұйымдастыру ерекшеліктері. Келісімнің заңды ресімделуі. Лизингтің артықшылықтары мен кемшіліктері. Кәсіпорынның (бизнестің) даму стратегиясындағы лизинг. Лизингтік келісімшарттарды қаржыландыру көздері мен сызбалары.

Банктік несие және оның ролі. Лизингтік операцияларды бизнес-жоспарлау. Лизингтік келісімдер экономикасы. Салық салу практикасы. Жалпы (абсолютті) экономикалық тиімділігі. Инвестициялардың экономикалық тиімділігі межелеуіштері мен көрсеткіштері. Инвестициялық процестің негізгі кезеңдері тиімділігін арттыру факторлары. Лизингтің салалық ерекшеліктері. Халықаралық лизинг. Лизинг қызметіне қатысушылардың қауіптері. Лизинг қызметін ұйымдастыру мен тиімділігін арттыру тәжірибесі. Лизинг қызметтері маркетингі. Бейстандартты және жанжалды жағдаяттар.

Экран драматургиясы

Курс 3, семестр 6


Пән коды


ПДDrE30603

Жалпы сыйымдылығы


2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Студенттерді бұрын алған теориялық білімдерін, операторлық өнер шеберлігін жетілдіре отырып, белсенді түрде пайдалануға үйрету. Экран драматургиясы методологиясы т.б. жөнінде түсінік беру.

Алдыңғы деректемелер


1. Режиссура 1

2. Актер шеберлігі.

Кейінгі деректемелер


1. Сценарлық шеберлік

2. Сценаримен режиссер жұмысы.

Тьюторлар

профессор, Коренчук В.Д.,

аға оқытушы, Соломонов Н.В.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Реферат

Эссе

Бақылау түрлері

Реферат (Р1), Эссе (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Осы курсты оқыту барысында алынған білімдерін дұрыс пайдалана білу, экран өнері методологиясын білу.



Курс мазмұны


Экран драматургиясының әдістемесі. Драматургиялық және эпикалық.

Актантты модель. Герменевтика. Пафос және этос. Шектеу және бөтендету. Драматургиялық және көріністік мәтіндер.

Көркем бейнелік. Шындыққа ұласарлық. Натурализм. Гротеск. Фантазм. Сандырақ.

Мәтіндік және драматургиялық кеңістік. Көркем ойданшығару және шындыққа ұласарлық. Автор, қоюшылар, көрермендер стратегиясы. Ритуальдылық және экран.

Уақиға. Драматургиялық уақиға. Кернеу. Интрига және контринтрига. Драматургия композициясы.

Экран драматургия технологиясы. Көркем ойлау. Мотив типологиясы. Мәтінен тыс. Сақынадан тыс, экраннан тыс.

Адаптация. Интерпретация. Имитация. Иллюзия. Идентификация. Контрапункт. Мәтін және контрмәтін. Аудиовизуалды шығармашылықтың мәтінін драматургиялық талдау.


Жаһандану

Курс 3 семестр 6,7


Пән коды

ПДGlb30603

Жалпы сыйымдылығы

3 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

45 с.

Мақсаты

Курс әлемнің қазіргі дамуының объективті процесі ретінде жаһандану феноменінің пайда болу тарихын және негізгі аспектілерін, оның халықаралық деңгейдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік қатынастарға тигізетін ықпалын ашады

Алдыңғы деректемелер


Қазақстан тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа тарихы, Азия және Африка елдерінің жаңа заман тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа тарихы, Еуропа және Америка елдерінің жаңа заман тарихы, жаңа замандағы халықаралық қатынастар тарихы

Кейінгі деректемелер


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, халықаралық қатынастардың заманауи проблемалары, батыс еуропа интеграциясының проблемалары: тарихы және өркениет, әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер

Тьюторлар

Проф. Арыстанбекова А.Х.

Доц. Алияров Е.К.

аға оқытушы Медетканов Ж.С.

Кафедра

«Аймақтану және халықаралық қатынастар»

Байланыстар

Тел. 387 32 24

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, Семинарлар, Кеңестер

СӨЖ, СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.

Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

- зерттелетін проблеманың мәнін түсіну, өз бетімен ойлау және сындарлы талдау;

- білімнің түрлі аспектілерін бөліп көрсете білу, оларды күнделікті және кәсіби ортада практикалық шешімдерді негіздеу үшін қолдана білу


Курс мазмұны

Курс әлемнің қазіргі дамуының объективті процесі ретінде жаһандану феноменінің пайда болу тарихын және негізгі аспектілерін, оның халықаралық деңгейдегі экономикалық, саяси және әлеуметтік қатынастарға тигізетін ықпалын ашады. Курста жаһандану феноменінің пайда болу тарихы мен дамуы, оның қозғаушы күштері және қазіргі әлемдегі саяси процестерге, ғаламдық экономикаға, әлеуметтік және мәдени өзара байланыстарға ықпалы қарастырылады. «білімге негізделген жаңа экономиканың», «білімге негізделген қоғамның», «ақпараттық қоғамның» жаһандану жағдайындағы қалыптасу ерекшеліктері ашылады.

Пәнді оқудағы міндеттер тарихи процесс ретіндегі жаһанданудың көп қырлы және тегіс қамти алатын сипаттағы әлемдік дамудың объективті алғышарттарынан туындайтын ролі мен маңызын ұғынудан тұрады.


Қазақстан және БҰҰ

Курс 3 семестр 6,7


Пән коды

ПДKON30603

Жалпы сыйымдылығы

3 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

45 с.

Мақсаты

Курста БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттік, экологиялық қауіпсіздік, адам құқықтарын бекіту, халықаралық құқық нормалары мен принциптерінің үстінен қараушылық проблемаларын шешудегі басты әмбебап халықаралық ұйым ретіндегі ролі мен қызметін ашу; БҰҰ құрылуы мен даму тарихы, халықаралық қатынастардағы ролі мәселелерін қарастыру көзделеді.

Алдыңғы деректемелер

Қазақстан тарихы;

Кейінгі деректемелер


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты, халықаралық қатынастардың заманауи проблемалары, батыс еуропа интеграциясының проблемалары: тарихы және өркениет, әлемдік мәдениеттер мен өркениеттер

Тьюторлар

Проф. Арыстанбекова А.Х.

Доц.Алияров Е.К.

аға оқытушы Медетканов Ж.С.

Кафедра

«Аймақтану және халықаралық қатынастар»

Байланыстар

Тел. 387 36 36

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

- эссе жазу;

- реферат дайындау;

- презентациялар т.б.

Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

- зерттелетін проблеманың мәнін түсіну, өз бетімен ойлау және сындарлы талдау;

- білімнің түрлі аспектілерін бөліп көрсете білу, оларды күнделікті және кәсіби ортада практикалық шешімдерді негіздеу үшін қолдана білу


Курс мазмұны

Курста БҰҰ-ның бейбітшілік пен қауіпсіздікті нығайту, тұрақты дамуды қамтамасыз ету, әлеуметтік әділеттік, экологиялық қауіпсіздік, адам құқықтарын бекіту, халықаралық құқық нормалары мен принциптерінің үстінен қараушылық проблемаларын шешудегі басты әмбебап халықаралық ұйым ретіндегі ролі мен қызметі ашылады. БҰҰ құрылуы мен даму тарихы, халықаралық қатынастардағы ролі мәселелері қарастырылады.

Курста студенттерді Қазақстанның БҰҰ-ға кірген алғашқы күндерінен бастап жүзеге асырған қызметімен, Қазақстанның БҰҰ-мен ынтымақтастығының туындауына және дамуына қатысты, әмбебап ұйым шеңберіндегі өзекті әлемдік проблемаларды шешуге қатысуымен таныстыру көзделеді.

Фотожурналистика практикасы және теориясы

Курс 5, семестр 9, 10

Пән коды

ПДTPF50904

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Студенттерді фотожурналистикаға қатысты толық мәліметтермен қамтамасыз ету, бұқаралық ақпарат құралдарының теориялық және практикалық нормаларын түсіндіру.

Алдыңғы деректемелер

1.Монтаж

2.Режиссура

Кейінгі деректемелер

1.ТД және киноның жаңа технологиялары

2.Монтаж режиссурасы

Тьюторлар

профессор, Коренчук В.Д.

аға оқытушы, Задарновский В.А.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, практикалық сабақтар, кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ, СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Фотографиялар

Слайдтар

Бақылау түрлері

Фотография (Р1), слайд (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Студенттің, болашақ маманның санасында фотожурналистика тарихындағы алдыңғы буындардың жылдар бойы жинақталған тәжірибесіне негізделген шеберлігі мен қалыптасқан шығармашылығына дұрыс көзқарасын қалыптастыру.