Ылым министрлігі әЛ–фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық университеті
Вид материала | Документы |
- Әл-фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық университеті, 717.17kb.
- Ылым министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті заң факультеті, 1996.9kb.
- Ылым министрлігі министерство науки и образования республики казахстан л. Н. Гумилев, 255.46kb.
- Доцент міндетін атқарушы Қайрғалиев М.Қ.; мақұлдаған Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалык, 4253.6kb.
- Парат министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті, 8635.57kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті қазақ әдебиеті кафедрасының аға, 217.87kb.
- Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті «болашақ», 4480.5kb.
- Ылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы, 651.63kb.
- Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті, 983.92kb.
- Ч. Ж. Турдалиева Жетекші ұйым: Қр бғМ Ғк р. Б. Сүлейменов, 895.04kb.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ӘЛ–ФАРАБИ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗАҚ ТІЛІ КУРСЫНЫЊ ТИПТІК БАҒДАРЛАМАСЫ
(Жоғары оқу орындарының мамандықтарына арналған)
Алматы - 2009
Қазақ тілі
Көлемі – 6 кредит (270 сағат)
Авторы:
филология ғылымдарыныњ докторы, профессор А.Б. Салқынбай
филология ғылымдарыныњ кандидаты, доцент Ғ. Қ. Иманалиева
Пікір жазғандар:
филология ғылымдарының докторы, профессор Б. Қалиев
филология ғылымдарының докторы, профессор Т. Сайрамбаев
Алғы сөз
Тәуелсіз Қазақ елінің қазіргі уақыттағы экономикалық даму деңгейі мен әлеуметтік жағдайы, шетелдермен халықаралық байланысының нығаюы, әлемдік қауымдастықтағы беделінің артуы біліктілік деңгейі әлемдік стандарттарға сәйкес келетін, бәсекеге қабілетті жоғары білімді мамандарды даярлаудыњ қажеттігін туғызып отыр. ЖОО бітірген еліміздің кез келген азаматы өз елі мен жерінің тарихын, мәдениетін, ана тілін толық білуі, меңгеруі қажет деп танылады. Мамандардың бәсекеге қабілеттілігінің негізгі көрсеткіштерінің бірі олардың мемлекеттік тілді толық меңгеру екені даусыз.
Осы ретте жоғары оқу орындарына арналған типтік бағдарлама халықаралық стандарттарға сай болуы - бүгінгі күннің басты қажеттіліктерінің бірі.
Білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформаларға сәйкес қазақ тілін өзге тілді аудиторияларда оқыту деңгейлік, коммуникативті-бағдарлы оқыту әдістемесіне негізделеді. Қазақ тілін оқытудың сапалық деңгейін арттыру мақсатында Тілдерді меңгертудің халықаралық стандарттарында көрсетілген тілді меңгеру деңгейлері басшылыққа алынады.
А1 – А2 – негізгі деңгей; В1 – В2 – кәсіби бағдарлы деңгей; С1 – С2 – мамандық тілі деңгейі:
А1 – Тіл үйренуші мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет:
- қарым-қатынасқа түсу, біреумен танысу, өзін немесе өзгені таныстыру, амандасу, қоштасу, алғыс айту, кешірім сұрау, алғыс пен кешірімге жауап беру, қайталауды өтіну, ризашылығын білдіру, әңгімені анықтау.
-зат, адам, оқиға туралы айту және сұрақ қою, заттың немесе адамның бар, жоқтығы туралы баяндау, заттың сапасы туралы, оның кімдікі екендігі туралы айту, оқиға, іс әрекет туралы, іс әрекеттің уақыты, орны туралы хабарлау
-өтініш білдіру, шақыру, қандай да бір іс әрекетпен келісу немесе келіспеу
-өзінің көзқарасын білдіру: адамға, затқа, оқиғаға, болған іске өзінің бағасын білдіру, кінәлау, таңдану, өкіну т.б.
Тіл үйренуші қарапайым деңгей үшін берілген төмендегідей тақырыптар төңірегінде ауызша қарапайым тілдік қатысымға түсе алуы қажет.
1.Өзі туралы әңгімелеу ( балалық шағы, оқуы, жұмысы, қызығушылығы)
2.Менің досым (танысым,құрбым, апам, ағам т.б.)
3.Отбасым
4.Менің жұмыс күнім
5. Бос уақыт, демалыс, қызығушылық.
А2 өзіне қатысты тақырыптар бойынша қысқа, нақты, қарапайым мәтіндерді түсінеді. өз елі, тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы, мақсаттары туралы әңгімелеу. Осы тақырыптағы мәтіндерді оқып, негізгі ақпаратты баяндау. Студент мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Мәтінге қатысты өзінің көзқарасын білдіру, болған іске өзінің бағасын білдіру, таңдану, құптау, қарсы пікір білдіру. Студент негізгі деңгей үшін берілген төмендегідей тақырыптар төңірегінде тілдік қатысымға түсе алуы қажет:
1. оқу жүйесі, мектеп, колледж, жоғарғы оқу орындарындағы оқу жүйесі;
2. оқу орнын, мамандығын таңдау, таңдаған мамандыққа байланысты өз көзқарасын білдіру;
3. адам өміріндегі тілдің маңызы;
4. өмір кейпі (оқу кестесі, демалыс, әдет, достарымен қарым-қатынас)
5. бос уақыт: демалыс, қызығушылық (өнер, спорт, саяхат т.б.)
6. қала, мемлекеттің астанасы, туған өлке;
7. Қазақстан мемлекеті, оның аймақтары (географиясы, экономикасы, географиясы, тарихы және т.б.)
8. қазақтың атақты ғылым, мәдениет қайраткерлері.
В1 Студент мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет:
кәсіби қатынас саласындағы қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсіне және қолдана білуі керек;
кәсіби бағдарлы мәтіндердегі негізгі ойларды түсінуі, оған қатысты өз ойын білдіруі, мәтін мазмұнын құптауы немесе келіспеуі, қосымша деректер негізінде баяндай алуы қажет. Студент өз мамандығы бюойынша ойын жаза алуы, болашақ қызметі туралы баяндай алуы міндетті.
В2 Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет:
кәсіби қатынас саласындағы әр түрлі қатысымдық міндеттерді шешу кезінде мамандығы бойынша түрлі қатысымдық-тілдік құрылымдарды түсініп, қолдана білуі қажет;
кәсіби қатынас саласындағы қатысымдық-тілдік құрылымдарды бірнеше топқа бөлуге болады:
1. барлық шағын стилдерге тән тілдік құрылымдар;
2. жеке шағын стильдерге тән;
1. барлық шағын стилдерге тән тілдік құрылымдар:
– нысана анықтамасы;
– нысаналарды, құбылыстар мен заттарды топтастыру;
– құбылысты, үрдісті, қызметті сипаттау;
– құбылыстың, заттың жай-күйінің өзгеруін сипаттау;
– заттың тұрған жерін, орын тәртібін, жағдайын сипаттау.
2. жеке шағын стильдерге тән:
– жазушының, автордың, тарихи тұлғаның қызметтерін сипаттау;
– бұқаралық ақпарат құралдарындағы өзекті мәселелер төңірегінде сипттама жасау.
Студент берілген деңгей аясында төмендегідей тақырыптар төңірегінде тілдік қатысымға түсе алуы қажет:
– адам және табиғат;
– жер біздің ортақ үйіміз;
– адамның рухани дамуы, т.б.
С1 Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет.
Кәсіби қатынас саласында төмендегідей қатысымдық-тілдік құрылымдарға түсе алады:
– жай-күйдің, құбылыстың, заттың, нысананың өзгеру процесі;
– нысананың қолданылуын сипаттау;
– нысаналар арасындағы байланыс пен тәуелділіктің көрінісі;
Жеке шағын стильдерге тән қатысымдық құрылымдар:
– елдің экономикалық, географиялық жағдайын сипаттау;
– өмір сүру ортасын сипаттау;
– тарихи тұлғалардың қызметтерін сипаттау;
Студент берілген деңгей аясында төмендегідей тақырыптар төңірегінде тілдік қатысымға түсе алуы қажет:
– адам және қоғам;
– адам және саясат;
– адам және ғылым;
– адам және экономика т.б.
С2 Студент берілген деңгей негізінде мынандай коммуникативтік тапсырмаларды орындай алуы қажет. Тіл иесінің жылдам айтылған сөзін түсіну. Ғылыми еңбектерді оқып баяндай білу. Мәжіліс, жиналыстарда өзіне қажетті ақпарат пен мәліметтерді жаза алуы. Өз кәсіби шеңберінде кеңес беріп, пікір білдіруі. Өзінің ғылыми зерттеу тақырыбы бойынша мақала баяндама жазып, өз пікірлерін қорғай білуі қажет. Ғылыми еңбекке эссе, жоспар (жай және күрделі), пікір, түйіндеме жаза алуы міндетті.
Курстың мақсаты – студенттерді күнделікті қарым-қатынас түрлеріне еркін араласып, өз мамандығы бойынша сұхбаттар жүргізе алуға үйрету. Мамандық саласына қарай жиі кездесетін лексиканы, ғылыми терминдерді, күрделі синтаксистік құрылымдарды қолдануға үйрету. Өз мамандығы бойынша хаттар, баяндамалар, пікірлер, эссе жазуға үйрету, мамандық бойынша мәтіндерді, нұсқауларды оқып, түсінуге үйрету, радио, теледидардан ақпараттар тыңдап, түсінуге машықтандыру.
● күнделікті тұрмыстық және кәсіби сөйлеу жағдаяттарында сұхбат түрлеріне еркін араласып, сөйлесу, әңгімені қолдау дағдыларын қалыптастыру;
● әр түрлі стильде жазылған мәтін түрлерін, өз мамандығына сәйкес еңбектер мен ғылыми зерттеулерді оқып, негізгі ақпараттарды ала білу дағдысын қалыптастыру;
● өзі туралы ақпаратты, түйіндеме, рецензияларды, құттықтау хаттарын жаза білуге дағдыландыру;
● теледидар, радио арқылы берілген ақпараттарды, тіл иесінің табиғи айтылған сөзін, өз мамандығы бойынша сұхбаттарды түсіне білуін қалыптастыру;
● монолог түрінде берілген мәтіннің жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ойды ақпаратты есту тыңдау арқылы түсіне білу дағдысын дамыту;
● қазақ тіліндегі кәсіби бағдарлы жарнамаларды, іс-қағаздарды, нұсқауларды оқып, түсіну қабілетін қалыптастыру;
● аударма, кәсіби бағыттағы түсіндірме сөздіктерді пайдалана білуге үйрету;
● қазақша дұрыс, мәнерлеп сөйлеу машығын қалыптастыру;
● ауызекі сөйлеу стилі, көркем әдеби стиль, публицистикалық, ғылыми стильдердің, сондай-ақ кәсіби тілдің қолданылу жағдайларын айыра білге үйрету;
● белгілі бір кәсіби қатынас саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуге дағдыландыру;
● өз мамандығы бойынша ғылыми мәтіндерге пікір беруге, ғылыми мақала, баяндама жазуға машықтандыру.
Қазақ тілі курсы бойынша меңгерілетін грамматикалық минимум
Негізгі деңгей
Қазақ дыбыс жүйесіндегі ішкі гармония, сингармониялық ерекшеліктер. Қазақ сөзінің ішкі мәнері мен қатар тұрған дыбыстардың ықпалы. Сөз мағыналары, түрлері. Лебізде синонимдік, омонимдік, антонимдік қатарлардың мағыналық сипатын пайымдау, семантикалық ерекшеліктерін айыру. Зат есімінің грамматикалық категориялары, етістіктің шаќтары, етістіктің грамматикалық және функционалдық категориялары, сын есімнің шырайлары, сөзжасамдық тәсілдер мен олардың түрлері. Сөз тіркестерінің валенттілігі, сөйлем құрау жүйесіндегі сөз тіркесінің тіркесімділігінің рөлі мен маңызы. Жай сөйлем мен олардың түрлері, негізгі семантикалық және функционалдық ерекшеліктері. Сөйлеудің прагматикалық ерекшеліктері, сөйлемдегі сөздердің орын тәртібі мен қазақ сөйлемінің өзіндік ерекшеліктері.
Кәсіби бағдарлы деңгей
Күрделі сөйлемдер жүйесі. Лебіздегі сөйлем құрылымы мен олардың өзіндік ерекшеліктері. Сөйлем құрылымындағы ой мен олардың айтушы мен тыңдаушы арасындағы қатынаста түсініктілігі. Сөз тіркесі арқылы сөйлем құраудың прагматикалық сипаты. Құрмалас сөйлем жүйесіндегі орын тәртібі, олардың семантикалық, функционалдық ерекшеліктері. Күрделі сөйлем құраудағы жалғаулықтардың рөлі мен маңызы. Қазақ сөйлеміндегі интонация бірлігі. Интонацияның сөйлемнің жалпы коммуникативтік түрлерін анықтай алу қызметі; сөйлемнің актуальды мүшеленуі, сөйлемдерді, синтагмаларды мәтінде бір-бірінен айырып, бөліп алудағы интонацияның қызметі; пауза және синтагма.
Мамандық тілі
Салалық терминдер жүйесін қажетіне қарай меңгеру. Лебізде қазақ тілінің төл байлығы саналатын мақал-мәтелдерді, нақыл сөздерді, фразеологиялық бірліктерді пайдалана білу. Әдеби тіл мен жергілікті тіл ерекшеліктерін анықтайтын тұлғаларды саралау, сөз әдебі, дұрыс сөйлеу мәдениетін, орфоэпиялық және орфографиялық заңдылықтар мен заңдарды меңгеруі қажет.
Қазақ тілі курсы бойынша сөйлеу біліктілігін қамтамасыз ететін білім мазмұны
Студенттердің қазақ тілін сөйлесім әрекеті түрлері бойынша меңгеру іскерліктеріне қойылатын талаптар
Негізгі деңгей
Негізгі деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1200-1500 сөз
Тыңдалым бойынша студент әлеуметтік-тұрмыстық, әлеуметтік-мәдени, ресми-іскери, саладағы 250-300 сөзден тұратын мәтінді тыңдап, оның мазмұнындағы негізгі және қосымша ақпараттарды түсе алуы қажет. Мәтінге баға бере білуі керек: мәтінді қолдау, ризашылығын (қарсылығын) білдіру таңданысын, қызығушылығын, мақтаныш сезімін, өкінішін, қуанышын, ренішін, қорқынышын, үмітін білдіру.
Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын.
Мәтін бір рет тыңдалады.
Оқылым әрекеті бойынша студент өзін қызықтыратын салаға қатысты мәліметтерді тікелей алуға болатын мәтіндерді оқып, мазмұнын және негізгі тақырыбын түсінуі тиіс. Студент мәтін бойынша түсінгенін ауызша айтып, берілген сұрақтарға жауап беруі, сұрақ қоя білуі, өз ойын айта білуі және мєтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп бере білуі қажет. Бұдан студенттің мәтіннің мазмұнын түсінген-түсінбегенін және сөздік қорының ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіннің түрлері: әңгіме, баяндама, сипаттама, нұсқау, дєйектеме, хабарландыру т.б. Мәтін көлемі 600-700 сөзден тұрады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың бірін таңдап, сұхбат құра білуі тиіс. Мұнда олардың рухани танымдары тексеріле келіп, таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескертіледі:
студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 400-500 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, серіктесін қоштау т.б. бағыттарды білім-біліктілігі, дағдысы болуы қажет. Монологтік сөйлеуде студент берілген тақырып бойынша әңгіме құрай білуі, оқыған немесе тыңдағаны бойынша қатысымдық бағытта репродуктивті негізде мәтін түзеуді құрастыра білуі; мәтінде берілген оқиға, ондағы кейіпкерлерге өз көзқарасын айта білуі тиіс.
Диалогтік сөйлеуде студент мыналарды орындай білуі қажет:
– айтушы әңгімесінің мазмұнын түсіну, өткен тақырыптар бойынша сөйлесе білу;
– сөйлеушінің репликасына жауап қайтару;
– диалогті аяқтай білу, өзінің ойын айта білу.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша баяндай білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн. Мұның өзі студенттің қазақ тілін қалай меңгергенін, оныњ қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Әрине, жазба жұмысы студенттердің сөздік қорымен ғана емес, сонымен қатар олардың сауатты жазу қабілеті, сөйлемдегі сөздердің нормаға сай байланыстыруы тұрғысынан бағаланады. Жазба жұмысы (эссе-шығарма) 400-500 сөз көлеміндегі мәтінмен берілуі тиіс. Оқиғаны хабарлау, суреттеу, баяндау түріндегі мәтіндер әдеби тіл нормасына сай болуы қажет.
Жазылым бойынша студент өзіне таныс қызықтыратын мәселелердің толық қатары бойынша қарапайым, нақты сипаттама бере алады. Өз сезімі мен алған әсерін қоса отырып, қарапайым мәтін құрай алады. Шынайы болған немесе көз алдына елестете алатын оқиғалар туралы сипаттай алады.
Өзін қызықтыратын тақырыпқа қысқа, қарапайым эссе жаза алады. Өзінің қызмет шеңберінде кездесетін күнделікті таныс немесе таныс емес мәселелер бойынша жиналған ақпараттар туралы өзінің пікірін хабарлап қортындылай алады. Күнделікті өмірде кездесетін ақпаратты беретін және қолданылған әрекетті түсіндіретін қалпы мен мазмұны стандартты өте қысқа баяндама жаза алады.
Кәсіби бағдарлы деңгей
Кәсіби бағдарлы деңгейдің лексикалық минимумы шамамен 1300-1600 сөз.
Тыњдалым бойынша студенттер бейтаныс кәсіби бағдарлы мәтінді таспадан тыңдап, ақпараттың мазмұнын, тақырыбын, негізгі идеясын, негізгі және қосымша хабарды толық түсіне білуі тиіс. Тыңдалым уақыты – 3-4 минут және бір рет тыңдалады. Мәтін көлемі: 600-800 сөз. Мәтінде 5-6 таныс емес сөз кездесуі мүмкін. Диктордың оқу (сөйлеу) қарқыны қалыпты, сөйлеу жылдамдығы: 220-250 буын.
Егер тыңдалым диалог арқылы жүзеге асатын болса, онда студент сұхбаттасушының кәсіби тақырып аясында қойған сұрағын, айтқан ойының мазмұнын тыңдай отырып, түсініп, жауап қайтара білуі тиіс. Диалог көлемі: 10-12 сөйлем құрылымынан тұруы мүмкін.
Әдеби нормада қалыпты жылдамдықпен айтылған нақты және абстрактылы тақырыптағы ақпараттарды тыңдап, түсіне алады. Тіл иесімен дайындықсыз сұхбатқа түсе алады. Өз қызметі шеңберіндегі тақырыптар бойынша қалыпты нормада айтылған лингвистикалық құрылымы мен мағыналық жағынан орта, нақты және абстрактылы тақырыптардағы негізгі ойды түсінеді. Әдеби нормада үнтаспаға жазылған хабарламаларды тыңдап, ондағы айтушының бірнәрсеге көзқарасын анықтай алады.
Радиодан әдеби нормада берілген деректі радио хабарлардың және басқа да материалдардың көпшілігін түсіне алады. Ондағы сөйлеушінің сөйлеу мәнерін көңіл күйін анықтай алады.
Мәтінді оқу қарқыны минутына 220-250 буын.
Мәтін бір рет тыңдалады.
Мәтін көлемі 500-600 сөз.
Оқылым әрекеті бойынша студент көлемі 900-1000 сөзден тұратын мәтінді оқып, түсінгенін ауызша айтып, сұрақтарға жауап беруі немесе мәтін бойынша түсінгенін өз сөзімен әңгімелеп беруі қажет. Бұдан студент мәтін мазмұнын түсінген-түсінбегенін және сөздік қорының ауқымын бірден аңғаруға болады. Мәтіндер кәсіби-іскери, арнайы ресми бағытта оқиғаны хабарлау, мазмұндау, суреттеу негізінде арнайы құрастырылуы қажет.
Кәсіби мәтінді оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет:
– оқудың єр түрлі стратегияларын қолдана білуі;
– мәтіннің тақырыбын анықтап, оның негізгі идеясын түсіне білуі;
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн. Мұның өзі студенттің кәсіби қазақ тілін қалай меңгергенін, оның қазақша сөз байлығының ауқымын көрсетеді. Шығарма-эссе көлемі – 600-700 сөзден тұруы тиіс. Студент сонымен қатар кәсібі бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Айтылымда студенттер өздеріне ұсынылған кәсіби бағыттағы тақырыптардың біріне сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі:
– берілген тақырып бойынша студент байланыстырып, еркін сөйлей білуі қажет;
– мамандығы бойынша тыңдаған немесе оқыған мәтіннің, естіген ақпараттың мазмұнын айта білуі, ондағы оқиғаға өз көзқарасын білдіре білуі, оны өзінше толықтыра білуі тиіс.
Студенттің берілген тақырып бойынша көлемі 700-800 сөзден тұратын мәлімдеме жасау, сұхбат құру, әңгімені қоштау т.б. бағытта білім, білік дағдысы болуы қажет.
Мамандық тілі деңгейі
Мамандық тілі деңгейінің лексикалық минимумы шамамен 1800-2000 сөз
Тыңдалым бойынша бейтаныс түпнұсқа 900-1000 сөзден тұратын кәсіби мәтінді таспадан тыңдап, студент:
● берілген нақты мамандық саласындағы танымдық-қатысымдық міндетті шешуге керекті ақпаратты тыңдап түсіне білуі;
● түсіндірмелі сипаттағы монолог түрінде берілген мамандық саласы жайындағы ойды, тақырыпты, негізгі мазмұнды, оның жеке мағыналық бөліктері бойынша негізгі ақпаратты тыңдау арқылы түсіне білуі тиіс. Сонымен қатар:
● іскери-ресми кездесулердегі екі немесе бірнеше адамдардың арасындағы бойынша сұхбат мазмұнын, негізгі ойды түсініп, қорытынды жасай білуі керек.
Мәтіндердің тақырыбы студенттердің таңдап алған мамандықтарына сәйкес алынады.
Оқылым әрекеті бойынша көлемі: 1000-1200 сөзден тұратын мамандықтарына сай мәтінді мұқият оқып, студент:
● оқылған мәтіннің негізгі мазмұнын, жеке мағыналық бөліктері арасындағы логикалық жєне себеп-салдарлық байланысты түсіне білуі керек.
Студент мамандық саласы бойынша берілген мәтіннің мазмұнын өз көзқарасы тұрғысынан толықтырып, өзгертулер енгізе отырып, әңгімелеп бере білуі қажет. Мәтіннің түрі: жалпы ғылыми, жалпы кәсіби және арнайы мамандық саласы бойынша құрастырылуы тиіс. Мамандық саласы бойынша берілген мәтінді, ғылыми мақаланы, баяндаманы оқу барысында студент мыналарды орындай білуі қажет:
● оқудың басты стратегияларын қолдана білуі;
● мәтіннің негізгі идеясын түсініп, оның ішінен өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
● хабарға, апаратқа өзінше т үйіндеме жасап, автордың ойына баға бере білуі тиіс.
Жазылым бойынша жұмысты орындауда студенттер таңдаған тақырып мазмұнын терең түсініп, оны өз сөзімен жазбаша жеткізе білуі және сонымен қатар өзінің осы тақырып бойынша жеке көзқарасын, тұжырымын да жеткізе білгені жөн.
Егер эссе-шығарма болса, мәтін мазмұнының ауқымы 800-1000 сөзден тұруы тиіс. Реферат мәтінінің ауқымы 10-15 бет, аннотация жєне кәсіби іскерлік қағаз үлгілері 0,8-1 бет, ал конспект мәтінінің ауқымы3-5 болуы тиіс.
Студент сонымен қатар:
● мамандығы бойынша таңдап алған тақырыпқа жоспар құру арқылы осы тақырып бойынша естіген, оқыған мәтін мазмұнында берілген ойды қайта жаңғырту, толықтыру, өз бетінше өңдей білуі тиіс;
● ғылыми баяндама, мәлімдеме, хабарлама жазу үшін ойды логикалық жүйемен жазбаша құра білу тиіс;
● нақты мамандығы бойынша оқыған кітаптары, мақалалары немесе тыңдаған хабарлары жайында шағын мәлімдеме, түйіндеме жаза білуі қажет.
Әдеби шығармалар немесе мақлаларға сыни баға беріп, күрделі жоспар, эссе, түйіндеме, пікір жаза алады.
Айтылым бойынша студенттер өздеріне ұсынылған тақырыптардың біріне таңдауы бойынша сұхбат (сөйлесім) құрады. Таңдаған тақырыпқа сай сөйлесімде төмендегідей шарттар ескеріледі: Студенттің берілген тақырып бойынша 800-900 сөз аясында таңдаған кәсібі, мамандығы жайында әңгемелеп айта білуі, баяндама жасай алуы, сұхбат құра білуі тиіс. Егер тапсырма жеке немесе шағын топқа арналған монологтық сөйлеу болса, айтылым уақыты 4-5 минут, қарқыны- минутына 170-200 сөз болуы тиіс. Ал диалогтық сөйлеу болса, айтылым қарқыны – минутына 160-180 сөз. Диалогтық сөйлеуде студент:
● айтушының ой-пікіріне өзінің тұжырымдарымен жауап беріп, әр түрлі сұрақтар қою негізінде өзіне қажетті ақпаратты ала білуі;
● мамандығы бойынша жаңалықтармен бөлісіп, ол жайында өз көзқарасын серіктесіне жеткізе білуі;
● естіген ақпараты жайындағы өзіндік тұжырымын дәлелдей білуі тиіс.
Студент мағынаның түрлі реңктерін дәл беретіндей тыныс белгілермен дауыс ырғағын ұтымды қолдана отырып, тез және ешқандай қиындықсыз хабарлама жасай алады. Күрделі тақырыпты талабына сай мейлінше жеңілдетіп, түсінікті, дәл жеткізе алады. Аудиторияда берілген кез-келген сұраққа еш қиналыссыз жауап бере алады.
Идиомалық және ауызекі оралымдарды жақсы біледі. Мағыналық реңктерді дәл бере алады. Пайда болған қиындықтарды тез тауып, түзей алады.
Лексикалық тақырыптар
Типтік бағдарламада ЖОО-да дайындалатын барлық мамандық түрлері бойынша лексикалық тақырыптар тізімін беру мүмкін емес. Оны әр оқу орны өз бағдары мен жоғарыда көрсетілген халықаралық стандартқа сай анықтайды. Бірақ негізгі және кәсіби бағдарлы деңгей тақырыптары ортақ болып қалады.
Барлық мамандық салалары үшін міндетті А1, А2, В1, В2 деңгейлеріне арналған лексикалық тақырыптар :
А1, А2.
Мемлекеттік тіл – Қазақстан халықтарын біріктіретін фактор
1. Анамның тілі – айбыным менің!
2. Қоғам және тіл.
3. Көп тілділік – өнер
Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстанның мемлекеттік рәміздері:
1. Қазақстан республикасының туы;
2. Мемлекеттік елтаңба;
3. Қазақстан Республикасының әнұраны
Отан отбасынан басталады
1. Қазақ халқының дүниетанымы. Сәлем – сөздің анасы..
3. Отбасы тәрбиенің ең тамаша мектебі.
3. Отан – ұлттың қарашаңырағы.
Мінез және келбет
1. Адамның жан дүниесі және сыртқы келбеті.
2. Адам сәні.
3. Замандас келбеті.
Басшы келбеті
1. Басшы келбеті
2. Дипломат келбеті
Уақыт алтыннан да қымбат
1. Уақытты пайдалана білесіз бе?
2. Уақыт алтыннан да қымбат.
3. Біз қалай демаламыз?
Қызығушылық (спорт, саяхат, т.б.)
Салауатты өмір салты
- Дені саудың жаны сау.
- ХХ ғасыр індеті.
- Денсаулық - зор байлық
Ќазаќ халқының дәстүрлі µнері
- Халықтық қолөнер
- Қазақ театр және кино өнері
- Өнер жұлдыздары
Ұлттық мәдениет тамыры
1. Айтыс өнері
2. Күй атасы – Құрманғазы
3. Бес алып.
Адам және табиғат егіз
1. Қазақстанның экологиясы.
2. Қазақстанның табиғи бақтары мен қорықтары, оларды қорғау
3. Қызыл кітап
Туған жерге саяхат
1. Өз өлкеңді таны.
2. Қазақстанның көрікті жерлері (Көкшетау, Алматы, т.б.)
3. Қазақстанның тарихи орындары (Түркістан, Отырар, Ақмешіт т.б.)
Тарихыңды таны
1.Ерлік туын көтерген ерлер
2. Кешегісін ұмытпаған ертеңгісін бағалай біледі.
3. Ғасырлық тұлға
Менің мамандығым
1. Университет -білім ордасы
2. Мен таңдаған мамандық
3. Мамандығым - мақтанышым
Қоғам және жастар
- “Болашақ” халықаралық стипендиясы
2. Білімді жастар – Қазақстанның жарқын болашағы.
3. Ел болашағы білікті маман қолында.
4. Ұлттық кадрлар – мемлекеттің негізі
В1 , В2
Қазақстан -әлемдік кеңістікте
Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан - Азия барысы
Қазақстан жаһандану дәуірінде
Әлемдегі білім беру жүйесі
Қазақстандағы білім беру жүйесі
Балон декларациясының негізгі қағидалары
Заман және заң
Қазақстан Республикасының Конституциясы-мемлекет негізі
Адам құқығы туралы декларация
Қазақстан және сыртқы саясат
Халықаралық қатынастар
Қазақстан дипломатиясы
Дипломатиялық қызмет
Ғылым мен техника
Ақпараттық технологиялар паркі – жарқын болашақ қарлығашы
Ғалам және ғылым
Әлемдегі ғылыми жетістіктер
Ұлылық ұлыдан
Ұлы ғалымдар және олар ашқан жаңалықтар.
Бүгінгі ғылыми жаңалықтар.
Халықаралық сыйлықтар,халықаралық сыйлықтар лауреаттары.
Қазақстандық лауреаттар
С1, деңгейіне арналған мамандық бойынша лексикалық тақырыптар:
ГуманитарлыҚ мамандыҚтар бойынша
Филология мамандығы:
Қазақ тілінің тарихы, қазақ тіл білімін зерттеуші ғалымдар, А. Байтұрсынұлы – реформатор ғалым, сөз сыры, қазақ сөзінің уәжділігі, қазақ әдебиетінің алыптары, қазақ дастандары, қазақтың шешендік өнері, тіл мәдениеті, қазақ шежіресі туралы, жазу тарихы, көне түркі жазбалары туралы т.б.;
Журналистика мамандығы:
Қазақ баспасөзінің бастаулары, баспасөз тілі, баспасөз тарихы, жарнама тілі, қазақ журналистикасының тарихы, атақты журналистер, «Қазақ», «Айқап» т.б. газет-журналдарының рөлі, журналистің қоғамдағы рөлі, мақал сөз мәйегі т.б.;
Тарих мамандығы:
Қазақстан тарихының зерттелуі, көне замандағы түркі мәдениеті, Алтын адам туралы, сақ тайпаларының тарихы, орта ғасырдағы ескерткіштер, Алтын орда тарихы, қазақ хандары, қазақ билері, қазақ батырлары, орта ғасырдағы тарихи қалалар, тарихи тұлғалар, қазақтың батыр әйелдері, Қазақ ғылымының негізін қалаушылар тарихы т.б.
Заң мамандығы:
Қазақтың әдет заңдары, қазақ халықының алғашқы заңгерлері, шешендік өнер тарихы, Қазақстанның ата заңы, ҚР басқару органдары, құқық түрлері, даланың әділет билік заңдары, Әз Тәукенің Жеті жарғысы, «Қарамола Ережесі», Қасымханның қасқа жолы, Есімханның ескі жолы заңдары, т.б.
Философия және саясаттану мамандығы:
Әл-Фараби – ұлы ұстаз, Әл-Фараби мұраларының зерттелуі, грек философиясы, грек-рим шешендері, Қорқыт философиясы, Орта ғасыр философтары, Абай философиясы, Қазақ халқының даналық тұжырымдары, қазақ халықының ұлттық дүниетанымы; Ы. Алтынсарин – ағартушы ғалым, Қазақ мектептерінің қалыптасуы, қазақтың дәстүрлі тәрбие мектебі, бала тәрбиесі - ұлт болашағы, әлемдік педагогика және психология т.б.;
Экономика мамандығы:
Экомомикалық тәуелсіздік, Қазақстанның экономикалық байланысы, бағалы қағаздар нарығы, төл теңге тарихы, отандық тауар өндірісі, құнды қағаздар, нарықтық экономикадағы бәсеке, маркетинг қызметі және оның рөлі, жаранаманың саудадағы рөлі, бухгалтерлік есеп, әлемдік аудиторлық компониялар, Қазақстандық аудит компониялары, ұлттық банк жүйесі, банк қызметі, банк және бәсеке, заман және нарық, Ішкі жєне сыртқы сауда. Ұлы Жібек жолы. Дүниежүзілік сауда ұйымы. Кеден ісі. т.б.
Жаратылыстану мамандыќтары бойынша
Медицина мамандықтары:
Ұлттық медицина ғылымының дамуы. Медицина салалары. Халықтық медицина, салалары. Емдеу және сауықтыру орындары, қызметі. Медицина жаңалықтары. Әлемдік медицина жетістіктері. Фармакология, фармацептика. Оптика. Жаңа технологияға негізделген медициналық құрал-жабдықтар.
Математика мамандығы:
Сандар сөйлейді, қасиетті сандар тарихы, Қазақстандағы атақты математик ғалымдар, математика – ғылымдар атасы, алгоритм теориясы, математикалық әдіс-тәсілдер, қазақ тілі және математика, т.б.
Физика мамандығы:
Рентген сәулесі, жарық көздері, жылу және өмір, энергия және тіршілік, физика ғылымының даму жолдары физика ғылымының тарихы, атақты физик ғалымдар т.б.
Химия мамандығы:
Атақты химик ғалымдар, химия ғылымының негіздері, химия ғылымының болашағы, ғалам жетіктіктері, атом және өмір, Менделеев кестесі, Қазақстанның қазба байлықтары, Қазақстанның алғашқы химиктері, химия және жаңа технология, атом сынақтары – ұмытылмас қасірет, Қазақстанның шикізат көздері т.б.
Биология мамандығы:
Қазақстандағы биология ғылымы, биология және өмір, биология ғылымының даму жолдары, жасуша, табиғат және қоршаған орта, генетика – биологияның негізгі саласы, биотехнология, нанотехнология, табиғат тал бесігіміз, жасыл ел ұозғалысы, су өмір өзегі. Шипалы сулар, дәрілік шөптер, т.б.
География мамандығы:
Қазақстан георграфиялық картасы, Қазақстан атласы, Әлемдік география ғылымы,
Қазақстанның жер бедері, климаты, сулары, топырағы, ауасы, шегарасы, гсу – тіршілік көзі, шөл және шөлейт зоналары, Қызыл кітап, Қазақстандағы қорықтар, дұниежұзілік туризм, М. Қашқари – ұлы географ, Шоқан – зерттеуші т.б.
Техникалық мамандықтары:
Тау-кен өндірісі, ашық және жабық кен өндіру орындары. Геология және пайдалы қазбалар кен орындарын барлау. Алғашқы геологтар. Геодезия жєне картография. Минералдар, асыл тастар, түрлі түсті металдар, көмір т.б. өндірісті басқару және автоматтандыру. Өндірісті компьютерлік жүйе арқылы басқару. Техникалық кибернетика.
Ауыр өнеркәсіп өнімдерін (машина, станок, вагон т.б жасау) шығару. Қазақстан зауыттары. Металлургия. Алғашқы металлургтер. Көлік, көлік техникасы мен технологиясы. Электрэнергетикасы. Радиотехника, электроника, робототехника және телекоммуникация.
Отандық авиация, теміржол және коммуникация. Отандық авиация мен теміржол тарихы. Алғашқы ұшқыштар, алғашқы теміржолшылар. Ғарыш айлағы. Локомотив және локомотив шаруашылығы. Электровоздар және электрлі пойыздар. Вагон, оның түрлері. Әуе, теміржол, су жолы, тасжол арқылы тауар тасу және халыққа қызмет көрсету.
Жеңіл өнеркәсіп. Полиграфия. Мақта-мата өнімін шығару, қағаз жасау т.б. Қазақстан фабрикалары. Құрылыс- сәулет ісі. Құрылыс компаниялары. Жол құрылысы. Дизайн (ландшафттық, жићаз-жабдық дизайны т.б). Қолданбалы өнер өнімдері (зергерлік іс, тігін және сән, ағаш, тері өңдеу ісі т.б).
Ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру. Бау-бақша өнімдері (жеміс, көкөніс т.б шаруашылығы). Агрономия, топырақтану және агрохимия. Орман шаруашылығы. Жерге орналастыру және кадастр. Су қоры жєне оны пайдалану.
Ветеринария және мал шаруашылығы. Зоотехния. Аңшылық және аң шаруашылыѓы. Балық шаруашылығы. Биотехнология.
Қазақ тілі курсының барлық деңгейінен өткен тіл үйренуші төмендегідей біліктілерді игеруі қажет:
Негізгі деңгей.
1 Өз пікірін, ойын дұрыс жеткізе білу, оң немесе теріс жауап бере алуы;
2. Өзі жайлы, отбасы , оқу орны жайлы әңгімелеп, ойын дұрыс айта білу;
3. Елінің тарихы, табиғаты, өзінің қызығушылығы туралы әңгімелеп айтуы;
4. Қарапайым сұрақтар қоя білу және жай сөйлемдердің көмегімен өзінің ойын дәлелдей білу;
5. Өтінішті, бұйрықты, қолдауды, өкінішті, сенімсіздікті, болжауды айтуы;
Ксіби ба ғдарлы деңгей
1. Оқығаны туралы өзінің бағасын бере отырып, пікірін, ойын дұрыс айта білу;
2. Күрделі емес пікір-сайысқа қатысып, өз ойын дәлелдей білу.
3. Өзінің кәсібі туралы єәңіме құра білу, сипаттау.
5. Өз ойын анықтаушы, сипаттаушы компонеттермен күрделендіріп бере білу.
Мамандық тілі деңгей
1. Ресми-іскери, іскери-кєсіби кездесу этикетіне сай сәлемдесу, алѓыс білдіру, сұхбаттасу, келісу, келіспеу, талап ету, таңдану;
2. Серіктесіне өтінішпен, кешіріммен, ресми ќқұтықтаумен, көмек ұсыныспен келу; кешірім сұрау және кешіру, мамандығы бойынша ақпарат сұрау және ақпаратқа жазба түрде жауап беру (формальды емес қатынас, серіктестер арасындағы дәрежелі қарым-қатынас);
3. Белгілі бір мамандық аясында әлеуметтік, кәсіби байланыстар туралы сөйлесу. Кез келген ортада өзінің пікірін еркін айту, еліміздегі әлеуметтік жағдай, бұқаралық ақпарат құралдары туралы көзқарасын жеткізе білу;
4. Мамандығы бойынша айтылған тұжырымдарға өз пікірін білдіре отырып, серіктесінен жауап қайтара алу; серіктесін сөйлеу әрекетіне тарту;
5. Жеке тұлғалармен кәсіби байланыс кезінде телефон, теледидар, радио арқылы қабылдаған ақпараттардың негізгі түйінін ұға алу; сөз болған мєселенің негізгі мазмұнын түсініп, ой түю, қорытынды жасай білу. Мамандығы бойынша ғылыми еңбектерді оқып түсіну және хабарлама, баяндама, мақала жаза білу.
Пайдалануға қажетті әдебиеттер
НЕГІЗГІ ӘДЕБИЕТТЕР:
- Салқынбай А.Б. Иманасова Ж. Қазақ тілі. Алматы, 2007.
- Аяпова Т. Қазақ тілі. Алматы, 1998 ж.
- Иманқұлова С. Егізбаева Н.. Иманалиева Ғ. т.б. Қазақ тілі. Оқу құралы, Алматы, 2008.
- Күзекова З. Қазақ тілінің практикалық курсы (гуманит.) Алматы, «Ғылым», 2001 ж.
ҚОСЫМША ӘДЕБИЕТТЕР
- Салқынбай А.Б., Абақан Е.М. Лингвистикалық түсіндірме сөздік. Алматы, 2003. “Сөздік”.
- Ерубаева А.Т. Заңгерлерге арналған қазақ тілі. - Алматы, 2005
- Күзекова З. Қазақ тілі практикалық курсы. (қаржы инст.) Алматы, «Раритет», 2002 ж.
- Күзекова З. , Ш.Құрманбайұлы, С.Жусанбаева. Қазақ тілі (халықаралық қатынас). Алматы, «Ана тілі», 1998 ж.
- Исанова А.. Мәтіндер жинағы. Алматы, «РБК», 2001 ж.
- Құрманбайұлы Ш., М.Мамаева, А.Сыбанбаева. Қазақ тілі (заңгерлерге). Алматы, «Білім», 2001 ж.
- Егіншібаева Н.Є., Жапахов С.И. Экологиялық терминдердің түсіндірме сөздігі ҚазҰАУ. – Алматы, 2006.
- Қазақша-орысша (1925). Басқарушы: Қ. Кемеңгерұлы. – Астана: Келешек-пресс, 2005. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Жеңіл және тоқыма өнерксібі. – Алматы: Рауан, 2000. – 280 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік Статистика, стандарттау және патенттану. – Алматы: Рауан, 2000. – 272 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Электроника, радиотехника және байланыс. – Алматы: Рауан, 2000. – 240 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Су шаруашылығы. – Алматы: Рауан, 2000. – 304 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Механика жєне машинатану. – Алматы: Рауан, 2000. – 328 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Энергетика. – Алматы: Рауан, 2000. – 320 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Көлік және қатынас жолдары. – Алматы: Рауан, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Сәулет және құрылыс – Алматы: Рауан, 2000. – 366 б.
- Ќазаќша-орысша, орысша-ќазаќша терминологиялыќ сµздік: Геология, геодезия жєне география. – Алматы: Рауан, 2000. – 352 б.
- Ќазаќша-орысша, орысша-ќазаќша терминологиялыќ сµздік: Кен ісі жєне металлургия. – Алматы: Рауан, 2000. – 2000 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Заңтану. – Алматы: Рауан, 2000. – 360 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Іс жүргізу және мұрағат ісі. – Алматы: Рауан, 2000. – 256 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Әдебиет және лингвистика.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік – Алматы: Рауан, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Экономика және қаржы.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік – Алматы: Рауан, 2000. – 344 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Мәдениет және өнер.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік – Алматы: Рауан, 2000. – 256 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: – Алматы: Рауан, 2000. – 288 б.
- Қазақша-орысша, орысша-қазақша терминологиялық сөздік: Ауылшаруашылығы. Рауан, Алматы, 2000.
- Қазақша-орысша тілмаш. - Алматы, 2005.