Ылым министрлігі «ТҰран» университеті

Вид материалаДокументы

Содержание


Курс мазмұны
Курс мазмұны
Сахналық қозғалыс негіздері
Курс мазмұны
Жарық техникасы
Курс мазмұны
Курс мазмұны
Теледидарлық фильм режиссурасы
Курс мазмұны
Кино және бейнетехника
Курс мазмұны
Интернет - маркетинг
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   27

Курс мазмұны


Басқару психологиясы – пәнаралық ғылыми-практикалық бағыт. Оның мақсаты шаруашылық басқарудың нарықтық жүйесі жағдайында ұйымдастыру проблемаларын шешуді зерттеу мен психологиялық тұрғыдан қамтамасыз ету болып табылады.

Зерделеу нысаны ретінде бірлескен, кооперативтер, шағын кәсіпорындар сияқты ұйымдарға кіретін, қаржылық және заң тұрғысынан дербес адамдар алынады.

Менеджмент психологиясының пәнін менеджер қызметін тиімді ететін психологиялық факторлар, индивидуалды және топтық шешімдерді қабылдау ерекшеліктері, көшбасшылық, мотивтеу, нормалар, құндылықтар т.б. құрайды.


Іскери ағылшын тілі

Курс 4, семестр 8


Пән коды

БДDAY40805

Жалпы сыйымдылығы

2 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

30 с.

Мақсаты

Халықаралық іскери ортадағы қарым-қатынас нормаларына қатысты базалық білімдер мен дағдыларын қалыптастыру

Алдыңғы деректемелер

Базалық шет тілі

Оқылатын тіл теориясының негіздері

Кейінгі деректемелер


Ақпараттық аударма практикасы

Көркем аударма практикасы

TOEFL

Academic Writing

Тьюторлар

магистр, аға оқытушы. Жаханова З.Р.

пед.ғ.к., аға оқытушы. Головчун А.А.

магистр, оқытушы. Жагыпарова Д.М.

Кафедра

«Журналистика және аударма ісі »

Байланыстар

Тел. 387 32 35

Оқу жұмыстарының түрлері

Семинарлар, практикалық сабақтар, кеңестер

СӨЖ, СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- іскерлік хаттар жазу;

- күн тәртібін дайындау;

- баяндама жазу;

- презентациялар т.б.

Бақылау түрлері

лексика-грамматикалық тест (Р 1), 5 параметр бойынша тест (writing, reading, speaking, grammar and vocabulary) (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Студенттер ағылшын тіліндегі іскерлік әдебі бойынша базалық білімдер алып, бизнес-хаттар жазу ережелері мен терминологиясын меңгереді.


Курс мазмұны


Іскери ағылшын тілі курсының негізінде бизнес саласында кәсіптік қызметін жүзеге асыруға қажетті қарым-қатынастың белгілі бір ережелері мен терминологиясының негіздері жатыр. Негізінен қарым-қатынас жасауға бас назар аударылады. Ол өзгелерді түсініп қана қоймай, өзі де бизнестегі басты әрекет етуші тұлға болуға мүмкіндік береді. Іскери ағылшын тілі жұмысқа қажетті белгілі бір сөздік жинағы ғана емес. Ағылшын тілінің бизнес курсы – грамматиканы да, тыңдалымды да (аудирование), сонымен бірге сөздерді дұрыс дыбыстауды да қамтиды. мұнда халықаралық бизнес ережелерімен танысуға да мүмкіндік беріледі. Пәнді оқу түйіндемені сауатты түрде құрастыруға, сұхбаттасудан сәтті түрде өтуге, бизнес-жоспарды дұрыс құруға, ағылшын тілін күнделікті кәсіби қызметінде тиімді пайдалануға жол ашады. Іскери ағылшын тілін білу қолжетімді ақпарат шеңберін кеңейте түседі. Оны білген студенттерге көптеген білім көздері ашылып, олар шетел баспасөзін оқи алатын және бейресми қарым-қатынастарды еркін жасайтын дәрежеге жетеді. Іскери ағылшын тілі курсы тілдік кедергілерді жою мен іскерлік әдебін үйретуге де бағытталған.


Сахналық қозғалыс негіздері

Курс 4, семестр 7, 8


Пән коды

БДOSD40706


Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Уақыт пен кеңістікті толтыру; актерлерде сәйкес қозғалыстарды дәйекті, логикалық тұрғыдан дұрыс орындау білігін тәрбиелеу; сыртқы және ішкі техникалар тұтастығына, бірлігіне қол жеткізу .

Актердің пластикалық мәдениетін тәрбиелеу – бұл әрекеттің сыртқы бөлігі ретіндегі қозғалысты тәрбиелеу, ол актердің қозғалыстық мәдениетінің ең негізгі қасиеті болып табылады.

Алдыңғы деректемелер

1.Әлемдік кино тарихы

Кейінгі деректемелер


1.Актер шеберлігі, сахна тілі

Тьюторлар

аға оқытушы, Умирзаков А.Т.,

доцент, Абенов К.Т.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Практикалық сабақтар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- этюдтер; пластикалық этюдтер, сахналық суретшелер

Бақылау түрлері

Этюдтер (Р1), сахналық суретшелер (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Жылдам жауап қайыру, бейімделу білігі. Бақылау жаттығуларын тұлғаны тексеру және дамыту құралы ретінде қолдану. Қиялдағы серіктеспен жасалатын жаттығуларды орындау. Сабақтарға сырттан бақылаушыларды тарту. Мінез-құлықтың этикалық және эстетикалық нормаларын тәрбиелеуді бүкіл оқыту курсы бойында жалғастыру.



Курс мазмұны


Дайындық-жаттығулық бөлім (демді қалыптастыру, корпусты, қол, аяқ, басты орнатып қою). Назар мен жадты дамыту, координациялау.

Акробатика. Құрау түрлері. Тасымалдау. Жонглирлеу.

Психофизикалық аппаратты дамытуға арналған жаттығулар.

Қозғалысты ұйымдастыру және сөйлеу.

Стильдік дағды: тағзым ету, иілу: ер адамдарша, әйелдерше.

Променад. Жесттер: сілтеуіш, бейнелеуіш. Мимика. Көзқарас.


Жарық техникасы

Курс 4, семестр 7,8

Пән коды

БДSvt40706

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Студентті кино және телестудия жағдайларында жылдам, батыл және кесімді түрде, жоғары кәсіби деңгейдегі біліктілікпен әрекет етуге үйрету. Жарық түсіру аспаптарымен жұмыс істеуде қауіпсіздік техникасын меңгерту.

Алдыңғы деректемелер


1.Оператор шеберлігі

2.Кинокомпозициялар

Кейінгі деректемелер

1.Монтаж

2. Жарықтүске кіріспе

Тьюторлар

СССР, ҚР киноматография бірлестігінің мүшесі

Мищенко А.В.,профессор Коренчук В.Д.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер, практикалық сабақтар, кеңес

СӨЖ, СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Баяндама жазу;

Павильонды жарықтандыру сұлбасын құру

Бақылау түрлері

Баяндама жазу; (Р1)

Павильонды жарықтандыру сұлбасын құру (Р2),

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Электр табиғаты мен заңдарын, жарық түсіру аспаптарымен жұмыс істеудегі қауіпсіздік техникасын меңгеру. Өткізгіш сымдардың қиылысу нүктелеріндегі қуат, ток күші, кернеу мен тізбектер қарсылығын берілген параметрлер бойынша есептей білу.


Курс мазмұны

Күннің түстік энергиясы. Түс табиғаты. Ньютонның корпускулярлы теориясы. Толқындық түс табиғаты.

Кеңістіктегі түс тарату мінездемесі. Электр табиғаты. Зарядтар қасиеті, және олардың пайда болу себептері.

Кернеу және тоқ күші. Кернеуді, кедергіні, тоқ күшін өлшеу бірліктері.

Экспонометрия. Түстісезімтал материалда бейнелерді алу әдістері.

Фильмдік каналдарда пленка экспозициясын анықтайтын факторлар: объект жарықтығы, диафрагма мәні, экспонировка (ұстау) мәні, түсірілім масштабы, жүйедегі түстарату.

Фото және кино түсірілім үрдісіндегі киноэкспонометрия әдісі. Негативті бейнеде жарық беру: «оптимальды негатив» түсінігі.

Түссезімтал матералдағы қисық мінездеме. Қисық мінездемелі обьектілерде жарықтың орналасуының оптималдылығы. Жарық интервалы. Оның анықталуы мен өзгерілуі.

Қисық мінездемелік бойынша экспозициялық параметрлерді анықтау. Экспонометр калькулятор негізіне берілген принциптар. Экспонометр көмегімен экспозициялық параметрлерді анықтау. Қазіргі заманға экспонометр моделдері мен типтері.

Экспонометрияның негізгі принциптерін практикалық тұрғыда оқып үйрену. Кинопленканы практикалық тұрғыда қолданып үйрену және оның мінездемесін анықтау. Пленка түсірілім байқау және оны экспонометрге «байланыстыру». «операторлық клин» түсінігі және кинопленка экспонометрия параметрлерін визуалды бағалау.

Бизнес-жоспарлау

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

БДBPl40706

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметін жоспарлау бойынша бизнес-жоспар құру жолымен теориялық білімдер беру және практикалық дағдыларын қалыптастыру.

Алдыңғы деректемелер

Менеджмент, Қаржы, Кәсіпорындағы экономика, Маркетинг

Кейінгі деректемелер

Инвестициялық менеджмент, Инновациялық менеджмент, басқару шешімдерін дайындау.

Тьюторлар

доцент Букейханова Т.К.

профессор Куватов М.Р.

магистр МВА Мейманкулова.

Кафедра

«Менеджмент»

Байланыстар

Тел. 387 36 38, turanmanegement@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

Практикалық сабақтар

Студиялық сабақтар

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

- жоба құру;

- жоба презентациялар.

Бақылау түрлері

жоба (Р 1), (Р 2),

компьютерде тестілеу (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Курсты оқып-үйрену шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметін жоспарлау саласында теориялық білімдер мен практикалық дағдыларды меңгеруге мүмкіндік береді.


Курс мазмұны


Бизнес жоспар өткізу және шикізат базасы нарығы мен инвестицияларын негіздеудің ең алғашқы жалпылаушы құжаттарының бірі болып табылады. Онда өндірістің жер, энергетика және еңбек ресурстарына деген қажеттілігі көрініс табады. Онда сондай-ақ қарастырылып отырған жобаның коммерциялық, бюджеттік және экономикалық тиімділігі жөнінде түсініктер беретін, сонымен бірге, ең бірінші кезекте жобаға қатысушы-инвесторлардың мүдделерін көздейтін бірқатар көрсеткіштер қамтылады.

Пәнді оқытудағы мақсат: шаруашылық жүргізуші субъектілердің коммерциялық қызметін жоспарлау бойынша бизнес-жоспарлар құру және нарықтық жағдаят пен бәсекелестік ортаны бағалау негізінде сәйкес басқарушылық шешімдерін қабылдау жолымен теориялық білімдер беру және практикалық дағдыларын қалыптастыру.


Теледидарлық фильм режиссурасы

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

БД RTF 2313

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Экран өнерінің болашақ шығармашыл қайраткерлерін теледидартанудың теориялық негіздері жөніндегі білімдермен, сондай-ақ шығармашылық жұмысты тиімді етіп ұйымдастыруға қажетті біліктермен қамтамасыз ету.

Алдыңғы деректемелер


1.Режиссура 1

2.Режиссура 2

3.Ғылыми-көпшілік кино режиссурасы

Кейінгі деректемелер

1.Монтаж

2.Монтаж режиссурасы

Тьюторлар

доцент, Абенов К.Т.,

профессор, Нарымбетов С.Ж.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Практикалық сабақтар

Кеңестер, мастер-класстар

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Сценарийлер;

Кадр жасау

Бақылау түрлері

Сценарий; (Р1), Кадр жасау (Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Болашақ туындының басты концептуалды идеясын өзі үшін анықтай білу; бүкіл шығармашылық құрамның (драматург, оператор, суретші, сазгер, дыбыс режиссері, аниматор және басқа өндірістік қызметкерлер) күшін басты міндетті орындауға, көркемдігі жоғары кинематографиялық туынды жасауға бағыттай отырып, шығармашылық процесті тиімді басқара білу.


Курс мазмұны


Көпсериялы тетефильммен жүргізілетін жұмыстың өзіндік ерекшеліктері.

Сериал драматургиясының ерекшеліктері.

Композициялық фильм құрылымы.

Деректермен, архив материалдарымен жұмыс.

Кино және ТД бизнесі. Режиссер мен продюсер арақатынасы.

Шығармашылық идеясы. Концептуалды идея.

Маркетингтік аспектілер. Кино-телефестиваль. Кино-теленарық. Кино-телепрокат.

Теледидарлық этика. Орны және оның ТД алатын мәні.

Телебағдарлама және көрермен аудиториясы арақатынасының мәні.

Кері байланыс. Қоғамдық пікір қалыптастыру.


Кино және бейнетехника

Курс 4, семестр 7,8

Пән коды

БДKVT40807

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Кино және бейнеаппаратура құрылысының конструктивті элементтерін, кино- және бейнетехниканың даму тарихын оқып-білу. Кино және бейнеаппаратураның перспективті форматтарын жоғары технологиялы зерттемелер негізінде меңгеру.

Алдыңғы деректемелер


1.Режиссура

2.Монтаж

3.Сызықтық емес монтаж

Кейінгі деректемелер

1. 3D моделдеу

2. Операторлық шеберлік

Тьюторлар

аға оқытушы, Хатимуллин С.В.,

доцент, Махмут С.С.

Кафедра

«Кино өнері және жалпы білім беру пәндері»

Байланыстар

Тел. 264 56 04, kafedrakioddnr-2010@mail.ru

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Зертханалық жұмыстар

Кеңестер

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:

Зертханалық жұмыстар


Бақылау түрлері

Зертханалық жұмыстар (Р1, Р2)

Емтихан (қорытынды)

Күтілетін нәтижелер

Студент кино және бейнеаппаратураны пайдаланудың әдістері мен тәсілдерін, сондай-ақ қосалқы операторлық техниканы іс жүзінде қолдана білуі тиіс. Бейнелеу жұмыстарының нәтижелерін жүзеге асыра білуі, қосымша пәндер бойынша алған білімдерімен ұштастыра білуі, өз шығармашылық түпкі ойына қол жеткізу үшін кино және бейнеаппаратураның түрлі форматтарын сауатты түрде қолдана білуі тиіс.


Курс мазмұны

Негізгі кезеңдер; Леон Були (патенттер 1892 және 1893 гг.) «Синематограф»; бірінші чех физиологы Я. Луи және Огюста Люмьер (патент 13 февраль 1895 ж.) грейферлік секіргіш механизмінің аппараты француз ағалы-інілі кісілермен ойлап табылған және бірі ондаған қысқа фильмдерді Париждегі Гран – кафеде 14 ақпан 1895 ж. көрсеткен.

Дыбыстық кино: бірінші әрекет – француз Гомон (1900 ж.); дыбыстың фотографиялық жазылуын ұсынған («фонограммалар») орыс ғалымы А. Виксцемски (1899 ж.) және фонограмма позитивін құруды ұсынған И. Поляков (1900 ж.); дыбысты жарықтың көмегімен жазу француз Ю. Лоостом (1906 ж.). Бірінші түрлі-түсті бейнелерді алу әрекет 1915 жылы құрылған «Техниколор» фирмасымен ойлап табылды, онда гидротипті әдіспен 1928ж. Бірінші рет екі түсті фильм шығарылды, содан кейін 1933 ж.- үш түсті. Арнайы түсірілім үшін аппараттар; оператордың қолғабыс техникасының дамуы; комбинацияланған түсірілімдерге арналған аппараттар; дистанционды түсірілім аппарттарын басқару; түсірілім аппараттарындағы түсталшықты технология; «Вертикаль», «Стэдикам», «Горизонт» жүйелері және олардың қызметі; кинодағы электронды-компьютерлік технология.


Интернет - маркетинг

Курс 4, семестр 7,8


Пән коды

БДITM40807

Жалпы сыйымдылығы

4 кредит

Соның ішінде дәрісханалық жүктеме

60 с.

Мақсаты

Кейінгі курстарды оқу барысында қажет болатын кешенді теориялық білім мен практикалық дағдыларды қалыптастыру


Алдыңғы деректемелер


Заманауи коммуникациялар менеджменті мен маркетингі, жарнама өнері, ПР-дағы маркетингтік зерттеулер, заманауи бұқаралық коммуникациялар құралдары


Кейінгі деректемелер


Саяси коммуникациялар жүйесі, ПР жобалау, ел брендингі, ПР консалтинг

Тьюторлар

Доцент Баранов В.В.,

Доцент Курбатова И.В.,

Магистр Иркитбаева Ж.Б.

Кафедра

Маркетинг және сервис

Байланыстар

387-36-46

Оқу жұмыстарының түрлері

Дәрістер

Семинарлар

СӨЖ

СОӨЖ

Өздік жұмыс формалары:


- эссе жазу

- реферат жазу

- презентациялар т.б.

Бақылау түрлері

Эссе (Р 1), реферат (2), компьютерде тестілеу

Күтілетін нәтижелер

Бұл курсты оқу қазіргі заманғы маманның базалық және кәсіби біліктілігі дағдыларын қалыптастырады