Информатика

Вид материалаДокументы

Содержание


Пәннің аталуы
Практикалық сабақтар
3 курс 5 семестр
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Доцент/ оқытушы
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі
Практикалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Доцент/ оқытушы
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
Кредиттер / сынақ бірліктері
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі
Практикалық сабақтар
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
Доцент/ оқытушы
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
...
Полное содержание
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9

2 курс

4 семестр

Пәннің аталуы

Орта ғасырлардағы Қазақстанның тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

4

Оқытушының Т.А.Ә.

Тапалов Д.

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Алғашқы қоғам тарихы, Қазақстан тарихы ежелгі дәуірде


Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

«Ортағасырдағы Қазақстан тарихы» пәнінің мақсаты студенттерге әуелгі және кейінгі ортағасырдағы Қазақстанда болған күрделі және қарама-қайшылықты тарихи құбылыстарды түсіндіру. Тек халықтың бұрынғы тарихын білгенде ғана өз келешегіне әсер етуге күш алатынын студенттерге ұғындыру, тарихи ілімінің маңыздылығын оқып- үйренудің маңызын көрсету. Тарихи құбылыстарды жаңаша, творчестволық тұрғыда түсінуге қол жеткізу

Мазмұны

Дәрістер: Ортағасырдағы Қазақстан тарихы пәні.

ІІІ-Үғғ. Орталық Азиядағы саяси жағдай. Түрік этногенезі. Түрік қағанаты және Батыс Түрік қағанаты Әуелгі ортағасырлық мемлекетттер (ҮІ-ІХғғ). ҮІ-ІХғғ. І-жартысындағы отырықшы және көшпелі мәдениет, олардың өзара әсері. Х-ХІІғғ. Ортағасырлық мемлекеттер. ІХғ. 2-жартысы ХІІғғ. материалдық және рухани мәдениет. ХІҮ - ХҮІІғғ. кейінгі ортағасырлық Қазақстан тарихы. Қазақстан монғол шапқыншылығы тұсындаХІҮ-ХҮғғ. Ортағасырлық феодалдық мемлекеттер. Қазақстан аумағындағы этникалық процестер. Қазақ этногенезі. Қазақ хандығының құрылуы және нығаюы (ХҮ-ХҮІғғ.басы) .ХҮІ ғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы. ХҮІІғ. Қазақ хандығының әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуы.. ХҮІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ халқының материалдық мәдениеті. ХҮІ-ХVІІ ғасырлардағы Қазақ халқының рухани мәдениеті

Практикалық сабақтар:. Қазақстанның орта ғасырлар тарихы.Түркі халықтарының түп тамыры

Түркі империясы мен мемлекеттері Мемлекеттік монополистік капитализмнің тарихы.Түркілердің ислам дінін қабылдағаннан кейінгі мәдениеті (Х-ХІІғ).Ерте ортағасырлардағы шаруашылықтың, қолөнердің, сауданың дамуы. Х-ХІІғғ. Ортағасырлық мемлекеттер.ІХғ. 2-ші жартысы ХІІғғ. материалдық және рухани мәдениет. Қазақстан монғол империясы және Шыңғыс ұрпақтарының ұлыстары құрамында.

Алтын Орданың ыдырауы мен құлауы. Қазақстан аумағындағы этникалық процесстер. Қазақ этногенезі. Қазақ хандығының құрылуы мен нығаюы (ХҮ-ХҮІғғ. басы). ХVІІ ғ. Қазақ хандығы. ХVІІІ ғ. басындағы қазақ-жоңғар қатынастары. ХҮІ-ХҮІІІғғ дәстүрлі қазақ қоғамы. Қазақ халқының рухани мәдениеті

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шеңберін, оның басты тарихи кезеңдерін анықтау.

Емтихан.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Айтжанова А.Б.

Доцент/ оқытушы:

п.ғ.к., аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, міндетті компонент

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 15, ОСӨЖ – 7,5, СӨЖ – 7,5

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 30 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Педагогика, психология, педагогика тарихы


Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Мектептегі тәрбие жұмысының әдістемесі пәнінің негізгі мақсаты – болашақ мұғалімдерді мектептегі тәрбие жұмысын ұйымдастыра білуге дайындау

Мазмұны

Дәрістер: Тәрбие жұмысының әдістемесінің пәні және міндеттері. Тәрбие жұмысын басқарудағы сынып жетекшісінің ролі. Тәрбие жұмысының модульдік технологиялары және тәрбие жұмысы. Тәрбие жұмысын жоспарлау. Тәрбие сағаты және оны жоспарлау. Сынып ұжымыман тәрбие жұмысын жоспарлау. Сынып жетекшісінің қиын балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының негізгі бағыттары мен формалары. Оқушыларға тәрбие беруді ұйымдастыру. Сынып жетекшісінің оқушылардың ата-аналарымен жүргізілетін жұмыстарының негізгі бағыттары мен формалары.



Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ортағасырлардағы Қазақстан тарихының хронологиялық шеңберін, оның басты тарихи кезеңдерін анықтау.

Емтихан.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Шет елдер тарихнамасы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Мусаева Суйкум Тулембаевна

Доцент/ оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы, мәдениеттану, саясаттану.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Шетелдер тарихы тарихнамасының маңызды міндеті тарихи ғылымның даму заңдылықтарын анықтау және тарихи ойдың түрлі бағыттарының теориялық-методологиялық принципін үйрену.

Мазмұны

Дәрістер: Дәстүрлі қоғамдардағы тарихи білімнің дамуы. Ежелгі дүниеде тарихтың оқытылуы. Грек-римдік тарихнама. Орта ғасырлар тарихнамасы. Тарихнамадағы гуманистік бағыт. Тарихи таным жүйесіндегі Ағартушылық дәуір Романтизм дәуіріндегі тарихи философия (ХІХ ғасырдың І-жартысы). ХІХ ғасырдың ІІ-жартысындағы позивитизм және тарихи ғылымның дамуы. Марксизм және тарихты материалистік түсіну. ХХ ғасырдың басындағы тарихи философия және өркениетті зерт-теулердің әдістемелік негіздерінің дамуы: ХХ ғасырдағы жетекші ұлттық тарихнамалық мектептердегі дамудың негізгі тұжырымдары. Орта ғасырлық және жаңа, қазіргі замандағы Азия және Африка елдері тарихының Қазақстандық тарихнамасы Жаңа замандағы Азия және Африка елдерінің тарихнамасы. ХІХ ғ. басындағы Ресейдегі Азия және Африка елдерінің тарихының зерттелуі. Азия мен Африка елдері аймақтары тарихының тарихнамасы. Қазіргі заманғы Азия және Африка елдері тарихының тарихнамасы

Практикалық сабақтар: Кіріспе. Пәннің мақсаты мен мазмұны, маңызы. Түркістанның географиялық және саяси тарихы. Түркі тектес әскери Тайпалық мемлекеттер. Қараханидтер дәуірі. Түрік қағанаты. Ерте орта ғасырлық мемлекеттер .Қарлұқ, Қараханид және

Қарақытай мемлекеттері. .Темір дәуірі ХҮІ-ХҮІІғғ.Қазақ хандығының сауда- экономикалық және мәдени байланысы. Көшпелі өзбек мемлекеті. Шайбанилер Ресей империясының Түркістан өлкесімен Орта Азияны жаулап алуы. Ревалюция қарсаңындағы Түркістан 1-дүние жүзілік соғыс тұсындағы Түркістан өлкесі Қазіргі замандағы Түркістан Түркістан тарихының әлем тарихында алатын орны

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Түркістан тарихы бойынша кең және терең білімге ие болуы тиіс.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Әлем державаларының отарлау саясаты және отарлау процесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Тапалов Дуйсенбек Жанибекович

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: "Еуропа және Америка елдерінің тарихы", "Азия және Африка елдерінің тарихы"

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Әлемнің жетекші мемлекеттерінің сыртқы саяси тарихындағы негізгі оқиғаларға ерекше мән беріп, осы көпғасырлық үрдістің даму заңдылықтары мен негізгі кезеңдерін қамтиды. Әсіресе басты көңіл дипломатияның рөліне, оның ерекшеліктеріне, әдістеріне және сыртқы саясатты жүргізу құралдарына бөлінеді. Шешім қабылдау үрдістері және оларды саяси жетекшілер мен сыртқысаяси мекеме басшыларының жүзеге асыруын қарастыру да аса маңызды болып табылады.

Мазмұны

Дәрістер: Ұлы географиялық ашулар мен алғашқы отарлық басып алулар ХҮІІІ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропадағы күштер арақатынасының өзгеруі Отарлық империялардың құрылуы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.) Еуропадағы француз үстемдігінің орнауы. Наполеон Бонапарт. ХІХ ғ. бірінші жартысындағы қазақ-орыс қатынастары Ұлыбритания колониялық мемлекет. Ресейдің Орта Азиядағы ұстанымы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы орыс-қытай қатынастары. Қытайдың отарлық тәуелділігінің күшеюі. ХІХ ғасырдың 80-90-шы жж. Еуропада әскери-саяси одақтар жүйесінің пайда болуы. ХІХ ғасырдың аяғы – ХХ ғасырдың басында Латын және Солтүстік Америка Балқанда халықаралық ахуалдың шиеленісуі. Балқан соғыстары Бірінші дүниежүзілік соғыстың себептері және сипаты. Еуропа державаларының мүдделерінің қақтығысуы. Отарлық жүйенің ыдырауы Ұлттар Лигасы – Еуропалық елдердің бірігуі Посткеңестік кеңістіктегі қақтығыстар Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері

Практикалық сабақтар: Метрополия және колониялды елдер туралы түсініктер, негізгі сөздіктер Еуропалық елдердің отарлау саясаты және колониялдық бағытта даму тарихы Солтүстікамерикандық отарлардың тәуелсіздігі үшін күресі ХІХ ғасырдың 30-шы жылдарындағы "шығыс мәселесіндегі"халықаралық қайшылықтар ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Латын Америкасы елдеріндегі АҚШ және еуропалық мемлекеттердің экспансиясы ХІХ ғасырдың бірінші жартысындағы Еуропа елдері мен АҚШ-тың Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Азиядағы отарлық саясаты ХІХ ғасырдың 70-ші жж Еуропаның саяси картасындағы негізгі өзгерістер ХІХ ғасырдағы империализмнің колониалдық жүйесі Колониялық мемлекеттердің тарихи тағдыры Балқанда халықаралық ахуалдың шиеленісуі. Балқан соғыстары Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарындағы державалардың дипломатиялық күресі (1939-1945 жж.) Азияның ХХІ ғасырдағы ролінің күшеюі Балкандағы қақтығыстардың шығуы және шешілу жолдары Орталық Азиядағы қақтығыстар және оларды реттеу мәселелері

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Отарлық империялардың құрылуы (ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ.)

Емтихан.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстан тарихының деректемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Мұсаева Сүйкім Төлембайқызы

Доцент/ оқытушы:

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер – 30, практикалық – 15, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы – 135 сағат

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: «Қазақстан тарихы», «Мамандыққа кіріспе», «Қосалқы тарихи пәндер», «Мұрағаттану», «Қазақстан тарихының тарихнамасы»

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихи деректің табиғатын белгілі бір уақыттағы тарихи және әлеуметтік жағдайда пайда болған, сол жағдайды бейнелейтін және өзін жасаған субъект туралы мәлімет беретін тарихи таным құралы ретінде зерттеу, деректанулық талдаудың негізгі принциптерін тәсілдерін және методтарын меңгеруге көмектесу.

Мазмұны

Дәрістер: Деректану пәні. Тарихи деректерді сыныптау проблемасы. Деректанудың қалыптасуы мен дамуы. Қазақ ғалымдары мен ойшылдарының деректанушылық көзқарастары. Тарихи деректерді талдау методикасы. Деректанулық сын. Деректану методикасының негізгі принциптері. Зерттеушілердің деректермен жұмыс істеудің негізгі кезеңдері. Қазақстан тәуелсіздігі және деректану ғылымы.

Республикалық басылым беттеріндегі деректану мәселелер бойынша пікір-таластар Қазақстанның ежелгі және ортағасырлар дәуір деректері Қазақстан көшпелілері тарихы антик авторлары (б.з.д. ҮІІІ ғғ.).

Қазақстанның халқы мен жергілікті аймақтары туралы Қытай деректері (б.з.д. II ғ.) Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде Қазақстанның халқы мен территориясына байланысты ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері (ҮІ-Х ғғ.). Ортағасырлық авторлар түркі тайпалары мен Оңтүстік-Шығыс халықтары туралы. Қазақстан Алтын Орда мен Моғолстан құрамында. ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы Қазақстан тарихы бойынша заң құжаттары Қазақстан тарихына байланысты статистикалық деректер. Іс жүргізу материалдары. Мерзімді басылым және мерзімді басылымды зерттеудің ерекшеліктері Жеке адамдық құжаттар тарихи дерек ретінде. Кеңестік кезендегі Қазақстан тарихының дерек көздері. Қазақстан тарихының дерек көздері (1991-2009 жж.) Қазақстанның қазіргі заман дәуіріндегі Қазақстан тарихы деректер.і Практикалық сабақтар: Деректану теориясы, тарихи және әдістемесі. Теориялық және қолданбалы деректану. Деректанулық ұғымдар мен терминдер анықтамасы: «дерек»,деректану»,сыныптау», тарихи дерек», «тарихи факт». Тарихи деректанудың қосалқы тарихи пәндермен және арнайы тарихи курстармен арақатынасы. Типтік және түрлік жіктелуі. Жазба деректердің негізгі типтері. Деректану ғылымының негізін қалаушылар:А.Л.Шлецер,Шлейермахер, Б.Нибур, Л.фонРанке, П.Дону, Э.Бернгеймн, Ш.Ланглуа, Ш.Сеньобос, В.О.Ключевский, Ш.Уәлихановтың бастау алған деректану ғылымының дамуына қазақтардың Ә..Бөкейхан, А.Байтұрсынов, Е.Бекмаханов, Ә.Марғұлан, О.Сүлейменовтің т.б.қосқан үлестер. Деректермен жұмыс істеудің әдістемелік принциптері мен кезендері. Халық ауыз әдебиетінің туындылары тарихи дерек ретінде. Ежелгі түріктердің руникалық ескерткіштері. Ортағасырлық Қазақстан (рим, византия, армян, орыс деректері). ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы заң құжаттары тарихи дерек ретінде.ХҮІІ-ХХ ғасырлардағы статистикалық деректер. Кеңес деректерінің түрлері мен ерекшеліктері. Іс-қағаздық құжаттар.Қазақстан тарихының қазіргі заман тарихы бойынша деректер

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Деректерді деректанулық сыннан өткізу; тарихи деректерді жан-жақты талдау; тарихи құжаттарды бір-бірімен салыстыру; деректердің шынайлық дәрежесін анықтау; деректерді сыныптау жолдарын меңгеру.

Емтихан.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Қазақстан тарихын оқыту әдістемесі

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Пасилов Бахадир Абдуллаевич

Доцент/ оқытушы:

доцент

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Базалық пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 135

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Археология, этнология, Алғашқы қауымдық құрылыс тарихы,Ежелгі Батыс және Шығыс тарихтары, Орта ғасыр тарихтары (Батыс және Шығыс), Жаңа тарих (Европа және Америка; Азия, Африка және Латын Америкасы) Қазіргі заман тарихы (Европа және Америка; Азия, Африка және Латын Америкасы), деректану, тарихнама, қосалқы тарихи пәндер.

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихты оқыту әдістемесі студенттердің базазлық тарих пәндері бойынша алған білімдерін іс жүзінде пайдалануға иекмдеумен айналысатын қолданбалы пән. Осыған орай пәннің мақсаты мен міндеттері айқындалады. Яғни, «Тарихты оқыту әдістемесә» студенттердің тарихи білімдерін оқушылардың санасына орнатудың неғұрлым тиімді жолдарын жасауды өзіне мақсат етіп қояды. Осыған орай, өз кезегінде курстың міндеттері де айқындалады.

Мазмұны

Дәрістер: Тарихты оқыту әдістемесінің жоспарлары мен бағдарламасы Тарихи елестету – тарихты мектепте оқытудың негізгі факторы. Тарих пәнінің мектеп курстарындағы заңдылықтар мен түсініктер. Тарих пәнінің пәнаралық және пәнішілік байланыстары Тарихты оқытудың тәсілдері Тарих сабағын өтудегі сабақ тыс түрі Тарихты оқытудың ауызша әдіс-тері Тарихты оқытудың көрнекі құралдарды пайдалануы Кино-фото құжаттарын баспа материалдарын пайдалану.Тарихты оқытуда компьютерлік құралдарды пайдалану. Тарихи құжаттар және оны мектеп курстарында пайдалану Тарихъты оқыту жұмыстарын ұйымдастыру формалары Тарих сабағы,оны дайындау және өткізу КР тарихын оқыту әдістемесі Қазіргі таңдағы Қазақстан тарихы сабағы Тарихты оқытуда көркем әдебиетті пайдалану әдістері Тарихты оқытудағы жаңа технологиялар Тарих сабағында оқушыларда қалыптастырылатын іскерліктер мен дағдылар Мұғалім тұлғасы және оның тарих сабағына даярлығы Тарих сабағы Тарихты оқыту кезінде оқушы білімін тексеру мен бағалау Тарих сабағындағы тәрбие жұмысы Тарих пәнінен сыныптас тыс жұмыс Тарих кабинеті.

Практикалық сабақтар: Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен хронологиялық кесте құру Орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронологиялық кесте құру Жаңа заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронолгиялық кесте құру Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен синхрондық хронологиялық кесте құру Ежелгі дүние тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Орта ғасырлар тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Жаңа заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен картографиялық ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен рольдік ойындар жасау Қазіргі заман тарихы пәні бойынша оқулық мәтінінен кейс жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша кино-сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру дәстүрлі сабағына әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жаңа тақырыпты меңгеру интерактивті сабағына әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша кейске әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша саяхат сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау дәстүрлі сабағына әдістемелік талдау жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау сабағын интерактивті сабағына әдістемелік талдау жасау Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша білім жүйелеу, қайталау сабағын ойын әдісі арқылы өткізуге әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша жарыс-сабаққа әдістемелік талдау жасау. Мектеп оқулығы тақырыбы бойынша дебат-сабаққа әдістемелік талдау жасау.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Қазіргі таңдағы білім беру жүйесін меңгеру

Емтихан.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Ресей тарихы және Кеңес мемлекеті

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Исмаилов Анвар Исмаилович

Доцент/ оқытушы:

профессор

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-30, ОСӨЖ-60, СӨЖ-60

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 180

Кредиттер / сынақ бірліктері

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Ежелгі дүние тарихы, Орта ғасырлар тарихы, Патша үкіметінің отарлық саясаты, Жаңа заман тарихы, Қазіргі заман тарихы және т.б.


Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Тарихи даму процесін танудың қалыптасуы;

-Дәуірлер мен ұрпақтар бірлестігі;Тарихи процестердің даму заңдылықтары;Тарихтағы жеке адамдар мен халық бұқарасының ролі;Ресей тарихы дүние жүзіліек тарихи дамудың құрамдас бөлігі;-тарих сабақтарының мәні;Ресей қоғамының қазіргі даму заңдылықтарына тарихи баға беру;Ресей тарихын өткен тарихи кезеңдердің жалғасы ретінде қарау.

Мазмұны

Дәрістер: Орта ғасыр.Феодализмнің даму ерекшеліктері. Феодалдық құрылыстың негізгі кезеңдері. Феодалдық әлеуметтік және экономикалық құрылыстың қалыптасуы. Ерте ота ғасыр (ХІІ ғ. дейін)Феодалдық дәуірдің басталуы. Феодалдық бытыраңқылық. Алғашқы феодалдық мемлекеттер. Ежелгі Шығыс славяндар- орналасуы, әлеуметтік құрылымы, көршілермен қарым-қатынасы.Славяндарда феодалдық құрылыстың шығуы. Дамыған орта ғасыр (ХІІ-ХҮғ. Басы) Бір орталыққа бағынған Ресей мемлекетінің құрылуы мен нығаюы. Орыс жерлерінің Мәскеу төңірегіне бірігу алғышарттары. Владимир-Суздаль князьдығы. Территориясы. Экономикалық, әлеуметтік және мәдени дамуы. 3.Юрий Долгорукий және Мәскеу негізінің қалануы. 4.Андрей Боголюбский және ішкі саясаттағы өзгерістер. Мәскеудің өрлеуі. Кейінгі орта ғасыр (ХҮ-ХҮІІғғ.) ХҮІІ ғасырдың басындағы Ресей. ХҮІІ ғасырдың бас кезіндегі шаруалар соғысы. Капиталистік қатынастар-дың қалыптасуы. Ресей тарихындағы «Жаңа кезең» Жаңа кезеңдегі Ресей тарихы. 2.1.Жаңа кезеңдегі Ресей тарихы. ХҮІІ ғасырдағы Ресей. ХҮІІ ғ. Ресейдің экономикалық дамуы. Феодалдық Ресейдің одан әрі дамуы. Ресей империясының құрылуы. Ресей ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырлар аралығында. Ресейдің ХҮІІІ ғасырдың бірінші ширегіндегі экономикалық дамуы. ХҮІІІ ғасырдың екінші жартысында Ресейдегі капиталистік қатынастардың дамуы. Феодалдық крепостниктік шаруашылықтың ыдырай бастауы. Е.И.Пугачев бастаған шаруалар соғысы. Ресейдегі азаттық қозғалыстың дворяндық кезеңінің басталуы. ХІХ ғасырдың 30-50 жылдарындағы Ресейдегі қоғамдық қозғалыс. ХІХ ғасырдың Бірінші жартысындағы Ресей. ХІХ ғасырдың 60-70 жылдарындағы буржуазиялық реформалар. ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы Ресейдің сыртқы саясаты. Ресей ХІХ-ХХ ғасырлар аралығында. Революциялық дағдарыстың пісіп жетілуі. Империализм дәуіріндегі халықтық тұңғыш революция. Ресей бірінші дүниежүзілік соғыста. Ақпан буржуазиялық–демократиялық революциясы. Капитализмнен социализмге өтудің басталуы. Қазіргі кезеңдегі Ресей тарихы. Жаңа экономикалық саясат: Кеңес экономикасы мен демократиясының дамуы (1921-1927жж.) КСРО бірінші бесжылдықтар жылдарында. Әміршіл-әкімшіл жүйенің өркендеуі (1928-1941жж.) 1941-1-945 жылдардағы Ұлы Отан соғысы. Қазіргі заман тарихының екінші кезеңі (1945-2002). Социализмнің әлемдік жүйесі.

Практикалық сабақтар: Ғылым және ғылыми техникалық прогресс. Капитализммен күрес. Л.Брежнев ОК КОКП-ның бас хатшысы. Социализмді ары қарай дамытудың бағыттары. Кеңес халқының әл-ауқаты мен мәдениетінің өсуі. СССР-дің 50 жылдардағы сыртқы саясаты. КОКП-ның ХХІІІ сьезді. Экономикалық реформа. А.Косыгин –СССР Кеңс министрлігінің төрағасы. .Ауыл шаруашылықтағы дағдарыс. Л.Брежнев және оның қоршаған ортасы (1964-1982). Халықаралық қатынастағы сациалистік интернационализм. Афганистанға басып кіру(1979). Кеңес Одағы 60-жылдар мен 80- жылдардың бірінші жартысында. КОКП 60-жылдар мен 80 жылдардың басындағы жаңа экономикалық, әлеуметтік және саяси жағдайда. Кеңестік жалпыхалықтық мемлекет. Кеңес ғылымы, халыққа білім беру және мәдениет. Социалистік елдердің бірлігін нығайту.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Ресей тарихы дүние жүзілік тарихи дамудың құрамдас бөлігі.

Емтихан.


3 курс

5 семестр

Пәннің аталуы

Орталық Азия ХҮ-ХХғғ. басындағы тарихы

Қысқартылған атаулар




Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)

Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ

Семестр:

5

Оқытушының Т.А.Ә.

Тапалов Дуйсенбек Жанибекович

Доцент/ оқытушы:

аға оқытушы

Жұмыс тілі

қазақша

Оқу жоспарымен сәйкестігі

Кәсіптік пәндер, таңдау компоненті

Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны

Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45

Еңбек сыйымдылығы

Барлығы - 90

Кредиттер / сынақ бірліктері




Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары

Пререквизиттер: Қазақстан тарихы, Ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы , Қазақстанның ежелгі және орта ғасырлар тарихы

Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі

Студенттерге Орталық Азия халықтарына қатысты маңызды процестерді айқындап, олардың мән-маңызын ашып көрсетуде бағыт-бағдар беру.

Мазмұны

Дәрістер: Орталық Азия және Қазақстандағы XVI басы – XVII ғғ. саяси оқиғалар. Бұхар хандығының құрылуы. Хорезм хандығының құрылуы. Қазақ хандықтары. Ақназар хан. Тянь-Шань қырғыздары. Орталық Азияның XVI – XVII ғғ. шаруашылығы, қолөнері және саудасы. Аграрлық қатынастары. Орталық Азия хандықтарының Орыс мемлекетімен байланыстары Орталық Азия және Қазақстан халықтарының мәдениеті. Сәулет өнері, ғылымы,әдебиеті. (XVI – XVII ғғ Орталық Азия және Қазақстан XVII ғ. екінші жартысы мен XVIII ғ. саяси оқиғалар. Жоңғарлардың басып кіруі. Кіші жүз бен Орта жүздің Орыс қол астына кіруі. Шаруашылығы. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. XVII – XVIII ғғ. қырғыздар. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қоқан мен Хиуа хандықтары. Орта Азия хандықтарының Орыс мемлекетімен байланыстары Орта Азия хандықтарының мәдениеті (XVII - XVIII ғғ.). Сәулет өнері, ғылымы,әдебиеті. XVIII ғ.аяғы – XIX ғ. Орталық Азия. Қоқан және Хиуа, Бұхар эмираттары. Экономикалық және саяси ахуалдары. XVIII ғ. – XIX ғ. Орталық Азия және Қазақстанның мәдениеті. Сәулет өнері. Декоративті – қолданбалы өнері. Көркем өнері. Әдебиеті. Театр өнері. Орталық Азия тарихы мен мәдениетіндегі дін. Ұлы Дала мен Моғолстан көшпенділерінің исламдану үрдісі. XIX ғ.аяғындағы Орталық Азия. Саяси оқиғалар. Қазақстандағы XIX ғ.60-90 жылдарындағы әкімшілік – саяси реформалар. Патша өкіметінің Орталық Азия аймағындағы сауда – экономикалық және әскери – саяси жағдайы. Арал өңірі қазақтарының XIX ғасырдағы Хиуа хандығы мен Ресейге қарсы ұлт – азаттық күресі.. Ресей империясының құрамындағы Орталық Азия. 1867 – 1868 және 1891 жж. саяси реформалар. 1897 ж. Халық санағы бойынша халық саны. XX ғ. басындағы Орталық Азиядағы саяси оқиғалар. Хиуа хандығындағы түркімендердің көтерілісі (1916 ж.). Қазақстандағы 1916 ж. көтеріліс. Орталық Азия төңкеріс қарсаңында. Аграрлық периферия. Отарлық өнеркәсіп. Марғау әлеуметтік құрылыс.

Практикалық сабақтар: Орталық Азия және Қазақстандағы XVI басы – XVII ғғ. саяси оқиғалар. Орталық Азияның XVI – XVII ғғ. шаруашылығы, қолөнері және саудасы. Орталық Азия хандықтарының Орыс мемлекетімен байланыстары. Орталық Азия және Қазақстан халықтарының мәдениеті. (XVI – XVII ғғ.). Орталық Азия және Қазақстан XVII ғ. екінші жартысы мен XVIII ғ. саяси оқиғалар. XVIII ғ. екінші жартысындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық дамуы. Орта Азия хандықтарының мәдениеті (XVII - XVIII ғғ.). XVIII ғ.аяғы – XIX ғ. Орталық Азия. Қоқан және Хиуа, Бұхар эмираттары. XVIII ғ. – XIX ғ. Орталық Азия және Қазақстанның мәдениеті. Орталық Азия тарихы мен мәдениетіндегі дін. Ұлы Дала мен Моғолстан көшпенділерінің исламдану үрдісі. XIX ғ.аяғындағы Орталық Азия. Саяси оқиғалар. Қазақстандағы XIX ғ.60-90 жылдарындағы әкімшілік – саяси реформалар. Патша өкіметінің Орталық Азия аймағындағы сауда – экономикалық және әскери – саяси жағдайы. Ресей империясының құрамындағы Орталық Азия. XX ғ. басындағы Орталық Азиядағы саяси оқиғалар. Орталық Азия төңкеріс қарсаңында.

Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері

Орталық Азия халықтарына қатысты маңызды процестерді айқындап, олардың мән-маңызын түсіндіреді.

Емтихан.