Информатика
Вид материала | Документы |
- Рабочая учебная программа по дисциплине «Информатика» Направление №230100 «Информатика, 91.73kb.
- Темы рефератов по курсу «Информатика», 10.55kb.
- Программа дисциплины Иностранный язык профессионального общения для направлений 080700., 259.96kb.
- Рабочая программа дисциплины: «Информатика с методикой преподавания» Для специальности:, 495.05kb.
- Рабочая программа «Основы микроэлектроники» для специальностей «Информатика и английский, 501.86kb.
- Учебно-методический комплекс по дисциплине б в дв. 01- цифровая обработка сигналов, 603.86kb.
- «Информатика», 1976.18kb.
- Учебно-методический комплекс по дисциплине педагогика направление подготовки, 1570.07kb.
- Программа пропедевтического курса «Информатика в играх и задачах», 125.46kb.
- Рабочая программа дисциплины для студентов магистратуры, обучающихся по направлению, 120.54kb.
1 курс
2 семестр
Пәннің аталуы | Қазақстан тарихы (Ежелгі Қазақстан тарихы) |
Қысқартылған атаулар | |
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | 2 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Таштанов Ж.А. |
Доцент/ оқытушы: | аға оқытушы |
Жұмыс тілі | қазақ |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | ЖБП, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45 |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы-135 |
Кредиттер / сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары | Пререквизиттер: ЖОО-ның бағдарлама көлемі бойынша курсты меңгеру үшін студенттер әдебиеттермен жұмыс істей білуі қажет, ақпараттарды талдай білу, дағдысын меңгерген және компьютерлік интернетті қолдана білу керек. |
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі | Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуірден ХІІІғ басына дейінгі тарихи процестің негізгі кезеңдері және ерекшеліктері туралы толық түсініктер беру. |
Мазмұны | Дәрістер: Кіріспе. Қазақстан тарихының тарихқа дейінгі кезеңі. Қазақстан жеріндегі қола ғасыры. Сақ-сармат дәуіріндегі Қазақстан. Ғұн, үйсін, қаңлы ерте мемлекеттік құрылымдары.Қазақстан территориясындағы ҮІ-ІХғғ мемлекеттер. Қазақстан территориясындағы ІХ-ХІІғғ мемлекеттер. Түріктердің материалдық және рухани мәдениеті. Практикалық сабақтар: Тас дәуірдегі Қазақстан. Қола дәуірдегі Қазақстан. Көшпеділіктің пайда болуы. Ерте темір дәуірі тайпалары жайлы жазба деректер. Сақ тайпалық бірлестігі. Үйсін мемлекеті. Қаңлы. Ғұн тайпаларының Қытаймен қарым-қатынасы.Түрік қағанаты. Түргеш қағанаты.Қарлұқ қағанаттары. Қарахан, оғыз, қимақ мемлекеттері.Оғыз мемлекеттері. Қимақ мемлекеттері. Х-ХІІғғ ұлы ғұламалар мен ойшылдар. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Курсты оқу барысында тарихи заңдылықтар мен көзқарастарды таптық тұрғыдан түсініп, деректік мәліметтерді игеруде студенттің сын көзқарасы мен ой дербестігі қалыптастыру. Емтихан. |
1 – курс
2 семестр
Пәннің аталуы | Экономиқалық теория негіздері |
Қысқартылған атауы | ЭТ |
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ,СӨЖ |
Семестр: | Семестр 2 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Мауленбердиева Г.А. |
Доцент / оқытушы: | Аға оқытушы |
Жұмыс тілі | қазақша |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | ЖБП, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Дәрістер–30, практикалық–15,ОСӨЖ–45,СӨЖ–45. |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы – 135сағат |
Кредиттер / сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары | Студент әдебиеттерiмен, оқу құралдарымен, сөздiктермен, компьютермен жұмыс жасай бiлуi қажет. |
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі | Мақсаты- болашақ мамандарды қазiргi қоғам өмiрiнiң экономикалық проблемалары мен таныстыру, олардың мемлекетiмiздiң экономикалық саясатын жасауға және оны жүзеге асыруға белсене қатынасу қабiлеттiгiн дамыту. Нәтижесінде студенттерге нақты бiлiм беру және экономикалық заңдар мен категориялардың iс-әрекетiн нарықтық проблемаларын шешуге пайдалана алатын, болашақтағы және ағымдағы экономикалық ситуацияларды бағалай бiлетiн өз еркiмен шешiмдер қабылдай алатын жоғары квалификациялы фундаменталды мамандар дайындау. |
Мазмұны | Дәрістер: 1-бөлім Экономикалық теорияның жалпы негізі. Экономикалық теорияның пәні зерттеу әдістері жәнеқызметтері. Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселелері. Қоғамдық шаруашылық формалары. Тауар және ақша. 2-бөлім Нарықтық экономиканың негізгі теориясы. Нарық. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы. Нарықтық механизм және оның элементтері. Нарықты экономика: мәні мен қортындыны өлшеу. 3-бөлім Жеке өндіріс теориясы. Нарқты экономиканы ұйымдастырудың негізі ретінде фирма.Фирманың табыстары мен шығындары. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. 4- бөлім Ұлттық экономиканы ұдайы өндіру. Ұлттық экономика жүйе ретінде. Макроэкономика ұғымы. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары. Экономикалық өсу. Нарықтық экономиканың циклдылығы. 5-бөлім Әлемдік экономикалық қатынастар. Қаржы жүйесі және қаржы саясты.Ақша –несие саясаты. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және табыстар. Дүниежүзілік шаруашылық. Практикалық сабақтар: 1.Экономикалық теорияның пәні зерттеу әдістері және қызметтері. 2.Қоғамдық өндіріс. Экономикадағы таңдау мәселелері. 3. Қоғамдық шаруашылық формалары. Тауар және ақша. 4.Нарық. Нарықтың құрылымы және инфрақұрылымы. 5.Нарықтық механизм және оның элементтері. 6.Нарықты экономика: мәні мен қортындыны өлшеу. 7.Фирманың табыстары мен шығындары. 8. Өндіріс факторларының нарығы және факторлық табыстардың қалыптасуы. 9.Ұлттық экономика жүйе ретінде. Макроэкономика ұғымы. Ұлттық экономика және оның негізгі мақсаттары. 10.Экономикалық өсу. Нарықтық экономиканың циклдылығы. 11. Қаржы жүйесі және қаржы саясты. 12.Ақша –несие саясаты. 13. Мемлекеттің әлеуметтік саясаты және табыстар. 14.Дүниежүзілік шаруашылық. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Нарық жағдайында еркiн iс-әрекет етуге баулу;нарықтық экономиканың механизмiмен таныстыру, студенттердi экономикалық талдау жасауға үйрету |
Оқу іс әрекетінің нәтижесі қорытынды тексеру формасы | өз еліміздің даму құрылымымен салыстырмалы анализ жасай білу; емтихан тапсыру, емтихан түрі тест |
Оқытудың электрондық және техникалық құралдары | Презентация, электронды оқу құралы слайдтар Емтихан. |
1 – курс
2 семестр
Пәннің аталуы | Педагогикалық мамандыққа кіріспе |
Қысқартылған атауы | |
оқу іс-шаралары /оқу пәндерінің курстарв (егер бар болса) | Дәрістер, ӨСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | Семестр 2 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Ибрагим Қ.Ә. |
Доцент / оқытушы: | п.ғ.к., аға оқытушы |
Жұмыс тілі | қазақ тілі |
Оқу жоспарымен сәйкестілігі | Базалық пәндер, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Дәрістер – 15, ОСӨЖ – 15, СӨЖ – 15 |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы – 45 сағат |
Кредиттер / сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары | Пререквизиттер: философия, психология, тарих, мәдениеттану, физиология, гигиена |
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі | Болашақ мұғалiмдердi бүгiнгi педагогика ғылымның теориялық-әдiснамалық бiлiмдерiнiң негiздерiмен қаруландыру болып табылады. Сондай-ақ, қоғамның-экономикалық жағдайларының динамикалық өзгеру жағдайында оқушының жеке басын қалыптастыруда тұтас педагогикалық процестi тиiмдi ұйымдастыра бiлу икемдiгiн қалыптастыру болып табылады. |
Мазмұны | Дәрістер: Философия адамзат қоғамы мен ойлау табиғаты дамуының ең негізгі заңдылықтары туралы ғылым ретінде. Қазіргі замандағы білім беру. Білім беру философиясының негізгі ұғымдары. Білім беру құндылық, жүйе ретінде. Білім беру процесс пен іс-әрекет ретінде. Білім беру нәтиже ретінде: сауаттылық-білімділік-кәсіби-компетенттілік-мәдениет-менталитет. Білім берудегі дүниежүзілік дағдарыс: негізгі белгілері мен одан шығу жолдары, болашақ мамандардың философиялық білімі олардың дайындығының әдіснамалық негізі. ХХІ ғасырдағы білім берудің дамытудың басыңқы бағыты ретінде философияның педагогикамен байланысы. Философиядағы гуманистік тенденция. Болашақ мамандардың білімі мәселесіне қойылатын қазіргі талаптар. Компетенттілік білім берудің жаңа парадигмасы. «Педагогикалық мамандыққа кіріспенің» ғылыми педагогикалық білімдер саласындағы рөлі мен орны. Жеке тұлға ұғымы және оның педагогикадағы сипаттамасы. Жеке тұлғаға бағытталған білім берудің концепциясы және педагогикалық іс-әрекетті компетенттілік (құзырлық) тұрғыдан қарау (арнайы, коммуникативтік, 1ақпараттық, әлеуметтік, тұлғалық, дербестік, жекелік, өзіндік, білімділік және т.б.). Мұғалім тәрбие мен білім бюеру саласындағы тәжірибелік жұмысты жүргізуші тұлға ретінде (мектеп мұғалімі, мектепке дейінгі мекеменің немесе балалар үйінің тәрбиешісі, жоғары оқу орнының мұғалімі т.б.). Қазақстан Республикасының қоғамдық-саяси өмірі мен рухани мәдениетіндегі дәстүрлер. Саяси құндылықтар қоғамның әлеуметтік-рухани деңгейінің құбылысы. Қазақстан Республикасының патриот азаматын тәрбиелеу. Этномәдени ортада әлемдік білім кеңістігінде ұлтаралық қатынас мәдениетімен өзара байланысты көпмәдени жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұғалім еңбегінің әлеуметтік маңызы. Педагогикалық мамандықтың тарихы. Қоғамның әлеуметтік-экономикалық құбылысының түбегейлі өзгеруі жағдайларындағы мұғалім. Қазақстан Республикасының «Білім беру туралы» Заңындағы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасындағы, Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасындағы қазіргі заман мұғаліміне қойылатын талаптар, оның құқықтары мен міндеттері.Мұғалімнің кәсіби іс-әрекетінің сипаттамасы. Педагогикалық процесс – мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Педагогикалық процесті басқарудағы мұғалімнің қызметері. Мұғалім еңбегінің профессиограммасы. Мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері: оқушыларға сүіспеншілік, педагогикалық процесті жүйелі жүргізу, бақылағыштық, педагогикалық құбылыстарға талдау жасай алуы, педагогикалық ойлаудың қалыптасуы, қарым-қатынас жасай алу, ұжымшылдық, шығармашылық және т.б. Педагогикалық ерекшеліктер мен біліктер: конструктивтлік, ұйымдастырушылық, диагностикалық, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік, қолданбалы. Педагогикалық іс-әрекет ұғымы және оның құрылымы. Педагогикалық процесс мұғалім іс-әрекетінің объектісі. Мұғалімнің жеке тұлғасының ізгілікті бағыттылығы. Мұғалім - тәрбиеші іс-әрекетінің ерекшеліктері. Педагогтың жалпы және кәсіби мәдениеті: болмысы, ерекшелігі, өзара қарым-қатынас. Мұғалімнің педагогикалық этикасы мен әдептілігі. Шығармашылық ұғымы. Шығармашылық мәдени-тарихи құбылыс. Қиял мен шығармашылық. Шығармашылық ойлау ұғымы. Таным құрылымындағы шығармашылық. Шығармашылық мәселелері мен дәстүрлші емес міндеттерді шешу процесі. Интеллектуалды белсенділік шығармашылық мәселелері. Ғылыми шығармашылықты зерттеудің негізгі сатылары. Шығармашылық табиғаты мен шығармашылық іс-әрекеттің өлшемдері. Мұғалімнің шығармашылық іс-әрекетін ынталандыру мәселелері. Шығармашылық ортаның шығармашылық жағдай ұғымы. Мұғалім жеке тұлғасының шығармашылық мүмкіндігі мен психикалық денсаулығы. Болашақ маманның шығармашылық әсері арқылы дамуы. Шығармашылық серіктестік пен ынтымақтастықтың мәні . Қазіргі заман технологиялары болашақ маманның шығармашылық көрінісінің жаңа формасы. Педагогикалық қарым-қатынас шығармашылық ретінде. Педагогикалық қарым-қатынас стилі, түрлері, құрылымы. Педагогикалық қарым-қатынастағы мұғалімнің сөзі. Жеке тұлғаның қалыптасуының факторы ретіндегі ұлтаралық қарым-қатынас мәдениеті. Педагогикалық қарым-қатынас білім беру процесі субъектілерінің өзара әрекеттестік формасы. Өздігінен білімін көтеру, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымы және олардың ерекшеліктері. Мұғалімнің кәсіби білімін көтеруі. Өзін-өзі тәрбиелеу болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығының құралы. Өздігінен білімін көтеру жеке тұлғаның шығармашылық мүмкіндігінің қалыптасуы мен дамуының көзі. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрі | «Педагогикалық мамандыққа кіріспе» курсын оқып үйрену нәтижесiнде болашақ педагогикалық қызметке арналған кәсіби-педагогикалық бағыттылықты қалыптасуы қажет. Емтихан (2 семестр) |
1 – курс
2 семестр
Модуль аталымы | Психология |
Молдульдің қысқаша аталымы | - |
Тақырыпша | Психология пәні мен міндеттері, студент және оқытушы психологиясы, қарым -қатынас психологиясы, танымдық және оқу іс-әрекет психологиясы, психологиялық қызмет. |
Оқу пән курсынан оқу іс-шаралар | Тақырыптар бойынша зерттеулер, тақырып мазмұнына орай кесте мен түсініктер беру. |
Семестр | 2 семестр |
Модульге жауапты | Арымбаева К.М. |
Доцент/ оқытушы | п.ғ.к, доцент; |
Жұмыс тілі | Казақ тілі, орыс тілі |
Оқу жоспарымен ара қатынасы | Базалық пәндер, міндетті компонент |
Оқыту формасы, академиялық сағат саны | Дәріс–15 чсағат, практикалық –15 сағат, ОСӨЖ–15 сағат, СӨЖ– 15 сағат |
Еңбек сиымдылығы | 45 сағат |
Кредиты/ зачетные ед иницы | 2 |
Модуль шеңберіндегі оқыту әдісінің шарттары | Курс пререквизиті Философия, Орталық жүйке жүйесі және жоғарғы жүйке жүйесінің іс - әрекетінің физиологиясы, жоғарғы матиматика, социология |
Білім беру мақсаты/ хабардарлылық | Кур мақсаты мен міндеттері Курстың мақсаты: Студенттердің жалпы психология курсында алған білімдері мен зерттеу дағдылары негізінде студенттерді психологиялық ойлауын дамыту, семинар және практикалық сабақтар процесінде психологиялық құбылыстарды жүйелі талдауда ептілікпен дағдыны қалыптастыру. Оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіру; әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамыту; Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныстыру. |
Мазмұны |
|
Оқу іс ірекетінің нәтижесі-қорытынды тексеру формасы | Оқыту іс-әрекет нәтижесінде оқытылған психологиялық құбылыстарды заңдылықтарды негізінде психологияның әр салалары бойынша студенттерде білімдерді жүйелендіруді. Әртүрлі психологиялық фактілер мен теорияларды жүйелі- психологиялық талдау процесінде студенттерде танымдықт дағдылар мен ептіліктерді дамытады. Дүние жүзілік және отандық психология ғылымдарының негізгі принциптерімен, бағыттарымен және идеялары мен таныс болады. |
Оқытудың электрондық және техникалық құралдары | Фильмдер, роликтер, кесте, слайд, презентациялар. |
1 курс
2 семестр
Пәннің аталуы | Археология |
Қысқартылған атаулар | |
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | 2 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Бейсенов М.К. |
Доцент/ оқытушы: | аға оқытушы |
Жұмыс тілі | қазақ |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | Базалық пәндер, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Дәрістер-15, практикалық-15, ОСӨЖ-30, СӨЖ-30 |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы-90 |
Кредиттер / сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары | Пререквизиттер: Бұл курсты оқып-үйрену үшін студенттер алғашқы қоғам тарихы, ежелгі дүние тарихы, этнология және Қазақстан тарихы пәндері бойынша белгілі деңгейде білім қорына ие болуы қажет. |
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі | Курсның негізгі мақсаты студенттерге археология ғылымы туралы жүйелі түрде білім беру, оның өзіндік ғылым саласы ретіндегі ерекшеліктерін ашып беру. |
Мазмұны | Дәрістер: Археологиялық дәуірлер және кезеңдер Археологиялық зерттеу әдістері. Археологиялық деректердің түрлері. Қазақстан археологиясының қалыптасуы және даму тарихы. Қазақстаның палеолиттік ескерткіштері. Мезолит (орта ғасыры).Энеолит (мыс-тас ғасыры). Қола ғасыры. Оңтүстік Қазақстан және Жетісудың сақ мәдениеті. Ескерткіштері.Тасмола мәдениеті. Шығыс Қазақстанның сақ мәдениеті ескерткіштері. Отырар – Қаратау мәдениеті. Түркі-қыпшақ археологиялық ескерткіштері.Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениеті. Іле, Шу және Талас аңғарының ортағасырлық қала мәдениеті. Практикалық сабақтар: Археологиялық қазба жұмыстары. Кеңес дәуірі тұсындағы Қазақстан археологиясы. Ежелгі тас ғасыры археологиясы. АлпысбаевХ., Медеов А., Таймағанбетов А. Еңбектері. Атбасар мәдениеті. Келтемінар ескерткіштері. Ботай мәдениетінің материалдық қалдықтары. Андронов мәдениеті. Андроновтардың шаруашылық құрылымы. Сақтардың археологиялық мәдениеті. Ұлы Жібек жолы және ортағасырлық қалалар. Оңтүстік Қазақстанның архитектуралық ескерткіштері. Қожа Ахмет Яссауи, Айша-бибі ескерткіштері. Отырар алабының ескерткіштері. Отырар қаласы. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Осы пән барысында олар археологияның көптеген маңызды мәселелері бойынша ғылыми мәліметтермен танысуға мүмкіндік алады. Емтихан. |
1 курс
2 семестр
Пәннің аталуы | Ежелгі дүние тарихы |
Қысқартылған атаулар | |
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | 2 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Бейсенов М.Қ. |
Доцент/ оқытушы: | аға оқытушы |
Жұмыс тілі | қазақ |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | Базалық пәндер, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45 |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы-135 |
Кредиттер / сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары | Пререквизиттер: Бұл курсқа дейін студенттер мектеп бағдарламасында ежелгі дүние тарихы, адам және қоғам пәндері бойынша белгілі деңгейде білім қорына ие болуы қажет. |
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі | Ежелгі дүние тарихы курсының мақсаты ежелгі мемлекеттердің пайда болуының алғы шарттарын, тарих заңдылықтар негізінде қарастыру. |
Мазмұны | Дәрістер: Шумер мен Аккад мемлекеті. Ежелгі Вавилон Ассирия мемлекеті. Жаңа Вавилон патшалығы. Кіші Азия және Закавказье елдері . Ежелгі Иран. Ежелгі Үндістан.Ежелгі Қытай. Б.з.б. ІІІ-ІІ мыңжылдықтардағы Греция Б.з.б. VІІІ-VІ ғғ. Греция. Б.з.б. V-IV ғғ. классикалық Греция Б.з.б. V-IV ғғ. Грекиенің әлеуметтік-экономикалық дамуы Б.з.б. V ғ. Афиндік демократия. Пелопонес соғысы және б.з.б. ІV ғ. бірінші жартысындағы Грекие полистік жүйенің дағдарысы Ежелгі Македония және оның Балқан түбегін толық жаулауы Эллинизм дәуірінің тарихы. Ежелгі Рим мен Италия. Республика дәуіріндегі Рим.Б.з.б. ІІ-І ғғ. Римнің әлеуметтік-экономикалық құрылысы Б.з.б. ІІ-І ғғ. Римнің саяси-әлеуметтік тарихы Империя дәуіріндегі Рим . І –ІІ ғғ. Римнің саяси тарихы. ІІІ ғасырдағы дағдарыс және Доминант дәуіріндегі Рим (IV ғ.). Батыс Рим империясының құлауы. Практикалық сабақтар:Ежелгі патшалық дәуіріндегі Египет. Орта және жаңа патшалық дәуіріндегі Египет. Шумер-Аккад және Ежелгі Вавилон.Ассирия және Жаңа Вавилон патшалығы.Кіші Азия, Закавказье және Ежелгі Иран елдері.Шығыс Жерорта теңізі елдері және Ежелгі Үндістан. Ежелгі Қытай. 8. Көне Греция тарихы (б.з.б. ІІІ мыңж. – VI ғғ.).Б.з.б. V-IV ғғ. классикалық Греция.Б.з.б. V ғ. Афиндік демократия және Пелопонес соғысы.Эллинизм дәуірінің тарихы.Патшалық және Республика дәуіріндегі Рим. Б.з.б. ІІ-І ғғ. Рим. Империя дәуіріндегі Рим.Батыс Рим империясының құлауы. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Ежелгі Шығыс елдерінің тарихи даму процесіндегі Батыс елдерінен айырмашылығын ажырату болып табылады. Емтихан. |
1 курс
2 семестр
Пәннің аталуы | Түркістан тарихы |
Қысқартылған атаулар | |
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Дәрістер, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | 2 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Нартбаев Ш.Ж. |
Доцент/ оқытушы: | т.ғ.к. аға оқытушы |
Жұмыс тілі | қазақ |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | Базалық пәндер, таңдау компоненті |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Дәрістер-30, практикалық-15, ОСӨЖ-45, СӨЖ-45 |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы-135 |
Кредиттер / сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары | Пререквизиттер: «Түркістан тарихы» курсы - әр түрлі бағдардағы маман тарихшыларды дайындаудағы негізгі оқу пәндерінің бірі. Бұл курсты оқып-үйрену үшін студенттер алғашқы қоғам тарихы, археология, этнология пәндері бойынша белгілі деңгейде білім қорына ие болуы, компьютермен жұмыс жүргізе білуі қажет. |
Білім беру мақсаттары / құзыреттілігі | Түркістан тарихы ғылымы туралы жүйелі түрде білім беру, оның өзіндік ғылым саласы ретіндегі ерекшеліктерін ашып беру. |
Мазмұны | Дәрістер: Түркістанның географиялық және тарихи саяси ұғым. Түркі тектес әскери тайпалық мемлекеттер. Ерте орта ғасырлық мемлекеттер Қараханидтер дәуірі. Түрік қағанаты. Қарлұқ Қараханид және Қарақытай мемлекеттері. Көшпелі өзбек мемлекеті Шайбанилер. Темір дәуірі. Қазақ хандығы империясының Түркістан өлкесімен Орта Азияны жаулап алуы. ІІ-дүние жүзілік соғыс тұсындағы Түркістан өлкесі. Қазіргі замандағы Түркістан. Түркі-қыпшақ археологиялық ескерткіштері. Оңтүстік Қазақстанның ортағасырлық қала мәдениеті. Іле, Шу және Талас аңғарының ортағасырлық қала мәдениеті. Практикалық сабақтар: Пәннің мақсаты мен мазмұны, маңызы. Түркістанның географиялық және тарихи саяси ұғым.Түркі тектес әскери тайпалық мемлекеттер. Қараханидтер дәуірі. Түрік қағанаты.Ерте орта ғасырлық мемлекеттер.Қарлұқ, Қараханид және Қарақытай мемлекеттері.Темір дәуірі.16 – 17 ғасырлардағы қазақ хандығының сауда экономикалық және мәдени байланысы.Көшпелі өзбек мемлекеті. Шайбанилер. Ресей испериясының Түркістан өлкесімен Орта Азияны жаулап алу.Революция қарсаңындағы Түркістан. Бірінші дүниежүзілік соғыс тұсындағы Түркістан өлкесі.Қазіргі замандағы Түркістан. Түркістан тарихының әлем тарихында алатын орны |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Осы пән барысында олар археологияның көптеген маңызды мәселелері бойынша ғылыми мәліметтермен танысуға мүмкіндік алады. Емтихан. |
2 – курс
3,4 семестр
Пәннің аталуы | Қазақ (орыс) тілі |
Қысқартылған атауы | K(О)Т |
Оқу іс-шаралары/оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Практикалық, ОБСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | Семестр 3,4 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Миятбекова З.У. |
Доцент / оқытушы: | аға оқытушы |
Жұмыс тілі | Қазақша, орысша |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | Жалпы білім беру пәндері, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Практикалық-45, ОБСӨЖ -45, СӨЖ -45 |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы - 135 |
Кредиттер/ сынақ бірліктері | |
Модуль аясында оқытуға | Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған. |
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі | Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру. |
Мазмұны | Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту / емтихан. |
2 – курс
3, 4 семестр
Пәннің атауы | Шет тілі |
Қысқартылған атауы | ШТ |
Оқу іс-шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса) | Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ |
Семестр: | Семестр 3,4 |
Оқытушының Т.А.Ә. | Кафедра |
Доцент / оқытушы: | Кафедра |
Жұмыс тілі | Шетел тілі / казақша |
Оқу жоспарымен сәйкестігі | ЖБП, міндетті компонент |
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны | Практикалық – 90, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45. |
Еңбек сыйымдылығы | Барлығы - 270 |
Кредиттер / сынақ бірліктері | 6 |
Модуль аясындағы оқытуға қабылдау жағдайлары | - |
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі | Жоғары оқу орнында белгіленген бағытта жалпы білім беретін блоктың пәні ретіде шетел тілін оқытудың негізгі мақсаты шетел тілін ауызекі және тұрмыстық тіл ретінде меңгеру және шетел тілін күнделікті, сондай-ақ кәсіби қарым-қатынаста да белсенді қолдану үшін мамандық тілі ретінде меңгеру болып табылады. |
Мазмұны | Шетел тілдерін меңгерудің жалпыеуропалық хабардарлығы бойынша (2001 ж.) шетел тілін оқып-білудің бастапқы және жетілген деңгейлерін игеру (А1, А2 және В1). Сөйлеу қызметінің басты түрлері мен формаларын игеру үшін фонетикалық және лексика-грамматикалық минимумдарын меңгеру. Фонетика: әріп және әріп тіркесін оқу мен айтудың негізгі ережелері. Тілдің орфоэпиялық нормалары. Сөйлеудің интонациялық-ырғақтығы бейнесі. Орфографиялық: тілдің дыбыс-әріптік жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөзжасамдық моделдер; базалық тілдің 3500 бірлік көлеміндегі лексикалық минимумы, сонымен қатар мамандық саласына сәйкес терминдер; қолданылу саласы бойынша лексиканың дифференциациясы. Грамматика: базалық тілдің негізгі грамматикалық жәнен мамандыққа жақын тілдің неғұрлым жиі кездесетін құбылыстары. Сөйлеу қызметінің түрлері мен формалары. Оқу. А 1. Таныс есімдерді, сөздерді, сондай-ақ жай сөйлемдерді хабарландырудан, каталогтан, плакаттардан түсіну. А 2. Күнделікте тұрмыста қолданылатын қарапайым мәтіндер: жарнамалар, проспектілер, мәзірлер, кестелерден қысқа және жеңіл мәтіндерді, айтып бере алатын нақты мәліметтерді таба білу. Өзіндік жеке сипаттағы қарапайым жазбаны түсіну. В 1. Жиі кездесетін сөздері мен конструкциялары бар күнделікті және кіші кәсіптік саладағы мәтіндерді түсіну. Өзіндік жеке сипаттығы жазбадан оқиға, сезім, ниет қалыбын түсіну. Аудиториялау. А 1. Адамға, оның отбасына, тікелей қоршаған ортаға қатысты таныс сөздер мен жиі қолданыстағы мағынаны түсіну. А 2. Адам мен оны қоршаған ортаға қатысты (мысалы, отбасы, сатып алу, жақын араласатын орта, жұмыс) жиі пайдаланылатын сөздер мен мағыналарды түсіну. Жалпы сипаттығы қысқа анонс пен жеңіл хабарларды түсіну. В 1. Тұрмыстық тақырыптағы (жұмыс, оқу, демалыс және т.б.) түсінікті және әдеби нормаларды сақтап құрастырылған мағыналарды түсіну. Егер сөйлеу анық және баяу болса, радио және телехабардың, сондай-ақ өзіндік жекеге немесе кәсіптік қызығушылыққа қатысты бағдарламалардың көпшілігін түсіну. Айту, Монолог. А 1. Тұрып жатқан жері мен таныстары туралы мәліметті жеңіл сөйлемдермен айтып беру. А 2. Өзінің отбасы, өмірі оқуы, жұмысы және әр түрлі адамдар туралы айта білу. В 1. Күрделі емес сөйлемдерді пайдалана, отырып өзінің көзқарастарын қысқаша баяндау және дәлелдей білу; өз пікірін айта от ырып, кітаптар мен фильмдердің мазмұнын бере білу. Сұхбат. А. 1 Егер әнгімелесуші сіздің өтінішіңіз бойынша өз сөздерін ақырындап қайталап немесе өзінің ойын қайта түсіндіріп берсе, онда сұхбатқа қатысу. Қарапайым сұрақтар қоя білу және оларға оқып жатқан тақырып шеңберінде жауап беру. А 2. Белгілі бір тақырып немесе қызмет түрі шеңберінде тікелей ақпарат айырбасын талап ететін жай және күнделікті жағдайларда сөйлесе білу. В 1. Оқып жүрген тілге қатысты мемлекеттердің біріне сапар шеккен кезде пайда болуы мүмкін қарапайым жағдайлардың көпшілігінде сөйлесе білу. Әр түрлі тақырыптағы сұхбаттарға дайындықсыз – ақ қатыса білу (мысалы, отбасы , бос уақыт, жұмыс, саяхат, т.б.). Хат. А 1. Қарапайым сәлемдемелерді жаза (мысалы, құттықтау), бланкті толтыра және қонақ үйге тіркеле білу. А 2. Қарапайым қысқа сәлемдемелер мен хабарламаларды, сонымен бірге жеке хаттарды жаза білу (мысалы, бір нәрсе үшін алғыс білдіру). В 1. Таныс немесе қызықтыратын тақырыптарға жеңіл байланыстырылған мәтінді, сонымен бірге толғаныс пен әсерлері туралы жеке хаттарды жаза білу. |
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері | Емтихан |