С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат
Вид материала | Документы |
Халықтық педагогика математикада Құқық пен қазіргі моральдің арақатынасы |
- Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады, 85.38kb.
- Әбу Насыр әл – Фараби, 23.31kb.
- Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 5824.88kb.
- Лекции по математике выпуск, 812.39kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2601.27kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2602.83kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2601.15kb.
- Предмет изучения материаловедения, 256.09kb.
- Биосфера туралы В. И. Вернадский iлiмi, 48.99kb.
- Список основных трудов Сафуанова Ильдара Суфияновича. Об аффинных частях алгебраических, 24.49kb.
Халықтық педагогика математикада
Мирасилова С.,- Шымкент қаласы №25 Т.Рысқұлов
атындағы гуманитарлық-этнопедагогикалық гимназия мұғалімі
Жас ұрпақты тәрбиелеуде, оқытуда бүгінгі күннің жаңалығы мен талабы үйлесім тауып, ізденіске ұйытқы болуы керек. Егемендігімізді алған елдегі жас ұрпақ бойына қазақтың ұлттық психологиясын, кең пейілділікті, ер жүректілікті, ақынжандылықты және даналықты сіңіре отырып, сана мен ойды, тілді дамытуға көңіл бөлу керек. Бұдан оқыту мен тәрбиелеу процесін жетілдіру ғана емес, оқушының шығармашылық қабілетінің дамуын қамтамасыз ететін жүйе жасау қажеттігі туады.
Осы бағытта оқушының белсенділігін арттырып, танымдық зерттеу ой-таласын туғызып, оқу материалын өмірмен байланыстыра отырып іздестірген дұрыс. Біздің гимназияның ұстанған бағытының бірі – этнопедагогикалық болғандықтан сабақта, үйірме жұмыстарында мен халықтық педагогика дәстүрлерін жоспарлап, кірістіріп отырамын.
Мектептегі күрделі пәндердің бірі – математика пәні. Математика бағдарламасының түсіндірмесінде оқушыларлың білімін байыту, олардың математика пәніне деген сүйіспеншілігін туғызу керек деген. Соның бірі мектебіміздегі «Жас математик» үйірмесі болып табылады. Математика нақты ғылым болса да, үйірмеде ол пәнді халық ауыз әдебиетімен байланыстырамын. Үйірмеде математикалық ұғымдар мен терминдерге жұмбақ құрау, математикалық мақал-мәтелдер жинақтау, өлең құрап жұмбақ айтыс формасында ұйымдастыру оқушыларды қатты қызықтырады.
Айтыс – халық ауыз әдебиетінің күрделі арналарының бірі. Оның ішіндегі суырып-салма айтыс өнерінің жүгін арқалау оңай емес. Дегенмен, үйірмеде математикалық ұғымдар туралы білімімізді тереңдетіп кешенді бағытта жұмысты ұйымдастырып, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай өлең, жұмбақ жазып және оның шешімін тауып, ізденуге баулып отырамын.
«Ақынжанды болмаған адам, математик бола алмайды»,-деп, С.В.Ковалевская айтқандай, есепке жүйрік бала өлеңді де сүйеді. Мысалы:
Айтыс іздеп келіп ем мен де мұнда
Бас иіп сәлем бердік құрбыларға
Ұстаздар, аға-іні замандастар
Асығыс сөз сөйлесем кінә қойма
Замандас ә дегеннен амандасты
Әдепті үйреніпті інім жастай
Биікке армандаған қол жетеді
Ақылмен қимылдасаң аспай-саспай
Кең жерде кездесіппін сеніменен
Көңіл хош келеді теңіменен
Математика және өмір туралы
Өлеңдетіп тілдессеңіз менімен
Сұрағым тіл ұшына келеді екен
Сауалға не деп жауап береді екен
Әлемдегі бар затты санайтұғын
Сандардың аталуы немене екен
Кетірмей өлеңімнің келген күйін
Айта алсам бұл да менің жарағаным
Натурал сан емес пе жұмбақ түйін
Нәрсені өмірдегі санағаның
Әріптес сөйлер сөзге шебер екен
Бұл сұраққа қалай жауап берер екен
Қабырғалары тең, бұрышы тік болатын
Көркем, сұлу дегеніміз немене екен
Әр нәрсе сипатталар сыйымында
Табылмайтын нәрсе емес, қиын бұл да
Сұлуға теңегенің жұмбақ етіп
Квадрат тәрізді бұйымың ба
Мұндай математикалық айтыс формасы оқушылардың қызығушылығын арттырып, қарым-қатынасқа, әдептілікке, сөз өнерінің құдыретін түсініп бағалауға үйретті, ұлттық сезімін оятуға әсер етті.
Оқушының білім сапасын жақсартып, ой-өрісін кеңейтіп немесе олқылықтарын толтыруда, оқу материалының ерекшеліктерін зерттеп білуде математика үйірмесінің маңызы зор. Мектепте жас ұрпақтың ой өрісін, рухани өсуін, өмірге бейімділігін, дарыны мен адамгершілігін тәрбиелей отырып, халқын, дәстүрін, ғылым мен өнерді сүйетін шәкірт дайындасақ.
Құқық пен қазіргі моральдің арақатынасы
Сәдуақас Қ.Қ.,- заңгер, «Көкше» университетінің аға оқытушысы
Әлеуметтік реттеу жүйесінде құқық пен мораль маңызды рөл атқарады. Аталмыш екі категорияда әлеуметтік нормалар жүйесіне кіреді. Сондықтан бұл екі ұғым бір-бірімен тығыз байланысты. Бір жағынан құқық пен моральдің ұқсастығы болса, екінші жағынан олардың өзіндік ерекшеліктері бар. Құқықтың моральдің басты ерекшелігі – оның мемлекет жүйесінің күшімен, оның құқықтық саясатымен қамтамасыз етілуінде.
Басқаша айтқанда, құқық бұзушыға мемлекет міндетті түрде жаза қолданады. Ал мораль мәселесі адамның санасы, оның жалпы мәдениетімен бағамдалады.
Сол себепті мораль азаматтық құндылықтардың басты факторларының бірі ретінде қоғамда қалыптасқан ережелермен реттеледі. Осы үрдісте құқық пен мораль бір-біріне қалай әсер етеді, олардың арақатынасы қандай дәрежеде болғанда қоғамға, мемлекетке, адамға тиімді деген пікірлер төңірегінде ой қорытуды жөн көрдік.
Әдетте, құқық та, мораль да, қоғамдық өмірдің түрлі салаларына ену қабілетіне ие. Аталмыш ұғымдар әлеуметтік ортадағы тұлғалардың тәртібімен байланысты. Ал, тәртіп деген адамның өмір сүру қалпы. Ендеше құқық пен моральдің реттейтін мәселелері күрделі әрі ауқымды, тоғысатын жерлері де мол деуіміз керек.
Құқық пен моральдің ортақтығы бұлардың жақындығымен ғана емес, құрылымдарының ұқсастығымен айқындалады. Сөз болып отырған екі жүйе де, кең акқымды құрылымдардан тұрады. Сондықтан, олардың әрекеті құраушы элементтер (қоғамдық қатынастар, қоғамдық сана, норма) бірлігімен ашылады.
Құқықтық сана мен құқықтық нормалар адамгершілік санамен адамгершілік қағидалар қоғамдық қатынастардың ортақ алаңында әрекет етеді. Қандай болса да, мораль болмаған жерде – құқықтық сана жоқ. Құқық пен мораль үшін ортақ нәрсе – бұл құқықтық және моральдік нормалардың болмысын белгілеп, қоғамдық қарым-қатынастарды реттей отырып, адам санасын қалыптастыру болмақ.
Басқаша айтқанда, құқықтың да, моральдің да шешетіні бір мәселе. Бұлардың бір-біріне ықпалы әлсірегенде арақатынасы алшақтаған кезде құқықтық санада дағдарыс пайда болады. Мұндай санадағы дағдарыс біздің елімізде орын алып отырғанын айтпасқа шара жоқ.
Құқықтық сананың дағдарысы Қазақстанға көптеген келеңсіздіктердің туындауына себеп болды. Мәселен «Юридическая газета» деп аталатын басылымның мәліметіне сүйенсек, елдегі есірткі қолдану соңғы жылдары 20 есе өскен. Маскүнемдермен белсенді күрес жүргізілмей келеді. Демографтардың мәліметінде жүз мың қазақ қызы некесіз бала көтеріп отыр делінген. Еліміз сыбайлас жемқорлық бойынша 66 орында тұр.
Біздің қоғамымызда орын алып отырған ол қылықтарға мемлекетіміздегі қалыптасқан құқық жүйесі тосқауыл бола алмай отыр. Ендеше моральдің мүмкіндіктерін сарқа пайдалану талабы өзінен өзі туындамай ма. Жоғарыда келтірген пікірлер мен деректер бізге мынадай қорытынды жасауға негіз береді. Кез келген қалыптасқан құқық жүйесі моральдік тұрғыдан бағалану қажет. Тек қана мемлекеттің күшіне, тыйымға ғана сүйенген құқық жүйесі - қылмыс , тәртіп бұзу басқа да беймораальді әрекеттермен күрес жүргізуде үлкен нәтиже бермейді.
Сондықтан мемлекет органдары құқықтық саясатты жүргізгенде заңмен бірге моральдің ұтымды жақтарын іске асыруы қажет. Егер неғұрлым құқықтық жүйенің нормалары халықтың рухани өмірінің дәстүрлері мен әдеттеріне сай келсе, соғұрлым заңның орындалу мүмкіндігі жоғары.
Қорыта айтқанда, мемлекетімізде ресми идеология түзбейінше, моральді басқа құндылықтардан жоғары қоймайынша, елдегі қылмыс, тәртіп бұзушылық, тағы сол сияқты басқа келеңсіздіктердің алдын-алу қиынға соғады. Ендеше құқық пен моральді бір бағытта, бір мақсатта пайдалану тиімді нәтиже беруі сөзсіз. Олай болса, барлық саналы азамат, бүкіл қоғаи осы үрдіске жұмыс істеуі керек.
Әдебиеттер:
Лукашева Е.А.,- Право. Мораль. Личность. М, 1986.
Храпанюк В.Н.,- Теория государства и права, М, 1995.
Проблемы общей теории права и государства.,- под ред. В.С.Нерсесянца, М, 1998
Юридическая газета.,- №17, 2001 год