С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат

Вид материалаДокументы
Халқымыздың болашағы текті ұрпақ
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   29

Халқымыздың болашағы текті ұрпақ



Ғалиева Б.Ж., - Петропавл қаласы ЛОРД дарынды

балалар мектеп-лицейінің мұғалімі, ғылыми-ізденуші


Ғасыр басынан бастап қазақ халқы еуропалық үрдіс пен салт-сананың, еуропалық дәстүр мен мәдениеттің жаңа түрлерімен өткен замандарға қарағанда жиі араласа бастады. Уақыт өткен сайын ғасырлар бойы дара тіршілік кейін ысырылып, өзге мемлекеттермен ерікті, еріксіз араласудың нәтижесінде далалық өмір салтына басқа дәстүр, басқа тіл, басқа мәдениет элементтері ене бастады.

Әсіресе, іргелес орыс мемлекетінің қазақ өміріне етене араласуы, онан кейінгі кеңес үкіметінің құрамында болған кезеңдегі салтына, өнері мен тіліне, ойлау жүйесі мен жалпы болмыстық ерекшелігіне әсер етті. Өмірдегі барлық инфрақұрылымдарда өзге елдің салт-дәстүрінің баса көктеп ене бастауы, ел ішінде оны жатсынбай қабылдаушылардың молайып, ықылым заманнан бері бұзылмай келе жатқан салт-сананың тіні сетіней бастады.

Қазақ даласында орысша сөйлеп, орысша ойлайтындар, екіжақты некеге отыра бастағандардың қатары арта түсті. 1970-1990 жылдарда әсіресе, біздің өңірде қазақтар орысша мәдениетті, тілді толық қабылдап, орыстілді бірнеше ұрпақ өкілдері қалыптасты. Қазақ отбасыларының 90 пайызы тұрмыстық деңгейде сөйлеген болса, балалары ата-дәстүрінен, қазақ халқының басқа ұлттардан ерекше қадір-қасиетінен жұрдай болып шықты.

Міне, қазіргі таңда қазақ мектебі бола тұрып, баласын орыс мектебіне апаратын, қазақша балабақшада кейбір орыс балалары өзі тіл үйреніп жатса, қазақ ата-ананың орысша сөйлеп, орысша балабақшада балаларына өз еріктерімен тәрбиелену мүмкіндігін туғызып отыр. Ал, енді қаншалықты терең білім, жақсы мамандық алып шыққан жоғары білімді азаматтардың өз ортасында өгей болып, не қызметінде, жора-жолдастарының арасында еркін сөйлеп, жайраңдап жарқылдап жүре алмайтынын, жас немерелердің үлкен адамдардың ұлағатты әңгімелерін түсіне алмауына қынжыламыз. Балаларымыз ұлтына сай есті, ақылды, үлкенді құрметтейтін, әлсізге қамқор, намысшыл, отбасының тірегі, ата-ана алдындағы борышын түсіне алуы, өзінің тегін, жеті атасын құрметтейтін азамат болуы – ұлттық тәрбиеге байланысты.

Қазақта «текті» деген тамаша ұғым бар. Текті бала, текті қыз, тіпті текті жануар, аққуды текті құс, текті аң деп те атайды. «Текті» дегеніміз – ары таза, өз халқының тілін, тарихын, салт-дәстүрін, әдептерін, құрметтеген жан. Текті адам, текті ұрпақ нашақорлықпен, бұзақылықпен, қылмыспен, елін-жерін сатумен айналыспайтын болмақ. Тектіліксіз дегеннің қандай екеніне балалардың көзін жеткізу – тексіз деген айдардан қорқатын, ұяты бар нағыз қазақ етіп тәрбиелеу барлық ата-ананың борышы.

Еліміз егемендік алып, тіліміз мемлекеттік мәртебе алған соңғы жылдары жастардың тәрбиесіне мемлекет тарапынан, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы болашаққа жасаған «Қазақстан - 2030» бағдарламасында мемлекетіміздің қандай бағытта даму керек екендігін белгілеп берді. Еліміздің – елбасының алға қойған зор міндеттерін іске асырушылар – жастар. Олай болса, сол жастардың білім деңгейі, ата-анадан алған тәлім-тәрбиесі қандай дәрежеде екендігі қазір белгілі. Шындығын айтсақ, біздің қоғамымызда әзірге сан алуан қылмыс түрлері көбейіп отыр.

Бұның себебі, жастарға уақытында ұлттық тәрбие бере алмағанымыздан. Әрине, қазіргі таңдағы әлеуметтік-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы да өз әсерін тигізбей отырған жоқ. Кеңес дәуірінде коммунизм құрлысшыларын қалыптастырып, интернационалдық тәрбие алып жатырмыз деп жүргенімізде, әр ұлттың тегі түбірімен құрып кете жаздағанын көрдік.

Ұлттық тәрбие жөнінде ұлы бабамыз Әбу Насыр әл Фараби: «Адамға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім – адамзаттың һас жауы» деген болатын. Оқу мен тәрбие егіз. Ол бір бірінен бөліп қарауға болмайтын, табиғаты танылып тұрған үрдіс. Жаңа ғасырдың жастары – ертеңіміз деп ойласақ, жастарымызды рухани зерделілік жағынын дамытып тәрбиелеу, өз тарихын, мәдениетін қастерлеу, танысу, дүниежүзілік мәдениетке қол созу, тану мақсатында қалыптастыру керек.

Тәрбиенің басты ұстанымдары – жалпыадамзаттық құндылықтарды жеке тұлғаны қалыптастыру, өз халқының мәдениетін, әдебиетін, тілін, салт-дәстүрін сүю арқылы басқа халықтардың да тілі мен мәдениетіне де құрметпен қарайтын нағыз мәдениетті адам қалыптастыру болуы тиіс.

ҚР Президентінің «Қазақстан -2030» атты халыққа жолдауында «Қай мектепте оқығанына қарамай оқушыларды қазақстандық патриотизм мен шығармашылық жағынан дамыған жеке тұлға ретінде тәрбиелеу аса қажет. ХХІ ғасырда Қазақстанның Азия барысына айналуы үшін, бүгіннен бастап ұлттық мінез-құлық, биік талғампаздық, тәккәпарлық, тектілік, білімділік, биік талғам, ұлттық намыс қасиеттерін сіңіріп қалыптастыруымыз керек» делінген.

Тәжірибеде адамға ықпал ететін білімдер сан алуан. Солардың ішіндегі ең парасаттысы, өміршең білім – халықтың өзі жинақтаған тәлім-тәрбие жайлы білімдер жинағы. Себебі бәріміз – ұлттық тәрбиенің жемісіміз. Қазақстанның солтүстік өңірінде қазақ мектептері соңғы жылдары көбейіп келе жатса да, көп қазақ балалары орыс мектептерінде білім алуда. 20 мыңнан астам оқушы қазақша ұлттық тәрбие алу мүмкіндігінен шет қалып отыр.

Қазақ мектептерінде халықтық педагогиканы іске асырумен бірге орыс мектептеріндегі қазақ балаларының тәрбиесі де қазақ тілі мұғалімдері мен мектеп әкімшілігінің назарынан тыс қалмауы керек деп санаймыз. Мемлекеттік тілдің аясын кеңейте отырып, ең алдымен қазақ тілінде жақсы сөйлеп, еліне қызмет ететін қазақ азаматтарын даярлаудың қажеттігін, осы мәселенің шешу жолдары – қазақша білім беретін балабақшадан бастап, колледждер, мектептер, университеттер және басқа оқу орындарының санын жылдан жылға көбейте беру керек.

Ақыл мен дарыннан туған ауыз әдебиеті мен ұлттық тәжірибелерден қалыптасқан салт-дәстүрді халық педагогикасы дейміз. Бұл жөнінде ұлы Аристотель «тәлім-тәрбиенің негізі – халық тәжірибесінде» деп көрсеткен. Халық педагогикасы мен ұлттық педагогикалық ойлардан құралған қазақ этнопедагогикасы – жүйеленіп жеке дара қалыптасқан ғылым. Ол ұлттық мәдениеттің негізі болып саналады. Марко Поло тамсанған, А.Янушкевич таң қалған, Даль іздеген, Радлов жоғары бағалаған – халқымыздың өнері мен ауыз әдебиеті, салт-дәстүрлері ұлттық педагогиканың қуатты құрамы екендігін айғақтайды.

Халық педагогикасының тілашар дәстүрі бала тәрбиесін тіл үйретуден бастап, тіл мәдениетін бейімдеуді көздейді. Санамақ, тақпақ, өлең, мақал-мәтелдер – тәлім-тәрбие құралына айналады. Жаңылтпаштар арқылы тіл ширатуды, жұмбақтар арқылы ой дамытуды, мазақтамалар арқылы намыс оятуды, мақал-мәтелдер арқылы адамгершілікке баулуды, батырлар жырлары арқылы ерлікке баулуды, терме-жырлар арқылы бірлікке, достыққа тәрбиелеуді, дене тәрбиесін беріп, әсемдікке қызықтырып, өтірік өлең арқылы бала қиялын дамытуды, ертегілер арқылы алуан түрлі тәрбие беруді, аңыз әңгімелер арқылы болашыққа сенуді, өткеннен үлгі - өнеге алуды үйретіп, тәрбиелік мақсаттарын орындайды.

Халықтық педагогиканың екінші саласы – ұлттық салт-сана. Олар әдет, әдет-ғұрып, дәстүр, салт-сана болып қалыптасқан. Жақсы әдеттен әдет-ғұрып қалыптасады, ол ұлттық әдеп сияқты мәдениеттілік нышанын қалыптастырады. Әдет, әдет-ғұрып ұлттық мәдениеттің мәдени іргетасын құрайды.

Ұлттық мәдениеттің негізі - әдептен дәстүр арқылы қалыптасқан. Дәстүр көп қолданыстан салтқа, яғни қолданыс заңдылығына айналған, сөйтіп салт-дәстүр негізделіп, ұлттық санаға сіңіп сөзсіз орындалатын заңдылық болып, салт-санаға айналған.

Қазақ этнопедагогикасы – ұлтымыздың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени өнегелерін зерлетіп, ұлттық мәдениетімізді өркендетуге арқау болатын асыл ғылым. Этнопедагогика мұраларын қазақ, орыс және басқа ұлттық мектептерде лайықты жүйелеп, оны қолданылмалы тәсілмен оқыту қажет деп санаймыз. Өркениетімізді өрде көрсетуіміз үшін қазақ этнопедагогикасын арымызбен ардақтап, аса жауапкершілікпен оқыту – ұлтжанды, ұлағатты ұстаздардың аялайтын ары, абыройлы ісі демекпіз.