С. Л. Сауытбеков туралы ќысќаша маѓл±мат
Вид материала | Документы |
Ұлттық білім ордасының моделі |
- Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады, 85.38kb.
- Әбу Насыр әл – Фараби, 23.31kb.
- Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 5824.88kb.
- Лекции по математике выпуск, 812.39kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2601.27kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2602.83kb.
- В. А. Каймин Информатика Учебник, 2601.15kb.
- Предмет изучения материаловедения, 256.09kb.
- Биосфера туралы В. И. Вернадский iлiмi, 48.99kb.
- Список основных трудов Сафуанова Ильдара Суфияновича. Об аффинных частях алгебраических, 24.49kb.
Ұлттық білім ордасының моделі
(№212 қазақ орта мектебінің тәжірибесі негізінде)
Мұнарбаева Д.А.,- мектеп директоры,
ғылыми-ізденуші, Қызылорда
Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан - 2030» бағдарламасында барлық қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі және әл –ауқатының артуы жөніндегі Қазақстан халқына жолдауында негізгі стратегиялық бағыт – халықтың көптеген топтарының бірлігі, жекешіл және қоғамдық негіздерін сәлиқалы үйлестіру, мұның өзі қоғамымыздың жарасымды сатылы дәстүрлерін толықтыра түседі деуінің өзі – мектепте де оқушылар ұйымын, бірлестіктерін, орталықтарының құрылуына, дамуына мүмкіндік ашып отыр.
Бүгінгі мектепте тәрбиеленіп жатқан өскелең ұрпақ, ертеңгі мемлекеттік идеологияның негізін қалайтын жеке тұлға екенін ескере отырып, оқушының шығармашылық іс-әрекетін, жеке бас қасиетін, әлеуметтік-саяси көзқарасын қалыптастыратын заман талабына сай өмірге белсенді түрде араласуға, салауатты өмір сүруге дайын, рухани байлығы молайған салауатты азамат даярлау.
Ұлттық сана, ұлттық сезім, ұлттық парыз ұғымдарының мазмұнын аша отырып, патриоттық рухтағы еркін азаматтарды тәрбиелеу ісін ұйымдастыру жолдарын анықтауға бағыттау.
Жалпы педагогика, халықтық педагогика нәрімен сусындай отырып, оқу-тәрбие ісін этнопедагогика идеяларының негізінде құру – оқушы әрекетін ұйымдастыруда этнопсихологиялық ерекшеліктерді тиімді негізде ала білу демекпіз. Осы қағидаларды негізге ала отырып, мектептегі тәрбие жүйесін – жас ұрпақ бойына ұлттық сана-сезім мен игіліктерді сіңіру арқылы оларды жеке тұлға деп танып, ақыл-ой әулетінің қалыптасып, жан-жақты дамуына мүмкіндік жасауына бағытталған. Мектептегі оқу-тәрбие жұмысын үйлестіру барысында ҚР Білім және ғылым министрлігі құжаттары, ҚР Заңдары және этнопедагогика саласындағы іргелі һәм қолданбалы зерттеулер жүргізген (Г.Н.Волков, А.Х.Мұхамбаева, Қ.Жарықбаев, С.Қалиев, Н.Сарыбеков, М.Н.Сарыбеков, С.А.Ұзақбаева, Р.Қ.Дүйсембінова, Қ.Бөлеев, М.Қыдырбайұлы, С.Ғаббасов, Т.Сабыров, Ж.Наурызбай, Ш.Құлманова, Ж.Асанов, К.Ж.Қожахметова, М.Балтабаев, Ш.Таубаева, М.Жанпейісова, Ж.Қараев, М.М.Паташник, Ю.К.Бабанский) еңбектерін басты бағдар еттік.
Осы негізде ұлттық білім ордасының моделі жасалып, төмендегідей Алғышарттарға негізделді:
- Тұлғалық даму
- Адамзаттық құндылықтарға позитивті көзқарасты қалыптастыру
- Тұлғаны әлеуметтендіру
- Даму мектебінің басты мақсаттарын айқындау
- Негізгі білім (мемлекеттік стандарт)
- Пәндерді тереңдетіп оқыту
- Әдеп һәм әсемдік құндылықтары
- Дін тарихы мен мәдениет
- Экология және құқық негіздері
- Халықаралық даму бағдарламаларын іске қосу
- Мектеп рухы
- Тәлім-тәрбие кеңістігін парасаттандыру
- Білім жүйесін демократияландыру және гуманизацияландыру
- Білімдену үрдісін дамыту
- Мектепішіліе басқару жүйесін игіліктендіру
- Білім мазмұны мен сапасын құндылықтандыру
- Зерттеулер және тәжірибе жасау жұмыстары
- Педагогикалық-шығармашылық зертхана
- Ғылыми-әдістемелік кеңес және әдістемелік бірлестіктер
- Жеке тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық технологиялар
- Модульдік технологиялар және озық тәжірибелер
- Ғылыми-әдістемелік басылым
- Ақыл-ой сандығы (банкісі)
- Этнопедагогикалық білім мен тәрбие
- Сын тұрғысынан тұлғаны оқу мен жазу арқылы дамыту мәселелері
- Қамтамасыз ету қызметтері
- Мектеп гигиенасы және дәрігерлік кеңес
- Психологиялық тренигтер
- Педагогикалық һәм психологиялық диагностика
- Техникалық құралдар мен ғылыми-әдеби оқулықтар
- Мектеп әлемі
- Оқушылардың танымдық-интеллектуальдік сайыстары
- Әлеуметтік ортамен байланыс
- Мектепішілік әдет-ғұрыптар
- «Атамекен Ордасы» жүұйесі
- Өзін-өзі басқару
- Оқушылардың қоғамдық ұйымдары
- Педагогикалық қауымдастықпен байланыс
- Әлеуметтік және табиғи орта арқылы оқушы тұлғасын қалыптастыру және интеграциялық байланыстарды нығайту
- Оқушы тұлғасының дамуына оптимальді (қолайлы) жағдайлар жасау
- Азаматтықты қалыптастыру
- Оқушы шығармашылығын қалыптастыру
Бірінші блок
- Оқушы шығармашылығын дамытатын бағдарламалар енгізу (олимпиадалар, интеллектуальдік ойындар)
- Баспасөз орталығы
- Қабілет пен ізденіс жүйесін дамыту (мектепішілік шаралар, үйірмелер, оқушылар кеңесі)
Екінші блок
- Психологиялық қызмет
- Санитарлық-гигиеналық қызмет
- Валеология пәнінің жүйесі
- Мамандар лекторийі
- Медициналық орталық
- СӨС жүйесі
Үшінші блок
- Оқушы тұлғасын әлеуметтендіру
- Жанұялармен байланыс (ата-аналар комитеті, мектепішілік іс-шараоар, ата-аналар жиналысы)
- Мектептен тыс мекемелермен байланыс (оқу орындары, ішкі істер бөлімі, жол полициясы, спорт комитеті, наркодиспансер, СПИД орталығы)
- Оқушылардың өзін-өзі басқару жүйесі (баспасөз орталығы, мектеп кеңесі, оқушылар ұйымының бірлестіктері)
- Мектептегі тәрбие үрлістерін психологиялық қызмет арқылы дамыту құрылымы
- Оқыту мен тәрбиелеудің сабақтастығын психологиялық жағынан қамтамасыз ету
- Қиын оқушылармен жұмыс
- Консультациялық көмек көрсету
- Жасөспірімдердің ерекшеліктері мен мінез-құлықтарын және өмірлік қажеттіліктерін психологиялық тұрғыдан зерттеу.
- Сынып жетекшілеріне әдістемелік көмек көрсету.
- Жеке тұлғаның бейімделу көріністерін бақылау.
- Сынып жетекшілерінің теориялық ізденіс мәдениеттерінің компоненттері
- Құрылымдағы бағдарлы-теориялық компонент. Педагогика, психология, дидактика, педагогикалық инноватикамен бірге педагогикалық этиканы, сөйлеу мәдениетін, жоғарғы дәрежедегі педагогикалық рефлексияны қамтиды.
- Методологиялық компонент. Гуманизм философиясын, ғылым философиясын, педагогика методологиясын, жаңалық енгізу методологиясын қамтиды.
- Әдістемелік компонент. Сабақтан тыс жұмыстарда, сабақ беру барысында тәрбиелік мақсаттарды жүзеге асырудың жолдарын, педагогикалық ізденістерді, педагогикалық ой-пайымдамаларды, міндеттерді шешуге, іске асыруға және оған талдау жасауға, нәтижені бағалауға бағытталған.
- Технологиялық компонент. Өзіндік жұмыстарға ұжымдық, топтық, жеке дара оқушыларды ұйымдастыруға бағдар беруді бірлестік әдіспен жұмыс жасауды және қарама-қайшылықтар шешу технологиясын үйлестіруді, педагогикалық сұраныс технологиясын қалыптастыруды, әртүрлі тәрбиелік іс-әрекет, іс-шара, жаңашылдық енгізу технологиясын үйлесімді жасауды, педагогикалық қарым-қатынас технологиясын үйлестіруді қамтиды.
- Ағартушылық компонент. Тәлім-тәрбие жұмысының мазмұнын айқындау, ұстаз бен тәрбиеленуші арасындағы ынтымақтастық қарым-қатынасты нығайту, ізгілендіру, әдістемелік көмек көрсету, сынып жетекшілерінің білік дағдыларын жетілдіру.
- Мектеп және қауымдастық
- Мектептің шағын ауданындағы тұрғындардың әулетті мүмкіндіктерін ескеру
- Оқушылардың әлеуметтік жағдайы туралы мәліметтер
- Қоғамдық қауымдастықтармен тәрбие жұмыстарын бірлесіп атқару
- Мәдени-көпшілік және танымдық-білімдену шаралары
- Біріккен оқырмандар конференциясын өткізу
- Діни мекемелермен байланыс
- «Эврика» тәрбие идеяларының панорамасын жасау
- Мектепке ғылым жаңалықтарын ендіруде тиімді жаңа технологияларды пайдалану істерін жолға қою
- Мекемеаралық байланыстарды жандандыру.
- Бұқаралық ақпарат құралдарымен байланыс жасак, бірлескен танымдық-шығармашылық іс-шаралар ұйымдастыру.