Эпизоотологический мониторинг и иммунопрофилактика классической чумы свиней и болезни ауески 16. 00. 03 ветеринарная микробиология, вирусология, эпизоотология, микология с микотоксикологией и иммунология

Вид материалаАвтореферат
Шошқалардың классикалық обасы мен ауески ауруын індеттанымдық тұрғыдан мониторинглеу және олардың иммунопрофилактикасы
ТҰЖЫРЫМ Зерттеу нысандары
Жұмыстың мақсаты
Зерттеу әдістері
Зерттеулердің нәтижелері
Тәжірибелік ұсыныстар
Зерттеу нәтижелерін пайдаланудың келешегі
Abdrakhmanov Sarsenbay Kadyrovich
SummaryResearch objects
Methodological approach
Подобный материал:
1   2   3   4   5

Әбдірахманов Сәрсенбай Қадырұлы


ШОШҚАЛАРДЫҢ КЛАССИКАЛЫҚ ОБАСЫ МЕН АУЕСКИ АУРУЫН ІНДЕТТАНЫМДЫҚ ТҰРҒЫДАН МОНИТОРИНГЛЕУ ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ИММУНОПРОФИЛАКТИКАСЫ

16.00.03 – ветеринариялық микробиология, вирусология, індеттану, микология микотоксикологиямен және иммунология

ТҰЖЫРЫМ

Зерттеу нысандары: Шошқалардың классикалық обасы (ШКО) мен Ауески ауруы вирустары, аталған аурулардың эпизоотологиялық мониторингі мен иммунопрофилактикасы.

Жұмыстың мақсаты: шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруын ғылыми тұрғыдан эпизоотологиялық мониторинглеу жүйесі мен өзіндік алдын алу әдіс-тәсілдерін құрастыру.

Зерттеу әдістері: зерттеулерді жалпы қолданыстағы вирусологиялық әдістер, яғни вирустарды бөліп алу, оларды титрлеу және серологиялық (БР, ИФА ПЦР), иммунобиологиялық зерттеулер түрінде жүргіздік.

Шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруы бойынша эпизоотологиялық зерттеулер өткізу үшін эпизоотологиялық барлап-зерттеу әдісі пайдаланылды, оған салыстырмалы-тарихи, салыстырмалы-географиялық деректер, талдамалы эпизоотологиялық және зертханалық зерттеулер, сонымен қатар жүйелі, когортты және оқиғаны-бақылап зерттеу әдістері кіргізілді.

Зерттеулердің нәтижелері: Қазақстан Республикасында шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруын эпизоотологиялық мониторинглеудің ғылыми негізделген қағидалары құрастырылды. Жануар бастарының орналасу тығыздығын, аурулардың пайда болуы қауіпінің дәрежесін анықтау түріндегі және әкімшілік ауылшаруашылық аудандарында ұсынылатын алдын алу шараларын құрастыру түріндегі республика аумағын шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруына қарсы аймақтарға бөлу жұмыстары жүргізілді.

Зерттелетін аумақтардың эпизоотологиялық картасы мен олардың аумақтық орналасуын ескере отырып, аурулар таралуының картографиялық бейнеленімі, ауқымы анықталды. Республиканың изодемиялық карталары құрастырылды.. Республика аумағына шошқалардың классикалық обасы ену қауіпін талдау жұмыстары 5 өңір бойынша жүргізілді.

Шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруының аттенуирленген және патогенді вирус штаммдарының биологиялық қасиеттері зерттелді.

Электрлі ынталандырудың жасушалық иммунитет түзілуіне әсері зерттелінді. Ауески ауруына қарсы түймедақ түрінде вакцина шығару мүмкіндігі зерттелінді. Осы кезде Ауески ауруына қарсы түймедақ түріндегі вирусвакциналардың, тұрақты ылғалдылықтағы дәнекерленген ампулаларда сақталатын үлгілерден, сақтаудың алғашқы 7-10 тәулігінде еш кем түспейтіні анықталған.

Шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруына қарсы вакцина шығарудың сериялық технологиясы мен осы ауруларға қарсы вакциналар шығарылуына, қадағалануы мен қолданылуына арналған нормативтік-техникалық құжаттар құрастырылды. Өндірістік жағдайларда шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруына қарсы вирусвакцина пайдалануының тиімділігі анықталды.

Шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруы кезінде індетке қарсы және алдын алу шараларын жүргізу бойынша ұсыныстар құрастырылды.

Өткізілген жұмыстар барысында еңбек өнімділігін 2,5-3 рет ұлғайтуға мүмкіндік беретін пайдалы модельдер құрастырылған.

Тәжірибелік ұсыныстар: Шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруы бойынша індеттанымдық ахуалды жақсы деңгейде болуын қамтамасыз ету үшін осы инфекцияларға бейім жануарларда тұрақты иммунитетті қамтамасыз ететін өзіндік алдын алу жағын қарастыру бойынша жоғары тиімді вирусвакциналарын шығару технологиясы мен «КТ» депонирлинген штаммынан әзірленген шошқалардың классикалық обасына қарсы құрғақ вирусвакцинаға және Ауески ауруына қарсы «УБ-95» штаммынан әзірленген құрғақ культуралды вакцинаға нормативтік-техникалық құжаттар құрастырылды. Шошқалардың классикалық обасы мен Ауески аурулары індетіне қарсы шаралар жүргізу бойынша нұсқамалар, сонымен қатар бекітілген тәртіпте халықаралық сауда-саттық жүргізу кезіндегі шошқалардың классикалық обасы мен Ауески ауруын балау жөніндегі әдістемелік нұсқама жасалынды.

Пайдалы модельдер құрастырылды, бұл жөнінде ҚР Патенттері алынды және олар өндіріс жағдайларында тәжірибелік тұрғыдан қолданыс тапты.

Алынған нәтижелер С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ветеринариялық санитария» және «Ветеринариялық медицина», Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің «Індеттану» кафедраларының, сонымен қатар Жәңгірхан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің «Індеттану, паразитология және ВСС» кафедрасының оқу үрдістерінде «Індеттану» және «Ветеринариялық істі ұйымдастыру» пәндерін оқу кездерінде пайдаланылады.

Қолдану аясы: мал және шошқа шаруашылықтарында, мал дәрігерлігі және биотехнология саласында.

Зерттеу нәтижелерін пайдаланудың келешегі: қазіргі уақытта республика бойынша шошқа басының саны көбеюде. Вакцина егуден бас тартуға орай мониторингтік зерттеулер індеттанымдық жағдайды айқындау мен аталған аурулардың алдын алу шараларын дер кезінде және дұрыс жүргізу үшін аса маңызды.

Құрастырылған ветеринарлық препараттар аталған аурулардың алдын алу шараларында және індеттанымдық саулықты қамтамасыз етуде және ветеринариялық препараттардың республикалық қоры ретінде пайдалануда қолданыс тапты.


Abdrakhmanov Sarsenbay Kadyrovich


Epizootological monitoring and immunoprophylaxis of the classical swine fever and Aujeszky's disease


16.00.03 – Veterinary microbiology, virology, epizootology, mycology with mycotoxicology and immunology


Summary


Research objects: vaccinal and pathogenic strains of Aujeszky's disease (AD) and classical swine fever (CSF) viruses, epizootological monitoring and immunoprophylaxis of the classical swine fever and Aujeszky's disease.

The objective of the work was to develop a science-based system for the epizootological monitoring and means for specific prophylaxis of the classical swine fever and Aujeszky's disease.

Methodological approach: In the course of the research the conventional methods of virological study were used: virus isolation, virus titration, serological tests (neutralization test, ELISA), PCR, immunobiological methods of virus characterization.

In epizootological studies the method of epizootological survey including comparative historical and comparative geographical description, analytical epizootological and laboratory assays were used as well as methods of the profile, cohort and random-control analysis.

Results of the research: Scientific principles of the epizootological monitoring of the classical swine fever and Aujeszky's disease in the Republic of Kazakhstan have been developed. The territory of the republic was zoned with regard to the classical swine fever and Aujeszky's disease occurrence, at the same time the livestock population density and the potential risk of the diseases emergence was evaluated and prophylactic measures for specific areas were recommended.

An epizootic map of the territories under study was developed and the range of the diseases spread was determined via cartographic analysis of the areas affected. The risk of the CSF introduction into the territory of the republic in five regions was analyzed.

Biological characterization of attenuated and pathogenic strains of the classical swine fever and Aujeszky's disease viruses was carried out.

Influence of electrostimulation on production of the cellular immunity effectors to Aujeszky's disease was studied.

Possibility to prepare a virus vaccine for Aujeszky's disease in tablets was investigated. It has been demonstrated that during the first 7-10 days of storage the stability of the tabletted virus vaccine is not inferior to the specimens stored in the sealed ampoules with constant humidity.

The technology for serial production of vaccines for the classical swine fever and Aujeszky's disease was developed as well as technological normative documents for production, control and usage of vaccines for the classical swine fever and Aujeszky's disease. Effectiveness of using vaccines for the classical swine fever and Aujeszky's disease was evaluated under field conditions.

Implementation of the research work has resulted in development of the utility models that increase the labor productivity in 2.5-3.0.

Practical proposals: to maintain the freedom of the country from the classical swine fever and Aujeszky's disease the following was developed:
  • Technology for production of the highly effective virus vaccines for specific prophylaxis that form stable immunity to these infections in susceptible livestock and technological normative documents for the dried virus vaccine for the classical swine fever based on the lapinized strain "KT" and for the dried cultural virus vaccine for Aujeszky's disease based on "UB-95" strain.
  • Recommendations on implementation of the counterepizootic measures against the classical swine fever and Aujeszky's disease as well as the methodological guidelines on diagnosis of the classical swine fever and Aujeszky's disease in the course of the international trading.
  • Utility models that have been patented by the RK Patent Agency and are practically used under working conditions.

The obtained results are used in the training process in the departments of the veterinary medicine faculty of S.Seifullin's Kazakh Agrotechnical University, in the Epizootology Department of the Kazakh National Agrarian University as well as in the Epizootology, Parasitology and VSE Department of the Janghir-Khan's West-Kazakh Agrarian and Technical University in the course of studying disciplines such as epizootology and organization of the veterinary business.

Range of application: Livestock- and swine-breeding, veterinary medicine and biotechnology.

Availability of using the results of the research: At present the total pig population in the republic tends to increase. Since the vaccination is abandoned monitoring is very important to reveal epizootic situations and to take timely measures aimed at prevention of these diseases.

The developed veterinary preparations are used in the veterinary practice for specific prophylaxis and maintenance of the freedom from these infections as well as for using as a national reserve of veterinary preparations.