Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті
Вид материала | Документы |
- Ылым министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті заң факультеті, 1996.9kb.
- Конкурс қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындауға, оларды ынталандыруға,, 35.26kb.
- Ылым министрлігі әЛ–фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық университеті, 577.59kb.
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік, 677.48kb.
- Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми, 618.1kb.
- Ылым министрлігі министерство науки и образования республики казахстан л. Н. Гумилев, 255.46kb.
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік, 570.46kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 74.63kb.
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- М.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі, 254.54kb.
Ауыз бөліктері бастың үстіңгі жағындағы ауыз тесігінің айналасында орналасқан. Көздері күрделі фасеткалы. Кеңірдек жүйесі имагода әрқашан жақсы дамыған. Алғашқы қанатсыз түрлерінде қылтанқұйрықтылар ғана жатады, ал қалғандарының қанаттары болады немесе екінші рет жойылып кеткен.
1 отряд. Қылтанқұйрықтылар. Созылыңқы денесі қабыршақтармен қапталған, тез қозғалады, құрсағы 10 бунақты, құрсақ аяқтарының қалдықтары-грифелькалар сақталған. Құрсақтың ақырғы ұшында 3 көп бунақты өсіндісі бар. Ауыз мүшелері кеміргіш, күрделі көздері мен қарапайым көзшелері болады. Дамуы метаморфозсыз. Топырақта, жер төсінішінде және үйлерде кездеседі. 400 түрі белгілі.
2 отряд. Түзуқанаттылар. Үстіңгі қанаттары терілі, тыныштық күйде арқасында түзу жатады, артқы қанаттарының құрылысы нәзік, қанаттары кейде жетілмеген. Артқы аяқтары секіргіш, ауыз бөліктері кеміргіш. Түрленуі толық емес. Отрядқа шегіткелер, көшпелі шегіткелер, шілделіктер, бұзаубастар жатады. 20000 түрлері белгілі.
3 отряд. Термиттер. Қоғамдық бунақденелілер, жанұясы бірнеше жүз мыңдаған особтардан құралған. Олардың жанұясында полиморфизм жақсы дамыған: аналық, аталық, жұмысшылар, әскерлер. Термиттер күрделі жер асты және жер үсті ұялар-термитниктерді топырақтан
27
және өздері өңдеген ағаштан салады. Ауыз аппараты кеміргіш. Түрленуі толық емес. 2500 түрі белгілі.
4 отряд. Қабыршаққанаттылар немесе көбелектер. Көбелектердің төрт қанаттары бар. Олар түрі өзгерген түктер-қабыршақтармен қапталған, кейде өте ашық түске боялып қанаттардың үстінде көбелектерге ғана тән “өрнектер” жасайды. Ауыз бөліктері сорғыш, ұзын тұмсаққа айналған. Түрленуі толық. Көбелектердің дернәсілдері жұлдызқұрттар деп аталады. Олардың үш жұп кеуде аяқтары мен бес жұп құрсақ жалғанаяқтары болады. Жұлдызқұрттардың ауыз аппаратының имагодан айырмашылығы – кеміргіш, олар ашық жерлерде жүреді. Реңді түрлі бояуларға боялған, бір жағдайларда жасырын немесе қорғаныш реңді, екінші жағдайда – ашық, сақтандырғыш реңді болады.
Дернәсілдер 5 рет түлейді. Бесіншісінде қуыршаққа айналады. Қуыршақтары жабық. Көбелектердің табиғаттағы және шаруашылықтағы маңызы өте зор. Көбелектердің ішінде өте көп ауыл шаруашылық дақылдарының қауіпті зиянкестері бар: күздік көбелек, шабындық көбелегі, капуста ақ көбелегі, қарыскөбелектері т.б.
5 отряд. Қаттықанаттылар немесе қоңыздар. Төрт қанаттары бар; алдыңғы жұбы қатты қанаттарға айналып, негізінде қорғаныш қызметін атқарады. Ауыз бөліктері кеміргіш. Толық түрленіп дамиды. Дернәсілдерінде үш жұп кеуде аяқтары бар, кейде онша жетілмеген. Қуыршақтары еркін.
Көпшілік түрлері құрылықта: топырақта, жер төсенішінде, өсімдіктерде кездеседі, бір бөліктері суда тіршілік етуге бейімделген сүңгур қоңыздар, су сүйгіштер (водолюбтар), сол сияқты жыртқыш және өсімдік қоректі түрлері де бар, көп түрлері ауыл шаруашылығының қауіпті зиянкестері.
Қоңыздардың үлкен отряды екі отряд тармағына бөлінеді: 1. Ет қоректі қоңыздар; 2. Әртүрлі қоректі қоңыздар.
Пайдалы қоңыздар. Көпшілігі егістіктер мен бақшалардың зиянкестерін жойып, табиғатта жануарлардың өлекселерін құрту сияқты, санитарлық қызмет атқарып көп
28
пайда келтіреді. Мысалы: бақша ызылдауығы, орман түйіршікті ызылдауығы, жеті нүктелі қанқыз.
Қоңыздар – өсімдік зиянкестері: батыс зауза қоңызы, егістік кузькасы, кресті кузька, қара шыртылдақ, астық бүргешесі, колорад қоңызы.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,4,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (19,32,34,35,36)
Тақырып 14. Тікентерілілер типі.
Тікентерілілер өте үлкен, 5000 -ға жуық түрлері бар, теңіз түбінде еркін қозғалып, кейде ерекше сабақшасымен судың түбіне бекініп тұратын теңіз жануарлары.
Тікентерілілер типі мынадай белгілермен сипатталады:
- Тікентерілілерде радиалды және көбінесе бес сәулелі симметрия болады.
- Тікентерілілердің тері асты дәнекер қабатында тікенектері мен инелері дене сыртына шығып тұратын ізбесті тақталардан құралған қаңқа дамиды.
- Ішкі мүшелері өте кең дене қуысында целомда жатады. Целомның бөліктерінің бірнеше күрделі жүйкелер қатарына жіктелуі, сол сияқты целомның есебінен қозғалыс мүшелері амбулакралды жүйесінің жасалуы тікентерілілер құрылысының ерекшеліктерін көрсетеді.
- Қан айналу жүйесі бар; тыныс алу мүшелері нашар дамыған немесе мүлде болмайды; арнайы зәр шығару мүшелері жоқ.
- Жүйке жүйесі примитивті және бір бөлігі тікелей тері эпителиінде немесе ішке батып жатқан дене қабырғасының эпителий бөлігінде жатады.
- Тікентерілілер дара жынысты. Жұмыртқалары толық радиалды бөлшектенеді.Тікентерілілердің дамуына күрделі метаморфоздан өтетін диплеврула дернәсілі тән.
1 класс. Теңіз жұлдыздары әртүрлі тереңдікте кездеседі. Жұлдыздардың мөлшері өте үлкен болуы мүмкін, көбінесе өте ашық және түрлі түске боялған. 1700 түрі белгілі. Теңіз жұлдыздарының денесі бес сәулелі, орталық дискі мен бес сәуледен немесе қолдан тұрады. Бірақ алты, тоғыз, он бір, он үш сәулелі жұлдыздар да кездеседі.
Жұлдыздар денесі симметрия білігінің бағыты бойынша қабысқан. Жалпақ жағының бірінің ортасында ауыз (ораль
29
жағы), екіншісінің ортасында қылаулатқыш (абораль жағы) орналасқан. Жануар судың түбінде ауызын төмен қаратып жорғалайды. Жорғалауы әр сәуленің төменгі (ораль) жағында орналасқан амбулакралды жылғаның түбіндегі ерекше өсінділер – амбулакралды аяқтардың көмегімен жүзеге асады. Жұлдыздар -үлкен жыртқыштар. Олар әртүрлі омыртқасыз жануарлармен қоректенеді. Жұлдыздар ұсақ корегін бітеу жұтады, ал үлкенін ұстау үшін қарынын ауыздан сыртқа шығарып қоршап алады, сонымен асын қорыту жыртқыштың денесінің сыртында жүреді.
2 класс. Жыланқұйрықтылар немесе офиуралар. Сыртқы түрі жұлдыздарға өте ұқсас, бірақ көптеген анатомиялық белгілер бойынша теңіз жұлдыздары класынан айырмашылықтары бар. Бұл класқа 1500 дей түр жатады.
Денесі бес сәулелі, орталық дискі мен дискіден оқшау орналасқан сәулелерден тұрады. Сәулелері жіңішке және ішіне не ішектің, не гонадалардың ұштары еніп тұрмайды. Кейде олар дихотомды тармақталады. Жануардың жорғалайтын ораль жағының ортасында ауыз жатады, қармалауышы жоқ.
3 класс. Теңіз кірпілері. Класс қатты ізбесті инелермен қапталған шар тәрізді, судың түбінде кездесетін жануарлардан құралады. Қазіргі теңіз кірпілерінің 800 түрі белгілі. Бұл аз қозғалатын жануарлардың мөлшері диаметрі 2-3 см – ден баланың басының үлкендігіндей болады.
Денесі көбінесе шар тәрізді бес сәулелі. Теңіз кірпілерінің қаңқасы тікентерілілердің басқа кластарынақарағанда күштірек дамыған. Тек қана ауыздың (перистом) және қылаулатқыштың (перипрокт) айналасындағы кішкене екі алаңша ғана жұмсақ болып қалады, қалған барлық денесі шеттері бір-бірімен бірігіп кеткен ізбес тақталардан құралған қозғалмайтын тұтас сауыттың ішінде жатады.
Негізгі әдебиеттер: (3,5,7.2)
Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,18,33)
Тақырып 15. Жануарлар әлемінің филогенетикалық дамуының этаптары.
Омыртқасыздардың көптүрлілігін қарастыра келіп құрылысының күрделілік дәрежесіне байланысты оларды
30
бірнеше деңгейде орналастыруға болады. Осындай қабатты ярусты орналасу жануардың өткен эволюциялық жолына сәйкес келеді. Филогенетикалық ағаштағы ярустар бір-бірінен горизонтальды сызықтар арқылы бөлінген. Бір түрлі горизонтальдардың арасында орналасқан жануарлар тобының құрылысының күрделілігі шамамен бірдей (кесте).
Шежіре ағаштың бірінші қабаты бес типті біріктіретін Protozoa патшалық тармағынан құралған.
Төменгі сатыдағы Metazoa шежіре ағашының келесі қабаттарын құрады. Губкалар дамудың ең төменгі деңгейінде тұр, оған дәлелдеме нағыз тканьдердің және жүйке жүйесінің болмауы. Қалғанын кестеден қараңыз.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (11,20,34,33,35)
2.3 Зертханалықлық сабақтар тақырыбы:
Тақырып 1. Саркодтылар мен талшықтылардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Бір тамшы судан амебаны тауып, микроскоптың ұлғайтылған әр түрлі өлшемдерін қарау. Амебаның қозғалысын, қоректену, көбею процестерін бақылау. Амебаның суретін салып, барлық белгілерін көрсету. (9, 4-6 бет).
Тапсырма 2. Уақытша препарат жасап тірі эвгленаны тауып, кеңестіктегі қозғалысын бақылау. Эвгленаның суретін салып, органоидтарын көрсету.
Тапсырма 3. Тұрақты препараттардан трипаназомаларды тауып құрылысымен танысып, суретін салу. Егер су тамшысында эвгленадан басқа талшықтылардың түрлері болса, оларды жасыл эвгленамен салыстырып, ерекшеліктеріне көңіл аудару
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)
Тақырып 2 Инфузориялардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Уақытша препараттан инфузория туфельканы тауып сыртқы, ішкі құрылысымен және цитоплазмадағы органоидтармен танысу. Инфузорияның қозғалысымен және ас қорыту вакуольдарының жасалуымен танысу. Макронуклеус пен микронуклеусті мұқиат қарап, инфузория құрылысының суретін салу.
31
Тапсырма 2. Ядролық аппаратпен трихоцистаны микроскоппен қарау үшін заттық шыныға 1-2 тамшы инфузорияның культурасын орналастырып оған құрамында 1% сірке қышқылы бар метиленді жасылды тамызып үстін жабын шынымен жабу керек. Сірке қышқылының әсерінен инфузория трихоцисталарын тастайды, соны бақылау.
Тапсырма 3. Препараттан ядросы және трихоцистасы жақсы боялған инфузорияны тауып суретін сызу. Суретте талшықтарын, ас қорыту вакуольдерін, макро- және микронуклеусті, ауыз қуысын, жиырылғыш вакуольдерін трихоцисталарын көрсетіңдер.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)
Тақырып 3. Губкалардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Губкалардың морфологиялық типтерімен танысу: аскон, сикон, лейкон.
Тапсырма 2. Скелет элементтерімен танысу үшін бадяга губкасының бір кішкене бөлігін үзіп алып үгітіп пробиркаға салып үстіне КОН немесе NаOH ерітндісін құйып пробирканы спиртовка көмегімен қыздыру қажет. Пробиркадағы түйіршіктер еріген кезде, сұйықты Петри табақшасына құйып суыттып, ол сұйықтың бір тамшысынан уақытша микропрепарат жасап микроскоп астынан қарап, бадяга скелетінің спикуласы мен спангин затын табу қажет.
Тапсырма 3. Фиксацияланған материал көмегімен губкалардың алуан түрлі формасын қарап, колониальды құрылысына көңіл бөлу керек. Губкалардың әр түрлі спикулдарының және геммуланың суретін салу қажет.
Негізгі әдебиеттер: (3,7,9,28,33)
Қосымша әдебиеттер:(15,16,27,28,33,35)
Тақырып 4. Гидроидтар мен сцифоидтардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Уақытша препараттан тірі гидраның қоректенуін, жылжуын және тітіркендіргіштерге жауап беруін бақылау. Гидраның тітіркенуін инемен шаншу арқылы немесе әр түрлі қышқылдардың әлсіз ертіндісімен әсер етіп байқауға болады.
Тапсырма 2. Тұрақты препараттан гидраның тканьдік
32
құрылысын қарап эктодерма және энтодерманың клеткаларының түрлерімен танысу. Гидраның көлденең және ұзынынан кесінділерін көріп, суретін салу.
Тапсырма 3. Теңіз гидроидының полиптік сатысымен танысып, оның ішкі және сыртқы құрылысын көріп, әр особтың құрылысымен танысу. Суретін салып, белгілеріне мән беру. Медуза сатысымен таныса отырып , оның құрылысының суретін салу. Даму циклінің схемасын салу.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (10,11,15,16,20,33)
1-коллоквмумның сұрақтары:
- Протозоа патшалық тармағына тән белгілер.
- Қарапайымдылардың қазіргі систематикасы
- Саркомастигафора типі.негізгі белгілері
- Сакодтылар класының систематикасы, класс тармағының, отрядтарының ерекшелігі, алуан түрлілігі. Экологиясы, маңызы.
- Талшықтылар класының систематикасы, класс тармағының, отрядтарының ерекшелігі, алуан түрлілігі. Экологиясы, маңызы.
- Паразиттік талшықтылар және симбионттар. Паразитизм,симбиоз дегеніміз не
- Споралылар типінің жалпы сипаттамасы.Систематикасы, маңызы
- Кокцидиялардың ерекшеліктері, маңызы.Тіршілік циклы.
- Инфузория типінің жалпы сипаттамасы, құрылысының ерекшеліктері.
- Инфузориялар типінің систематикасы. Типтің, кластардың, отрядтардың негізгі белгілері.
- Инфузориялардың көбею тәсілдері және тіршілік циклі.
- Губкалар. Типтің систематикасы және жалпы сипаттамасы.
- Губкалардың физиологиясы, дамуы. Эколгиясы және практикалық маңызы.
- Ішекқуыстылар типінің негізгі белгілері. Гидрозоа класына сипаттама, алуан түрлілігі, негізгі өкілдері.
- Гидроидтардың дамиуы мен көбеюі. Тіршілік циклдарының ерекшеліктер. Метогенез деген не.
- Медуза мен полиптің құрылысын, тіршілік циклын салыстыру.
33
- Сцифозоа класының негізгі белгілері. Кластың систематикасы, маңызы.
- Маржан полиптері класына сипаттама. Кластың систематикасы, маңызы.
- Ішекқуыстылардың мекендейтін орны және экологиясы.
- Ішекқуыстылардың асқорыту жүйесінің эволюциясы.
Тақырып 5. Жалпақ құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Фиксацияланған планарияны қарай отырып, сыртқы және ішкі құрылысымен танысып, оның суретін салу. Кесіндісі бар препараттан планарияның гистологиялық құрылысымен танысу.
Тапсырма 2. Препараттың көмегімен бауыр сорғыштың денесінің пішініне көңіл аудару, ауыз және құрсақ сорғыштары бекіну мүшелерін табу. ішкі құрылысымен танысып, суретін салу.
Тапсырма 3. Әдейі боялған арнаулы препараттардығы бауыр сорғыштың ас қорыту және зәр шығару жүйесінің құрылысына назар аудару қажет. Бауыр сорғыштың даму циклінің схемасын салу.
Негізгі әдебиетер: (1,2,4,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,22,24)
Тақырып 6. Жұмыр құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Жылқы аскаридасын сойып, оның анатомиялық құрылысын: ас қорыту, жыныс жүйесін анықтау.
Тапсырма 2. Аскариданың көлденең кесіндісі мен жұмыртқаларын микропрепараттар арқылы қарап, оларды сипаттап, құрылысының суретін салу.
Тапсырма 3. Аскариданың көлденең кесіндісінен бұлшық ет клеткаларын, гиподерма және кутикуланың, дененің алғашқы қуысының құрылысымен танысу керек.
Тапсырмаға түсініктеме: Аскариданың сою методикасын: Бердибаева Ж.Ш., Карменова Б.Қ. Омыртқасыздар зоологиясы. Әдістемелік нұсқаудан қараңыз. 18 бет.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)
34
Тақырып 7. Буылтық құрттардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Жауын құртының сыртқы құрылысымен танысқанда оның полимерлігін, пальпасының және параподилерінің жоқтығына көңіл аудару қажет. Алдыңғы простомиум және артқы пигидиум бөлімдерін табыңыз. Қағаз бетінде құрттың жылжуын бақылау.
Тапсырма 2. Жауын құртын сойып, оның ішкі мүшелерінің орналасуын, құрылысын анықтап көру.мүшелер топографиясын, оның құрылысына қарап, суретін салу керек.
Тапсырма 3. Жауын құртының денесінің бойлау тілгенде көрінісінен: жұтқыншағын, өңешін, жемсауын, етті қарынын, ортаңғы ішегін, жыныс бездері мен ұрықтарын, аналық бездерін, арқа-құрсақ қан тамырын, сақина тамырларын, құрсағындағы нерв тізбегін көруге болады.
Тапсырмаға түсініктеме: Жауын құртының сою методикасын: Бердибаева Ж.Ш., Карменова Б.Қ. Омыртқасыздар зоологиясы. Әдістемелік нұсқаудан қараңыз. 20 бет.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,28,29)
2- коллоквиум сұрақтары:
- Жалпақ құрттардың ерекшеліктері, систематикасы.
- Кірпікшелі құрттар. Кластың систематикасы және негізгі белгілері.
- Триматодалар. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклы, негізгі өкілдері, олардың фотогенді маңызы.
- Таспа құрттар. Құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклы, негізгі өкілдері, олардың фотогенді маңызы.
- Таспа құрттардың тіршілік циклының ерекшеліктері.
- Жалпақ құрттар мен жұмыр құрттардың ұқсастығы.
- Жұмыр құрттар құрылысының ерекшеліктері, тіршілік циклы, негізгі өкілдері, олардың фотогенді маңызы.
- Буылтық құрттардың сипаттамасы, систематикасы. Кластардың негізгі белгілері.
- Көп қылтаңды құрттар класына сипаттама. Систематикасы, маңызы.
- Аз қылтаңды құрттар класына сипаттама. Систематикасы, маңызы.
35
- Сүліктер класына сипаттама. Экологиясы, сыртқы және ішкі құрылысының ерекшеліктері.басқа класс өкілдерінен айырмашылығы. Маңызы.
- Басқа құртатр типтерімен салыстырғанда буылтық құрттардың құрылысынң ерекшелігі.
- Буылтық құрттардың жүйке жүйесімен сезім мүшелерінің құрылысы
- Буылтық құрттардың қан айналу және тыныс алу мүшелерінің құрылысы, атқаратаын қызметі
- Буылтық, Жұмыр және жалпақ құрттардың зәр шығару жүйесі. Құрылысының ерекшеліктері
- Буылтық құрттардың жыныс жүйесінің құрылысы
- Буылтық құрттардың мезодермасының түзілуі және оның дифференциацясы. Целомның атқаратын қызметі.
- Буылтық құрттардың көбеюі мен дамуының ерекшеліктері. Трохофораның құрылысы және оның метаморфозы.
- Буылтық құрттардың метамериясының және таспа құрттардың буындарының айырмашылығы неде?
- Буылтық құрттардың сегменттерінің және параподияларының пайда болуы немен байланысты?
Тақырып 8. Бауыр аяқты моллюскалардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Ұлудың бақалшағының майдалап сындырып, қабаттарымен және құрылысымен танысу, бақалшақсыз сыртқы құрылысын көру керек. Оның денесінің асимметриялы екендігіне көңіл аудару керек.
Тапсырма 2. Фиксацияланған ұлудың айналмалы денесін бойлай сойып, өкпесін, бүйрегін, жүрегін қарау керек. Ары қарай соя отырып, оның ас қорыту және жыныс мүшелерін көріп, олардың суретін салыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,20,33)
Тақырып 9. Қосжақтаулы моллюскалардың морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Тіссіз моллюсканың бақалшағының қабаттарымен танысып жылдық сақиналарға көңіл аудару қажет. Бақалшақтың сыртқы формасына қарай отырып, қосжақтаулы формасын, лигаментін, өсу тармағын, алдыңғы, артқы, арқа-құрсақ жағын көріңіздер.
36
Тапсырма 2. Бақалшағын ойып, тіссіздің денесін пинцетпен алып, жалпы құрылысын, жиырылғыш немесе қақпалық бұлшық етінің орналасуын көріп, суретін салыңыздар.
Тапсырма 3. Союдың алдында мантиясына, сифондарына, желбезегіне және аяғына көңіл бөлген жөн. Скальпельдің көмегімен тіссіздің денесін аяқтан бойлай жүрек қалташасына дейін кесіп, ас қорыту, қан айналу, зәр шығару, жыныс, жүйке жүйесінің құрылысын анықтап, микроскоптың көмегімен глохидияларды қарап, мән бере отырып суретін салыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,20,33)
Тақырып 10. Шаян тәрізділердің морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Өзен шаянын табақшаға салып, арқа жағынан оның дене бөлімдерін ажырату. Денесінің әр сегментінің стернит, тергит, плейритке бөлінуіне және денесін жауып тұрған хитинге көңіл бөлу қажет.
Тапсырма 2. Өзен шаянын табақшаға шалқасынан жатқызып аяқтарын ажырату керек. Ең алдымен құрсақтың соңғы сегменттегі аяғынан бастап, құрсақтағы барлық барлық жүзу аяқтарын кесіп алу керек. Көкіректегі 5 жұп жүру аяқтары мен 3 жұп жақ аяқтарын кесіп алып, Петри табақшасына құйылған суға салып, аяқтың түбінде орналасқан желбезек тармақтарын көру керек. Бас бөліміндегі – үш жұп жақ және І жұп мұртшаларының орналасу тәртібін анықтаңыз. Жіктелген аяқтардың суретін салыңыздар.
Тапсырма 3. Өзен шаянын сою. Ішкі мүшелерін қарау. Өзен шаянының бұлшық ет, ас қорыту, тыныс алу, қан айналу, жыныс, зәр шығару, жүйке жүйелерін көріп, оларды белгілеп, сойылған өзен шаянының суретін салу.
Тапсырмаға түсініктеме: Өзен шаянын сою методикасын: Бердибаева Ж.Ш., Карменова Б.Қ. Омыртқасыздар зоологиясы. Әдістемелік нұсқаудан қараңыз. 26-28 беттер.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер: (10,11,16,17,21,33)
37
Тақырып 11. Өрмекші тәрізділердің морфо-физиологиялық сипаттамасы.
Тапсырма 1. Өрмекші тәрізділердің сыртқы құрылысының, денесінің, сегменттелуін, ауыз аппаратының, аяқтарының құрылысының алуан түрлілігін көріп танусу.
Тапсырма 2. Сольпугалардың, жалған құршаяндардың, нағыз өрмекшілердің, кенелердің денесінің сыртқы құрылысын анықтап, суретін салу.
Тапсырма 3. Хелицералылардың әр алуан өкілдерін қарап, салыстырмалы түрде айырмашылықтарының, ұқсастықтарының неде екенін айтыңыздар.
Негізгі әдебиеттер: ( 1,2,3,4,5,6,7,9)
Қосымша әдебиеттер:(17,19,21,31,32,35,36)