Ылым министрлігі с. Аманжолов атындағы шығыс қазақстан мемлекеттік университеті
Вид материала | Документы |
- Ылым министрлігі л. Н. Гумилев атындағы еуразия ұлттық университеті заң факультеті, 1996.9kb.
- Конкурс қабілетті, дарынды мемлекеттік қызметшілерді айқындауға, оларды ынталандыруға,, 35.26kb.
- Ылым министрлігі әЛ–фараби атындағЫ Қазақ Ұлттық университеті, 577.59kb.
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік, 677.48kb.
- Диссертациямен М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғылыми, 618.1kb.
- Ылым министрлігі министерство науки и образования республики казахстан л. Н. Гумилев, 255.46kb.
- Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік, 570.46kb.
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, 74.63kb.
- Диссертация 2010 жылы тамыздың «27» күні сағат 14. 30-да Қазақстан Республикасы Білім, 486.04kb.
- М.ӘУезов атындағы ОҢТҮстік қазақстан мемлекеттік университеті жоғары оқу орнынан кейінгі, 254.54kb.
7
5 | Реферат | 7 | | | | | | * | | | | | | | | * | | 7 |
6 | СӨЖ (Үй жұмысы) | 0,5 | | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | * | 7 |
7 | Аралық бақылай жұмысы | | | | | | | | | | | | | | | | * | 20 |
| Барлығы (жоғарғы шегі) | | | | | | | | | | | | | | | | | 60 |
8 | Емтихан (жоғарғы шегі) | | | | | | | | | | | | | | | | | 40 |
| Семестр бойындағы барлығы (жоғары шегі) | | | | | | | | | | | | | | | | | 100 |
Сабаққа қатысуы - 15 апта бойы тексеріледі, әр сабақ, 0,2 бал.
Сабаққтан кешігу, сабақты босату кезінде студент әр сабақтан 0,2 балдан жоғалтады.
Дәріс жазбалары -15 апта бойы тексеріледі, әр сабақ, 0,2 бал.
Әр дәріс жазбаларының болмауынан - 0,2 бал алынады.
Сабақ уақытындағы СОӨЖ негіздері - 15 апта бойы
тексеріледі,әр сабақ 0,3 бал .
Сабақ уақытында СОӨЖ негіздерінде болмау - 0,3 балдан
кемітіледі.
СӨЖ (студенттердің өзіндік жұмысы)- 15 апта бойы
тексеріледі, 0,7 балдан бағаланады.
СӨЖ-дің орындалмауынан - әр сабақатан 0,7 балдан алынады
Үй тапсырмасы- 1,2,3,4,7,8,9,10,13,14 апталарда тексеріледі, тапсырма 0,4 балдан бағаланады.
Үй тапсырмасының оындалмауынан - әр тапсырмадан 0,4 балдан алынады.
Күнделікті бақылау жұмысы -6,14 аптада өтеді әр бақылау 7,5 балды құрайды.
Күнделікті бақылаудың дер кезінде орындалмауы себебінен студент 0,5 балдан жоғалтады.
Мазмұндаманы өткізу уақыты 3,5,7,9,11,13,15 апта –
8
әр мазмұндаманың мазмұны, талапқа сай өңделуі,көлемі -1,4 балды құрайды
Мазмұндаманы уақытында өткізбеу, талапқа сәйкес безендірілмеуі - тапсырманың мазмұнының сәйкес болмауынан - 1,4 бал алынады.
Аралық бақылау - 10 балды құрайды.
Аралық бақылаудан өтпеген студент 10 бал жоғалтады.
4 Курстың саясаты:
Сабаққа қатысу: Сабақтың барлық түріне міндетті түрде қатысу және оқу процесінде белсенді болу қажет.Дәрістік және іс-тәжірибе жазбаларын ұқыпты жүргізу,сабаққа кешікпей келу,кешігіп келсеңіз сабаққа қірмеуіңіз,сабақ үстінде ұялы телефонның сөндірулі болуы, талаптары қойылады.
Үй жұмысы: Үй жұмысының міндетті түрде орындалуы және әр апта сайын сабақтың соңында өткізлуі қажет.
Емтихан: Жұмыс қортындысы бойынша бағалау балы қойылады. Емтихан кезінде жазбаларыңызды қолдануға тыйым салынады.
Студенттің мінез-құлқы мен өзін ұстай білуі:Сабаққа кешікпей келуі,ұялы телефондары мен байланыс құралдарының сөндірілуі, сабақ үстінде әңгімелеспеуі,сабақты себепсіз босатпауы қажет. Ұсыныстар: Сабақ барысына белсенді қатысу, үй тапсырмасын ұқыпты орындау, сабақ барысында мұғалімен кері байланысты үнемі қолдану. Ұжымдық жұмысқа қатысу. Тыянақты және мінедетті болу. Мұғалімдер мен курстастарға төзімді және ашық, мейірман болу.
2. ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК ҚҰРАЛДАРЫ
2.1 Курстың тақырыптық жоспары
Барлығы 2 несие
Тақырыптардың атауы | Дәріс | Зкртханалық | СОӨЖ | СӨЖ |
“Зоология”курсының кіріспесі.Негізгі міндеттері. | 1 | | 1 | 1 |
9
Бірклеткалыларпатшалық асты.Саркомастигофоралар типы | | 1 | 1 | 2 |
Инфузориялар типы. | 1 | 1 | 1 | 2 |
Көпклеткалылар патшалық асты. Фагоциттеллотәр-р | | | 2 | 1 |
Губкалар типы. | 1 | 1 | 1 | 1 |
Ішекқуыстылар типі | 1 | 1 | 1 | 2 |
Жалпақ құрттар типі | 1 | 1 | 1 | 2 |
Жұмыр құрттар типы | 1 | 1 | 1 | 2 |
Буылтық құрттар типы | 1 | 1 | 1 | 3 |
Моллюскалар типы | 1 | 1 | 1 | 4 |
Қосжақтаулылар немесе тақта желбезектілер классы | | | 2 | 1 |
Буынаяқтылар типі | 1 | 1 | 2 | 1 |
Желбезектыныстылар тип тармағы | | 1 | 2 | 1 |
Хелицералылар тип тармағы | 1 | | 2 | 1 |
Трахея тыныстылар тип тармағы | 1 | 1 | 2 | 1 |
Бунақденелілер класы | 1 | 1 | 2 | 1 |
Ашықжақты бунақденелілер | 1 | 1 | 2 | 1 |
Бунақденелілер классының классификациясы | | 1 | 2 | 1 |
Екінші ауыздылар тип үсті. Тікентерілілер типы. | 1 | 1 | 2 | 1 |
Жануарлар әлемінің филогенея этаптары | 1 | | 1 | 1 |
Барлығы | 15 | 15 | 30 | 30 |
2.2 Дәрістік сабақтарының тезисы.
Тақырып 1. “Зоология” курсның кіріспесі. Негізгі міндеттері мен әдістері. Бірклеткалылар патшалық асты. Саркомастигофара типы.
Жануарларды зерттейтін ғылым – зоология.
Зоология – жануарлар әлемінің алуан түрлілігін, олардың сыртқы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы және ішкі құрылысын, зат алмасу процесін, тіршілік ету ортасы мен өзара қарым-қатынасын, таралуын, дамуын, шығу тегін, тарихи даму
10
заңдылықтарын, табиғаттағы және адам өміріндегі маңызын зерттейтін ғылым.
Жануарларды зерттеу, олардың өнімділігін арттыру, тиімді пайдалану және олардың табиғаттағы қорын сақтау зоология ғылымының басты міндеті.
Жануарлар дүниесі Zoa екі дүние тармағына бөлінеді: Protozoa – бір клеткалыларға және Metazoa- көп клеткалыларға. Қарапайымдылар – бір клеткалы, ядролы, эукариотты жәндіктер, физиологиялық жағынан алғанда, олар өз алдына жеке организмдер, өйткені барлық жануарларға тән: қозғалу, ас қорыту, зәр шығару, тыныс алу, зат алмасу, көбеюі, дамуы т.б. Қызметтерді атқарады.
Саркомастигофоралар еркін өмір сүретін және паразитті тіршілік ететін қарапайымдылар. Жалған аяқтары (псевдоподиялары) немесе талшықтарының көмегімен қозғалары. Тип екі класқа бөлінеді: саркодиналар және талшықтылар.
Талшықтылардың негізгі белгісі- бір, екі немесе бірнеше талшықтың болуында, олардың алдыңғы жағында орналасқан, қозғалу қызметін атқарады. Талшықтылар класы қоректену тәсіліне қарай екі класс тармағына бөлінеді: фотосинтезге бейім, өсімдік тектес талшықтылар және гетеротрофты жануартектес талшықтылар.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)
Тақырып 2. Инфузориялар типы. Көпклеткалылар патшалықасты.
Типтің жалпы сипаттамасы. Инфузориялардың классификасиясы. Біркелкі талшықтылар, кірпікшелі инфузориялар подклассы. Қарапайымдылардың шығу тегі мен филогениясы. Көпклеткалылардың шығу тегі.
Бұл типке көп ұсақ кірпікшлері бар қарапайым жәндіктер жатады. Бұлардың ерекшелігі -денесінде екі түрлі ядросының болуы – үлкен вегетативті ядро макронуклеус және кішкене генеративті – микронуклеус. Инфузориялар типі екі класқа бөлінеді. Кірпікшелі инфузориялар және сорғыш инфузориялар. Кірпікшелі инфузориялардың кірпікшелері тіршілік циклының барлық кезеңдерінде ғана кірпікшелері болады да, содан кейін жойылады. Инфузориялар тұщы суларда, теңіздерде, планктонды, су
11
түбінде, су өсімдіктерінде немесе теңіз жағасындағы құмның арасында тіршілік етеді. Паразит инфузориялар да кездеседі.
Кірпікшелі инфузориялардың көп тараған түрлерінің бірі – инфузория туфелька немесе парамеция. Кірпікшелі инфузориялар үш отрядтар үсті қосындысына бөлінеді. Инфузорияларды отрядқа жіктеу кірпікшелерінің құрылысына, ауыз тесігінің, ауыз цилиатурасының мембраналарының цирраларының орналасуына байланысты.
Сорғыш инфузориялар тұщы суларда және теңіздерде субстратқа сабақшасымен тіркеліп тіршілік етеді. Кірпікшелері, ауыз тесігі, жұтқыншағы жоқ. Денесінде сорғыш таяқшалары немесе қармалауыштары болады, бұлар ұзын, жиырылғыш, қуыс түтіктер. Осы таяқшалары арқылы басқа кірпікшелі инфузорияларды ұстап қоректенеді.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,5,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (15,16,27,28,33,35)
Тақырып 3. Губкалар типы.
Губкалар типіне жалпы сипаттама. Губкалардың морфологиясы мен физиологиясы. Көбеюі мен дамуы. Экологиясы және филогениясы.
Губкалардың систематикасы қаңқасының құрылысы мен құрамына негізделген. Губкалар типі үш класқа бөлінеді: ізбесті, шынылы және кәдімгі губкалар.
Губкалар тұщы суларда, басым көпшілігі теңіздерде, су түбіндегі түрлі заттарға табаншасымен бекініп, қозғалмай тіршілік ететін жәндіктердің бірі. Олардың денесі сыртқы -эктодерма және ішкі энтодерма клеткалы қабаттарынан құралған. Екеуінің аралығында мезоглея деп аталатын құрылымсыз, қоймалжың зат орналасқан. Осы екі қабаттарда көптеген клеткалар орналасқанжәне олар әртүрлі қызмет атқарады. Денесінің ішіндегі қуысты – парагастраль қуыс деп атайды. Губкаларға тән қасиет – денесінде көптеген саңылаулардың болуы. Осыған байланысты губкаларды латынша Porifera – ұсақ саңылаулы жәндіктер деп те атайды.
Губкаларды мезоглея қабатының қалыңдауына, хоаноцит клеткаларының орналасуына және осы клеткалар
12
арқылы қорегін ұстап, қорытуына байланысты, оларды морфологиялық құрылысына жағынан – аскон, сикон, лейкон деп үш типке бөледі. Губкалар – күшті биофильтраторлар. Олар суды денесі арқылы сүзіп оны механикалық және органикалық ластанудан сақтайды.
Негізгі әдебиеттер: (3,7,28,33)
Қосымша әдебиеттер:(15,16,27,28,33,35)
Тақырып 4. Ішекқуыстылар типы.
Ішекқуыстылар типіне жалпы сипаттама. Гидроидтылар, сцифоидтылар, маржан полиптері кластарына сипаттама.
Ішекқуыстылардың басты белгілерінің бірі даму барысында тек екі ұрық жапрақшалары қалыптасып және олар бір-бірінен мезоглея қабатымен бөлінген эктодерма және энтодерма қабаттарын құрайды. Осы белгісіне байланысты ішекқуыстылар екі қабатты жануарлар тобына жатады. Екіншіден - энтодерма қабатындағы клеткалары қуыс ішіне ас қорыту сөлін шығарып, асты қуыстың ішінде қорытады. Осыған байланысты ішекқуыстылардың дене қуысы гастральды қуыс немесе ішек қуысы деп аталады. Типтің аты да осыған байланысты берілген.
Белгілерінің тағы бірі – сәулелі симметриясының болуы. Морфологиялық құрылысы жағынан және тіршілік етуіне қарай ішекқуыстылар тіркелмелі – полиптер және еркін жүзетін – медузалар болып топтасады. Келесі ерекшелегі – атқыш және нерв клеткаларының болуы.
Ішекқуыстылардың басым көпшілігі теңіздерде, аз ғана өкілдері тұщы суларда мекендейді. Олар жыныссыз, жынысты және ұрпақ алмасуы -метагенез арқылы дамиды.
Ішекқуыстылар типі үш класқа бөлінеді: гидрозоа класы, сцифозоа және маржан полиптері. Гидроидтылар класс тармағына – гидра, теңіз гидроид полиптері, гидроид медузасы жатады. Сцифомедузалардың өкілі ретінде аурелия ауританы алуға болады. Маржан полиптері ішекқуыстылар типінің ең үлкен класы. Тек теңіздерде жеке
және колония түрінде бекініп тіршілік ететін жануарлар. Маржан полиптері екі класс тармағына бөлінеді: сегіз сәулелі және алты сәулелі.
Негізгі әдебиеттер: (1,2,3,4,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (10,11,15,16,20,33)
13
Тақырып 5. Жалпақ құрттар типы.
Жалпақ құрттар типіне екі жақты симметриялы, үш қабатты жануарлар жатады. Құрттардың денесі арқа-құрсақ бағытында қысыңқы (жапырақ, тақта, таспа тәріздес).
Жалпақ құрттардың негізгі ерекшеліктері - тері -бұлшықет қапшығының болуы. Ол эпителий мен оның астында орналасқан бұлшықет талшықтарының бірігуінен түзілген. Бұл бұлшықеттер бірнеше қабат түзе отырып (сақина тәріздес, ұзына бойы, дорза-вентральды, қиғаш) эпителий астында жануардың денесін қаптайды.
Жалпақ құрттардың бәрі де – қуыссыз, паренхималы жануарлар: ішкі мүшелер арасындағы кеңістікті дәнекер ткань паренхима толтырып тұрады. Осыған сай, оларды паренхиматозды құрттар деп те атайды. Ол тірек қызметін атқарады. Оның зат алмасудағы рөлі зор және қорек заттар жиналатын орны боп саналады.
Ас қорыту жүйесі эктодермальды алдыңғы ішектен немесе жұтқыншақтан және тұйық бітетін энтодермальды ортаңғы ішектен тұрады. Артқы ішегі және аналь тесігі жоқ.. Кейбір паразиттік түрлерінде ас қорыту жүйесі толығымен жойылған.
Протонефридия деп аталатын алғашқы зәр шығару мүшесі пайда болады. Олардың тарамдалған түтікшелері паренхимада кірпікше шоғы бар жұлдыз тәрізді клеткаларымен аяқталады. Сыртқы ортамен протонефридиялар экскреторлы саңылаулармен байланысады.
Қан айналу және тыныс алу жүйесі жоқ..
Нерв жүйесі бас нерв түйінінен және одан денесінің артқы жағына қарай жүретін, өзара сақина тәріздес өсінділермен байланысатын нерв бағаналарынан тұрады. Ерекше дамыған бүйірлік және құрсақтық екі ұзына бойы бағаналары бар.
Жалпақ құрттар типіне 5 класс жатады: кірпікшелі құрттар, дигенетикалық сорғыштар, моногенетикалық сорғыштар, таспа құрттар және цестодатәрізділер.
Кірпікшелі құрттар – еркін қозғалатын, теңіз және тұщы су, кейде ылғалы мол топырақта мкендейтін құрттар. Олардың денесі кірпікшелі эпителимен жабылған. Денесі созыңқы, жапырақ тәрізді, денесінде бөгде шығыңқы
14
жерлері жоқ. Өкілі – ақ планария.
Дигенетикалық сорғыштар класы – бұл класс өкілдерінің бәрі де паразиттер, олар омыртқалы және омыртқасыз жануарлардың әр түрлі ішкі мүшелерінде паразиттік тіршілік етеді. Бұлардың өкілдері екі сорғышымен, иелерін ауыстыруымен және ұрпақтары кезектесіп, күрделі дамуымен ерекше. Басты өкілдері: бауыр сорғыш, ланцет тәрізді сорғыш, мысық немесе сібір қосезуі, қан қосесуі.
Таспа құрттар класының өкілдері паразиттік тіршілікке толығырақ бейімделген. Жануарлардың, адамның ішегінде тіршілік етеді. Таспа құрттар жұқтыратын ауруларды цестодос деп атайды. Таспа құрттардың өкілдері: өгіз солитері, шошқа солитері, эхинококк, қой мишығы т.б.
Негізгі әдебиетер: (1,2,4,6,7)
Қосымша әдебиеттер: (12,13,14,18,22,24)