Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


VII Жүргізілген зерттеулердің рефлексиясы
4 тарау Балалардан бас тартудың алдын алу бойынша негізгі ұсыныстары
Біріншілік профилактика
Екіншілік профилактика
Жоғарғыда айтылғандарға байланысты келесі қорытынды жасауға болады
4.2. Балалардын бас тартудың алдын алу жөніндегі бағдарламалар кешенді ролі.
Подобный материал:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22

IV

Зерттеуде мамандар аналардың әке жағынан қолдаудың болмау себебін ашық түрде көрсетті. Әке жағынан қолдау болмаған балалар да тіркелді, яғни балалардың 74,4% әкесімен қатыспайтындығын, 17,8% жиі кездесетіндігін көрсетті.

Алынған сауалнаманың нәтижесінде дағдарыс жағдайында қалған әйелдер әкесінен ғана емес олардың туыстарынан көрсетуін сұраған (жалпы 62,6% ).

48,8% болашақ ананың босануына туыстарының оң көзқараспен қабылдағанын көрсетті. Сонымен қоса 14,7% ананың босануына қарсы болған. Бұл ақпаратта 61,5% ананың босануына туған туыстарының келіскендігі, ал 7,7% қарсы болғандығын көрсетті.

Ананың және туыстарының өзара қарым –қатынасты бағалау көзқарастары тең екі топқа бөлінді. Аналардың жартысынан бөлігі, яғни орташа есеппен 55,3% туыстарымен жақсы қарым-қатынаста екенін, ал 40% мүлдем қатыспайтынын көрсетті. Туыстарының жауабына сәйкес ана мен баланың қарым-қатынасы жақсы әрі сенімді екенінайтуға болады.

Бірақ туыстарының болашақ анаға оң көзқарасымен қарағанмен ананың бас тартуы тіркелген (уақытша мемлекет қарамағына өткізу).

Аналардан жауап алу,олардын коп болігі (орташа есеппен 54,7%),аягы ауыр кезінде,туган уакытта және одан кейін де мемлекеттік органдар мен мекемелерден колдау болганын айта алмады, Қалғандары Балалар үйі, Емхана, Перзентхана,Әкімшілік, Жәрдемакы тағайындау орталығы сиякты мекемелерді атады.

Мамандардың орташа есеппен алғанда 53,3% аналар мен туыстары психологиялық, әлеуметтік және заңнамалық көмек жағынан жеткіліксіз түрде ақпараттандылырылған. Бұл ақпаратты мемлекеттік ұйымдар және мекемелер баладан бас тартуды жүзеге асыру мүмкін екенін (уақытша мемлекет қарамағына өткізу) көптеген аналардың өзі сұраққа жауап алу кезінде (орта есеппен 67,8%) растайды. Кейбір сауалнамада қиын жағдайда қалған отбасына көмек көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар жөнінде ақпараттың жеткіліксіз екенін көрсеткен.

Зерттеу кезінде мамандардың көбі орташа есеппен алғанда 88,5 % бас тарту механизмдерін айта алмайды. Тек мамандардың 11,5% бас тартудың жеке шаралар түрінде ғана болатындығын көрсетті.


VI


Зерттеу нәтижесінде аналардың ортасында орта есеппен алғанда 81,2% баланы қайтарып алу мүмкіндігі жайын куәландырады. Көптеген аналар үшін ең маңызды мақсат отбасы жағдайы және олардың болашағы ( орта есеппен 92,5%). Бірақ бұл мәліметтер баланың үйде тәрбиеленгенін қолдайтын туыстарының көзқарасына қайшы келеді. Бірақ олардың тек 38,5% ғана анасының баладан бас тарту туралы шешімін өзгертуге болады деген көзқараста.

Аналардың баланы қайтарып алуға қоятын негізгі шарттары – бұл материалды көмек көрсету (орта есеппен 53,2% ), тұрғын -үй мәселесін шешу (51,3%).

Мамандардың сауалнамасына қарағанда орта есеппен олардың 63,1% аналарға әйелдер консультациясы кезінде, ал респондеттердің үштен бір бөлігі перзентханаларда көмек көрсету тиімді деп санайды. 21,4% білім беру мекемелерінің мамандары Отбасын қолдау орталығында көрсетілген көмек тиімдірек болады деп санайды.

Жалпы мамандардың ойы бойынша баладан бас тартудың алдын алу механизмдерін барлық жүйеде өзгерту керек: заң және денсаулық сақтау жүйесінде, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы төленетін жәрдемақы жүйесіне және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне. Жеке жүйе жұмысын жақсарту бойынша мамандармен ұсыныс енгізілді. Олар баладан бас тартудың алдын алу негізгі ұсыныстарын құрастыру кезінде қайта қаралды және есепке алынды.

Қыздары баласынан бас тартқан аналардан жауап алу кезінде (туысқандар сауалнамасынан) әйел адамдар тарапынан бірнеше ұрпаққа дейін: жауап алгандардын жартысынан көбі анасына жакын емес бала кезінде баска туыскандарына-33,3% -әжесіне», 11,1% «әкесіне» 11,1%,- «ешкімге»; 44,4% өз әжесінің кім екенін білмейтіндігін көрсетті. Аналық механизмдердің бұзылуы болашақ ананың азаюына әсер етеді. Жүргізілген зерттеуде мемлекеттің қарамағына тапсырған 66% әйелдердің босануының жоғалуына және баладан бас тарту жағдайының қайталануын көрсетті.


IV

Зерттеуде мамандар аналардың әке жағынан қолдаудың болмау себебін ашық түрде көрсетті. Әке жағынан қолдау болмаған балалар да тіркелді, яғни балалардың 74,4% әкесімен қатыспайтындығын, 17,8% жиі кездесетіндігін көрсетті.

Алынған сауалнаманың нәтижесінде дағдарыс жағдайында қалған әйелдер әкесінен ғана емес олардың туыстарынан көрсетуін сұраған (жалпы 62,6% ).

48,8% болашақ ананың босануына туыстарының оң көзқараспен қабылдағанын көрсетті. Сонымен қоса 14,7% ананың босануына қарсы болған. Бұл ақпаратта 61,5% ананың босануына туған туыстарының келіскендігі, ал 7,7% қарсы болғандығын көрсетті.

Ананың және туыстарының өзара қарым –қатынасты бағалау көзқарастары тең екі топқа бөлінді. Аналардың жартысынан бөлігі, яғни орташа есеппен 55,3% туыстарымен жақсы қарым-қатынаста екенін, ал 40% мүлдем қатыспайтынын көрсетті. Туыстарының жауабына сәйкес ана мен баланың қарым-қатынасы жақсы әрі сенімді екенінайтуға болады.

Бірақ туыстарының болашақ анаға оң көзқарасымен қарағанмен ананың бас тартуы тіркелген (уақытша мемлекет қарамағына өткізу).

Аналардан жауап алу,олардын коп болігі (орташа есеппен 54,7%),аягы ауыр кезінде,туган уакытта және одан кейін де мемлекеттік органдар мен мекемелерден колдау болганын айта алмады. Қалғандары Балалар үйі, Емхана, Перзентхана, Әкімшілік, Жәрдемакы тағайындау орталығы сиякты мекемелерді атады. Мамандардың орташа есеппен алғанда 53,3% аналар мен туыстары психологиялық, әлеуметтік және заңнамалық көмек жағынан жеткіліксіз түрде ақпараттандылырылған. Бұл ақпаратты мемлекеттік ұйымдар және мекемелер баладан бас тартуды жүзеге асыру мүмкін екенін (уақытша мемлекет қарамағына өткізу) көптеген аналардың өзі сұраққа жауап алу кезінде (орта есеппен 67,8%) растайды. Кейбір сауалнамада қиын жағдайда қалған отбасына көмек көрсететін мемлекеттік органдар мен ұйымдар жөнінде ақпараттың жеткіліксіз екенін көрсеткен.

Зерттеу кезінде мамандардың көбі орташа есеппен алғанда 88,5 % бас тарту механизмдерін айта алмайды. Тек мамандардың 17,2% бас тартудың жеке шаралар түрінде ғана болатындығын көрсетті.

VI


Зерттеу нәтижесінде аналардың ортасында орта есеппен алғанда 81,2% баланы қайтарып алу мүмкіндігі жайын куәләндырады. Көптеген аналар үшін ең маңызды мақсат отбасы жағдайы және олардың болашағы ( орта есеппен 92,5%). Бірақта бұл мәліметтер баланың үйде тәрбиеленуін қалайтын туыстарының көзқарасына қайшы келеді, оның тек 38,5% ғана ананың баладан бас тарту туралы көзқарасын өзгертуге болатындығын өзгертуге болады деген ойда.

Аналардың баланы қайтарып алуға қоятын негізгі шарттары – бұл материалды көмек көрсету (орта есеппен 53,2% ), тұрғын үй мәселесін шешу (51,3%).

Мамандардың зерттеуінше орта есеппен алғанда 63,1% аналарға әйелдерге арналған кеңес ең қолайлы болып саналады. Сонымен қатар 21,4% білім мекемелеріндегі мамандардың жүргізген сауалнамасында отбасын қолдау орталықтары тиімді көмек болып саналады.

Жалпы мамандардың ойы бойынша баладан бас тартудың алдын алу механизмдерін барлық жүйеде өзгерту керек: заң және денсаулық сақтау жүйесінде, еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы төленетін жәрдемақы жүйесіне және арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне. Жеке жүйе жұмысын жақсарту бойынша мамандармен ұсыныс енгізілді. Олар баладан бас тартудың алдын алу негізгі ұсыныстарын құрастыру кезінде қайта қаралды және есепке алынды.


VII

Жүргізілген зерттеулердің рефлексиясы


Бізбен жүргізілген зерттеудің нәтижелерінен шыға отырып, қажетті өзгерістер мен нақты қадамдарды іске асыру үшін берілген бағыттағы іс-әрекет жүйесінің құрылымын жалғасуын міндетті деп санаймыз (балалардан бас тарту іс - әрекеттің профилактикасы, деинституцианализация және отбасыларды қорғау мен қолдау бойынша).

Зерттеу төмендегідей мәселелерді анықтауға мүмкіндік береді:
  • Түрлі мәселелерде отбасымен жұмыс істейтін мамандардың кәсіби және ақпараттық дайындығының жеткіліксіз деңгейде болуы;
  • Отбасыларға және аналарға қолдау және қоғамдық қызмет көрсетудің нәтижелі жүйесінің болмауы, соның ішінде Қарағанды қаласындағы және басқа да облыс қалаларындағы кризистік орталық қызметінің (қиын жағдайда қалған отбасылар мен аналарға қолдау және көмек көрсету формалары ретінде) және аймақта ұйымдастырылған аналарға көмек көрсету жөніндегі жобалардың жоқтығы;
  • Отбасылар мен қызмет көрсету спектріне кешенді әдістің жоқтығы (негізінен көмек көрсету түрлері бір реттік психологиялық және медицинаның көмек ұсынысымен ғана шектеледі);
  • Аналар мен олардың туыстарының отбасыларының мүмкін болатын көмек түрлері мен қолдау көрсету жүйесінің жоқтығы.

Жоғарыда айтқанымыздай, келесі зерттеуді жүргізу үшін келесі бағыттарды перспективті деп санайды:

  1. Әйелі және оның отбасына тууға дейінгі және кейінгі уақыт аралығында әйелдер консультациясы және перзентханаларда диагностика мен сауалнама жүргізу арқылы қажетті қоғамдық-психологиялық көмек түрлері мен формалары туралы сұранысты зерттеу;
  2. Мамандарды дайындауға, біліктілікті арттыру және қайта дайындау, сонымен қатар кәсіби және балалармен жұмыс істейтін мамандардың қажетті білімінің мониторингін жүргізу. Қосымша зерттеулер ресурстары таусылған, кризисте өмір сүріп жатқан отбасыларда тұратын балалармен жұмыс істеуге бағытталған іс-әрекеттерді нақты және өз уақытында жасауға мүмкіндік берер еді. Сонымен қатар олардың тиімділігі шамалы болып отыр.

  1. Аймақтағы отбасылар мен балалардың мәселелерінің нәтижелі шешімін қамтамасыз ететін кешенді бағдарламаларды жасау.
  2. Бас тарту жөніндегі профилактикалық жұмыстарда жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік беретін отбасылар мен аналарға қызмет көрсетудің үлгісі (құрылымдық, кешендік );
  3. Кәсібиаралық және дисциплина аралық жұмыс негізінде отбасымен жұмыс істейтін мамандарды дайындау;
  4. Балалардан бас тарту бойынша «қауіп топтарындағы» отбасылардағы қолайсыз жағдайды ерте анықтау жөніндегі жүйелік жұмыстар жүргізу (балаларды үйде қарайтын педиатордың жұмысын қоса).
  5. Балаларынан бас тартқан аналарға нақты көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша жобалар жасап, іске асыру, сонымен қатар іске асырылған жобалардың нәтижелерін әрі қарай мониторингтеу;
  6. Ата-анасының қамқорынсыз қалған және балалар үйінен шыққандардың тағдырын қадағалау жөніндегі мәселелерімен бірге жобалар жасау және іске асыру;
  7. Ерекше қажеттіліктерді керек ететін балалары бар отбасыларға ерте араласудың және көмек көрсету бойынша жобалар мен программа жасау
  8. Аналар мен отбасыларға қажетті көмек көрсетудің мүмкін түрлері туралы ақпараттарды (интернет, БАҚ, қабырғалық бұрыштамалар және телефондық т.б. ресурстарды пайдалану арқылы) арттыру.






4 тарау Балалардан бас тартудың алдын алу бойынша негізгі ұсыныстары

4.1. Алдын алу балалардан бас тартуды болдырмау жөніндегі әлеуметтік жұмыс технологиясы ретінде


Бүгінгі танда қоғам алдындағы ең өзекті және әлеуметтік манызы бар жұмыстардың бірі ол- балаларынан бас тартушылар санын азайту және оның алдын алу тиімділігін арттырудың жолын іздеу болып табылады.

Дер кезінде алдын алу қызметі әлеуметтік жұмыстағы баладан бас тартуды болдырмау бойынша перспективалық және маңызды қызмет бағыты болып табылады және мүмкін болатын проблеманың алдын алуға және қойылған міндеттерді шешуге ықпал ететін жүйелер мен құраламдарды әске қосатын кешенді тәсілді талап етеді.

Әлеуметтік профилактика – бұл өмір сапасын арттыру шаралары жүйесі, әлеуметтік қауіптер факторларын төмендету, әлеуметтік әділеттілік принциптерін жүзеге асырға жағдай жасау арқылы мемлекеттік дәрежеде жүзеге асатын алдын алу қызметі. Әлеуметтік профилактика барлық басқа профилактикалық қызметтерді жүзеге асыруға түрткі болатын қажетті бейнені құрайды: психологиялық, педагогикалық, медициналық, әлеуметтік-педагогикалық.

Әдебиеттерде балалардан бас тартуға қатысты алдын алу қызметінің бірнеше деңгейін көрсетеді:

-жалпы әлеуметтік деңгей (жалпы алдын алу) мемлекеттің, қоғамның, олардың институттарының экономика саласындағы қарама қайшылықтарды, әлеуметтік өмірді, рухани аймағында жоспарлауды қарастырады.

- арнайы деңгей негативтік факторларға бағытталған әсерде тұратын бөлек проблемалармен ауытқу түрлерімен байланысты.

- жеке деңгей / жеке профилактика/ - мінез-құлқында проблемалар мен ауытқулары бар белгілі бір азаматтарға қатысты алдын алу қызметі.

Бұдан басқа профилактиқалық істің келесі түрлері болады: біріншілік, екіншілік, үшіншілік.

Біріншілік профилактика - ауытқуларға әсер ететін мінез – құлықтың қалыптасуына қарап биологиялық және әлеуметтік - психологиялық факторларға негативті алдын алуға бағытталған шаралар жиынтағы.

Екіншілік профилактика - девианттық және бейәлеуметтік мінез-құлқы бар (сабақты жиі босататын, құрдастарымен жиі келіспей қалатын, отбасында проблемасы бар) кәмелет жасына толмағандарға бағытталған әлеуметтік, психологиялық, заңдық, медициалық және басқа іс-шаралар.

Үшінші профилактика – әлеуметтік реабилитацияда қажет ететін жосөспірімнің болашақта кері қылықтарды жасауын алдын –алу мақсаымен бағытталған әлеуметтік психологиялық және заңдық бағыты бар жұмыстар қарастырылады.


Әлеуметтік жұмыстағы профилактикалық жұмыстардың негізгі мақсаты әлеуметтік объектілер мінез-құлқындағыжетіспеушіліктерге әкелетін жағдайлар мен себептерді анықтау, өзара қарым-қатынастың әлеуметтік-экономикалық, құқықтық, ұйымдық-тәрбиелік, психологиялық-педагогикалық шаралар көмегімен ауытқушылықтардың пайда болу ықтималдығын азайту және алдын алу болып табылады.


Профилактиқалық жұмыста әлеуметтік жұмыстар бойынша мамандарға бастысы әр түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау, жүйелі, ғылыми –танымдық материалды жариялау, себептерін анықтай отырып, олардың шынайы екендігін анықтау.

Жоғарыда айтылған байланысты, профилактиқалық түсінік ғылыми негізделген және уақытылы қабылданған іс-әрекеттер болып табылады және олардың бағыты:
  • ескерту, негативті сипаттағы әлеуметтік ауытқуларды тудыратын негізгі себептер мен жағдайларды анықтау және ьейтараптандыру;
  • әр түрлі мүгедектер мен әлеуметтік топтардағы физикалық, психикалық және әлеуметтік мәдениеттер девиациясының болуын жою;
  • сақтандыру, қолдау және қорғау арқылы дұрыс өмір сүруге және денсаулығына кепілдік беру. Оларға алға қойған мақсатына жетуіне және ішкі потенциалының ашылуына ықпал ету.

Профилактикалық іс-шаралар әлеуметтік ауыктқулардың себептері мен сипаттарына байланысты болады. Профилактикалық іс-шаралар қорытындыланған түрінде бейтараптандырылған, өтем ретінде, әлеуметтік ауытқуларға әкелетін жағдайлардың тууын ескертуші; осы жағдайларды қалпына келтіруші, өткізілген алдын алу шараларын бақылаушы шаралар болуы да мүмкін. Бұдан, профилактиканы өткізу кезінде көзделген мақсатқа жетуге, әлеуметтік объектінің алдағы жағдайын бақылау мен болуы мүмкін проблемалардың алдын алуға бағытталған алдын ала жоспарланған іс-әрекет бағдарламалары түрінде өткізілуі тиіс. Отбасылық тұрмыстағы қолайсыздықтың алдын алу баладан бас тартудың негізгі факторлары ретінде әлеуметтік жұмыс тәжірибесінде қолданылатын профилактикалардың негізгі түрлеріне жатады. Әр түрлі әдебиеттерге сүйенетін болсақ, профилактиканың 2-кезеңін көрсетеді:


1–кезең. Өмірдің қиын ахуалына тап болған кәмелеттке толмағандар мен отбасыларды анықтау. Профилактиқалық процесте профилактикалық контингентті толық анықтау қамтамасыз етілуі керек. Осы процесте кәмелетке толмағандардың жеке тұлғасын қалыптастырудың ерте кезеңдерінде отбасымен жұмыс істейтін органдар мен мекемелердің қатысуы маңызды болып табылады. Ол – халықты әлеукметтік қорғау, денсаулық сақтау мекемелері, мектепке дейінгі және мектепттік білім беру мекемелері.

2 кезең. Профилактиқа жүргізілетін тұлғаны оңалту бойынша шаралар профилактикалық жұмыс болап табылады. Реабилитацияның жетістіктері оның ең бірінші профилактика алатын адамға тексеріс жасау, кәмелетке толмағандарға мінездеме, оның оқуға, еңбеке,ата-анасына,денсаулық жағдайына деген ынтасы сонымен қатар, оның психикалық ауыткының сипаттамасы мен себептеріне байланысты.


Жоғарғыда айтылғандарға байланысты келесі қорытынды жасауға болады:


1. Баладан бас тартудың алдын алу үшін белгілі бір аймақтағы кәмелетке толмағандар мен оның отбасыларының барлығына қолданылатын жалпы профилактикалық жұмысты ұйымдастыру қажет;

2. Баладан бас тартудың алдын алу жеке тұлғаның қалыптасуы мен даму факторларына кері әсерін тигізуге бағытталған қараусыздық, қаңғыбастық және баладан бас тартуды болжау мен зерделеумен байланысты шаралар жүйесінен тұруы тиіс. Өз жүйе әрекетін балалар арқылы болжап үйренуіне байланысты қараусыз қалдырған және кәмелет жасқа толмаған балалардан бастартқан. Қарсылық жасау бағыттары және жеке тұлғаның дамуына бағыталған.

3. Балалардан бас тартудың алдын алу жұмысын жастардың отбасын құруға дұрыс қарауын қалыптастыруға ықпал ететін бағдарламаларды әзірлеу мен жүзеге асыру арқылы өскелең ұрпақты жауапты ата-ана болуға әзірлеуден бастау керек.


4.2. Балалардын бас тартудың алдын алу жөніндегі бағдарламалар кешенді ролі.


Балалардан бас тартудың ескерту жөніндегі кешенді алдын алу бағдарламасын әзірлеу қажеттігі қазіргі заманғы қоғамда мемлекеттік мекемелерде тұратын ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар санының өсуімен шартталады. Біз жүргізген сауалнама мәліметтері бойынша барлық мекемелердегі ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны-82.5%, жетім балалар санынан 17.5% асып түседі. Сонымен қатар жасалған жұмыстардың жеткіліксіздігін балалар үйлерінің және мектеп интернаттар түлектерінің интернаттан тыс бейімделу жұмыстарының; бала тәрбиелеп отырған отбасылар жайлы ақпараттың жетіспеушілігінен көруге болады.

Қарағанды облысындағы зерттеулер нәтижесінен отбасы мен балалық шақты әлеуметтік қолдаудың қалыптасқан жүйесінде баладан бас тартудың алдын алу болмаған:
  • тиімді алдын алу жұмыстарын жүргізуге арналған баладан бас тарту бойынша «кауіп тобы» отбасыларын анықтау мен есепке алудың бірыңғай ведомствоаралық моделі;
  • кәмелетке толмаған балалары бар тұрмысы қолайсыз отбасылармен жұмыс істеу стандарттары, нормативтік қамтамасыз етуі жеткілікті;
  • әлеуметтік жетімдіктің алдын алу саласындағы білікті көмек көрсетуге арналған кадрларды кәсіби даярлау бағдарламасы;
  • орнын басатын отбасын (қорғаншылық, қабылдаушы) жетекшілікке алу нашар дамыған.


Қарағанды облысында балалардан бас тартудың алдын алу баладан бас тартуды тудыратын себептерді бейтараптандыратын немесе қалпына келтіруге бағытталған ғылыми негізделген және қазіргі заманғы қолданылатын әрекеттер жиынтығын құрайтын бірыңғай бағдарламалар шеңберінде ұйымдастырылуы керек.

Алға қойған мақсатқа жету үшін келесі міндеттерді шешу керек:

- әлеуметтік жетімдікті тудыратын себептерді анықтау мен жоюға жағдай жасау;

- отбасылық институт және балаларды әлеуметтік қорғау оптимизациялау;

- жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына орналастыруды қамтамасыз ету;

- ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мен оларға теңестірілген адамдардың білім алу, мамандық, тұрғын-үй, сапалы медициналық қызмет алу құқықтарын жүзеге асыруға жағдай жасау;

- баладан бас тартудың алдын алу проблемасын шешуде мемлекеттік емес коммерциялық құрылымдар мен қоғамдық ұйымдар күштерін біріктіру;

- баладан бас тартудың алдын алу мәселесімен айналысатын барлық органдар, құрылымдар мен мекемелер, мемлекеттік құрылымдардың ведомствоаралық өзара әрекеттерін қамтамасыз ету.


Ол үшін қажет:

    1. Халықтың білімі деңгейін арттыру және қоғамда отбасының маңыздылығы, оның бала тәрбиесіндегі ролі, отбасылық дәстүрлерді нығайту мен дамыту қажеттілігі, қаны бір отбасын сақтау қажеттігін қалыптастыру мақсатында отбасы мен балалық шақ бойынша ақпараттық – ағарту кеңістігін дамыту.
    2. Әртүрлі санаттағы отбасылар мен балаларға көмек көрсету қызметінің жаңа технологиялары мен инновацияларын енгізу мен дамыту.

3) балаларды отбасында сактау максатында отбасындағы қолайсыз жағдайды ерте анықтау, отбасын әлеуметтік қорғауды қамтамасыз ету.

4) Қандас отбасын оңалту мен қалпына келтіру.

5) Ата – ана қамқорлығынсыз қалған, балалар мен жетім-балаларды отбасына орналастыру жүйесін дамыту

6) Білім сапасын қамтамасыз ету, жалпы тәрбиелеу мекемелерінде ата – ана қамқорлығынсыз қалған, балалар мен жетім балаларды психологиялық және педагогикалық тұрғыда тәрбиелеу.

7) Ата-анасы қамқорлығынан айрылған балалар мен жетім балалар мекемелерінің түлектеріне интернаттан тыс жүйе құру, сол балаларға қатысты тәлімгерлер институтын енгізу.

8. Кәсіби аралық және тәртіпаралық жүйе әдісі негізінде балалар және отбасы жұмысымен айналысатын мамандарды даярлау, қайта даярлау және кадрлардың біліктілігін арттыру.

9. Балалардан бас тартудың алдын алуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобалаларды іске асыруға қатысуға қоғамдық ұйымдар, қайырымдылық қорларын және бизнес-құрылымдарын тарту.

10. Отбасының оң образын, оның дәстүрлерін, құндылықтарын, баладан бас тарту проблемаларын, күш көрсетуді, қаталдықты, адамгершіліксіздікті азайтуды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

11.Балалар үйлері мен мектеп интернаттары тәрбиеленушілерін әлеуметтендіру тәсілі ретінде еріктілер қозғалысын дамыту.

12.Отандық және шетелдік зерттеушілердің тәжірибеден өткен ғылыми әзірлемелерін зерделеу мен пайдалану негізінде балалар мен отбасы проблемасын тиімді шешуді қамтамасыз ететін бағдарламалық-әдістемелік құжаттар әзірлеу.

13.Жетім балалардың өмір сүруінің отбасылық формаларын дамыту бойынша бағытталған жұмыстар әзірлеу, оның ішінде баланы тәрбиелеуге, екінші рет бас тартудың алдын алу жөніндегі шараларға бағытталған жұмысты әзірлеу.

14.Әртүрлі типтегі отбасылардағы балалар жағдайының, бірінші кезекте баладан бас тарту бойынша қауіпті топтар отбасылардың әлеуметтік-экономикалық және тәрбие потенциялы қорытындыларына мониторинг жүргізу және талдау.

15.Баладан бас тартудың алдын алу жөніндегі қызметтің және заңнамалық және атқарушы билік органдары қолданатын қажетті нормативтік-құқықтық базасының болуы.


Барлық қызметті алдын алудың мемлекеттік жүйесінің түрлі аспектілеріне жауап беруші органдар мен мекемелердің, сондай-ақ түрлі мамандықтар мамандарының тек өзара келісілген қарым-қатынасы негізінде жүзеге асыруға болады.