Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


3 блок «Ата-аналармен байланыс»
4 блок «Қызмет көрсетулер»
Баладан бас тартуды болдырмау жөніндегі жекелеген мемлекеттік құрылымдар қызметі бойынша мамандар ұсыныстары
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22

3.1.3 сурет. «Мекемелердегі мамандар мен психологтар бала денсаулығына байланысты қиындықтар туындаған сәтте аналармен жұмыс атқарады ма?»




Респонденттер, оның ішінде еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-66,7%, білім беру мекемелерінде – 47,3%, денсаулық сақтау мекемелерінде-53,1% мамандар мен психологтар бала денсаулығына байланысты қиындықтар туындағанда аналармен жұмыс жасайды деп сұраққа жауап берген. Ал, білім беру мекемелеріндегі респонденттердің 35,7% осындай жағдай туындағанда мамандар жұмыс атқармайды немесе жеткіліксіз түрде атқарады деп жауап берген. Сонымен қатар, мамандардың 17-31,3% осы сұраққа жауап беруден қиналатыны байқалған.


3.1.4 сурет. «Егер бала денсаулығына байланысты қиындықтар туындаған сәтте аналары олардан бас тарту жағдайын ұсына ма?»



3.1.4 суретте көріп отырған болсаныз, мамандардың білім беру мекемелері – 51,8%, еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-41,7%, денсаулық сақтау мекемелерінде - 40,6% балалардың денсаулығына байланысты қиындықтар туындағанда аналарына тастап кетуді ұсынбайтын көрінеді.

Еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі мамандардың 58,3% осы мекемелердегі балалардың ерекшеліктерінің әрқилы болуына байланысты сұраққа жауап беруден қиналған.

Респонденттердің (денсаулық сақтау мекемелерінде-46,8% ; білім беру мекемелерінде – 33,9%; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-41,7%) өз анкеталарына осындай балаларды отбасына қайтарып беру жағдайын көрсеткен.

Өздеріңіз көріп отырғандарыңыздай осы блок бойынша туындаған сұраққа мамандардың жауабы қарама-қарсы келеді. Сол себепті де бір қорытындыға келу қиын.

3 блок «Ата-аналармен байланыс»

Бұл зерттеулердің мақсаты отбасы мен баланы қайта қосу мүмкіндіктері болып табылады.


3.1.4 кесте. Мекемелердегі ата-аналармен байланыс






денсаулық сақтау мекемелері

білім беру мекемелері

еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелері

саны = 32

саны = 112

саны = 12

саны

%

саны

%

саны

%

Ата-аналармен балалардың кездесуі




















Аптасына бір рет

11

34,4

17

15,2

0

0

Айына бір рет

19

54,3

53

47,3

9

75

жиі

0

0

3

2,7

2

16,7

кездеспейді

4

12,5

41

36,6

1

8,3

Жауап беруге қиналады


1

3,1

5

4,5

0

0

Ата-аналардың балалармен сөйлесу уақыты



















Рұқсат етілгендер

20

62,5

78

69,6

8

66,7

Үнемі асығады

9

28,1

18

16,1

3

25

30минут

1

3,1

8

7,1

1

8,3

Жауап беруге қиналады

1

3,1

5

4,5

0

0

Балаларына ата-аналары ойыншық, заттар алып келеді ме?



















Иә

15

46,9

61

54,5

5

41,7

Жоқ

17

53,1

44

39,3

7

58,3

Жауап беруге қиналады

1

3,1

3

2,7

0

0

Психологиялық, әлеуметтік және заңдық көмек жайында ақпараттандырылған



















Қажетті түрде

15

46,9

18

16,1

4

33,3

Жеткіліксіз

11

34,4

94

83,9

5

41,7

Жауап беруге қиналады

6

18,8

0

0

3

25



3.1.4. кестеге сүйене отырып мамандар мен олардың әріптестерінің көзқарастарының әртүрлі екенін көруге болады. Денсаулық сақтау мекемелері мамандарының 54,3% балаларды ата-аналары аптасына бір рет, ал, 34,4% көбісі айына бір рет кездеседі деп санайды; білім беру мекемелерінде: 47,3% аптасына бір рет кездесетінін, 36,6%-кездеспейтінін көрсеткен.

«Ата-аналар балаларымен кездесуге келген шақта балаларына ойыншықтар, басқа да заттар алып келеді ме?» деген сұраққа: кейбір респонденттер (денсаулық сақтау мекемелерінде - 46,9% ; білім беру мекемелерінде – 54,5%; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-41,7%) «Иә» деп, басқалары (денсаулық сақтау мекемелерінде – 51,3% ; білім беру мекемелерінде – 39,3%; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-58,3%) «Жоқ» деп жауап берген.

Сонымен қатар, ата-аналардың психологиялық, әлеуметтік және заңдық көмек жайында ақпараттандырылуы деген сұраққа: кейбір мамандар ата-аналар жеткілікті ақпараттандырылған (денсаулық сақтау мекемелерінде - 46,9% ; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-33,3%) деп санаса, басқалары – жеткіліксіз (денсаулық сақтау мекемелерінде – 34,4% ; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-41,7%) санайды. Ал білім беру мекемесіндегі респонденттердің 83,9% ата-аналардың ақпараттандырылуы жеткіліксіз деп санайды.

Бірақ «Ата-аналар мекемелерде балаларымен қанша уақыт сөйлеседі?» деген сауалға көптеген мамандар (денсаулық сақтау мекемелерінде – 62,5% ; білім беру мекемелерінде – 69,6%; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-66,7% «қанша уақыт беріледі соған байланысты» деп жауап берген.


3.1.5 сурет. Баласын алып кетуге қажетті жағдай



Мамандардың ойынша анасының баласын алып кетуге қажетті басты жағдай тұрғын үйді жақсарту және қаржылық жағдайын жақсарту болып табылады. Сонымен қоса мамандардың аздаған пайызы (денсаулық сақтау мекемелерінде – 24,1% ; еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде-25%) «туысқандарының келісімі және қолдауы» деген жағдайына көңіл аудару маңызды.

Мамандардың біразы «Басқаша» нұсқасын таңдап, мына жайттарға көңіл бөледі: анасының баласын эмоционалдық және моральдық қайтарып алуға дайын болуы; құжаттарын қалпына келтіруі; қамау орындарынан босату; әлемге деген көзқарасын өзгерту.


4 блок «Қызмет көрсетулер»


4 блокта «Қызмет көрсетулар» сұхбат алушылар Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысында баладан бас тарту болдырмау механизмдерін мамандардың түсінуін зерттеп, бас тарту бойынша мамандар ұсыныстары зерделенді.

Мына сұраққа: «Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысында баладан бас тарту болдырмаудың қандай механизмі бар?» деген сұраққа респонденттер жауабы екі топқа бөлінді: бірінші топ – ондай механизмдер бар деп жауап беріп, сипаттайды, екінші топ - жауаптары, «ондай механизм жоқ» деп көрсетсе, кейбір респонденттер: «білмеймін» немесе сызықша белгісін қояды.


3.1.6. сурет Баладан бас тартуды болдырмау механизмдерінің болуы туралы респонденттер ойлары





Сауалнама қорытындысы мамандардың басым көпшілігі (денсаулық сақтау мекемелерінде – 90,6%, білім беру мекемелерінде – 75%, еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінде – 100%) бас тартуды болдырмау жөніндегі механизмдердің бар екендіктерін көрсетуге қиналады. Тек кейбір респонденттер ондай механизм жоқ немесе ол жұмыс істемейді деп көрсетеді; ал кейбіреулері «баладан бас тартушы анасымен әңгіме жүргізудің еш пайдасы жоқ, нақты нәтиже беретін механизм жоқ», «ана болуға жүйелі дайындау жоқ», «баладан бас тарту проблемасы зерделенбеген», «біріккен әрекет жүйесі жоқ, бәрі өз бетінше жұмыс істейді» деген ойда.

Денсаулық сақтау жүйесінің мамандары (9,4%), баладан бас тартуды болдырмау механизмі ретінде емханалардағы психологпен әңгімелесу, перзентханада баланың анасына қолдау табу жолдарын түсіндіру деп біледі.

Білім беру ұйымдарының мамандары (25%), механизмдер бар деп көрсеткен, баладан бас тартудың алдын алу жөніндегі келесі механизмдерді көрсетті:

1. Балалар үйлеріндегі «Қолдау» отбасын қолдау орталықтары.

2. Балалардың құқықтарын қорғау департаментіндегі отбасымен жұмыс жүргізу қызметі

3. Үміт үйі.

4. Демеушілер көмегі есебінен атқарушы билік тарапынан көрсетілетін қайырымдылық көмек.

5. Жәрдемақы алуға құжаттарын ресімдеуге көмек көрсету (балаға, тұрғын-үйге көмек, мүгедектікке ресімдеу және т.б.).

6. Мемлекеттен бөлінген бала күтіміне байланысты бір реттік жәрдемақы.

7. Жалғыз басты аналарға берілетін жәрдемақысын арттыру.

8. Әлеуметтік көмек: кеңес берулер, Перзентханадағы әңгіме жүргізулер.

9. Баланы уақытша панаға, нәрестелер үйіне, балалар үйіне орналастыру

10. Қорғаншылық пен қамқоршылық органдары, психологтар, әлеуметтік педагогтар жұмысы

11. БАҚ: баладан бас тартқандар проблемалалары туралы ақпараттар беретін

12. Әлеуметтік – психологиялық қолдау көрсету қызметтері.

13. Әйелдер консультациясындағы жұмыс.

14. Жас отбасылар мен қабылдаушы ата-аналарға арналған консультациялық пункттері.


3.1.7 сурет. Мамандар көмегі тиімдірек болатын кезеңдер



Көпшілік респонденттер көзқарасы бойынша мамандар (гинеколог пен психолог сияқты мамандар) әйелдер консультациясы мен перзентханаларда көрсетілген көмек тиімдірек деп есептейді.

21,4% респонденттер білім беру мекмелеріндегі «басқасы» деген нұсқаны таңдайды, олардың ойынша отбасын қолдау орталықтарындағы (жоғары білікті психологтар, заңгерлер, әдіскерлер, әлеуметтік педагогтар) жоғары білікті мамандардың көмегі тиімдірек болады деп есептейді.

41,7% респонденттер еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелеріндегі «басқасы» деген нұсқаны таңдайды, өйткені олардың мекелерінде көбісі ата-анаға байланысты және оларға проблема туындаған жағдайда әр кезеңде көмек көрсету керек.


Сұрақ: «Баладан бас тартуды болдырмау механизмдерін жақсарту үшін нені өзгерту керек?» бұл блокта негізінен мамандарға қандай жүйеге өзгеріс енгізу қажет және оған өз ұсынысыңды енгізу ұсынылған.

Кесте 3.1.5. Баладан бас тартуды болдырмау механизмдерін жақсарту үшін мамандардың ойынша қандай жүйеге өзгеріс енгізу қажет.


Кесте 3.1.5. Баладан бас тартуды болдырмау механизмдерін жақсарту жөніндегі жүйені өзгерту





Денсаулық сақтау мекемесі

Білім беру мекемесі

Еңбек және әлеуметтік қорғау мекемесі

Саны= 32

Саны = 112

Саны = 12

Саны

%

Саны

%

Саны

%

Заң жүйесі

13

40,6

67

59,8

3

25

Денсаулық сақтау жүйесі

10

31,3

47

41,9

6

50

Қорғаншылық және қамқоршылық органдарының жүйесі

9

28,1

44

39,3

0

0

Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі арқылы жәрдемақы төлеу жүйесі

12

37,5

38

33,9

3

25

Арнай әлеуметтік көмек көрсету жүйесі (қорлар, кеңестер, баланың күндізгі орталығы)

8

25

50

44,6

3

25



Баладан бас тарту механизмдерін жақсарту үшін мамандардың ойлары бойынша барлық жүйеге: заңдық, денсаулық сақтау жүйесіне, қорғаншылы пен қамқоршылық органы жұмысы жүйесіне, еңбек және әлеусметтік қорғау министрлігі органдары арқылы жәрдемақы төлеу жүйесіне, әлеуметтік көмек көрсету жүйесіне өзгеріс енгізу қажет.

Берілген 3.1.5. кестені талдай отырып, 40,6% сауалнамаға жауап беруші денсаулық сақтау мекемелерінің респонденттері және білім беру мекемелерінің 59,8% респонденттері өзгеріс біріншіден заңнамалық жүйеге енгізілуі тиіс. Еңбек және әлеуметтік қорғау мекмелерінің сауалнамаға жауап берген респонденттерінің жартысы өзгеріс ең біріншіден денсаулық сақтау жүйесіне енгізілу керек деп есептейді.

Денсаулық сақтау мекемелерінің мамандары жәрдемақы төлеу жүйесіне (37,5%), денсаулық сақтау жүйесіне (31,3%), қорғаншылық пен қамқоршылық органдары жүйесіне (28,1%) өзгеріс енгізу керек.

Білім беру мекемелерінің мамандары арнайы әлеуметтік қызмет көрсету жүйесіне (44,6%), денсаулық сақтау жүйесіне (41,9%), қорғаншлық пен қамқоршылық органына (39,3%), жәрдемақы төлеу жүйесіне (33,9%) өзгерістер енгізу керектігі көрсетілген.


Баладан бас тартуды болдырмау жөніндегі жекелеген мемлекеттік құрылымдар қызметі бойынша мамандар ұсыныстары


1. Заңнамалық жүйеге:

- Әлеуметтік жетімдіктің алдын алу жөніндегі күшті біріктіру; аз қамтылған және көп балалы отбасыларды қолдау.

- Нашақорлық, қылмыс, алкоголизм, порнография мен жезөкшелік, жасөспірімдер арасындағы қылмыс проблемасы шеңберінде заңнамалық базаны күшейту.

- Баланың құқығы туралы заңға тастанды балалар туралы, оларға асыраушысынан айрылғандығы жөніндегі жәрдемақы алу құқығы бар балалар сияқты жәрдемақы алу тағайындауға ұсыныс енгізу

- Кәмелетке толмаған аналарды қорғау жөніндегі өзгеріс енгізу.

- БАҚ көмегімен адамдар санасын өзгерту, арақ, сыра, темекі жарнамаларына тыйым салу, адамгершілік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру.

- Заңнамалық жүйені қарапайымдандыру мен жақсарту.

- Бала тәрбиесінен бас тартушы ата-аналар жауапкершілігін күшейту.

- Жалғыз басты анаға шынайы көмек көрсететін заң қабылдау (3 жасқа дейінгі жәрдемақы тағайындау)

- Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала статусын белгілеу.


2. Денсаулық сақтау жүйесіне:

- Отбасының жақсы образын құру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру.

- Кеңес беру мекемелерінде алдын алу шараларын ұйымдастыру, қажетті заңдық және медициналық көмек көрсету (аталмыш қызметті күшейту).

- Отбасыларға жүктілікті жоспарлауға көмек көрсету. Жүктілікті ерте есепке алу. Патологияны тисті медициналық анықтау. Жүктілікті аз мерзімде үзу.

- Қауіп топтағы әйелдермен жұмыс жүргізуді ұйымдастыру.

- Кәмелетке толмаған аналарды анықтап, олармен жұмыс жүргізу.

- Ана болуға дайындық жүргізу жұмысын ұйымдастыру.

- Бала туғаннан кейінгі депрессия болған жағдайда білікті психологиялық көмек көрсететін

психологтар штатын енгізу.

- Жасөспірімдермен жыныстық қарым-қатынас пен жүктілік туралы алдын алу жұмысын жүргізу.


3. Қорғаншылық пен қамқоршылық органы жұмысының жүйесіне:

- Қажетті заңдық және әлеуметтік қолдау көрсету.

- Тастанды балаларды уақытылы анықтау және отбасына беру мүмкіндіктерін іздеу.

- Аталмыш мекеме жұмысының сапасын жақсарту, мамандардың кәсібилігі.

- Отбасы мен оны қоршаған ортамен байланысты факторларды зерттеу.

- Психолог штатын ашу.


4. Әлеуметтік қорғау органы арқылы жәрдемақы төлеу жүйесіне:

- «Қауіп топтағы» әйелдер үнемі медиктер мен психологтардың қарауында болатын орталық ашу. Сонымен қатар тіркеуге тұру, құжаттарын дайындау, жәрдемақы ресімдеуге көмек көрсету мәселелері шешіледі.

- Жәрдемақы төлеу жөніндегі бақылауды күшейту.

- Жалғыз басты аналарға жәрдемақы төлеуді жетілдіру.

- Балабақшамен, жұмыс орнымен қамтамасыз ету.

- Баланы асырауға берілген ақша шығындарын бақылауды жүзеге асыру

- Құжаттарды ресімдеу процесін қарапайымдандыру.

-Дәрі-дәрмек және сүт тағамдарына жеңілдіктер жасау.


5. Арнайы әлеуметтік қызмет көрсету, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдар саласын кеңейту аясында:

- Мектепке дейінгі мекемелер, шағын – орталықтар, күндізгі балалар мекемелерін (1 жастан бастап балалар) ашу.

- Жасөспірімдермен жұмыс істейтін тегін психологиялық орталықтар ашу.

- Балаға құжаттар ресімдеу кезінде көмек көрсету.

- Ата-анасының жұмысқа орналасуына көмек көрсету.

- Баланы балабақшаға орналастыруға көмек көрсету.

- Отбасын қолдау орталықтарын және жұмысы мен тұрғын-үйі жоқ аналар панасын ұйымдастыру.

- 3 жасқа дейінгі баласы бар әйелдер тұратын және қолдау көрсететін орталықтарды ұйымдастыру.

- Аталмыш ұйымдар туралы халықты ақпараттандыруды жақсарту.

- Аз қамтылған және халықтың қауқарсыз тобына арналған жеңілдіктер ұсыну.

- Халықтың төменгі тобына қызмет көрсету сапасын арттыру.