Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна
Вид материала | Документы |
СодержаниеМекеме атауы Балалар ауылы Тұрмысы қолайсыз отбасыларға байланысты жағдайларды бағалау |
- Татьяна Владимировна Черналова, постановка танцев хореограф Марина Ивановна Баннова, 28.51kb.
- «Михаил Булгаков, его время и мы» Краков, 22–24 сентября 2011 года армения арутюнян, 539.47kb.
- Ширко Татьяна Владимировна. Выписка из учебного плана Семестр Учебных недель Часов, 121.72kb.
- Фёдорова Татьяна Владимировна, директор по исследованиям ООО «Исследовательско-маркетинговая, 53.44kb.
- Лисицына Лариса Владимировна Никитина Татьяна Алексеена Попова Татьяна Витальевна Старыгина, 4032.65kb.
- Федорова Татьяна Владимировна 48 диплом, 313.15kb.
- Лебедева Татьяна Владимировна, учитель истории и обществознания моу новогоркинская, 20.69kb.
- Лескова Татьяна Владимировна 80 Гран-при + диплом, 827.05kb.
- Стрекалёва татьяна владимировна, 284.83kb.
- Кузьминова Татьяна Владимировна, учитель истории и граждановедения школы №124 г. Самары,, 76.07kb.
Кесте 1.6 Нәрестелер үйіндегі жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар саны (2007-2010 жж)
Мекеме атауы | Жылдар бойынша балалар саны | |||
2007 | 2008 | 2009 | 2010 | |
"Жезқазған қаласындағы нәрестелер үйі" ММ | 94 | 92 | 87 | 94 |
"Ботагөз" нәрестелер үйі» ММ | 103 | 109 | 96 | 81 |
" Шапағат" нәрестелер үйі» ММ | 126 | 122 | 115 | 110 |
Барлығы: | 323 | 323 | 298 | 285 |
Кесте 1.7 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім ұйымдары желісі
Жыл | Балалар үйі | Бала саны | Мектеп -интернат | Бала саны | коррекц. мекеме | Бала саны | Отбасы түріндегі балалар үйі | Бала саны | Балалар ауылы | Бала саны | Жеке меншік балалар үйі | Бала саны | Жастар үйі | Бала саны | ӘПОҚ | Бала саны | пана | Бала саны |
2007 | 10 | 848 | 1 | 311 | 2 | 452 | 2 | 9 | 1 | 74 | 1 | 58 | 5 | 117 | 2 | 108 | 1 | 20 |
2008 | 10 | 767 | 1 | 276 | 2 | 428 | 1 | 2 | 1 | 71 | 1 | 63 | 5 | 128 | 2 | 103 | 1 | 18 |
2009 | 10 | 714 | 1 | 267 | 2 | 371 | 1 | 2 | 1 | 69 | 1 | 73 | 5 | 114 | 2 | 102 | 1 | 14 |
2010 | 10 | 876 | 1 | 97 | 2 | 376 | 1 | 2 | 1 | 68 | 1 | 66 | 5 | 111 | 2 | 108 | 1 | 25 |
Ұсынылған жағдайдан мынадай қорытынды жасауға болады. Баланы отбасына орналастыруға қатысты негізгі жұмысты алдын алу кезеңінде емес, бала мемлекеттік мекемеге түскен кезеңде бастауға тура келеді. Оның айғағы жалпы облыс бойынша ата-аналық құқығынан айрылған санының көп болуы мен көптеген балалар тұрмысы қолайсыз отбасында тәрбиеленуде.
Ата –ананың әлеуметтікке қарсы мінез-құлқы, оның ішінде балаға зорлық-зомбылық көрсету, ата-аналық қамқорлықтың төмен болуы биологиялық ата-анадан бас тарту мен айрылудың негізгі себебі болып табылады. Отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығынан айрылған балалар санының көптеген жылдар бойы болымсыз ғана азаюы –баланың толыққанды дамуын қамтамасыз ету қажеттілігі мен көптеген отбасылардың теңсіздік мүмкіншіліктерінің арасындағы қарама қайшылықты білдіретін отбасылық күйзелістің негізгі көрсеткіштерінің бірі болып табылады.
Тұрмысы қолайсыз отбасыларға байланысты жағдайларды бағалау
2010 жылдың басында облыстың кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлері өздерінің кәмелетке толмаған балаларын тәрбиелеу бойынша міндеттерін тиісінше орындамаған немесе спиртті ішімдіктермен зиян келтіретін 2286 тұрмысы қолайсыз отбасыларды алдын алу есебіне қойған. Жыл сайынғы есеп берулер қорытындысын салыстыра келсек, төмендегідей жағдай байқалады. Мысалға, егер 2008 жылы тұрмысы қолайсыз отбасылар саны 2304 болса, 2010 жылы бұл сан 2286 құрайды. Аталмыш отбасыларда 3000 кәмелетке толмағандар тәрбиеленеді. Сондықтан, балалар саны үнемі әлеуметтік және психологиялық қолайыз жағдайда болады. Яғни, мәліметтерді талдасақ, облыстағы тұрмысы қолайсыз отбасылар саны аздап қана өзгергені байқалады.
Кесте 1.8 Қарағанды облысы бойынша КТІБ есебінде тұрған тұрмысы қолайсыз отбасылар саны туралы мәлімет (2010 ж), сондай-ақ аудан, қала бойынша отбасылардың әлеуметтік портретінің мәліметі
Аудан, қала атауы | Барлық есепте тұрғандар | Спиртті ішімдік ішуге балаларды тарқан адамдар | Балалардың құқық бұзуына ықпал ететін ата-аналар | Нашақорлық заттарды пайдалалтын ата-аналар | Спиртті ішімдікке салынған ата-аналар | Балаларына зиянды ықпал ететін ата-аналар | Балаларына тәрбие беруден ауытқыған ата-аналар | Есеңгіртетін заттарды қолданатын ата-аналар | Ата-ана құқығынан айрылған ата-аналар |
Абай | 80 | | 2 | | 16 | 6 | 56 | | 22 |
Ақтоғай | 8 | | 1 | | | | 7 | | 1 |
Бұқар жырау | 98 | | 54 | | 3 | 1 | 40 | | 5 |
Жаңаарқа | 26 | | 8 | | 7 | | 11 | | |
Қарқаралы | 20 | | | | 7 | 2 | 11 | | |
Нұра | 58 | | 1 | | 17 | 3 | 37 | | 3 |
Осакаров | 63 | | | | 41 | | 22 | | 13 |
Шет | 20 | | 1 | | | | 19 | | 3 |
Ұлытау | 12 | | 10 | | | 1 | 1 | | |
Қарағанды | 981 | | 229 | 3 | 25 | 6 | 717 | 1 | 33 |
Жезқазған | 161 | | 24 | 5 | 84 | 8 | 40 | | 5 |
Балқаш | 71 | | | 1 | 60 | | 10 | | 11 |
Қаражал | 14 | | 2 | | 9 | 3 | | | 2 |
Саран | 57 | | | | 11 | | 46 | | 4 |
Сәтбаев | 145 | | | | 14 | | 131 | | 11 |
Теміртау | 303 | | | | 68 | 14 | 221 | | 31 |
Шахтинск | 169 | | | 2 | 12 | | 155 | | 17 |
Барлығы | 2286 | | 332 | 11 | 374 | 44 | 1524 | 1 | 161 |
Тұрмысы қолайсыз отбасылар, ата-аналар, балалардың әлеуметтік портреті мынадай:
- Балаларына зиян келтіруге ықпал еткені үшін есепке алынған – 1,9%;
- Тәрбиелеуден бас тартқан ата-аналар – 66,6 %,
- Баласының құқық бұзушылық жасауына ықпал ететін ата-аналар – 14,5 %,
- Нашақорлық заттарды пайдаланатын ата-аналар – 0,4 %,
- Жындандыратын заттарды пайдаланатын ата-аналар - 0,04 %,
- Спиртті сусындар ішуші ата-аналар – 16,3%.
Қарағанды облысы бойынша тұрмысы қолайсыз отбасылар және және ата-аналық құқықтарынан айрылғандар туралы мәлімет
Баланың отбасында өмір сүру және тәрбие алу, дұрыс тәрбие алуын қамтамасыз ететін отбасының болуы құқығы Қазақстан Республикасының барлық тұрмыстықтан бастап нормативтік-заңнамалық деңгейінің ажырамас бөлігі болып табылады. Бірақ мемлекетімізде баланың құқықтарын іске асырумен байланысты проблемалар орын алып отыр.
Облыстың ІІБ кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі бөлімшелерінің қызметкерлерінің ұсынысымен облыс соттары 2010 жылы 161 адамды, 2009 жылы -169 (343) азаматты ата-аналық құқықтарынан айырған (340 өтініш берілген), 19 - ата-ана әрекетке қабілетсіз деп танылған, 2009ж. – 17.
Кесте 1.9 Тұрмысы қолайсыз отбасылар және және ата-аналық құқықтарын айрылғандар туралы мәлімет
Жылдар | Кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі инспекция есебінде тұрған тұрмысы қолайсыз отбасылар | Ата-аналық құқықтарынан айрылған ата-аналар |
2007 | 2278 | 135 |
2008 | 2304 | 133 |
2009 | 2243 | 169 |
2010 | 2286 | 161 |
Қарағанды облысындағы өмірдің қиын ахуалына тап болған балалар туралы мәлімет
2009 жылы отбасынан, балалардың тәрбие мекемелерінен өз бетімен үнемі кетіп қалған, ересектердің ертуінсіз қоғамдық орындарда болған, ата-анасының немесе олардың орнындағы адамдардың қамқорлығынсыз қалғандар 1705 бала Қарағанды, Жезқазған қалаларындағы КТУОБ орталықтарына және Қарағанды, Теміртау қалаларының паналарына өткізілген. 2010 жылы тек КТУОБ орталықтарына (Қарағанды, Жезқазған қалаларындағы) 621 бала, оның ішінде 479 бала қараусыздық пен қаңғыбастығы үшін орналастырылды.
Жалпы КТУОБ орталықтарына орналастырылған балалар мінездемесі келесідей:
- Жас шамасына қарай: 3 – 7 жас – 19 бала; 7-14 – 160; 14 – 17 – 442 жасөспірім;
- Оқу орындары бойынша: мектепте оқитындар – 411; орта кәсіптік мекемелерде – 172; оқымайтын – 38 бала;
- Қайтадан әкелінген – 58 бала.
Кесте 1.10 Балалар туралы мәлімет
КТІЖБ есебінде тұрған девиантты мінез-құлықты балалар саны | Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығындағы балалар | |||||
барлығы | Қадағалаусыз балалар мен жасөспірімдер | Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар | 490 бапқа сәйкес заңға қайшы әрекет жасаған | Сот шешіміне сәйкес АКМ , АКТУ жолдау үшін | Қылмыстық жауапкершілікке тарту жасына жеткенге дейін аса қауіпті әрекет жасағандар | |
18431 | 7598 | 6123 | 1102 | 117 | 250 | 6 |
Алынған мәліметтерді талдайтын болсақ, Қарағанды, Теміртау паналарында қараусыздық пен қаңғыбастығы үшін әкелінген балалар сипаттамасын былай белгілеуге болады:
- 86% кәмелетке толмағандар жалпы білім беретін мекемелерде оқиды,
- 9,5% панаға әкелінгендер мектеп жасындағылар,
- КМ мен колледждер оқушылары панаға сыймайды, КТУОБ орталықтарына 27 %КМ, колледждер, интернаттар оқушылары орналастырылады.
- 30% астам балалар паналарға қайта әкелінеді, КТУОБ орталықтарына 10% бала қайта әкелінеді.
Кәмелетке толмағандарды паналарға, КТУОБ орталықтарына орналастырудың негізгі себептері: отбасындағы тұрмысқа қолайсыз жағдай, ата-анасы ішімдікке салынған, адамгершілікке қайшы өмір салтын ұстанған, баласының тәрбиесімен айналыспайды, отбасының тұрақты тұрғын-үйі жоқ, ата-анасының тұратын жері белгісіз, сондай-ақ «ата-ана қамқорлығынсыз қалған».
Осылардың бәрінен түйінделгені: баланы орнасаластыруға бағытталған жұмыстарды мамандар балалар мемлекеттік мекемеге орналастырылғаннан бастап жүргізеді, өкінішке орай алдын алу жұмыстары жүргізілгенмен, қауіпті отбасыларын ертерек анықтауға аз көңіл бөлінген.