Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна
Қарағанды қаласы, «СемьЯ» Орталығы» қоғамдық бірлестігі, 2011- 196 б.
Балаларды баламалы орналастыру
Панасыз балалар
Отбасынан айрылған балалар
Тұрмысы төмен отбасында өмір сүретін балалар
Ата-анларының қамқорлығысыз қалған балалар
Жетім балалар
Баланың заңды өкiлдерi
Интернат мекемесі
Кәмелеттке толмау
Бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар
Баланы тәрбиелеуге беру –
Де-институционализация саясаты
Отбасы өмір сүру құқы
Асыранды балалар
Бала–он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала
Жетiм бала
Баланың әлеуметтiк бейiмделуi
Баланы әлеуметтiк оңалту
...
Полное содержание
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22





Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу

«СемьЯ» Орталығы» қоғамдық бірлестігі

Қазақстан Республикасындағы БҰҰ ЮНИСЕФ балалар қоры




Қарағанды, 2011ж.






Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Волкова Светлана Валерьевна


Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу
Қарағанды қаласы, «СемьЯ» Орталығы» қоғамдық бірлестігі, 2011- 196 б.



Аталмыш электрондық әдістемелік құрал «Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу» жобасы шеңберінде ЮНИСЕФ балалар қоғамдық қорының қолдауымен «СемьЯ»Орталығы» қоғамдық бірлестігі әзірледі.

Әдістемелік құрал білім, денсаулық сақтау, еңбек және әлеуметтік қорғау, үкіметтік емес ұйымдар мен балалар құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында жұмыс істейтін мамандарға арналған.
Зерттеу Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін анықтауға және бас тартудың алдын алу бойынша іс-әрекет жоспарын, ұсыныстарын әзірлеуге бағытталған. Зерттеу Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев қалалары мен Осакаров аудандарында өткізілді.












Мазмұны


Глоссарий 4

Алғы сөз 8

Кіріспе 10

1 тарау. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар жағдайына

қатысты проблемалардың қазіргі жағдайын талдау

1.1 Қазақстандағы балалар жағдайына қатысты айтылған проблемалар бойынша

бастапқы ақпараттарды талдау 13

1.2 Қарағанды облысындағы ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар

жағдайы туралы бастапқы ақпараттарды талдау 15


2 тарау. Зерттеу әдістемесі


2.1 Зерттеудің негізгі бағыттары 22

2.2 Зерттеудің мақсаты мен мазмұны 22

2.3 Зерттеу жүргізу кезеңдері 23

3 тарау. Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан

бас тарту себептерін зерттеу

3.1 Мамандардың сауалнама жүргізу қорытындыларын талдау 30

3.2 Баланың анасына сауалнама жүргізу қорытындыларын талдау 47

3.3 Баланың туыстарына сауалнама жүргізу қорытындыларын талдау 59

3.4 Қорытындылау және жинақтау 65


4 тарау. Баладан бас тартудың алдын алу бойынша негізгі ұсыныстар


4.1 Алдын алу - баладан бас тартуды ескерту бойынша әлеуметтік

жұмыс технологиясы іспеттес 72

4.2 Баладан бас тартудың алдын алу жөніндегі кешенді бағдарламалар рөлі 74

4.3 Балаларды институализациялауды ескертуге бағытталған

әлеуметтік қауіптегі отбасыларға көмек көрсету моделі 76


Қорытынды 80

Әдебиеттер тізімі 82

Қысқартылған сөздер тізімі 84

Зерттеу жүргізуге арналған ақпараттар пайдаланылған мекемелер мен ұйымдар

тізімі 85

Қосымшалар 87



Глоссарий


Балалардың балама жайы: бала ата-анасының туыстары тарапынан бала туралы қамқорлықты көздеу, не баланы басқа отбасына тәрбиелеуге немесе асырап алуға беру, немесе керек жағдайда ата-ана өз баласын қамқорлыққа алмай, не тиісті дәрежеде қамқорлыққа алмаған жағдай арнайы мекемелерге балаларды орналастыру.4


Балаларды баламалы орналастыру – Баланы тәрбиелеуге беру, ұлттық және халықаралық бала асырап алу кезінде бала қамқорлығы мен игілігі мәселелеріне арнаған әлеуметтік және құқықтық принциптер туралы декларацияның 4 бабы баланы балама орналастыру отбасында тәрбиеленуін (патронат/ асыраушы отбасы, асырап алу) қарастырады. Деклорация бала орналасуыныңбасым жақтарын көрсетеді: баланы отбасы туыстарына, бұдан кейін – алмастыру отбасына және ең соңғы кезекте сәйкес интернаттық мекемелерге беру .4


Қараусыз балалар – баспнасы бар бірақ әр түрлі себептерге байланысты ата – аналары, тарапынан тиісті дәрежеде күтім жоқ балалар.3


Панасыз балалар – тұратын жерлері жоқ қараусыз балалар.3


Мемлекеттiк ең төменгi әлеуметтiк стандарттар – мемлекет белгiлеген әлеуметтiк қызметтер көрсетудiң, нормалар мен нормативтердiң ең төменгi көлемiн қамтитын, балалар өмiрiнiң сапасын қамтамасыз ететiн негiзгi көрсеткiштер.


Де-институционализация – ата - ана қамқорлығынан айрылған балаларды интернат мекемелеріне орналастыруға (институализация) және мұндай мекемелерде балалар санын зайтуға бағытталған іс – шаралар жүйесі. Де-институционализация баладан бас тартудың алдын алу, жағдайлары нашар/әлсіз отбасыларын қолдау қызметтерінің болуын/дамуын, балаларды орналстырудың балама нысандарындамыту, отбасылық жәнинтернат мекемелерін отбасына жақындату қызметтерін, балалардың күндізгі орталықта , қор орталықтарында және т.б. қайта кәсіптену/қайта өзгеруін қамтамасыз ету әрекеттерін көздейды.


Отбасынан айрылған балалар – Конвецияның 20 бабына сәкес бұл ата –аналардың қайтыс болуына, ата – аналардың олардан бас тартуларына, не қоныс аударуларына, не өздерін еі игі мүдделері бойынша отбасыларында қала алмағандықтан, өз отбасыларынан уақытша не тұрақты түрде айрылған балалар. Мұндай балалардың «ерекше қамқорлық пен көмекке» құқықтары бар. Мемлекет оның мәдениетін есепке ала және Конвенцияға сәйкес бала құқтарын сақтай отырып, мұндай баланы әлеуметтік қамқорлықпен қамтамасыз етуге міндетті. Мемлекет баланың азаматтығын, дінін, мәдениетін жән тілін ескере отрып, оның жеке басының даралығын сақтауға бала құқығын құрметтеуге міндетті (8ж/е10бап).


Тұрмысы төмен отбасында өмір сүретін балалар – күнкөрістері ең төменгі күнкқріс азығынан төмен отбасындағы балалар.4


Қиын өмір жағдайындардағы балалар – қалыптасқан жағдайлар нәтижесінде өмірге қабіліттілігі бұзылған және осы жағдайда жеке не отбасының көмегімен жеңе алмайтын баллалар. Бұған ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, мүгедек-балалар, денсаулық мүмкіндіктері шектеулі балалар, қараулы және ұлтаралық қақтығыстардың, экологиялық және техногенді апаттардың, табиғи апаттардың құрбаны болған балалар, босқындар және күштен қоныс аудырылған отбасыларының айырылып, жазаларын өтеу орнында, тәрбиелеу колонияларында жатқан балалар, арнайы оқу-тәрбиелеу мекемелеріндегі балалар, тұрмысы нашар отбасыларында өмір сүріп жатқан балалар, мінез – құлықтарында ауытқушылықтары бар балалар.2

 

Ата-анларының қамқорлығысыз қалған балалар – аналары құқықтарынан шектелген, не айрылған, ата-аналары хабар-ошарсыз кеткен деп танылған, олар қайтыс болған деп жарияланған, қабілетсіз деп танылған (қабілеті шектеулі), ата-аналары бас бостандықтарынан айрылған, ата-аналары бала тәрбиелеуден не оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтарған, соның ішінде баласын тәрбиелеу және емдеу мекемелерінен алудан бас тартқан, сонымен қатар ата-ана қамқорлығы болмауының басқа жағдайларына байланысты жалғыз ата-анасынан не олардың екеуінің де қамқорлығысы қалған балалар.2


Жетім балалар – бір немесе ата-анасының екеуі де қайтыс болған балалар.1


ВИЧ/СПИД нәтижесінде әлжуаз болған балалар. Бұл түсінікке ВИЧ тасымалдаушылар, СПИД-пен ауырған болып табылатын 18 жасқа толмаған балалар; ата-аналарының СПИД ауыруы салдарынан жетім қалған балалар; ВИЧ/СПИД нәтижесінде өмірге қабілеттері төмендейтін және дамуы қатер туғызған әлжуаз балалар; енеді; ВИЧ/СПИД балалық пен балалар өмірін жоюға әкеледі.


Баланың заңды өкiлдерi – ата-ана, бала асырап алушылар, қорғаншы, қамқоршы, патронат тәрбиелеушi, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес балаға қамқорлық жасауды, бiлiм, тәрбие берудi, оның құқықтары мен мүдделерiн қорғауды жүзеге асыратын олардың орнындағы басқа да адамдар.


Интернат мекемесі – жетім балалар және ата-анасының қамқорлығыесыз қалған балалар, мүмкіндіктері шектеулі балалар, кей жағдайда тұрмысы нашар және көп балалы отбасыларының балалары, балама тәрбиедегі балалар, арнайы мектептері болмағандықтан тұрғындардың балаларына күтім жасауды іске асыратын ұйым. Интернат мекемелерінде тәрбие беру жүйесі балаға топпен күтім көрсету түрлерін қарастырады.4


Институционализацияға баланы отбасылық түрде емес, толықтай тәрбиелу үрдісінде пайда болған жағдайлар енеді. Баланы кесте бойынша жұмыс істейтін және ұдайы түнгі күтім енетін белгілі міндеттерді атқаратын үлкендер күтеді. «Институционализация» термині балалар санының көпшілігін интернаттарға орналастыру дегенді білдіру үшін қолданады. Сонғы жылдары институонализация тәжірибелері құрамында 12 баладан тұратын топтарды тәрбиелеу кезінд байқалып жүр.


Кәмелеттке толмау – ұлтық заңдарға сәйкес бұдан ерте жас мөлшерінде кәмелеттк танылатын жағдайларды ескергенге, 18 жаста балалық шақ аяқталып, кәмелеттік жас басталды (бала құқықтары туралы Конвенция, 1-бап).3


Бала құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын ұйымдар – бұл балаларды әлеуметтiк қолдауды, әлеуметтiк-тұрмыстық, медициналық-әлеуметтiк, әлеуметтiк-педагогикалық, психологиялық-педагогикалық, құқықтық қызметтер көрсету мен материалдық көмек көрсетудi, өмiрде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтiк оңалтуды, мұндай балалар еңбекке қабiлеттi жасқа жеткенде олардың жұмыспен қамтылуын қамтамасыз етудi жүзеге асыратын ұйымдар.


Қамқоршылық – он төрт жастан он сегiз жасқа дейiнгi балалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны.
Қорғаншылық – он төрт жасқа толмаған балалардың құқығы мен заңды мүдделерiн қорғаудың құқықтық нысаны.


Патронат – ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы уәкiжастi мемлекеттiк орган мен баланы тәрбиелеуге алуға тiлек бiлдiрген адам (патронат тәрбиелеушi) жасасатын шарт бойынша азаматтардың отбасына тәрбиелеуге берген кездегi тәрбиенiң нысаны.


Баланы тәрбиелеуге беру – ұғымы басқа отбасында баланы тәрбиелеуге беруді көрсетеді, оның уақытша сипаты немесе керек жағдайда ұзартылуы мүмкін, бірақ өз ата-анасына қайту немесе оны кәмелетке толғанша дейін асырап алу мүмкіндігін жоққа шығармайды.4


Де-институционализация саясаты - ұғымы интернат мекемелеріндегі балалар санын азайту; отбасыны қолдаудың кешенді жұйесін кұру, отбасылық орналастыруды дамыту; балалар үйлерін қолдау қызметтеріне қайта бейімдеу; балалардың өмір сүріп, тәрбиеленіп және білім алатын отбасыларына жақындастыру жағдайларын қарастыру. Бұл саясат баланың жеке қасиеттерін есепке ала отырып, қамқорлық жасауға бағытталған.


Отбасы өмір сүру құқы қамқорлық, қорғаншылық, патронат отбасында тәрбиелену арқылы іске асады. Осы құқық жетім және өзінің туған (биологиялық) отбасында ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың отбасында тұру құқығын айтады.4


Асыранды балалар – мемлекеттің, не асырап алумен айналысатын агенттік қамқорлығында болса да қысқа мерземді, орташа мерзімді, ұзақ мерзімді шарт негізінде асырап алған отбасында тәрбиеленетін балалар. Мұндай балаларды баламалы отбасыларында асырау биологиялық ата-аналарына қосылғанға не асырап алынғанға дейін болады. Бала асырап алу биологиялық ата-анасының келісімі, не ата-ана құқығынан айыру туралы сот шешімінің негізінде жүзеге асыу мүмкін. Осылайша ата-ананың балаға деген құқығын болуы, не олар мұндай құқықтан айрылған жағдайларда болулары мүмкін. Осыған сәйкес балаларды асырап алуға болады не болмайды.


Бала–он сегiз жасқа (кәмелетке) толмаған адам.


Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына, 1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған бала – ата-ана құқықтарының шектелуiне немесе олардан айрылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кеттi деп танылуына,олардың қайтыс болды деп жариялануына, әрекетке қабiжассiз (әрекет қабiжасi шектеулi) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуiне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерiн қорғаудан жалтаруына, оның iшiнде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерiнен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуiнiң де қамқорлығынсыз қалған бала.

Жетiм бала – ата-анасының екеуi де немесе жалғыз басты ата-анасы қайтыс болған бала.


Мүгедек бала – тiршiлiк етуiнiң шектелуiне және оны әлеуметтiк қорғау қажеттiгiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден организмiнiң функциялары тұрақты бұзылып, денсаулығына зақым келген он сегiз жасқа дейiнгi адам.


Отбасы – «Қоғамның негізі және оның барлық мүшелерінің, әсіресе балалардың өсуі мен игілігі үшін табиғи орта» (Бала құқы туралы Конвенцияның Преамбуласы).


Баланың әлеуметтiк бейiмделуi – өмiрде қиын ахуалға тап болған баланың қоғамдағы құндылықтарды, мiнез-құлық қағидалары мен нормаларын игеру және қабылдау арқылы әлеуметтiк ортаның жағдайларына белсендi түрде бейiмделу процесi, сондай-ақ басынан кешiрген психологиялық және (немесе) моральдық зардаптарды еңсеру процесi.


Баланы әлеуметтiк оңалту – бала жоғалтқан әлеуметтiк байланыстар мен функцияларды қалпына келтiру, тұрмыс-тiршiлiктi қамтамасыз ету ортасын толықтыру, оған қамқорлық жасауды күшейту жөнiндегi iс-шаралар.


Бала (кыз) асырап алу ата-анасы қамқор бола алмайтын баланы отбасымен қамтамасыз ету мақсатында жүзеге асады. Асырап алу мүмкіндігін қарастырған жағдайда бала асырап алуға жауапты адамдар балаға ерекше қолайлы жағдайлар тудыруы қажет.4

     

__________________________________________________________

1 Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы 8 тамыз 2002 жыл № 345

2 Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы 29 желтоқсан 2008 ж. № 114-IV 

3 Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» Заңы 9 шілде 2004ж. №591

4 Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы 17 желтоқсан 1998 жыл № 321









Алғысөз


Осы есеп беру «Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін зерттеу» «СемьЯ»Орталығы» қоғамдық бірлестігі мен БҰҰ (ЮНИСЕФ балалар қоғамдық қорының Қазақстан Республикасы Үкіметінің және ЮНИСЕФ-тің «Отбасына бағытталған балалық шақты қорғау» бағдарламасын жүзеге асыру аясындағы біріккен қызметінің нәтижесі болып табылады.

Аталмыш есеп беруде стандартты және жеке сұхбат, фокус-топтар, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен Осакаров ауданында жүргізілген бақылаулар нәтижесі, әлеуметтік қауіпті отбасына көмек көрсетуді ұйымдастыру және тұрмысы қолайсыз отбасын ерте анықтау моделін сипаттау мазмұндалған.

Аталмыш жобаның жүзеге асырылуына мемлекеттік ұйымдар қызметкерлері тәжірибелерімен, ойларымен бөлісе отырып, уақытын бөліп, өз үлестерін қосты.

Сондай-ақ, Қарағанды, Теміртау, Жезқазған қалалары мен Осакаров ауданында білікті жұмыс жүргізілуін қамтамасыз еткен сұхбар жүргізуші әріптестерімізге де алғысымызды айтқымыз келеді.

Біз ЮНИСЕФ Балалар қорына осы зерттеуді жүргізуге қолдау көрсетіп, қаржыландырғаны үшін алғыс айтамыз.

Қарағанды облысының Балалардың құқықтарын қорғау департаментінің директоры И.Б.Киселеваға, маманы Л.В.Левицкаяға жобаны жүзеге асыру жоспарын құру мен талқылаудағы негізгі орындаушылар тобын құрастыруға ықпал еткені үшін ерекше алғыс айтқымыз келеді.

Осы зерттеу қорытындысы өмірдің қиын жағдайында қалған балалар мен отбасыларды ерте анықтаудың тиімді жүйесін құруға, әлеуметтік жетімдіктің алдын алу болып табылатын уақытылы көмек көрсетуге ықпал етеді деп сенеміз.

Кіріспе

Баладан бас тарту, оны отбасынан және отбасы тәрбиесінен бөлу – қазіргі таңдағы Қазақстандағы, оның ішінде Қарағанды облысындағы маңызды (салмақты) проблема.

Баланың отбасында өмір сүруі мен тәрбие алу құқығы, оның қалыпты дамуын қамтамасыз ететін отбасының болуы Қазақстан Республикасында тұрмыстық деңгейден нормативтік – құқықтық деңгейге дейін ажырамас болып қабылданған.

Бірақта бұл мойындаулар осы уақытқа дейін жүзеге аспаған декларация болып қалады. Баланың өмір сүруге қолайсыз жағдайы, ата-аналардың әлеуметттiкке карсы мiнез-құлығы, балаға зорлық-зомбылық көрсету, соның iшiнде отбасылық ортаның мәртебесiнің төмен болуы биологиялық ата-аналардың бас тартуы немесе бөлінуінің негiзгi себебі болып табылады. Көптеген жылдар бойында отбасында өмiр сүрiп, тәрбие алу құқықтарынан айырылған балалар санының өсуiнің байқалуы әрбiр баланың толыққанды дамуы мен көптеген жанұялардың теңсiз мүмкiндiктерiмен қамтамасыз ету қажеттiлiгі аралығында қарама-қайшылықты көрсететін жүйелi дағдарыстың көрсеткiштердiң бiрлерi болып табылады.

Қазіргі таңда 75 000 астам балалар мемлекеттiк мекемелерде тұрады және өздерін жақсы көретiн отбасылық орталарда өсу құқығынан айрылған. Бұл БҰҰ ішіндегі әр адамға шаққандады ең үлкен сандық көрсеткіш болып табылады. Жыл сайын 2000 астам бала ата-ана қамқорлығынан айрылып, мемлекеттiк мекемелерге орналастырылады. Олардың көпшiлiгінен мүгедектігінің бар болуына байланысты бас тартылған және мұндай балалар психоневрологиялық диспансерлерде немесе балалар психиатриясында орналастырылады. Негізінен ата - аналар отбасындағы кедейлiк салдарынан, әлеуметтiк мiнез-құлықтың сәйкес болмауынан, отбасында бiр ғана ата-ананың бар болуы немесе отбасыға көмек көрсететін әлеуметтiк қызмет түрлерiнiң жоқтығына байланысты өз балаларынан бас тартады деген түсінік қалыптастан.

Балалар мен аналарды әлеуметтік қолдау жүйесін талдау мақсатында Қазақстанға келуші шетелдік эксперттердің айтуынша Қазақстандағы баланы әлеуметтік қорғау жүйесі 1991 жылға дейін ССРО болған жүйе моделін қайталайды. Яғни ата-анасының қамқорлығынсыз қалған баланы мемлекеттік жабық мекемеге орналастырады, сондай-ақ отбасыларға әлеуметтік көмек көрсету жүйесі дамымаған. Халықаралық зерттеу мен тәжірибе мемлекеттік мекемеде тұратын балалар жағдайы алаңдатушылық танытады; институционализация – жақсы ниетпен жасалса да, баланың адамгершілік, эмоциональдық, әлеуметтік, физикалық дамуына бөгет туғызады. Қазақстандағы әлеуметтік мекемелерге орналастырылған көптеген балалар туыстарымен байланыс үзе отырып, өздерінің нәрестелік, балалық, жастық шағын өткізеді. 18 жасқа келгенде мемлекеттік мекемеден шыққан балалар жұмысқа тұра алмай, кедейшілікте өмір сүреді, заңға қайшы әрекеттер жасайды және балалар саудасы және жыныстық күштеу сияқты қанаушылықтарға тап болатын қауіп тобына ілігеді,

Сондай ақ соңғы 10 жылдықта ата-ана мен бала саласына да қатысы бар еліміздің әлеуметтік-экономикалық өмірінде айтарлықтай өзгерістер болды. Балалық шақты әлеуметтік қорғау жүйесіндегі кемшіліктер мен қорғауды қамтамасыз ету механизмдері көптеген есеп берулерде қаралды [6,7]. Қазақстан Үкіметі жүйелерді қайта құру бойынша міндеттерді өз мойнына алды және бұл процесс іске қойылды. «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заң (29 желтоқсан 2008ж., № 114-IV) қабылданды. Бұл заңда өмірде қиын ахуалға тап болған балаларды әлеуметтік қорғау жүйесін дамыту үшін жалпы құқықтық базаны құрайды және қазіргі таңда «Неке және отбасы туралы» Кодес заң жобасында қаралуда.

Мемлекет қамқоршыларды, оның ішінде патронаттық тәрбиешілерді материалдық қолдау тәсілдерін қарауда. 2010 жылдан бастап мүгедек балалар қамқоршыларын


жәрдемақы тағайындалды. 2011 жылдан бастап ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың ата-аналары жәрдемақы алатын болады. Кейбір көрсеткіштер бойынша Қазақстан балаларының әл-ауқаты жақсы нәтижеге жеткен. Елімізде бала туу көрсеткіші жоғары, балалар еңбегін қанау мен кәмелетке толмағандар арасындағы некеге отыру көрсеткіші төмен. Бірақта ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар мен ата-ана құқығынан айрылғандар саны куантарлық емес. Әлі күнге дейін институциональдық қамқорлыққа берілетін балалар саны азаймай отыр. Сондықтан да Қарағанды облысындағы 0-3 жас аралығындағы балалардан бас тарту себептерін анықтау бойынша зерттеу жүргізу бүгінгі таңда қоғам алдында тұрған өзекті және әлеуметтік маңызы бар мәселелердің бірі болып табылады. Тек баладан бас тарту проблемасын талдай отырып, баладан бас тартуды өсірмеудің жолын іздеу мен оның алдын алудың тиімділігін арттыру, өмірде қиын ахуалға тап болған отбасыларға уақытылы көмек көрсету, балалар үйлеріндегі тәрбиеленушілерді қолдау мен тәрбиелеудің балаламалы формалары туралы айтуға болады.