Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


5 блок «Мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан отбасыға қолдау көрсету»
3.3 Туысқандарының сауалнамасы қорытындысын талдау
1 блок «Респондент туралы жалпы ақпарат»
2 блок «Респонденттің ата-анасы отбасындағы қарым-қатынасының ерекшеліктері»
3 блок «Туысқандарының баланың отбасымен қарым-қатынасы».
4 блок «Туыстарының ойынша баладан бас тартудың себебі мен ол шешімді өзгерту жолы»
3.4. Қорытынды және жалпылама
Подобный материал:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   22

5 блок «Мемлекеттік органдар мен ұйымдар тарапынан отбасыға қолдау көрсету»



Баладан бас тарту оқиғасы болған жағдайда мамандардың шынайы көмек көрсетуін (мемлекет қамқорлығына баланы уақытша бере тұру) және ана тарапынан осы қызметтерді қабылдауға сұранысын зерделеуге бағытталған сұрақтар.


Сұрақ: «Сізге жүктілік кезінде және туу кезінде және одан кейін қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарды атаңыз» деген сұраққа, сондай-ақ баланы мемлекет қамқорлығына беру мәселесін шешуде қолдау көрсеткен мекеме деген сұраққа жауап беруге көптеген әйелдер қиналған (1-топта – 59,4%, 2-топта – 50%). 1 топтың респонденттері келесі ұйымдарды атады: «Собес» (18,8%), «Перзентхана» (18,8%), «Қорғаншылық органдары» (3,1%), «Нәрестелер үйі» (3,1%), «Емхана» (3,1%); 2 топ респонденттері - «Емхана» (20%), «Әкімдік» (20%), «Перзентхана» (10%), «Собес» (10%).


3.2.6 суреті жүктілік кезінде және туу кезінде және одан кейін қолдау көрсеткен аталмыш ұйымдардың көрсеткен қызметінің сапасын бағалауда респондеттер төмендегіні белгілейді.


3.2.6 сурет «Көрсетілген қызмет сапасы»

(% көрсетілген ұйымдардың жалпы санына шаққанда)



Көрсетілген қызмет сапасы туралы қорытынды жасау қиын. Өйткені респондеттердің аз ғана проценті өздеріне қызмет көрсеткен мекемелерді атаған.


3.2.7 сурет «Бүгінгі таңда Сіздің армандарыңыздың ішінде негізгі орын алатындар…»




Бүгінгі таңда респонденттер армандарының ішінде негізгі орын алатындар: «жақсы бала тәрбиелеп, оның болашағын қамтамасыз ету» (59,4% - 1-топта, 90% - 2-топта) және «отбасылық өмір» (15,6% - 1-топта, 20% - 2-топта)


«Сіздің баладан бас тартуыңызды (баланы мемлекеттік қарамағына уақытша өткізуді) болдырмауы мүмкін мемлекеттік орган немесе ұйымды атаңыз» деген сұраққа сауалнамаға жауап берген әйелдердің көбісі (65,6% - 1-топта, 70% - 2-топта) жауап беруге қиналды. Сауалнамалардың бірінде көмек көрсете алатын мемлекеттік ұйымдар бар екендігі туралы ақпараттар жеткіліксіз екендігі көрсетілген. Тек респонденттердің азғантай бөлігі 1 -топтағы келесі ұйымдарды атады: «Әкімдік» (25%), «Собес» (6,3%), «Қорғаншылық органы» (6,3%), «Нәрестелер үйі» (3,1%); 2-топтағы респонденттер тек «Әкімдік» (20%) көрсеткен. Респонденттердің көрсетуі бойынша бұл мекемелер «тұрғын-үй», «тіркеуге тұрғызу», «материалдық көмек», «баланы балабақшаға орнату» мәселелерін шешу кезінде ықпал ете алады.


3.2.8 сурет баладан бас тарту туралы анасының шешімін өзгерте алатын көмек немесе қызмет түрін көрсетеді.


3.2.8 сурет «Баладан бас тарту туралы анасының шешімін өзгерте алатын көмек немесе қызмет».



Осы сұрақ бойынша мәліметтерді талдау сауалнамаға жауап берген респондеттерге ең бірінші «материальдық қолдау» (1-топта – 62,5%, 2-топта – 40%), «уақытша тұрғын-үйінің болуы» (1-топта – 56,3%, 2-топта – 30%). Тек үшінші орында ғана мамандар кеңесі қажеттігі көрсетілген (1-топта – 28,1%, 2-топта – 10%). 1 топтың аздаған респонденттері (9,4%) туыстары тарапынан қолдау қажет екендігін көрсетеді. 2 топтың 20% респонденті «басқасы» деген нұсқаны таңдаған, яғни тұрақты тұрғын –үй болуы.

Анаға кризистік кезеңде психологиялық қолдау қажет деп топшалағанмен, тұрғын-үйдің, өмір сүруге деген қарапайым жағдайдың болмау фактілері ананың тиімдірек шешім қабылдауына әкеп соғады, яғни баланың ең бастысы қауіпсіз және өмір сүруге жақсы жағдайы болатындығын 2 топтағы аналар жауаптары дәлелдейді.


3.3 Туысқандарының сауалнамасы қорытындысын талдау

Баланың туыстарына арналған сауалнама 28 сұрақтан тұрады және 4 блокқа жіктелген (қосымша 3).


1 блок «Респондент туралы жалпы ақпарат»


1 блок респондент туралы жалпы мәліметті: жасы, отбасылық жағдайы, ұлты, білімі, әлеуметтік жағдайы, тұрмыс жағдайы береді.


Сауалнамаға әр түрлі санаттағы туыстары қатысты (3.3.1 суретті қараңыз).

3.3.1 суреттен көріп отырғанымыздай, зерттеуге қатысқан туыстарының ішінен: баласын мемлекет қамқорлығына тапсырған әйелдер аналары (23,1%), әйелдердің әпке-сіңілдері, енелері (15,4%), баланың әжесінің енелері (10,3%). «Басқасы» тобына: мемлекет қамқорлығындағы баланың әкесі, тәтесі, анасының ағасы, баланың әкесінің әпкесі кіреді.


3.3.1 сурет. Сауалнамаға қатысқандар туысқандары.



3.3. 1 кесте Туысқандары туралы жалпы ақпарат





Туыстары

Саны = 39

Саны

%

Жасы







30 жастан төмен

3

7,7

30-45 жас

14

35,9

46-55 жас

8

20,5

55 жастан асқан

14

35,9

Отбасылық жағдайы







тұрмыста (үйленген)

9

23,1

тұрмыста емес (үйленбеген)

18

46,2

ажырасқан (үйленген)

4

10,3

Жесір

8

20,5

Ұлты







Қазақ

14

35,9

Орыс

16

41,1

Украин

0

0

Неміс

2

5,1

Татар

2

5,1

басқасы

5

12,8

Білімі







Жоғары

1

2,6

Орта арнаулы

10

25,6

Орта

26

66,7

Толық емес орта

2

5,1

Әлеуметтік жағдайы







Жұмыссыз

2

5,1

Қызметкер

11

28,2

Жеке меншікке жалданып жұмыс істейді

17

43,6

Басқасы

9

23,1

Өмір сүру жағдайы







Жеке меншік пәтер

19

48,7

Жеке меншік үй

8

20,5

Жалдамалы пәтер

4

10,3

Тұрақты тұрғын-үйі жоқ

1

2,6

Уақытша тұрғын-үй

7

17,9



3.3.1 берілген кестелер талдауы респонденттер 30 -45 жас (35,9%), 55 жастан асқандар (35,9%) және 46 – 55 жас (20,5%) аралығында тңдап алынды. Тек 30 жасқа дейінгілер (7,7%) пайызы шамалы болды.

Таңдап алынғандардың тек 23,1% ғана үйленгендер, қалғандары үйленбеген (46,2%), ажырасқан (10,3%) , жесір (20,5%).

Респондеттердің көпшілігі (66,7%) орта білімді, 25,6% респонденттердің орта арнаулы білімі бар.

Әлеуметтік жағдайын талдаудан төмендегіні көруге болады. 43,6% респондент жеке меншікке жалданып жұмыс істейді, 28,2% қызметкерлер. 23,1% сауалнамаға жауап берушілер «басқасы» нұсқасын таңдаған. Бұл топқа: зейнеткерлер, бала күтіміне байланысты демалыстағылар, үй-шаруасындағы әйелдер.

Сауалнамағ жауап беруші туысқандарының жартысының (48,7%) жеке меншік пәтерлері бар, ал 20,5% - жек меншік үйлері бар. 30,8% респондентердің жеке меншік үйлері жоқ (жалдамалы пәтер, уақытша тұрғын-үй, тұрақты тұрғын-үйі жоқ).

Туысқандарының көрсеткен кірістерінің орташа есебі 35 мың теңгені құрайды. Туысқандарының көпшілігінің орташа табысы 20 мың теңгеден аспайды. 15,4% респондент өздерінің табыстары зейнетақы екендіктерін ғана көрсеткен, оның мөлшері көрсетілмеген. 10,3% респонденттер өздерінің орташа табыстарының мөлшерін көрсетпеген.


2 блок «Респонденттің ата-анасы отбасындағы қарым-қатынасының ерекшеліктері»


Туысқандарына, және баланың анасына арналған арналған сауалнамада біз ата-анасы отбасындағы қарым-қатынас пен отбасылық оқиғаларды зерделеуге қатысты сұрақтарды қойғанбыз. Бізді респонденттер ішінде баласын мемлекет қамқорлығына тапсырған немесе ата-аналық міндеттерін орындаудан бас тартқан әйелдің анасының жауаптарын зерделеуге қызығушылық таныттық. Мұндай зерттеудің негізгі ойы аналық мінез-құлықтың бұзылуы бірнеше ұрпаққа жалғасуы мүмкін.

Біз таңдап алғандар арасында баласынан бас тартқан әйелдер анасының аз болуына (жалпы таңдап алынғандар ішінен 23,1%) қарамастан, біз олардың ата-анасы отбасындағы қарым-қатынасын талдауды жөн көрдік.

77,8% респонденттер (анасы барлардың ішінен) толық отбасында туылып, өскен. Оның ішінде 22,2% 14 жасында әкесі қайтыс болғандар. 22,2% респонденттер толық емес отбасында тәрбиеленген (анасымен).

«Өзіңіздің ата-анаңыздың отбасындағы қарым-қатынасты Сіз қалай бағалар едіңіз?» деген сұраққа 44,4% респонденттер «жақсы», 44,4% - «қанағаттанарлық», 11,1% - «басқасы» деген жауапты таңдаған, бірақ нақты қандай екендігін көрсетпеген.

3,3% респонденттердің көзқарасы бойынша бала кездерінде анасы «қамқор болды, түсіністікпен қарады», 44,4% - «талапшыл, аса қатал», 11,1% «міндетті» болды деп көрсеткен.

Сауалнамаға жауап берген респондеттердің жартысынан сәл азы (44,4%) олар бала кезінде анасына, ал басқа да туыстарына: 33,3% - «әжесіне», 11,1% - «әкесіне». 11,1% «ешкімге» жақын болдым деп көрсеткен,

«Әжеңіз бен анаңыздың арасында қандай қарым-қатынас болды?» деген сұраққа 44,4% респонденттер «жақсы», 11,1% «әдеттегідей» деген жауап берген. Ал 44,4% - «өз әжесін білмейді».

3.3.2 Әулетте жоғалту мен айрылудың болуы.


3.3.2 сурет. Әулетте жоғалту мен айрылудың болуы



Жүргізілген зерттеу 61,5% респонденттер әулетте жоғалту мен айрылудың болғандығын көрсеткен. Бұдан шығатын қорытынды кеңейтілген отбасында осы оқиғаның қайталануы мүмкін.


3 блок «Туысқандарының баланың отбасымен қарым-қатынасы».


Мемлекет қамқорлығындағы баланың анасының туыстарымен қарым-қатынасын және олардың әйелдің жүктілігі мен бала туына деген көзқарастарын зерттеуге арналған сұрақтар.

3.3.3 сурет. Баланың анасының туыстарымен қарым-қатынасы



Мемлекет қамқорлығындағы баланың анасының туыстарымен қарым-қатынасын талдай келе 48,8% респонденттер қарым-қатынасты оң деп бағалайды: 41,1%, «жақсы», 7,7% - «өте жақын, сенімді, жылы» деген жауап көрсеткен. 20,5% респонденттер «бір-бірімізден алшақпын, арамыз суық», 10,3% - «арамызда қайшылықтар бар», 7,7% - «арамыз бөлініп кеткен» деген нұсқаларды көрсеткен. 7,7% респонденттер бұл сұраққа жауап бермеген.

Респонденттердің жартысынан астамы (56,4%) баланың анасының аяғы ауыр екенідігін білген, ал 33,3% респонденттерге баланың анасының аяғы ауыр екендігі мәлім болмаған. 7,7% туысқандары бұл сұраққа жауап бермеген.


3.3.4 сурет Баланың анасының жүктілігіне туыстарының көзқарасы




61,5% сауалнамаға жауап берген туысқандар жүктілікке оң көзқараста болған, өз көмектері мен қолдау көрсетуге даяр екендіктерін көрсеткен. 10,3% респонденттер жүктілікке «бейтараптық» танытқан, 7,7% - «қарсы». 10,3% туысқандар «басқасы» деген нұсқаны көрсеткен, «таңқалған», «жүктілік жыныстық қатынасқа күштеу нәтижесінде болған» деген жауаптар көрсеткен. 12,8% респонденттерге бұл сұраққа жауап беру қиынға түскен.

Бұдан мынадай қорытынды жасауға болады. 50% туысқандар, біріншіден баланың анасымен жақсы қарым-қатынаста, екіншіден жүктілікке дұрыс қарайды, өз көмектері мен қолдау көрсетуді ұсынады.


4 блок «Туыстарының ойынша баладан бас тартудың себебі мен ол шешімді өзгерту жолы»


Туыстарының ойынша баладан бас тартудың себебі мен ол шешімді өзгертуге боатын жолды зерделеуге бағытталған сұрақтар.


3.3.2 кесте Туыстарының ойынша баладан бас тартудың себебі





Туыстары

Саны= 39

Саны

%

Әлеуметтікке қарсы өмір сүру образы (бродяжничествокөбінесе анасындағы/ отбасы ортасындағы алкоголизм және нашақорлық )


24

61,5

Әкесі және отбасы тарапынан балаға қолдаудың болмауы


2

5,1

Баланың денсаулығының жағдайы


3

7,7

Тұрғын-үй проблемасы


3

7,7

Қаражат жетіспеушілігі


3

7,7

Құжаттарды рәсімдеу қиындықтары


3

7,7

Жауап беруге қиналады


4

10,3


Туысқандары көрсеткен себетптердің басым көпшілігі «ішімдікке салыну, бала анасының адамгершілікке жат өмір салтын ұстануы, отбасында қоршаған адамдардың әсері» деген жауапты респондеттердің 61,5% көрсеткен.

«Сіздің ұлыңыз немесе қызыңыз баласын үйде тәрбиелегенін қалар ма едіңіз? » деген сұраққа - 23,1% туысқандары «Жоқ» деген жауап берген, 30,8% респонденттер баладан бас тарту туралы шешімді өзгерту мүмкін емес («ішімдікке салынған», «бала анасы адамгершілікке жат өмір салтын ұстанады», «оған бала керек жоқ», «тек өзін ғана ойлайды, қыдырымпаз», «мен оған енді сенбеймін, мүмкіндік те бермеймін») деген жауапты көрсеткен.

58,9% туысқандар баланың үйде тәрбиеленгенін қалайды, тек 38,5% анасының баладан бас тарту туралы шешімін өзгертуге болады деп ойлайды. 3.3.4 суреттен туыстарының ойынша баладан бас тарту немесе баланы уақытша мемлекет қамқорлығына өткізу туралы анасының шешімін өзгертуге ықпал ететін жолдарды көруге болады.


3.3.5 сурет «Анасының баладан бас тарту туралы шешімін өзгертуге кімнің ықпалы болуы мүмкін»



Аталмыш сұрақ бойынша респондеттердің ойынша: 28,2% -анасының шешімін өзгертуге мамандар ықпал ете алады (дәрігерлер, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер), 23,1% туысқандарын атайды (анасы, әпке-сіңілісі, әкесі, балалар), 12,5% - басқалары деп көрсеткен (өкінішке орай нақты кім екені көрсетілмеген). Ал 12,5% енді емкім де ол ойды өзгерте алмайды деп көрсеткен (баланың мемлекет қамқорлығында болуының себебі – анасының ішімдікке салынуы). 20,5% респонденттер бұл сұраққа жауап беруге қианалады.

«Сіздің ойыңызша баланы Сіздің ұлыңызға/қызыңызға қайтару үшін не істеуге болады?» деген сұраққа жауапттарды шартты түрде бірнеше топқа бөлуге болады:

1 топ (30,8%) баланың атасының/әкесінің өмір салты мен мінез-құлқын өзгерту деп ойлыйды, яғни ішімдіктен бас тарту, еріктен тыс емдеуге жіберу, жауапкершілікке тарту.

2 топ (7,7%) тұрғын-үй мәселесін шешу қажет.

3 топ (5,2%) құжаттарын ресімдеуге ықпал ету.

4 топ: материалдық көмек және әлеуметтік қолдау (5,2%), «балабақшаға орналастыруа көмек көрсету» (2,6%).

Респонденттердің жартысына таяуы (48,5%) бұл сұраққа жауап беруге қиналады.


3.4. Қорытынды және жалпылама


Осы уақытқа дейін өз баласынан бас тартқан аналардың жағдайы аз зерттелген және түсініксіз жағдай болып қалады. Көптеген әдебиеттерде берілген мәселе әйелдердің әлеуметтік көзқарасының маңызды формасы-аналық дамудың психологиялық, патологиялық және әлеуметтік факторларының өзара күрделі қатынастарын көрсетеді.

Берілген жобаның мақсаты және тапсырмасы Қарағанды облысы бойынша жүргізілген зерттеулер нәтижесінде, аналардың және туыстарының, мамандардың көзқарастары бойынша баладан бас тарту мәселесінің көптеген факторлары және жан-жақты проблемаларын қарастыруға мүмкіндік береді.

Сонымен коса, сол проблеманы толығырақ түсініп шешу үшін сол салада перспективалық тексеріс жүргізу керек.

Сондай-ақ отбасымен жұмыс істеуге қосатын мамандар сұранысын, оларды даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыру, оларды балаларды институционализациялауға үйрету және олардың жағымсыз салдары болуын түсінуін жеке-жеке зерделеу; бала туғанға дейін және туғаннан кейін әйелге және оның отбасына қажетті әлеуметтік-психологиялық көмек формалары мен түрлеріне сұранысын зерделеу осы саладағы болашақ зерттеулердің перспективалық мәселелері болып табылады.

I


Баладан бас тартудың жеке және отбасылық факторларының негізгі себебін анықтауда жүргізілген сауалнамада көптеген мамандардың көзқарасы «Әйелдердің бейәлеуметтік өмір сүруі (алкоголизм, әйел нашақорлығы, қаңғыбастық, жыныстық қатынастар,)». Бұл ақпарат әйелдердің бейәлеуметтік өмір сүруі негізінде балалардың мемлекет қамқорлығында болуын (61,5%) растайды.

Еңбек және әлеуметтік қорғау мекемелерінің мамандары (75%) баладан бас тартудың негізгі себебі балалардың ауруы және тумысынан патологияның болуы. Бұл бұзылудың себептерi басқа мекемелерде көкейкестi жұмыс жүргiзу және «Денсаулығы төмен балалар жағдайын анықтау» блоктарында зерттелдi. Осы блогтын койған сурақтарына берген мамандардың жауаптары қарама-қайшылық көрсетті және көпшіліктің айтқан пікіріне ешқандай қосымша негіздемесі болмаганы тергеу барысында корсетілді. Сондықтан, басқа мекемеларде денсаулық проблемасы ушін балалардан бас тарту себебі таралған ба , бар ма, міне осыған шешім жасау өте киын. Кейбір мамандардың айтуы бойынша баладан бас тартудың кейбір себептері психологиялық және әлеуметтік шикіліктің болуы және балаға әке жағынан қолдаудың болмауы. Көптеген аналардың басым бөлігі (77,2%) «Тұрғын үйдің болмауы», (65%) «керекті материалды мүліктің болмауы» сауалнамада көрсетеді. Мамандар осы себептерді көрсетеді.

Аналардың біраз пайызы әлеуметтік инфрақұрылымның болмауы және ананың, баланың кейбір қажетті құжаттарының болмау себебін көрсетеді ( балабақшаның, ақтау орталықтарының жоқтығы).


II


Мамандар берілген сауалнама бойынша өз балаларын мемлекет қарауына қалдыратын әйелдердің әлеуметтік психологиялық портретін құруға болады.

Зерттеу нәтижесінде бұл аналардың тұрмыста болмауы (84,2%) және аналардың өздеріде растайды (жалпы: 84,4%).

Көптеген мамандардың көзқарасы бойынша орташа пайызбен алғанда 90,2% баласынан бас тартқан аналар ішімдікке салыну, шылым шегу сияқты зиянды әдеттердің болуын себеп етеді. Бұл әдеттермен көпшілік аналар келіспейді.. Орташа пайызбен алғанда аналардың 56,9% зиянды әдеттерді растайды, ал 40% шылым шегуге салынғанын көрсеткен.

Көбінесе аналарда бір баладан көп болуы. Кейінгі уақытта мамандардың айтуынша жас босанған аналар ғана емес көп балалы аналар да баладан бас тартады.

Көптеген аналардың жауабына қарағанда (29,3%) аналардың тек орта білімді ғана болуы. Бұл адамдар тек жеке тұлғаның қарамағында жұмыс жасайды. Бірақ 34,4% жұмыссыз әйелдер. Орташа кіріс 20.195 тенгені құрайды. Көптеген аналардың кірісі 20 мыңнан аспайды, ал ең төменгі кіріс 5 мың теңгені құрайды. Бұл мәліметтерден аналардың материалдық қиындықтар көретіндіктерін байқауға болады. Кейбір адамдар өздерінің тұрғын үйлерінің болмауын, жалдамалы пәтерде және тұрғылықты пәтердің болмауын айтады.

Аналардың жеке өмірін талдай келе 16 жасқа дейінгі аналардың үштен бірі, 18 жасқа дейінгі аналардың үштен бірі жыныстық қатынаста болуы. Олардың (82,2%) контрацепция әдісін қолданбайтындығын көрсеткен. Зерттей келе некесіз баланың тууы өсіп келеді.

Көптеген мамандардың айтуынша аяғы ауыр аналар мамандар қабылдауында болмайды.

Осы сұраққа байланысты аналардың да берген мәліметтері қарама-қайшы болып келеді: сұраныс беріп отырғандардың көбісінің жүктілігінің 62,5 % пайызы алдын-ала жоспарланған, 78,1% пайызы жүктілікке дайындалған, осының 53,2% пайызы әйелдері жүктілік кезінде мамандарға мүлдем бермеген, немесе анда –санда қатынасқан.

Мамандардың (78,1%) туғанынан 3 жасқа дейін үздіксіз жұмыс жасайды, яғни көбінесе аналар баладан туған бетінде бас тартады. Сауалнамада мемлекеттің қарамағына өткен балалардың 65,6% туған жастан емес, яғни сауалнамада 2 аптадан 2 жыл аралығында өтетінін көрсеткен. Яғни әйелдер бұл уақыт аралығында бұл жағдайдан шығудың оңтайлы жолы мемлекеттің қарамағына өткізу.

III


Баласынан бас тартқан аналардың отбасы жағдайы біздің көзқарасымыз бойынша маңызды рөл атқарады. Жеке отбасы үшін ең маңызды тірек ана мен әке құрайды.

Зерттеу нәтижесінде 40,7% аналар толық отбасында, ал 35% аналар толық емес отбасында және 16,3% балалар үйінде тәрбиеленген аналар. Болашақ ананың тәрбиеленген отбасылық жағдайын талдасақ, отбасындағы өзара қатынас айтарлық мәнге ие.

Дегенменде баланы дүниеге әкелуге дайын емес аналардың көпшілігі өзіндік агрессивті ортада қалыптасады: жасында жәбір көрген немесе ата-анасы жағынан келіспеушіліктің болуы. Аналардың жауабына қарасақ үштен бір бөлігі отбасылық жағдайындағы өзара қарым-қатынасты себеп етеді, яғни дөрекілік, зорлық-зомбылық агрессия. Аналардың жауаптарына сәйкес олардың үштен бір бөлігі ата-нанасының отбасындағы қарым-қатынасты «жаман» деп көрсеткен (дөрекілік, агрессия, физикалық күш көрсету орын алған). «Басқасы» деген нұсқаны таңдай отырып, анасы екеуінің ара қатынасын бағалауға қиналады, бірақ оладың аналарының оларға берген сипаттамасынан («ешқандай», «біткен», «үнемі арақ ішті») ара қатынасының қандай болғандығын аңғаруға болады.

Талдау кезінде отбасылық жағдайға туған анасының өзара қарым-қатынасы. Харлоудың танымал тәжірибесінен кейін примат кезеңінде анамен қарым-қатынас жаңғыртылады. Егер анамен қарым-қатынас тәжірибесі бұзылса қызының мінез-құлқы бұзылады.

Әлбетте бұл факторлар адамдарда да жұмыс істейді. Берілген талдау бойынша жаңа туған нәрестеден бас тартқан аналар жасынан анасынан теріс бұрылған деп айтуға болады. Бұл қарым-қатынастың бұзылуы бірнеше ұрпақта бақыланып отырады.

Бұл ақпаратты аналардан алған сауалнамада, яғни 50% аналар арасындағы қарым-қатынастың бұзылуы, аналардың 26,7% жасында туған анасының өзінен теріс бұрылуы, шектен тыс қатал болуын, 36,7% жауап беруден бас тартты, 60% анасының қолында емес туыстарының қолында болғанын (атасы, әжесі, әкесі), 50% әжесі мен анасының арасындағы қатынастың қиын болуы .

Қыздары баласынан бас тартқан аналардан жауап алу кезінде (туысқандар сауалнамасынан) әйел адамдар тарапынан бірнеше ұрпаққа дейін: жауап алғандардың жартысынан көбі анасына жакын емес бала кезінде баска туыскандарына-33,3% -әжесіне», 11,1% «әкесіне» 11,1%,- «ешкімге»; 44,4% өз әжесінің кім екенін білмейтіндігін көрсетті. Аналық механизмдердің бұзылуы болашақ ананың азаюына әсер етеді. Жүргізілген зерттеуде мемлекеттің қарамағына тапсырған 66% әйелдердің босануының жоғалуына және баладан бас тарту жағдайының қайталануын көрсетті.