Авторлар: Голомолзина Татьяна Владимировна

Вид материалаДокументы

Содержание


Алғашқы қадамдар
4.3 Балаларды институализациялаудың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қауіптегі отбасларға көмек көрсету Моделі .
1) Отбасыларға көмек көрсету секторлары
Сектор жұмысының негізгі мақсаты –
2) Әлеуметтік қызмет секторы
3) Ерте араласу секторы
Медициналық мекемелердегі ерте араласу қызметі
4) Ресурстық сектор
1 блок Жалпы ақпарат
2 блок Бала денсаулығында проблема анықталған болған жағдайда
4 блок Қызметтер
Ынтымақтаса жұмыс істегеніңіз үшін алғыс айтамыз!
Анаға сауалнама
Жауаптарыңыз үшін рахмет!
Бала туыстарына арналған сауалнама
Жауап бергеніңізге рахмет!
Подобный материал:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   22

Алғашқы қадамдар:


1. ҚР деңгейінде жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың жағдайы мен ерекшеліктерін есепке ала отырып, «Отбасындағы қолайсыз жағдай мен балалардың әлеуметтік жетімдігі» («Баланың отбасына құқығы», «Жаңа отбасы» және т.б.) кешенді бағдарламасына әр аймақ бойынша конкурс өткізу.

2. Аймақтық бағдарламалар тек әлеуметтік-экономикалық сипатта ғана емес, балалар мен отбасылардың әлеуметтік қолайсыздығы проблемаларының психологиялық-педагогикалық, медициналық аспектілерін есепке алуы керек.

3. Бағдарлама кәмелетке толмағандарды қорғау жөніндегі бірыңғай құжаттар мен бірыңғай жұмыс технологиялар ресурстары мен мәліметтер жиынтығы енгізілген шараларды нақты үйлестіретін аймақтың әлеуметтік саласындағы түрі мекемелер күшін біріктіретін кешенді болуы тиіс.

4. Балалық шақтың әлеуметтік тұрақтылығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін заңгерлер, соттар, әлеуметтік жұмыстар жөніндегі мамандар, ювеналдық технологиялар мамандарының басқа да санаттары жұмыстарын тәжірибеге енгізу қажет.

5. Бағдарламада ең бірінші кезекте отбасылық құндылықтарды қалыптастыру, нақты аймақтың проблемасы ерекшелігін есепке ала отырып баланың отбасында өмір сүру мен тәрбиелену құқығын қамтамасыз етуге азамттық қоғамды тарту, отбасылық құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған ағартушылық және алдын алу шараларын жүзеге асыру арқылы отбасы институтын нығайту бойынша шаралар бенсендендірілу қажет.

6. Бағдарламаға өмірдің қиын ахуалына тап болған балаларды ерте анықтау мен алдын алуды жүзеге асыру үшін ұйымдардың өзара әрекеттестігі механизмдерін енгізу керек. Балалар мен отбасылардың қолайсыз тұрмысын ерте анықтау, күйзеліс жағдайын болдырмау және оларды әрі қарай кешенді жалғастыруды ерте алдын алу жүйесін ұйымдастыру жөніндегі шараларды қарастыру.

Дамуында ерекшелігі бар балалардың тууымен байланысты өмірде қиын ахуалға тап болған аналарды қолдау, баладан бас тартудың туындауының спецификалық механизмдерін есепке ала отырып, тұрмысы қолайсыз отбасыларды оңалту жөніндегі жұмыстардың негізгі бағыттарын ашу.


Барлық қаралатын шаралардың негізгі мақсаты қаны бір отбасымен жұмыс жүргізу баланы қаны бір отбасында сақтау жөнінде кешенді құрылымдарды құру, интернаттық ұйымдарға бағытталған балаларды оңтайландыру болуы тиіс.


Осылардың негізінде біз Қарағанды қаласында әлеуметтік қауіптегі отбасыларға көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша жұмыс Моделін ұсынамыз.


4.3 Балаларды институализациялаудың алдын алуға бағытталған әлеуметтік қауіптегі отбасларға көмек көрсету Моделі .


I. Үйлестіру орталығы (Қарағанды қаласы)


Үйлестіру орталығы (ҮО) – бұл құрамына Әкімдіктерді құрылған және әлеуметтік қауіптегі отбаслыларға көмек көмек көрсетуге арналған шынайы мүмкіндіктер мен нақты құзырлығы бар мобильді секторлар енетін орталық.


ҮО қызметінің мақсаты – жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ өмірде қиын ахуалға тап болған (отбасындағы қолайсыздықты анықтағаннан бастап балаға оң нәтижеге жеткенге дейін және оның тағдырының әрі қарай мониторингін жүргізу) ата-аналар мен қабылаушы отбасыларға уақытылы көмек көрсету бойынша Мобильді секторлардың жұмысы.


Міндеттер:

1. Орталық құзырлығы аясында Қарағанды облысы аймағындағы балалар мен отбасыларға кешенді әлеуметтік көмек көрсету жүйесін дамыту.

2. Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың өмірлерін жақсарту жүйесін дамыту мен нығайту


Құрамы: Қиын ахуалға тап болған отбасыларға шынайы көмек көрсетуге ықпал ете алатын бірнеше мобильді секторларды қосады: Отбасына көмек көрсету секторлары, Әлеуметтік қызмет секторлары, ерте араласу секторы, Ресурстық сектор.

Бұл секторлардың құрамына баладан бас тарту проблемасымен жұмыс істей алатын және анасының баланы әлеуметтік жетімдікке мәжбүрлеуінен бас тартқыза алатын сондай-ақ кәсіби түрде шынайы көмек көрсете алатын заңгерлер, отбасылық психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, әлеуметтік қорғау, білім, денсаулық сақтау жүйесінде жұмыс істейтін мамандар кіруге тиіс.


1) Отбасыларға көмек көрсету секторлары

  • Ақпаратты жинау және отбасы сұранысын бағалаумен айналысады.

Өтініштермен жұмыс (отбасынан және мамандардан):

- қаны бір отбасы туралы мәліметтер жинау;

- барлық отбасылық жүйе ресурстары мен проблемаларын бағалау;

- нақты оқиға бойынша келесі қадамдар туралы шешім қабылдау.
  • Балалар үйлері жанындағы «Отбасын қолдау орталығы», нәрестелер үйлері жанындағы «Үміт тобы» жұмысын үйлестіру.


Сектор жұмысының негізгі мақсаты – қорытындысын бағалаумен, міндетті мониторингімен, қаны бір отбасымен жұмыс істеу ретін белгілеу; әр отбасы үшін баланы отбасымен біріктірудің жеке механизмдерін әзірлеу болып табылады.

Барлық кезеңдерде Секторлардың мамандары отбасына қажетті әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық және заңды көмек көрсетеді және үйлестіреді.


2) Әлеуметтік қызмет секторы


Жұмысты әрбір нақты отбасына шынайы көмек көрсетуші ұйымдар мен қызметтермен байланыс орнатудың ұйымдастырушылары мен бастамашылары бола отырып, ведомствоаралық тәсіл негізінде құру.

Нақты регламенттелген әлеуметтік көмек көрсету, мысалы:
  • Әлеуметтік көмек (жәрдемақы, бір реттік төлемдер)
  • Жаңа туылғандарға көмек көрсетуге арналған құралдар (күтім құралдары, памперстер, тамағы).
  • Анаға көмек: бала мен анаға арналған тамақ, ай сайынғы тамағы жиынтығы.
  • Балаға да анаға да қажетті киімдер мен аяқ киімдермен қамтамасыз ету
  • Үйге және ауруханаға бару
  • Отбасын бала 1,5-2 жасқа (әлемдік практика 5 жасқа дейін) жеткенге дейін жетекшілік ету
  • Ересек баласы бар болған жағдайда кеңсе заттарын, киімдер, денсаулық сақтау мекемесіне жолдама алу мүмкіндігі
  • Нәрестелер үйіне орналастыру мүмкіндігі. Баланы уақытша Нәрестелер үйіне орналастыру кезінде отбасы бақылауға алынады.
  • Ең кемінде 6 айға орналастырылатын (әлеуметтік қонақ үйлер түрінде) балалы әйелдерге арналған уақытша пана (Кризистік орталық)

Әлеуметтік, педагогикалық, психологиялық және заңдық көмек көрсету.

3) Ерте араласу секторы


Медициналық мекемелердегі ерте араласу қызметі жұмысын үйлестіреді.

Ерте араласу секторының басты мақсаты – баладан бас тартудың алдын алу үшін дамуында ақауы бар бала тәрбиелеп отырған отбасына қолдау мен көмек көрсету болып табылады.

Ерте араласу секторы жұмыс істеп жатқан мекемелер қызметін қайталамайды. Сектор мамандары қауіп тобындағы жаңа туған балаларды туылған кезден бастап жетекшілік етеді (тәжірибеде мұндай қызметтер балаға 3 жастан басталады).

Дамуындағы жеңіл кемшілікті ерте анықтау мамандарға отбасылар мен балаларға уақытылы көмек көрсетуге және баланың дамуындағы кемшіліктің алдын алуына мүмкіндік береді, дамуында ауытқушылықтары бар балаларға кешенді көмек көрсету оның отбасының өмір сапасын біршама жақсартар еді.

Ерте араласу секторы әр сала мамандарының – медиктер, педагогтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, ең бастысы балаға уақытылы және жақсы көмек көрсету үшін ата-аналар білімі мен күшін біріктіреді және толықтырады.


Медициналық мекемелердегі ерте араласу қызметі


Бұл қызмет жұмыс істеу үшін мыналар қажет:

1 кезең баланың дамуында ауытқу анықталған жағдайда ата-аналарды қолдауға, бала мен отбасына кешенді көмек көрсетуге даяр ерте араласу қызметінің болашақ мамандарын оқыту.

2 этап Компьютерлік техникамен, Интернетке қосылу, ата аналар электрондық пошта арқылы хабарласа алады және жеке телефон номерімен жабдықтау, ата-аналар мен мамандар пайдалана алатын баланың дамуы мен ерте араласу бойынша арнайы кітапханалар мен ойыншықтар жинақтау.

Егер баланың дамуында аз мөлшерде болса да артта қалушылық болса мамандар ата-анаға жеке бағдарлама бойынша бірлескен жұмыс жүргізуді ұсынатын болады. Бағдарлама жұмысын психолог, невролог, арнайы педагог, логопед жүргізетін болады.

Көптеген мүгедек балалары бар ата-аналар психологиялық көмекке, тіпті қарапайым достық қарым-қатынасқа зәру. Ол үшін ерте араласу қызметінде Ата-аналар клубы жұмыс істейтін болады. Оған әр апта сайын ата-аналар кездесіп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алады және мерекелік шаралар өткізуге мүмкіндік болады.


4) Ресурстық сектор

Медициналық мекемелердегі шағын-орталықтар ресурстары жұмысын үйлестіреді.


а) Емханалар жанындағы Ресурстық орталықтар

бала мен әйелдердің тұрғын орны бойынша балалар поликлиникасы мен әйелдер консультациясында ұйымдастырылған.

Келесі мәселелермен айналысады:
  • Әр түрлі мерзімдегі жүктіліктің үзілуінің алдын алу;
  • Бала тууға және баланы перзентханада тастап кетуге дайын әйелдермен, олардың мұндай шешім қабылдауына итермелейтін факторларды анықтау, әйелдің қабылдаған шешімінің жауапкершілігі мен маңыздылығын түсіндіру, әйелге эмоционалдық қолдау көрсету жұмыстарын жүргізеді.
  • Балаға қаталдықпен және салғырттықпен қарауды ерте анықтау.


Кез-келген жағдайда отбасының жеке ерекшеліктерін ескере отырып көмек көрсетіледі: аталмыш проблемаға әсер ететін әлеуметтік, психологиялық, физиологиялық факторларды есепке алу.


б) перзентханалар жанындағы Ресурстық орталықтар

1) Кез –келген перзентханаларда қауіп тобындағы әйелдермен жұмыс жүргізу ұйымдастырылған:

а) Перзентханада баладан бас тарту ниеті бар әйелдермен.

б) Ешқандай тексерістен өтпеген және жүктілік жөнінде есепке алынбаған әйелдер – санаты қаламаған жүктіліктің салдары баладан бас тартуға әкелетін перзентханаға түскен әйелдермен

с) Дені сау емес бала немесе ерекше сұранысы бар бала туған кезде баладан бас тарту қаупі болуы мүмкін. Перзентхана мамандарының бақылауымен расталады.


Әрбір медициналық мекемелер отбасындағы әрбір жағдай бойынша жеке және нақты жұмыс жүргізу үшін Үйлестіру орталықтарының мобильді секторларымен тікелей байланыста болады (жедел жәрдем принципі бойынша).


Осындай мекемелер Қарағанды облысының күрделі қалаларында және аудан орталықтарында құрылатын болады. Шағын бейінді мамандары бар мобильдік секторлар баладан бас тартудың алдын алу бойынша аналармен жұмысты уақытылы және сауатты үйлестіру.





Қорытынды


Баладан бас тарту – бұл күрделі әлеуметтік құбылыс, ол қазіргі күні өзекті төтенше жағдай. Қорытынды мен жинақтау зерттеу қорытындысы бойынша жасалды, ескі мемлекеттік әлеуметтік қорғау жүйесі және «емдеуге» бағытталған жетім балаларды ұстау оардың нәтижесінде санының азаюына ғана әкеліп қоймайды, сондай- ақ жағымсыз салдардың болуына әкеліп соғатындығына деген қорытындыға келеміз.

Халық санының өсуіне байланысты алкоголизм, нашақорлық, психикалық ауытқулары бар, бейәлеуметтік және криминалдық тұлғалар, толық емес отбасы, ондай баланың генетикалық сипаттамасының прогрессивтік құлдырауына әкеліп соғады. Елімізде әлеуметтік және психологиялық қолдаудың жоқтығынан дұрыс бейімделмеген аналар мен жанұялар өз балаларынан бас тартуға қаупі жоғары.

Өз баласынан бас таттуға мәжбүр болған келеңсіз қатынастың халық санасында ұзақ уақытқа қалыптасуының ерекшелігі бір кезде оның баладан бас тарту оқиғасындағы жан күйзелісі, әсіресе перзентханалардағы персоналдар тарапынан оның шешімін өзгертуі жағынан қысым жасау, көптеген әйелдердің қаламаған жүктілік көтеруге мәжбүрлейді.

Қайта құру жылдарында кедейшіліктің салдарынан көптеген адамдар үшін әдеттегі моральдық нормалар «жойылды», сондай- ақ бала туатын жастағы әйелдер арасында жезөкшелік, алкоголизм, нашақорлық деңгейлері өсті, тек перзентханаларда емес, бала өмірінің алғашқы жылдарында да баладан бас тартушылар саны күрт өсті. Әсіресе бұл проблема үлкен қалалар мен индустриялдық дамыған аудандарда өзекті болып табылады.

Сонымен қоса зерттеу қорытындысын талдау логикасы балаларды әлеуметтік қорғау тиімділігінің төмен болуының негізгі себебін тереңнен проблеманың үстінде жатқан және жетіспеушіліктер туралы айтады. Аталмыш жүйенің тиімсіздігінің басты себебі мемлекеттік құқықтық жүйенің қалыпты жұмыс істеуінің болмауымен шартталған. Барлық қызметі жүзеге асырылуы үшін алдын алудың мемлекеттік жүйелерінің әртүрлі аспектілеріне жауап беретін органдар мен мекемелердің, сондай- ақ әр кәсіптегі мамандардың өзара келіскен әрекетінің негізінде тұрғызу қажет.

Осыған байланысты баладан бас тартуға бағытталған әлеуметтік маңызды жобаларды жүзеге асыру процесіне азаматтардың, үкіметтік емес ұйымдардың, кей жағдайларда балалардың өздірінің белсенді тобын құру проблемасы туандайды.

Сонымен қатар барлық қиыншылықтарға қарамастан соңғы жылдары аталмыш мәселелерді шешудің оң тенденциялардың байқалатындығын жоққа шығаруға болмайды. Тұрмысы қолайсыз отбасыларға бағытталған алдын алу жұмысы, осындай жұмыстың арнайы әдістерін белсендендіру және отбасының өмірдің қиын ахуалынан шығуына жағдай жасау үшін азаматтық секторларды тарту, отбасының қолайсыз өмір сүрудің ерте анықтауға және әрі қарай психологиялық кеңес берумен ондай отбасыларды қолдауға бағытталған бағдарламаларды жүзеге асыру, Отбасын қолдау орталықтарын ашу, аталмыш проблемаларды шешуге үкіметтік емес ұйымдарды тарту туралы айтуға болады.

Қорғаншылық пен қамқоршылдық органдары, әлеметтік қорғау және денсаулық сақтау ұйымдары қызметіне балаларды институтциялизациялау фактілерін болдырмау мақсатында нормативтік- құқықтық базаны жетілдіру жүргізілуде. Бұқаралық құралдар арқылы отбасылық тәрбие мәселелері, отбасы ролі мен статусы жариялануының жиілеуі байқалады.

Сонымен қатар, ата- аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды интернаттық мекемелерге орналастыру проблемасын шешуге біршама ықпал ететін жағдайларды да назардан тыс қалдырмау керек.

Оған отбасын қорғау орталықтарының жетіспеушіліктері ықпал етеді (Қарағанды облысында олардың саны -5). Ал оның қызметі отбасын қалпына келтіруге және қаны бір туысқандарымен қарым- қатынасын сақтауға бағытталған. ҮЕҰ аймақтың көптеген әлеуметтік сұрақтарды шешуге қатысуына қарамастан олардың қызметінің жартысы үстіртін жүргізіледі немесе гранттарға тәуелді, ал басқа ұйымдар мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орындай отырып біртекті және тиімді бола бермейтін шараларды өткізеді, көптеген жобалар қысқа мерзімге шақталған. Сондай- ақ олар ұсынған қызметтер түрі балаларды институциялизациялау мәселелерін шешуге жеткіліксіз.

Ата- аналық құқығынан айырылу қаупі жоғары өмір сүру жағдайы отбасылар мен тиімді жұмыс істеу формаларын іздеу және бағдарламаларды әзірлеу, мұндай отбасыларды ерте анықтау бойынша жұмыс жүргізу, оқиғаға уақытылы араласу, баланың құқықтары мен мүделерін қорғаушы барлық қызметтер күшін біріктіріп, баланы интернаттық мекемеге орналастыру жағдайының қашуға көмек көрсету туралы айту қажет деп ойлаймыз

Сонымен қатар, білім беру, денсаулық сақтау әлеуметтік қорғау органдарының мамандарын даярлауға және қайта даярлауға назар аудару қажет.

Сондықтан да қазіргі таңда девианттық отбасы мен әлеуметтік жұмыс технологиясы- алдын алу принципі негізінде баладан бас тартудың алдын алу жөнінде кешенді бағдарламаны әзірлеуге назар аудару қажет. Жұмыс медиктер, психологтардың және социологтар және заңгерлердің қатысуымен болу керек.

Мобильдік секторлары бар үйлестіру орталықтарын ашу балалар құқықтарын қорғаудың бірыңғай үрдісін жүзеге асырады. Яғни отбасылық тұрмыстық қолайсыздықты анықтаудан бастап бала үшін оң нәтижеге жеткенге дейін (отбасына қайтару, отбасына орналастыру) және баланың болашағын сәтті дамытуға арналған барплық мүмкіндіктерді пайдалана отырып, оның тағдырына әрі қарай мониторинг жүргізу.





Әдебиеттер тізімі


  1. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» Заңы 8 тамыз 2002 ж.
  2. Қазақстан Республикасының «Арнайы әлеуметтік қызметтер туралы» Заңы 29 желтоқсан 2008 ж.
  3. Қазақстан Республикасының «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу туралы» Заңы 9 шілде 2004 ж.
  4. Қазақстан Республикасының «Неке және отбасы туралы» Заңы 17 желтоқсан 1998 ж.
  5. Жетім және ата анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мекемелер бойынша статистикалық мәліметтер. Мәлімет Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің сайтынан алынған ссылка скрыта
  6. Второй и третий сводный периодический доклад о реализации Республикой Казахстан Конвенции о правах ребенка. Казахстан, Астана, 2006
  7. Отчет «Защита прав ребенка: условия, ресурсы и перспективы создания системы Омбудсмена по правам детей в Республике Казахстан», ЮНИСЕФ Казахстан, 2006
  8. Антонов А.М., Медведков В.М. Социология семьи. – М.: МГУ, 1996
  9. Брутман В.И. Раннее социальное сиротство как комплексная медико-социально-педагогическая проблема. - М.: Асопир, 2004
  10. Брутман В.И., Варга А.Я., Хамитова И.Ю. Влияние семейных факторов на формирование девиантного поведения матери. // Психологический журнал. 2000. №2.
  11. Бухман Е.В., Избуцкая Н.В., Терновская М.Ф. Организация работы службы по устройству детей на воспитание в семью. - М.: ЭХО, 2006
  12. Булнов М.И. Ребенок из неблагополучной семьи. – М.: Провсещение, 1988
  13. Верых В.А. Молодежь и брак. – М.: Педагогика, 2004
  14. Дементьева И.Ф. Социальное сиротство: генезис и профилактика - М.: Формат, 2006. – 179 с.
  15. Копыл О.А., Баз Л.Л., Баженова О.В. Готовность к материнству, выделение факторов и условий психологического риска для будущего развития ребенка // Синапс. 1993. № 4. С. 354
  16. Лишенные родительского попечительства. Хрестоматия: Ред.-сост. Мухина В.С. – М.: Норма, 2001. – 237 с.
  17. Мацковский М.С. Социология семьи: Проблемы теории, методологии и методики. - М.: Наука, 2004. – 386 с.
  18. Мид М. Культура и мир детства. – М.; 1988
  19. Прихожан А.М., Толстых Н.Н. Дети без семьи. - М.: Педагогика, 2006. – 237 с.
  20. Проблемы сиротства и деятельность учреждений, замещающих семейное воспитание / Под ред. Н.Г. Аристовой. - М.: Институт социологии РАН, 2002.– 342 с.
  21. Сиротство как социальная проблема: Пособие для педагогов / Под ред. Л.И.Смагиной. – М.: Терра, 2002. – 254 с.
  22. Теория социальной работы: Учебник / Под ред. Е.И. Холостовой. - М.: Питер, 2004. – 438 с.
  23. Терновская М.Ф., Иванова Н.П., Зайцев С.В. Технология реабилитационной работы, мониторинг и оценка развития ребенка, нуждающегося в государственной защите. - М.: Форма, 2007. – 375 с.
  24. Топчий Л.В. Наука о семье и семейной политике // Вестник социальной работы. - 2007 - №1. - С. 40-45.
  25. Трушина С. Проблема отказов от новорожденных детей.
  26. Филиппова Г.Г. Психология материнства: Учебное пособие. — М.: Изд-во Института Психотерапии, 2002
  27. Хорват Ф. Любовь, материнство, будущее. – М.: Прогресс, 1982
  28. Черняк Е.М. Социология семьи. - М.: Терра, 2006. – 422 с.
  29. Чечет В. Альтернатива социальному сиротству // Социальная педагогика. - 2001. -№9. с.105 - 112.
  30. Шапиро Б.Ю., Сидоренкова Т.А., Либоракина М.И. и др. Социальные работники за безопасность в семье. - М.: Норма, 2006. – 422 с.
  31. Шеляг Т.В. Современная семья и социальная работа. - М.: Форма, 2003. – 294 с.
  32. Шлиппе А., Швайтцер Й. Учебник по системной терапии и консультированию. – М.: Институт консультирлвания и системных решений, 2007.- 363с.
  33. Шульга Т.И., Олиференко Л.Я., Быков А.В. Социально-психологическая помощь обездоленным детям: опыт исследований и практической работы. - М.; Наука, 2003.- 426с



Қысқартылған сөздер тізімі


ҮО Үйлестіруші орталықтар

ҮЕҰ Үкіметтік емес ұйымлар

ҚР Қазақстан Республиксы

КТБО Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы

КУОБО Кәмелетке толмағандарды уақытша оқшаулау және бейімдеу орталығы





Зерттеу жүргізуге ақпараты пайдаланылған ұйымдар мен мекемелер

  • Қарағанды қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары
  • Теміртау қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары
  • Жезқазған қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары
  • Сәтбаев қаласының қорғаншылық және қамқоршылық органдары
  • Осакаров ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органдары
  • Қарағанды қаласының балаларды қорғау департаменті
  • Қарағанды қаласы мен Қарағанды облысының білім беру мекемелері
  • «Қарағанды қаласының «Құлыншақ» балалар үйі ММ
  • «Қарағанды қаласының «ДМШ баларға арналған балалар үйі» ММ
  • «Қарағанды қаласының «Асем» отбасы үлгісіндегі балалар үйі» ММ
  • «Қарағанды қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ
  • «Қарағанды қаласының «Таңшолпан» отбасы үлгісіндегі балалар үйі» ММ
  • Т»еміртауқаласындағы №3 көмекші мектеп интернаты» ММ
  • Теміртау қаласының SOS Балалар ауылы
  • Теміртау қаласының «Айналайын» отбасы үлгісіндегі балалар үйі
  • «Теміртау қаласының Балалар мен жасөспірімдерге арналған панасы» ММ
  • «Жезқазған қаласы, Рудный кентінің отбасы үлгісіндегі жетім балалар үйі» ММ
  • «Жезқазған қаласының жетім балаларға арналған «Үміт» балалар үйі» ММ
  • «Сәтбаев қаласының жетім балаларға арналған «Мерей» балалар үйі» ММ
  • «Жезқазған қаласының кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» ММ
  • «Осакаровка ауданының «Литвин» жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп интернаты» ММ
  • Қарағанды қаласы және Қарағанды облысының денсаулық сақтау ұйымдары:
  • «Қарағанды қаласының «Ботагөз» нәрестелер үйі» ММ
  • «Қарағанды қаласының «Үміт үйі»ММ
  • «Қарағанды қаласының «Шапағат» нәрестелер үйі
  • Қарағанды қаласының ана және балалық шақ бөлімі
  • Еңбек және әлеуметтік қорғау ұйымы
  • «Ақыл есі кем балаларға арналған Қарағанды интернат үйі» ММ




Қосымша №1

Мамандарға арналған сауалнама


Сіздердің сауалнама сұрақтарына шынайы жауап берулеріңізді өтінеміз. Сіздерден алынған ақпарат өмірдің қиын жағдайында қалған отбасыларға ұсынылатын арнайы әлеуметтік қызмет көрсету сапасын жақсартуға мүмкіндік береді


1 блок Жалпы ақпарат


1. Аталмыш мекемедегі Сіздің жұмыс өтіліңіз?

A. 1-2 жылдан аз

B. 3-5 жыл

C. 5 жылдан астам (қанша жыл)


2. Сіздің ойыңызша баладан бас тартудың жиі кездесетін 3 себебі қандай?

-

-

-


3. Әдетте баладан бас тарту қашан болады?

A. Бала туылған кезде

B. Бір жылдан кейін

С. Басқасы


4. Соңғы 18 айдың ішінде Сіздің мекемедегі баладан бас тарту оқиғаларының саны қанша?


5. Әдетте баладан бас тарту қай жерде болады?

A. бала туу бөлімшесінде

B. нәрестелер үйінде (Дом ребенка)

C. жаңа туылғандар патологиясы бөлімшелерінде

D. басқасы


6. Аналардың отбасылық жағдайы

A. көбіне тұрмыста

B. көбіне тұрмыста емес


7. Аналарда зиянды әдеттер бар ма?

A. көп жағдайда шылым шегеді

B. көп жағдайда ішімдік ішеді

C. көп жағдайда нашақорлық заттар пайдаланады

D. зиянды әдеттер жоқ


8. Аналар (баладан бас тартқан) жүктілік мәселесі бойынша әртүрлі мамандар кеңесіне барды ма және жүктілік кезінде гинекологтың қабылдауына жүйелі бара ма?

A. көп жағдайда иә

B. көп жағдайда жоқ


9. Көбінесе баладан бас тартатындар


A. Бірінші рет бала туған әйелдер

B. Көп бала туған әйелдер

С. Бала әкесінің айтуы бойынша

D. Баланың әкесі (анасы өліп қалған жағдайда)

Д. Басқасы

  1. Анасының баласын бірнеше рет тастап кеткен жағдайлар болды ма?

Көп жағдайда:

A. иә

B. жоқ

  1. Баласын отбасына қайтару жағдайлары болды ма?

A. иә (санын көрсетіңіз)

B. жоқ


2 блок Бала денсаулығында проблема анықталған болған жағдайда


12. Баланың денсаулығында қандайда бір генетикалық проблема/ денсаулығында проблема болуы жиілігі қандай?

A. Жиі

B. Сирек


13. Ондай жағдайда анамен Нәрестелер үйінің мамандары, психологтар жұмыс істей ме?

А. Иә

В. Жоқ


14. Оған баладан бас тартуды ұсынады ма?

A. көп жағдайда иә

B. көп жағдайда жоқ


15. Баланы отбасына қайтару жағдайы болды ма?

A. Иә (санын көрсетіңіз)

B. Жоқ


3 блок Ата-аналармен байланыс


16. Ата-аналар Үміт тобындағы/Нәрестелер үйіндегі балаларына келу жиілігі қандай?

A. Көбіне аптасына 1 рет

B. Көбіне Айына 1 рет

C. Көбіне келмейді


17. Ата-аналар Үміт тобындағы/Нәрестелер үйіндегі балаларымен қанша уақыт қарым-қатынаста болады?

Көбінесе:

A. Қанша уақыт рұқсат етілсе

B. Үнемі асығып тұрады

C. 30 мин


18. Ата-аналар балаларына ойыншықтар мен киімдер әкеледі ме?

Көбінесе:

A. Иә

B. Жоқ


19. Анасы, туыстары психологиялық, әлеуметтік, заңдық көмектер алуға болатындықтары туралы жеткілікті мөлшерде ақпарттандырылған ба?

A. Иә

B. Жоқ


20. Үміт тобындағы/Нәрестелер үйіндегі балаларын алуға жоспарлап жүрген ата-аналар бар ма?

Олардың ойы бойынша қандай жағдайда баласын алып кетуге болады?

А. Иә, тұрғын-үй мәселесін шешкен кезде

В. Иә, отбасындағы қаржы мәселесі жақсарған кезде

С. Иә, жаңа отбасын құрған кезде

D. Иә, анасының туыстарының қолдау мен келісі болған кезде

Е. Жоқ

F. Басқасы


4 блок Қызметтер


21. Қарағанды облысында баладан бас тартудың алдын алу үшін қандай механизмдер бар?


22. Сіздің көзқарасыңыз бойынша анасының (ата-аналарының) баладан бас тарту туралы анасының шешімін өзгерту үшін мамандардың (қандай мамандардың екенін көрсетіңіз) көмегі қай кезде тиімді болар еді?

А. Жүкті әйелдер кеңес алатын жерде

В. Перзентханада

С. Нәрестелер үйінде

D. Басқасы


24. Баладан бас тартудың (перзентханада/нәрестелер үйінде ) алдын алу үшін қандай өзгеріс енгізу керек?

- денсаулық сақтау жүйесінде (жүкті әйелдер кеңесінде, перзентханада)


- қорғаншылық пен қамқоршылық органдарында


- еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі органдары арқылы жәрдемақы төлек жүйесінде


- арнайы әлеуметтік көмек көрсету жүйесінде, оның ішінде үкіметтік емес ұйымдарда (мысалы, қорларда, кеңес берулермен, баланың күндізгі ұстау жерлерінде )

- заң жүйесінде


Ынтымақтаса жұмыс істегеніңіз үшін алғыс айтамыз!


Қосымша


Мекеме басшыларына арналған сұрақтар блогі


  1. Төмендегі кезеңдерде Сіздің мекемеде болған баладан бас тарту (бас тартумен түскен) оқиғалары саны қанша:

- 2008ж. -

- 2009ж. -

- 2010ж. -

- 2011ж. -

  1. Төмендегі кезеңдерде Сіздің мекемеде қанша бала патронаттық тәрбиеге берілді?

- 2008ж. -

- 2009ж. -

- 2010ж. -

- 2011ж. -

  1. Төмендегі кезеңдерде Сіздің мекемеде қанша бала қамқорлыққа берілді?

- 2008ж. -

- 2009ж. -

- 2010ж. -

- 2011ж. -
  1. Төмендегі кезеңдерде Сіздің мекемеден қанша бала асырап алынды?

- 2008ж. -

- 2009ж. -

- 2010ж. -

- 2011ж. -


Шетелдіктермен асырап алынғандар-

Оның ішінде:

шетелдік туыстарымен -

шетелдік азаматтармен –

5. Сіздің тәрбиеленушілердің арасында жетім балалар саны қанша?


6. Сіздің тәрбиеленушілердің арасында «әлеуметтік» жетім балалар саны қанша?


Оның ішінде:

- белгіленген заңды тәртіпте ата-аналық құқығынан айрылған балалар

- ата-аналары іздеуде жүрген балалар:

- ата-аналары өз міндеттерін орындаудан бас тартқан балалар:

- ата-аналары түрмелерде отырған балалар:

- тастанды балалар:

- ата-аналары ата-аналық құқығынан шектелген балалар:

- ата-аналары ұзақ емдеу орындарында болғандықтан мекемеге орналастырылған балалар:

- ата-аналары соттың шешімімен хабар-ошарсыз кетті деп танылған балалар:

- ата-аналары соттың шешімімен әрекетке қабілетсіз деп танылған балалар дети,


7. Сіздің мекемеде отбасының балалмалы нұсқасы ретінде қандай жұмыс жүргізіледі

- «Үміт» топтары

- «Асырап алушы ата-ана» топтары

- басқасы


8. Сіздің мекеменің аймақтағы балалар проблемасын шешумен айналысатын Қарағанды облысының ҮЕҰмен қандай іс-әрекеттер бар?


- біріккен іс-шаралар (қандай)


- біріккен жоспар


- қызметтер көрсету (қандай)


- басқа қызметтер


9. Болашақта ҮЕҰ бірлесе қандай жұмыс істер едіңіз? Сіздің ұсынысыңыз.


Ынтымақтастығыңызға рахмет!


Қосымша №2


АНАҒА САУАЛНАМА


Сұрақтардың 1 блогі

1. Жасыңыз:

A. 18 жастан төмен

B. 19-35 жас

C. 35 жастан жоғары


2. Ұлты:

A. Қазақ

B. Орыс

C. Украин

D. Неміс

E. Татар

F. Басқасы


3. Біліміңізді көрсетіңіз:

A. Жоғары

B. Орта арнаулы

C. Орта


4. Әлеуметтік жағдайыңыз

A. Студент

B. Жұмыссыз

C. Қызметкер

D. Жеке меншік иесіне жалданып жұмыс істеймін


5. Некеде тұрсыз ба?

А. Иә

В. Жоқ


6. Сізбен бірге бір пәтерде (үй) тұратын адамдар/туыстар саны (және нақты кім екенін көрсетіңіз)


7. Тұрғын-үй жағдайы:

A. Жеке меншік пәтер

B. Жеке меншік үй

C. Жалға алған пәтер

D. Тұрақты мекен-жайының болмауы

E. Уақытша тұрғын -үй (нақты қандай тұрғын-үй екенін көрсетіңіз)


8.Қанша балаңыз бар және олардың жас мөлшерін көрсетіңіз


9. Өзіңіздің орташа тұрақты кірісіңізді көрсетіңіз


10. Сіз қандай отбасында тәрбиелендіңіз:
  1. Толық (әкеммен және анаммен)
  2. Толық емес (анаммен)
  3. Толық емес (әкеммен)
  4. Толық емес (әжеммен)
  5. Толық емес (тәтеммен)
  6. Балалар үйлерінде
  7. Басқасы



11. Өз ата-анаңыздың отбасындағы қарым-қатынасты қалай бағалар едіңіз?

А. Жақсы

В. Қанағаттанарлық

С. Жаман (дөрекілік таныту, агрессия, күш көрсетулер болды)

D. Басқасы


12. Сіздің ойыңызша анаңыз сізге бала кезіңізде қалай қарады?
  1. Шамадан тыс қамқорлыққа алды
  2. Талапшыл, шамадан тыс қатал болды
  3. Қабылдамады, теріс айналатын
  4. Қамрқорлық жасады, түсіністікпен
  5. Басқасы



13. Бала кезіңізде Сізге жақын болған адам
  1. Анам
  2. Әкем
  3. Әжем
  4. Ешкім емес
  5. Басқасы



14. Анаңыздың мінез-құлқына шағын сипаттама беріңізші (Ол кісі қандай еді?)


15. Әкеңіздің мінез-құлқына шағын сипаттама беріңізші (Ол кісі қандай еді?)


16. Анаңыз мен әжеңіздің арасында қандай қарым-қатынас болды?
  1. Өте жақын
  2. Жақсы
  3. Бір бірінен алыста
  4. Даулы
  5. Қарым-қатынастың ажырауы



17. Сіздің әужасте бала жоғалту, айрылып қалу жағдайлары болды ма?

А. Жас кезінде қайтыс болған (кімде)

В. Туылмаған балалар: түсік түсу, баланы жасанды жолмен алдыртып тастау (кімде)

С. Балалдан бас тарту (кімде)

D. Басқа жағдайлар (кімде)

E. Білмеймін


18. Сіздің туысқандарыңыздың ішінде алкогольмен зиян келтірген біреу бар ма:
  1. Жоқ
  2. Иә, нақты кім екенін көрсетіңіз



2 блок


19. Қандай жастан бастап жыныстық өмірді бастадыңыз?
  1. 16 жасқа дейін
  2. 18 жасқа дейін
  3. 20 жастан кейін

20. Бұл Сіздің нешінші жүкті болуыңыз:
  1. Бірінші
  2. Екінші
  3. Үшінші
  4. Төртінші және одан да көп

21. Сіздің нешінші рет бала тууыңыз:
  1. Бірінші
  2. Екінші
  3. Үшінші
  4. Төртінші және одан да көп

22. Сіз контрацепция әдісін қолдандыңыз ба?
  1. Иә
  2. Жоқ

23. Жасанды түсік жасаттыңыз ба?


24. Осы жүктілікті жоспарладыңыз ба?
  1. Иә
  2. Жоқ

25. Сіз жүктілікті үзуге әрекет еттіңіз бе? Не кедергі болды?
  1. Қаржының болмауы
  2. Жүктілік мерзімінің үлкен болуы
  3. Денсаулыққа кері әсер етуі
  4. Басқасы



26. Осы жүктілік күштеу арқылы болды ма?

A. Иә

B. Жоқ


27. Сізде жыныстық жолмен беріжасін аурулар болды ма?:

A. Иә

B. Жоқ


28. Зиянды әдеттеріңіз бар ма?

A. Шылым шегу

B. Алкогольдік ішімдікке әуес болу

C. Нашақорлық заттарды пайдалану

D. Зиянды әдеттерім жоқ


29. Жүктілік кезінде дәрігер қабылдауына жиі бардыңыз ба?

A. Үнемі

B. Үнемі емес

C. Барған емеспін


30. Баланың тууына дайындалдыңыз ба?

А. Иә

В. Жоқ


31. Баланы қай жерде тудыңыз?

А. Перзентханада

В. Үйде

С. Басқасы, көрсетіңіз


32. Кризистік жағдайда Сіз кімнен қолдау күттіңіз?

А. Балалның әкесінен

В. Ата-анаңыздан

С. Туыстарыңыздан

D. Достарыңыздан

Е. Басқасы


3 блок

33. Туысқандарыңызбен қарым-қатынасыңыз?

А. Жақсы

В. Жаман

С. Қатынаспаймын

34. Туыстарыңыз Сіздің жүктілігіңізге және бала тууға деген құлшынысыңызға қалай қарады?

A. Оң көзқараста

B. Бірден қарсы

C. Бейтарап

D. Жүктіліктің кеш мерзімінде де жүктілікті бұзуды талап етті

E. Ештеңе білген емес


35. Туыстарыңыз баланы қалай тәриебелеу керектігі туралы кеңес берді ме?

А. Иә

В. Жоқ

36. Баланың әкесімен ара қатынасыңыз қандай?

А. Бірге тұрамыз

В. Сирек хабарласамыз

С. Хабарласпаймыз

D. Баланың әкесі кім екенін білмеймін


37. Сіздің баланы мемлекет қамқорлығына беру туралы шешіміңізге туыстарыңыз қалай қарады?

А. Кінәлады

В. Қолдады

С. Еш әрекет еткен жоқ

D. Олар баланы білген жоқ


38. Туыстарыңыз баланы тәрбиелеуге алғысы келді ме?

А. Иә

В. Білмеймін

С. Нет


4 блок


39. Сіздің баладан бас тартуыңыздың себебін көрсетіңіз


40. Негізгі себептен басқа қосымша тағы үш себебін көрсетіңіз

-

-

-


41. Баланы мемлекет қамқорлығына беру кезінде Сіз үшін басты нәрсе не болды:

А. Оқу

В. Мансапқа немесе қызметке ие болу

С. Сүйікті адаммен қарым-қатынасты сақтап қалу

D. Ақша

E. Денсаулық

F. Қорашаған адамдар көзқарасы

G. Басқасы


42. Баладан бас тарту ойы бірінші рет қашан пайда болды?

А. Аяғым ауыр екенін білген беттен

В. Аяғым ауыр кезде

С. Бала туғаннан бастап

D. Бала туғаннан біраз уақыттан кейін ( )


43. Баладан бас тарту туралы шешім қабылдау кезінде көңіліңізде күдік болды ма?

А. Иә

В. Жоқ


44. Сіздің баладан бас тарту туралы нақты шешім қабылдауыңызға кім ықпал етті?

А. Ешкім

В. Туыстарым

С. Баланың әкесі

D. Достарым

E. Мамандар (перзентхананың медицина қызметкерлері, әлеуметтік қызметкерлер,

психологтар)

F. Басқалары

45. Сіз проблеманы шешудің басқа нұсқаларын іздедіңіз бе?

А. Егер оның шешу жолын іздеген болсаңыз, онда қандай?

В. Жоқ

46. Баладан қай жерде бас тарттыңыз?


47. Егер бала қазір Сізбен бірге болса, Онда Сіздің өміріңізде басқадай не болар еді?


5 блок

48. Жүктілік кезінде, бала туу кезінде және бала туғаннан кейін Сізге қолдау көрсеткен мемлекеттік органдарды/ұйымдарды атаңыз


49. Аталмыш қызмет сапасын қалай бағалар едіңіз:

А. Жақсы

В. Қанағаттанарлық

С. Қанағаттанарлық емес


50. Қазіргі таңда Сіздің армандарыңыздың ішіндегі басты орында:

А. Бақытты жұбайлар

В. Отбасылық өмір

С. Жақсы бала тәрбиелеп, оның болашағын қамтамасыз ету

D.Басқасы


51. Сіздің баладан бас тартудың алдын алу жұмысын жүргізе алатын мемлекеттік органдарды/ұйымдарды атаңыз


52. Баладан бас тарту туралы шешіміңізді өзгерту үшін Сізге қандай көмек немесе қызмет көмектесер еді?

А. Маманның кеңесі (психологтың, медицина қызметкерінің)

В. Материалдық қолдау

С. Уақытша тұрғын орын

D. Туыстарымның қолдауы

Е. Перзентханалар жанындағы «Үміт тобының» қолдауы

F. Басқасы


Жауаптарыңыз үшін рахмет!


Сауалнамадан алынған ақпарат құпия болып табылады.

Ғылыми және тәжірибелік мақсатта отбасының рұқсатымен құпиялықты сақтай отырып, нақты ақпаратты пайдалануға болады



Қосымша №3


БАЛА ТУЫСТАРЫНА АРНАЛҒАН САУАЛНАМА


1.Баланың анасына қандай туыстығыңыз бар?

A. Анасымын

B. Әжесімін

C. Тәтесімін

D. Басқа


2. Жасыңыз:

A. 30-45 жас

B. 46-55 жас

C. 55 жастан асқан


3. Отбасылық жағдайыңыз:

A. Тұрмыстамын

B. Тұрмыста емеспін

C. Ажырасқанмын


4. Неше балаңыз бар (олардың жасы мен жынысы)


5. Ұлты:

A. Қазақ

B. Орыс

C. Украин

D. Неміс

E. Татар

F. Басқасы


6. Біліміңізді көрсетіңіз:

A. Жоғары

B. Орта арнаулы

C. Орта


7. Әлеуметтік жағдайыңыз

A. Жұмыссыз

B. Қызметкер

C. Жеке меншік иесіне жалданып жұмыс істеймін


8. Өмір сүру жағдайыңыз:

A. Жеке меншік пәтер

B. Жеке меншік үй

C. Жалдамалы пәтер

D. Тұрақты мекен-жайының болмауы

E. Тұрғылықты үйі уақытша (қандай)


9. Сіздің тұрақты табысыңыз қандай?


10. Зиянды әдеттеріңіз бар ма?

A. Шылым шегу

B. Алкогольдік ішімдікке әуес болу

C. Нашақорлық заттарды пайдалану

D. Зиянды әдеттерім жоқ


2 блок

11. Сіз қандай отбасында тәрбиелендіңіз:

A. Толық (әкеммен және анаммен)

B. Толық емес (анаммен)

C. Толық емес (әкеммен)

D. Толық емес (әжеммен)

E. Толық емес (тәтеммен)

F. Балалар үйлерінде

G. Басқасы


12. Өз ата-анаңыздың отбасындағы қарым-қатынасты қалай бағалар едіңіз?

A. Жақсы

B. Қанағаттанарлық

C. Жаман (дөрекілік таныту, агрессия, күш көрсетулер болды)

D. Басқасы


13. Сіздің ойыңызша анаңыз сізге бала кезіңізде қалай қарады?

A. Шамадан тыс қамқорлыққа алды

B. Талапшыл, шамадан тыс қатал болды

C. Қабылдамады, теріс айналатын

D. Қамрқорлық жасады, түсіністікпен

E. Басқасы


14. Бала кезіңізде Сізге жақын болған адам

A. Анам

B. Әкем

C. Әжем

D. Ешкім емес

E. Басқасы


15. Анаңыздың мінез-құлқына шағын сипаттама беріңізші (Ол кісі қандай еді?)


16. Әкеңіздің мінез-құлқына шағын сипаттама беріңізші (Ол кісі қандай еді?)


17. Анаңыз мен әжеңіздің арасында қандай қарым-қатынас болды?

A. Өте жақын

B. Жақсы

C. Бір бірінен алыста

D. Даулы

E. Қарым-қатынастың ажырауы


18. Сіздің әужасте бала жоғалту, айрылып қалу жағдайлары болды ма?

A. Жас кезінде қайтыс болған (кімде)

B. Туылмаған балалар: түсік түсу, баланы жасанды жолмен алдыртып тастау (кімде)

C. Баладан бас тарту (кімде)

D. Басқа жағдайлар (кімде)

E. Білмеймін


19. Сіз бұрын баладан немесе балалардан бас тарттыңыз ба?


20. Сіздің балаларыңыздың бірі жабық мекемеде тұрады ма? (интернатта, балалар үйінде, ауруханада және т.б.)?


3 блок


21. Сіз өз қызыңызбен, немереңізбен, жиеніңізбен, сіңліңізбен қандай қарым-қатынастасыз?

A. Өте жақын, маған сенім артады, жылы қарым-қатынаста

B. Жақсы

C. Бір бірімізден алшақпыз, суық

D. Келіспей қаламыз

E. Қарым-қатынасымыз үзілген


22. Сіз қызыңыздың, немереңіздің, жиеніңіздің, сіңліңіздің аяғы ауыр екендігін білдіңіз бе?

A. Иә

B. Жоқ


23. Сіз қызыңыздың, немереңіздің, жиеніңіздің, сіңліңіздің аяғы ауыр екендігіне қалай қарадыңыз?

A. Оң қатынаста

B. Теріс көру

C. Бейтарап

D. Көмек пен қолдау көрсетуді ұсынамын

E. Басқасы


4 блок


24. Сіздің ойыңызша Сіздің қызыңыз/ұлыңыз өз баласынан бас тартуына не себеп болды?


25. Сіздің қызыңыз/ұлыңыз баласын үйде тәрбиелегенін қалар ма едіңіз?


26. Сіздің ойыңызша баладан бас тартудың алдын алу үшін не істеу керек?


27. Сіз анасының баладан бас тарту шешімін өзгерту мүмкін деп есептейсіз б

A. Иә

B. Жоқ


28. Сіздің ойыңызша анасының баладан бас тарту шешімін өзгертуге кім ықпал ете алады?

A. Баланың әкесі

B. Туыстары (нақты кім?)

C. Мамандар (врачтар, психологтар, әлеуметтік қызметкерлер)

D. Басқалары.


29. Сіздің ойыңызша қызыңыз/ұлыңыз баласын қайтаруға не істеуге болады және ол үшін не қажет?


Жауап бергеніңізге рахмет!



Сауалнамадан алынған ақпарат құпия болып табылады.

Ғылыми және тәжірибелік мақсатта отбасының рұқсатымен құпиялықты сақтай отырып, нақты ақпаратты пайдалануға болады