Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты
Вид материала | Лекция |
- Нистрлігі семей мемлекеттік педагогикалық институты султанова Нургуль Камильевна музыкалық, 3053.35kb.
- Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, 169.13kb.
- Костанай мемлекеттік педагогикалық институты Тарих және өнер факультеті, 1671.52kb.
- Оқудың педагогикалық технологиялары, 101.13kb.
- «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі государственное учреждение, 872.88kb.
- «Қостанай қаласы әкімдігінің білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі, 4542.78kb.
- Программа августовского совещания работников образования, 1912.07kb.
- А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті Костанайский государственный, 2773.24kb.
- Флорида Мемлекеттік Университеты 1991 Профессор, Женева Университеты, Швеция 1993-1997, 33.73kb.
- Білім беру жүйесіндегі кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтындағы, 130.56kb.
Өткен ғасырдың 90-ыншы жылда-ры жастардың халқымыздың тарихын бі-луге деген құштарлығы артты. Осыған байланысты Оқу министрлігі Қазақстан тарихын орта, орта арнаулы, жоғары оқу орындарында жеке пән ретінде оқу жоспарына кіргізді. Осы пән бойынша білікті мамандар дайындау мақсатында көптеген жоғары оқу орындарында арнаулы кафедралар ашылды.
Тарих кафедрасы 1990 жылы құ-рылды. Кафедра меңгерушісі қызметіне тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Ауғанбаев М.Ә. тағайындалды.
Кафедра құрамында тарих ғы-лымдарының докторлары, профессор Алдамжар З., Күзембайұлы А., ғылым кандидаттары Дүтбаев Қ.Х, Мұқтар Ә., Жұмабаев Н., Мұқатаева Л., Қолдыбаева С., Жанатаева Ұ., Тасқожина А., Айтмұхамбетов А., Шахаман З., Әбіл Е., Ахметова Ұ., Ордабаева Л., Бекмағамбетова М., Асанова Г., Ярочкина Е. сынды өте білікті, өз мамандығын жетік білетін, атақ-дәрежелері бар ғалым-ұстаздар қызмет етті.
2004-2005 оқу жылы кафедраға белгілі тарихшы, тарих ғылымдарының докторы, профессор Күзембайұлы А. басшылық жасады. 2005 жылдан кафедра меңгерушісі қыз-метін тарих ғылымдарының кандидаты Шахаман З. атқаруда. Қазіргі таңда кафедрада ғы-лым кандидаттары Шахаман З.Б., Тапаева А.Б., Ярочкина Е.В., тарих магистрлері Байдалы Р., Анасова А., Хийсқан Қ., аға оқытушылар Төлегенова М.А. және Исенов О.И. жемісті еңбек етуде.
Бүгінде кафедра «Тарих» мамандығы (бакалавриат және магистратур1. бойынша кадрлар даярлайды. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» пәні институттың барлық фа-культетінде арнайы пән ретінде жүргізілуде.
Кафедра өз жұмысында білім беру мекемелерінің барлық деңгейі үшін жоғары бі-лікті мамандар даярлау мәселелерін басты бағыты санайды. Магистратура арқылы аймақ-тың тарихи базасын құру да ойда бар. Кафедрада «Қазақстанның солтүстік-батыс өңірі та-рихының ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі мәселелері» кешенді тақырыбы әзірленуде.
Кафедра оқытушылары ғылыми басылым беттерінде мақалаларын, конференция материалдарын жарыққа шығарып, оқу-әдістемелік, тәрбие және СҒЗЖ жұмыстарын жүр-гізеді.
Кафедра ұжымы халықаралық және аймақтық конференцияларды өткізу жұмыс-та-рына белсене ат салысып, біршама жұмыстар атқарып келеді. Академик М. Қозыбаевтың 75 жылдық мерейтойына арналған «Қазіргі кезеңдегі гуманитарлық ғылым мәселелері» аймақтық ғылыми-практикалық конференциясы (2006 жылғы 21 қараш1.; Халықаралық «Мыңжылдық шебіндегі тарих философиясы» ғылыми-практикалық конференциясы (2006 жылғы 12 мамыр) өткізілді.
Бақылау сұрақтары:
- Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты қашан пайда болған?
- ҚМПИ қалай дамыған?.
- Тарих және өнер факультеті қалай пайда болған?
- Қазақстан тарихы кафедрасы немен айналысады?
Әдебиет
- «Об утверждении правил организации учебного процесса» 2007 жылдың 22 қарашадағы ҚР БҒМ Министрінің № 556 бұйрығы.
- Основы кредитной системы обучения в Казахстане. / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметов, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М.Омирбаев; жалпы ред. Ж.А.Кулекеев, Г.Н. Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 198 б.
Лекция 3. Кредиттік жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру.
Негізгі сөздер:
Жүйе, кредит, білім алу, білім, өз басымен, пайдалы.
Жоспары
- Кредит жүйесінің жалпы ережелері
- Оқу үрдісін жоспарлау және ұйымдастыру
Лекция мақсаты – студенттерді кредиттік жүйені оқу үрдісіне енгізу бойынша ресми
нормативтік құжаттарымен таныстыру.
- Кредиттік жүйенің негізгі ережелері.
Оқытудың кредиттік жүйесі негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру оған дейін болған дәстүрлі
оқыту жүйесінен айырмашылықтарын иеленеді. Оқытудың кредиттік технологиясын пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастырудың басты міндеттері мыналар болып табылады:
- білім көлемін бірыңғайлау;
- оқытуды максимум жекелендіру үшін жағдай тудыру;
- білім алушылардың дербес жұмысының ролі мен тиімділігін күшейту.
Оқытудың кредиттік жүйесіне (ОКТ) тән ерекшеліктер мыналар болып табылады:
- әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбек шығындарын бағалау үшін кредит жүйесін енгізу;
- жеке оқу жоспарын құрастыру кезінде жұмыс-оқу жоспарына енгізілген элективтік пәндер арасынан оқыту пәнін таңдау еркіндігі;
- жоғары оқу орнында профессорлық-оқытушылар құрамның жеткілікті саны кезінде білім беретін оқытушыларды таңдау еркіндігі;
- өзінің жеке оқу жоспарын құрастыруға білім алушының тікелей қатысуы;
- білім траекториясын таңдау кезіндегі білім алушыға көмектесетін эдвайзерді оқу процесіне тарту;
- оқу процесін ұйымдастыруда, оқытушылардың педагогикалық жүктемесінің түрлерін есепке алу мен анықтауда факультеттің кең уәкілеттілігі;
- оқу процесін басылған және электронды түрдегі барлық қажетті оқу мен әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
- әрбір оқу пәні бойынша білім алушылардың оқу жетістіктері бойынша бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесін пайдалану.
- Әрбір пән бойынша білім алушылар мен оқытушылардың еңбегін бағалау үшін кредиттер жүйесін енгізу. Бакалавриаттағы бір кредит аптасына жалпы оқу жүктемесінің 45 сағатына тең, олардың 15-і-аудиториялық (байланыс сағаты), 15-і – оқытушы басшылығымен студенттердің дербес жұмысы, 15 сағатты студент дербес игеруі тиіс және белгілі бір уақыт ішінде оқытушыға тапсыруы тиіс. Әрбір студент білім беру бағдарламасының міндетті компонентін толықтай игеруі тиіс және таңдау бойынша компоненттен кредиттің белгілі бір санын алуы тиіс.
- Оқыту үрдісіне эдвайзерлерді қатыстыру;
- Оқыту үрдісін қағазды және электронды жинақтауышта жиналған барлық әдістемелік материалдармен қамтамасыз ету;
- Әрбір пән бойынша бағаның баллдық-рейтингтік жүйесін пайдалану. Студенттердің білімдерін бағалау 4 баллдық деңгей бойынша және пайыздар мен әріптік эквивалентте жүзеге асырылады.
Бакалавриаттың білім беру кәсіби бағдарламасы 4 жыл оқу ішінде іске асырылады және кемінде 40 пәннен кем емес зерделеуден тұрады. Бакалавр дәрежесін алу үшін 128 кредит алу, практиканың барлық түрлерінен өту, мамандықтар бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру, диплом жұмысын немесе диплом жобасын қорғау керек.
Теориялық оқытудың кезеңі 15 аптаға тең. Оқу жылы 2 семестрден және 2 аралық
аттестациядан тұрады (емтихандық сессия) әрбірі 4 аптаға тең. Оқытудың күндізгі формасы кезінде жыл бойы 2 рет демалыс тағайындалады, қыс демалысы – 2 аптаға тең. Практика ұзақтығы оқу жоспарымен бекітіледі.
Оқу жылының академиялық мөлшері қосымша семестрді енгізуімен ұлғайтылады, қосымша семестр қыс сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде және жаз сессиясынан кейін 4 апта мөлшерінде енгізіледі.
Қосымша семестр студенттің жазылған өтініші негізінде академиялық қарыздарды және академиялық айырмашылықты жою үшін енгізіледі.
Бакалавриаттағы оқытудың ұзақтығы – 4 жыл, мамандықтың оқу жоспарымен бекітіледі. Оқытудың барлық кезеңі барысында максималды академиялық мөлшер 40 оқу пәніне тең.
Аралық аттестация емтихан түрінде өтеді.
Бір академиялық сағат тең:
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша бір академиялық сағат ұғымы барабарлық өзгерістерге ұшырайды, лекциятік, практикалық (семинарлық) сабақтар 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1. немесе студиялық оқыту 1, байланыс сағатқа (75 минутқ1. немесе лабараториялық және дене тәрбиесі сабақтары 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., сонымен қатар барлық оқу практикалар түрлері 1 байланыс сағатқа (50 минутқ1., барлық педагогикалық практикалар түрлері 2 байланыс сағатқа (100 минутқ1., барлық өндірістік практикалар түрлері 5 байланыс сағатқа (250 минутқ1. тең.
- кредит (Сrеdit, Сrеdit-hоur) - білім алушының/оқытушының оқу жұмысы көлемін өлшейтін біріздендірілген бірлік. Бір кредит академиялық кезеңдегі білім алушының бір аптадағы аудиториядағы байланыс жұмысының бір академиялық сағатына тең. Әрбір лекциятік, практикалық (семинар) және студиялық сабақтардың академиялық сағаты міндетті түрде бакалавриаттағы студенттің 2 сағат (100 мин) өзіндік жұмысымен, магистратурадағы магистранттың 4 сағат (200 мин) өзіндік жұмысымен және докторантурадағы докторанттың 6 сағат (300 мин) өзіндік жұмысымен қоса беріледі;
- баға – студенттің берілген пәнді қалай дұрыс білетінін көрсететін сапалық көрсеткіші.
Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, “жалпыға ортақ білім” парадигмасынан “әркімге арналған білім” парадигмасына қадам жасатады.
Әдістемелік қамтамасыз ету:
Оқу процесін әдістемелік қамтамасыз ету қызмет көрсетуші мен шығарушы кафедралардың күшімен жүзеге асырылады, олар студенттерге мыналарды ұсынады:
- оқу жоспарындағы әрбір пәндер бойынша аудиториялық жұмыстарға арналған материалдар, соның ішінде лекция тезистері, семинарлық сабақтардың жоспарлары және т.б.;
- студенттердің дербес жұмыстарына арналған материалдар, соның ішінде әрбір пәндер бойынша өздігінен бақылау материалдары, жаттықтыру тестілері, бақылау тапсырмалары, әрбір пәндер бойынша емтихан сұрақтары;
- практиканы өткізуге арналған материалдар, соның ішінде барлық түрлері бойынша практика жоспарлары және бағдарламалар, есеп беру құжаттамасының түрлері.
Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде білім алушыларды оқудан шығару, қайта қабылдау және ауыстыру ерекшеліктері
1. Білім алушы өз оқуын жалғастыруды қаламаған жағдайда өз еркі бойынша шығып кетуге құқылы.
2. Білім алушы жоғары оқу орны Жарғысында, ішкі тәртібі ережесінде қарастырылған міндеттерді бұзғаны үшін жоғары оқу орны әкімшілігі шығарып жіберуге дейінгі тәртіптік жазаны қолдануға құқылы.
3. Жоғары оқу орнынан шығарылған білім алушыларға белгіленген нысанда академиялық анықтама беріледі. Транскрипт (Тrаnsсrірt) - кредиттер мен бағаларды әріппен және санмен көрсететін тиісті оқыту кезеңінде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;немесе мемлекеттік емтихандарды тапсыру болады.
4. Қайта қабылдау рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
1. білім алушы өз оқуын жалғастырғысы келетін жоғары оқу орны ректорының атына қайта қабылдау туралы өтініш береді. Өтінішке академиялық анықтама немесе ЖОО-дан шығарылған студенттер үшін транскрипт ұсынылады;
2. факультет деканы ұсынылған құжаттар негізінде оқу курсын, оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;
3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды;
4. факультет деканының бұрыштамасына сәйкес тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыны қайта қабылдау туралы бұйрық шығарады.
5. Білім алушының бір жоғары оқу орнынан басқасына ауыстыру рәсімі келесі түрде жүзеге асырылады:
1. білім алушы өзі оқитын жоғары оқу орны ректорының атына ауыстыру туралы өтініш береді және мөрмен басылған жазбаша келісімді ала отырып өзі ауысқысы келетін жоғары оқу орнының ректорына өтініш тапсырады; өтінішке тиісті факультет деканымен белгіленген транскрипт көшірмесі, мемлекеттік білім грантының иесі куәлігінің көшірмесі ұсынылады;
2. факультет деканы оқу курсы және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;
3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды;
4. факультет деканының бұрыштамасына сәйкес тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыға ауыстыру туралы бұйрық шығарады;
д) үш күнгі мерзім білім алушының өзі бұрын оқыған жоғары оқу орнына жеке ісі жөнінде сұратуға бағытталады;
е) білім алушының өзі бұрын оқыған жоғары оқу орнының ректоры басқа оқу орнынан сұрау алғаннан кейін үш күн мерзім ішінде поштамен жеке ісін жіберу жөніндегі жауапкершілікте болады.
6. Білім алушының жоғары оқу орны ішінде оқудың бір түрінен басқасына, бір мамандықтан басқа мамандыққа ауысуы келесі рәсімдерге сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады:
1. білім алушы жоғары оқу орнының ректоры атына өтініш береді, өтінішке тиісті факультет деканы куәландырған транскрипт көшірмесі ұсынылады;
2. факультет деканы оқу курсы және оқу жоспарындағы айырмашылықты анықтайды;
3. факультет деканының бұрыштамасы негізінде тіркеу бөлімі көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімін анықтайды; күндізгі оқу түрінен сырттай оқу түріне ауысу кезінде көрсетілген айырмашылықты тапсыру мерзімі бір академиялық кезеңге белгіленуі мүмкін немесе білім алушыға күндізгі оқу түрінен білім алушыға көрсетілген айырмашылықты тапсыру құқығы берілуі мүмкін;
7. Факультет деканының бұрыштамасына сәйкес тіркеу бөлімінің басшысы, оқу ісі жөніндегі проректор, жоғары оқу орнының ректоры білім алушыны оқудың бір түрінен басқасына немесе бір мамандықтан басқа мамандыққа ауыстыру туралы бұйрық шығарады.
Оқуды аяқтау үшін студент құрауыш бойынша міндетті түрде белгілі мөлшерде кредит алуы керек:
- міндетті түрде;
- таңдау бойынша;
Оқушы өзінің білім беру бағдарламасын тәлімгер — кеңесші (эдвайзер) — көп тәжірибесі бар оқытушы арқылы жасайды (5-10 студент). Оқу пәндерін меңгеруге көмек көрсету үшін тьютерлер (оқытушылар) ұсынылады.
Тьютордың міндеті — оқушының оқу әрекетінің барысын қадағалау, оқудаң барынша қайтарым алу. Топтық консультациялар өткізу (оқу процесінің ішінде). Оқу процесін іске асыру үшін оқытушының және оқушының әр пән бойынша формалар мен құралдары, баспа және электрондық түрде курсты бейнелейтін, оқушылардың (СӨЖ) өз бетімен игеру деңгейін бақылайтын, олардың өткізу мерзімі мен мазмұнын көрсететін оқу-әдістемелік кешені болуы қажет. Студенттің өздік жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз ету үшін, мазмұны мен оларды өткізу мерзімі көрсетілген оқушының басшылығымен студенттердің өздік жұмысын міндетті енгізу.
Оқу пәні бойынша оқу әдістемелік кешені:
- Әр пән бойынша силабус — бағдарламаларды оқытудан;
- Практикалық (семинарлық) сабақтардың жоспарынан;
- Студенттің өздік жұмысы бойынша тапсырмалардан;
- Және тағы басқалардан тұрады
Оқу сабақтарын оқыту белсенді шығармашылық формаларда (кейс — сатылар, тренингтер, пікірталастар, дөнгелек үстелдер, семинарлар және т.т.) өткізу керек Оқу пәні бойынша білімді бақылау формасы — емтихан болады. Білімдері көп балды әріптік жүйе бойынша бағаланды. Қорытынды аттестаттауды өткізу формасы дипломдық жұмысты қорғау.
Білім берудің оқу бағдарламаларының мазмұны тиісті мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен белгіленеді және оқу жоспарлары мен бағдарламалары арқылы іске асырылады.
Оқу жоспарлары үш нысанда әзірленеді:
1) үлгі оқу жоспарлары;
2) жұмыс оқу жоспарлары;
3) жеке оқу жоспарлары.
Оқу процесінің негізгі кезеңін жоспарлауда техникалық және кәсіби білімді кредиттік оқыту жүйесіне ауысуды ұйымдастыруда, осы бағытта кемшіліктерді талдай отырып,сөзсіз қиыншылықтар тудыратынын айта кету керек:
Бірінші кезеңде кредиттік оқыту технологиясын енгізу арқылы осы салада нормативтік-құқықтық құжаттарды оқыту, қызметкерлер құрамын осы технология бойынша жұмыс істеуге үйрету, лауазымдық міндеттерді және спецификаны есепке ала отырып, кредиттік технология бойынша біліктілігін арттыру курсын әзірлеу қажет;
Екінші кезең жалпыға бірдей мемлекеттік стандартқа сәйкес әзірленген типтік оқу жоспарларын зерттеу болады. Типтік оқу жоспары оқу процесінің құрылымы мен мазмұнын регламенттейтін негізгі құжат болады (техникалық және кәсіби білім үшін кредиттік технологияның сәйкестігіне жаңа мемлекеттік жалпыға бірдей стандарттарды әзірлеу қажет).
Үшінші кезеңде академиялық күтізбені бекіту болады. Айта кету керек, академиялық күтізбе дәстүрлі оқу процесінің кестесінен ерекшелеу. Оның ерекшелегі академиялық күнтізбеде оқу-бақылау шаралары ғана емес, сонымен қатар мерекелік күндер де міндетті түрде көрсетілген. Студенттер шетел оқу орындарында жеке пәндерден білім алғысы келсе, олар каникул кезеңі туралы ғана ақпаратты біліп қоймай, сонымен қатар басқа да демалыс күндерін, мысалы, ұлттық мерекелерді де білулеріне байланысты.
Төртінші кезеңде оқу процесін жоспарлауда элективтік пәндер тізімдемесі (ЭПТ) қалыптасуды, барлық оқу пәндер тізбесі беріледі, білім беруге нақты бағдарламаларды таңдап алуға құрауым болып кіреді (оқушыға пәнді таңдап алуға құқық беру қажет, одан басқа, ол басқа оқу орынынан пәнді таңдап алса, кредиттер жинай алады, дұрыс білім беру кеңестігін құру үшін, барлық техникалық және кәсіби білім оқу орындары кредиттік технологияға көшуге тиісті);
Бесінші кезеңде оқушылар ұсынылған КЭТ негізінде жеке оқу жоспарын құрастырады (ЖОЖ), жеке оқу жоспары әрбір оқушының бөлек білім алу траекториясын анықтап, эдвайзер көмегімен белгіленген тәртіппен тіркеу бөлімшесінде әр оқу жылына оқушының өзімен оқу пәндеріне алдын ала жазылу бойынша қалыптасады;
Алтыншы кезеңде оқу процесіне енген барлық оқу-бақылау шараларының кешені мен бар оқу пәндерін толық көрсететін жұмыс оқу жоспарын құрастырады. Мамандықтар бойынша ЖОЖ барлық жеке жоспарлардың бірігу болып табылады.
Қорытынды кезеңде оқу сабақтарының кестесі жасалады.
Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.
2. Оқу үрдісінің ұйымдастырылуы мен жоспарлануы
Оқытудың кредиттік жүйесі кезінде оқу процесі келесі түрде ұйымдастырылады:
- аудиториялық сабақтар: лекциятер, практикалық сабақтар (семинарлар, коллоквиумдар), зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар;
- аудиториядан тыс сабақтар: оқытушы басшылығымен білім алушылардың дербес жұмыстары (СДЖ, СОДЖ), жеке консультациялар, интернет - сессиялар, бейне-конференциялар;
- оқу және кәсіби практиканы жүргізу, диплом жобасын әзірлеу, диплом жобасын дайындау;
- білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау (сабақтарда сұрау салу, оқу пәндері бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, зертханалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды, коллоквиумдар және т.б. қорғау);
- аралық аттестация/қорытынды бақылау (оқу пәндерінің тараулары бойынша бойынша тестілеу, емтихан, практикалар бойынша есеп беруді қорғау), қорытынды мемлекеттік аттестация (диплом жобасын (жұмысын) қорғау).
Оқу процесін ұйымдастыру үшін келесі құжаттама талап етіледі:
- академиялық күнтізбе;
- оқу жоспары;
- кесте;
- әдістемелік қамтамасыз ету.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында лекция сабақтар барысында дәстүрлі емес жұмыс түрлері ұйымдастырылады. Бұл студенттердің өзіндік жұмысын күшейтіп, тиісті материалды жартылай ізденгіштік әдіспен меңгеруге бағыттайды. Студенттердің лекция барысындағы оқу еңбегі де бағаланып тиісті ұпайы қойылады.
Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыруда арнайы құрылған белсенді оқу материалдарын қолдану олардың пәнді терең меңгеруіне мүмкіндік береді. Белсенді таратпа материал мысалы 1-кестеде келтірілген.
Білімді бақылап, бағалаушы компонент. Кредиттік оқыту жүйесі жағдайында студенттердің өзіндік жұмысын орындаудың жеке траекториясы белгіленеді. Ол траекторияның жүзеге асуы блокты-рейтингті бақылау жүйесінің бағдарламалық қамтылуына, білімді бақылауға арналған тест тапсырмаларының жеткілікті мөлшерде жиынтығы болуына, электрондық оқытушы-тексеруші бағдарламалардың болуына және оқытушы тарапынан көмек пен бақылаудың ұйымдастырылуына тікелей байланысты.
Блокты-рейтингті оқыту жүйесі өзінің құрылымы, құралу сипаты жағынан объективті, нанымды жүйелі нәтижені өңдеу, диагностикалау, бағалауды қамтамасыз етеді. Рейтингтік жүйе-жинақтаушы типті бағалау жүйесі рейтингтік өлшеулерге негізделіп, студенттер үлгерімін, шығармашылық деңгейін анықтайды.
Бақылау сұрақтары:
- Оқытудың кредиттік жүйенің негізгі түсініктерін атаңдар.
- «Тьютор, эдвайзер, академиялық рейтинг» терминдерінің мағыналарын түсіндіріңдер.
- Кредиттік жүйе сызықты жүйеден айырмашылықтарын атаңдар.
- Кредиттік жүйе кезінде студенттің құқықтар мен міндеттер қандай?
Әдебиет
- «Об утверждении правил организации учебного процесса» 2007 жылдың 22 қарашадағы ҚР БҒМ Министрінің № 556 бұйрығы.
- Основы кредитной системы обучения в Казахстане. / С.Б.Абдыгаппаров, Г.К.Ахметов, С.Р.Ибатуллин, А.А.Кусаинов, Б.А. Мырзалиев, С.М.Омирбаев; жалпы ред. Ж.А.Кулекеев, Г.Н. Гамарник, Б.С.Абдрасилов. Алматы: Қазақ Университеті, 2004. – 198 б.
Лекция 4. Тарихшының біліктілік сипаттамасы
Жоспары
1. Тарихшы біліктілігі.
2. Қалыптағы оқу жоспары
3. Қолданыстағы оқу жоспары және оның ерекшеліктері
Дәріс мақсаты – студенттердің мемлекеттік стандарттар туралы білімдерді игеру және жұмыс оқу жоспарлары.
1. Тарихшы біліктілігі
Тарих және өнер факультетінде 050114 мамандығы бойынша «тарихшы бакалавр» және «тарихшы магистр» академиялық деңгейлері бойынша тарихшыларды дайындайды. 2002 жылдың 22 қарашада тұрғындардың әлеуметтік қорғауы және еңбек Министрлігі № 273 бұйрығымен берілген мамандық бойынша дәрежелік сипаттамасын бекітті. Факультетте тарихшыларға мамандық бойынша негізгі жоғарға білім береді. Берілген мамандық бойынша одан тереңдетілген білімді студенттер 2 жылдық магистратурада алуға болады. «Бакалавр» атты академиялық деңгейді иеленген тарихшылар орта білім беретін мекемелерде және арнайы білім беретін оқу орындарда, сонымен қатар мемлекеттік және коммуналды мекемелерде, оның ішінде мұрағатта, мұражайда, ғылыми-зерттеу институттарда және де басқа білім беретін және мәдени мекемелерде жұмыс істей алады.
Жоғары білімді тарихшы талаптарға сай болу керек. Ол гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық ғылымдардың негізгі бағыттарын білу керек, тарихи және де басқа әлеуметтік мәселелерге өз көзқарасын иелену керек, дүниетанымдық сипатындағы жүйеленген білімді, ойлаудың жоғары мәдениетін иелену керек, өз мамандығы бойынша психологиялық мәселелерін түсінуі керек.
Ол тек қана тарихи білімдерді ғана бермей, сонымен қатар тәрбиелеуге де тиіс. Сондықтан оның психология және педегогика облыстарында терең білімдері болу керек. Құқықтық білімдерін және этикалық салттарын, жақсы тәрбиенің іскерліктерін білу тиіс.
Көбінесе тарихшы мектепте бірнеше жыл жұмыс істегеннен кейін оқу бөлімінің меңгерушісі немесе білім беретін мекеменің директоры болып тағайындалады. Осындай жағдайларда ол білім берудің менеджері ретінде шығады, сондықтан ол білім беру облысында негізгі нормативті-құқықтық құжаттарын біліп, шаруышылық облысында әр түрлі іскерліктерге ие болу керек.
2. Қалыптағы оқу жоспары.
Жоғарғы дәрежелі кадр-тарихшыларды дайындау бойынша оқыту қызметі 1999 жылғы 7 маусымда Министрлікпен бектітілген типтік жоспар негізінде жүргізіледі. Типтік оқу жоспары келесі пәндер топтарының оқытылуын ұйғарады: жалпы білім беру пәндерінің оқытылуына 32 кредит беріледі, оның ішіне Қазақстан тарихы (3 кредит), қазақ немесе орыс тілі (6 кредит), шетел тілі (6 кредит), информатика (3 кредит), экология (1 кредит), философия (3 кредит), саясаттану (2 кредит), әлеуметтану (2 кредит), құқық және экономика негіздері (1 кредит). «Базалық пәндер» тобына келесі пәндер кіреді: педагогикалық мамандыққа кіріспе (1 кредит), педагогика (2 кредит), мектептегі тәрбие жұмысының технологиясы мен әдістемесі (1 кредит), жантану (2 кредит), археология (2 кредит), этнология (2 кредит), қосалқы тарих пәндер (2 кредит), тарихи өлкетану (2 кредит), теориялық деректану (2 кредит), түрік халықтарының тарихы (3 кредит), алғашқы қауым тарихы (2 кредит), ежелгі дүние тарихы (3 кредит), орта ғасырлар тарихы (3 кредит), орта ғасырлық Азия және Африканың тарихы (3 кредит), Қазақстанның орта ғасырлық тарихы (3 кредит), Еуропа және Американың жаңа және жаңа заман тарихы (4 кредит), Қазақстанның жаңа тарихы (3 кредит), Қазақстанның жаңа заман тарихы (3 кредит), Азия және Африканың жаңа және жаңа заман тарихы (4 кредит), тарихты оқыту әдістемесі (3 кредит), тарихнама (1 кредит). Сонымен қатар, типтік оқу жоспары 14 кредит мөлшерінде таңдау бойынша курстарының оқытылуын ұйғарады. Берілген мамандық бойынша студенттер 4 жыл бойы келесі тәжірибелерден өтеді: 1 курстағы археологиялық тәжірибе (5 кредит), 2 курстағы мұрағат-музей тәжірибесі (4 кредит), 1-2 курстағы үздіксіз педагогикалық тәжірибе (4 кредит), 3-4 курсатғы педагогикалық тәжірибе (10 кредит). Кіші курстарының студенттері оқыту уақытымен саналмайтын дене шынықтыру сабақтарына қатысады. ЖОО оқыту Қазақстан тарихы, Әлем тарихы және тарихты оқыту әдісетемесі пәндері бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыруымен және диплом жұмысын қорғауымен аяқталады.
3. Қолданыстағы оқу жоспары және оның ерекшеліктері
Типтік жоспары негізінде әрбір жоо өз жұмыс лқу құжатын құрастырады, ол институттың Ғылыми кеңесімен бекітіледі. Бұл құжат типтік жоспарын жергілікті жағдайларға дағдылануына көмектеседі. Әрбір жоо өз типтік жоспарын 15-20 өзгертуге құқысы бар. Жұмыс оқу жоспары толығымен типтік жоспарын іске асырады және өзіне қосымша таңдау курстарын қосады (Элективті курстар). Жоғары айталғандай элективті курстарға 14 кредит беріледі. 2009-2010 оқу жылында тарих факультетінде келесі элективті курстар оқытылады: Қазақстан мәдениетінің тарихы, Қазақстан тарихының тарихнамасы (2 кредит), отан тарихының өзекті мәселелері (3кредит), Қостанай облысының тарихы (2 кредит), ҚР мемлекеттік қызметі (2 кредит), ҚР сыртқы саясаты (2 кредит), мұражайтану, Қазақстанның экономикалық тарихы, мемлекет және құқық теориясы және т.б.
Бақылау сұрақтары
- «Тарих» мамандығы бойынша пәндер тізімі және оқыту жүктемесінің мөлшері қандай официалды құжатта берілген?
- Тарихшы-мұғалімді дайындау бойынша жергілікті жағдайлар қандай құжатта көрсетілген?
- Тарихшы қандай болу керек?
- Жоғары біліктілік тарихшылар қандай мекемелерде жұмыс істей алады?
Әдебиет
- Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңы.
- ГОСО РК 5.03.001-2004 «Образование высшее профессиональное. Бакалавриат». Астана, 2006.
- ГОСО РК 5.05.001-2005 «Система кодирования учебных дисциплин высшего и послевузовского образования». Астана, 2005.
Лекцияғ 5. Студенттердің өз бетімен игеретін жұмыстарын ұйымдастыру.
Жоспары
1. Оқытушының басшылығымен игерілетін оқу-жұмыстарын ұйымдастыру
2. Студенттің өз бетімен істейтін оқу-жұмыстары
Лекция мақсаты – тиісті оқу пәндері бойынша студенттерді өздік жұмыстың негізгі формаларымен және әдістермен таныстыру.
Негізгі сөздер:
Оқытушы жетекшілігімен орындалатын өздік жұмысы, студенттердің өздік жұмысы, жоспарлау, колоквиум, глоссарий, реферат, нақты оқыту жағдайлары.
1. Оқытушының басшылығымен игерілетін оқу-жұмыстарын ұйымдастыру
Оқытудың кредит жүйесінің негізігі ерекшелігі бұл ӨЖСӨЖ рөлінің жоғарлатылуы. Танымдық қызметіне қызығушылықты оятқан, белгілі бір ғылым бағытында білімдерді толтыруға және дидактикалық міндетті өз басымен орындауға бағытталған іс-әрекеттің дербес түрі. ӨЖСӨЖ белгілі бір пәндік курсының 1/3 еңбекқорлығын құрастырады. ӨЖСӨЖ сағаттарды көрсетуімен оқу сабағының тізіміне енгізіліп, оқытушы журналында дәріс сабақ ретінде тіркеледі. Барлық ӨЖСӨЖ сабақтары оқытушы жұмысына кіреді.
ӨЖСӨЖ үй тапсырмалары және дәріс сабақтары бойынша студенттердің жеке консультациялардың өткізілуін көздейді. ӨЖСӨЖ коллоквиум, бақылау, курстық және т.б. жұмыс түрінде өткізіледі. Әрбір пәннің оқыту-әдістемелік комплексінде ӨЖСӨЖ тақырыптары мен тапсырмалары, сағат еңбекқорлығы, бағалау әдістемесі және бақылау уақыты міндетті түрде көрсетіледі.
СӨЖ және ӨЖСӨЖ материалдары кафедраның профессорлық-оқытушылық құраммен жасалады және өзіне келесі құжаттарды кіргізеді: СӨЖ өткізу графигі; типтік және оқу бағдарламасына сай келетін тапсырмалар жүйесі; рефераттар, баяндамалар, шығармашылық жұмыстардың тақырыптары; диплом, курстық және семестрлік жұмыстардың тақырыптары; негізгі және қосымша әдебиеттің тізімі; бақылаудың түрлері мен формалары; бағалаудың критерийлері, жұмыстың ұсынылған мөлшері және оның тапсырылу уақыты.
2. Студенттің өз бетімен істейтін оқу-жұмыстары
Студенттің СӨЖ жоспарлауы. Әрбір пән бойынша жұмыс оқу бағдарламасында семестрге жоспарланған өздік жұмысының мөлшері, тапсырмалардың саны және сипаттамасы, олардың еңбекқорлығы және жасау уақыты, коллоквиумдер мен бақылау жұмыстардың бар екендігі, модуль бойынша есептің тапсырылуы және аттестация уақыты көрсетіледі. Берілген график студентке өз уақытын дұрыс бөлуге және үнемдеуге көмектеседі. Әрбір студент оқытушыдан СӨЖ орындау бойынша әдістемелік көрсеткіштер мен кепілдемелерді алады. Студенттерге өздік жұмысын жоспарлау бойынша СӨЖ тапсырмалары көмектеседі, олар оқытушымен жыл басында беріледі. Студенттерге арналған тапсырмалардың тізіміне кіреді: СӨЖ арналған тапсырмалар тақырыптары, тапсырмалардың мақсаты мен мазмұны, беттері көрсетілген ұсынылған әдебиет тізімі, бақылау формалары, тапсыру уақыты, бағалау баллдары.
СӨЖ мазмұнының сипаттамасы өзіне қосады: мән, маңыздылық, түрдің тағайындалуы (іскерліктердің табылуы); топтық проектке арналған студенттердің керекті саны, орындауға керекті уақыт, бағалау критерийлері, өткізу формалары, ұсынылған тапсырманың мөлшері, тапсырманы ұсыну формасы, студенттің дайындығына қарап тапсырманың өзгертілуі, ескертулердің қосылуы (өзгерістер, ескертулер).
Тақырып бойынша шолу дайындау – яғни 1-2 параққа әдебиетке қысқа шолу жасау, оған Интернеттың ақпарат ресурстары және баспасөздің қосымша материалдары кіреді.
Глоссарий – қазақ және орыс тілдеріндегі терминдердің қысқа түсіндірілуі (шетел тілге аударылуы мүмкін); тапсырылған тақырып бойынша орындалады.
Семинар – сабақ ретінде студенттердің өздік жұмысының дәстүрлі түрі болып табылады және әр түрлі формаларда да болуы мүмкін, оқытушы оны жүргізу үшін өз авторлық идеясын құрастырады.
Реферат – СӨЖ ең көп кездесетін түрі, белгілі бір тақырып бойынша баяндама ретінде болады, оның ішіне әдебиеттің міндетті тізімі, ғылыми жұмыстың, кітаптың мазмұнының талқылануы кіреді. Одан да қызықты және шығармашылық жұмыс бұл рефератқа оппозиция жасау, яғни қарама-қарсы көзқарас ұсыну, оның барысында студенттерде анализдеу және дискуссияны жүргізу іскерліктері дамиды.
Коллоквиум берілген пән бойынша білім деңгейін және дайындылық деңгейін анықтау үшін көмектеседі, ол сұхбат түрінде болады.
Өздік жұмысқа арналған сұрақтар, оларға берілетін жауаптар терең анализ негізінде болуы керек. Эссені көбінесе үлкен курстарда оқитын студенттерге береді, бұл өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты өз ойларының айтылуы, ол әр түрлі сын жанрларда болады.
Презентация – студент өз презентациясына әр түрлі тақырыпты алуына болады және презентацияда көрсетілген аспектілерге өз көзқарасын білдіреді; презентация келесі критерийлер бойынша бағаланады: тақырыптың ашылуы, тыңдаушылардың қызығушылығын оятты ма, студент берілген мәселеге жауапкершілігімен ат салысты ма.
Нақты оқу жағдайлары – студенттерге көп жай және күрделі жағдайлар беріледі, олар бойынша студенттер сұрақтарға жауап беруі керек немесе мәселеге өз көзқарасын көрсетеді; жақсы дайындалған студенттер өз кейсін жазуы мүмкін.
Қызметтік ойындар студенттерде болашақ мамандықтың іскерліктеріне үйретеді; кейбір ойындарға үй дайындығы немесе кітапханаларда аяқталуы керек.
Топ проекті топта 3-5 адамнан аспауы керек, әрбір топ өз проектын дайындауы керек.
Жеке проект – жақсы дайындалған студенттер өз еркімен жасайды; жұмыс тақырыптың өзектілігімен, зерттеушілік сипатымен көзге көрінуі керек; проект қорытыныдысы студенттік конференцияда баяндалуы мүмкін.
Бақылау сұрақтары
- Неге кредиттік жүйесі кезіңде студенттің өздік жұмысы негізгі мәселе болып табылады?
- Студенттің өздік жұмысының негізгі формаларын атаңдар.
Әдебиет
1. 2007 жылдың 27 шілдедегі ҚР білім туралы Заңы.
2. Лиссабон конвенциясы: «О признании квалификаций, относящихся к высшему
образованию в Европейском регионе» 11.04.1997.
3. Болон декларациясы «О европейском регионе» 11.04.1997.
4. Государственный общеобязательный стандарт образования РК. Образование
высшее профессиональное. Бакалавриат. Основные положения. ГОСО РК 5.03.001-
2004. ҚР БҒМ 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 380 бұйрығымен бекітілген.
Лекция 6. Студенттің білімін тексеру: аралық бақылау және емтихан тапсыру.
Жоспары
1. Күнделікті бақылау
2. Аралық бақылау
3. Қорытынды аттестация
Студент аралық бақылау, емтихан түрлері туралы толық ақпаратты алу тиіс (сұпақ-жауап, ауызша жауап, комплекстік және компьютерлік тестілеу).
1. Күнделікті бақылау
Студенттің оқу жетістіктерін бақылау үшін аралық және шекаралық бақылау енгізілді. Бұл сабақтардағы сұрау, оқу пәнінің тақырыптары бойынша тестілеу, бақылау жұмыстары, лабораторлық жұмысты қорғауы, дөңгелек үстелдер, микроконференциялар және коллоквиумдар. Студенттердің білімін бағалау баллдық-рейтингтік жүйе негізінде жүргізіледі. Ішкі семестрлік бақылау жүйесі өз ішіне межелік, аралық және қорытынды бақылауды қосады, олар пайыз бойынша бағаланады. Межелік және аралық бақылау бойынша пайыздық студенттің семестрлік рейтингін құрастырады. Кафедра әрбір пәннің ішкі семестрлік аттестациясы бойынша Ережені жасайды. Аралық және межелік бақылаулар бойынша баллдардың бөлінуі, әрбір тапсырманың бағалық мөлшері және баллдарды қою критерийлері кафедралардың өз басымен анықталады.
Күнделікті бақылау – бұл оқу пәнінің бөлек мәселелері және тақырыптары бойынша студенттер білімінің жүйелік бақылауы, ол ӨЖСӨЖ және практикалық сабақтарда жүзеге асырылады. Межелік бақылаудың түрлері әр түрлі болады (ауызша, жазбаша, аралас сұхбат, үй тапсырмаларының қорғалуы мен көрсетілуі, пікір-таластар, тренингтер, тесттер).
Аралық бақылау аяқталған тақырыптар, бағдарламаның бөлімдері бойынша студенттердің оқу жетістіктерін 8 және 15 апталарда бақылауын көздейді. Бұл бақылау түрін ұсынылған академиялық күнтізбе бойынша өткізеді. Аралық бақылауды қайтадан тапсыруға болмайды, кейде құжатпен негізделген жағдайлары кезінде ғана. Аралық бақылаудың қорытындысы арнайы рейтингтік есепке енгізіледі.
2. Аралық бақылау
Аралық аттестацияның мақсаты бір семестр бойынша студент жұмысын бағалау: өздік жұмысының іскерліктерін иелену, тәжірибелік тапсырмаларды орындау үшін алған білімдерінің синтезделуі.
Аралық аттестация – бір пән мазмұнының игеру сапасының бағалау мақсатында өткізілетін процедура.
Академиялық қарыз – оқу пәні бойынша білімнің қорытынды бақылауы бойынша студенттің қарызы, ол баллдардың ала алмауынан немесе оған келмеуінен пайда болады.
Емтихан – қорытынды бақылау формасы, ол ауызша, жазбаша және аралас түрінде немесе тестілеу арқылы өтеді.
Тест – белгілі бір тапсырмалар жиынтығының формалары, студент жетістіктерін сапалы дп объективті бағалауға көмектеседі.
Ауызша бақылау – сұрақтарға жауап беру түрінде және жағдайларды талқылау түрінде өткізілетін бақылау.
Жазбаша бақылау – қойылған сұрақтар мен жұмыс жоспарының тапсырмаларын орындау, жағдайларды анализдеу, тәжірибелік тапсырмаларды орындауды көздейтін бақылау.
Аралас бақылау – оқу пәнінің оқытылуын ақтаудан кейін бір уақытта аралық аттестацияларды көздейтін бақылау.
Ағымды бақылау – студенттің оқу жетістіктерін жүйелі бақылау, ол пәннің жұмыс бағдарламасына сай ағымды сабақтарда оқытушы басшылығымен өткізіледі.
Емтихандық сессия – студенттерде аралық аттестацияның кезеңі.
Қорытынды балл семестр бойынша алынған баллдар жиынтығынан және емтиханда алған баллдардан тұрады. Ағымды және қорытынды бақылау қатынасы қорытынды бағамен 60:40 қатынасында болады. Қорытынды баға әріп жүйесі бойынша қойылады. Жақсы баға ұсынылған кредиттер санын есепке алып, ведомостьқа және есеп кітапшасына қойылады. Қанағаттарсыз баға тек қорытынды есептік ведомостьқа қойылады. Қанағаттарсыз баға және емтиханға себепсіз келмеуі кезінде берілген пән бойынша студенттке кредиттер саналмайды. F бағасын алған студент келсі академиялық кезең бойынша ақшалай негізде берілген пәнді қайтадан тыңдап оны тапсыра алуға құқысы бар. Студент ұсынылған GPA өткізу деңгейін жинаған болса, келесі курсқа ректор бұйрығымен жіберіледі. Егер студент ұсынылған GPA өткізу деңгейінің табалдырық баллдарын алмайтын болса, оқытудың қайтадан осы курсқа қалдырылады. Емтихандар емтихандық сессия кезеңінде тапсырылады, бірақ бөлек жағдайларда (отбасы жағдайы, ауру және т.б. объективьі себептерге байланысты) емтихандарды жеке тапсыруға болады.
- Қорытынды аттестация
Қорытынды мемлекеттік аттестация және дипломдардың берілуі жоо оқытудың қорытынды кезеңінде «Жоғары және жоодан кейінгі мамандырылған білімді беретін білім беру мекемелерде оқитындардардың қорытынды аттестацияның ережелері» негізінде өткізіледі.
Мемлекеттік емтихандарды тапсыру және диплом жұмыстарын қорғау үшін Министрлікпен комиссия құрылады. Емтихандар ауызша түрде өткізіледі. Сонымен қатар емтиханды өткізудің басқа да түрлері бар (жазбаша, тесттік, аралас).
Қазақстан тарихы мемлекеттік емтиханға жалпы академиялық үлгерім және рейтингіге қарамастан барлық студенттер жолатқызылады. Берілген пән бойынша қанағаттарсыз баға болса, студент оны қайтадан тапсыруға құқысы бар. Бағаны жоғарлату мақсатымен емтиханды қайтадан тапсыруға тыйым салынған.
Қорытынды мемлекеттік аттестацияға пән бойынша толық мөлшерде оқу жоспарын орындаған студенттер жіберіледі. Үздік дипломға талаптанған студенттер бір емтиханды қайтадан тапсыра алуға құқысы бар.
Қорытынды аттестациядан өтпеген студенттер келесі жылдағы МАК отырысындағы қайтадан мемлекеттік емтиханды тапсыру және диплом жұмысын қорғау құқысы бар.
Диплом жұмысының қорғалуы МАК отырысында жүзеге асырылады. Түлек оның отырысында өз диплом жұмысын көрсетуі керек. Қорғаудың қорытындысы осы күнде айтылады.
Қорытынды аттестациядан өткен түлекке МАК шешемімен бакалавр академиялық дәрежесі беріледі. Барлық емтихандарды «А» және «А-», «В» және «В-», қорытынды өту баллы 3,05 төмен болмаса, сонымен қатар диплом жұмысын және мемлекеттік емтихандарын «А» және «А-» тапсырған студентке үздік диплом беріледі.
Бақылау сұрақтары
- Күнделікті бақылаудың қорытынды бағасы нелерден құралады?
- Оқытудың кредиттік жүйесі кезіндегі межелік бақылаудың ерекшеліктері.
- Мемлекеттік аттестациондық комиссия кіммен құралады?
- Мемлекеттік емтиханды тапсыру прцедурасы.
Әдебиет
1. 2007 жылдың 27 шілдедегі ҚР білім туралы Заңы.
2. Лиссабон конвенциясы: «О признании квалификаций, относящихся к
высшему
образованию в Европейском регионе» 11.04.1997.
3. Болон декларациясы «О европейском регионе» 11.04.1997.
4. Государственный общеобязательный стандарт образования РК. Образование
высшее профессиональное. Бакалавриат. Основные положения. ГОСО РК 5.03.001-2004. ҚР БҒМ 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 380 бұйрығымен бекітілген.
Лекция 7. Студенттің ғылыми-зерттеу жұмысы
Жоспары
1. Оқу үрдісі барысында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы сабақтан тыс уақытта.
Оқу үрдісінің ажыратылмас бөлімі студенттердің кафедраның ғылыми-зерттеу жұмыста қатысу болып табылады. Лекция кезінде студенттер кафедраның ҒЗЖ студенттерді қатыстыру туралы керекті мәліметтерді алу тиіс.
Жиі кездесетін сөздер:
Ғылыми-зерттеу жұмысы, оқу және оқудан тыс уақыт.
1. Оқу үрдісі барысында студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру.
Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары біріккен оқу-тәрбие және ғылыми-инновациялық үрдістердің құрамдас бөлігін құрайтын ЖОО-да білікті мамандарды дайындаудың міндетті бөлінбес бөлігі болып табылады / ГОСО РК 5.03.011 - 2006 «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Жоғарғы оқу орындарындағы ғылыми-зерттеу жұмысы»/. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары – ғылыми жаңалықтардың жетістіктерін тәжірибелік әрекетте шығармашыл қолдана алатын, яғни экономика дамуының қазіргі заманғы жағдайларына жылдам бейімделе алатын, жоғары білімі бар мамандарды дайындаудың сапасын арттырудың маңызды құралдарының бірі. СҒЗЖ негізгі мақсаттары:
- жеке қабілеттері мен қажеттіліктеріне сай әрбір студенттің шығармашыл тұлғалық дамуына, ғылыми зерттеулерге қатысуына құқық беретін мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жағдайларды құру және дамыту;
- жоғарғы білімді мамандарды даярлаудың кәсіби деңгейін көтеруге арналған оқу, ғылыми, тәрбие үрдістерінің бірлігін қамтамасыз ететін жастарды ғылыми, зерттеушілік және шығармашылық әрекетке ынталандыру түрлерін дамыту және жетілдіру. Факультет-те СҒЗЖ жүйесі өзіне оны ұйымдастырудың әртүрлі формаларын және әдістерін біріктіреді. Бұл жүйедегі ең меңгерілгендердің бірі оқу үрдісіне кірістірілген студенттер-дің ғылыми-зерттеу әрекетіне қатысуы, ол келесі жұмыстардың орындалуын болжайды:
- ғылыми зерттеу элементтері бар тапсырмаларды, лабораторлық жұмыстарды, курстық және дипломдық біліктілік жұмыстарын орындау;
- оқу және педагогикалық тәжірибелер кезінде ғылыми-зерттеушілік сипатқа ие нақты типтік емес тапсырмаларды орындау. Кафедра оқытушылары студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. ҒЗЖ айналысушы студенттер республикалық деңгейдегі олимпиадаларға, байқауларға және ғылыми конференцияларға тұрақты қатысады. Оқу жылына студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысының жоспары жасалынып, оқытушы-профессорлар құрамы студенттерді ғылыми-зерттеу жұмыстарына дайындауда.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары саласында:
- мемлекетіміздің және біздің аймақтың ерекшелігіне байланысты гуманитарлық, әлеуметтік, экономикалық, техникалық бағыттарын зерттеп, мәдениет және өнер саласында өзекті мәселелерін шешуде ғылыми зерттеуді ұйымдастыру; Мәдениет керектілігн қамтамасыз ететін кәсіби мектепті қалыптастырып, дамыту және аймақтың ерекшелігіне байланысты әр аспектілі ғылыми жүйелерді тәжірибеде іске асыру;
- өзіндік, сонымен қатар, белгілі бір жетістікті шығармашылық жұмыстар, ғылыми зерттеулерді оқу-тәрбие үрдісіне кірістіру;
- Студенттердің ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарын дамыту: көрмелер, концерттер, шебер кластар ұйымдастыру;
- Жоғары оқу орындары арасында ғылыми-зерттеушілік және шығармашылық жұмыстарынан тәжірибе алмасу;
2. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы сабақтан тыс уақытта.
Оқудан тыс орындаған студенттердің ҒЗЖ жұмыстары ғылыми семинарлар, үйірмелер, мәселелік топтарда жасалады. Тарихшы студенттердің бөлігі мемлекеттік бюджеттік жіне келісімді тақырыптық орындауға тартқызылады.
ҒЗЖ орындайтын студенттер арнайы әдебиет бойынша рефераттарды жасайды, алынған нәтижелерді қайтадан жасауды және эксперимен іскерліктеріне үйретіледі, мұрағаттық құжаттарды жинайды, археологиялық, этнографиялық және топонимикалық экспедициялардың жұмыстарына қатысады. Студенттерге берілетін тапсырмалар зерттеушілік және шығармашылық элементтерін қосу керек. ЖОО студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстары екі бағытта жүргізіледі. Біріншісі – оқу үрдісіне енгізілген ғылыми жұмыс, екіншісі – оқудан тыс уақытта жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстар. Оқудан тыс жүргізілетін ғылыми жұмыстарға студенттер мемлекеттік бюджет есебінен немесе шаруашылықтармен келісімшарт негізінде жасалатын жобалар бойынша тартылады. Бюджеттік жобалар аясында жұмыс жасайтын студенттер штаттық кестеге енгізіліп, сәйкесінше еңбекақы алады. Магистранттар мен аспиранттардың ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі диссертацияларында көрсетіледі.
Бақылау сұрақтары
- Кафедралық тақырыптарды жасауға студенттерді тарту механизмдері қандай?
- Өз жазбаша жұмыстарда студент ғылыми зерттеулердің нәтижелерін қалай пайдаланады?
Әдебиет
1. 2007 жылдың 27 шілдедегі ҚР білім туралы Заңы.
2. Лиссабон конвенциясы: «О признании квалификаций, относящихся к высшему
образованию в Европейском регионе» 11.04.1997.
3. Болон декларациясы «О европейском регионе» 11.04.1997.
4. Государственный общеобязательный стандарт образования РК. Образование
высшее профессиональное. Бакалавриат. Основные положения. ГОСО РК 5.03.001-2004. ҚР БҒМ 2004 жылғы 30 сәуірдегі № 380 бұйрығымен бекітілген.
Лекция 8. Ғылыми жазба жұмыстарының түрлері.
Жоспары
1. Аннотация, рецензия және реферат дайындау
2. Бақылау жұмысы және оған қойылатын талаптар
3. Курстық жұмыс және оған қойылатын талаптар.
4. Диплом жұмыс оқытудың қорытынды барысы ретінде.
5. Магистрлік диссертацияға қойылатын негізгі талаптар
6. Ғылыми мақала, конференцияда жасалатын баяндама
Студент Министрліктің нормативтік құжаттарын білу тиіс жазбаша студенттік жұмыстарға қойылатын негізгі талаптар.
2. Бақылау жұмысы және оған қойылатын талаптар
Кейбір пәндер бойынша сырттай факультетінің оқу жоспары бойынша бақылау жұмыстарының орындалуы қарастырылған. Сессияаралық кезеңде оқу материалымен өзіндік жұмысты ұйымдастыру шеберлігі- ЖОО-да оқудың табыс кепілі. Бақылау жұмысын жазбаша жұмыстың бір түрі деп санауға болады.
Бақылау тапсырмаларының тақырыбын жеке пәндер бойынша кафедралар әзірлейді. Кафедра көрсетілген тақырыбын ашу жоспарын, негізгі және қосымша әдібиеттер тізімін ұсынады. Студент ұсынылған әдебиетті қарастырып, жоспарда қойылған сұрақтардың шешімін табуы керек.
Мазмұны бойынша бақылау жұмысы ұсынылған әдебиеттің рефераты ретінде болады, оған хрестоматиялар, заңдар жинақтары, нұсқаулар, монографиялық әдебиеттер және т.б.кіруі керек. Оқулық тек қана бағдар ретінде болуы тиіс.
Бақылау жұмысы емтиханның белсенді дайындығына әрекеттеседі, оқу материалдарын терең меңгерудің кепілі, студенттің өзіндік бақылау құралы болып саналады. Сонымен бірге, студент курстық және дипломдық жұмысты жазуға дағдыланады.
Бақылау жұмысының тақырыбы тек қана белгілі семестрде оқытылытан курс бағдарламалары шеңберінде беріледі.
Бақылау жұмысты орындау барысында студент ұсынылған әдебиетті және деректерді нақтылап оқып, өңдеуі тиіс.
Бақылау жұмыстарды бір ғана кітап немесе брошюра көмегімен жазуға болмайды, кафедрамен ұсынылған барлық әдебиеттерді пайдалану арқылы жазу керек. Әдебиеттер тізімін жаңа басылымдар арқылы толықтыруға болады, бірақ қысқартып жіьеруге болмайды. Тақырыпты да баршалық әдебиетке қарай таңдау керек.
Кіріспе, жоспар параграфтары, қорытынды- жеке бөліктерінің арасалмағын ойластыру керек. Бақылау жұмысы А-4 форматында, 5-6 бет көлемінде болуы тиіс. Жұмыстың 1/16 бөлігін кіріспе.
Кіріспеде тақрырып қысқаша анықталып, зерттелген әдебиет пен деректер сипатталып, міндеттер көрсетіледі. Кейін, атауы бар, бақылау жұмысының кішкене бөліктері- сұрақтар мазмұны ашылады. Көбіне бақылау жұмыстарында 2-3 сұрақ болады. Қорытынды бөлімі көлемі жағынан ең аз, 1-2 бет. Ол өте қысқа, нақты, бүкіл жұмыспен байланысты болуы керек. Қорытындыдан кейін библиография немесе пайдаланылған әдебиеттер мен деректер тізімі жазылады.
Бақылау жұмысының таза нұсқасы бастапқы беттен, дәптерде немесе парақтарда жазылған мәтіннен, керекті анықтамалық аппараттан құралады. Сыртында оқу орынның атауы, факультет, кафедра, жұмыс атауы, автор, орны мен жылы көрсетіледі. Кейін мазмұны мазмұндалады және рецензент белгілеу орны қалдырылады. Беттер нөмірленеді, сөздерді қысқартуға болмайды, жұмыс бөлімдерінің атауы болады.
Орындалған жұмыс белгіленген мерзімде кафедраға ұсынылады. Бақылау жұмысы қойылған талаптарға жауап берген кезінде ғана сынақтан өтеді: а. Ұсынылған жоспардың дұрыс ашылуы; б. тақырып бойынша деректер мен әдебиеттер білімін анықтайды; в. Шын, нақты мәліметтер келтірілсе; г. әзірлеу тәртібіне сай болса.
3. Курстық жұмыс және оған қойылатын талаптар.
Студенттің пән бойынша өзіндік зерттеу әзірлемесін курсттық жұмыс деп атаймыз. Курстық жұмыс мына мақсатта орындалады: оқыту үрдісінде алған теоретикалық және практикалық білімді бекіту мен жүйелендіру, таңдалған тақырыпты зерттеу кезінде пайдалану; құқықтық актілер қисыны, категорияларын терең меңгеру. Курстық жұмысты жазу барысында, студент өзінің ғылыми және объективті ұстанымынан әдібиеттер мен деректерді бағалау, заңнамалық актілерді анализдеу шеберлігін көрсетіп, өзінің ойларын қисынды және рет-ретімен мазмұндауы керек.
Курстық жұмыстардың саны мен оларды семестрелерге бөлу оқу жсопарымен бекітіледі. Тақырыбы, әдістемелік кепілдемелер мен ұсынылған әдебиеттер жыл сайын жаңартылып, кафедра отырысында бекітіледі. Студенттің ұсынылған тақырыптар тізімінен таңдау құқығы бар. Курстық жұмыстыі тақырыбын және ғылыми жетекшінсін кафедра меңгерушісі қарастырып, бекітеді. Кейін, студент ғылыми жетекшісімен бірге тақырыпқа байланысты жұмыс жоспарын, әдебиеттер тізімін қарасиырып, курстық жұмысты дайындау мерзімі мен тәртібін бекітеді.
Студент жұмысты бекітілген кестеге сәйкес кезеңдеп орындап, стандарт бойынша әзірлеп, қорғауға уақытында ұсынуы тиіс. Осы талаптардың орындалмауы кезінде жұмыс кемшіліктерді жою үшін қайтарылады.
Жұмысты қорғауға жіберуді ғылыми жетекші шешеді және бастапқы бетте күнін көрсету арқылы әзірленеді. Қорғалған курстық жұмыстар кафедрада 1 жыл бойы сақталады.
Курстық жұмыстың құрылымы. Курстық жұмыс бастапқы беттен, мазмұнынан, кіріспеден, негізгі бөлім мен пайдаланған әдебиеттер тізімінен құрылуы тиіс. Бастапқы бетте ЖОО, факультет, кафедра, жұмыс атауы, автордың аты-жөні, ғылыми жетекші туралы мәлімет көрсетіледі. Жұмыс мазмұны- бетті көрсетілген параграфтар мен тараулар атауларының жүйесі. Ол жұмыс басында орналасады. Кіріспе- негізгі мәтінді игеруге дайындайтын, мәселесін қарастыратын, жұмыстың бастауыш бөлімі. Кіріспеде жұмыс мақсаты мен міндеттері анықталады, қойылған мәселе бойынша заңдық деректер мен әдебиет анализі сипатталады. Тараулар мен параграфтардың көлемдері мен құрылымдық бөліктері бір-бірімен бірдей болуы тиіс. Олар түсінікті, қарапайым тілмен жазылып, өзара байланысты болған жөн. Қорытынды бөлімінде бүкіл бөлімдер бойынша қорытынды беріледі. Әдебиеттер тізімінде деректер белгілі тәртіп арқылы көрсетіледі.
Курстық жұмыстың техникалық әзірлеуі. Көлемі 25 беттен куем емес. Барлық беттер бастапқыдан соңғы бетіне дейін қайталанбай нөмірленеді. Бірінші бет бастапқы, екінші мазмұны болып саналады, олардың нөмірі көрсетілмейді. Бет нөмірі беттің жоғарғы оң бұрышында қойылады.
Курстық жұмыстың мәтіні құрылымдық бөліктерге бөлінеді: тараулар мен параграфтар. Әрбір бөлімнің өз нөмірі бар. Тараулар мен параграфтардың атауы болады. Кіріспе, мазмұны, жеке тараулар, қоырытынды, әдебиеттер тізімі, қосымшалар жаңа беттен басталады. Қосымшалар әдебиеттер тізімінен кейін орналасады. Тараулар мен параграфтар таулары мазмұнымен сәйкес келуі тиіс. Дәйексөз қолданса, автор көрсетіліп, дерекке сілтеме жасалады.
Курстық жұмысты қорғау. Орындалған тапсырмаларды тексерудің бір формасы курстық жұмысты қорғау. Курстық жұмысты ғылыми жетекшінің қатысуымен, кафедра меңгерушісі тағайындаған комиссия қабылдайды. Қорғау кезінде жұмыстың негізі мазмұндалып, негізгі қорытындысы түйінделеді.
Баяндама құрылымы 3 бөліктен құралады: кіріспе, жұмыс мазмұны, қорытынды.
Бағасы мазмұнына, әзірлеу сапасына және өткізілген қорғауға байланысты қойылады. Конференцияда немесе студенттердің ғылыми үйірмесі отырысында баяндама жасағаны да сынақ ретінде саналуы мүмкін.
4. Диплом жұмыс оқытудың қорытынды барысы ретінде.
Зерттеуші өзінің ғылыми жұмысын студент кезінен бастайды. Оған рефераттарды, баяндамаларды орындауды тапсырады. Жеке пәндер бойынша курстық жұмыстар жазады, ал оқу соңында дипломдық жұмысты жазады. Дипломдық жұмыс студенттің ЖОО оқытудың қорытынды кезеңі болып саналады. Ол студенттің мамандық бойынша теоретикалық және практикалық дайындығын көрсетеді. Оларға ұсынылған жазу тәртібі мен талаптар деңгейі, ҚР білім мен ғылым Министрінің 1995 ж. 21 ақпанның № 42 бұйрығымен бекітілген, ЖОО дипломдық жобаларды дайындау бойынша нұсқауларда көрсетілген. Қорытынды кезеңдегі жазбаша жұмыс өте қажетті болып саналады, себебі студенд өзінің пікірлері мен дәлелдеулерін жазбаша шығармада жазуды үйреніп, парақта қисынды ойлауға дағдыланады. Жазбаша жұмыс үрдісі барысынды студент өзінің алған білімдерін кеңейтіп пен тереңдетеді, арнайы оқу курсының бір бөлімін тереңдеп зерттейді, осының бәрі жұмыстың маңыздылығы болады.
Аяқталған дипломдық жұмыстың бастапқы бетінде студент пен кеңесшінің қолы қойылып, ғылыми жетекшісіне ұсынылады. Ал жетекші жұмыстың мазмұнына пікір жазып, кафедраға ұсынады. Кафедра отырысында жұмысты қорғауға жіберу туралы сұрақтар шешіледі. Оң шешім кезінде бастапқы бетінде кафедра меңгерушісі қолы қойылады.
Қорғауға жіберілген жұмыс факультет деканымен, ішкі немесе сыртқы рецензиялауға жіберіледі.
Қорғакуға дайындалу барысында, студент сөз сөйлеу түсініктерін құрастырып, көрнекілік құралдарын әзірлейді, рецензенттің ескертулеріне жауапты ойластырады.
Диплом жұмыстың қорғауы Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысында жүргізіледі. МАК төрағалары болып ғылыми-зерттеу ұйымдары мен бірлестіктерінің жетекшілері мен бас мамандары тағайындалады. МАК құрамына төрағадан басқа университеттің алдыңғы оқытушылары кіреді. МАК отырысына профессор-оқытушылар құрамы, студенттер шақырылады. Қорғау алдында МАК хатшысы диплом жұмысы мен басқа құжаттарын төарағаға ұсынады, кейін студентке сөз беріледі, регламент 10-15 минут.
Сөз сөйлеуден кейін студент рецензент, жетекші, МАК төрағасы сұрақтарына жауап береді.
Дипломдық жұмыстардың нәтижелерін жабық отырыста талқыланады, мемлекеттік емттхандарды есептеп бағалайды және студентке лайықты біліктілікті тағайындауды шешеді.
МАК үздік дипломдарды беруді шешеді және аспирантураға түсу үшін нұсқаулар береді.
Дипломдық жұмысты қорғамаған студент, бір рет қана қайта қорғауға жіберіледі. Тек қана МАК отырыстарының жұмыс кестесі бойынша.
Дипломдық жұмыс құрылымы. Кіріспе және оның құрылымы. Зерттеудің негізгі бөлімдері. Қорытынды. Қосымшалар. Мазмұны мен зерттеудің библиографиясын құрастыру.
Жазбаша жұмыстарды орындау кезінде студент әрбір жұмыстың өзіндік ерекшеліктері бар екендігін ұмытпаған жөн.
Бақылау сұрақтары
- Бақылау жұмысына қандай талаптар қойылады?
- Курстық жұмысты жазу барысынды қандай ережелерді сақтау керек?
- Дипломдық жұмыс дегеніміз не?
Әдебиет
- Кузнецов И., Лойко Л. Рефераты, контрольные, курсовые және т.б. жұмыстар. Минск, «Завигар», 1998.
- Кузембайулы А. Письменная выпускная работа в юридическом вузе. Петропавл,2003.
- Волков Ю.Г. Диссертация: подготовка, защита, оформление: Практ. Пособие. М.: Гардарики, 2002. 159 б
Лекция 9. Кітаппен, жарыққа шыққан мақалалармен жұмыс істеу әдістері
Жоспары
1. Оқу үрдісіне керекті әдебиетті іздестіру әдістемесі.
2. Оқулықпен жұмыс істеу әдістемесі.
3. Оқу, зерттеу үшін қажетті мақалаларды іздестіру және оларды қажетке жарату
Лекция мақсаты – студенттерді қалалық және институттық кітапхана-ларымен, ғылыми әдебиетпен жұмыс істеу әдістемесімен таныстыру.
Лекция 10. Ғылыми жазба жұмысты орындаудың бастапқы кезеңі
Жоспары
- Ғылыми жетекші және тақырып таңдау.
- Жоспар және оның түрлері, проспект, тезис.
- Зерттеу әдістерін анықтау.
- Ғылыми-зерттеу жұмысының ғылыми-техникалық құжаттарын дайындау.
Берілген тақырып бойынша сұрақтарды түсіндіру кезінде, студент зерттеу тақырыбын анықтау және дипломдық, курстық жұмыстардың жай және күрделі жоспарларын құрастыру икемдерін және іскерліктерін көрсету керек.
Лекция 11. Жиналған материалды жүйелеу принциптері
Жоспары
1. Жиналған материалды жүйелеуге қойылатын талаптар.
2. Дәптерлік жазулар.
3. Материалдарды бумаға жинау.
4. Материалдарды жинаудың картотекалық жүйесі.
5. Жиналған зерттеу материалдарын жүйелеу және жинаудағы компьютер
мүмкіндіктерін пайдалану.
Берілген лекция білім алушыларға өз тақырыбы бойынша жүйеленген және жиналған материал бойынша анықталған багажды жинауға мүмкіндік береді, жиналған материалды жүйелеу принциптерінің жұмысын түсінуге көмектеседі.
Лекция 12. Курстық және диплом жұмыстарын жазу әдістемесі
Жоспары
1. Жазбаша жұмыстың құрылымы.
2. Кіріспе және оның элементтері.
3. Зерттеудің негізгі бөлімдері.
4. Қорытынды түрлері.
5. Курс, диплом жұмысты қорғау тәртібі.
Әрбір жазбаша жұмыс өз ерекшелігін ие болады. Студент курстық, дипломдық жұмыстарға, ғылыми мақалаларға және баяндамаларға қойылатын талаптарға көңіл аудару керек.
Лекция 13. Ғылыми зерттеудің ғылыми-анықтамалық аппаратын жабдықтау
Жоспары
- Ғылыми-анықтамалық аппараттық мемлекеттік стандарттары.
- Сілтеме түрлері және оны мәтін ішінде орналастыру
- Пайдаланған әдебиеттерді тізімін зерттеу мәтінінде көрсету тәсілдері.
- Ғылыми жұмыстардың мөлшері.
Лекция барысында студент жазбаша жұмысты кітапханамалық хаттау бойынша мемлекеттік стандарттармен танысу керек.
Лекция 14. Ғылыми мақаланы жазу әдістемесі
Жоспары
1. Тақырыптың қажеттілігін дәлелдеу.
2. Мақаланың мақсаты мен міндеттері.
3. Мақаланың негізгі мазмұны.
4. Дайын дүниені жариялау.
Лекцияте студент ғылыми мақаланы жазу әдістемесімен, құрамалық компо-ненттерімен танысады.
Лекция 15. Ғылыми баяндаманы дайындау әдістемесі
Жоспары
- Баяндаманың негізгі түрлері
- Ауызша баяндамаға қойылатын талаптар
- Алдын-ала жоспарлау
- Қабырғалық баяндама және оның ерекшеліктері
- Баяндама және соның мәтінін құрастыру барысында ескерілетін кейбір жәйіттер.
Студент ғылыми баяндамаларға қойылатын талаптарды ұғыну керек және семинарларда, конференцияларда, ғылыми симпозиумдарда, отырыстарда бекітілген іскерліктерді алу керек.