Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты

Вид материалаЛекция

Содержание


Степан Павлович Терентьев
Леонид Александрович Середкин
Александр Андреевич Асел-кан
Зубко Вадим Никитович
Иван Кондратьевич Терновой
Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар
2. Тарих және өнер факультеті
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Ольга Лаврентиевна Белинская Қостанай мұға-лімдер институтының директоры болып тағайындалды. Ал 1943-1947 жылдары институт дирек­торы Владимир Иванович Сунцов болды.

1944 жылы институтқа Амангелді Иманов есімі берілді. Инсти-тут басшылары соғыс жылдары өзгеріп отырды. Найденов И.П. әскерге кеткен соң, институт директорының міндетін Белинская О.Л., содан кейін Сунцов В.И. атқарды. Ғылыми-оқу жұмыстары бойынша дирек-тордың орынбасары қызметін қостанайлықтардың ішінде алғашқы ғы-лым кандидаты дәрежесін алған Ф.К. Сташевский атқарды.

Соғыстан кейінгі жылдары институт қаладағы тозығы жеткен шағын ғимараттар-дың бірінде орналасты. 1946 жылы институттың жалпы ауданы 145 шаршы метр жерді қамтитын студенттерге арналған жатақханасы болды. Институт ұдайы жаңа кадрлармен толығып отырды. 1948 жылы орыс тілі мен әдебиет кафедрасына ҚазМУ-дан жас маман-дар келді. Олар: Кандалин Н.И., Кирдяев И.Т., Кандалина В.И., Павлова О.Д. Сол жылы институт жұмысына Кандалин Н.И. кірісіп, кейіннен орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы-ның меңгерушілігіне тағайындалады. 1949 жылы инстиутта тарих факультеті ашылды.

1951-1957 жылдары Қостанай мұғалімдер институтының дирек-торы міндетін Степан Павлович Терентьев атқарды.

Қазақ ССР Министрлер Кеңесінің 1955 жылғы 1 шілдедегі өкі-міне сәйкес және орта мектеп мұғалімдерін даярлау сапасын арттыру мақсатында сол жылдың 5 шілдесінде мұғалімдер институтының база-сында Қостанай педагогикалық институтын құру туралы шешім қабыл-данды. Институт құрамында күндізгі оқу бөлімінде 75, ал сырттай оқу бөлімінде 50 студенті бар орыс тілі мен әдебиеті және физика-матема-тика факультеттері болды.

1955 жылғы тамыз айында педагогикалық институтқа студенттерді алғашқы қабыл-дау жұмыстары жүзеге асырылды. 400-ден астам түлек оқуға түсуге өтініш білдірді. Емти-хандар сәтті өтіп, жаңа оқу жылында институт лекцияханаларында 300 студент оқуға кірісті. Алғашқы студенттердің арасында бірнеше медалистер болды.

Жылдан-жылға институтта оқитын студенттердің саны өсті. 1954-1955 оқу жылы олардың саны 731-ге жетті. Жыл сайын бітіруші түлектердің саны 100 адамға артып отыр-ды.

1957-1959 жылдары институт ректорының лауазымына филосо-фия ғылымдарының кандидаты Леонид Александрович Середкин та-ғайындалды.

1956 жылдың қыркүйегінде институтта орыс тілі, әдебиет және тарих, математика, физика және сызу мамандықтары бойынша мамандар дайындалды.

1958 жылы институтқа ғылым кандидаттары Газизов К.Г., Вольфсон Б.М., Маку­шин Н.П. шақырылды. 1959-1971 жылдары институт ректоры қызметін тарих ғылымдары-ның кандидаты, доцент Қабыш Ғазизұлы Ғазизов атқарды.

1959-1960 оқу жылы екі жаңа – педагогика және бастауыш білім әдістемесі мен физика және жалпытехникалық пәндер бөлімі ашылды. Келесі оқу жылы осы бөлімдерінің алғашқысы бастауыш оқыту әдіс-темесі факультеті (БОӘ) болып қайта құрылды. Факультетті Қостанай-ға белгілі педагог, үш орденнің иегері, Қазақ ССР оқу-ағарту ісінің үз-дігі, ұстаз, мектеп директоры, облыстық халыққа білім беру бөлімінің ин­спекторы, кейіннен мұғалімдерді жетілдіру институтының ди-ректоры қызметтерін атқарған Мелехин Б.Д. басқарды.

Сырттай оқу бөлімінің жүйесі де қалыптасты. 1960 жылы оның құрамында 4 факультет болды: математика, әдебиет, тарих және бастауыш оқыту әдістемесі. Бірнеше жыл бойы сырттай оқу бөлімін қаладағы белгілі тарихшы, алғашқы ғылым кандидаттарының бірі, Қазақстан тарихынан лекция оқыған Ғалихан Жантөреұлы басқарды.

Институттың материалдық-техникалық базасы жыл өткен сайын жақсара түсті. 1958-1959 оқу жылы Таран көшесіндегі оқу ғимаратын біртіндеп іске қосу жұмысы бас-талды. Толықтай салынып бітпеген оқу ғимаратында сабақтар оқылып, зертханалар мен кабинеттерді қажетті жабдықтармен қамтамасыздандыру жұмыстары жүргізілді. Инсти­тут оқу шеберханасы, кітапхана, оқу залы, әкімшілікке арналған арнайы бөлмелер, дека­нат, дәрігерлік пункт және шаруашылық бөлімдер үшін арнайы жайлар бөлуді жөн көрді. 1959 жылы құрылыс аяқталып, жалпы ауданы 1662 шаршы метр жер, барлығы 14 каби­нет, 9 лекция оқитын лекцияхана, акт залы, оқу залы, кітап қоймасы, қосалқы жайлар қолданысқа берілді.

С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университеті жанындағы аспирантураның түлегі К.М. Туманшин тарих-филология факультетінің деканы болды. Кейіннен ол ғылым докторы, профессор атағына ие болып, ғылыми коммунизм, саясаттану және басқа да ка-федралардың меңгерушісі, оқу жұмыстары жөніндегі проректор қызметін атқарды.

1971-1976 жылдар аралығында институт ректоры қызметін та-рих ғылымдарының кандидаты, доцент Александр Андреевич Асел-кан атқарды.

1972 жылы А. Иманов атындағы Қостанай мемлекеттік педагогикалық институ-тына КСРО 50 жылдығы атауы берілді.

1976-1981 жылдары институтқа тарих ғылымдарының кандида-ты Зубко Вадим Никитович басшылық жасады.

1981 жылғы қыркүйектен институт жанында жалпы білім бере-тін мектеп директорларының біліктілігін көтеру факультеті жұмыс іс-тей бастады. Факультетті Ов­чинникова В.И. басқарды.

Жылдан-жылға профессорлық-оқытушылық құрам сапалық жә-не сандық жағынан айтарлықтай жетіле түсті. 1984 жылдың 1 қаңта-рында оқытушылар ұжымы 226 адамды құрады, оның ішінде 72 оқыту-шының ғылыми дәрежесі мен атақтары болды. Сонымен қатар институтта 81 оқу-көмекші қызметкер, 29 кітапханашы, 9 жалпыинституттық ка­федра және 21 факультеттік кафедра-лар жұмыс істеді.

1981-1989 жылдар аралығында институт ректоры қызметін та-рих ғылымдарының кандидаты Иван Кондратьевич Терновой ат-қарды.

80-90 жылдары педагогикалық институт жыл сайынғы бітіруші түлектердің санын 700-900-ға жеткізіп, облыс пен Қазақстанның Солтүстік өңірін барлық мамандықтағы мұғалімдермен қамтамасыз етіп отырды. 1990-1991 оқу жылы 34 кафедрада ғылыми дәрежесі бар 93 оқытушы, оның ішінде 3 профессор мен ғылым докторлары жемісті еңбек етті.

1989-1992 жылдары институт ректоры қызметіне тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Зұлқарнай Алдамжарұлы Алдамжар тағайындалды. Қа-зақстан Республи­касы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 6 та-мыздағы № 662 қаулысымен Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Қостанай университеті болып қайта құрылды. Пе­дагоги-калық мамандықтар университет құрамында 12 жыл бойы даярланды. Осы уақыт ішінде негізінен мұғалімдік мамандық сақталып қалды, алайда олардың кейбірі қайта өзгертілді. Мектептер тиісті білімі бар мұғалімдерге зәру болды.

2004 жылы Үкімет республикада 5 педагогикалық жоғары оқу орнын, оның ішінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтын құру туралы шешім қабылдады. Осы­лай 2004 жылғы 1 сәуірде Қазақстан Республикасындағы заманауи жоға-ры оқу орны ретінде педагогикалық институт өз жұмысын қайта бастады.

Институт құрамында 23 мамандық бойынша жоғары білікті мамандар дайындай-тын 7 факультет (тарих және өнер, физика-математика, жаратылыстану, филология, шет тілдері, спорт, дене шынықтыру және туризм, педагогика және жантану) жұмыс істейді. Бүгінгі таңда институтта 4056 студент, оның 2398 күндізгі, 1578 сырттай бөлімде оқиды.

Педагогикалық институттың пәндер бойынша оқу-әдістемелік және ғылыми-зерт-теу жұмыстарын, студенттер арасында тәрбие жұмысын, сондай-ақ ғылыми-педагогика-лық кадрларды даярлауды жүзеге асыратын негізгі құрылымдық ғылыми-оқу бөлімі ка-федра болып табылады. Институтта 24 кафедра бар. Онда 230 оқытушы, оның ішінде бес ғылым докторы, профессор, 71 ғылым кандидаты, доцент жұмыс істейді. Оқу орнында жо-ғары білікті, жұмыс тәжірибелері мол мамандар лекция оқиды. Олар: ғылым доктор­лары, профессорлар Баймырзаев Қ.М., Күзембайұлы А., Брагина Т.М., Важев В.В., Ру­бинштейн Е.Б., ғылым кандидаттары, доценттер Ахметов Т.Ә., Қуанышбаев С.Б., Жар­кова В.И., Та-паева А.Б., Шахаман З.Б., Әлібек Т.К., Шевченко Л.Я., Өтегенова Б.М., Қасымханұлы Б., Дәулетбаев Т.Е., Қонысбаева Д.Т., Жақып Қ.Х., Скрынский С.М., Жақаева С.А., Оспанов С.О., Новиков В.Н., Дайкер А.Ф., Путиев И.Г., Демина Н.Ф., Бик­ташева Т.Ш., Сивохин И.П. және басқалар.

Қазіргі таңда институттың профессорлық-оқытушылар құрамы мұғалімдерді даяр­лауда сапалы жетілдіру жүйесін қалыптастыру міндетін шешуде. Сонымен қатар оқу жоспарлары мен оқу-тәрбие үрдісінің кешендік бағдарламасын жетілдіруді жүйелеу мәселелерімен айналысуда.

Қазіргі таңда біздің Институт ғылыми-оқу кешені қарқынды дамыған, бәсекеге қа-білетті, әлемдік стандартқа сай маман, өнегелі ұрпақ тәрбиелейтін жаңашыл үлгідегі оқу орны болып табылады.

2008 жылдың 18 қыркүйегінде Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты Болония Университеттер Ұлы хартиясына қол қойып, білім саласындағы ұстанымын ай-қындады.

Институттың материалдық-техникалық базасы жоғары дәрежеде білім беруге зор мүмкіндік береді. Оқу орны қазіргі заман талабына сай ғылыми-оқу зертханаларымен, лингофондық, тренинг, компьютерлік, әдістемелік кабинеттер және мультимедиялық ке-шенді лекцияханалармен жабдықталған.

Оқу лекцияханалары үшін қосалқы жайлар да (препараторлық бөлме, қойм1. қарас-тырылған. Оқу үрдісі мен ғылыми мақсатта пайдалану үшін, гербарий жинақталған қоры, сынып-кешендері, мұражай жұмыс істейді. Сосновый бор мен Науырзым қорығында сту-денттердің далалық практикаларын ұйымдастырып өткізу қалыптасқан дәстүрге айналған. Институт студенттері мен оқытушылар құрамы пайдаланатын интер­нет жүйесі, электрон-дық оқу залдары, бай оқу-әдістемелік оқулықтар қоры бар кітапхана жұмыс істейді. Соны-мен қатар, институтта жатақхана, спорт залдары және спорт алаңдары бар.

Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты әлемдік білім және ғылым кеңісті-гінде халықаралық ынтымақтастықты аса маңызды аспект ретінде қарастырып, еңбек нар-қында сұранысқа ие, бәсекеге қабілетті білікті мамандар даярлауда шет елдің жоғары оқу орындарымен тығыз байланыс орнатқан. Олар келесі оқу орындары мен ме­кемелер:
  • Челябі мемлекеттік университеті, Челябі мемлекеттік педагогикалық университеті, Новосибир мемлекеттік педагогикалық университеті, Мәскеу қаласы Ресей Білім Академиясы Білім басқару институты, Магнитогор педагогикалық университеті, РҒА Орыс әдебиеті институты (Пушкин үйі), Ниж­невартов мемлекеттік гумани-тарлық университеті, Орал мемлекеттік дене шынықтыру университеті, Түркия ту-ризм қауымдастығы (ГАЗИ университеті);
  • Прага (Чехия) университетімен меморандумға қол қойылды;
  • Сонымен қатар, институт Француз мәдени орталығымен, Қазақстандағы АҚШ Әлем Корпусы және Қазақстандағы Франция Елшілігімен халықаралық білім және ғылым кеңістігінде ғылыми-зерттеу жұмыстарын бірлесіп жүргізу жөнінде келісімшарт жасасты. Осы мақсатта тараптар шетелдік ғылым және білім мекемелерімен ынтымақтастықты дамыту мәселелерін үйлестіріп, ақпарат алма­сады, білім беру жобаларына, бағдарламаларына қатысуға мүмкіндіктері жайлы бір-бірін хабардар етеді. Болон декларациясына сәйкес біртұтас білім кеңістігін қалыптастыру механизмдерін бірлесіп меңгеру; ынтымақтастық үрдісінде бірлесіп әрекет етудің маңызы жөнінде ақпараттық ресурстар қорын қалыптастыру; ғылыми-әдістемелік конференциялар мен семинарларды ұйымдас-тыру; қызметкерлерді оқыту, ақпараттық-әдістемелік және ғылыми материалдарды бас­падан шығару, халықаралық қордан қаржыландырылатын жобаларды бірлесіп іске асыру туралы келісімдер жасалған.

ЖОО-дағы ғылым келесі әдіснамалық қағидаттар негізінде жүзеге асырылады: жоғары оқу орнындағы ғылымның алғашқы, айқындаушы қызметі, ЖОО-дағы ғылыми ізденістердің студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарынан бастап диссертациялық зер­ттеулер дәрежесіне дейінгі үздіксіздігі. Сондай-ақ, институтта Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, халықаралық қорлар қаржыландыратын іргелі және қолданбалы жобалар бойынша кешенді ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізіледі.

Институт кафедраларында экология және қоршаған ортаны қорғау, дене шынықтыру, биология, химия, физика, механика және математика, филология, өнер, тарих, әлеуметта-ну, саясаттану, мәдениеттану, философия, педагогика ғылымдары саласында басым бағыт-тар әзірленуде.

Студенттердің ғылыми қоғамы институт кафедралары аясында ғылыми зерттеу жұ-мыстарын орындап, ең үздік ғылыми жұмыстары үшін конкурстарға қатысады, сондай-ақ еңбектерін баспадан шығарып, ғылыми-практикалық конференцияларға да белсене атса-лысады.

ҚМПИ ғалымдары мектеп, гимназия мұғалімдеріне ғылыми теориялық және әдісте-мелік жағынан ұдайы көмек көрсетеді. Қостанай қаласында жалпы білім беретін 13 мек­тепте пәндер бойынша ғылыми үйірмелер ұйымдастырылып, арнайы курстар және теориялық семинарлар өткізіліп тұрады. Институтта дарынды оқушылармен жүргізілетін жұмыс жүйесі жақсы жолға қойылған. ҚМПИ базасында дарынды балаларға арналған «Озат» мектебінің 8 секциясы, студенттердің 24 ғылыми үйірмесі жұмыс істейді. Жас ғалымдар мен студенттерге, мектеп мұғалімдеріне «ҚМПИ Жаршысы» ғылыми-әдістемелік журналында ғылыми мақалалары мен зерттеу еңбектерін жариялауға мүмкіндіктер қарастырылған.

Қазіргі таңда Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты педагог кадрларды да­ярлайтын озық технологиялармен жабдықталған, алдыңғы қатарлы инфрақұрылымды ғылыми-оқу орталық болып табылады.

Оқу орнының инновациялық даму стратегиясы педагогикалық үрдісті жетілдіру және түлектеріміздің бәсекеге қабілеттілігін, кәсіби біліктіліктерін көтеру мақсаттарын анық-тайды.

2. Тарих және өнер факультеті

2006 жылдың тамыз айында Тарих және Өнер факультеттері бірікті. Жаңа факультеттің деканы болып педагогика ғылымдарының кандидаты Салтанат Әнуәрбекқызы Жақаева тағайындалды.

Факультет студенттері «Тарих», «Құқық және экономика негіздері», «Бейнелеу өнері» және «Музыкалық білім», магистранттар «Тарих» мамандығы бойынша даярла­нуда. Бүгінде оқу үрдісі мен оқу-әдістемелік жұмысты төрт кафедра, атап айтқанда, әлем тарихы, құқық және экономика негіздері кафедрасы (меңгерушісі т.ғ.д., профессор Ру­бинштейн Е.Б.), Қазақстан тарихы кафедрасы (меңгерушісі т.ғ.к. Шахаман З.Б.), өнер та­рихы және теориясы кафедрасы (меңгерушісі п.ғ.к. Дүйсенбина Г.К.) және музыкалық ас­паптар кафедрасы (меңгерушісі Сапиева М.С.) жүзеге асырады. Профессорлық-оқытушылық құрамның ғылыми зерттеулер мен конференцияларға қатысуы оқу бағдарламасына жаңа технологиялар мен пәндерді оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізуге зор мүмкіндік береді.

Тарих беттерін парақтай отырып, білім ордасының бұғанасы бекіп, қабырғасының қатаюы жолында көп еңбек сіңірген тұлғалар жайында айтпай өтпеске болмайды.

1948 жылдың күзінде Қазақ ССР ағарту және КСРО жоғары білім беру министрлік-терінің бұйрығымен А. Иманов атындағы Қостанай мұғалімдер институтының базасында тарих факультеті құрылды.

Факультетке марксизм-ленинизм негіздері кафедрасының меңгерушісі Юманкулов Х.Ф. басшылық жасады. Ол факультеттің қалыптасуы жолында зор еңбек сіңірді.

1949-1950 жылдары тарих факультетінде профессор Юманкулов Х.Ф., доцент Най-денов И.П., аға оқытушы Жантөрин Г.Д., кабинет меңгерушісі Беляшов Г.Д., аға оқытушы Кононов Д.С., лаборант Чиркова В.М. сынды тамаша ғалым-педагогтер тобы жұмыс істеді.

1957 жылы тарих-филология факультетінің деканы қызметіне Тұманшин Қ.М. та-ғайындалып, факультетті ұйымдастыру жолында жемісті еңбек етті.

1958-1959 оқу жылы алғаш рет бітіруші түлектерді еңбек жолына шығарып салу рә-сімі өтті. Факультетте студенттік ғылыми дәстүрлер де бірте-бірте қалыптаса бастады. 1958 жылғы сәуір айында студенттердің тұңғыш ғылыми конференциясы өтіп, институтта ғылыми студенттік қоғамның қалыптасуына зор ықпалын тигізді.

1960 жылдың сәуірінде факультетте тарих кафедрасы ашылды. Осы жылдары онда т.ғ.к., доцент Вольфсон Б.М., т.ғ.к. Торопов И.Н., т.ғ.к. Макушин Н.П., т.ғ.к. Ефимов Н.А., доцент Газизов К.Г., аға оқытушы Мейлахс М.А., аға оқытушы Аселкан А.А., аға оқыту-шы Ю.А. Кизилов сынды жоғары білікті педагогтер ұстаздық қызмет атқарды. 1963 жылы тарих-филология факультетінің деканы қызметіне т.ғ.к. Аселкан А.А. келеді.

Тарих-филология факультетінің дамуы мен нығаюы 60 жылдардың орта кезінен басталады. 1965 жылы факультет орыс тілі және орыс әдебиеті, тарих, орыс тілін оқытуға құқы бар тарих пәнінің мұғалімдерін даярлап, еңбек жолына шығарып салды. Одан кейінгі жылдары факультет облыс пен республиканың халыққа білім беру органдарына мамандар әзірлеу ісімен айналысты. 1970 жылы факультет «Қазақ мектептеріндегі орыс тілі» маман-дығы бойынша мектеп түлектерін оқуға қабылдады.

Факультетте бұл кезеңде тарих, орыс және шетел әдебиеті, орыс тілі кафедралары жұмыс істеді. 1970 жылдың қазан айында КСРО тарихы кафедрасы ашылып, тарих кафед-расы жалпы тарих кафедрасы болып қайта құрылды. 60 жылдардың аяқ кезінен бастап ұзақ уақыт бойы кафедрада тәжірибелі, өз істерін жетік білетін доценттер –. Вольфсон Б.М, Жантөрин Г.Д., Духин Я.К., Куроедова Н.Н., Павлова О.А., Терновой И.К. қызмет іс-теді.

Қаз ССР Білім министрлігінің 1978 жылғы № 529 бұйрығына сәйкес, факультет та-рих-педагогика факультеті аталды. Кейіннен тарих-филология факультеті болып қайта өз-гертілді. Факультетті т.ғ.к. Катенов А.А.басқарды. Сол уақыттарда «КСРО тарихы» (ка-федра меңгерушісі Духин Я.К.), «Жалпы тарих» (әр жылдары кафедра меңгерушілігінде болған доценттер Вольфсон Б.М., Мусукаев А.И., Тен В.А.), «Пионер және комсомол жұ-мыстарының теориясы мен әдістемесі» кафедралары (кафедра меңгерушілері Тихонова Л.В., Мануйлов Ю.) жұмыс істеді.

Сонымен қатар, Солодкин Я.Г., Тасқожина К.Ж., Логвин В.Н., Рубинштейн Е.Б., Қалиева С.С., Легкий Д.М., Гребенюк В.И., Ауғанбаев М.А., Курнуй Т.В. сынды жоғары білікті оқытушылардың ұстаздық жолындағы жемісті еңбектерін мақтанышпен айта ала-мыз.

1987 жылы тарих-педагогика факультеті тарих-филология факультеті болып қайта ұйымдастырылды. Факультетті басқару педагогика ғылымдарының кандидаты Мерклин-герге И.М. жүктелді.

Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетінің 1992 жылғы 6 тамыздағы № 662 «КСРО-ның 50 жылдығы атындағы Қостанай педагогикалық институтын Қостанай мемле-кеттік университеті етіп өзгерту туралы» қаулысы мен Қазақстан Республикасы Білім ми-нистрлігінің 1992 жылғы 11 тамыздағы бұйрығына сәйкес, университет мәртебесін алды.

1992-1993 оқу жылы арнайы «Құқықтану» кафедрасы бар «Құқықтану» бөлімі ашы-лып, оған заң ғылымдарының кандидаты Шәкірова А.У. жетекшілік етті. Қазақстан Рес-публикасының «Тілдер туралы» Заңын орындау мақсатында жаңа оқу жылы тарих және заң бөлімдерінде қазақ топтары ашылды. 1992-1993 жылдары тарих факультетінде Қазақ-стан тарихы және мәдениеті; ТМД елдерінің тарихы; жалпы тарих; ежелгі тарих, архео-логия және арнайы тарих пәндері; құқықтану; педагогика және тәрбие жұмыстарының әдістемесі кафедралары жұмыс істеді. Факультетте 4 профессор, 5 доцент, 14 аға оқыту-шы, 6 оқытушы табысты еңбек етті. Студенттерді біртұтас оқыту мен тәрбиелеу, білікті мамандарды даярлау факультеттің басты мақсаты болды.

1993-1994 оқу жылы тарих факультетінде заңгерлер мен мұрағаттанушы мамандар-ды даярлайтын «Құқық негіздері және құқықтық білім» және «Мұрағаттану» бөлімдері ашылды.1994-1995 оқу жылы факультетте Қазақстан тарихы және мәдениеті кафедрасы (меңгерушісі т.ғ.к., доцент Ауған М.А.) базасында жалпыуниверситеттік Қазақстан та­рихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі Дүтбаев К.Х.); сонымен қатар археология, ежелгі және ортағасыр тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Логвин В.Н.); жаңа және қазіргі заман тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Духин Я.К.); Азия және Африка елдерінің тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тен В.А.); мұрағаттану кафедралары (меңгерушісі т.ғ.к., доцент Тасқожина К.Ж.) құрылды.

1995-1996 оқу жылы факультетте 40 оқытушы, оның ішінде 1 академик, 3 профес-сор, 1 ғылым докторы, 8 доцент, 15 ғылым кандидаты жұмыс істеді. Факультет ұжымын профессор Терновой И.К. басқарды. 1995 жылы тұңғыш рет студенттерді магистратураға қабылдау жүзеге асырылды, ал 1996 жылы факультетте «Дінтану» мамандығы ашылды.

2004 жылы А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде тарих факультеті Қостанай мемлекеттік педагогикалық институтының құрамына кірді. 2005 жылы факультетті тарих ғылымдарының докторы, профессор Күзембайұлы А. басқарды.

А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің музыка факуль-теті педагогикалық факультеттің музыка бөлімі базасында құрылған еді. 1994 жылдан бас-тап дербес факультет ретінде жұмыс істеп, «Музыка және ән» мамандығы бойынша кадр-лар даярлауда. Факультет басшылығы Мұқановқа К.М. жүктелді.

1995-1996 оқу жылы факультет құрылымында айтарлықтай өзгерістер болды. Фа-культеттің 2 кафедрасы Ғылыми Кеңестің 1995 жылғы 17 қарашадағы шешімімен 4 ка-федра болып қайта құрылды (халықтық аспаптар, музыка теориясы және тарихы, форте-пиано, дирижерлау кафедралары).

Оқытушылар құрамын Алматы, Мәскеу, Горький, Уфа, Новосибирск қалаларының консерваторияларын бітірген түлектер құрайды. Факультетте оқытушылар күшімен музы-ка студиясы құрылды.

1996 жылы факультет деканы қызметіне Құрманғазы атындағы Алматы мемлекет-тік консерваториясының түлегі Жақаева С.А. келеді. 1996-1997 жылдары факультетте ҚМУ, қала және облыс көлемінде концертке белсене қатысып жүрген қазақ бөлімі хоры, орыс бөлімі хоры, төменгі курстардың хоры, вокалдық ансамбль, қазақ халықтық аспаптар оркестрі, орыс халықтық аспаптар оркестрі, қобызшылар ансамблі, шекті квартет шығар-машылық ұжымы құрылады.

Ұжым өз шеберліктерін қала, облыс аумағында өтетін шараларда үнемі көрсетуде. Жыл сайын ғылыми-әдістемелік және педагогикалық бағыттармен қатар, оқытушылар мен студенттердің жеке орындаушылық концерттері де тұрақты түрде ұйымдастырылады. Об-лыстың алдыңғы қатарлы орындаушыларымен бірлескен шығармашылық жобалар да жү-зеге асырылуда.

1998 жылы кафедраның қайта ұйымдастырылуы нәтижесінде оқу үрдісін халықтық аспаптар кафедрасы (меңгерушісі Молдахметов Н.М.), фортепиано және дирижерлау ка-федрасы (меңгерушісі Коченда М.В.), музыка теориясы және тарихы кафедралары (меңге-рушісі Дүйсенбина Г.К.) жүргізді.

2000 жылдан факультет «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу (дизайн)» мамандықтары бойынша кадрлар даярлауда. 2001 жылдан бастап оқу үрдісін өнер тарихы кафедрасы (кафедра меңгерушісі Дүйсенбина Г.К.) мен халықтық аспаптар кафедрасы (ка-федра меңгерушісі Әмірханов А.Г.) жүргізеді.

Музыка факультеті деканатының ұсынысы негізінде Ғылыми Кеңес шешімімен 2002 жылғы 22 ақпаннан факультет Өнер факультеті деп аталып, «Музыкалық білім», «Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша кадрлар даярлай бастады.

Бүгінде тарих және өнер факультеті – педагогикалық міндеттер мен күрделі ғылы-ми-теориялық мәселелерді шешуге қабілетті, іскер, ғылыми ұжым. Факультеттің бірікті-рілген құрамында 2 ғылым докторы, профессор Күзембайұлы А. және Рубинштейн Е.Б., 9 ғылым кандидаты Жақаева С.А., Духин Я.К., Тапаева А.Б., Шахаман З.Б.,. Дүйсенбина Г.К, Ярочкина Е.В., Юнусов А.М., Балғабаева Г.З., Белозер Л.П. ұстаздық қызмет атқару-да. Кафедра оқытушылары білім және өнер саласында ең құрметті атақтарға ие болған. «Оқу ісінің үздігі» - Жақаева С.А., Дүбірбаева Б.Т.; «Қазақстанның еңбек сіңірген мәде-ниет қызметкері» және «Құрмет» ордені – Әмірханов А.Г., Молдахметов Н.М., Халықара-лық байқаулардың лауреаттары Жақаева К.А., Дүбірбаева Б.Т., Суретшілер одағының мү-шесі Изюмова Т.В.. Қазіргі таңда факультет оқытушылары және студенттерімен бұл дәс-түр өз жалғасын табуда. Олар Халықаралық және республикалық байқауларға, фестиваль-дарға, конференцияларға белсене ат салысады.

Сондай-ақ, оқу үрдісінде оқытудың классикалық түрімен қатар жаңа білім беру тех-нологиялары да қолданылады. Жыл сайын «Тарих» мамандығының оқытушылары мен студенттері археологиялық экспедицияға шығып, облыс мұрағаты құжаттарымен кеңірек танысады.

Оқу үрдісіне жаңа технологиялардың, білім берудің жаңа әдіс-тәсілдерінің енгізілуі, сондай-ақ, тарих және өнер бойынша креативті технологиялар мен бейне лекциятердің қол-данылуы тарихи олимпиадалар, интеллектуалды ойындар және пікірталастарға қатысатын студенттердің танымдық қызметін жандандыруға септігін тигізері анық. Республикалық байқау лауреаттары атанған студенттер хоры, қазақ халық аспаптар оркестрі, жас суретші-лер «Шабыт» байқауында бірнеше мәрте марапатталып, тарихшы студенттер Республика-лық білімдарлар байқауында екінші орынды иеленді.

Қазіргі таңда республиканың әр түкпірінде мәдениет және білім саласында жоғары кәсіби даярлықтарымен көзге түсіп, жемісті еңбек етіп жүрген факультет түлектерін кез­дес-тіре аласыз.