Ылым министрлігі ministry of education and science of republic of kazakhstan

Вид материалаТезисы

Содержание


Көркем мәтіндегі эмотивті лексиканы аудару мәселелері
Исторические семантические изменения слова «qatun»
Қоғамдық-саяси лексиканың бағалауыштық категориясы
Қыпшақ тобы түркі тілдеріндегі туыстық атаулардың тарихи
Көшбасшының тілдік тұлғасы
Лакуналардың аудармада көрінісі
Аудармадағы мәдени және тілдік тосқауылдар
Отражение картины мира кыпчаков в армяно-кыпчакских памятниках
Подобный материал:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   14

Бисенова Д.С.

Астана/Қазақстан

КӨРКЕМ МӘТІНДЕГІ ЭМОТИВТІ ЛЕКСИКАНЫ АУДАРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

Эмоция – кескін, таным, объективті шындықтың бір түрі. Ол түрлі ғылыми сала өкілдерімен танылады, әсіресе психологтар және философтар арасында. Зерттеушілер арасында эмоцияның ортақ анықтамасы бар: эмоциялар – ақиқат, шындықты танып, кескіндеудің өзіндік бір түрі, өйткені адам мұнда таным объектісі, әрі субъектісі ретінде жүреді, яғни адам іс-әрекетінің себептері негізінде жатқан қажеттіліктерімен байланысты.

Адам эмоциясын тіл арқылы жеткізу механизмдері, және сөйлеуші мен тыңдаушының объективті мәні ретінде эмоциялардың интерпритациясы өзгеше болдып келеді. Эмоцияны бейнелеу тілі және эмоцияны білдіру тілі деп айтуға болады. Белгілі бір кезеңде, эмоционалды мағынаны берудің түрлі жолдарын зерттеу мақсатында лексиканы бөлуге тура келді. Екі түрлі терминологиялық бөлінулер пайда болды: эмоциялар лексикасы және эмоционалды лексика. Бұл сөздердің өзіндік функционалды табиғатының қатысты, эмотивті лексиканың екі түрі бөлініп отыр: эмоциялар лексикасы тілдегі эмоциялардың зерттелуіне , хатталуына (номинативті қызмет) бағытталған, ал эмоционалды лексика сөйлеуші эмоциясын және сөйлеу объектісінің (экспрессивті және прагматикалық қызмет) эмоционалды бағасын бейнелеуге арналған.

Эмоционалдылық тілдің барлық деңгейлерінде сөз құрылымдылық, синтактикалык, лексикалық жолдармен, соның ішінде фразеологиямен беріледі. Сезім мен эмоцияны тек бір ғана тілдік құрылым арқылы беру мүмкін емес. Сөздегі эмоционалдылық түрлі деңгейдегі тілдік құралдар жиынтығы арқылы беріледі.

Мәтін эмотивтілігінің екі түрі бар: мазмұны және бейнеленуі. Эмотивті мазмұндылық мәтіннің негізгі деңгейлерімен реттеледі: бір жағынан, ол эмотивті тақырып түрінде мәтіннің когнитивті мазмұнына кіреді, екінші жағынан, автордың прагматикалық стратегиясының эмотивті бөлігін қамтиды .

Қазіргі таңда, лингвистикада, эмотивтілік мәселесі жаңашыл емес. Соңғы жиырма жылда тіл мен сөздің эмотивті жағына көп көңіл бөлініп отыр: отандық және шетел зерттеушілері эмотивтілік мәселесін антропоцентрикалық лингвистика мәселелерінің алдыңғы қатарына қойып отыр.

Тілдік жүйеде эмотивтілік сөздің семантикалық компоненті ретінде қарастырылады, мұнда оның ең шағын мағыналары-эмотивті семалар болады. Көптеген эмотивті мәтіндердің анализдері, оның келесідей компоненттерін тудырды:

- тілдік: эмотивті лексика және фразеология, эмотивті конструкциялар жиынтығы, лексикалық түсінік бойынша эмоционалды “кинемалар” және “просодемалар”.

- тілдік емес: эмоционалды жағдай, оның өзіне эмоционалды ниет, ой .

Көркем әдебиетте, кейіпкер – бұл үлгі, ал автор оның іс-әрекетін, ойын, сезімдерін бейнелей келе оған адами реңк береді. Кейіпкер бейнесіне қосылған эмотивті мағыналар, фразалық, фрагменттік және жалпымәтіндік деп бөлінеді.


Бутеев Б.О.

Астана/Казахстан


ИСТОРИЧЕСКИЕ СЕМАНТИЧЕСКИЕ ИЗМЕНЕНИЯ СЛОВА «QATUN»


Сегодня смысловое значение термина «qatun» требует его осмысления. Использование этого слова в его первозданном виде обуславливается рядом аргументов.

В древнетюркском словаре слово обозначает: «госпожа, вельможная дама, женщина знатного происхождения; жена правителя, знатного человека. «Qatun» нам известна из древнетюркской надписи, посвященной Кюль-тегину («...ее величества моей матери-катун, подобной Умай...»). Как известно, в религиозных воззрениях древних тюрков женское божество Умай является покровительницей домашнего очага и детей. Древние тюрки значение «qatun» уподобляли божеству Умай, что ставит понятие в один ряд сакральных символов представлений о мире.

По мнению российского ученого А.М. Малолетко, «qatun» не является тюркским словом по происхождению. Это давнее (I тыс. н. э.) заимствование из иранского, вероятно из согдийского, в котором имело форму хутен «царица», образовавшуюся из ир. xvatauni (хватауни). Мы считаем, что слово «qatun» является древнетюркским. Процесс заимствования слов происходил из одного языка в другой. Например, в современном турецком языке слово «qatun» имеет два именования, как «kadın» и «hatun». Тем самым мы полагаем, что заимствование изначально было с древнетюркского: Qatun (ДТ)→ хутен (ир.) → kadın → hatun (тур.).

Рассматривая современное назначение этого слова среди тюркоязычных народов мы пришли к следующему, что древнетюркское значение слова сохраняется в сары уйгурском, алтайском языке, обозначающее то же самое значение «'знатная женщина', 'жена важного чиновного человека'».

Сравнивая значение «qatun» с другими тюркскими языками, на примере казахского, кыргызского, узбекского и турецкого языков, мы пришли к выводу, что в значении слова имеется разные смысловые оттенки. Так, например, в казахском и кыргызском «qatun» имеет конотативно сниженное значение (просторечное «баба»). В узбекском и турецком языках в слове «qatun» инвариантным значением является социально-ориентированный смысл, например, kadınlar forumu – женский форум.

Причинами изменения смыслов этого слова у тюркоязычных народов послужило влияние ислама, которое обусловило манифестацию широкого толкования «qatun».


Құлымбетова Ә.

Астана/Қазақстан


ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ ЛЕКСИКАНЫҢ БАҒАЛАУЫШТЫҚ КАТЕГОРИЯСЫ


Қазіргі таңда тіл білімі ғылымының маңызды міндеттерінің бірі – адамзат қауымының әлеуметтік өмірінің, оның түрлі тарихи кезеңдері қызметінің көрінісі деп атауға болатын тілдің атқаратын қызметін зерттеу. Осы мәселені қарастыруда қоғамдық-саяси лексика төңірегіндегі материалдар қолайлы болып табылады. Тіл мен қоғам – егіз ұғымдар. Тіл мен қоғамның тығыз байланыстылығы тілдің лексика саласында өте анық сезіледі. Қоғамдық-саяси құбылыстар мен ұғымдарды атайтын, мағыналық ұқсастығы арқылы топтастырылған сөздердің жиынтығын қоғамдық-саяси лексикаға жатқызуға болады.

Бүгінгі күні еліміз халықаралық аренада саяси және экономикалық қарым-қатынастарын қарқынды түрде дамытуда. Алыс-жақын шетелдерде саяси қарым-қатынастағы Қазақстан ары қарай да өз беделін нығайту үстінде. Сол себепті шетел тілін саяси салада іс жүзінде қолдануға бағытталғандығы берілген тақырып өзектілігі болып табылады. Оның дәлелі ретінде елімізде өткен ЕҚЫҰ саммиті және 7 қысқы Азия ойындары бола алады. Осы орайда қоғамдық-саяси лексиканың кең көлемде зерттелуі өзекті мәселелердің бірі болып табылады.

Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты қоғамдық-саяси мәтіндерде қолданылатын лексиканың құндылығын көрсететін қазақ және ағылшын тілдік санасының компоненттерін анықтау. Қазақ және ағылшын тілдеріндегі бейнелер мен мағыналардың ұқсастығы және айырмашылығын көрсету.

Бағалауыштық пен құндылықтар тұрғысынан зерттеу қазақ тіл білімінде көп таралмаған. Әлеуметтік бағалауыштық құбылысы сөз мағынасында болатын компоненттердің бірі. Дегенмен бүгінгі таңда сөздің семантикалық құрылымындағы бағалауыштықтың орны толық анықталмай отыр деп Б. Момынова өз еңбектерінде көрсетеді. Баға – адам баласына тән логикалық категория. Тіршілік иелері арасындағы басқа жанды-жансыз заттар ондай қасиеттен алыс. Бағалауыштық тек әлеуметтік категория ғана емес, бағалауыштық адам санасымен бірге пайда болатын психикалық құбылыстардың қатарынан орын алады. Сол себепті бағалау дегеніміз = тіл + ойлау + шындық немесе ақиқат (реальды өмір) трихотомиясының нәтижесі болса, ал бағалаудың семантикалық категориясына бағалауыштық жатады. Сондықтан да баға – адам санасында үнемі тоқтаусыз жүріп жататын процесс және ол адамның ойлау қабілеті арқылы іске асатын интеллектуалды-психикалық акт болып табылады.

Алғашқы рет қоғамдық-саяси лексикаға сипаттама берген Б.Әбілқасымов еді. Сонымен қатар Р.Барлыбаевтың «Қазіргі қазақ тіліндегі қоғамдық-саяси лексика» атты еңбегін осы зерттеулерге қосқан үлкен үлесі деп айтуға болады. Бағалауыштық тұрғысынан тіл білімінде ғылыми пікір З.К. Темиргазина қаламына тән және ол ойларын «Оценочные высказывания в русском языке» атты еңбегінде топтастырған. Аксиологияның теоретигі М.С. Каган «Философская теория оценки» атты қыл қалам туындысында бағаланатын қатынастың бағалаушы объектінің баға беру сипаты жайлы айтады.

Қоғамдық-саяси лексиканың дамуы тікелей халықтың тарихымен байланысты және халықтың күнделікті өмірінде орын алатын маңызды оқиғалардан ажырамас болып келеді. Әлеуметтік-идеологиялық бағаның қалыптасуында публицистикалық стильдің атқаратын рөлі мағызды, сол себепті бұл мәселе - өз алдына кеңінен қарастырылып, зерттелуге тұрарлық.


Купаева А.К.

Астана/Қазақстан


ҚЫПШАҚ ТОБЫ ТҮРКІ ТІЛДЕРІНДЕГІ ТУЫСТЫҚ АТАУЛАРДЫҢ ТАРИХИ

ДАМУЫ


Тілдің тарихына үңіле отырып тілдік элементтер мен құбылыстардың түрлі эволюциялық даму жолдарын, тілдің көне дәуір мен жаңа замандағы лексикасының арасындағы байланыстарды айқындап зерттеу арқылы құнды құпияларын ашуға талпыныс жасадық. Осылайша, түрлі тілдік факторлар мен заңдылықтардың әсерінен бірнеше даму кезеңдерінен өткен түркі тілдерінің лексикасы да үздіксіз дамып, жаңарып, кеңейіп отырған. Соның ішінде қыпшақ тобындағы (қазақ, татар, башқұрт, қарайым т.б.) бай лексикасындағы туыстық атаулар терминдерін ерте орта ғасырдан бастап жаңа замандағы формасына дейін салыстырмалы-тарихи негізде қарастырдық. Әр кезеңде семантикалық, тұлғалық өзгерістерге ұшырап отырғандығын және бір кезеңде бір терминнің бір кезеңнің өзінде бірнеше мағынада қолданыста болғандығын анықтадық. Қарлұқ тобына жататын өзбек халқының тілімен салыстыра отырып, контактологияның әсері мен деңгейін де анықтауға болады. Осы сияқты туыстықты білдіретін терминдерде орын алған тілдік құбылыстарды зерттеу арқылы атаудың шығу тегін, алғашқы нұсқасының тарихи өзгерісін, қалыптасуын және көне элементтердің қайсы тілде көбірек сақталғандығын, тілдердің өзара жақындық деңгейін анықтауға болады.

Туыстықты білдіретін сөздердің мән-мағынасына қарай әрбір туыстық атауда жас ерекшеліктеріне қарай ажыратып, жеке-жеке атау беріледі. Түркі тіліндегі сондай атаулардың бірі көне qaryndaš сөзі тарихи даму барысында семантикалық өзгеріске ұшырап, алғашқы жалпылама кең мағынадан тар мағынаға ауысқан. Қарахан-ұйғыр ескерткіштерінде (МК I 407) бұл термин “бір жатырдан пайда болған балалар ”, “бауыр” деген мағынада қолданылса, кейіннен даму барысында бұл мағынасын жоғалтып, өзіне “кіші” семасын қосып алу арқылы кейбір түркі тілдерінде “ер адамның кіші ер бала бауыры” мағынасына ауысып, ал кейбір түркі тілдерінде (қаз.,ққалп.,башқ., т.б.) ”ер адамның өзінен кейінгі қыз бауыры”деген мағынада қолданылады. Әрі қарай даму барысында бұлардан өзге тағы да ‘туыс’ ‘туыс қыз бала’ ‘кіші жиен қыз бала’ ‘дос, жолдас’ сияқты бірнеше мағынаға салаланған. Осы сияқты тағы да бірнеше атауды баяндамада нақты мысалдар арқылы көрсеттік.

Мақалада қыпшақ тобына жататын түркі тілдеріндегі туыстық атауларға қатысты келтірілген деректер туыстық терминдері туыстыққа, жас мөлшеріне және некелік қарым-қатынасқа қарай қолданылып отырғандығын көрсетеді. Сонымен бірге қыпшақ тобындағы түркі тілдерінің әрқайсысының жеке ішкі даму заңдылықтарының өзіндік ерекшеліктері болғанымен, терминдердің даму тарихы бұл тілдердің туыстық жақындығын айқындай түседі.


Нургалиева Н.Р.

Астана/Қазақстан


КӨШБАСШЫНЫҢ ТІЛДІК ТҰЛҒАСЫ


ХХ ғасырдың екінші жартысында антропоцентрлік парадигма аясында тілді зерттеуді адам арқылы, оның әлемі арқылы зерделеу мақсатын көздеген ғылыми зерттеулер пайда болды. Онда тіл жүйесі мен құрылымы ғана емес, айтушының/тыңдаушының тілдік қабілеті, тілдік компетенциясы, білім қоры, тілдік сана, тілдік тұлға т.б. тың мәселелер көтерілді. «Адамның өз ана тілімен қарым-қатынасы теориясының құрылуы» антропоцентрлік тіл білімінде теориялық-әдістемелік бағдар ретінде көрініс берді.

«Тілдік тұлға» терминін ең алғашқы рет Ю. Н. Караулов ғылыми айналымға енгізеді. «Тілдік тұлға» дегеніміз лексикалық жүйеде орныққан берілген тіл таратушысының негізгі ұлттық-мәдени прототипі (түп тұлғасы), сөздіктен табуға болатын дүниені танымдық бағдарлар, бағалау басымдылықтары мен жүріс-тұрыстық реакциялар негізінде құрылатын өзіндік «семантикалық фоторобот», сөздік, этносемантикалық тұлға.

Тілдік тұлғаның құрылымында тілдің төрт парадигмалық бөліктері болады; мұнда тарихи (ұлттық ерекшелікпен бірдей) құрылымдық-жүйелік, әлеуметтік, психикалық тілдік басымдылықтармен жабдықталған негіз. Тілдік тұлғаны негізінен нақты жеке құраушы бөліктеріне дейін «құрастыру» кезінде негізге алынатын статистикалық әр түрлі компоненттер үш деңгейге сәйкес келеді.

«Тілдік тұлға» белгілі бір лингвомәдени әлеуметтік ортаның біріккен этномәдениеттік тасымалдаушысының ділін көрсетеді.

Саяси-қоғамдық дамудың ең бір күрделі жылдарында өмір сүрген алашорда мүшелерінің бүкіл шығармашылық еңбегін қазақ халқының азаттық жолындағы ұлттық мүдделерімен байланыстыра білгені қазақтың діліне сай келеді. Осы тұрғыдан келгенде Мұстафа Шоқай, Жүсіпбек Аймауытов, Міржақып Дулатов сияқты артына тарихи-лингвистикалық мәтін қалдырған тілдік тұлғалар жеке бір ұлттың мақсат-мұратын жеткізуші ұлттық тұлға деңгейіне көтеріледі. Қазақ халқының тағдырына өшпес із қалдырып, қазақ ұлты ұғымын биікке көтерген тілдік тұлғалардың деңгейінің тұғырын жоғары ұстап, өзіндік зор үлес қосқан елбасы болып табылады. Қазіргі жаһандану дәуірінде жер бетіндегі елдермен бірлікте болумен қатар, жеке ұлт, ел болу, жеке даралығымызды сақтап қалу негізгі мәселеге айналып отыр. Жеке мемлекеттің басты өкілі елбасы болып табылады. Ал мемлекеттің мақсат-мұраттары, армандары, қол жеткізген жетістіктері мен елдің жалпы болмысы көшбасшының тілі арқылы беріледі. Көшбасшы тілдік тұлға ұғымына толық сәйкес болғанымен қатар, жеке бір, халық, этностың айнасы болып табылады. Елбасының дүниетанымы, өмірден жинаған тәжірибесі, кемелдене түскен білімі тілде көрініс береді. Ол тілдік тұлға сатыларының ең жоғарғы деңгейінде болып, жеке бір мемлдекеттің ділін, тілін, «жанын» көрсетеді. Жеке мемлекетті жеке күрделі құбылыс, жеке «әлем» ретінде қабылдауда көшбасшының тілдік тұлғасы үлкен мәнге ие.


Нұрпейісова Ә.Е.

Астана/Қазақстан


ЛАКУНАЛАРДЫҢ АУДАРМАДА КӨРІНІСІ


Лакуналар баламасыз лексиканың тілдік бірліктері болғандықтан, олардың аудармасын іске асыру кейде қиыншылық туғызуы мүмкін. Сондықтан да, лакуналардың аудармасын қарастыруды жеңілдету мақсатында, «лакуна» ұғымын ашуды жөн деп көреміз. Негізінен, ғалымдардың лакуналарға берген анықтамаларын қарастыратын болсақ, онда осы тілдік бірліктердің ортақ, жалпы анықтамасы жоқ деген қорытындыға келуге болады. Мәселен, К.М. Абишева «лакуна – белгілі бір тілде бар, бірақ екінші тілде сөздер мен ұғымдардың болмау жағдайында пайда болатын қуыстар, бос жерлер мен кемістіктер» деп айтса [1, 25], Л. С. Бархударов лакуналарға баламасыз лексиканың «басқа тілде кез келген себептермен сөздер мен тұрақты тіркестер түрінде жоқ сәйкестіктерді» жатқызады [2, 4]. Ю.С. Степанов өз кезегінде лакуналарға бүкіл баламасыз лексиканы жатқызады [3, 105]. Осы жоғарыдағы анықтамаларды ескере отырып, лакуна ұғымына берілген келесі анықтаманы тиімді деп санаймыз: 1) кең мағынада - коммуникация үдерісі кезінде басқа лингвомәдениет өкілдері түсінбейтін басқа мәдениет өкілдерінің тілдеріне сәйкес көрініс тапқан мәдениеттің ұлттық-өзгеше элементі (мыс. valedictorian, collections, great go т.с.с.); 2) тар мағынада – тілдің лексикалық жүйесіндегі кейбір ұғымдарды атайтын сөздердің болауы (мыс. vestibule school, newsroom, singleton т.с.с.).

Осы лексикалық бірліктерді аудару тәсілдеріне қысқаша тоқталып кетейік. Лакуналардың аудармасын жеткізу кезінде, бір жағынан, олардың мәдени ерекшелігін, тіпті әмбебаптығын сақтау қажет, екінші жағынан, бірінші ұстанымды сақтай отыра, басқа мәдениет және тіл өкілдерінде ұқсас ассоциациялар туындататын баламалы аудармамен ауыстыру жөн. Алайда, осыны жүзеге асыру кейде аудармашы мүмкіндігінің шегінен шығып кетеді.

Зерттеу жұмысымыздың осы сатысында көркем әдебиет мәтіндерінен анықталған лакуналардың аудару тәсілдері реалия сөздерін аудару тәсілдеріне қарағанда көп емес, әрі этномәдени сипаттағы осы тілдік бірліктерді аудару тәсілдерін таңдау әртүрлі. Атап өтетін болсақ,
  1. түсіндірмелі немесе сипаттамалы аударма
  2. болжалды аударма

Лакуналарды аудару үдерісі кезінде ең жиі қолданылатын тәсілідерінің бірі бастапқы тіл лексикалық бірліктерінің мағынасы білдіретін заттың немесе құбылыстың мәнін ашатын жайылма сөз тіркесі көмегімен жеткізуге негізделген тәсілі – түсіндірмелі аударма. Осы әдістің әрі қолайсыз, әрі үнемсіз болуына қарамастан, аудармашылар оған өте жиі жүгінеді. Мысалы, classman – бакалавр дәрежесін үздік дипломмен алған түлек, dropout – оқудан шығарылған студент, оқуды аяқтай алмаған студент, valedictorian – университетті бітіру кешінде алғыс сөз айтатын түлек, great go – бакалавр дәрежесін алу үшін тапсырылатын міндетті емтихан, object lesson – көрнекі құралдар қолданумен өтетін сабақ, wrangler – емтиханда білімімен ерекше көзге түскен студент, half-timer – оқумен қатар жұмыс ітейтін студент, matriculation – университетке қабылдану, gaudy – түлектерге арнайы ұйымдастырылған салтанатты ас.

Осы тілдік бірліктерді аударудың екінші бір тәсілі аударма тілінде дәл сәйкестігі жоқ, бірақ бастапқы тілдің лексикалық бірлігі үшін мағынасы ең жақын сәйкестік іздеуге негізделген – болжалды аударма. Мысалы, comprehensive school – жалпы орта білім беру мектебі, newsroom – периодикалық басылымдар оқу залы, collections – аралық емтихандар, vestibule school – кәсіби мектеп, preparatory school – бастауыш мектеп және т.б.

Сонымен, лакуналарды ағылшын тілінен қазақ тіліне аудару барысында ең жиі қолданылатын әдіс-тәсілдерге түсіндірмелі және болжалды аударма деп қорытуға болады. Этномәдени сипатттағы тілдік бірліктердің басқа түрлерімен салыстырғанда, айтарлықтай аз. Алайда, аударма тәсілдерінің тапшылығы осы жағдайда кемшілік болып саналмайды, өйткені олар лакуналардың мәдени ерекшеліктерін сақтап, мағынасын жеткізу мақсатын жүзеге асырады.


Тағатова Ж.С.

Астана/Қазақстан


АУДАРМАДАҒЫ МӘДЕНИ ЖӘНЕ ТІЛДІК ТОСҚАУЫЛДАР


Аударма адамдарды жылдам әрі ұзақ қарым-қатынаспен байланыстыруда маңызды роль атқарады. Тілдік тосқауыл бар жерде, яғни ол әртүрлі тілде сөйлейтін екі достың әңгімелесуінен бастап, Ғаламторға дейін болуы мүмкін және оны жеңу үшін тек аударма ғана көмектесе алады.

Аударма түрлі сипаттағы ақпарат алмасуына себепші болады және мұндай ақпарат алмасулар адамзат дамуының негізі болып табылады.

Қазіргі кезде аудармашылар деген сұраныс көбіне техникалық салаларда байқалады, әлем бойынша аудармашылардың 70% осы салада қызмет етеді. 1987 жылғы «London Computer Integrated Translation GmbH» мәліметтеріне сүйенсек, әлемдік деңгейдегі аударма көлемі жылына 200 млн. бет құрайды және оған деген сұраныс жылына 15% жоғарылаған. Дәл осы бағыт біздің заманымызда әлі де сақталып келе жатыр. Аударылатын мәтіндердің ең көп көлемін іскерлік корреспонденция, одан кейін түрлі ақпарат мәтіндері, ғылыми-техникалық мәтіндер, келісім мәтіндері, техникалық сипаттамалар құрайды.

Аударманың мәдени және тілдік тосқауылдарды жеңуде маңызды роль атқаратындығы бұрыннан белгілі. Тілдік тосқауылдардың болу себебі адамзат өз тарихынан көптілді. Қазіргі заманғы зерттеушілердің бағалауы бойынша әлемде өмір сүретін тілдердің саны 2500-ден 5000-ға дейін жетеді. Мыңнан астамы үнді тілдері, мыңға жуық тіл африкалық тілдер; тек Жаңа Гвинея аралдарында ғана 700 астам әртүрлі тілдер бар. Расында тілдердің маңызды бөлігі – бұл өте аз сөйленетін тілдер болып табылады. Жер шарындағы 95% халық ең көп дегенде 100 тілде сөйлей алады. Дегенмен де егер біз болжау арқылы планетаның әрбір тұрғыны үшін әлемдегі барлық тілдердің өкілдерімен байланысу қажеттілігі туады деп елестететін болсақ, онда тілдік тосқауылдардың саны тым жоғары болар еді. Тілдік тосқауылдарды жеңуде жиі кездесетін жағдайлардың бірі шет тілдерін білу болып саналады [1, 9].

Ең ауыр мәселе мәдени тосқауылдарды жеңе білу болып табылады. Мұндай процестегі аударманың ролі өте маңызды. Дегенмен тұрмыстық және рухани мәдениет барлық ұлтта бірдей бола бермейді. Мәселен, «бостандық» сөзін алатын болсақ, бұл сөздің әлемнің барлық тілдерінде өзінің дайын мағынасы бар. Ағылшын тіліне ол «freedom» деп аударылса, неміс тіліне «Freiheit» деп аударылады, яғни бірмағыналы сәйкестік бар. Бірақ түрлі тарихы мен қоғамдық тәжірибесі бар түрлі мәдениет өкілдері бостандықты әртүрлі түсінеді. Американдық, орыс, неміс және қытай халықтарында бостандық айрықша ерешеленеді. Мысалы, орыс адамы үшін бостандық – бұл ең алдымен, белгілі бір міндеттердің болмауы, өзін және өз уақытын өздігімен басқару, сыртқы қысымның болмауы; неміс адамы үшін бостандық – оның құқықтарының заңды кепілдемесі, қаржылай қамтамасыз етілуі. Ал чукот тілінде, М.Л.Гаспаровтың айтуы бойынша, тіптен «бостандық» деген сөз жоқ екен, тек «бұғауынан үзілген» деген сөз қолданылады [2,57]. Мұндай жағдайлар көбіне қарым-қатынас кезінде түсініспеушіліктерге алып келеді. Сондықтан аударманың басты міндеті осындай тілдік және мәдени тосқауылдарды жеңу болып табылады.


Тайшанова С.

Астана/Казахстан


ОТРАЖЕНИЕ КАРТИНЫ МИРА КЫПЧАКОВ В АРМЯНО-КЫПЧАКСКИХ ПАМЯТНИКАХ


Каждый естественный язык отражает определенный способ восприятия и организации (концептуализации) мира. Выражаемые в нем значения складываются в некую единую систему взглядов, своего рода коллективную философию, которая навязывается в качестве обязательной всем носителям языка. Свойственный данному языку способ концептуализации действительности отчасти универсален, отчасти национально специфичен, так что носители разных языков могут видеть мир немного по-разному, через призму своих языков. В многовековой и довольно сложной истории тюркских языков видное место занимают кыпчакские – кумано-половецкий, крымскотатарский, армяно-кыпчакский и урумский.

Письменное наследие кыпчакоязычных армян разнообразно и охватувает различные сферы их экономической, политической и культурной жизни. Можно выделить шесть групп письменных памятников: 1) исторические хроники; 2) правовые кодексы и актовые документы; 3) филологические труды; 4) светские художественные произведения; 5) культовую литературу; 6) естественнонаучную литературу.

История взаимоотношений кыпчаков и армян берет начало еще с периода средневековья, когда наши предки-кыпчаки активно проникали в Закавказье, в том числе и на территорию современной Армении, оставив после себя армяно-кыпчакские словари, кодексы, книги, интересную топонимику, а также непревзойденную евразийскую архитектуру.

Кыпчакам удалось создать государственное образование под своим именем — кыпчакская конфедерация. В XI веке кочевые племена кыпчаков перешли Едиль и двинулись на запад, и к XII веку распространили свое влияние до Днепра. Начиная с этого времени и по XV век, обширное пространство от Иртыша до Днепра упоминается в западных и восточных исторических источниках (английских, французских, итальянских, арабских и персидских) как Дешт-и-Кыпчак, Кыпчакская степь. Кыпчаки отличались высокими боевыми качествами, мужеством, стойкостью, отвагой и верностью данному слову.  На протяжении почти четырех веков кыпчаки занимались полукочевым скотоводством, в первое время, не забывая традиционного уклада жизни, передвигаясь с места на место в небольших юртах на близкие расстояния. Они верили в добрых и злых духов, умершим ставили памятники — каменные статуи. Постепенно одна их часть приняла христианство, перешла на армянский алфавит, ведя уже оседло-земледельческий образ жизни, за которым последовала почти полная ассимиляция.

В библиотеках и архивных собраниях Европы хранится значительное количество армяно-кыпчакских текстов религиозного характера. Это псалтыри с текстами псалмов, песен, молитвенников. К сожалению, среди многочисленных текстов каталога армяно-кыпчакского письма не имеется образцов художественной литературы средневековья. До сих пор наиболее известным памятником кыпчакского письма был «Кодекс куманикус» XIII века, хранящийся в Венеции, в церкви святого Марка. Также имеется в каталоге лишь армяно-кыпчакский вариант распространенного на Востоке назидательного рассказа «История мудрого Хикара», или «Сказание об Акире премудром» и гимнов, это переводы на кыпчакский язык страниц Ветхого Завета.

Таким образом, письменные памятники на армяно-кыпчакском языке становятся значительными источниками по истории тюрков и тюркских языков и литератур Юго-Восточной Европы XVI—XVII веков. Обнаружение текстов письменной литературы сняло бы многие вопросы по истории письменности тюркских народов. Они в совершенно новом свете открывают нам историю соседних народов, открывают перед учеными будущего перспективы в исследованиях культурного и письменного наследия.


Ә д е б и е т с е к ц и я с ы

П о д с е к ц и я л и т е р а т у р ы