Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс

Содержание


1-бөлiм. жалпы ережелер
Подобный материал:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   88



Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Қазақстан Республикасының Кодексі


(2011.10.02. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

Осы кодексті қолданысқа енгізу туралы 2001.30.01. № 156-II ҚР Заңын қараңыз

 

Осы Кодекске енгізілетін өзгерістерді қараңыз;

2007 жылғы 12 қаңтардағы № 224-III ҚР Заңы (2012 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі)

2011 жылғы 26 қаңтардағы № 400-IV ҚР Заңы (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

 

1-БӨЛIМ. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

(1 - 27 баптар)

1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар

(1 - 6 баптар)

2-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдардың міндеттері мен принциптері

(7 - 27 баптар)

2-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық

(28 - 537 баптар)

Жалпы бөлім

(28 - 79 баптар)

3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық

(28 - 30 баптар)

4-тарау. Әкімшілік жауаптылық

(31 - 37 баптар)

5-тарау. Әкімшілік жауаптылықты болдырмайтын мән-жайлар

(38 - 43 баптар)

6-тарау. Әкімшілік жаза және әкімшілік-құқықтық ықпал ету шаралары

(44 - 59 баптар)

7-тарау. Әкімшілік жаза қолдану

(60 - 66 баптар)

8-тарау. Әкімшілік жауаптылықтан және әкімшілік жазадан босату

(67 - 71 баптар)

9-тарау. Кәмелетке толмағандардың әкімшілік жауаптылығы

(72 - 79 баптар)

Ерекше бөлім

(80 - 733 баптар)

10-тарау. Жеке адамның құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(80 - 97 баптар)

11-тарау. Азаматтардың сайлау құқықтарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(98 - 110 баптар)

12-тарау. Кәмелетке толмағандардың құқығына қол

(111 - 117 баптар)

13-тарау. Меншікке қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(118 - 136 баптар)

14-тарау. Кәсіпкерлік қызмет саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(137 - 158-5-баптар)

15-тарау. Сауда және қаржы саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(159 - 204 баптар)

16-тарау. Салық салу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(205 - 219 баптар)

17-тарау. Өнеркәсіп, жылу, электр энергиясын пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(220 - 230 баптар)

18-тарау. Сәулет-құрылыс қызметі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(231 - 239 баптар)

19-тарау. Қоршаған ортаны қорғау, табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(240 - 306 баптар)

20-тарау. Карантин ережелері, астық нарығы мен астықты сақтау, мақта саласы, тұқым шаруашылығы және мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

(307 - 311 баптар)

21-тарау. Қоғамдық қауіпсіздікке және халықтың денсаулығына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(312 - 329 баптар)

20-1-тарау. Білім беру саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(311-1 бап)

22-тарау. Қоғамдық тәртіпке және имандылыққа қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(330 - 341 баптар)

23-тарау. Баспасөз және ақпарат саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(342 - 352 баптар)

24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(353 - 388 баптар)

25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

(389 - 399 баптар)

26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік құқық бұзушылық

(400 - 438 баптар)

27-тарау. Көлікте, жол шаруашылығында және байланыста әкімшілік құқық бұзушылық

(439 - 502 баптар)

28-тарау. Жалпыға бiрдей әскери міндеттілік, әскери қызмет пен қорғаныс саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар

 

(503 - 512 баптар)

29-тарау. Мемлекеттік билік институттарына қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

(513 - 531 баптар)

30-тарау. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық

(532 - 537 баптар)

3-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға уәкілетті органдар

(538 - 576 баптар)

31-тарау. Негізгі ережелер

(538 - 540 баптар)

32-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің қайта қарауға жататындығы, лауазымды адамдардың істерді қарау және әкімшілік жазаларды қолдану жөніндегі құзыреті

(541 - 576 баптар)

4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

(577 - 695 баптар)

33-тарау. Негізгі ережелер

(577 - 583 баптар)

34-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері

(584 - 603 баптар)

35-тарау. Дәлелдемелер және дәлелдеу

(604 - 617 баптар)

36-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуді қамтамасыз ету шараларын қолдану

(618 - 633 баптар)

37-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғау

(634 - 641 баптар)

38-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарау

(642 - 654 баптар)

39-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енбеген қаулыларды қайта қарау

(655 - 671 баптар)

40-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша заңды күшіне енген қаулыларды және оларға шағымдарды, наразылықтарды қарау нәтижелерә жөніндегі ұйғарымдарды қайта қарау

 

(672 - 676 баптар)

41-тарау. Ақтау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істі қарауға уәкілетті органның (лауазымды адамның) заңсыз әрекеттерңмен келтірілген зиянды өтеу

 

(677 - 685 баптар)

42-тарау. Артықшылықтары және әкімшілік жауаптылықтан қорғанышы бар адамдардың істері бойынша іс жүргізу ерекшеліктері

 

(686 - 695 баптар)

5-бөлiм. Әкімшілік жаза қолдану туралы қаулылардың орындалуы

(696 - 733 баптар)

43-тарау. Негізгі ережелер

(696 - 705 баптар)

44-тарау. Әкімшілік жазаның жекелеген түрлерін орындау тәртібі

(706 - 733 баптар)

 

2007.22.05. № 255-III ҚР Заңымен бүкіл мәтін бойынша «әскери комиссариатқа», «әскери комиссариаттың» деген сөздер тиісінше «жергілікті әскери басқару органына», «жергілікті әскери басқару органының» деген сөздермен ауыстырылды (бұр.ред. қара)

 

1-бөлiм. Жалпы ережелер

 

1-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңдар

 

1-бап. Қазақтан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары

1. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдары Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы кодексiнен тұрады. Әкiмшiлiк жауаптылықты көздейтiн өзге заңдар осы Кодекске олар енгiзiлгеннен кейiн ғана қолданылуға тиiс.

«Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының нормаларын қолдану туралы» ҚР Жоғарғы Сотының 2008 жылғы 10 шілдедегі № 1 Нормативтік Қаулысын қара

2. Осы Кодекс Қазақстан Республикасының Конституциясына, халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принциптерi мен нормаларына негiзделедi.

3. Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-деликттiк құқықтық қатынастарды реттейтiн халықаралық шарттық және өзге де мiндеттемелерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi мен Жоғарғы Сотының нормативтiк қаулылары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдардың құрамдас бөлiгi болып табылады.

4. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар осы Кодекс алдында басымдыққа ие болады және халықаралық шартты қолдану үшiн заң шығару қажет болатын реттердi қоспағанда, тiкелей қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарында көзделгеннен өзгеше ережелер белгiленген болса, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

2-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi

Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнде көзделген құқық бұзушылық құрамының барлық белгiлерi бар әрекет жасау әкiмшiлiк жауаптылықтың негiзi болып табылады.

2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

3-бап. Бұзылғаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылық көзделетiн ережелердi жергiлiктi өкiлдi органдардың белгiлеуi жөнiндегi өкiлеттiгi

1. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде қоғамдық тәртiп пен қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары өз құзыреттерi шегiнде, бұзушылығы үшiн адамдардың осы Кодекстiң 362 және 363-баптарында көзделген әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылуы мүмкiн ережелердi белгiлеуге құқылы.

2. Облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың, қалалар мен аудандардың жергiлiктi өкiлдi органдары да бұзушылық үшiн осы Кодекстiң