Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   88
Заңымен 87-3-баппен толықтырылды

87-3-бап. Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне кедергі келтіру

Қызметкерлер өкілдерінің заңды қызметіне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергі келтіруі, сол сияқты олардың заңды қызметіне лауазымды адамның өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, олардың құқықтары мен заңды мүдделерін елеулі түрде бұзуға әкеп соққан араласуы -

айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 87-4-баппен толықтырылды

87-4-бап. Еңбекті қорғау қағидаларын бұзу

Қауіпсіздік техникасы, өнеркәсіптік санитария қағи­даларының немесе еңбекті қорғаудың өзге де қағидаларының сақталуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі міндеттер жүктелген адамның осы қағидаларды абайсызда денсаулыққа орташа ауырлықтағы зиян келтіруге әкеп соққан бұзуы–

айлық есептік көрсеткіштің үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

13.03.03 ж. № 394-II ҚР Заңымен 88-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 13.12.04 ж. № 11-III ҚР Заңымен (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) 88-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ; 2008.20.11. № 88-IV (бұр.ред. қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 88- бап өзгертілді

88-бап. Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасын бұзу

1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақы төлемдерiн, аударымдар мен алып қоюларды белгiленген мерзiмдерде уақтылы жүзеге асыру жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -

лауазымды адамдарға – жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-1. Жинақтаушы зейнетақы қорларының Зейнетақы төлеу жөніндегі орталыққа міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы мәліметтерді табыс етпеуі, уақтылы табыс етпеуі, сол сияқты міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы салымшылармен жасалған және қолданылуы тоқтатылған шарттар туралы дұрыс емес мәліметтерді табыс етуі –

лауазымды адамдарға – елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

1-2. Осы баптың 1-1 бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер –

лауазымды адамдарға – жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген зейнетақыны толық мөлшерде және белгiленген мерзiмдерде төлеу жөнiндегi мiндеттерiн орындамауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке тұлғаның, жеке кәсiпкердiң, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:

салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналары бойынша пайдасына берешек өндiрiп алынатын жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының тiзiмдерiн табыс етпеуi;

салық органдарына мiндеттi зейнетақы жарналарының есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған сомалары жөнiнде есептердi Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiпке сәйкес әрбiр қызметкер бойынша есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналарын бастапқы есепке алуды жүргiзбеуi;

есептелген, ұсталған (есептеп қосылған) және аударылған мiндеттi зейнетақы жарналары туралы мәлiметтердi салымшыларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында белгiленген мерзiмдерде табыс етпеуi;

жинақтаушы зейнетақы қорларына мiндеттi зейнетақы жарналарын уақтылы және (немесе) толық есептемеуi, ұстамауы (есептеп қоспауы) және (немесе) төлемеуi (аудармауы);

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздан­дыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы,-

жеке тұлғаларға - он бес, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жетпіс бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бір жүз елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы баптың үшiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - отыз, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға - алпыс, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - екі жүз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 88-бап бесінші бөлікпен толықтырылды

5. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыздандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша агенттердің – заңды тұлғалардың немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;

міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есептемеу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректемелерін толтыру кезінде қателер жіберу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен салық органдарының міндетті зейнетақы жарналары мен өсімпұл сомаларын өндіріп алуы жөніндегі инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы – лауазымды адамдарға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға Қазақстан Республикасының зейнетақымен қамсыз­дандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде агенттердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс опера­циялары сомасының – бес процент мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 08.04.04 ж. № 542-II Заңымен 88-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 88-1-бап өзгертілді

88-1-бап. Мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының заңдарын бұзу

1. Мемлекеттiк әлеуметтiк сақтандыру қоры мен Зейнетақы төлеу жөнiндегi орталықтың лауазымды адамдарының кiнәсiнен Қазақстан Республикасының мiндеттi әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдарында белгiленген мерзiмдерде әлеуметтiк төлемдердiң төленбеуi, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Дара кәсіпкердің, жеке нотариустың, жеке сот орындаушысының, адвокаттың, заңды тұлғаның немесе оның лауазымды адамдарының:

әлеуметтік аударымдар жүргізілетін міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылардың тізімін салық органына ұсынбауы;

әлеуметтік аударымдар мен өсімпұлдарды уақтылы және (немесе) толық төлемеуі (аудармауы);

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша касса жөніндегі барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген міндеттерді орындамауы не тиісінше орындамауы, –

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, жеке нотариустарға, жеке сот орындаушыларына, адвокаттарға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, шағын не­месе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйым болып табылатын заңды тұлғаларға – отыз айлық есептік көрсеткіш мөл­шерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға – аударылмаған (уақытында аударылмаған) әлеуметтік аударымдар сомасының елу проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 2008.10.12. № 101-IV Заңымен 88-1- бап үшінші бөлікпен толықтырылды

3. Банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың:

Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында көзделген жағдайларда салық органдарының өкімі бойынша төлеуші заңды тұлғаның немесе дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушыларының және адвокаттардың банк шоттары бойынша барлық шығыс операцияларын тоқтатпауы;

әлеуметтік аударымдар мен өсімпұл сомаларын Зейнетақы төлеу орталығына аудару кезінде банктің немесе банк операцияларының жеке­леген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның кінәсінен аудармау (есепте­меу), уақтылы аудармау (банктік шоттардан ақшаны есептен шығару бойынша операциялар жасалған күннен кеш немесе қолма-қол ақшаны банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асы­ратын ұйымға енгізген күннен кейін) не төлем құжатының деректе­ме­лерін толтыру кезінде қателер жіберу;

Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен әлеу­меттік аударымдар мен өсімпұлдардың сомаларын өндіріп алу жө­нін­дегі салық органдарының инкассалық өкімдерін орындамауы түрінде жасаған Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамауы – Қазақстан Республикасының міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы заңнамасында белгіленген міндеттерді орындамау кезеңінде лауазымды адамдарға – отыз айлық есептік көрсеткіші мөлшерінде, заңды тұлғаларға төлеуші­лердің банк шоттары бойынша жасалған шығыс операциялары сомасы­ның бес проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 89- бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 89-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

89-бап. Еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету мен еңбекті қорғау ережелерін бұзу

1. Жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын жазатайым жағдайға әкеп соқпаған бұзуы, -лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің қырықтан алпысқа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден жүз елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасының сақталуын бақылау және қадағалау жөніндегі міндеттерді жүзеге асырмауы, егер бұл жұмыскердің денсаулығына жеңіл зиян келтіріп, жазатайым оқиғаға әкеп соқса немесе оның өмірі мен денсаулығына көрінеу қауіп төндірсе, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 90-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

90-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару

Ұжымдық шартты, келiсiмдi жасасу, өзгерту немесе толықтыру жөнiндегi келiссөздерге қатысудан жалтару немесе аталған келiссөздердi жүргiзу мерзiмдерiн бұзу, тиiстi комиссияның жұмысын тараптар белгiлеген мерзiмде қамтамасыз етпеу, -

келiссөздер жүргiзуге уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 91-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

91-бап. Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту

Ұжымдық шарт, келiсiм жасасудан негiзсiз бас тарту, -

ұжымдық шарт, келiсiм жасасуға уәкiлеттi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 92-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

92-бап. Ұжымдық шартты, келiсiмдi орындамау немесе бұзу

Ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердi орындамау немесе бұзу, -

ұжымдық шарт, келiсiм бойынша мiндеттемелердiң орындалмауына кiнәлi адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2007.15.05.