Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Вид материала | Кодекс |
- Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 5824.88kb.
- Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады, 85.38kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- Әбу Насыр әл – Фараби, 23.31kb.
- Ф. Закон о служб правоохр органов п каулы, 908.71kb.
- Биосфера туралы В. И. Вернадский iлiмi, 48.99kb.
- Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк, 550.9kb.
- Высшее экономическое или юридическое, или местное (муниципальное) государственное управление, 6791.31kb.
- Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу, 179kb.
- Алтын Орда дәуіріндегі, 66.84kb.
айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 83-1-баппен толықтырылды
83-1-бап. Қоғамдық бiрлестiктердiң қызметiне кедергi жасау
Қоғамдық бiрлестiктердiң заңды қызметiне лауазымды адамның қызмет бабын пайдаланып кедергi жасауы, сол сияқты лауазымды адамның өзiнiң қызмет бабын пайдалана отырып, осы бiрлестiктердiң заңды қызметiне олардың құқықтары мен заңды мүдделерiн елеулi түрде бұзуға әкеп соғатын араласуы –
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
ҚР 07.01.03 ж. № 372-II; 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) Заңдарымен 84-бап өзгертілді ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 84-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
84-бап. Жеке тұлғаға ақпарат беруден бас тарту, сол сияқты ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу
1. Қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері жоқ, белгіленген тәртіппен жиналған, жеке тұлғаның құқықтары мен бостандықтарына тікелей қатысты құжаттарды, материалдарды беруден заңсыз бас тарту не жеке тұлғаға толық емес немесе көрінеу жалған ақпарат беру, сол сияқты жалпы жұрт қол жеткізетін ақпаратты шектеулі қол жеткізілетін ақпаратқа заңсыз түрде жатқызу, -
лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Ақпараттық ресурстарға қол жеткізу құқығын заңсыз шектеу -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Лауазымды адамның осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде көзделген әрекеттерді жасауы, егер бұл әрекеттер жеке тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделеріне зиян келтірсе, -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-бап. Медициналық көмек көрсету тәртібін, стандарттарын сақтамау және оны сапасыз көрсету
1. Медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттеріне ұқыпсыз қарауы немесе адал қарамауы салдарынан оларды орындамауы немесе тиісінше орындамауы, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -
жеке тұлғаларға - он, лауазымды aдамдарғa жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Медициналық көмек көрсету тәртібін сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса, немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган бекіткен медициналық көмек көрсету стандарттарын сақтамау, егер бұл денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге әкеп соқса немесе әкеп соғуы мүмкін болса, -
жеке тұлғаларға - бес, лауазымды адамдарға - он, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың бірінші, екінші және үшінші бөліктерінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға - лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып не аккредиттеу туралы куәлікті тоқтата тұрып немесе одан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
5. Осы баптың екінші және үшінші бөліктерінде көзделген әрекетті жасау, егер бұл денсаулыққа орташа ауырлықта немесе ауыр зиян келтіруге әкеп соғуы мүмкін болса және бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, –
жеке тұлғаларға – лицензиядан және маман сертификатынан айыра отырып, жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, лауазымды адамдарға – лицензиядан айыра отырып, елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде, заңды тұлғаларға лицензиядан айыра отырып, жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-1-бап. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы
1. Медицина қызметкерінің еңбекке уақытша жарамсыздық туралы парақты немесе анықтаманы беру тәртібін бұзуы, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 85-2-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 85-2-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)
85-2-бап. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік заттарды өткізу ережелерін бұзуы
1. Медицина қызметкерінің рецепттер жазу және дәрілік заттарды өткізу ережелерін бұзуы, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -
жеке тұлғаларға - маман сертификатынан айыра отырып, айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 85-3-баппен толықтырылды
85-3-бап. Дәрiгерлiк құпияны жария ету
Медициналық қызметкердiң кәсiптiк немесе қызметтiк қажеттiлiксіз пациенттiң сырқаты немесе медициналық куәландыру нәтижелерi туралы мәлiметтi жария етуi –
айлық есептiк көрсеткiштiң екі жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не отыз тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 86-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
86-бап. Қылмыс жасады деген кінәлілік туралы мәліметтердi тарату
Істі сот қарағанға дейін немесе ақтау үкімі болған кезде адамның қылмыс жасады деген кінәлілігі туралы мәліметтерді көпшілікке тарату, -
жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің үштен онға дейінгі, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан отызға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2009.04.12 № 215-IV ҚР Заңымен мазмұн 86-1-баппен толықтырылды
86-1-бап. Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның жеке өмірі туралы мәліметтерді жария ету
Тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккен адамның жеке немесе отбасылық құпиясын құрайтын жеке өмірі туралы мәліметтерді оның келісімінсіз заңсыз жинау және (немесе) тарату, егер бұл іс-әрекеттерде қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, -
он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 87-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.15.05. № 253-III ҚР Заңымен 87-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 87-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)
87-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзу
1. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген іс-әрекеттерді қоспағанда, жұмыс берушінің немесе лауазымды адамның Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзуы, —
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік), —
лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға — айлық есептік көрсеткіштің он бестен жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бестен отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Жұмыс берушінің жалақыны толық көлемде және Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында белгіленген мерзімдерде төлемеуі, сол сияқты төлемді кідірту кезеңіне өсімақыны есептемеуі және төлемеуі -
айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
4. Осы баптың үшінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет (әрекетсіздік) -
айлық есептік көрсеткіштің жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
Ескертулер.
1. Осы Кодексте жұмыс беруші деп басшысы (әкімшілігі) өкілдік ететін заңды тұлға не қызметкермен еңбек қатынастарында тұратын жеке тұлға танылады.
2. Егер атқарушы органдардың және өзге де ұйымдардың басшылары басқаратын ұйымдар жалақыны төлеуге қаражат беруді (аударуды) кідіртсе, оларды осы баптың бірінші және екінші бөліктерінде аталған лауазымды адамдар деп түсіну керек.
2005.13.04 № 40-III ҚР Заңымен 87-1-баппен толықтырылды ; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 87-1- бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
87-1-бап. Мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзу
Лауазымды адамның және заңды тұлғаның, осы Кодекстiң 18-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, мүгедектердi әлеуметтiк қорғау туралы заңнаманы бұзуы, -
лауазымды адамға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға - жетпістен екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын заңды тұлғаға екі жүзден төрт жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2008.29.12. № 115-ІV ҚР Заңымен 87-2-баппен толықтырылды
87-2-бап. Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын бұзу
Қазақстан Республикасының арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы заңнамасын:
арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудегі қажеттілікке бағалау жүргізудің және оны айқындаудың, арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешім шығарудың белгіленген мерзімдерін бұзу;
арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемін көрсету туралы шешімді орындамау түрінде бұзу,-лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – жиырма, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға алпыс айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
1.Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекеттер, –лицензияның қолданылуын тоқтата тұрып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге – отыз, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – елу, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
3. Осы баптың екінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жазаның мерзімі аяқталғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекеттер,–лицензиядан айыра отырып, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - елу, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.
2011.18.01. № 393-IV ҚР