Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
Вид материала | Кодекс |
- Юрист әкімшілік құқық бұзушылық туралы, 5824.88kb.
- Кодекс жобасы жалпы және арнайы бөлімнен тұрады, 85.38kb.
- Жұмыс оқу бағдарламаларын (Syllabus), 352.08kb.
- Әбу Насыр әл – Фараби, 23.31kb.
- Ф. Закон о служб правоохр органов п каулы, 908.71kb.
- Биосфера туралы В. И. Вернадский iлiмi, 48.99kb.
- Қазақстан Республикасында туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк, 550.9kb.
- Высшее экономическое или юридическое, или местное (муниципальное) государственное управление, 6791.31kb.
- Excel электрондық кесте құралдарымен мәліметтерді өңдеу, 179kb.
- Алтын Орда дәуіріндегі, 66.84kb.
3. Жеке тұлғалардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары тек осы хат жазысу мен телеграф хабарламаларын өзара алмасқан адамдардың келiсiмiмен ғана ашық iс жүргiзу барысында жария етiлуi мүмкiн. Керiсiнше жағдайда осы адамдардың жеке хат жазысуы мен жеке телеграф хабарламалары жабық iс жүргiзу тәртiбiнде жария етiледi және зерттеледi. Аталған ережелер жеке сипаттағы мәлiметтерi бар фото- және киноқұжаттарды, дыбыстық және бейнежазбаларды зерттеу кезiнде де қолданылады.
4. Iске қатысушы адамдар мен ашық iс жүргiзуге қатысып отыратын жеке тұлғалар iс жүргiзiлiп жатқан үй-жайдағы өздерi иеленген орыннан iс жүргiзудiң барысын жазбаша түрде немесе аудиожазуды пайдалана отырып жазып алуға құқылы. Iс жүргiзу барысында кино- және фотосуретке түсiруге, бейнежазбаға, тiкелей радио- және телехабарларды таратуға соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) рұқсаты бойынша, iске қатысушы адамдардың пiкiрлерi ескерiле отырып жол берiледi. Бұл iс-әрекеттер iстiң қалыпты жүруiне кедергi жасамауға тиiс және оларға уақыт жағынан шектеу қойылуы мүмкiн.
25-бап. Iс жүргiзу барысында қауiпсiздiктi қамтамасыз ету
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) қалыпты жұмысын және iс жүргiзуге қатысушылардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ететiн жағдайда өтедi. Қауiпсiздiктi қамтамасыз ету мақсатында судья, лауазымды адам iс жүргiзу кезiнде қатысып отыруға тiлек бiлдiрген адамдардың жеке бастарын куәландыратын құжаттарын тексерудi, өздерiн тексерiп қарауды және олар әкелген заттарды тексерiп қарауды қоса алғанда, оларды тексеру жөнiнде өкiм бере алады.
26-бап. Iс жүргiзу iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне шағымдану бостандығы
1. Соттың, әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi органның (лауазымды адамның) iс-әрекеттерi мен шешiмдерiне осы Кодексте белгiленген тәртiппен шағымдануға болады.
2. Iске қатысушы адамның әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстер бойынша қаулыларды осы Кодексте белгiленген тәртiппен қайта қаратуға құқығы бар.
3. Шағымды шағым берген адамға зиян келетiндей етiп немесе шағым өз мүддесiне орай берiлген адамға зиян келетiндей етiп қарауға жол берiлмейдi.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 27-бап өзгертілді (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)
27-бап. Адамның құқықтарын, бостандықтарын және заңды мүдделерiн сот арқылы қорғау
1. Әркiмнiң өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғауға құқығы бар. Мүдделi адам құқықтары, бостандықтары немесе заңмен қорғалатын мүдделерi бұзылғанда немесе дауға түскенде, оны қорғау үшiн заңда белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқылы.
2. Прокурор өзiне жүктелген мiндеттердi жүзеге асыру мақсатында және жеке тұлғалардың, ұйымдардың құқықтарын, қоғамдық және мемлекеттiк мүдделердi қорғау үшiн сотқа талап қойып (арыз жазып) жүгiнуге құқылы.
3. Ешкiмге ол үшiн заңмен көзделген соттылығы оның келiсiмiнсiз өзгертiлуге тиiс емес.
2-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық және әкімшілік жауаптылық
Жалпы бөлім
3-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық
28-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық
1. Жеке адамның осы Кодекс бойынша әкiмшiлiк жауаптылық көзделген құқыққа қарсы, кiнәлi (қасақана немесе абайсызда жасалған) iс-әрекетi не әрекетсiздiгi немесе заңды тұлғаның құқыққа қарсы iс-әрекетi не әрекетсiздiгi әкiмшiлiк құқық бұзушылық деп танылады.
2. Жеке адамға әкiмшiлiк жаза қолдану заңды тұлғаны осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды, сол сияқты заңды тұлғаның әкiмшiлiк жауапқа тартылуы да кiнәлi жеке адамды осы құқық бұзушылық үшiн әкiмшiлiк жауаптылықтан босатпайды.
3. Осы Кодекстiң Ерекше бөлiмiнiң баптарында көзделген құқық бұзушылықтар үшiн, егер бұл құқық бұзушылықтар өзiнiң сипаты бойынша қолданылып жүрген заңдарға сәйкес қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқпаса, әкiмшiлiк жауаптылық туындайды.
29-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты қасақана жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) құқыққа қарсы сипатын сезiнсе, оның залалды салдарын алдын ала бiлсе және осы салдардың туындауын қаласа немесе оған саналы түрде жол берсе не оларға немқұрайды қараса, әкiмшiлiк құқық бұзушылық қасақана жасалған деп танылады.
30-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылықты абайсызда жасау
Егер әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған жеке адам өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) зиянды салдарының туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлсе, бiрақ жеткiлiктi негiзсiз оның алдын алуға болады деп ұшқары ойласа, не тиiстi назар салған және ескерген жағдайда оның алдын алуға болса да осындай салдардың туындау мүмкiндiгiн алдын ала бiлмесе, әкiмшiлiк құқық бұзушылық абайсызда жасалды деп танылады.
4-тарау. Әкімшілік жауаптылық
31-бап. Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар
Әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс тұлғалар:
1) ақыл-есi дұрыс, осы Кодекс бойынша белгiленген жасқа жеткен жеке адам;
2) заңды тұлға.
32-бап. Жеке адамның әкiмшiлiк жауаптылығы туындайтын жасы
Әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасаған кезде он алты жасқа толған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылықта болуға тиiс.
33-бап. Ақыл-естiң кемдiгi
Осы Кодексте көзделген құқыққа қарсы әрекет жасаған кезде ақыл-есi кем жағдайда болған, яғни өзiнiң iс-әрекетiнiң (әрекетсiздiгiнiң) нақты сипаты мен қауiптiлiгiн түсiне алмаған немесе созылмалы психикалық сырқатының, уақытша психикасы бұзылуының, ақыл-ес кемдiгiнiң немесе психиканың өзге де сырқатты жай-күйiнiң салдарынан ақыл-есi кем жағдайда болған жеке адам әкiмшiлiк жауаптылыққа тартылмайды.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 34-бап жаңа редакцияда (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.07.12 № 222-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 34-бап өзгертілді
34-бап. Лауазымды адамдардың және басқару функциясын орындайтын өзге де тұлғалардың, дара кәсіпкерлердің, жеке нотариустардың, жеке сот орындаушылары мен адвокаттардың әкімшілік жауаптылығы
1. Лауазымды адам қызметтік міндеттерін орындамауына немесе тиісінше орындамауына байланысты әкімшілік құқық бұзушылық жасаған жағдайда әкімшілік жауаптылыққа тартылады. Мұндай мән-жайлар болмаған кезде әкімшілік құқық бұзушылықтың жасалуына кінәлі лауазымды адам жалпы негіздерде жауаптылықта болуға тиіс.
2. Заңнамада белгіленген тәртіппен тіркелген және заңды тұлға құрмай дара кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлғалар (бұдан әрі - дара кәсіпкерлер), жеке нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат, сол сияқты дара кәсіпкердің және заңды тұлғаның ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын жұмыскерлері, сондай-ақ заңды тұлғаның басшылары лауазымды адамдар ретінде әкімшілік жауаптылықта болады.
3. Егер осы Кодекстің нормаларында олардың лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға қолданылатыны көрсетілмесе, осы нормалардың мазмұны бойынша лауазымды адамдар, дара кәсіпкерлер, жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар болып табылатын жеке тұлғаларға ғана қатысты және соларға ғана қолданылуы мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, осы нормалар барлық жеке тұлғаларға қатысты қолданылады.
Ескерту. Осы Кодексте тұрақты, уақытша немесе арнаулы өкілеттік бойынша билік өкілінің функцияларын жүзеге асыратын не мемлекеттік органдарда, жергілікті өзін-өзі басқару органдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерінде, басқа әскерлері мен әскери құралымдарында ұйымдық-билік ету немесе әкімшілік-шаруашылық функцияларды орындайтын адамдар лауазымды адамдар деп танылады.
2008.04.07 № 55-ІV ҚР Заңымен 34-1-баппен толықтырылды
34-1-бап. Құқық бұзушылықты арнайы техникалық құралдар тіркеген кездегі әкімшілік жауаптылықтың ерекшеліктері
1. Әкімшілік құқық бұзушылық сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдарымен және аспаптарымен тіркелген жағдайда, жол жүрісі саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтар үшін әкімшілік жауаптылыққа көлік құралдарының меншік иелері (иелері) тартылады.
2. Егер көлік құралының меншік иесінің (иесінің) хабарламасы немесе өтініші бойынша тексеру барысында құқық бұзушылық тіркелген кезде көлік құралы иелігінде болған адам анықталса не басқа адамдардың құқыққа қарсы әрекеттерінің салдарынан көлік құралы оның иелігінен шыққан болса, осы көлік құралының қатысуымен жасалған құқық бұзушылық үшін ол әкімшілік жауаптылықтан босатылады.
Ескерту.
Осы Кодекстің баптарында көлік құралын меншік құқығымен иеленетін жеке тұлғалар, сондай-ақ жеке және заңды тұлғаларға тиесілі көлік құралдары уақытша иелену мен пайдалануға берілген жеке тұлғалар көлік құралдарының иелері болып танылады.
Осы Кодекстің баптарында сертификатталған арнайы бақылау-өлшеу техникалық құралдары мен аспаптары деп құқық бұзушылықтарды бақылау мен тіркеудің метрологиялық салыстырып тексеруден өткен техникалық құралдары мен аспаптарын, құқық бұзушылықтың жасалу фактісі мен уақытын, көлік құралының түрін, маркасын, мемлекеттік тіркеу нөмірінің белгісін, сондай-ақ жүрісінің жылдамдығы мен бағытын тіркейтін фото-, бейнеаппаратураны түсіну қажет.
ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен; 03.07.03 ж. № 464-II Заңымен (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.26.03. № 240-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 35-бап өзгертілді
35-бап. Тәртiптiк жарғылардың не арнайы ережелердiң күшi қолданылатын әскери қызметшiнiң, прокурордың және өзге де адамдардың әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жауаптылығы
1. Әскери қызметшiлер мен әскери жиында жүрген әскери міндеттілер, осы Кодекстің 512-1 – 512-4-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тәртiптiк жарғылар бойынша жауаптылықта болады. Прокурорлар, iшкi iстер , қылмыстық-атқару жүйесі органдарының қатардағы және басшы құрамдағы адамдары, қаржы полициясы мен кеден органдарының қызметкерлерi әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн тиiстi органдарда қызмет өтеу тәртiбiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлерге сәйкес жауаптылықта болады.
2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы және кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiндегi режимдi, санитариялық заңнаманы, өрт қауiпсiздiгiнiң талаптарын, жолда жүру ережелерiн, қызмет орындарынан тыс кеден ережелерiн, бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнаманы, бюджет және салық заңнамасын, аң аулау, балық аулау ережелерiн, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану мен қорғаудың басқа да ережелерi мен нормаларын бұзғаны үшiн жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады. Аталған адамдарға - атылатын және суық қаруды алып жүру мен сақтау құқығынан айыру және әкiмшiлiк қамауға алу түрiнде әкiмшiлiк жаза қолдануға болмайды.
2009.10.07 № 177-IV ҚР Заңымен 2-1-бөлікпен толықтырылды
2-1. Мерзімді әскери қызметін өткеріп жүрген әскери қызметшілерге, әскери және арнаулы оқу орындарының курсанттарына әкімшілік айыппұл түріндегі әкімшілік жаза қолдануға болмайды.
3. Қызмет туралы тәртiптiк жарғылардың немесе арнайы ережелердiң күшi қолданылатын, осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандардан басқа адамдар осы актiлерде тiкелей көзделген жағдайларда - қызмет мiндеттерiн атқару кезiнде әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауаптылықта, ал қалған жағдайларда жалпы негiздер бойынша әкiмшiлiк жауаптылықта болады.
4. Әкiмшiлiк жаза қолдану құқығы берiлген органдар (лауазымды адамдар) осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған адамдарға әкiмшiлiк жаза қолданудың орнына, кiнәлi адамдарды тәртiптiк жауаптылыққа тарту туралы мәселенi шешу үшiн тиiстi органдарға құқық бұзушылық туралы материалдарды беруi мүмкiн.
5. Тәртiп туралы жарғылардың күшi қолданылатын темiр жол, теңiз, өзен көлiгi мен азаматтық авиацияның қызметкерлерi қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде мынадай құқық бұзушылық жасағаны үшiн осы жарғыларға сәйкес:
темiр жол көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 439, 440, 441-баптарында, 477-бабының бiрiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
теңiз көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 448, 449, 450-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
өзен көлiгiнiң қызметкерлерi - осы Кодекстiң 441, 450-453, 455-баптарында, 477-бабының екiншi бөлiгiнде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшiн;
азаматтық авиация қызметкерлері - осы Кодекстің 443, 446-баптарында, 447-бабының бірінші бөлігінде, 477-бабының үшінші бөлігінде, 479, 480-баптарында көзделген құқық бұзушылық үшін тәртіптік жауаптылықта болады.
2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314- III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.