Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   88
Заңымен 380-1-баппен толықтырылды

380-1-бап. Уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу

1. Ауруды өтірік сылтауратуы салдарынан уақытша еңбекке жарамсыздық туралы парақты және (немесе) анықтаманы заңсыз алу, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған нақ сол әрекет, -

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 381-бап өзгертілді; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 381-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен 381-бап өзгертілді (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  381-бап жаңа редакцияда (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 381-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

381-бап. Алғашқы статистикалық деректерді ұсыну тәртібін бұзу

1. Мемлекеттік статистиканың тиісті органдарына алғашқы статисткалық деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз алғашқы статисткалық деректерді ұсыну –

жеке және заңды тұлғаларға ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік ста­тис­тиканың тиісті органдарына алғашқы статис­тика­лық деректерді ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер —

жеке тұлғаларға — бес, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — он, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға — қырық айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен 381-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

381-1-бап. Құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, уақтылы табыс етпеу, жасыру, қосып жазу және басқа да бұрмалаушылықтар

Құқықтық статистика мен арнайы есептер саласындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік органға құқықтық статистика мен арнайы есеп деректерін табыс етуден бас тарту, табыс етпеу, оларды белгіленген мерзімді бұзып табыс ету, жасыру, қосып жазу, құқықтық статистика мен арнайы есептеу деректерін басқа да қасақана бұрмалаушылықтар, сол сияқты құқықтық статистикалық ақпаратты және арнайы есептер мәліметтерін алуға қандай да бір нысанда болсын кедергі жасау, -

лауазымды адамдарға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен екінші бөлікпен толықтырылды

2. Денсаулық сақтау саласында жасалған нақ сол әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептік көрсеткіштің елуден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 381-2-баппен толықтырылды

381-2-бап. Әкімшілік деректер ұсыну тәртібін бұзу

1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді уақтылы ұсынбау, дәйексіз деректер ұсыну –

әкімшілік дереккөздердің лауазымды адамдарына ескерту жасауға әкеп соғады.

2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органға әкімшілік деректерді ұсынбау, сондай-ақ осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, –

әкімшілік дереккөздердің лауазымды адамда­рына жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 382-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

382-бап. Статистикалық байқаулар жүргiзуден бас тарту

Лауазымды адамдардың өздерiне жүктелген статистикалық байқаулар жүргiзу жөнiндегi мемлекеттiк мiндеттердi орындаудан бас тартуы немесе оларды уақытында орындамауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 383-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

383-бап. Лауазымды адамның алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі

Мемлекеттік статистика органдары лауазымды адамының респондентті сәйкестендіруге мүмкіндік беретін алғашқы статистикалық деректерді, статистикалық ақпаратты және (немесе) деректер базаларын жоғалтуы, сатуы, беруі немесе өзге де заңсыз жария етуі, егер бұл іс-әрекеттерде қыл­мыстық жазаланатын әрекет белгілері болмаса, –

айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 384-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

384-бап. Алғашқы статистикалық деректерді бекітілмеген статистикалық нысан бойынша жинау

Алғашқы статистикалық деректерді бекітілме­ген статистикалық нысан бойынша жинау –

лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің онға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 384-1-баппен толықтырылды

384-1-бап. Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау

Әкімшілік деректерді келісілмеген нысан бойынша жинау –

лауазымды адамдарға ескерту жасауға немесе бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

385-бап. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу

1. Ақпарат құпиялылығы дәрежесiн анықтау мен белгiлеу ережесiн бұзу, егер бұл iс-әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Заңдылықтың бұзылғандығын жасыру мақсатында жасалған нақ сол iс-әрекеттер, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 386-бап өзгертілді

386-бап. Құпиялылық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзу

1. Мемлекеттiк құпияларға рұқсат етудiң белгiленген тәртiбiн бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Құпия мәлiметтермен және олар сақталған көздермен жұмыс кезiнде лауазымды адамдардың құпиялық режимiн қамтамасыз ету жөнiнде белгiленген талаптарды бұзуы, eгep бұл әрекеттерде қылмыс белгiлерi болмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Құпия мәлiметтердiң жария болуына немесе құпия мәлiметтердiң және олар сақталған көздердiң жоғалуына әкеп соққан бiрақ мемлекеттiк құпиясы жоқ, нақ сол iс-әрекеттер, -

қызметтiң белгiлi бiр түрiне арнайы рұқсаттан айыра отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ҚР Заңдарымен 387-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.10.07 № 180-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 387-бап өзгертілді

387-бап. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру

ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру

1. Қалалар мен елдi мекендердiң аумақтарын көрiктендiру ережелерiн бұзу, сондай-ақ қалалар мен елді мекендер инфрақұрылымы объектілерін бұзу, жасыл екпелерін жою және бүлдіру -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан қырыққа дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде көзделген, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасалған iс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

388-бап. Күзетiлетiн объектiлерге заңсыз ену

Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Президенттiң Күзет қызметi, Республикалық ұлан, Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң, Қорғаныс министрлiгiнiң органдары мен бөлiмшелерi күзететiн объектiге заңсыз ену, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

25-тарау. Қазақстан Республикасы мемлекеттік шекарасы

режимінің белгіленген тәртібіне және Қазақстан Республикасының

аумағында болу тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 389 -бап өзгертілді

389-бап. Шекара аймағында шекара режимiн және жекелеген жерлерде болу тәртiбiн бұзу

1. Шекара аймағына кiру (өту), уақытша болу немесе жүрiп-тұру ережелерiн бұзу, -

ескерту жасауға немесе айлық есептік көрсеткіштің үштен беске дейінгі мөлшерінде айыпұл салуға әкеп соғады

2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз не белгiленген тәртiптi бұза отырып шекара аймағында шаруашылық, кәсiпшiлiк немесе өзге де қызметтер жүргiзу, мал ұстау немесе бағу, бұқаралық қоғамдық-саяси, мәдени немесе өзге де iс-шаралар өткiзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ; 2007.19.12 № 11-IV Заңымен (бұр. ред. қара) 390 -бап өзгертілді

390-бап. Қазақстан Республикасының аумақтық суларының (теңізінің) және ішкі суларының режимін бұзу

1. Қазақстан Республикасының аумақтық суларында (теңізінде) және iшкi суларында, шекара өзендерi, көлдерi және өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде шағын көлемдi өздiгiнен жүзетiн және өздiгiнен жүзбейтiн (су бетiндегi және су астындағы) қазақстандық кемелердi (құралдарды) есепке алудың, күтiп-ұстаудың, олардың негiзгi бекеттерден шығуының және негiзгi бекеттерге оралуының, суда болуының және кемелердiң (құралдардың) мұз арқылы қозғалуының белгiленген ережелерiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Уәкiлеттi мемлекеттiк органның рұқсатынсыз , Қазақстан Республикасының заңнамасын­да белгіленген тәртіпті бұза отырып, Қазақстан Республикасының аумақтық сула­рында (теңізінде) және iшкi суларында шекара өзендерi, көлдерi мен өзге де су қоймалары суларының қазақстандық бөлiгiнде кәсiпшiлiк, зерттеу, iздестiру немесе өзге қызметтер жүргiзу, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

391-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу

1. Қазақстан Республикасы азаматының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы өткiзу бекеттерiнде режимдi бұзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетел азаматы немесе азаматтығы жоқ адам жасаған нақ сол iс-әрекеттер, -

Қазақстан Республикасы аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып немесе онысыз, айлық есептiк көрсеткiштiң үштен беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 391-1-баппен толықтырылды; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.