Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   88
№ 506-II Заңымен 349-1-баппен толықтырылды

349-1-бап. 2007.19.06 № 264-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара)

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2009.06.02. № 123-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 350- бап өзгертілді

350-бап. Шығарылым деректерiн жариялау тәртiбiн бұзу

1. Мерзiмдi баспа басылымдарын белгiленген шығарылым деректерiнсiз шығару, эфирде өз атауын хабарламай, сол сияқты анық емес не көрiнеу жалған шығарылым деректерiмен электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының теле- және радиобағдарламаларының эфирге шығуы, -

бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiнiң таралымы тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

өнiм таралымы және бұқаралық ақпарат құралдары өнiмдерiн дайындау және тарату үшiн қолданылатын техникалық құралдар тәркiлене отырып немесе онсыз, айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға не бұқаралық ақпарат құралын шығаруды (эфирге шығуын) үш айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұруға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 351-бап өзгертілді

351-бап. Авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария ету

Бұқаралық ақпарат құралының лауазымды адамының авторлық құпияны және ақпарат көзiн жария етуi, егер ол оны жария етпеуге жазбаша түрде мiндеттенген болса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 352-бап жаңа редакцияда

352-бап. Журналистiң заңды кәсiби қызметiне кедергi жасау

1. Журналистiң заңды кәсiби қызметiн орындауына кедергi келтiретiн не оны бұл мүмкiндiктен толық айыратын жағдайлар туғызу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Журналист сұратқан ақпаратты беруден негiзсiз бас тарту не заңдарда белгiленген мерзiмде табыс етпеу, -

лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

24-тарау. Басқарудың белгіленген тәртібіне қол сұғатын әкімшілік құқық бұзушылық

 

 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 353-бап өзгертілді

353-бап. Заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығару және оны қолдану

1. Мемлекеттiк органның лауазымды адамының Конституцияға не өзге де заң актiлерiне қайшы келетiн, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтарын және мiндеттерiн, шаруашылық жүргiзушi субъектiлер мен мемлекеттiң заңды мүдделерiн қозғайтын көрiнеу заңсыз нормативтiк құқықтық акт шығаруы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Белгiленген тәртiппен күшi жойылған, сот күшi жоқ деп таныған, белгіленген тәртіппен ресми жария­ланбаған не қолданылу күшiн уәкiлеттi органдар тоқтата тұрған, сондай-ақ әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өтпеген нормативтiк құқықтық актiлердi орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың лауазымды адамдарының көрiнеу заңсыз қолдануы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 354-бап өзгертілді

354-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң ережелерiн бұзу

1. Жалпыға міндетті маңызы бар, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен мiндеттерiн қозғайтын нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеудiң заңдармен белгiленген ережелерiн лауазымды адамдардың бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 354-1-баппен толықтырылды

354-1-бап. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану тәртiбiн бұзу

1. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының мемлекеттiк нышандарын заңсыз пайдалануы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Мемлекеттiк нышандарды пайдалану мiндеттi болып табылатын жағдайларда оларды пайдаланбау, -

ескерту жасауға немесе лауазымды адамдарға айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 354-2-баппен толықтырылды

354-2-бап. Нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген нормативтiк құқықтық актiлердiң мәтiндерiн кейiннен ресми жариялау тәртiбiн бұзу -өнiм таралымы тәркiлене отырып не онсыз жеке кәсiпкерлерге айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан отызға дейiнгi мөлшерiнде және заңды тұлғаларға - елуден жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.26.07. № 311- III ҚР Заңымен 354-3-баппен толықтырылды

354-3-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және онымен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімін бұзу

Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды және оны­мен жасалатын мәмілелерді мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің «Жылжымайтын мү­лікке құқықтарды және олармен мәміле­лерді мем­лекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Респуб­лика­сының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы-

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, заңды тұлғалар үшін – айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан отызға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен; 09.08.02 ж. № 346-II Заңымен; 2006.20.01. № 123-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) ; 2008.26.05 № 34-IV ҚР Заңымен (бұр. ред. қара) 355-бап өзгертілді

355-бап. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полициясының, кеден органының, шекара қызметiнiң , мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын орындамау немесе заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау

1. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, қаржы және әскери полицияның, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң нұсқауларын және басқа заңды талаптарын орындамау, -

лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Прокуратура, iшкi iстер (полиция), ұлттық қауiпсiздiк, қаржы және әскери полиция органдарының, Қазақстан Республикасы Президентiнiң Күзет қызметiнiң, кеден органының, шекара қызметiнiң, мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдары мен өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы уәкілетті орган қызметкерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде заңды өкiмiне немесе талабына қасақана бағынбау, сол сияқты тiл тигiзу не зорлық iс-әрекет жасау қатерiн төндiру, -

айлық есептiк көрсеткiштiң елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

 

2010.29.04. № 272-IV ҚР Заңымен 355-1-баппен толықтырылды

355-1-бап. Қорғау нұсқамасын бұзу

Ішкі істер органы шығарған қорғау нұсқамасын бұзу,- бес айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (бұр. ред. қара) (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) Заңдарымен 356-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.29.12 № 116-IV ҚР Заңымен (2009 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 356-бап өзгертілді

356-бап. Мемлекеттiк инспекторға өзiнiң қызметтiк мiндеттерiн орындауына кедергi келтiру, қаулыларын, нұсқауларын және өзге де талаптарын орындамау

1. Мемлекеттiк инспекциялар мен мемлекеттiк бақылау және қадағалау органдарының лауазымды адамдарына өз құзыретiне сәйкес қызметтiк мiндеттерiн орындауына қызмет туралы, кiрiстер туралы, сақтандыру жарналарын есептеу және төлеу туралы қажеттi құжаттарды, материалдарды, ақпаратты, атом энергиясын пайдалану туралы статистикалық (алғашқы статистикалық деректерді қоспағанда) және басқа мәлiметтердi беруден бас тарту арқылы, уәкiлеттi органның қаулысы бойынша ревизия, тексеру, түгендеу, сараптама және заңдармен көзделген басқа да әрекеттердi жүргiзуге жiберуден бас тарту арқылы кедергi келтiру немесе оларды жүзеге асыруға өзге де кедергiлер келтiру не жалған ақпарат беру, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң үшке дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жетіге дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы Кодекстiң 130, 147-9, 168, 173, 216, 219, 305, 313-баптарында, 317-баптың екінші бөлігінде, 317-1, 362, 381, 474, 486, 522, 528-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, мемлекеттiк бақылау мен қадағалау органдары (лауазымды адамдар), мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары өз құзыретi шегiнде берген заңды талаптарын немесе нұсқауларды, ұсыным­дарын, қаулыларды орындамау немесе тиiсiнше орындамау, -

жеке тұлғаларға- айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдар мен жеке кәсiпкерлерге он беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

4. Осы Кодекстiң 481-бабының екiншi бөлiгiнде, 482-бабының бiрiншi бөлiгiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, уәкiлеттi органның лауазымды адамы салған мөрiн (пломбасын) жұлып тастау, -

жеке тұлғаларға - айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде, лауазымды адамдарға онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III Заңымен 356-1-баппен толықтырылды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)

356-1-бап. Бақылау және қадағалау функцияларын заңсыз беру

Мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының бақылау және қадағалау функцияларын уәкілетті емес тұлғаларға заңсыз беруі, -

айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  356-2-баппен толықтырылды (2008.01.01. бастап қолданысқа енді)

356-2-бап. Билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену

1. Билік өкілеттіктерін алу мақсатында билік өкілінің немесе мемлекеттік қызмет атқаратын лауазымды адамның атағын өз бетімен иелену, егер бұл әрекетте қылмыстық жаза қолданылатын әрекет белгілері болмаса, —

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекет, —

жеке тұлғаларға айлық есептік көрсеткіштің елуден жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01.