Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
№ 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 415-бап өзгертілді; ; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 415-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

415-бап. Қазақстан Республикасының кеден органына есептілікті табыс етпеу және есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамау

Кедендік тасымалдаушының, кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, кедендік немесе еркін қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің, декларанттардың кедендiк бақылаудағы не еркiн кеден аймағы аумағындағы әкелiнетiн, әкетiлетiн, декларацияланатын, келiп түсетiн, сақталатын, өңделетін, дайындалатын, сатып алынатын және өткізілетін тауарлар туралы есептілікті Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалған тәртіппен және мерзімдерде табыс етпеуі, сол сияқты мұндай тауарларға есеп жүргiзу тәртiбiн сақтамауы -

жиырма бес айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 2005.21.10. № 80-III Заңымен 416-бап өзгертілді (бұр. ред. қара)

416-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 417-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 417-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

417-бап. Тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн, оларды сақтау және олармен операциялар жүргізу тәртiбiн бұзу

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленген тауарларды сақтауға орналастыру тәртiбiн және оларды сақтау тәртiбiн, кеден қоймасында сақтау мерзімдерін, тауарларды бір қоймадан екінші қоймаға көшіру тәртібін бұзу, сол сияқты кеден қоймаларында, уақытша сақтау қоймаларында және еркін қоймаларда тауарлармен операциялар жүргiзу -

жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 417-1-баппен толықтырылды

417-1-бап. Тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген тауарларды уақытша сақтау мерзімдерін бұзу, -

жеке тұлғаларға – жиырма бес, дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 418-бап өзгертілді

418-бап. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу және қайта өңдеу өнiмдерiн ауыстыру

1. Тауарларды қайта өңдеу тәртiбiн бұзу, яғни кеден заңдарымен белгiленген талаптарды, шектеулердi және тауарларды қайта өңдеу жағдайлары туралы мiндеттеме беру шарттарын, оларды қайта өңдеу тәртiбi мен мерзiмдерiн, қайта өңдеу өнiмдерiнiң шығу мөлшерiн сақтамау, осындай тауарларды қайта өңдеу бойынша операциялар жүргiзу, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан елуге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Отандық тауарлардың қайта өңдеу өнімдерін басқа тауарлармен ауыстырудың белгіленген тәртібін бұзу, -

айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 419-бап өзгертілді

419-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 420-бап өзгертілді

420-бап. 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен алып тасталды (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара)

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен421-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 421-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 421-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

421-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кеден аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу не осы аумаққа қайтармау

1. Бұрын әкелiнген және (немесе) аяқталған кезінде белгiленген мерзiмдерде оларды әкету көзделетін белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкету мiндеттi болып табылған жағдайларда кеден одағының кедендік аумағынан тысқары жерлерге әкетпеу, не бұрын әкетiлген және (немесе) аяқталған кезінде белгiленген мерзiмдерде кері әкелу көзделетін белгілі бір кедендік рәсімге орналастырылған тауарлар мен көлiк құралдарын, сондай-ақ егер мұндай әкелу мiндеттi болып табылған жағдайларда, белгіленген мерзімдерде кеден одағының кедендік аумағына қайтармау -

әкімшілік құқық бұзушылықтың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып не онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының кеден органына тауарлар мен көлiк құралдарының қайта әкетілуін немесе әкелінуін, не аварияның немесе еңсерілмейтін күштiң әсерi, табиғи тозу немесе азаю не шет мемлекет органдары мен лауазымды адамдарының заңсыз әрекеттерiне байланысты олардың иелiктен шығарылуы салдарынан тауарлар мен көлiк құралдарының жойылуы немесе ысырап болуы себебiнен оның мүмкiн еместігін растау ретiнде жарамсыз құжаттарды, заңсыз жолмен алынған құжаттарды не басқа тауарлар мен көлiк құралдарына қатысты құжаттарды табыс ету -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға – он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға – отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

422-бап. 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

 

 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  423-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 423-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

423-бап. Белгiлi бiр кедендiк рәсімге орналастырылған тауарлармен және көлiк құралдарымен заңсыз операциялар жасау, жай- күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету

Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тауарлармен және көлiк құралдарымен олардың кедендiк рәсіміне сай келмейтiн операциялар жасау, жай-күйiн өзгерту, пайдалану және (немесе) билiк ету, сол сияқты есеп жүргізу және есептілікті табыс ету тәртібін және кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген өзге де шектеулердi, талаптарды және кедендік рәсімінің шарттарын сақтамау -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлiк құралдары тәркiлене отырып немесе онсыз, жиырма айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 424-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  424-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 424-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

424-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзген кезде тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн сақтамау

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгiленетiн тыйым салулар мен шектеулерді қолдану тәртiбiн бұза отырып, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болған тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - он бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - отыз, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 425-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

425-бап. Жеке тұлғалардың оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды өткiзуi

Осы тараудың басқа баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында айқындалатын оңайлатылған немесе жеңiлдiкті тәртiпті бұза отырып, жеке тұлғалардың кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарлар өткiзуi, оның ішінде «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасы Кодексінің кедендік шекара арқылы оңайлатылған немесе жеңілдікпен өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарын міндетті жазбаша декларациялау жөніндегі талаптарын, сондай-ақ тауарларды иесімен бірге жөнелтілмейтін багажбен өткізу тәртібін сақтамау, -

он айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 425-1-баппен толықтырылды

425-1-бап. Тауарларды халықаралық почта жөнелтілімдерінде өткізу тәртібін бұзу

Кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген халықаралық почта жөнелтілімдерінде тауарларды өткізу тәртібін бұзу -

жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға – он, дара кәсіпкерлерге –жиырма, заңды тұлғаларға елу айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 426-бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен   (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 426-бап өзгертілді

426-бап. Кеден бақылауына соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы тауарларды және көлiк құралдарын өткiзу

1. Тауарлар мен көлiк құралдарын кедендік бақылауға соқпай кеден одағының кедендік шекарасы арқылы өткiзу, яғни тауарларды Қазақстан Республикасының кеден органдары айқындаған орындардан тыс жерде кеден одағының кедендік шекарасы арқылы немесе көрсетілген орындарда Қазақстан Республикасының кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс кезде өткiзу, қылмыс белгiлерi болмаған кезде -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - отыздан қырыққа дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға екі жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Осы баптың бірінші бөлігінде көзделген, әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған іс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын тауарлар мен көлік құралдары тәркілене отырып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - орындалмаған салық міндеттемесі сомасының екі жүз проценті мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүз проценті мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2007.27.07. № 314-III ҚР