Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   88
ред.қара) 391-1-бап өзгертілді

391-1-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу

1. Осы баптың екiншi бөлiгiнде көзделген iс-әрекеттердi қоспағанда, Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы режимiн бұзу, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға отыздан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасында уәкiлеттi органның рұқсатынсыз кәсiпшiлiк, зерттеушiлiк, iздестiрушiлiк немесе өзге де қызметтердi жүргiзу, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған кө­лік құралдары мен өзге де заттары тәркілене оты­рып немесе онсыз, жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жүзден үш жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға бес жүзден бір мыңға дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Осы баптың бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде көзделген, шетелдiк немесе азаматтығы жоқ адам жасаған iс-әрекеттер, -

әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысанасы болған көлік құралдары мен өзге де заттары тәркілене отырып немесе онсыз, айлық есептік көрсеткіштің қырықтан жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он тәулiкке дейiн әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.

392-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы заңсыз алып өту

1. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымының немесе өзге де ұйымның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шараларды қолданбауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң екi жүзден бес жүзге дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Халықаралық тасымалды жүзеге асыратын көлiк ұйымы немесе өзге де ұйым қызметкерiнiң өзiнiң қызметтiк мiндеттерiне кiретiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуге әкеп соқтырған адамдардың көлiк құралына заңсыз кiруiн және оны Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын заңсыз кесiп өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, егер аталған әрекет бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту қылмысына немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына жәрдемдесу болып табылмаса, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Жеке шаруамен Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан өтетiн адамның, бiр немесе бiрнеше тәртiп бұзушының Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өтуiне немесе заңсыз өтуге әрекет жасауына әкеп соққан, өзi басқаратын көлiк құралын басқа адамның Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасынан заңсыз өту үшiн пайдалануын болдырмау жөнiнде шаралар қолданбауы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

393-бап. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау

Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын күзету жөнiндегi өз мiндеттерiн атқарумен байланысты әскери қызметшiнiң заңды өкiмiне немесе талабына бағынбау, -

айлық есептiк көрсеткiштiң бестен онға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алуға әкеп соғады.

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) Заңымен 394-бап жаңа редакцияда; 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен  394-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

394-бап. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы

1. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның тiркелудiң не жүрiп-тұрудың немесе тұрғылықты жер таңдаудың белгiленген тәртiбiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасына заңсыз кiруден, белгiленген мерзiмде қайтып кетуден жалтаруынан, келу мақсатының визада, не тіркеу кезіндегі көші-қон карточкасында көрсетiлген мақсаттарға сай болмауынан, сол сияқты Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн сақтамауынан көрiнген Қазақстан Республикасында болу ережелерiн бұзуы, -

айлық есептік көрсеткіштің қырықтан елуге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға немесе он бес тәулiкке дейiнгi мерзiмге әкiмшiлiк қамауға алынып, Қазақстан Республикасының шегiнен әкiмшiлiк жолмен шығарып жiберiлуiне әкеп соғады.

 

2011.18.01. № 393-IV ҚР Заңымен 394-1-баппен толықтырылды  

394-1-бап. Шығарып жiберу туралы шешiмдi орындамау

Шетелдіктердің және азаматтығы жоқ адамдардың өздерiне қатысты қабылданған Қазақстан Республикасының шегiнен шығарып жiберу туралы шешiмдердi орындамауы –

айлық есептiк көрсеткiштiң бір жүзден бес жүзге дейiнгі мөлшерiнде айыппұл салуға не қырық бес тәулікке дейін әкімшілік қамауға әкеп соғады.

 

22.02.02 № 296-II; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 395-бап өзгертілді

395-бап. Лауазымды адамның Қазақстан Республикасы азаматының, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiктердiң болу ережесiн бұзуы

1. Меншiк нысанына қарамастан Қазақстан Республикасында шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды қабылдаушы, оларға қызмет көрсетудi қамтамасыз етушi немесе шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың Қазақстан Республикасында болу және Қазақстан Республикасы аумағы арқылы транзиттiк өту шарттарын сақтаумен байланысты мiндеттерiн орындаушы ұйымның лауазымды адамының Қазақстан Республикасында оларды тiркеудiң, олардың келу, тұру, жүрiп-тұру, тұрған жерiн өзгерту және сырт жаққа кету құқығына құжаттар рәсiмдеудiң белгiленген тәртiбiн бұзуы, -

айлық есептiк көрсеткiштiң оннан жиырмаға дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Қазақстан Республикасына шетелдiктердi немесе азаматтығы жоқ адамдарды жеке шаруамен шақырып, оған тұрғын үй-жай берген азаматтың, шетелдіктің немесе азаматтығы жоқ адамның оларды белгiленген тәртiппен уақтылы тiркеуден өткiзудi және болудың белгiленген мерзiмi бiткеннен кейiн қайтып кетуiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданбауы, -

ескерту жасауға немесе айлық есептiк көрсеткiштiң беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

3. Қазақстан Республикасына, белгiленген тәртiптi немесе оның аумағы арқылы транзиттiк өту ережелерiн бұза отырып, келген шетелдiкке немесе азаматтығы жоқ адамға тұрғын үй-жай, көлiк құралын беру немесе өзге де қызмет көрсету, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - отыздан елуге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жүзден екі жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен (бұр .ред. қара ) 396-бап өзгертілді

396-бап. Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзу

1. Жұмыс берушінің Қазақстан Республикасында шетелдік жұмыс күшін тарту мен пайдалану ережелерін бұзуы не Қазақстан Республикасының аумағында заңсыз жүрген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды жұмысқа қабылдауы не­месе еңбегін пайдалануы , заңсыз иммигранттардың еңбегін пайдалануы, сондай-ақ лауазымды адамдардың заңсыз иммигранттарға қатысты нотариалдық немесе қандай да бiр өзге де заңдық (құқық туғызушылық) iс-әрекеттер жасауы, -

жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің оннан жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері немесе коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

2. Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасында шетелдiк жұмыс күшiн тарту мен пайдалану ережелерiн бұзуы, -

Қазақстан Республикасының аумағынан әкiмшiлiк жолмен шығарып жiбере отырып, айлық есептiк көрсеткiштiң жиырмадан жиырма беске дейiнгi мөлшерiнде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

397-бап. 2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр .ред. қара )

 

2007.06.07 № 276-ІІI ҚР Заңымен 398 -бап жаңа редакцияда (бұр .ред. қара )

398-бап. 2009.04.12 № 217-IV ҚР Заңымен алып тасталды (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

 

2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.02.03. № 131-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 399-бап өзгертілді

399-бап. Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi заңсыз қызмет

Қазақстан Республикасының азаматтарын шетелде еңбекке орналастыру жөнiндегi қызметтi тиiстi лицензиясыз немесе лицензияда көзделген шарттарды бұза отырып, сол сияқты жөнсіз жарнаманы пайдаланып, не толық емес немесе дәйексіз ақпарат беріп жүзеге асыру, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - айлық есептік көрсеткіштің жиырмаға дейінгі мөлшерінде, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - жиырмадан жүзге дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға үш жүзден бес жүзге дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

26-тарау. Кеден істері саласындағы әкімшілік

құқық бұзушылық

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 400-бап өзгертілді

400-бап. Кеден бақылауы аймағының режимiн бұзу

Кеден бақылауы аймағының шекарасы арқылы және оның шегiнде тауарлардың, көлiк құралдарының және мемлекеттiк органдардың (кеденнен басқа) лауазымды адамдарын қоса алғанда, адамдардың орын ауыстыруы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатынсыз осы аймақта кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру не кеден бақылауы аймағының режимiн бұзатын өзге де iс-әрекеттер жасау, қылмыс белгiлерi болмаған кезде, -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға, лауазымды адамдарға, дара кәсіпкерлерге - айлық есептік көрсеткіштің бестен онға дейінгі мөлшерінде, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға - оннан он беске дейінгі мөлшерінде, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырмадан жиырма беске дейінгі мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 400-1-баппен толықтырылды

400-1-бап. Кеден ісі саласындағы қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзу

Кеден өкілінің, уақытша сақтау орны немесе қоймасы, еркін немесе кедендік қойма, баж салынбайтын сауда дүкені иелерінің осындай қызметті «Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы» Қазақстан Республикасының кодексіне сәйкес жүзеге асыру шарттары мен міндеттерін сақтамауы не уақытша сақтау орнын немесе қоймасын, еркін немесе кедендік қойманы, баж салынбайтын сауда дүкенін құруға арналған үй-жайдың немесе аумақтың кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 400-2-баппен толықтырылды

400-2-бап. Кедендік тасымалдаушының қызметті жүзеге асыру тәртібін бұзуы

Кедендік тасымалдаушының осындай қызметті жүзеге асыру үшін кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасында көзделген шарттар мен міндеттерді сақтамауы, оның ішінде көлік құралы орналасқан жерді кеден органының анықтауына мүмкіндік беретін, сол көлік құралында техникалық жабдықтың болмауы не оның ақаулы болуы -

жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 401-бап өзгертілді; 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 401-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

401-бап. Кеден одағының кедендік шекарасынан өткеннен кейін өткізу пунктіне тауарлар мен көлік құралдарының келгені туралы Қазақстан Республикасының кеден органына хабарламау

Жеке тұлғалардың тауарлар мен көлік құралдарын оңайлатылған немесе жеңілдікті тәртіппен өткізуін қоспағанда, тауарлар мен көлiк құралдарын кеден одағының кедендік аумағына әкелген кезде Қазақстан Республикасының кеден органына кеден одағының кедендік шекарасынан өтетiндiгi туралы хабарламау, оның ішінде кедендік шекарадан өткен кезде кеден одағының және (немесе) Қазақстан Республикасының кеден заңнамасына сәйкес табыс ету міндетті болып табылатын кеден құжаттарын табыс етпеу -

ескерту жасауға немесе жеке тұлғаларға - бес, шағын немесе орта кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын дара кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға - он бес, ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғаларға жиырма бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады.

 

05.12.03 ж.