«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» : Монография. 1 том. Павлодар : Кереку, 2008. 244 б
Вид материала | Монография |
СодержаниеЗаттық мәдениет лексикасын. Ұлттық киім атаулары Баспана және үй мүлкі терминдері. Киіз үйдің жабдықтары |
- Избранное, 886.75kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар удк 94(574. 25)(075. 8) Ббк 63. 3(5Каз)я73, 3259kb.
- История зарубежной социологии Учебно-методическое пособие для студентов всех специальностей, 725.22kb.
- Габит Нажмединович Иренов. Павлодар: Павлодар гос ун-т, 2008. 285 с. Isbn 9965-08-323-1:, 414.13kb.
- Учебное пособие Павлодар Кереку 2010 удк 53 (075. 8) Ббк 22. 3я73, 1449.38kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар Кереку 2009 удк 316(038) ббк 81. 2Англ-4+60., 1211.12kb.
- Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, 186.4kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар удк 94(574. 25) Ббк 63. 3(5Каз), 6238.86kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар 2007 удк ббк 63. 3(5Каз), 8203.42kb.
- Список публикаций сотрудников Апатитского филиала мгту в 2008 году Монографии, 492.82kb.
Қорытынды
ХIХ ғасырдың екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысындағы тарихи дәуір қазақтың әлеуметтік-экономикалық, рухани өмір тынысына елеулі ізін қалдырды. Бұл әрине, осы дәуірде өмір сүрген Абай мен Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп шығармашылықтарына да қатты әсер етті. Олардың осы кезеңдегі тұтынған заттары мен алған рухани білімдері де ортақ еді. Сондықтан да, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының тілін Дулат Абай мен Шәкәрім тілінен тыс зерттей алмаймыз. Абай мен Мәшһүр-Жүсіп өлеңдерінде аталатын ескіліктер қолданылуы мен мақсаты жағынан әр тарап және әр түрлі болып келеді. Абайды аға деп, Шәкәрімді түйдей құрдасым деген М-Ж. Көпеев олармен әр уақытта шығармашылық байланыс жасап, өлеңдерін, қисса-дастандарын оқып, тың ойлар, өзгеше жаңалықтары болса үйреніп отырғандығы байқалады. Сондықтан да, бұл төртеуінің шығармаларының идеясы бір ыңғайда, бір бағытта дамығандығы көрініп тұрады. Бұл – олардың алған білім көздерінің бастау бұлақтары да бір екендігін көрсетеді. Бұл туралы диссертацияда айтылды да. Біздің байқағанымыз, қазақтың заттық, рухани, халық метрологиясына байланысты аталымдар, мифологиялық лексикалар төртеуінде де бір қарағанда ұқсас келгенімен өз ішінде, мазмұны мен мәні, бірлігі мен құрылымы жағынан әр түрге бөлініп жатады.
Қазақтың этномәдени сөздерін шығармаларында өте ұтымды қолданғандарын анық байқауға болады. Олар әдет-ғұрыпқа, салт-дәстүрге байланысты болып келеді. Атап айтсақ, қазақтың тұтынған ескіліктерінің бірі – ұмыт болған киім-кешек атаулары, ұлттық өнеріне қатысты бұйымдар: ат-әбзелдері, зергерлік заттары, киіз үйдің сүйектері, үй жабдықтары: ыдыс-аяқтары, ас сақтайтын ыдыстары, тағам атаулары, қару-жарақ түрлері т.б. толып жатқан этномәдени лексикасы жан-жақты сөз болады. Осы тұрғыдан келгенде, рухани байлығы болып табылатын: жас баланың дүниеге келуі шілдехана, сүндет тойы, ашамайға отыруы, тоқым қағары, үйленуі; отбасылық мейрам мен халықтық мейрамы, ең соңында өлік жөнелтуіне қатысты терминдер мен, жекелей аталымдардың этимологиясы, этнографиялық жағы, түркі тілінде бар сөздермен салыстырыла, ішкі құрылымы (фонетикалық, морфологиялық) түзілісі де сарапқа, таразыға салынып, шыққан негізі осы болар-ау деген болжамның ең ықтимал варианты беріліп, жете зерттелді деп айта аламыз. Төртеуін де қазақ халқының ауыр халі бей-жай қалтыра алмаған. Абай Құнанбаев «Ескілік киімі» – деген өлеңінде қазақтың байырғы киімдерін бас-басына атап, қазақтың үстіне шекпен жауып, ұлттық идеяны қолдайды. Абай бай мен кедейдің ауыр тұрмысын жырлаған сияқты болғанымен қазақтың жоғалып бара жатқан ұлттық тұрмыс-салтына жаны ашиды, соны қолдайды. Мұндай өлеңдер Шәкәрім мен Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында ұшырасады. Абай мен Шәкәрім орыс оқуын жақтап, қазақ халқын тығырықтан алып шығатын оқу, ғылым, білім деп насихаттайды. Мәшһүр-Жүсіп шығармалырында да орыс халқымен тату-тәтті өмір сүру идеясы айтылады. Бірақ, М-Ж. Көпеев 1905 жылғы «қанды жексенбіден» кейінгі оқиғадан жаны түршігеді. Орыс империясының манифесі кезекті арандату екендігін қатты сынайды. М-Ж. Көпеев пен Шәкәрім бір дәуірді Абай сынды ғұламамен бастап, екінші ғасырды төңкеріспен бастайды. Абай, Шәкәрім, Мәшһүр-Жүсіп ауыз әдебиетінен мейлінше сусындап, шығармаларына арқау етеді. Оларға Шығыс, Батыс мәдениеті де үлкен ықпал етіп, жан-жақты білім алуларына жол ашады. Мәшһүр-Жүсіптің толысып, жан-жақты өсуіне: 1. Ауыз әдебиеті; 2. Ислам дәуір әдебиеті; 3. Шығыстың классикалық әдебиеті; 4. Қазақтың тарихи көркем әдебиетін жетілдіріп, жаңа поэзия үлгісін көтерген мазмұны мен мәні жағынан сапалы қасиетке ие болған ақын-жыраулар мұралары; 5. Орыс (еуропа) мәдениет үлгісі зор әсер еткендігі анықталды. Мәдениет әрқашан да тіл арқылы көрінетіні белгілі. Олай болса, Мәшһүр-Жүсіп шығармаларында сол дәуірдің тілін қамтыған заттық айғақ боларлықтай тұрмыстық, әдет-ғұрыптық сөздер тобы толып жатыр. Олардың өзі әр тарап болып келеді. Бірі – адамның өмірге келген дүниесін (шілдехана, бесік той, сүндет той), екіншісі – қыз ұзату, қалың мал, жасау, сеп, жыртыс, сәукеле кигізу, қынаменде, қыз ойнақ, бастанғы т.б. үшінші – өлік жөнелту: қара тігу, хан талапай, тұл, ту қандау, ас, қырқы, т.б. төртінші – тұрмысқа байланысты мәдениет: ерулік, ереу, көкпар, құн, тоғыз, қарабауыр, күндебау т.б. осы айтылғандардың этнографиялық көріністері ғана талданып қоймай, этимологиясы да зерттеліп, сол сөздердің ту бастағы түбір тұлғасы, о бастағы мағынасы қалыпқа келтірілді. Айталық, тұл > тұлып > тұлым > талақ > жетім > олжа > тұл бойы > тал бойы > тұлға т.б. Көк > көң > көй > көнек > көйлек. Құн > қан. Өр > орау > жөргек > жөргем. Жар >жам > ям > ямшик > жәмшік > жәшік. Көкпар > көкбөрі. Бөлтірік > бөрі. Тәңір > таң + іңір. А > ұм > ұма > ұмай. Ауыз > ауыздық. Өм > ем > өм > омырау> өмілдірік. Көз > көзілдірік. Иек > жүген. Тізе > тізгін. Үзеңгі > үзік. Кісен > кісе > кісі. Шілде > қырық > хана (шілдехана) т.б. Календарлық мейрамдар, халық метрологиясы халықтың өз ішінде бар сөздермен салыстырылып о бастағы семантикалық мағыналары ашылды. Ұлттық киімдер: бас киім атаулары, сыртқы киім атаулары, аяқ киім атаулары толып жатқан сөздер өзінің бастапқы мағынасына ие болды. Киіз үй жабдықтары, үй – тұрмыстық атаулар , зергерлік бұйымдар, қару-жарақ атаулары зерттеліп, этимологиясы ашылды. Мәшһүр-Жүсіп шығармалары арқылы қазақ елінің бір ғасырдағы тіпті, одан да арғы мәдениеті зерттеліп, сол кездегі тілдік құбылыстардың даму тенденциясын салыстыра зерттеу, алғашқы рет кешенді түрде қолға алынды. Әрине, күллі этномәдени лексиканы бір монографияның көлемінде алып зерттеу мүмкін еместігі байқалды. Сондықтан да, біз анағұрлым ұтқыр, анағұрлым қызықты тілдік материалдарды іріктеп, сұрыптап, бір жүйеге түсіріп беріп, ұсынуды жөн көрдік.
Заттық мәдениет лексикасын. Ұлттық киім атаулары: жыға, тәж, дулыға, бөрік, тақия, кепеш, айыр қалпақ, малақай, тұмақ, саукеле, қарқара, орамал, шәлі, шалма, жаулық, кимешек, желек, шапан, шекпен, пешпент, тон, ішік, дамбал, шалбар, кемзал, лабас, жарғақ, көйлек, кебіс. М-Ж. Көпеев шығармалырдағы киім атауларын: бас киім, сырт киім, іш киім, аяқ киім бөлуге болады. Олар өз ішінде: жыға, тәж, дулыға, бөрік, тақия, кепеш, айыр қалпақ, малақай, тұмақ, сәукеле, қарқара, орамал, шәлі, шалма, жаулық, кимешек, желек, шапан, шекпен, пешпент, тон, ішік, дамбал, шалбар, кемзал, лабас, жарғақ, көйлек, кебіс болып бөлінеді. Бұлардың ішінде түбірлес сөздер, мағынасы жағынан жақын лексикалар кездеседі. Мысалы: жыға, тәж, қарқара-дегендердің бір мағынасы тағатын қымбат тас. Орамал > жөргем (ор>өр), томаға > тұмақ (том>тұм), сырмақ > оймақ > текемет > шекпен (сыр > шек > тік), сәлі > шәлі > сәлде > шаль > шалма > шалбар (сал) > тон > ішік > дамбал > шалбар (тон > іш > тонбал > шалбал (р) > ыштан > іштон), кебіс, кебін, кебім, қалпақ, кепеш (кеп > қалып) > көн етік > көн > көк > көйлек > тері. Жаулық > жау <> жап <> май > жауқазын, жаубүйрек (майлық), малақай > мал > сауын > ақша, бөрік > бөрі, тақия > төбе, желек > желбір, жігіт-желең > желең > желек, сүңгі > сүлгі > сулық, лапас (кейбір жерде жаппа) > лабас, т.б. көрсетуге болады.
Баспана және үй мүлкі терминдері. Киіз үйдің жабдықтары; Ыдыс-аяқтар лексикасы – сияқты тақырыпшаларға бөлдік. Баспана атауларына: қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша>киіз үй; орда, дуан, сарай, кент, балық, стан, тақия жатады. Бұлар өз ішінде барлығы да мағыналас сияқты болғанымен, бір-бірінен тілдің ұзақ жылғы даму барысында алшақтағаны байқалады. Айталық, қос, кепе, күрен, күрке, чум, жолым үй, шалаш, шатыр үй, ұранқой, шошала, абылайша>киіз үй; Алғашқы қауымдық құрылыста өмір сүрген көшпенділер баспанасын ағаштан, киізден, қолдарына түскен материалдардан жасағаны көрінеді. Кейіннен әлеуметтік бөлініс кезінде тұрмыстары түзеліп, біреу сарай, біреу орда т.б. салған. Отырықшылықта өмір сүре бастаған көшпенділер: орда, дуан, сарай, кент, шаһар, балық, стан, тақия салған. Бірақ, кейінгі орда, стан, кент, балық т.б. өзінің алғашқы мағынасын жоғалтқан да кейінгі хан ордасы, ақ орда, қыздың отауы сияқты ұсақталған мағынаға ие болып қалған. Ә.Марғұланның археологиялық жұмыстарынан алғашқы тұрақтар мен қорғандарды көруге болады. Ор<>жар>жам>ям>ямчик (жәмшік)>жар//жәр>жәрмеңке (ярмарка) жаңа мағыналы сөздердің тууына түрткі болған. Бұл сөздер таза түркінің өз түбір тұлғасының негізінде калькалық әдіспен жасалған орыс сөздері. Қызылжар мен Үржар немесе Жамбыл (қорған) атаулары сонау көне заманның сақталып қалған белгілері болып табылады. Баспана және үй мүлкі терминдерін: Киіз үйдің жабдықтары; кереге, шаңырақ, уық, бақан, қазық, адалбақан, күлдіреуіш, ши, түндік, үзік, туырлық, киіз, текемет, сырмақ, бөстек, қазан-жабдық, ұршық; Ыдыс-аяқтар лексикасы: ас-тамақ сақтайтын: жүк аяқ, әбдіре, асадал, кебеже. Сұйық тағам сақтайтын ыдыстар: саба (қор), көнек, қанар>тағар>дағар, торсық, талыс, шөншік, мес, қауға, шелек; зат салатын: қоржын, бөктергі, қанжыға, боқжама, боқша, бойра, бүктеме; ас салатын ыдыстар: аяқ-табақ, табақ, тостаған, құма, құмыра, кесе, қазан, қасық (қазықпен бірге) бөлінеді. Қазан-жабдық (ас//қазан) негізінен мағынасы жағынан «өлік жөнелту» лексикасына жатады, бірақ кейбір қағидасы ыдыс-аяққа жататыны көрінді. Сол сияқты ұршықты да үй жабдығына жатқыздық. Киіз үй жабдықтарына үй сүйектерінен басқа: тамақ – ас сақтайтын: жүк аяқ, әбдіре, асадал, кебеже жатады. Ал, саба (қор), көнек, қанар>тағар>дағар, торсық, мес, қауға сұйық тамақ құйылатын, сақтайтын ыдыстар; олар өзі ішінде түрлі зат сақтайтын: қоржын, бөктергі, қанжыға, талыс, шөншік, боқжама, боқша, бойра, бүктеме болып бөлінеді. Нақты ас-тамақ ішетін ыдыс-аяқ: аяқ-табақ, табақ, тостаған, құман, құмыраша, кесе, қазан, қасық. Бұларды жалпы ыдыс-аяқтан жеке бөліп алмай-ақ бірге қарастырдық.
Ұлттық қол өнер лексикасын екі тақырыпшаға бөліп қарастырдық: 1. Ат-әбзелдері; 2. Зергерлік лексика; 1. Ат-әбзелдері: ауыздық, өмілдірік, жүген, айыл, тізгін, делбе, үзеңгі, тебінгі, тепкіншек, таға-доға, құйысқан, сақ ер, ыңыршақ, ершік, ашамай, ноқта-бұйда, тоқым, шылаушын, арба, қамшы (бүлдірге), қайыс-таспа-тарамыс, шылбыр, шынжыр, жіп (шыжым жіп), арқан, желі, керме, тұсамыс, шідер, бұғау (егеу), кісен, құрық, құрсақ-белбеу жатады. Бұлардың ішінде салыстырмалы түрде зерттеу мақсатында бұйда, бүлдірге, егеу, немесе о баста арқан, жіп, қайыс сияқты жеке қолданыста болып кейіннен мағынасы кеңейіп барып керме, желі екінші мағынаға ие болған лексикалар да зерттеу нысанына алынды. Ат-әбзелдері де бір-бірімен мағыналық қарым-қатынасқа түсіп, түбір тұлғалы әртүрлі болса да, қолданылуы жағынан бір мағыналы сөздер екендігі анықталды: үзеңгі~тебінгі~тепкіншек; таға~доға; ыңыршақ ~ ершік ~ сақ ер ~ ашамай; ноқта ~ бұйда; тұсамыс ~ шідер ~ бұғау ~ кісен; құрық ~ құрсақ-белбеу; арқан ~ шылбыр ~ жынжып ~ шылбыр; қамшы<>бүлдірге; керме~желі. 2. Зергерлік лексика: жүзік, білезік, сырға, алқа, сақина. Біз М-Ж. Көпеев шығармасындағы барлық зергерлік өнердің түрлерін емес, ішінен лингвистикалық талдауға түсетін, бір-бірімен тұлғалық және мағыналық жақындығы бар лексиканы ғана таңдап алып, зерттеуді мақсат тұттық. Ұлттық қол өнердің бірнеше түрі болады. Олар-ат әбзелдеріне, үй-тұрмыс шаруашылығына қатысты заттардың бәрін сәнді, әдемі қылып жасағанды әдетке айналдырған. Және заттың мәні мен мазмұнына қатты мән берген. Сыртқы дүние мен ішкі әлемінде үлкен үйлесімді байланыс болған. Мысалы, қамшы > бақсы, кісе > кісі > кіс > кісен, құрсақ > белбеу > құйысқан > құй, құйрық > құйма > құма > ұма, қанар > қанжыға > боқша, күрен > күрке > құр > құрық > құрмалдық > шалаш > құрсақ, қор > қоржын > қорамсақ, т.б.
Қару-жарақ атаулары. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларындағы қару-жарақ түрлерін мағынасына қарай, қолданылу мақсатына қарай: сақ ер, гүрзі, шоқпар, сота, таяқ >ұратын, соғатын; найза, сүңгі> түйрейтін, шаншып түсіретін; селебе, қылыш, балта> шабатын, кесетін; шаппа шот>үшкір оқтың ұшы және ұратын, соғатын; семсер, метін > шабатын, түйрейтін; мылтық, садақ, саржа > ататын; қорамсақ, кісе >оқ салатын қап; майдан>ұрыс, соғыс даласы, соғыс; қосын>әскер; ту қандау>жеңісті тойлау; кетпен, қалқан> қорғаныс қарулары – деп топтауға болдады. Қарудың мына түрлері М-Ж. Көпеев шығармасында жиі кездеседі: семсер, пышақ, қанжар, зырылдауық, жақ, оқ, садақ; Алпамыс – кездік, Қобыланды – садақ, бұқар жай. Зырылдауық тартты жылқыны қуып алды (Мәшһүр-Жүсіп., 45); Құс кездігін суырып,. Кеудесінен тіліпті (Алпамыс); Осы айтылғандардан басты-басты мына мәселелер қорытынды нәтижесінде алынды:
– М-Ж. Көпеев шығармаларындағы этномәдени лексиканың бастау көзі-бұлағы ауыз әдебиетінен басталып, көне түркі, ақын-жырау шығармаларымен, шығыс, орыс (еуропа) мәдениетімен де тығыз байланысты.
– Зерттеуде ХIХ екінші жартысы мен ХХ ғасырдың бірінші жартысында өмір сүрген ірі ақын Абайдың рухани шәкірті Мәшһүр-Жүсіп Көпеевтің этномәдени лексикасы әр қырынан мағыналық жағынан топтастырылып зерттелді. Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының идиоэтникалық параллельдердің о бастағы түбір тұлғасы мен түп мағынасы түркі, араб-парсы, монғол тілдерімен салыстырылып, қалпына келтірілді. Жүсіп Көпеев шығармаларының мифтік (шаман), діни (ислам), рухани лексемаларының кейбірінің бір-бірімен тығыз байланысты екендігі байқалды.
– Заттық мәдениет қазақ халқының әдет-ғұрпымен, салт-дәстүрімен де байланысты екендігі тілдік фактілерді талдағанда анық көрінді. Талдауға түскен единицалардың тілдік құрамынан басқа, мағыналық жағы да қоса жүретіні, мысалы: «ұмай» түбір тұлғасынан басқа түркі елінің көне этникалық мәдениетінен де сыр беретіні анықталды. Тілдік деректердің нәтижесі мен қорытындысы бізді тарих қойнауына тереңірек сүңгуге, арырақ баруға жетеледі.
– Заттық мәдениет формаларының белгілі бір табан тірейтін тиянақ тұғыры бары анықталды. Бос жерде сөз пайда болмайтыны белгілі болды. Бұндай этнолингвистикалық зерттеудің нәтижесінде әр тарау өз ішінде жүйелі мағыналық құрылымнан тұратыны тілдік единицаларды зерттеу барысында мүмкін болатыны, содан кейін ғана барып бір тұтас комплексті құрайтыны анықталды. Қазақ тілінің бірқатар этномәдени лексикалық бірлігінің (единицаларының) генезисін анықтау, олардың даму заңдылығын, құрылымын тануға мүмкіндік беретіні дәлелденсе, ең маңыздысы сол, өз кезегінде басқа да түркі тілдеріндегі табиғи этномәдени лексика бірлігінің құрылым-семантикасын анықтауға қол жеткізілді;
– М-Ж. Кµпеев шыѓармасындаѓы кµне, маѓынасы кµмескіленген не м‰лдем ±мытылѓан т‰бір сµздердіњ б±рынѓы маѓынасы ќандай болды, ќазіргі маѓынасы ќандай екендігі де зерттелді. Б±л арада сµзжасам ‰рдісінде жања туынды ќандай тєсілмен жасалса да, семантикалыќ сипат, семантикалыќ ‰рдіс – жања маѓынаныњ міндетті т‰рде болып отыратыны аныќталды;
– М-Ж. Кµпеев шыѓармаларындағы этномәдени бірліктерді зерттеу барысында сµздер ішкі даму негізінде жања ±ѓымдарды атау, маѓыналық жағынан т‰ркілік синкретизм делініп ж‰рген кейбір тілдік ќ±былыстар, сµз маѓынасыныњ кењеюі, тарылуы сияқты жеке мәселелерге де қысқаша тоқтала кетуге тура келді;
– М-Ж. Кµпеев шыѓармаларының этнолингвистикалық негіздерін зерттеу барысында фонетикалыќ (көкпар), лексика-семантикалыќ (тұл, тұлып) жєне грамматикалыќ факторлар (жауқазын, ұмай) бәрі бірігіп те, немесе жеке-жеке түрде де єр түрлі дєрежеде ‰лестерін ќосатыны аныќталды; Талдауға түскен кейбір единицалардың сөздік құрамынан басқа, мағыналық жағы да қоса жүретіні: (тәңір, ұмай, керемет, қожа т.б.) анықталды;
Түйін. М-Ж. Көпеев шығармаларының бастау – көздері бұлақтары анықталды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев Абайдан көп үлгі-өнеге алғаны байқалды. Шәкәріммен діни тақырыптары жағынан үндес келетіні, Дулаттан жаңа сапаға көтерілген поэзия үлгісін қабылдағаны белгілі болды. Мәшһүр-Жүсіп Көпеевте: мифология лексикаға, рухани мәдениетке, халық метрологиясына байланысты өте бай тілдік деректер көп екендігі анықталды. Олар – өз ішінде сан-салалы тілдік қатынастарға түсетіні белгілі болды. Этномәдени лексикалардың о бастағы түбір тұлғасы, алғашқы мағынасы анықталып, қалпына келтірілді. Мифологиялық, рухани лексикалар бір-бірімен байланыса өте тереңге кететіні көбіне өмірмен байланысты болып отыратыны анықталды. Бұл зерттеу болашақ ауқымды зерттеудің басы ғана екендігі белгілі болды. Өкініштісі сол, көптеген тілдік материалдар, тілдік деректер, ойға алған жайттар диссертация көлемі көтермеген соң жазылмай қалды. Мәшһүртануға байланысты бұл – зерттеу соңы болмаса керек. Алдымызда не бір қызықты да, қызғылықты зерттеулер күтіп тұрғаны анық.
Әдебиеттер
1 Досмұхаметұлы Х. Аламан / Х. Досмұхаметұлы. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 30.
2 Копыленко М. М. Основы этнолингвистики / М. М. Копыленко. – Алматы: Евразия, 1995. – С. 19.
3 Толстой Н. И. О предмете этнолингвистики и ее роли в изучении языка и этноса / Н. И. Толстой. // Ариальные исследования в языкознании и этнографии. Язык и этнос. – Л. ; – 1983. – С. 182.
4 Ахметьянов Р. Г. Сравнительное исследование татарского и чувашского языков / Р. Г. Ахметьянов. – М. : Наука, 1978. – С. 174, 105.
5 Толыбеков С. Е. Кочевое общество казахов в ХVII – начале ХХ веке (политико-экономически анализ) / С. Е. Толыбеков. – Алма-Ата: – Наука, 1971. – С. 192.
6 Ысқақов А. Кіріспе – Кіт.: Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі / А. Ысқақов. – Алматы; 1974. – Т. 1.– Б. 3.
7 Жанпеисов Е. Н. Этнокультурная лексика казахского языка (на материалах произведений М. Ауэзова) / Е. Н. Жанпеисов. – Алма-Ата: Наука, 1989. – С. 3, 73-75, 7-14, 18-21, 16-17, 15-17, 28-32, 73-75, 23.
8 Будагов Л. З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий / Л. З. Будагов. – СПб.: Типографія императорской академіи наукъ, 1869. – Т. 1. – С. 793, 162, 437, 384-553, 366, 406, 648, 754, 452, 507, 482, 753, 662, 483, 487, 454, 470, 165, 163-165, 496, 56, 496, 577, 428, 164, 165, 164 -165, 367, 649.
9 Проблемы этимологии тюркских языков. / редакционная коллегия. Г.А. Абдурахманов, А.А. Ахундов, Т.Д. Джанузаков, Е.З. Кажибеков, А.Т. Кайдаров (ответственный редактор), М.М. Копыленко, Ш.Ш. Сарыбаев, К.Ш. Хусаинов. – Алма-Ата: Гылым, 1990. – С. 310-314, 279-290, 344-345, 227, 187, 22-223, 124-125, 359-360, 307, 359-360, 224, 363, 310-314, 94, 357.
10 М. Қашқари Түркі сөздігі / Қашқари М. Алматы: Хант, 1997. Т. 1, 2, 3. – Б. 125, 585, 131, 150, 29, 133, 476, 8, 67, 96, 140, 96, 101, 112, 77, 66, 76, 71, 401, 134.
11 Малов С. Е. Язык желтых уйгыров / С. Е. Малов. – Алма-Ата: Наука, 1957. – С. 6, 110, 121, 47, 129, 45, 132, 82, 27, 118, 52, 148, 101, 148, 43.
12 Жұбанов Қ. Қазақ тілі жөніндегі зерттеулер / Қ. Жұбанов. – Алматы: Ғылым, 1966. – Б. 40, 65, 544, 75, 121-122, 121, 5-6, 74, 121.
13 Қалиев Б. Қазақ тіліндегі өсімдік атаулары / Б. Қалиев. – Алматы: Ғылым, 1988. – Б. 6, 42.
14 Ботайқызы Ш. С. Өсімдіктерге байланысты тұрақты тіркестердің этнолингвистикалық сипаттамасы.: кан. дис. автореф. / Ш. С. Ботайқызы. – Алматы; 1999.
15 Боброва Т. А. Из истории ботанических терминов / Т. А. Боброва. // Русский язык в школе. – 1988. – № 4. – С. 93.
16 Керимбаев Е. А. Лексико-семантическая типология оронимии Казахстана.: автореф. кан. дис. / Е. А. Керимбаев. – Алма-Ата; 1988.
17 Радлов В. В. Опыт словаря тюркских наречий / В. В. Радлов. Петербургъ. S PETERSBOURG: 1911. – Т. 4. – Ч. 1. – С. 797, 816, 344, 982, 1080-1081, 802, 806, 794; 1905. – Т. 3. – Ч. 2. – С. 2069, 1120, 1891, 1518, 2087; 1905. – Т. 3. – Ч. 1. – С. 1120, 469, 567, 19, 298, 299, 624, 528, 615, 619; 1893. – Т. 1. – Ч. 2. – С. 1515, 1552, 1893, 1438, 1071, 1358; 1911. – Т. 4. – Ч. 2. 2221, 1647, 2156, 1764, 1171, 1501-1502, 2144, 2069; 1893. – Т. 1. – Ч. 1. 1072-1120, 261, 335, 277;
18 Баскаков Н. А. Тюркская лексика в «Слов о полку игореве» / Н. А. Баскаков. – М. : Наука, 1985. – С. 113-114, 154-155, 171, 21, 170, 134.
19 Водчак Т. В., Папова В. Н. Отражение растительного мира в топонимах Казахстана / Т. В. Водчак, В. Н. Папова. // Тюркская ономастика. – Алма-Ата: Наука, 1984. – С. 172.
20 Будагов Л. З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. / Л. З. Будагов. – СПб. : Типографія императорской академіи наукъ, 1871. – Т. 2. – С. 94-95, 78, 50, 364, 137, 325, 161, 171, 483, 487, 122, 219, 275, 171, 172, 112, 131, 144, 82-83, 78, 79, 152, 172, 109, 11, 341, 82, 72, 190, 26, 376, 121, 173.
21 Песень Козы – Корпече и Баян – слу. Авторизованный перевод с казахского Г. Н. Тверитина. – Алма-Ата: Казахстанское краевое издательство, 1935. – С. 52, 104.
22 Этимологический словарь тюркских языков. – М.: Наука, 1989. – С. 236-237, 208, 39-40, 134-142, 9-10, 175-178.
23 Қалиев Ғ., Сарыбаев Ш. Қазақ диалектологиясы / Ғ. Қалиев, Ш. Сарыбаев. – Алматы: Мектеп, 1979. – Б. 71.
24 Аманжолов С. Вопросы диалектологии и истории казахского языка. Выпуск 1. / С. Аманжолов. – Алма-Ата: Издательство Академ. Наук. Каз. ССР., 1959. – С. 407, 432, 380, 414, 152-153, 376, 358, 368, 365, 403.
25 Махмут Қашқари Түбі бір түркі тілі / Махмут Қашқари. – Алматы: Ана тілі, 1993. – Б. 112, 165.
26 Дмитриев Н. К. Грамматика башкирского языка / Н. К. Дмитриев. М-Л. ; 1948. – С. 53.
27 Кононов А. Н. Грамматика современного турецкого литературного языка / Кононов А. Н. М-Л. ; 1956. – С. 222.
28 Тлепин Б. Қ. Мал шаруашылығына қатысты лексиканың этнолингвистикалық табиғаты.: кан. дисс. автореф. / Б. Қ. Тлепин. – Алматы; 1997. – Б. 13.
29 Шаңырақ. – Алматы: Қазақ Совет энциклопедиясының Бас редакциясы, 1990. – Б. 98.
30 Қалиев С., Оразаев М., Смайлова М. Қазақ халқының салт-дәстүрлері / С. Қалиев, М. Оразаев, М. Смайлова. – Алматы: Рауан, 1994. – Б. 70.
31 Сейдімбеков А. Күңгір-күңгір күмбездер / А. Сейдімбеков. – Алматы: Жалын, 1981. – Б. 118.
32 Қазақ тілі тарихы мен диалектологиясының мәселелері. – Алматы; 1960. – Б. 61, 86, 103, 136, 86, 95.
33 Исламова З. А. Названия продуктов питания в словаре Махмута Кашкарского «Дивану Лугат ит турк» / З. А. Исламова. // Вопросы тюркского языкознания. – Алма-Ата: Наука, 1985. – С. 89-91.
34 Алтынсарин И. Собр. Соч.: В 3 Т. / И. Алтынсарин. – Алма-Ата; 1976. – Т. 2. – С. 287.
35 Құрбанғали Халид. Тауарих хамса / Құрбанғали Халид. – Алматы: Қазақстан, 1992. – Б. 178-179, 101.
36 Суник О. П. Существительное в тунгусо-маньчурских языках. В сравнении с другими алтайскими языками / О. П. Суник. – Л. : Наука, 1982. – С. 114-115.
37 Жанпейісов Е. М. Әуезовтің «Абай жолы» эпопеясының тілі / Е. М. Жанпейісов. – Алматы: Ғылым, 1976. – Б. 42-43, 87-91, 130, 78, 130, 7-8, 131, 96, 124-125, 76, 127, 130, 101, 111 .
38 Жанпейісов Е. Этнографиялық этюдтер / Е. Жанпейісов. // Қазақстан мектебі. – 1993. – № 11. – Б. 89, 79.
39 Жанпейісов Е. Қазақ тіліндегі кейбір сөздердің этимологиясы туралы / Е. Жанпеиісов. // Қазақ тілі грамматикасы бойынша зерттеулер. – Алматы: Ғылым, 1975. – Б. 101-102.
40 Мұқаметханов Қ. Келелі іске кемелдік жарасады / Қ.Мұқаметханов // Жұлдыз. – 1986. – № 11. – Б. 164-165.
41 Кайдар А. Тысяча метких и образных выражений / А.Кайдар. – Астана: Білге, 2003. – С. 154, 133.
42 Атабаева Б. А. Л. Будагов сөздігінің этимологиялық тұрғыдан құндылығы / Б. А. Атабаева. // ҚазМУ Хабаршысы. Филология сериясы – 1998. – Алматы; – № 177. – Б. 102-103.
43 Сравнительно – историческая грамматика тюркских языков: фонетика. – М. : Наука, 1984. – С. 79, 158, 314.
44 Жанпейісов Е. Историко – этимологические заметки / Е.Жанпейісов. // Известия АН: КазССР. – 1980. – № 1. – С. 43.
45 Алиев Г. А. Этнолингвистические аспекты бытовой лексики азербайджанского языка (сравнительно с казахским и другими тюркскими языками).: автореф. кан. дис. филолог. наук. / Г. А. Алиев. –Алматы; 1999. – С. 13, 14 - 15.
46 Манкеева Ж. А. Ќазаќ тілініњ заттыќ мєдениет лексикасы.: филолог. ғылым. док. дис. автореф. / Ж. А. Манкеева. – Алматы; 1997. – Б. 41, 46, 20, 40, 32.
47 Ќазаќтыњ зергерлік єшекейлері. – Алматы: Өнер, 1985. – Б. 13.
48 Жєнібеков ¤. Жолайырыќта / ¤. Жєнібеков. – Алматы: Рауан, 1995. – Б. 63-95, 34.
49 Ж‰нісов Н. Халыќ тілініњ жергілікті ерекшеліктері / Н.Ж‰нісов. – Алматы: Мектеп, 1981. – Б. 86, 72, 116.
50 Ысќаќов А. Ќазіргі ќазаќ тілі / А. Ысќаќов. – Алматы: Ана тілі, 1991. – Б. 145-146, 53-55, 284.
51 Грамматика русского языка. – М.: Издательство Академии Наук СССР, 1960. – С. 245, 29.
52 Манкеева Ж. А. Қазақтың киім-кешек атауларына этнолингвистикалық талдау / Ж. А. Манкеева. // ҒА. Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1996. – № 3. – Б. 40, 38-39, 39.
53 М±ќанов С. Халыќ м±расы / С. М±ќанов. – Алматы: Қазаќстан, 1974. – Б. 117, 114, 124, 120.
54 Есмағамбетов К. Көне Қазақстанды көргендер / К.Есмағамбетов. – Алматы: Мектеп, 1979. – Б. 121, 56, 24, 4-5.
55 Қарағұлова Б. С. Тарихи жырлар лексикасы.: филолог. ғылым. кан. дис. автореф. / Б. С. Қарағұлова. – Алматы: 2000. – Б. 19, 20, 21.
56 Құрбанғали Халид. Тауарих хамса / Құрбанғали Халид. – Алматы: Қазақстан, 1992. – Б. 178, 177-178, 157, 240.
57 Габескирия Ш. В. Лексика пройзведений Юнуса Эмире.: автореф. кан. дисс. / Ш. В. Габескирия. – Тибилиси. 1984. – С. 12.
58 Арғынбаев Х. Қазақ халқының қолөнері / Х. Арғынбаев. – Алматы: Өнер, 1987. – Б. 63, 64, 40, 44, 42, 47, 33, 63.
59 Казахский фольклор в собрании Г. Н. Потанина. – Алма-Ата: Наука, 1972. – С. 353, 149.
60 Левшин А. Н. Описание киргиз-казачьих, или киргиз-кайсацких, орд и степей (опд ред. Академика М.К.Койшыбаева) / А. Н. Левшин. – Алматы: Санат, 1996. – С. 308.
61 Н±рмаѓамбетов Є. Жер-судыњ аты-тарихтыњ хаты / Є.Н±рмаѓамбетов. – Алматы: Балауса, 1994. – Б. 25, 22, 56.
62 Әбіласан Ә. Көне сөздер құпиясы / Ә. Әбіласан. – Алматы: Ана тілі, 1995. – Б. 33.
63 Қазақстан тарихының хрестоматиясы. – Алматы: Рауан, 1992. – Б. 92, 65.
64 Марѓ±лан Є. Ќозы кµрпеш - Баян с±лу кешені / Є.Марѓ±лан. // Ж±лдыз. – 1983. – № 2. – Б. 169.
65 Сарыбаев Ш. Ќазаќ тіл білімі мєселелері / Ш. Сарыбаев. – Алматы: Арыс, 2000. – Б. 543, 471, 507.
66 Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері / Ә. Қайдар. – Алматы: Ана тілі, 1998. – Б. 146, 281, 35, 32, 34, 35.
67 Малов С. Е. Памятники древнетюркской письменности текста и исследовании / С. Е. Малов. – М.: Издательство Академии Наук СССР, 1951. – С. 110, 70.
68 Сарыбаев Ш. Ш. Проблемы казахской региональной лексикографии.: автореф. док. дис. филолог. наук:. / Ш. Ш. Сарыбаев. – Алма-Ата; 1973. – С. 88, 75.
69 Кайдаров А. Т. Доспехи и вооружение война-батыра в казахском эпосе и их этнолингвистическое обьяснение / А. Т. Кайдаров. // Известия Ан. Каз ССР, серия общественная. – 1973. – № 67. – C. 29.
70 Баскаков Н. А., Баскаков А. Н. Современные кыпчакские языки / Н. А. Баскаков, А. Н. Баскаков. – Каракалпакстан: Наука, 1987. – С. 5.
71 Аврорин В. А. Грамматика Нанайского языка / В. А. Аврорин. – М-Л. : Наука, 1959. – С. 69.
72 Ибатов А. Ќазаќ тілініњ туынды сµздер сµздігі / А. Ибатов. – Алматы: Мектеп, 1988. – С 132.
73 Кайдаров А. Т. Структура односложных корней и основ в казахском языке / А. Т. Кайдаров. – Алма-Ата: 1986. – Б. 302, 227.
74 Шойбеков Р. Н. Кейбір түр-түс атауларының мағыналары / Р. Н. Шойбеков. // Қазақ ССР ҒА. Хабарлары. Филология сериясы. – 1990. –№ 3. – Б. 17, 16.
75 Сагындыков Б. Сравнительный анализ лексики тюркоязычных памятников ХIV веке. (по метериалом «Мухаббат - наме» Хорезми, «Хосрав и Ширин» Кутыб и «Гулистан бит - турк» Сейф Сарай).: автореф. диссерт. на соис уч. степ. к.ф.н. / Б.Сагындыков. – Алма-Ата; 1977. – Б. 16.
76 Курышжанов А. К. Исследование по лексике старокыпчакского письменного памятника ХII в. - «Тюркско - арабского словаря» / А. К. Курышжанов. – Алма-Ата; 1970. – С. 7-15, 148.
77 Малбақов М. Ескі сөздерді ескерсек... / М. Малбақов. // ҚР.ҒА. Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы. – 1992. – № 5. – Б. 15, 13-19, 18-19.
78 Номинханов Ц. Д. Материалы к изучению истории калмыцкого языка / Ц. Д. Номинханов. – М. : 1975. – С. 130.
79 Малов С. Е. Уйгурские наречия Синьцзяна / С. Е. Малов. – М. : Издательство Военного литературы, 1961. – С. 125.
80 Ќыз Жібек. – Алматы: Ќазаќ ССР Ѓылым Академиясыныњ баспасы, 1963. – Б. 286, 289.
81 Уєлиханов. Ш. Тањдамалы / Ш. Уєлиханов. – Алматы: Жазушы, 1985. – Б . 101, 110, 376, 175, 290.
82 Жєнібеков ¤. Жолайырыќта / ¤. Жєнібеков. – Алматы: Рауан, 1995. – Б. 18-19, 23.
83 Байпаќов К., Н±ржанов А. ¦лы жібек жолы жєне ортаѓасырлыќ Ќазаќстан / К. Байпаќов, А. Н±ржанов. – Алматы: Ќазаќстан, 1992. – Б. 126, 84, 162.
84 Лихачев Д. С. Слово о полку Игореве / Д. С. Лихачев. – М. : Просвещение, 1982. – С. 136.
85 М±сабаев Ѓ. Ќазаќ тілі тарихынан / Ѓ. М±сабаев. – Алматы: Мектеп, 1988. – Б. 117, 118, 24, 119.
86 Сулейменов О. Ассирийский период / О. Сулейменов. // Казахстанская правда. – 2001. – 18 мая. – С. 3.
87 Сулейменов О. Аз и Я / О. Сулейменов. – Алма-Ата: Жазушы, 1975. – Б. 226.
88 Арынов Мұхтар. // Павлодар облысының «Сарыарќа самалы» газеті. – 2003. – № 5 (13450).
89 Гумилев Л. Н. Кµне т‰ріктер / Л. Н. Гумилев. – Алматы: Білім, 1994. -84 б: LIu Mau-tsai, Die Chinescnen Nacnricnten, s. – Б. 70, 174, 471 – 472, 58-59.
90 Аханов К. Тіл білімінің негіздері / К. Аханов. – Алматы: Санат, 1993. – Б. 144, 195, 178.
91 Ќайдаров Ә., Оразов М. Т‰ркологияѓа кіріспе / Ә. Ќайдаров, М.Оразов. – Алматы: Мектеп, 1985. – Б. 124.
92 Томанов М. Т‰ркі тілдерініњ салыстырмалы грамматикасы / М.Томанов. – Алматы: Ќазаќ университеті, 1992. – Б. 69.
93 Хасенова А. Етістіктіњ лексика-грамматикалыќ сипаты / А.Хасенова. – Алматы: Ѓылым, 1971. – Б. 183.
94 Ќазаќ тілініњ грамматикасы. – Алматы: Ѓылым, 1967. – Б. 176.
95 Қазақ ССР тарихы. – Алматы: Қазақ мемлекет баспасы, 1957. – Б. 91, 88, 270.
96 Дала уалаяты газеті. / Құрастырушы: Ү. Субханбердина / – Алматы: Ғылым, 1994. – Б. 186-187.
97 Ќайдаров А. Т., Керимбаев Е. А. Этнолингвистические аспекты казахской ономастики / А. Т. Ќайдаров, Е. А. Керимбаев. // Ќазаќ ССР Ѓылым академиясыныњ хабарлары. – 1990. – № 3. – Б. 6.
98 Мурат Аджи. Кипчаки. Древняя история тюрков и великой степи / Мурат Аджи. – М. : Новости, 1999. – Б. 85.
99 Сулейменов О. Язык письма / О. Сулейменов. – Алматы: Рим: San Paolo, 1998. – С. 352.
100 Нұрмағамбетов Ә. Сөз сырына саяхат / Ә. Нұрмағамбетов. – Алматы: Жалын, 1990. – Б. 89, 68-69, 22.
101 Керимбаев Е. А. Этнокультурное основы номинации и функционирования Казахских собственных имен.: автореф. ...док. фил. наук:. 04.02. 92. / Е. А. Керимбаев. – Алма-Ата: Тіл білімі институты, 1992. – С. 20-21.
102 Маргулан А. Х. Бегазы-Дандыбаевская культура центрального Казахстана / А. Х. Маргулан. – Алматы; 1998. – Б. 454-455, 366-367.
103 Арзиев Р. У. Лексико - стилистические особенности языка поэмы «Кутадгу Билик» Юсуфа Хас Хаджиба.: автореф. кан. дисс. ф.н. / Р. У. Арзиев. – Алма-Ата; 1991. – С.11.
104 Диваев Є. Тарту / Є. Диваев. – Алматы: Ана тілі, 1992. – Б. 244.
105 Бартольд В. В. Работы по истории и филологии тюркских и монгольских народов / В. В. Бартольд. – М.: Сочинение.V. Главная редакция восточной литературы. Наука, 1968. – С. 137, 78, 44, 84, 27.
106 Қазіргі қазақ тілі. – Алматы: Ќазаќ ССР Ғылым академиясыныњ баспасы, 1954. – Б. 128.
107 Кайдар А. Тысяча метких и образных выражений / А.Кайдар. – Астана: Білге. – С. 332.
108 Қазақша түрікше сөздік. – Түркістан: Туран, 2003. – Б. 52- 53.
109 Томанов М. Тіл тарихы туралы зерттеулер / М. Томанов. – Алматы: Ғылым, 2002. – Б. 76, 273.
110 Манкеева Ж. А. Мєдени лексиканыњ ±лттыќ сипаты / Ж. А. Манкеева. – Алматы: Ѓылым, 1997.
111 Нақысбеков О Қазақ тілінің ауыспалы говоры / О.Нақысбеков. – Алматы: Ғылым, 1972. – Б. 90.
112 Айдаров Ғ. Орхон - Енесей және көне ұйғыр жазба ескерткіштерінің тілі / Ғ. Айдаров. – Алматы: Рауан, 1995. – Б. 156.
113 Мурад Аджи. Полынь половецкого поля / Мурад Аджи. – М. : ТОО ПИК-КОНТЕКСТ, 1994. – С. 112.
114 Фасмер М. Этимологический словарь русского языка ( А – Д) / М. Фасмер. – М. : Прогресс, 1964. – Т. 1. – С. 85, 41.
115 Краткья грамматика казакъ киргизского языка. Часть I. Фонетика и этимологические состояние. состовитель П. М. Меліиоранскій. – СПб. : Типографія Имперской Академіи Наукъ. Вас. Остр. 9 лин., – № 12. – 1894. – Б. 30.
116 Уәлиев Н. Кейбір этнографизмдердің лексика-семантикалық аясы / Н. Уәлиев. // ҚРБ және ҒМ-нің ҰҒА-ның Хабарлары. Тіл, әдебиет сериясы, – 2000. – № 2. – Б. 53, 54.
117 Янушкевич А. К‰нделіктер мен хаттар / А. Янушкевич. – Алматы: Жалын, 1979. – Б. 51.
118 Шойбеков Р. Ќазаќ зергерлік µнеріндегі кейбір ањдар мен ќ±старѓа, жыланѓа байланысты атаулардыњ этнографиялыќ мєні / Р.Шойбеков. // Ќазаќ ССР Ѓылым академиясыныњ хабарлары. Тіл, єдебиет сериясы, – 1990. – № 2. – Б. 15, 38.
119 Сыздықова Р. Сөздер сөйлейді / Р. Сыздықова. – Алматы: Мектеп, 1980. – Б. 33-34, 102-103, 102, 91, 94.
120 Байжанов Т. Қазақ әскери лексикасының тарихы.: ф.ғ.д., ғылыми дәрежесін алу үшін жазылған диссертациясы: / Байжанов Т. – Алматы; 1993. – Б. 68, 107, 71, 73, 165.
121 Байжанов Т. Военная лексика в казахском языке.: автореф. кан. филол. наук: / Т. Байжанов. – Алматы: 1973. – С. 15, 5, 7.
122 Шойбеков Р. Зергерлік құралдардың кейбір атаулары // Вопросы тюркского языкознания. Из. Наук. Каз.ССР. – Алма-Ата; 1985. – Б. 112.
123 Байжан Т. Кейбір әскери терминдердің этимологиясы / Т. Байжан // Қазақстан мектебі. – № 11. – Б. 92.
124 Досќараев Ж. Ќазаќ тілініњ жергілікті ерекшеліктері (лексика) II бµлім. – Алматы: Ќазаќ ССР. Ѓылым Академиясыныњ баспасы, 1955. – Б. 96.
125 Бухатын Б. Краткая сравнительная – историческая грамматика монгольского и казахского языка. // Доклад. Обобщающий содержание опубликованных и выполненных работ, представленных к защите на соискание ученой степени к.ф.н. / Б. Бухатын. – Алма-Ата; 1974. – Б. 21.