«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы заттық мәдениет лексикасы» : Монография. 1 том. Павлодар : Кереку, 2008. 244 б
Вид материала | Монография |
- Избранное, 886.75kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар удк 94(574. 25)(075. 8) Ббк 63. 3(5Каз)я73, 3259kb.
- История зарубежной социологии Учебно-методическое пособие для студентов всех специальностей, 725.22kb.
- Габит Нажмединович Иренов. Павлодар: Павлодар гос ун-т, 2008. 285 с. Isbn 9965-08-323-1:, 414.13kb.
- Учебное пособие Павлодар Кереку 2010 удк 53 (075. 8) Ббк 22. 3я73, 1449.38kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар Кереку 2009 удк 316(038) ббк 81. 2Англ-4+60., 1211.12kb.
- Қазақстан Республикасының Мәдениет министрлігі, 186.4kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар удк 94(574. 25) Ббк 63. 3(5Каз), 6238.86kb.
- Врамках программы «Прометей» Павлодар 2007 удк ббк 63. 3(5Каз), 8203.42kb.
- Список публикаций сотрудников Апатитского филиала мгту в 2008 году Монографии, 492.82kb.
Ат-әбзелдері лексикасы
Ауыздық. Ауыздықпен су ішкен аттай болдық (М-Ж, 140). Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайын (М-Ж., 208);
Ауыздық – ліг. Иүгенлігі – жүгеннің ауыздығы (Қашқари, 201); Л.Будагов: 3) въ названіяхъ членовъ т


Ауыздық сөзін (ау+ыз+дық) түбір мен қосымшаға бөліп қарастырамыз. Ауыз сөзінің түбір тұлғасы балық ұстайтын ау мен салыстырамыз. Бұл сөздердің семантикалық мағынасы жуық. -Ыз (ы+з) құрамы туралы әртүрлі пікірлер бар. М. Қашқари (136), С.Е. Малов (ПДТП: 51–52) -з-ны көптік мағыналы қосымша деп көрсетеді. Мысалы: меңіз (65-бет), көкүз (көкірек), ағыз (ауыз) фактілерді келтіреді. Бұл орайда, А. М. Щерба мен А.Н. Кононовтың пікірі басқаша (Томанов, 63-бет). М. Томанов: ғ дыбысы көне түркі тілінде дауыстылармен бір тіркесте жұмсалған: -аға-бағыр ~ бауыр, ағыр ~ ауыз; ағыр ~ ауыр, ағыл ~ ауыл [109, б.76]. Ахс `рот`, `уста`; ахсы `(< ағызы)`рот`, `уста` (С. Малов, 19). -Дық зат есімнен туынды түбір жасайтын жұрнақ (Н. Оралбай, 2002: – 116 бет; Ысқақов, 117- бет).
Түйін. Ауыздық>ау>ыз (ы+з) -дық=ауыздық. Ауыз>уыз жасалу моделі бір сияқты. А (ауызды ашу ) уыз (алғашқы) деп қарастыруға да болады.
Өмілдірік. Қоңыраулы жүген, күмбезді өмілдірікті көп жасадым (Жұлдыз; 1978). Өмілдірік сары алтын, күлікке тақса болар сол (М-Ж., 25). Жабу сыртынан өмілдіріктеп, құйысқандап күміс ер-тоқым ерттепті (Әуезов, 1987).
Кÿмÿльдÿрÿкъ – тур. كملدرك тоб., كرمولتريك күмүлтрйк хомут; ошейникъ съ кораллами, над

Түйін. Сол сияқты еме > меме > мама > ене > түбірлес сөздер. Демек, ем > өм > өмілдірік болуы мүмкін.
Жүген. Сонан соң жеті жасар Желкілдек өзі жүгендеймін деп ұмтылған екен, тай бүлк етпейді. Жүгенің кеңсірігіме батып барады, құйысқаның құйрығыма батып барады (М-Ж., 158-159); Орнатқан гауһар құйысқан Сауырына сыртылдатып (М-Ж., 232); Кішкене жүген – КҮУҮЧ. КҮWҮЧ . Кууч иүгүн. Кішкене жүген (М.Қ. 3 т. 1997: 225).
Жүген ~ юген, алт. Уйгенъ, ÿгенъ, узда, уздечка; оброть (над

Түйін. Олай болса – жүген (кіс+ен, түм+ен, бүй+ен) жүг (жүр // жүй) +ен қосымшасы арқылы жасалған сөз демекшіміз. Ал, түбірі йік // йек болуы да мүмкін.
Айыл. Айылын тартып алғанда, Адамдай тұрып сайрайды, – Батыр Сайын саспашы, Ауыздығын боз ат шайнайды (М-Ж., 208); Айылды ағытады. – Алдыңғы айылымды бос тарт, артқы айылымды берік тарт, – деді (М-Ж., 159). Айыл – қайыс тартпа (ҚТТС, 23; ҚТДС, 26; Шаңырақ, 39; Подпруга, подбрюшник – Қ – О сөз. 2001: 33; широкий ремень седла или седел – Ожегов, 1963; – М. Фасмер под және пруга деп қарастырады, 1932: 300; ремень, широкая тесьма для перетяги – В. И. Даль, 2001: 492). Айыл – ер тоқым, ершік, ашамай, ыңыршақ қыр арқадан ауып кетпес үшін көлік малының бауырын орай тартатын жіңішке тартпа (ҚҰЭ, 1998: 153). Айыл – подпруга Қ. Бектаев, 2001: 34; Айыл – жалпақ қайыс ҚТС, 199, 23; Айыл сөзінің құрамын ажыратсақ түбірі айы, -л жұрнақ болады. Мысалы: Жалғандықтың айы өтті тіркесінің құрамында айы сөзі сақталған. Айы сөзі жеке тұрып ешқандай мағынаға ие бола алмайды. Орхон-Енесей ескерткішінде: айын-қорқу, қауіптену мағынасында сақталған (ДТС, 1969: 29). Қазіргі түрік тілділердің ішінен туваларда: айыылдыг – қауіпті, ал айыыл – қауіп деген мағыналарда қолданылады (Рус.-тув. Сл., 1980). Монғол тілдерінде айх – қорқу, елегізу, шошыну болып түсіндіріледі (Мон.-қаз. Сөз. 1954). -Л (-ыл, -іл, -л) көнерген жұрнақ жаңа сөздердің құрамынан кездеспейді. Жасыл (қызыл) йаш (жас, көк; көк шөп) сөзімен салыстыруға болады. Сол сияқты, бат, жең, -л аффикстері арқылы жасалғаны айқын. Сын есім жасайтын жұрнақтар актив қолданылған. Бұл келтірілген фактілер -л қосымшасы етістік түбірімен бірігіп тұтасқаны, сөйтіп, бүкіл негіз есім түрінде ұғынылғанын дәлелдейді (Томанов, 187 қараңыз.). Н.А. Баскаков бұл жұрнақтық тегін -гъыл, -геел, -гъал, -гел тұлғаларынан шығарады. М. Хабичев: -къал, -гъыл, -уул, -геуюл жұрнағынан туған деп есептейді. Ф. А. Ганиев -ғыл/-гел, -қыл/-кел жұрнағын -ыл, -ел, -л жұрнағынан бөлек алып қарайды. Э.В. Севортиян -л жұрнағын әрі есім әрі етістік негізінен есімдер тудыратын синкретизм деп есептейді. Бұл орайда, Ғ. Қалиевтің «Қазақ говорындағы диалектілік сөз тудыру» еңбегін атаймыз (қараңыз: 1985, 172). Сонымен, -л әрі есім, әрі етістік тудыратын жұрнақ болып табылады. Адарғы сөзінің айырғы мағынасында болғандығы айтылады (Қ. Жұбанов, 122). Қырғыздар – аил (айыл) (Ш.У. 244). Томанов: айыр, ажыра (ағаш қақ айырылды, бірі-бірінен ажырады), МҚ: адзышты – айрылысты, адзырылды – айырылыды, адзры – екі айырылды. Сөйтіп, қазақ тіліндегі бұл етістіктер бір түбірдің екі вариантының негізінде қалыптасқан. Варианттардың шығуы – аффрикат дыбыстардың екіге жарылуының нәтижесі. Бірақ, бастапқы түбір қай мағынада – оны ашып айту қиын – дейді (Томанов, 2002: 146). И. Абдулвалиев аүїl `загон для скота` деген терминді генетикалық жағынан айыл `кольцо катура, подпруга` (каз) салыстырады (ПЭТЯ, 1990: – С. 264). Бұл туралы үй (ев) бөлімінен оқи аласыздар. Екі айылдан (тартпадан) атқа көбірек бататыны – қарнынан тартылатын шап – айыл. Тас айыл үнемі қатты тартылады, өйткені ол қаусыратын тұста тынысты қорғайтын төс сүйек бар (С.М., 119). Төс айылдың, батқанын иесі емес ат білер, Ағайынның қадірін жақыны емес, жат білер... – деген мысал осындайдан шыққан.
Түйін. Айыл > айы + л. Айыл, айыр, айырғы түбірлес сөздер болуы мүмкін.
Тізгін. Мұсылман баласына тиді тізгін (М-Ж., 56). Екі де тізгін, бір айыл, «Бір өзім» деп салысты (М-Ж., 34); Жәрдем – тізгін тәңірімнен тисе қолға, Не бар қарап тұратын оң мен солға? (М-Ж., 137).
Тізгін: тіз+гін түбір мен қосымшадан тұрады. Губная форма корневого гласного – результат смешения глагола диз- с глаголом дүз- `приводить порядок`. Выстраивать цепочкой, ставить в рят т.б. А.М. Щербак представляет в виде *тіс- `нанизывать`. Tez=tyz `писать, чертить` (Севортян: 218). Дізгін вожжи (Радлов, III том. 1773). Мүмкін тіс (тістің қатарлануынан) тіз болуы. Тіз – колено (часть тела) (Малов, 118). Ауыздықпен ат айдаушының қолын жалғастыратын бау – «тізгін» аталады (С.М., – Б. 120).
Түйін. Өмілдірік өм>ома>омыраулық//өмілдірік (сағалдырық, көзілдірік, ауыздық т.б.) осы ат-әбзелі сияқты дүз > диз > тес > түс > тіс > тізгін (тіз+гін) пайда болуы әбден мүмкін. Тіс>тізгін.
Делбе Тұрады топты көрсем бүйірім қызып, Делебем айғай шықса, кетер қозып (М-Ж., 125). Делбеңді тарт қара сорға енді түстік, арбаның тегершігін қойшы қысып (М-Ж., 465).
Делбе (вожжи) атты айдау мен делебе (делебесі қозып) мағыналық жақындық байқалады. (Бож): божы, делбе (вожжи). ЖуЖо. (С. Аманжолов, 1959: 364 б.). Делбе сөзі якутша «дэлбэргэ» (Э. Пек., СЯЯ, I 1958: 688), кейде «дэлбиргэ» (Як.-рус.сл., 1972: 122); Л. Будагов каз. دلبه дилбэ, дж. تيلبا, تلبه (=тур. دلي) сумасбордный, глупый, дуракъ دلبلك(1869: 564). Тур. іелве – грива лошади (п. жал) конскій волосъ. (Будагов, 365). Дел түбірі тува. – чел, якут – сиэл, монғол – дэл, қалмақша – дел. Нұрмағамбетов дел бір буынды түбір о баста жал болған дейді. Біздің қосарымыз, М. Фасмер бұл сөзді добычи, вожжи, тау шыңы деген мағынасы барлығын славян тілдерімен салыстыра қарастырады (ЭСРЯ). Дел – балық аулайтын сүзектің кереге көзінің жібі (нитки в решетках рыболовной сети). Тур. КО. Делбе: в литературном языке оно значает «бешенство», а здесь: божы (от русск. «вожжи») (С. Аманжолов, 1959: 370). Ә. Қайдар: делебе > деле көптеген түркі тілінде тели // телі//теле//тилү//тили//дели//дилбә//телбә//делі//телік т.б. «ақылсыз, онша ақылды емес, мисыз», «жынды», «жармес» (қар. ҚТҚЭС, 66-67). Қазақ тілінде делебе `жылқы ауруы – вертячка` немесе делі - құлы `жынды`; телі – тентек `бузотеры, жанжал шығарғыш` *делі//*деле//*телі түбірінен шығатынын айтады. Ал, туынды *делебе тұрақты тіркес делебесі қозу мағынасында қолданылатынын тіліне тиек қылған (Қайдар, 2003: 96). Ә. Құрышжанов делебе сөзінің көбіне түркі тілдерінде ауысқан, ессіз, мисыз, жынды деген мағынасы барлығын айтады (Қазақстан мектебі. 1973: № 12). Аякөз маңында делебе - деп атты керекті бағытына бағындыратын «божыны» айтады. Делбе жылқы ауруы мен делебе сөздерінің мағынасы бір болуы мүмкін. Будаговта қаз. делбе (длбе, дилбе) тур. сумасбродный, глупый, дуракъ деген де мағынасын көрсетеді (564). Осы делебе бірлігі атты айдайтын делбе (божы) сөзінің тууына себеп болмады ма екен деген ой туады. Өйткені, аттың да делебесі қозып, қатты жүріске салатыны бар.
Түйін. Делбе (вожжи) түріктің төл сөзі болуы мүмкін. Жал>дел>делбе>делебе болуы да мүмкін. Дел > туынды сөз делебе > жал (жалбақай).
Үзеңгі. Бұрынғы заманда соло бадан Тоқтамыстың үзеңгісін тауып алғандар болып, үзеңгінің кеңдігі бұл заманның атының басы сыйып кететұғын деген екен (М-Ж., 81).Сүйді ол үзеңгісін жетіп барып (М-Ж., 167); ...үзеңгісіне шірене тұрып сауыт бұзар жебесін қақ маңдайдан қарыс сүйем кіргізді (І. Есенберлин. 1986: 18).
Үзеңгі сөзінің мағынасын моңғолдарда «дөрөө» (Қаз. -қал. Сл., 1964, 689) тұлғалары ұғындырады. Сондай-ақ, монғолдар мен қалмақтарда «баспалдақ» мағынасында, біріншісінде – «даруулга», екіншісінде – «дөрә» дыбысы құрамындағы сөздер бере алады (Мон. –қаз.сөз., 1954, 76; Рус.қал., 1964, 269). Осыған қарағанда, өте ерте заманда «үзеңгі» сөзі қазақтарда да «таралға» қалпында аталуы мүмкін. Кейін тілімізге парсы тілінен ауысқан «зинэ» л


Түйін.Үзеңгі > саты (басқыш) жерден үзіліп, жоғары (көкке) ұмтылу. Үзіктің осы мағыналық жағынан жақындығы бар. Үзеңгі мен Зеңгі баба мифкке дейін көтерілуінде бір мән бар. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек.
Тебінгі мен тепкіншек сөздері бір түбірден өрбіген. Тебінгі терге шірімей, Терлігі майдай ерімей (М-Ж., 180. Ауыз әдебиеті үлгісінен); Қайтып келіп еліңе, тебінгіден тер келіп, Қабырғадан қан кетіп (М-Ж., 80);
Будагов: тэбенекъ – кожаная часть с




Түйін. Теп (тепкіншек) // ем-емшек (келіншек) дериваты табиғаты, сырт қалпы, құрылысына қарап, етістікке -шек жұрнағы жалғану арқылы жасалған деуге болады. Үзеңгі >тебінгі>тепкіншек қолданылуы жағынан мағынасы бір сөздер.