Содержание обсе 3

Вид материалаДокументы

Содержание


«La Croix» газеті (Франция), 01.02.2011, Репортаж
Подобный материал:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   28

«La Croix» газеті (Франция), 01.02.2011, Репортаж


Басқаша айтқанда

Дүние жүзіндегі бірінші уран өндіруші және де осымен бірге ядролық қаруды таратпаудың чемпионы осы бұрынғы Кеңес республикасы өзінің ықпалын өңірге таратпақшы.

Қазақстан ядролық энергия саласындағы алып болуды армандайды.

Астанадан өзіміздің меншікті тілшіміз

Астананың қою қара түні. Темірдей қарыған суық жел Қазақстан астанасының үлкен қар басқан көшелерін суырып тұр. Қаланың ортасында орналасқан бір ресторанда отырған «Казатомпром» АҚ басшысы 61 жастағы Владимир Сергеевич Школьник «келешектің қамын ойлаған көптеген ықпалды адамдар» топтасқан жақсы заманды армандайды. 1991 ж. елдің тәуелсіздігін алғанынан бері, Мәскеу Университетінің физика және математика ғылымдарының докторы осы орыс Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төңірегінде жүріп, көптеген лауазымды қызметтерді атқарған. Уран өндіру және оны экспортқа шығару жөніндегі ұлттық оператордың төрағасы темекісін тұтатып отырып «қырық жылдан бері мен энергетика бизнесінде» жүрмін,- деп сөзін жалғады. «Бұл бірнеше үлкен кәсіпорындардың жабайы аңдардай, бірін бірі жеуге дайын, жарысқа түскен қатыгез әлемі. Сондықтан бізге мұнда аз да болса ашықтық пен адалдық қажет», - деді.

Шын мәнінде өте қатыгез және кей кездері болжауға келмейтін әлем. Оның алдында «Казатомпром» АҚ компаниясын он жылдан аса уақыт басқарған Мұхтар Жакишев 2009 ж. мамыр айында жемқорлығы мен мемлекеттің ақшасын жымқырғаны үшін Астананың түбіндегі түрмеге қамауға алынып, 2010 ж. 12 наурызда 14 жылға сотталған болатын. Осындай мүдделері бір топтардың сайысы мен коммерциялық айқасы орыстың атом энергетикалық компаниясы «Росатом»- да болған болатын. Мұнай мен газға бай, даланың жаңа «Эльдорадосы» болып саналатын Кеңес Одағының бұрынғы республикасы, өте жоғары энергетикалық сұранысқа ұшырап отырған әлемдегі атом энергетикасының «жаңадан өрлеу» заманының, ең негізгі актері болғысы келеді. Дүние жүзіндегі уран рудасы қоры бойынша екінші орындағы Қазақстан 2016 ж. алғашқы атом электр станциясын салуды жоспарлап отыр. Түбінде жиырмаға жуық қуаты шағын атом электр станциялары елдің кіші қалаларын электр энергиясымен қамтамасыз ету үшін соғылады. «Казатомпром» АҚ компаниясы жайлап, бірақ нық түрде өзінің өндіріс пен экспорттық мүмкіншілігің көлемін арттыра отырып, өнімдерін шығару бағыттарын диверсификациялауда. Қазіргі уақытта Ресей елдің негізі әріптес болғанымен, Канада, Франция Қытай және Жапония сияқты елдермен де келісімдерге қол жеткізілген. Қазақстан уранды байыту мен қолдаған материалды қайта өңдеуден басқа ядролық отын өндірудің барлық этаптарын меңгеруді көздейді. Владимир Школьниктің айтуынша «бұл бүкіл әлемдегі адамзаттың алдындағы – ғаламдық мәселе». «Қытайлар мен Үндістан халқының көптеп электр энергиясын тұтына бастауына ешкім кедергі келтіре алмайды. Адамдарға кепілді, барлық уақытта жеткілікті, арзан энергия қажет. 2030 ж. дейін дүние жүзінде, қазіргі қолданыстағыдан екі есе көп, 500 атом электр станциялары салынады. Осымен қатар қауіп те артады, бірақ оны алмастыратын балама жоқ. Біз барлық өндіріс циклінде қауіпсіздікті күшейтіп, осы қатерді болдырмауымыз қажет».

Каспий теңізінің жағалауындағы Маңғыстау түбегінде орналасқан Кеңес одағының ядролық комплексінің бұрынғы инженері істің мәнін біліп айтады. Егер Қазақстан Кеңес одағы тарағаннан кейін өзінің аумағында қалған ядролық қаруды өзінде сақтауға шешім қабылдағанда, онда ол әлемдегі төртінші ядролық қаруы бар алып мемлекет болатын еді. 1991 ж. ел 1410 ядролық басы бар қаруды, дүние жүзіндегі ең алып ядролық сынақ полигонын, СС-18 континент аралық баллистикалық зымыранды, 40 стратегиялық бомбылаушы ТУ-95 мұраға алған болатын. Адамдар мен қоршаған ортаға орасан зор залал келтірген Семейдегі 1949-1989 жылдар арасындағы 456 ядролық сынақты (оның ішінде 116 ашық ауада жасалған) бастан кешірген жас республика тез арада бомбалардан бас тартып, ядролық басы бар қаруды түгелімен Ресейге жөнелтіп, Семей полигонын жапты. Қарусыздану саласындағы сенімді Қазақстан ядролық бейбіт энергияны дамытуда да бірінші рольді атқарып, оны әлемдік саудаға салуда және ядролық қаруды таратпау саясатында да алдыңғы қатардағы актер болғысы келеді. Вашингтонда орналасқан «Center for International Trade and Security» орталығының ғылыми қызметкері Тоғжан Хасенова «халықтың денсаулығына, қоршаған ортаны қорғауға және ядролық қарудың тарауына жағымсыз салдары жоқ осы амбицияға қосымша қаражат жұмылдырылмақшы», - деп атап өтті.

Қолданылған ядролық отынды жинақтаудың және радиоактивті қалдықтың, осымен қатар экспортқа шығарылған уранның әскери мақсатқа қолданылу қауіпін жоққа шығармай, Владимир Школьник барлық уран өндірушілердің қолдануларына қолайлы, уранды кен ретінде қазып алғаннан бастап қадағалайтын және оның есебін жүргізетін ұлттық системасының моделін құрудың «пилоттық жобасын» алдымен бастады. Атом энергиясы халықаралық Агенттігінің (АЭХА) қосымша хаттамасы мен Орта Азияда ядролық қарудан азат аймақ құру туралы келісім-шартқа қол қойған Қазақстан ядролық қаруды таратпау жөндегі күрестің ортасында жүр.

2013 ж. ел өз аумағында АЭХА қадағалауымен құрылған ядролық отынның халықаралық банкін қабылдайды. Агенттікке мүше мемлекеттердің бұл бейбіт мақсатқа пайдаланылатын аздап байытылған уранның қорын құру жобасы болып табылады.

Жерасты байлығы мен Орта Азияның төрінде орналасқан стратегиялық орнына сенген Қазақстан, аса ерекше роль атқаруды көздейді. Өзінің ЕҚЫҰ төрағалығын аяқтасымен және осы ұйымның Астанада Саммитін өткізе сала, 30 қаңтардан 6 ақпанға дейін созылтын Қысқы Азиялық ойындарын қабылдап, өзінің бейнесін жақсы жағынан көрсету операциясын жалғастыруда. Биылғы жылы Қазақстан Ислам конференциясы ұйымында (ИКҰ) төрағалығын жүргізуде. «Біз Қазақстан тек қана мұнай мен уран өндіретін ел еместігін дәлелдедік», - деп түсіндірді Роман Василенко – дипломат әрі «көп бағытты» және «еуроазиялық» саясаттың шешен баспасөз хатшысы.

Көрші екі алып Ресей мен Қытайдың ықпалдарын бір бірімен теңестіріп, Қазақстан Азия, Еуропа және Америка Құрама Штаттарының мүдделерінің тепе теңдігін сақтап, өлкелік көпжақты ұйымдардағы жұмыстарын жандандыруда.

Бұл күндері 2008 ж. қаржылық дағдарыс қаты әсер еткен елдің басшылығы экономиканың энергия көздеріне тәуелдігінен арылу мақсатында оны «диверсификациялап», технологиялар трансферін енгізуде. Жиырма жылдан бері билік басында келе жатқан Нұрсұлтан Назарбаевтың артында елді және жалпы өңірді халықаралық стандарттарға жеткізуді аңсайтын, көбінесе «Болашақ» бағдарламасының арқасында шетелдерде білім алған жаңа элита бар. Биліктегі партияның хатшысы 33 жастағы Ерлан Қарин «біз өзімізді қоршаған геосаясатқа сәйкес дамудың моделін дамудамыз», - деді. «Тәуелсіздікке қол жеткізген күннен бастап алдымен біз басымдылықты әлеуметтік экономикаға бердік. Ол экономика алдымен, ал саясат артынан деген ұран. Қазіргі кезде де біз сапалы өзгерістерді алдынғы қатарға қойып, осы ұстамды сақтағымыз келеді. Адам ресурстарын дамыту мақсатында, біздің бар күшіміз білім беру саласы мен азаматтардың өмірін жақсартуға жұмылдырылуы қажет.

Президент Нұрсұлтан Назарбаев құрметті демалысқа шығуды жоспарлауда

70 жастағы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1989 ж. бері биліктің басында келеді. Мандаты 2012 ж. бітетін Президент кеше қай уақытта өтетіндігін хабарламай, мерзімнен бұрын Президенттік сайлау өткізілетінін жариялады. Соңғы апталардағы саяси маневрлер оның 2020 ж. дейін билікте қалуын көздеген болатын. Қазақстан Парламенті қаңтар айының ортасында 5 млн. азаматтардың қолы қойылған, 2012 ж. және 2017 ж. белгіленген Президенттік сайлауды болдырмау бастамасын бекіткен еді. Конституциялық Кеңес Президенттің елдің Конституциясына сәйкестігін анықтау үшін жіберген бұл жобаға қарсы шығып, ондай сценарийді болдырмай тастады.

Франсуа Д’Алансон