Акимата Костанайской области

Вид материалаДокументы

Содержание


Список литературы.
Номинация: Лучшая научная работа по изучению общественоного мнения среди молодежи
Зерттеудің өзектілігі.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы.
1 Сөз өнерінің биік рухы – ақын поэзиясында
Мұхтар рухы
2 Мұхтар шаханов поэзиясындағы
Мінезсіз ұлт
Подобный материал:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Список литературы.
  1. Г.А.Леонтьева, П.А.Шорин, В.Б. Кобрин, «Вспомогательные исторические дисциплины».Москва 2000г.
  2. Е.Шаймерденов «Государственные символы Республики Казахстан».

Алматы 2000г.
  1. Е.Шаймерденов «Государственный гимн Республики Казахстан».

Алматы 2006 г.
  1. Е.Шаймерденов «Символы независимости Республики Казахстан».

Алматы 2005г.
  1. Т.Н. Искандирова, Л.Г.Гришко, Н.М.Рябинина, М.А.Романова «Методические рекомендации по пропаганде государственных символов Республики Казахстан». Костанай 2005г.
  2. Ю.Натарова, А.Джанабеков «Пропаганда государственных символов как один из факторов формирования казахстанского патриотизма /Саясат, N28, 2007/
  3. М. Сарсенбаев «Символы нашей независимости» /Казахстанская правда, июль 2008
  4. М.МихаЙлова «Символы нашей эпохи» lКазахстанская правда, 19 мая, 2007
  5. Л.С. Пасечная, О.В. Коваленко. «Рабочая тетрадь по истории Казахстана «Государственные символы Республики Казахстаю». Костанай 2001г.



Номинация: Лучшая научная работа по изучению общественоного мнения среди молодежи


Мухаметжанов А.Г.

Рудный индустриалдық институтының студенті.

Ғылыми жетекшісі: Мұханбетжанова Ж.Г.


Мұхтар Шаханов поэзиясындағы «Ұлт» концептісі арқылы патриотизм дүниетанымын таныту


Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Қазіргі тіл ғылымында концепт терминінің қарастырылуы лингвистика мен философияның өзара әсерінің күшеюіне байланысты. Логикада концепт термині ұғым, түсінік терминдерімен бірдей мағынада қолданылады. Сондықтан концепт ұғымын адамның әлем туралы жинақталған мәдени түсініктері бейнеленген және атаулары бар ғаламның тілдік бейнесі ретінде тани отырып, біздің дүниетанымыздағы әлем туралы ақиқат болмысты бейнелейтін когнитивтік бірлік ретінде қарау қажет.

Қазақстандық зерттеушілер А.Ислам, Б.Қ Талгаева,, Б.С. Жұмағұлова, М.Т. Күштаева, С.Р. Сүгірбекова, А.Б. Иргебаева концептке қатысты өз пікірлерін айтқан. Ал шетелдік лингвистер Р. Лангалер, Г. Лакофф, Г. Джонсон, Г. Фокониер, Ф. Растиер концептті когнитивті лингвистика тұрғысынан зерттеп, ұғым мен концептті біртұтас бірлік ретінде қарастырады. Адам жас кезінен бастап тілмен қатар өз ұлтының мәдениетін де меңгереді. Мәдениеттің барлық ерекшеліктері тілде көрініс табады. Концепттерді зерттеу халықтың менталитетін жақсы түсінуге, рухына еніп сол ұлттың әлемдік бейнесін осы ұлттың көзімен көруге мүмкіндік жасайды.

Біздің зерттеуімізге өзек болып отырған поэзия мәтініндегі «ұлт», концептісі сонау ежелден келе жатқан концептілердің бірі.

Концептілер кез келген ұғым емес, соның ішіндегі күрделісі, маңыздысы, онсыз сол мәдениетті елестету мүмкін емес. Белгілі бір мәдениет үшін құнды құбылыстар концепт бола алады.

Зерттеудің өзектілігі.
  1. Концептіні ұғымдық, бейнелік және құндылық құраушылары бар кешенді, қатал құрылмаған, ментальді, ойланылған білім ретінде түсінеміз. Әр ұлт өзінің мәдени және рухани құндылықтарын сол қалпында сақтап қалу үшін өзінің ұлттық концептілеріне жүгінеді.
  2. Қазақ поэзиясы мәтініндегі «ұлт» концептісі құрылымының көрінісін таныту – жұмыстың өзектілігін танытады.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың негізгі мақсаты қазақ поэзиясы мәтініндегі «ұлт» концептісінің ұлттық сипатын ашу, олардағы ұлттық білім мен таным нәтижесінің, ұлттық көзқарастардың таңбалану жолдары мен ерекшелігін анықтау. Мақсатқа жету үшін мынадай міндеттер қойылады:
  • Концептінің қазіргі тіл біліміндегі зерттелу дәрежесін көрсету.
  • Тілдік материалдар негізінде «ұлт» концептісінің берілу табиғатын, семантикалық құрылымын ашу.
  • М.Шаханов поэзиясындағы концептінің берілу жолдарын талдау.

Дереккөз ретінде М.Шаханов шығармалары алынды. Бұл бізге қазақ ақындары түсінігіндегі ұлттық концептілерді ашуға мүмкіндік береді. Мұхтар Шахановтан – 34 өлең тілдік бірлік талдауға түсті.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы. Зерттеу жұмысының нәтижесінде төмендегідей мәселе шешімін тапты:
  • концептілерді когнитивті, лингвомәдениеттану тұрғысынан салғастыра зерттеу «ұлт» концептісін білдіретін сөздердің мағыналық құрылымын, табиғатын, сөз тіркестерінің семантикалық құрылымындағы ұқсастық пен ерекшелікті ажыратуға мүмкіндік берді.

Жұмыстың құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 СӨЗ ӨНЕРІНІҢ БИІК РУХЫ – АҚЫН ПОЭЗИЯСЫНДА

Құдіретті сөз өнері, оның ішінде поэзия ХІХ ғасырдың екінші жартысында Абай өлеңдері арқылы ең биік тұғырға көтерілді. Ал жаңа буын ғасырда ұлттық құндылықты жандандыру жолында Мұхтар Шаханов тұрды. Ұлт, рух, халық, тіл, өмір этикасы, адам төңірегіндегі сұрақтар ақынның шығармашылығында концепт шеңберінде әсерлі де ұтымды қолданылды.

Мұхтар поэзиясы – ұлттық сананы сілкіп оятатын қуатты дәру, жан – жүйеңе ізгілік нұрын шашатын энергия көзі. Құт – береке құюшы құндылық. Оларды өзінің қара өлеңдерінің қарымы, мол мүмкіндігі арқылы танытып отырады. Қара өлең Мұхтар үшін – қазына кені. Ананың ақ сүті, әкенің жасындай жарқылдаған жігері, қайрат – күші! Ол қара өлеңді биік ұстайды, құдіретті рухқа, ұлы ұстазға балайды. Оның түпсіз терең, сұңғыла сыры бар. Ол қарапайымдылығында, бейнелеушілік мүмкіндігінде, шеберлігінің шексіздігінде, даналыққа суғарылғандығында. Қара өлеңнің күйсандығында ойнай білген, сөйлете алған жан ғана даласына тартып туған перзенті болмақ. Бұл әрі ұлттық сананың сырына қанықтырып, сиқырына үңілту. Сондай-ақ көне мұраға деген көзқарас.

Мұхтар рухы күшті рухани қазына жасады. Оның жырлары қарапайымдылығымен қасиетті, дәлдігімен дәмді, ой-ырғақ еркіндігімен ерекше, «тілге жеңіл, жүрекке жылылығымен» құрметті де құдіретті.

Ұлттық сипат кейіпкердің түр-түсімен, киім киісімен, сөйлеген сөзімен анықталмайды. Бұл сырт көрініс, ұлттық мейрам Наурыз мерекесінде қазақы шапан киіп, басқа халық тілдерінде сөйлеген бауыр – туғандарымыздың сұр-сықпыты, міне, осы сияқты. Мәселе, ұлттың дамуының әлеуметтік, экономикалық және тарихи ерекшелігіне, дүниетанудағы көзқарасына, сезудегі ұлттық психологиясына байланысты. Әрі ұлттық ерекшеліктерді бірыңғай ұнасымдылықтан, жақсы қасиеттерден іздеу де оғаштық. Яғни ол жаман қылық пен қасиеттерде де жатуы әбден мүмкін. Қысқасы, ұлттық сипат тарих көшіне ілесіп дамып, жаңа реңге ие болып отыратын құбылыс.

Ұлттық сана – біріншіден, өз халқын, ұлтын сыйлайтын ыстық ықылас пен сергек сезімнен туады. Екіншіден, елінің, халқының, ұлттың өткенін, қазіргісін, келешегін толық біліп, тексеріп, халық тағдырына, ұлт мәселесіне елдік, мемлекеттік тұрғыдан қарайтын саналы, салиқалы ойдан туады. Бұл ретте ұлттық сананың жасаушысы, сақтаушысы, қорғаушысы әрқашан да ұлттық интеллигенция, зерделі авангард топ, зиялы қауым, әсіресе, ақын-жазушылар. Абайда: «Қыранша қарап Қырымға, мұң мен зарды қолға алып, кектеніп надан зұлымға, шиыршық атып толғататын» Шоқан, Ыбырай, Шәкәрім, Әлихан, Ахмет, Мағжан, Халел, Міржақып, Жүсіпбек, Мұстафалар сияқты ұлы ойшылдар ғана ұлттық сананың негізін салып, іргетасын қалайды [1,573б]. Бұлар халқының өткеніне қиналған, қазіргісіне қынжылған, келешегінен үміттенген.

Ұлттық психологияға ұлттық мінез-құлық, ұлттық сана-сезім жатады. Ұлттық мінез-құлық бұл әлеуметтік-психологиялық категория. Яғни бұл әлеуметтік тұрмыс, рухани мәдениет және сыртқы құбылыстарды қабылдау әдісіндегі өзіндік ерекшеліктерін білдіретін ұғым. Ұлт бар жерде ұлттық сезім бар және оны құрметтеу заңды. Ұлттық сана ұлттық дүниетанымға негізделеді, ал ұлттық дүниетаным сол ұлттың әдет-ғұрпы, салт-дәстүрі, әдебиеті мен мәдениеті, тарихы мен өнері, былайша айтқанда, ол адамда өмір салты арқылы қалыптасады.

Жеке адамның бойынан табылатын қасиеттердің бәрі ұлтқа да тән, себебі ұлт жеке адамдардан құралады. Сондықтан әрбір қоғамдағы жеке адамдардың имандылығы берік, адамгершілігі жоғары, бауырмал болса, ол ұлт рухани мәдениеті жоғары ұлт болып есептеледі.

Жеке адамда өмірбаян болса, ұлтта тарих бар, яғни ұлт жеке адамның болмысының жалғасы. Жеке адамның сана-сезімі, мінез-құлқы, іс-әрекеті бәрі ұлттық қасиетте өзінің бейнесін тауып жатады. Адамға сан-сезім өмірді тануға, мінез-құлық адамдармен қатынасқа, ал іс-әрекет рухани және материалдық байлықтарды жасауға қажет. Сол себепті жеке адамның арман-тілегі, мақсат-мүддесі ұлт тағдырымен тығыз байланысты. Табиғаттың заңы бойынша жеке адамның өмірі фәниден бақиға шейін шектеулі болса, ұлттың өмірі мәңгілік. Сондықтан әрбір ұлт өзінің ұлттық санасын, рухани мәдениетін, салт-дәстүрін қорғап, оны әрі қарай дамытуға ұмтылуы заңдылық. Сол себепті ұлттар өзінің мемлекетін құрып, оның саяси тәуелсіздігін нығайтып, әлеуметтік экономикасын дамытып, рухани мәдениетін өркендетуге тиісті.

Ұлт - белгілі бір тілді иеленген, өзіндік салт-дәстүрі, психологиялық ерекшелігі бар қоғам. Бұл үлкен құрылымның жүйесі таным түсініктері арқылы өрбиді. Бүгінгі таңда таным тұрғысынан түсіну, қабылдау, еске түсіру, ойлау, әлеуметтік қарым-қатынас, шешім қабылдау әрекеттері мен үрдістерін қарау кең етек жайып келеді. Сонымен қатар, осының бәрінде танымдық әдіс адамның сол сәтке дейінгі алған мәліметтерінің толық ескерілуі, ол әрекеттердің тәуелділігі түрінде көрінеді.

Ал, тіл, ақын тілі – адамның сөйлеу, қабылдау кезіндегі танымдық жүйесінің көрінісі. Яғни, танымдық көзқарас сөзді қолдану мәселесін басқа қырынан «көріп», жаңаша бағалауға мүмкіндік береді. Таным теориясы ұғымды сақтау, қолдану құбылыстарының адамның жалпы және әрбір сәттегі ойлау, сезіну қалыбымен, ауқымымен байланыстылығын негіздейді. Таным жеке адамның және ұлттық ойлаудың сипатын көрсетеді. Жеке адамның ойлау қабілеті, ой ісінің өнімділігі оның тілдік білігіне тәуелді болса, ұлттық ойлау ұлттық тіл негізінде жүзеге асып, соның мүмкіндігімен анықталады. Ұғымды түп тамырындағы мағынасымен түсініп, қолдану жеке адам емес, ұлттық ауқымда жүретін іс болғандықтан, оны ұлттық ойлау тұрғысында қарау жөн болады. Ұлттық ойлау – ұлт тарихының, тілінің, дүниеге көзқарасының (идеология) және өмір сүріп отырған ортасының туындысы.

Мұхтар Шаханов: «Әр халық дүниелік болмысты тануда өз хал-қадырынша ғаламды түйсініп, санасында оның ұғымдық бейнесін қалыптастырады және өз ана тіліне байлайды. Сан салалы семантикалық категориялар тұрғысында дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырады. Дүниенің тілдік бейнесі әр тілде өзіндік ерекшеліктерге ие. Ол ерекшеліктер тілдің негізгі сөздік қорында, құрылысында, тілдік категорияларда және фразеологиясында айқындалады да, сол тілдің көркем әдебиетінде, әдет-ғұрпында мәдениетінде айшықталып, әлгі халықтың өзіндік бет бейнесін қалыптастырады» дейді.

Ұлтымыздың әр мұңының басында,

Салт пен сана, тіл мен дәстүр қасында,

Арал зары шапқан кезде насырға,

Қорғаушы боп тағы да біз жүргенбіз

Мейірім қосып мейірімсіздеу ғасырға

Сан ғасырлық ұлтымыздың шайқасы

Сендейлерді тайраңдату үшін бе? – деп «Жаңа қазақтар немесе рухани байлықсыз мемлекет құруға болады деп ойлайтын жас бизнесменге хат» атты өлеңінде М.Шаханов ұлттың сақталуы үшін тер мен қанның төгілгенін паш етеді. Және де бұл қайрат, ерік-жігер ұлт рухы үшін болғандығын айғақтап кетеді. Өлең жолдарынан байқағандай ұлт сөзімен матаса байланысқан «мұң», «шайқас» тіркесті сөздері «ұлт» ұғымын тереңдетіп, экспрессивті-эмоционалды күш беруде. Абстрактілі ұғымға қимыл бере отырып, жанды суреттеу – үлкен танымдық шеберлік. Ұғым – концепт. Концепт – қабылданған танымдық құбылыстарды танытатын негізгі белгілер. Қоршаған ортадан қабылданған танымдық құбылыстар адам дүниесінің мәдениетін құрайды, яғни «концепт» - адам санасында орныққан ұғым. Ал, осы концептілер түрлі тілдік поэтикалық құралдар арқылы берілсе де, негізгі ақиқат ұғымынан ажырамайды.

Адамзат танымының ұлттық болмысына тікелей әсер ететін дүние – этнотанымдық құндылықтар. Бастапқы кезде тіл мен халық ұғымдарының сабақтастығы туралы мәселе халықтық рух, идея, мәдениет проблемаларынан бастау алса, қазірде оның аясы әлдеқайда ауқымды деп есептеледі. Тіл мен халық ұғымдарының арақатынасын танымдық ұстанымдармен байланыстырған академик Ә.Қайдар «тіл әлемінің» құдіретін алдымен «сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың» тыныс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, салт-санасымен сабақтастыра дәйектейді. Ғалым «Этнос тілінде тек оның өзі туралы ғана емес, өзі жасап келе жатқан табиғи ортасы мен қоғамдағы қарым-қатынастары туралы да, жан дүниесі, жүрек сыры, қуануы мен сүйінуі, ренжуі мен күлуі, түс көруі, ұққаны мен түйгені, танымы мен талғамы, барлықтағы құбылысты өзінше бағалап-бағамдауы – бәрі-бәрі, біле білсек, өз тілінде өрнегін тауып, өзіне-өзін көрсететін айна іспеттес» деген қағиданы ұстана отырып, «этнос болмысы» мен «тіл әлемін» керемет үйлесімділікпен ұштастыра зерделеді. Осы жердегі «этнос болмысы» ұғымының таңдалу себебін зерттеуші екі түрлі принципке сүйене түсіндіреді: 1. «...біз этностың жеке мәселелерін емес, оның тұтас бейнесін, барша болмысын анықтағымыз келеді; 2. этнос туралы толық мағлұмат тек оның тіл қазынасында ғана сақталады. Этностың шынайы болмысын басқа ғылымдар дәл этнолингвистикадай айқындай алмайды». Демек, халық тарихын да, ұлттық мәдениеттің дамуын да, тіпті халықтық ойлаудың қалыптасуын да біз тіл арқылы анықтай аламыз. Тіл арқылы сөздің астарлы ұғымын зерделей аламыз.

2 МҰХТАР ШАХАНОВ ПОЭЗИЯСЫНДАҒЫ

«ҰЛТ» КОНЦЕПТІСІНІҢ ТЕРЕҢ МӘНІ

С.И. Ожегов өз түсіндірме сөздігінде «Нация – исторически сложившаяся устойчивая общность людей, возникшая на базе общности языка, территории, экономической жизни и психического склада, проявляющегося в общности культуры» деп ұлт сөзіне анықтама береді. Мәдениет ұғымының аясында ұлттың өмір сүру ерекшелігі, қалыптасу, даму әрекеті сұрыпталады.

Ұлттық бағыттың мақсаты – рухани құндылықтар негізінде азаматтылыққа тәрбиелей отырып, өзінің және басқа елдердің дәстүрін, тілін, мәдениетін, дінін құрметтеуге, ұлттық келісімге баулу. Ол құрамдас бөліктерден тұрады: ұлттық сана, патриотизм, ұлтжандылық, салт-дәстүр, әдет-ғұрып және т.б.

Дүниежүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы Әбу Насыр Әл-Фараби тәрбие туралы былай деген:

«Адамға ең бірінші білім емес, рухани тәрбие берілуі керек, тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі».

Қазақ халқының ұлттық бейнесінің бейнеленуін нақты мысалдар арқылы ұлт жанашыры М.Шаханов поэзиясынан қарастыруға болады:

Алғаш рет сен қозғалдың ұлт намысы дегенде,

Халқымыздың ұлы рухын алып ұштың көп елге

«Біз, қазақтың ақыны, біргеміз»

Дарын едің алдына жан салмаған,

Ұлт сезімін арқалаудан талмаған.

Отырардың еңкеймеген рухын

Әр қазаққа ән арқылы жалғаған.

Кеш болса да жадырап ақ, еркелеп ақ еліңе

Ұлтымыздың ұлы өзені, Қалдаяқов өзені

«Қалдаяқов өзені»


Міне содан, ұлтымызды рухсыздан күзетіп,

Сенің жырың шекарада әлі күнге сапта тұр.

Ұлт рухы қай кезде де қанаттыға астана,

Айбергенов шыңын көрсең, атыңнан түс, жас бала!

«Айбергенов шыңы»


Ұлтымыздың қара күші, дара күші, армысың,

Біз аспаған биіктерден сенің даңқың қарғысын.

Сол бір салтың тірі тұрса, тұрар әр кез ұлт аман,

Елімнің бас бұлшық еті, құлагер төс, піл табан...

«Қазақтың бас бұлшық еті»

(Қажымұқан қабірі басындағы ой)

М.Шаханов поэзиясының ұлттық бейнесі ақын қаламынан туындаған кез келген өлеңінен кездестіруге болады. Автор қай тақырыпқа қалам тербесе де өлең бойынан ұлттық болмыс, ұлттық мінез көрінеді. Ақын үлкен «ұлт» ұғымы арқылы дүниенің заңдылығын түсіндіргісі келеді. Мәселен, ақынның ойынша «ұлттық мінез» ұлттық бейнені сомдайды.

Жағымпазын тау сынаған,

Шыншыл ұлын жау санаған ұлттың

Мүмкіндігі аз мазмұнды өмір сүрерге...

Мінезсіз ұлт айналмайды ұлы елге.

«ТЖ-лар»

Ұлт мүддесін шекпен етіп,

Төбең бір сәт көкке жетіп

Өз өлкеңе ескерткіш боп оралдың ба, айдарым!

«Оралу»

(Мойынқұмдағы Қайрат Рысқұлбековтің ескерткішін ашардағы сөз)


Бірақ мынау ұлтымызды жауырыны құрысқан,

Бірлік емес, байлық үшін жұлысқан,

Бас басына би болуға тырысқан,

Қалай, қайтіп біріктірер екенбіз,

Қалай, қайтіп кіріктірер екенбіз?


Рухсыз бен ұлтсыздың бағы жанған заманда

Басымды ием, дәл осы іске цемент тапқан адамға!

«Цемент» (С.Сейтжановқа)


Өз ұлтыңның тілін, салтын, парқын сүю арқылы

Күллі әлемдік биікке өрлеп, ардақтайсың жалпыны.

«Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы»

Мұхтар Шаханов: «Әр халық дүниелік болмысты тануда өз хал-қадырынша ғаламды түйсініп, санасында оның ұғымдық бейнесін қалыптастырады және өз ана тіліне байлайды. Сан салалы семантикалық категориялар тұрғысында дүниенің тілдік бейнесін қалыптастырады. Дүниенің тілдік бейнесі әр тілде өзіндік ерекшеліктерге ие. Ол ерекшеліктер тілдің негізгі сөздік қорында, құрылысында, тілдік категорияларда және фразеологиясында айқындалады да, сол тілдің көркем әдебиетінде, әдет-ғұрпында, мәдениетінде айшықталып, әлгі халықтың өзіндік бет бейнесін қалыптастырады» - дейді. Академик Ә.Қайдар «тіл әлемінің» құдіретін алдымен «сол тілді жаратушы, сол тілде сөйлеуші халықтың» тыныс-тіршілігімен, әдет-ғұрпымен, салт-санасымен сабақтастыруды алға тартады, яғни белгілі бір ұлттың өз тілінде қабылданған танымы халық бейнесімен суреттеледі. Нақыштап айтсақ, М.Шаханов ағамыз айтқандай, әр халықтың өзіндік тілдік ерекшеліктері бар, сондықтан да дүниелік болмыстың мазмұны әр қилы суреттеледі.

Тәуелсіздік қазақ халқына ең басты игілік – еркін өмір сүру азаттығын берді. Нағыз қазақи өмір сүру үшін сол ұлтқа етене жақын, қаны мен жанынан сіңіскен ұлттық өмір салтын – қазақша өмір дәстүрін жалғастыру керек. Шын мәнінде қазақ үшін өмірдің әлеуметтік-философиялық мазмұн-мәні дәл осы ұғымға келіп тіреледі. Бірақ, нағыз қазақша өмір сүрудің өзіндік шарттары бар, оның ең бастысы – ұлттық менталитеті, ұлттық болмысымызды игеруімізде жатыр. Аты қазақ, заты басқалар қазақ болып жарытпайды, қазақы өмір сүру – еріксіз, дағдылы, өздігінен туындайтын жәйт болуы тиіс, өйткені ол басқаша өмір сүре алмайды, ал солай өмір сүргізуге зорлап көндірсең – оның өмірі жұмақ емес, тозаққа айналып кетуі мүмкін. Өйткені қазақтың өзіне ғана тән мінез-құлық, жүріс-тұрыс, салт-сана, дәстүр, өмір болмысы кешендері бар, оны ғалымдар қазақтың өзіндік болмысы, менталитеті, ділі деп атайды.

Ұлтжандылық – халықтың тәлім-тәрбиелік дәстүрде жүргізілген ұлттық тәрбие негізінде қалыптасып, тектілікке жеткізер рухани құндылық күш, адам мен қоғамның алға қойған ортақ мақсаттарына қол жеткізер киелі қасиет. Адамның өзін басқаға танытқызып, өзгемен табыстыратын қасиеттері - әрі киелі, әрі кісілікке лайық құндылық. Олай болса, ұлтжандылықты сол ұлтаралық жарасымдық түрі, ұлттық болмысымыздың басты арнасы деу орынды. Себебі ұлтжандылық ұлтаралық мәселелерде жеке адамның және қоғамның өлшемдерін үйлестіріп, рухани адамгершілікке деген сенімді жоғалтпауға, өзгемен терезесі тең, иықтас болудың жолын ұштастыруға бастайтын өнегелі қасиет.

ҚОРЫТЫНДЫ

«Ұлт сөзі ұлтанды әулет, ұлтанды жұрт, ұлтанды ел деген танымның атау тұлғасына айналған түрі. Ұлтанды деген сөз - табанды, орнықты, іргелі, кемелді деген мағыналарда. Ұлт - қазақ болмысында, тектес рулардың біртұтас халыққа айналған жоғарғы бірлігі. Жұртымыздың ұғымында ертеден бар ел сөзінің баламасы тұрғысында қазақ халқы құрылымының жаңа сатыға көтерілген шағында қалыптасқан сөз» деп Сабыржан Шүкірұлы «ұлт» сөзіне кеңінен анықтама берсе [8.43б], Австрия ғылым академиясының оқымыстысы И.Файхингер ұлттық мемлекетті тек сол елдің ежелгі тұрғындары ғана емес, осы елді мекендейтін басқа этнос өкілдері де құрайды деп атап көрсетті [9.33б].

Ұлт – тарихтың жемісі. Оның пайда болуы, қалыптасуы тарихи қажеттіліктен туған, экономикалық тұтастық, территория ортақтығы, тіл, мәдениет бірлігі, психология ұқсастығы ұлттың қалыптасуының алғышартын құрайды. Бұл алғышарттар толып, пісіп жетілгенде ұлттық қауымдасу дүниеге келеді.

Тарих сахнасына шыққан халықтардың бәрі ұлт болып қалыптаса алмайды, көбі ассимиляцияға ұшырап, үлкен халықтардың құрамына кіріп, жұтылып кетті, біразы күшейіп, үлкен әулетке ие болып, жаңа ұлт ретінде тарих сахнасына шықты. Бұл процесс қалыптасқан хал-ахуалға, саяси объективті түрде жалғасып жатты.

Еуропа елдерінің бәрі дерлік ұлттық мемлекет болып есептеледі. Бірақ олардың бірде-біреуі жалғыз ұлттылықты насихаттап отырған жоқ. Италия, Германия, Франция, Англия, Австрия және т.б. ұлттық мемлекет болып танылады. Ұлттық мемлекеттің негізгі мәнісі – мемлекетке өз атын беріп отырған ұлттың бүкіл әлемдік өмір кеністігінде өз орнын алып, өзінің төл экономикасын, дінін, тілін, мәдениетін, өнерін дамытуға жағдай жасап, өркениет тұғырынан өз орнын алуы болып табылады. Мұны қамтамасыз ете алмаған ел ұлттық, табиғатынан айрылады. Әр түрлі этностар жиынтығы күйінде ғана қалады. Негізгі топ мәдениеті, ұлттық келбеті жоқ, корпоративтік негіздегі ел күйінде қалады. Ұлттық мемлекет бір этностың ғана үстемдігін орнатып, басқаларды ұлттық езгіге душар ететін мемлекет емес, олардың да мүддесін, тілек-талабын ескеретін, азаматтық құқықтары мен адами сұраныстарын қамтамасыз ететін мемлекет болып табылады.

М.Шаханов «Өз ана тіліңде сөйлемеу мен ойламаудың залалы және космополиттік ағым» атты рухани - проблемалық трактатында дүниенің тілдік бейнесі әр тілде әрқалай екендігін нақтылай түседі. Бұл дегеніңіз, ұлт өз мінезін қалай көрсетіп, қоршаған ортаға қалай таныта алса, әлемдік таным сол деңгейде қабылдайды. Ұлт рухы жоғары тұрып, сезімі күшейіп, қара күші артып, намысы алауласа – халық үшін ең құдіретті бақыт жоқ.