Қажы Бекташ Уалидің мақаласы

Вид материалаДокументы

Содержание


Мәнзилатун бәйнә-л-мәнзилатайн (
1   2   3   4   5   6   7   8   9
) – қалау, талап ету деген сөз.

А) Хақиқаттың үндеуіне сай жауап беруді қалайтын көңілдегі махаббат жалыны.

Ә) нәпсі қалауынан бас тартып, Хақтың ризалығына бет бұру.

122Қурбат (قربة) – жақындық мағынасына сай келеді. Әулиенің сипаттары мәселесінде Хақтың құзырына жақындық мақамына ұласу.

123Туба (طوبي) – жұмақтағы ағаштың аты.

124Фықһ (فقه) – мұсылман құқығы, Құран мен сүннет және басқа да қайнарларға негізделген шариғат үкімдері ілімі.

125Фараид (فرائض) – міндеттелген парыздар жайлы ілім.

126Тафсир (تفسير) – Құран түсіндірмесі.

127Сыдқ (صدق) – шыншылдық, туралық. Нәтижесінде перделер ашылған кәшф халі. Кәшф жарқыраған найзағайға ұқсайды.

128Иқрар (اقرار) – ашық айту, мойындау, сену.

129Исбат (اثبات) – суфидің әдетке айналдырған сипаттарын тоқтатуы маху, оның орнына ғибадатпен айналысуы исбат деп аталады. Осылайша, жаман әдеттерінен арылып, оның орнына жақсы әрекеттерге әдеттену исбатқа алып барады. Хақ бір нәрсені жасырса, маху, ал айқындаса исбат болады.

130Риязат (رياضة) – тәрбиелеу, арылту, мойындату дегенді білдіреді. Суфилер аз жеу, аз ұйықтау, аз сөйлеу арқылы жалғыздыққа, әрдайым пікір мен терең ойға үйренген жанның рухани кірлерден арылатынына сенеді. Нәпсіні тәрбиелеу үшін өзін қиын да ауыр істерге зорлайды. Азап шегу, шілдехана орындау, жолға шығу, қылуетке түсу риязат түрлеріне жатады.

131Байту-л-Мағмур (بيت المغمور) – көкте Карубия деп аталатын үлкен періштелердің тауаф ететін қасиетті мекені.

132Каруби (كروبي) – үлкен періштелер.

133Ихрам (احرام) – қажылар киетін тігілмеген жапқыш.

134Батны Урана (بطن ارانة) – қажылық рәсімі кезіндегі шайтанға тас ату рәсімі өткізілетін алқаптың аты.

135Сафа (صفاء) – Меккедегі төбенің аты.

136Маруа (مروة) – Меккедегі бір төбенің аты.

137Сукунат (سكونة) – тыныштық, рахаттық.

138Хажару-л-Асуад (حجر اسوة) – Қағбадағы қара тас.

139Мақам Мултазам (مقام ملتزم) – Қағбаның бір бұрышы.

140Баб Қағба (باب كعبة) – Қағбаның бір бұрышы.

141Рукну Ямани (ركن يماني) – Қағбаның бір бұрышы.

142Жабраил (جبرائل) – Алладан пайғамбарларға уахи (аян) әкелуші, төрт ұлық періштенің бірі.

143Қиям (قيام) – намаз тәртіптерінің бірі – тұру.

144Руку (ركوع) – намаз оқу тәртіптерінің бірі - намазда иілу.

145Сәжде (سجدة) – намазда маңдай, мұрынды жерге тигізіп, бас қою.

146Қағда ахира (قعدة اخرة) - намаз қағидаларының бірі - соңғы отырыс.

147Заққум (زقوم) – тозақтағы ағаштың аты.

148Ридуан (ردوان) – жұмақ қақпашысы.

149Кирам Катибин (كرام كاتبين) – адамның іс-амалын жазып отыратын періште.

150Бәйти-л-Мақдис (بيت المقدس) – Құдыстағы (иерусалим) Ақса мешіті.

151Тури Сина (طور سينا) – Сина шөлінде Мұса пайғамбарға құдайлық аян келген таудың аты.

152Бәйту-л-Харам (بيت الحرام) – Меккедегі Қағба орналасқан мешіт.

153Ғибрат (عبرة) – сабақ, өнегелік іс немесе сөз.

154Хилм (حلم) – қайырымдылық, жұмсақтық.

155Унс (انس) – жақын, жолдас болу. Ража, баст, һайбат халінен де жоғары дәрежедегі қайғы халі. Унс мақамына қол жеткізген суфи отқа тасталса да, қылышпен кесілсе де терең рухани рахаттың себебінен отқа тасталған Ибраһим пайғамбар сияқты оны сезбейді.

156Әзірейіл عزرائيل) – ажалы жеткен адамның жанын алушы ажал періштесі.

157Халифа (خليفة) – орынбасар, ізбасар, жолын қуушы. Орта ғасырдағы халифтер Мұхаммед пайғамбардың орынбасары, сопылықтағы кемел адамдар шайхтарының орынбасары, сонымен қатар адам Алланың жер бетіндегі орынбасары болып есептелінеді.

158 Мәнзилатун бәйнә-л-мәнзилатайн (منزلة بين المنزلتين) – «үлкен күнә істегендер мүмін мен кәпір арасындағы бір дәрежені иеленеді» деген ортағасырлық мутазила мазһабының ұстанымы.

159Наузу биллаһ (نعوذ بالله) – «Аллаға сиынамыз» деген мағынаны білдіреді

160Михраб (محراب) – мешітте имамның намаз оқырда жамағаттың алдында тұратын орны.

161Сидрату-л-Мунтаһа (سدرة المنتهي) – жеті қат көктен де жоғары, адамзат әлемінің соңғы шеті.

162Муршид (مرشد) – жол көрсетуші, сопылықта тура жолды көрсетуші шайх, әулие, ерен.

163Тауазу (تواضع) – кішіпейіл, сыпайы, қарапайым, момын, жуас. Адамның өзіндік қалауын Хаққа арнауы, халыққа мейірімді, кішіпейіл болуы, менменшіл, тәкаппар болмау.

164Махшар (محشر) – қияметтен соң адамдардың қайта тіріліп жиналуы және жиналатын жері.

165Далалат (ضلالة) – адасушылық, надандық.