Қажы Бекташ Уалидің мақаласы

Вид материалаДокументы

Содержание


Илбас-ы хырқа-хырқа кию
Хырқа-ы тәубе
Хырқа-и Ирадат
Хырқа-и уалаят
Мажази ғашықтық
Фақр-и Сури
Тариқат әдебі
Хақтың әдебі
Сырры Хақ
Сырр-ы хал
Сырр-ы илим
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Хизмет (خدمة) - қызмет жасау, қызмет көрсету. Суфилерге және пақырларға қызмет көрсету, олардың материалдық қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Ұлы Жаратушы Дәуіт пайғамбарға: «бір шәкірт көрсең, оған қызмет жаса», - деп өсиет жасаған. Қызмет жасау – нәпіл ғибадаттардан да сауабы мол діни әрекет. Бір күні сапарға шыққан сахабалардың кейбірі ораза ұстаған, ал қалғандары оларға қызмет көрсеткен. Мұхаммед пайғамбар осы мәселе бойынша бүгін ораза тұтпағандар ораза ұстағандардан да артық сауап тапты, - деп айтқан. Жалпы тариқатта пәлен шайхтың қызметінде деген сөз – пәлен шайхтың бақылауында, - деген мағынаны білдіреді.

66Хырқа (خرقة) - жамау киім, түрлі матадан біріктіріліп, тігілген құрақ киім. Дәруіштердің жиналып зікір салған кезде киетін киімі.

Илбас-ы хырқа-хырқа кию: белгілі бір сынақтан, дайындық кезеңінен өткен мурид тариқат мүшесі, шайх лайық деп тапқан адам болып табылған кезде, теккеде орындалатын бір рәсім бойынша оған хырқа кигізіледі. Хырқа киген шәкірт сол күннен бастап шайхтың муриді, тариқат мүшесі және өзге де муридтердің бауыры деп есептелінеді және ол тариқаттың дәстүрлері мен принциптеріне бой ұсынуға, жүктелген міндеттерді қуанышпен орындауға міндетті. Хырқа кию – оның муридтік кандидатурасын шайхының мойындағанын білдіреді, ал шайхтың оны қабылдауы – Хақтың муридті өз жолына қабыл еткендігін білдіреді (Сухрауарди).

Хырқаның бірнеше түрлері бар.

а) Хырқа-ы тәубе: Істеген күнәларынан тәубеге келген және нәпсісін тәрбиелеген шәкірттерге кигізіледі. Алайда, олар әлі тариқатқа кірген болып есептелінбейді.

ә) Хырқа-и Ирадат: муридтік хырқасы. Осы хырқаны киген шәкірт мурид, сопылық жолдың қақпасын ашқан болып есептелінеді.

б) Хырқа-и Табаррук: құрмет хырқасы. Белгілі бір шайхтың қолынан хырқа киген және оның тариқатына кірген мурид өзге бір шайхтың ұсынған хырқасын кисе, бірақ, оның тариқатына кірмесе, киген хырқасы «табаррук хырқасы» деп аталады. Тариқатқа кірмеген және ешбір шайхқа қол бермеген адам дәруіштерге ұқсағысы келсе және дәруіштер сияқты өмір сүруді қаласа, оларға да табаррук хырқасын кидіруге болады. Мұндай түрдегі хырқаны киген адам муридтік хырқасын кейіннен киюіне жол ашық. Мұны «мухиб хырқасы», «мухиб кисуасы» деп те атайды.

в) Хырқа-и уалаят: муридтерге кигізіледі.

г) Рами-и хырқасы : хырқаны лақтыру. Сама кезінде муридтің үстіндегі хырқаны тастауы. Мұны «тарх-ы хырқа» деп те атайды (Кушайри). Кейде хырқа туралып, қиындылары дәруіштерге таратылады. Хырқаның түсі қара, көк, және ақ болуы мүмкін. Тариқатқа жаңадан кіргендер қара, тариқат жолындағы дәруіштердің белгілі дәрежеге қол жеткізгендері көк, тариқат баспалдақтарын (сулук) аяқтағандар ақ хырқа киеді.

67Зәнбил (زنبل) – үлкен себет.

68Мақас (مقص) – қайшы.

69Сажжада (سجادة) - жайнамаз мағынасын білдіреді. Үш жол: шариғат, тариқат, хақиқат жолдары (са-жадда: үш жол). Аталған үш жолды дұрыс және толық жүзеге асырған мистикті «сажжада» деп атайды.

70Тәсбих (تسبيح) – діни ғибадат жасау мақсатында қолданылатын отыз үш немесе тоқсан тоғыз тасы бар тәспі. Хақтың киелі, пәк, бүкіл кемшіліктерінен таза екендігін дәріптеу.

71Аса (عصا) - аса таяқ, сүйеніш таяқ. Үнемі, әсіресе, сапарға шыққанда аса таяқ ұстау сопылықта дәстүр болып қалыптасып кеткен. Кезбе-суфилер Ибраһим пайғамбар мен Мұса пайғамбардың аса таяқ ұстағанын өздерін өнеге етеді. Мұхаммед пайғамбар да аса таяққа сүйенген. Орта ғасырларда аса таяқ әрі қару, әрі кейбір қажеттіліктерді жүзеге асыратын құрал қызметін атқарған. Иасауия тариқатында тариқат асасы хазіреті Хызырдан қалған мұра есептелінеді.

72Жамият (جميعة) - ретке келтіру, тәртіпті болу, жиналыс, бірлестік. Сопылық ілімде дүниелік тіршіліктен бет бұрып, Алланың рақымдылығын күту. Жүректің тыныштық ішінде, бір қалыпты күйде болуы, ақылдық және көңілдік тұрғыда адамның өзін хаққа арнауы.

73Махаббат (محبة) - сүйіспеншілік, ғашықтық сезімі. Сопылық ілім бойынша Алланың құлын, құлының да Алласын сүюі (Маида 5/45) немесе Алланың құлын, құлының да Алласын дос тұтуы. Алланың құлын сүюі адамның Алланы сүюінен бұрын туындаған. Егер Алла құлын сүймесе еді, құлының да оны сүюі мүмкін болмайтын еді. Тіпті әлемнің пайда болуын қамтамасыз еткен – махаббат. Сондықтан, барлық болмыстарды Алла сүйеді, барлық болмыстар да Алланы сүйеді. Сопылық ілім бойынша адам Жаратушының берген игілігіне, рақымдылығына, адамзаттың қорғаушысы екендігіне, әуелден бері адамдарды сүйетініне, адамзатты дұрыс жолға салатынына, байланысты Алланы сүйеді.

Махаббат иелері (мухиб) үшке бөлінеді:

А) Рақымдылығы мен берген игілігіне байланысты Аллаға деген бұқара халықтың сүйіспеншілігі.

Ә) Шыншылдар, ақиқатты іздеушілер жаратушының ұлы сипаттары мен ұлылығына байланысты сүйеді.

Б) Шыншылдар мен ариф-суфилер Хақтың әуелі бастан-ақ ешбір себепсіз жаратылғандарды сүйгендігіне байланысты мәні үшін сүйеді.

Атақты суфи Жунайд Бағдади махаббат ғашық болғанның өз сипаттарын сүйіктісінің сипаттарымен ауыстыруы деп анықтама жасаған.

Әбу Абдуллаһ Қураши: бүкіл болмыс-бітімімен өзін сүйіктісіне арнау

Шибли: махаббат дегеніміз – сүйіктісін қызғану.

Әбу Яқуб Суси: махаббат дегеніміз – Хақтың алдында өз пайдалары мен қажеттіліктерін ұмыту.

Халлаж: махаббат дегеніміз – адамдық сипаттарды тәрк етіп, Хақтың алдында табылу.

Ғашықтық, хубб, сауда, хуллат және вуд деп аталатын махаббат «махаббатуллаһ» сопылық философиясының негізін құрайды. Негізгі тақырып махаббат болғандықтан және махаббат сезімін күшейтетіндіктен суфилердің сұхбат-мәжілістері «махаббат мәжілісі» деп аталады. Негізгі тақырыбын махаббат құрайтын еңбектер де «китабу-л-махаббат» немесе «махаббатнама» деп аталады.

74Ғашық (عشق) - терең махаббат, дертке айналған сүйіспеншілік. Сопылық ілім бойынша ғашықтық сүйіспеншіліктің асқар шыңы, өз еркінен айрылған адамның ғашықтық дертіне түбегейлі енуі. Суфилердің көпшілігі сүйіспеншілікті бірнеше топқа бөледі және олардың соңғы шегі ретінде ғашықтықты атайды. Сүйіспеншілік дәрежелері:
  1. Мауаддат: сүйіспеншіліктің нәтижесінде жүрек қайғы-қасіретке толады.
  2. Хауа: мистиктік үнемі көз жасын көл қылуға итермелеген махаббат.
  3. Хиллат: сүйіктінің сүйіспеншілігімен мас болуы, шынайы достық.
  4. Махаббат: жаман қасиеттерден арылу және өнегелік моральдік қасиеттерге бөленіп, сүйіктісіне лайықты болу және оған қауышу.
  5. Шағаф: жүректі жаралайтын және оны махаббат отына күйдіретін махаббат жалыны.
  6. Хауам: сахаббат дертіне душар болған адамды есінен адастыратын махаббат, ақылынан адасып сүю, махаббат тұтқыны, құлы.
  7. Уалах: досы мен жарының (серік) көркемдігін тамашалаумен махаббат ләззатынан есінен тану (экстаз). Махаббат шарабын қанғанынша ішу.
  8. Ғашық: ғашықтың сүйіктісі алдында өзін жоққа санауы, махаббат жолында ғашық болғанның жоққа айналуы, тек сүйіктісінің қалуы.

Ғашықтық түрлері:
  1. Хақиқи (шынайы) ғашықтық, құдайлық махаббат дегеніміз – осы. Мұны да екі тұрғыда қарастыруға болады: Алланың құлын, құлының да Алласын сүюі (муашақа).
  2. Мажази ғашықтық: адамдарарасы махаббат немесе адамның жаратқан жаратылыстарды сүюі. Пенделік (башари) ғашықтық дегеніміз – осы. Мұны да екі топқа бөлуге болады:

а) Рухани және саналылық ғашықтық: болмыстардағы құдайлық көркемдікке деген махаббат;

ә) Табиғи ғашықтық: адамдарарасы бір-біріне деген махаббат – жалпы бұқаралық махаббат.

Сопылық әдебиеттерде ғашықтық дертінің от тәрізді күйдіретін қасиетіне қарай жалынды отқа, мас қылу ерекшелігіне қарай шарапқа, естен тандыру, ақылдан адастыру ерекшелігіне қарай жындылыққа теңеледі.

75Шауқ (شوق) – «сағыныш» деген мағынаны білдіреді. Көңілдің сүйіктісімен кездесуге деген құштарлығы, сағынышы. Аллаға қауышу сағынышы. Жүректің сүйіктісінің аты аталғанда соғып, алып ұшуын «шауқ» деп атайды.

76Сафа (صفا) – пәктік, тазалық.

77Пақырлық (فقر) – кедейлік.

А) Дәруіш-мистикке еш нәрсеге ие еместігін сезіндіретін, барлық болмыстар мен құбылыстардың шынайы иесі Алла екендігін ұғындыратын жол.

Ә) Мистик-пақырдың өзін үнемі Ұлы Жаратушыға мұқтаж, ал Алла еш нәрсеге мұқтаж емес деп білуі.

Б) «Фана», жоққа санау, өзіндік мәнін жоғалту. Алла алдында өзіндік мәнін жоққа санау.

Пақырлық екі түрлі болып келеді:

а) Фақр-и Сури: адамның мал-мүлкі болмауы;

ә) Фақр мағнауи: адамның өзін Аллаға мұқтаж деп білуі, осыған орай, молшылық пен жоқшылықты бірдей деп білу. Молшылыққа мастанбау, жоқшылыққа қайғырмау рухани пақырлыққа жатады.

78Зауқ (ذوق) – ләззат, дәм мағыналарына сәйес келеді. Рухани ләззат. Хақты хал арқылы мушаһада етудің, танудың бірінші дәрежесін «зауқ» деп атайды. Бұл хал одан ары жалғасатыны болса, оны «шурб (ішу)», шегіне жетіп тасыса, оны «рай (қану)» дейді.

79Әдеп (ادب) - тәрбие, биязылық, ұнамды ережелерге бой ұсыну. Адамда бар қабілетті әдепсіздік әрекеттерден аулақ ұстау

А) Тариқат әдебі: тариқатты ұстанатын адамдардың қолданатын әдіс-тәсілдері;

Ә) Шариғат әдебі: діннің айқын құралдарын орындау;

Б) Қызмет әдебі: көп қызмет көрсету және көрсетілген қызметті міндетсінбеу;

В) Хақтың әдебі:: хаққа және халыққа қатыстыларды білу, адамға қатыстыны адамға, құдайға қатыстыны құдайға әдеп көрсету (ибн Араби).

Әдеп иа һу: әдептің маңызын көрсету және адамды әдепті болуға шақыру үшін қолданылады. Қызметтегі әдептің қызмет көрсетуден де маңызы зор. Жалпы сопылық практиканың өзі әдептерден құралады.

80Перһизкарлық (ﭘرهيزكَار) – жамандықтан сақтану, нәпсіні берік ұстау.

81Сабр (صبر) - сабырлық, шыдамдылық, төзім. Сопылық ілім бойынша басқа түскен қиын-қыстау жағдайда Алладан басқа ешкімге шағымданбау, өзін мазасыздандырмау, өзін-өзі ұстай білу. Басына келген бәлекет пен азапты адам Аллаға арыз қылады және оның мейірімділігін тілейді. Тек Аллаға ғана шағымдану «тағдырға көңілі толмау» деген мағынаны білдірмейді. Кедейдің сабырлы болуы, дәулеттінің шүкіршілік жасауы тиіс. Бәлекетке тап болғанда, арам нәрселерден сақтанғанда, діни әмірлерге бой ұсынғанда сабырлық басты орында тұруы тиіс. Ал сабырлық түбі – сары алтын.

Сабыр-ы жәмил: шағымданбай, арызданбай өзін ұстай білу.

Сабырлық – сопылық ілімнің бір мақамы. Осы мақамға қол жеткізген дәруіш аңсаған мақсат-мұратына жетеді.

82Қанағат (قناعة) - көңілі бай, көңілі тоқ болу.

83Хая (حياء) - Ұялу, қысылу.

А) Табиғи хая:: ұятты жерлерінің ашық қалуынан қысылу.

Ә) Діни хая: иманды адамның күнә істеуден ұялуы.

84Мұхаммед нұры (نور محمدي) – «Мұхаммедтің ақиқаты, мәні». Алла ең алғаш Мұхаммедті жаратқан. Қалған болмыстарды оның нұрынан жаратқан.

85Сайр-и сулук (سير سلوك): Хаққа жету үшін жолбасшының бастамасымен, оның бақылауымен шығатын рухани сапар. «Саир», «салик» деп аталатын жолаушы көңіліндегі жүрек кірлерінен арылғанда, өнегелік, моральдік қасиеттерге бөленгенде ғана аттанған сапарда деген жеріне жетеді. Сайр сулуктің алға қойған мақсаты аскет-суфидің адамдық қалау тілектерін ауыздықтап, өзін құдайдың еркіне беруі, осылайша, рухани өмірді талап қылған өзге адамдарға жолбасшылық жасауға мүмкіндік алатын «кемел адам» мәртебесіне қол жеткізеді

86Сыр (سر) - сыр, құпия, жасырын мәлімет.

А) Мәнінен бастап, бар мен жоқ арасындағы құпиялылық;

Ә) Ғайып қылып Хақтың көпшіліктен жасырын ұстаған нәрсесі.

а) Сырры Хақ: хақтан басқаның білмейтін құпиясы.

ә) Сырр-ы халық: хақ пен құлы арасында сақталған құпия.

б) Сырр-ы сыр-құпияның құпиясы: құпиялыға да құпия болған нәрсе. Бірліктегі шындыққа тән ерекше ілім: мұны тек Хақ біледі, адамның одан мүлдем хабары жоқ.

в) Адам тәнінде орын тепкен рух тәрізді жаратылыс. Жүрек, рух және сыр деп тізбектегенде сыр рухтан кейін келеді және рухтан қарағанда нәзік қасиетке ие. Жүрекке – мағрифат, рухқа – махаббат, сырға - қауышу тән. Осы тұрғыдан алғанда сыр – рухтың рухы.

г) Көңіл тәрбиесінен өткен, ақиқатты тапқан ариф-суфилерден басқаларының түсіне алмайтын жағдай: сопылық сезімдер мен ілімдер.

Сырр-ы хал: мәнінде құдайлық мақсат-мұрат байқалатын жағдай.

Сырр-ы Хақиқат: Көпшілік бұқараға түсіндіру мүмкін емес барлық нәрседегі Хақтың ақиқаты.

Сырр-ы илим: ілімнің ақиқаты мен мәні.

87Вуслат (وصلة) - Қауышу, жету. Сопылық дүниетаным бойынша Хаққа жету, кемелдікке ұласу, кемелдену, сайр мен сулуктің шегіне жету.

88Қал (قال) - сыртқы және шариғат ілімдері

89Үшір (عشر) – (оннан бір бөлігін көрсететін сан) егістік жер өнімінің оннан бір бөлігіндей алым жинау.

90Зекет (زكاة) - м‰лікпен жасалынатын ислам негіздеріндегі ѓибадаттыњ бірі. Зекет «кµбею», «өсу», «берекелі болу» деген маѓыналарды береді. Ал дін бойынша зекет - ±лы Аллаћтыњ разылыѓы ‰шін, мал-м‰ліктіњ белгілі бір мµлшерін исламда белгіленген жерге берілетін м‰лікпен жасалынатын ќ±лшылыќ.

Зекет дініміз бойынша белгіленген мµлшерден м‰лкі, байлыѓы асќан м±сылмандарѓа парыз. Ал кедейлер мен жоќ-жітіктерге зекет беру парыз емес.

91Хилат (خلعة) – жоғары мақамдағы адамның ұнатқан адамның үстіне жапқан құнды, өрнектелген шекпен. Хақтың қалаған құлына арнауы.

92Илһам (الهام) – шабыт, білдіру, хабар беру деген мәнді білдіреді. Ойналу жолымен қол жеткізетін білім емес, фәйз жолымен жүрекке келетін ерекше түсінік пен білім. Жүрекке келген жақсы сезім.

93Жанан (جنان) – сүйікті, көркем, сұлулық иесі, жан, рух.

94Һидаят (هداية) – тура жолда күресу мағынасында. Сопылық ілім бойынша мақсатқа алып баратын жолды көрсету, оған апарар жолды ұстау. Тура жолды нұсқайтын бір Алла ғана.

95Маула (مولي) – ие, қожайын, Алла.

96Аси (عاصي) – бұзақылар, бой ұсынбағандар.

97Бостан (بوستان) – бау-бақша, көңіл бақшасы.

98Даргаһ (دركَاه) – пана, құдайға құлшылық жасайтын орын, суфилердің теккесі, Алланың құзыры

99Инкар (انكار) – бас тарту, мойындамау, мойын ұсынбау.

100Лаббайк (لبيك) – менің махаббатым басқаға емес, үнемі саған арналады деген мағыналарды білдіреді.

101Райхан (ريحان) - әдемі өсімдік, ризық, егін жапырағы. Риязат нәтижесінде жүрекке келетін нұр.

102Илаһи (الهي) – құдайлық, құдайға тән.

103Ғази (غازي) – дін үшін шайқасқан батыр, соғыстан аман қайтқан ардагер.

104Һауа (هوا) – әуестік, қалау, құмарлық деген мағынаны білдіреді. Нәпсінің дүниеге бейімделуі, рухани әлемнен материалдық әлемге бет бұруы.

105Ишрат-ы рухани (عشرة روحاني) – білу, хабардар болу, көңіл көтеріңкілігі. Батыни халдерге тән адамдардың рухани халдерін және жүректе өткендерді білу.

106Илма-л-яқин (علم اليقين) – бір нәрсе жайлы хабарға сүйенген таным, шариғат үкімдері жайлы анық таным, білім.

107Айна-л-яқин (عين اليقين) - өз көзімен куә болған яқин таным. Жүректің мушаһада жолымен Хақты көруі.

108Хаққа-л-яқин (حق اليقين) – бір нәрсені көріп, тану, өз рухымен жүзеге асыру арқылы абсалюттік танымға ұласу. Суфидің тек қана ілім жолымен емес, хал, мушаһада арқылы хақта фани, Хақпен бірге бақи болуы.

109Яқин (اليقين) – Абсолюттік таным, шынайы шындық, ақиқат. Сопылықта берік сенім, иманға дәлелдермен емес, таза иман қуаты арқылы көз жеткізу.

110Дидар (ديدار) – көру, тамашалау, жүз, көз сияқты мағыналарды білдіреді. Сопылықта құдайлық кереметті, сұлулықты тамашалау.

111Софра (سفرة) – дастархан, сыпыра. Сопылықта шайхтар жайған ілім дастарханынан талапкерлер ілім нәрімен сусындайды. Демек, софра рухани тәлім-тәрбие ордасы деген мағынаны білдіреді.

112Шәһуат (شهوة) – тәндік қалаулар, нәпсінің қалауындағы істер.

113Уасуаса (وسوسة) – іштегі шайтандық пиғылдар. Сопылықта адамға шайтан тарапынан келетін сезімдер мен ойлар «уасуаса» деп аталады.

114Ихсан (احسان) – сопылық дүниетанымдағы ең жоғарғы құлдың мақамы. Алланы көрмесең де көріп тұрғандай құлдық ету. Бұл мақамда адам Алланың есімдері мен сипаттарын көз алдында елестетіп, терең ойға батып, оған бар ынтасымен қарау арқылы іштей ашылуға, рухани шабытқа қауышады.

115Уәжіп (واجب) – қажетті, міндетті мағынасын білдіретін шариғат үкімі.

116Аршы (عرش) – күмбез, ғарыш мағынасын білдіретін бұл сөз сопылық жолдағы адамның көңілін білдіреді.

117Күрсі ( كرسي) – орындық, кресло мағынасын білдіреді. Сопылық ілімде құдайлық билік, тыйым мен бұйрық алаңы.

118Лаух (لوح) – жарқырау, пайда болу, көрініс, тақта мағынасын білдірді. Сопылық ілім бойынша белгілі уақытпен шектелген жазу мен тағдыр.

119Қалам (قلم) – кесу, отау, қалам, жазу сияқты мағыналарға сәйкес келеді. Сопылықта калималардың (жаратылғанның) формасын анықтауға көмекші болған рухты қалам деп атайды. Қаламды ақыл мағынасында қолданғандар да бар. Қалам ұрық, дән мағыналарына да келеді.

120Тауаккул (توكل) - тәуекел ету, сенім арту, бел байлау.

А) Аллаға сенім артып, адамдардың әуре болған дүниелік қызықтарға көз қырын да салмау.

Ә) Уәде бергенге сену.

Б) Барлық жағдайда Алланы паналау.

В) Жүректің Хаққа сенім артуы.

Г) Күмәнділік, дүние тіршілігіне алаңдау тәрізді өткінші алданыштардан арылып, тыныштық пен рахат өмір сыйлаған Жаратушыға сену.

Ғ) Хақтың рақымдылығы мен берген уәдесін қанағат тұтып, нәпсі қалауларын тыю, алайда, істің жүзеге асуына күш салу және оның нәтижесін Хақтан күту тәуекелдің негізі болып табылады.

121Ирадат (ارادة