Қажы Бекташ Уалидің мақаласы

Вид материалаДокументы

Содержание


Сайр иа-л-лаһ-Хаққа қарай жүру
Сайр-и уружи – сайр-и нузули
Уахдат-и Қусуд
Уахдат-и шуһуд
Уахдат-и вужуд
Тәубе-и насух
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Тариқат (طريقة) - Хаққа жетуге бағытталған, құралдар мен рәсімдер қалыптастырылған жол. Суфилердің пікірі бойынша бүкіл адамзаттың, тіпті, жаратылған мақұлықтардың құдаймен кездесіп, қауышуға бастайтын жолдардың саны өте көп. Өзі рухани пісіп жетілген, рухани кемелденген ұстаздың қадағалауымен шәкірттің Аллаға қауышуы үшін қолданған әдісті тариқат деп атайды.

17Хал (حال) - Адамның еркінен тыс Алланың қалауымен жүрекке келетін мән-мағыналар, ілімдер. Сонымен қатар, көңілі бай, рухы пәк, мінезі көркем, рухани өмірі таза, Хақтың ризалығы мен сүйіспеншілігіне бөленген адам «хал иесі» деп аталады. Хал иесі «әулие», «Хақпен қауышқан адам» деген мағынаны да білдіреді. Халдер мәңгілік болмайды, ол адам бойында - өткінші қонақ. Алла қалаған құлына хал береді, қалаған халін құлынан оны алады.

18Зікір (ذكر) – еске алу, еске түсіру, ойлау мағынасын білдіреді. Сопылық жолда Алланы еске алу, оны ойлау тілмен немесе жүрекпен оның есімдерін ұлықтау зікір болып есептелінеді.

19Хауф (خوف) - қауіптену, қорқу, қорқыныш деген мағынаға сәйкес келеді. Сопылық ілім бойынша Алладан немесе оның қаһары мен азабынан, тозақ азабынан қорқу. Болашақта болатын игіліктің қолдан шығып кетуінен немесе жамандықтың басқа түсуінен қауіптену де хауфтың өзегін құрайды. Алладан қорқуды «хауфуллаһ» немесе «хашиятуллаһ» деп атайды. Кейбірі тозақ азабынан, кейбірі Алланың қаһарынан, енді бірі Алланың өзінен қорқады. Алланың мәнінен қорқу – ғашықтың сүйіктісінен айрылуынан, махаббат дертінің мазасыздандыруынан қорқу. Міне, ариф-суфилердің қорқынышы осыған жатады. Ал қарапайым бұқара халықтың қорқынышы тозақта азаптанудан және жұмақтан мақрұм қалудан туындаған қорқынышпен шектеледі. Хауф категориясы – халықты құлшылыққа және игі істерге үгіттеу мақсатында Алланың қолданған құралы.

20Ража (رجاء) - үміт ету, үміттену деген мәнді білдіреді. Жүректің қалаған нәрсесінен рахат табу сезімі. Адамның жүрегіндегі сезімдер мен ойлар өткен өмірмен немесе халмен яки болашақпен байланысты болып келеді. Осы ойлар мен сезімдер өткен өмірмен байланысты болса, «зікір», «тазаккур» (еске алу, ғибрат, өнеге алу), халмен байланысты болса, «уажд», «зауқ» және «идрак», болашақпен байланысты болса, «ынтызар», «тауакку» жүректің қаламайтын типтен болса, «хауф», «ишрақ», жүректің қалайтын типтен боса, «иртиях», «ража» деп аталды. Алланың азабы мен қаһарына тап болуды ойлаған адам хауфтың, оның рақымдылығы мен игілігіне ие болатынын болжаған адам жүрегінде «ражаның» қалыптасуын қамтамасыз етеді.

Нағыз суфи «байна-л-хауф уа ража» арасында өмір сүреді, тозақ азабынан қорқады және жұмақтың нәсіп болуына үміттенеді.

21Илм-и ладун (علم لدن) – Хақтан тікелей келетін ілім. Суфилер ладун ілім тікелей құдайдан келетінін, шариғат, заһири ілімдер періште, пайғамбар арқылы келетінін қуаттайды. «Илһамға» келер болсақ, ол тікелей ұлы Жаратушыдан келеді. Сондықтан илһам да илм-и ладунға жатады.

22Ариф (عارف) - білімдар, білім иесі. Сопылық ілім бойынша мағрифат сатысына жеткен рухани ілім иесі. Мағрифат ілімімен жарақтанған мистик «арифке» немесе «ариф-и биллаһқа» айналады. Мистик өзінен және өмір сүрген ортасынан жатсынған сәтте ғана Хақпен танысады.

23Заһир (ظاهر) – көрінетін, айқын да ашық нәрсе.

24Ширк (شرك) – Аллаға серік қосу, басқа бір нәрсені құдай деп оған теңеу, пұтқа табынушылық.

25Тама (طمع) – ашкөздік, тойымсыздық.

26Ғайбат (غيبة) - өсек-аяң, біреудің сыртынан оған ұнамаған өсек айту

27Қаһқаһа (قهقه) – қарқылдап күлу, айқай-шу, ұрыс-керіс, жанжал, ерегіс.

28Жауһар (جوهر) – құдайлық (рахмандық) дем, қараңғылық пен тәртіпсіздік жайлаған әлемде құдайдың сөзімен пайда болған болмыс. Жәуһар әууал: алғашқы мән. Сопылық ілім бойынша «хақиқат Мухаммадия», хазіреті пайғамбардың қасиетті рухы, «нур Мухаммади» алғашқы мән болып табылады.

29Тафаккур (تفكر) – терең ой, ойлану, әлемге ойлы көзімен қарау. Сопылық ілімде іздеген нәрсесіне қол жеткізу үшін жүректің ол жайлы ойлауы. Ізгілік пен жамандықты ажырата білуге бағытталған жүректегі сәуле.

30Уилаят (ولاية) – біреуге жақындау, жақындық, туыстық, басқару, билік, үкім мағынасына келеді. Сопылық жолда нәпсісін ауыздықтаған, пенденің Хақпен бірге болуы. Алланың да құлымен дос болуы.

31Мухиб (محب) - хақиқат дәрежесінде Аллаға ғашық болған аскет-суфи. Толық мәлімет алу үшін «махаббатты» қараңыз.

32Хақиқат (حقيقة) - шындық, шынайы ақиқат, бар немесе дұрыс екендігі кесінді түрде айқын. Аскеттік жолдағы мистиктің тәндік, материалдық сипаттарынан арылып, Хақтың сипаттарымен безенуі (иттисаф би-аусафиллаһ). Алайда, Хақ адаммен үнемі бірлікте екендігін ұмытпаған жөн. Хақиқат – суфизм сөзінің мағынасымен де сәйкестеніп жатады. Хақиқат – сопылық ілім, шариғат - фықһ ілімі. Хақиқат пен шариғат тиынның екі жағы тәрізді. Хақиқатсыз шариғаттың мәні жоқ, шариғатсыз хақиқат та шынайы емес. Осылайша екеуінің арасында үйлесім орын алған. Хақиқатқа жету – шариғат, тариқат және мағрифат деген үш баспалдақтан өтуден тұрады. Демек шариғат – ағаш, хақиқат - оның жемісі.

33Тәслим (تسليم) - көнгіштік, өзін Алланың қалауына беру.

34Риза (رضاء) – көңілі толу, ырза болу, Алланың жазған тағдырына және барлық нәрсеге көңілі толу

35Мінажат (مناجاة) - сыбырласу, жасырын сөйлесу деген мағынаны білдіреді. Сопылық түсінік бойынша құлдың құдіретті иесіне жалбарынуы (дұға), қалау-тілектерін тек одан сұрауы, оны дәріптеуі, оған бағынғанын білдіруі.

36Сайр (سير) - жүру, жолға шығу, саяхат. Рухани сапарға шығып, Хаққа жету. Сайр екі түрлі болып келеді:

А) Сайр иа-л-лаһ-Хаққа қарай жүру: аскет мистик Хақты таныған кезде, бұл сапар аяқталады.

Ә) Сайр фи-л-лаһ-Хақта жүру: бастапқы сайр аяқталғаннан соң, аталмыш сайр басталады және одан ары шексіз жалғасады. Сайрдағы алғашқы баспалдақ – іші тар мына материалдық әлемнен шығу: оның алғашқы мақамы - тәубе.

Сайр-и уружи – сайр-и нузули: алғашқы бірлік нүктесінен бастап, біртіндеп жоғары қарай жоғарылауына «касрат», материалдық әлемге келуіне сайр-и нузули, керісінше жоғарыдан сапарға шығып, келген жеріне оралуына сайр-и уружи деп атайды. Сайр-и нузулиді «сайр-и заурақ (қайық сапары)» деп те атайды. Сайр-и мутлақ және сайр-и мауқаййад: Мұтлақтың муқаййадта, яғни жалпының жекеде сайры, бірліктің көптік мәртебесіне түсуі. Құдай жолында жүргендер «саир» немесе «саййар» деп аталады, бұл – ауыр да қиын жол. Алайда, мағрифат дәрежесіне жеткендер ұшып сапар шеге алады. Сондықтан заһид – саййар, ариф – таййар.

37Мушаһада (مشاهدة) – көру, куә болу, перденің ашылуы, тамашалау, қызықтау дегенді білдіреді. Сопылықта Хақтың көңілінде орын алу.

38Қутб (قطب) – шығыр, диірмен тасының шығыры. Диірменнің тасы шығырдың айналасында дөңгеленетіні тәрізді бұл орта мен әлем де әулиелердің айналасында дөңгеленеді. Осы тұрғыда қутб рухани дәрежесі биік әулиелерді әлемнің рухы ретінде қарайды.

39Мақам (مقام) - орын, мәртебе. Сопылық ілім бойынша тариқат жолындағы адамның ынта-жігерімен тырысып жеткен, жолдағы қиыншылықтарды түпкілікті жеңе білген асқар шыңы, яғни, тариқат жолындағы сопының соқпақты да ауыр жолдарды табан ақы маңдай терімен жеткен жетістігі, мәртебесі. Халдер Жаратушының суфиге берген сыйы, ал мақам индивидтің маңдай тері, ерен еңбегімен жеткен жетістігі. Халдер маңдай термен келмегендіктен өткінші, уақытша болып келеді, ал мақамның ерекшелігі – адам бойында мәңгілік тұрақты сақталады.

Негізгі халдер: Мурақаба, курб, махаббат, хауф, ража, шауқ, унс, итминан, мушаһада, яқин.

Негізгі мақамдар: тәубе, уара, зуһд, фақр, сабр, рыза, тәуекел.

Сопылық жолда қалыптасқан ереже ретінде, бір мақамға түпкілікті қол жеткізбей, оны толық түрде орындамай, одан кейінгі кезектегі мақамға өту - сопылық қағидаға қайшы (Кашани). Алайда, хал мен мақамның өздеріне тән ерекшеліктері нақты емес. Кейбір суфилердің «хал» деп санаған мақамдарды келесі бір суфи-ойшылдар мақам деп қуаттаған. Осындай проблемалардың өзегіне айналған мақамдардың бірі – «риза». Риза ирактықтарда қарағанда хал деп танылса, хорасандықтар үшін ол мақам деп саналады.

Әулиелер тәрізді пайғамбарлардың да мақамдары бар деген концепция сопылық әдебиеттерде көптеп кездесіп жатады: Ибраһим пайғамбардың мақамы – достық, ал Мұса пайғамбарға құдайдың үндеуін есту тән, Мұхаммед пайғамбарға қатысты мақам – махаббат. Пайғамбарлардың жолын берік ұстау арқылы әулиелер әлгі пайғамбарларға тән мақамдарға қол жеткізе алады.

40Дос (دوست) – серік, жолдас, сүйікті серік. Құлдың Алланы сүюі және Алланың да құлын өзіне жақын тартуы, сүюі, дос тұтуы.

41Иман (ايمان) – сенім, наным, Исламның сенім негіздерін жүрекпен сену және тілмен оларды айту имандылыққа жатады.

42Мұнафық (منافق) – екіжүзді, сырттай мұсылманға ұқсас болғанмен іштей исламды қабылдамаған екі жүзді.

43Рахман (رحمان) – ризықтандырушы, бүкіл жаратылғандарға несібесін төккен, бүкіл жаратылғандарға игілігі, рақымдылығы арқылы басқарған әділет пен тәртіп иесі Алла –

44Ібіліс (ابليس) – Алланың алдынан қуылған, рақымдылығынан алыстаған болмыс. Оның Алланың алдынан қуалғандағы басты себеп – Адамға сәжде жасамауы болатын. Сырттан келетін азғырушылықтың қайнары Ібіліс болса, іштен келетін аздырушының өзегі нәпсі шайтаны болып табылады

45Міскін (مسكين) - бейшара, қайыршы. Ешкімнің назарына түсе бермейтін, тағдыр тәлкегіне көнгіш дәруіш.

46Екілік (ايكلك) - дуалистік сенім, екі құдайға табыну. Сопылық ілімде уахдат, фана халінің болмаған кезеңі.

47Касрат (كثرة) – көпшілік, политеистік сенім, көп құдайшылыққа табыну. Сопылық ілім бойынша бір Хақтың есімдері, сипаттары көрініс тауып көптік халге айналуы да касрат деп аталады.

48Уахдат (وحدة) - бірлік, құдайдың бір екендігі. Шынайы мағынада бір болған тек - Хақ қана, сондықтан бірлік туралы сөз тек құдайға ғана арналады, яғни жалғыздық тек құдайға ғана жарасқан.

Уахдат-и Қусуд: алға қойылған мақсат-мұратта айтылатын бірлік, яғни, Хақтың қалаған нәрсесі мен құлдың қалаған нәрсесінің бірдей болуы. Осылайшы осы екі қалау бірлесіп, бір қалауға айналады. Мұны құдай жолында пенделік талап-тілектерден бас тартып, Жаратушының қалауымен ғана аскет-суфи бақытқа жетеді деп түсіндіруге болады. Демек, адамдық талап-тілектердің мәні жоқ, ол - өткінші ғана. Ал құдайлық қалау - мәнді, тұрақты және мәңгілік. Мұсылмандық теология осы мағынадағы қалау бірлігін ең үздік мұсылмандық жол деп санайды.

Уахдат-и шуһуд: Көрініс бірлігі, яғни, мистиктің барлық болмыстар мен құбылыстарды құдай, Алланың бейнесі ретінде қарауы «уахдат-и шуһуд» деп аталады. Уахдат-и шуһуд «шакр», «ғалаба» және «ғайбат» деп аталатын ғашықтық халдерімен салыстырылады. Мұндай мистикалық дәрежені сезінген суфи өзіндік болмысын жоққа қосады және Халлаж тәрізді: «Әнә-л-Хаққ», - дейді де, осындай мистикалық сатыдан өткен соң мистик Жаратушы мен жаратылғанды айыра білетін дәрежеге жетеді, ақылға келеді және экстаз кезінде айтқандарына тәубе қылады. Шуһуди тәухидті «айн-ы жам», «фана» және «жам» деп те атайды.

Уахдат-и вужуд: «Барлық болмыстарды бір деп білу» немесе «Алладан басқа болмыстарды мойындамау». Шуһуди уахдат бойынша ойшыл-суфи «барлығын бір деп түсінгенге» қарағанда «барлығын бір деп қарауға» ерекше мән береді. Ал уахдат вужудта барлығын бір деп түсінудің мәні зор: пантеист-суфи шынайы болмысты бір деп біледі. Ол – бір Алланың ұлы болмысы. Ал құдайдың ұлы болмысынан өзгелері шынайы болмысқа жатпайды. Пантеист-мистиктер аталған көзқарасты теориялық тұрғыда емес, практика жүзінде жүзеге асыруға тырысады.

49Мүмін (مؤمن) – Аллаға, оның әмірлеріне, қағидаларына иман келтірген және бағынған адам.

50Рия (رياء) – сопылық ілім бойынша Алланың ризалығы үшін жасалмаған, ықылассыз, көңілінің хошы соқпай жасалған ғибадаттар мен амалдар.

51Ықылас (اخلاص) – Барлық амалдар мен ғибадаттарды тек Алла ризалығы үшін, шын пейіл, ниетпен, ынта-жігермен орындау.

52Ілім (علم) - білім, тану. «Өзін таныған адам Раббысын таниды» (хадис) деген принципке сәйкес суфидің өзін тануы. Сопылық түсінік бойынша ілім кітаптардан емес, даналардың аузынан шыққан сөздерден емес, халден, хақ жолындағылардан алынады.

53Әһли сүннет уа-л-жамағат (اهل سنة و الجماعة) – Алла жолындағы адамдар, ал діни терминде дәстүрлі ислам.

54Шафқат (شفقة) - жан ашу, мейірімділік жасау, аяушылық. Сопылық ілім бойынша халыққа керегін беру, күш-қуаты жетпейтін міндетті оларға жүктемеу, олардың түсінбейтін тілінде сөйлемеу.

55Әмр-и би-л-мағруф уа нахйи ани-л-мункар (امر بالمعروف و نهي عن المنكر) – жақсылыққа үндеу, жамандықтан тыю.

56Пір (ﭘير) – қарт, кәрі адам, сопылықта шайх, муршид.

57Тәубе (توبة) - тәубеге келу, өкіну, қайта оралу.

А) Жүректегі кірлерден арылып, Алламен қауышу және Хақтың әмірлеріне бойұсыну.

Ә) Істелінген күнәлі, жаман істерге өкініп, Хаққа жақындауға тырысу.

Б) Кәпірлердің күпірліктен имандылыққа, күнәһарлардың жаман істерден игі істерге, жаман мінезділердің көркем, өнегелі мінез-құлыққа, пенделіктен Хаққа қауышу, күнәһарлықтан, надандықтан арылу да тәубеге жатады.

Тәубенің шарттары: істелген жамандықтарға өкіну, қателікті тез арада түзету, әдеттенген әдепсіздіктерден бас тарту. Тамұқ азабынан қорқып, тәубеге келуді – «тәубе», жұмаққа кіруге үміт еткен тәубені – «инаба», тек Хақ үшін келген тәубені – «ауба» деп атайды. Сонымен қатар, азаптан қорқып, адамның тәубеге келуін – инаба, Алланың жасайтын рақымдылығынан қысылып тәубеге келуін «истижаба» деп те атайды.

Тәубенің негіздері: діни парыздарды орындау, қарыздарды өтеу, адал ас жеу, нәпсісімен күрес.

Күнә жасаған адамның Алламен арасы алшақтай түсетіні белгілі. Ал тәубе – алшақтаған екі араны жақындастырушы, кесілген байланыс арқанын жалғаушы. Құлдың тәубе деген қайықпен өзеннің арғы бетіндегі Алласына жақындай түскенін көрген Жаратушы да оған жақындауға асығады. Бұл да Хақтың тәубесі (қайта оралуы). Сонымен тәубе – Алладан Аллаға қарай бағытталады. Дегенмен, Алла қаласа, адам тәубеге келеді, Хақ құлын жақын ұстағысы келсе, құл тәубе етеді.

Тәубе-и насух: Ескі әдетке қайтадан оралмау ниетімен келген шынайы тәубе. Тариқат жолына кіретіндердің алдына тұратын алғашқы іс те осы - тәубе, демек, ол – алғашқы мақам.

58Шүкір (شكر) - жақсылықты еске алу, рахмет айту деген мағынаны білдіреді.

А) Жасалған жақсылықтың жүзеге асқанын айту, жақсылық жасағанды дәріптеу шүкіршілікке жатады. Алланың жасаған игілігі мен берген бақытын еске алып, адам оны мадақтаса шүкір еткен болып есептеледі.

Ә) Жақсылықтың қадірін білу.

Шүкірдің үш іргетасы бар: ілім, хал және амал.

Жалпы шүкірге игіліктің қадірін білу, берілген игіліктің қайтарымы ретінде тілмен, тәнмен және жүрекпен рахмет айту, Алланың берген игілігіне тілмен рахмет айтып, мадақтау, Жаратушының игілігін құлшылық жасауға сауапты амалдар жасауға қолдану, қайырлы іс пен игі амал жасауға ниеттену жатады. Адамның кез келген дене мүшесінің шүкіршілік жасауы үшін ол мүшемен игілікті іс жасауға міндетті. Шүкір – берілген игіліктен бұрын игілікті берушіні көру, берілген игілік ортасында игіліктерді бергенді ойлау деген сөз. Шүкірге шағым айту қайшы келеді. Шүкіршілік жасау – сауапты іс, ал шағым айту – күнә. Шүкіршілік жасаушыны «шакир», шүкіршілік жасауға ынталы болмағанға «шакур» деп атайды. Шүкір – игіліктің артуына себепші.

59Кәлима Шаһадат (كلمة شهادة) – куәлік сөзі, яғни, Алланың бір екендігіне, Мұхаммед те Алланың құлы және елшісі екендігіне жүрекпен куәлік ету

(اَشْهَدُ اَنْ لآ اِلهَ الا الله وَ اَشْهَدُ اَن محمداً عَبْدُهُ وَ رَسولُهُ)

60Қадир (قادر) - құдірет иесі, барлығына күші, құдіреті жететін

61Мурид (مريد) - қалаған, талаптанған. Тариқатқа кірген, шайхтың жетегінде кеткен дәруіш, пенде, шайх-мырзасының құлы. Әдетте мурид ешбір еркі жоқ бейшараға, екі көзі көр соқырға теңеледі, яғни соқыр адамның еркі жетектеген адамның қалауында болатыны сияқты муридтің де еркі шайхында. Мурид өзінің жеке еркін шайхының қалауына құрбан етеді. (Фана фи-ш-шайх).

62Шайх (شيخ) - қарт, пір, мырза, көшбасшы, тайпа көсемі. Нәпсісіне – қонақ, Хаққа – дос, әулие адам. Шәкірттерге жол көрсетуге, олардың жүрек көзін ашуға лайықты кемел адам, мүршид (Кашани). Шайхтыққа рухани жетілген адам ғана қол жеткізе алады және ол осы кемелдікке басқаларды да жеткізеді. Шайхтың үш түрі бар.

а) Шайх талим: тәлім-тәрбие беретін ұстаз, сопылық саласында рухани ілім нұрын адамдардың көңіліне қиятын адам.

ә) Шайх-ы сұхбат: барлық сұхбаттарда табылатын, сұхбатта сөз бен әрекетінен тәлім алуға болатын суфи. Шайх талим адамдардың жүрегіне ілім нұрын ұялатады, ал шайх сұхбат көпшілікке білім береді әрі өзінің болмыс-бітімімен айналасындағыларға әсер қалдырады, оларға үлгі болады.

б) Шайх-ы тариқат, шайх-ы тәрбие, шайх-ы иршад, шайх-ы таслиқ: мүридтері мен жолын қуушыларының дүние-мүлкіне, жан-тәніне билігі шексіз. Мурид тілімен де, көңілімен де шайхына қарсы келе алмайды. Шайхына «жоқ» деген мурид ешбір жақсылық таппасы хақ. Шайхына қарсы жасалған күнәнің кешірімі жоқ, яғни, шайх алдында мурид тірі адам алдындағы өлік тәрізді, тірі адам өліні қалағанынша аунататыны сияқты шайх та муридті солай жасай алады. Шайхқа бой ұсыну оның алдында өзіндік мендігін жоқ санау Аллаға бағынудың, оның алдында өзін жоқ санаудың кіріспесі. Аллаға ұласатын жол тек шайх арқылы өтеді. Ал шайхы жоқтың шайхы – шайтан болмақ. Шайх құпияны ашу, керемет көрсету қасиетіне ие, ол Алланың жер бетіндегі орынбасары және Алла атымен жұмысты алға бастырады. Шайх - Мұхаммед пайғамбардың орынбасары, оның өкілі. Қорытындылай келсек, шынайы шайх Алланы құлдарына, құлдарын Алласына сүйдіретін, табыстыратын кемел адам (Сухрауарди).

63Батын (باطن) – ішкі тән, ішкі, жасырын, құпия.

64Мужаһада (مجاهدة) - шайқасу, күресу, соғысу. Шариғат үкімдеріне қайшы келмегенмен, жүрек көзінің ашылуына қиындық әкелетін қасиеттермен шайқасу. Нәпсімен кескілескен шайқас жүргізу «ұлы жиһадқа» жатады. Нәпсіні ауыздықтаумен қатар, оны бас көтертпей таптау, тіпті, оны «өлместен бұрын өлтіру» де мужаһадаға жатады.

Мужаһаданың алға қойған үш мақсаты бар:

а) Тақуалық жолға өту үшін мужаһада жасалады. Бұл мужаһада шариғат әмірлерін толық орындау, жүрек көзін ашу мақсатында нәпсіні бақылауда ұстау принципіне негізделеді. Мұны «уара» деп те атайды.

ә) Әділет жолын ұстану үшін мужаһада категориясын принцип ретінде ұстануға болады. Мұның дәлелі – Фатиха сүресіндегі «Сирату-л-мустақим».

б) кәшф және илһам иесі болу үшін мужаһада принципіне сүйенеді.

65
]."/cgi-bin/footer.php"; ?>