Қажы Бекташ Уалидің мақаласы
Вид материала | Документы |
СодержаниеБұл бөлімде адамның сипаты баяндалады Жер жүзі етім, тәнім Түсіндірме сөздік Адауат (عداوت |
БҰЛ БӨЛІМДЕ АДАМНЫҢ СИПАТЫ БАЯНДАЛАДЫ
Қымбаттым! Бізге жеткен мәліметтер былай баяндалады:
Хақ Субханаһу уа Тағала адамның сол қабырғасынан Хауаны жаратты, оны Адамға жар етті. Хауа тоқсан тоғыз құрсақ бала туды. Одан он ұлы, он қызы ғана қалды. Олардың аттары мынандай: Уахама, Уадд, Сува, Яғус, Яғуқ, Наср, Абду-н-Наср Хабил, Қабыл және Шит. «Шиттің бір құрсақтан туылғандығы» баяндалады.
Адамның аманаты Шитке берілді. Шиттің тоқсан ұлы және тоқсан қызы болды. Бүкіл адамдар осылардан таралды.
قوله تعالي:
ۤيَا اَيُّهَا النَّاسُ اتَّقُوا رَبَّكُمُ الَّذي خَلَقَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ وَخَلَقَ مِنْهَا زَوْجَهَا وَبَثَّ مِنْهُمَا رِجَالاً كَثيرًا وَنِسَاءً وَاتَّقُوا اللّهَ الَّذي تَسَاءَلُونَ بِه وَالاَرْحَامَ اِنَّ اللّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقيبًا
«Ей адамзат! Сендерді әуелі бір адам етіп жаратқан, оған серік етіп, өз қасынан жұп шығарып, екеуінен көптеген еркек-әйел ұрпақ таратқан Тәңірден қорқыңдар. Біреуіңнен біреуің әлде бірдеңе сұрай қалғанда есімі ауыздарыңнан түспейтін Тәңірден (қорқыңдар), туысқандық қарым-қатынасты үзіп алудан сақ болыңдар. Анығын айтсақ, бір Құдай бәріңді бақылап тұрады (Ниса – 1)»
Хақ Субханаһу уа Тағала тағы да былай деген:
قوله تعالي:
وَلَقَدْ خَلَقْنَا الاِنْسَانَ مِنْ سُلالَةٍ مِنْ طينٍ ثُمَّ جَعَلْنَاهُ نُطْفَةً في قَرَارٍ مَكينٍ ثُمَّ خَلَقْنَا النُّطْفَةَ عَلَقَةً فَخَلَقْنَا الْعَلَقَةَ مُضْغَةً فَخَلَقْنَا الْمُضْغَةَ عِظَامًا فَكَسَوْنَا الْعِظَامَ لَحْمًا ثُمَّ اَنْشَاْنَاهُ خَلْقًا اخَرَ فَتَبَارَكَ اللّهُ اَحْسَنُ الْخَالِقينَ
«Адамды топырақтан, ұрпағын ұрық суынан жараттым». «Адамды біз топырақтың ең асылынан жараттық. Одан соң оны ұрықтың тамшысына айналдырып, өте сенімді орынға – (жатырға) орналастырдық. Одан әлгі ұрықты ұйыған қанға айналдырдық. Ұйыған қанды бір жапырақ етке айналдырдық. Бір жапырақ етке сүйек бітірдік, одан соң сүйекке ет қондырдық. Оған (жан кіргізіп) басқадай жаратылысқа айналдырдық. Аса шебер Жаратқан ием (хикмет те, құдірет те) барынша ұлы. (Муминун -12, 13, 14)»
Еркек суы «нутфа (сперма)», әйел суы «әмшаж» деп аталады.
اِنَّا خَلَقْنَا الاِنْسَانَ مِنْ نُطْفَةٍ اَمْشَاجٍ نَبْتَليهِ فَجَعَلْنَاهُ سَميعًا بَصيرًا قوله تعالي:
«Анығында, оны біз екі тамшының қосылуынан жараттық, енді сынға саламыз, сол үшін оларға (көрсін деп) көз, (естісін деп) құлақ бердік (Инсан – 2)»
Сонымен қатар «еркек әйелмен жақындасқан кезде, одан бір су, әйелінен бір су шығады». Алла екі періштеге осы суларды араластыруды бұйырады. Олар да: Ей Рабби, осы екі нутфадан адамды жаратқың келе ме? – деп, сұрайды. Алла да: Ей періштелерім! әлбетте жаратамын, - деп жауап береді. Еркек суы әйел суына қосылады. Сол сәтте ғарыштан ана құрсағына жел еседі және әлгі су ана құрсағына таралады, яғни құрсаққа құйылады.
خُلِقَ مِنْ مَاءٍ دَافِقٍ يَخْرُجُ مِنْ بَيْنِ الصُّلْبِ وَالتَّرَائِبِ قوله تعالي:
«Ол бөлініп шыққан тамшыдан пайда болған. Тамшы – омыртқа мен төс сүйектің арасынан шығады (Тариқ – 6,7)»
Одан соң Алла Тағаланың әмірі бойынша екі періште барып, әлгі пенденің мазары болатын жерден бір уыс топырақ алып келеді де, екі суға араластырып илейді, қырық күн бойы оң қолдарымен араластырып сығады. Сонда, әлгі илеу ұйыған қанға айналады.
Ұйыған қанды сол қолдарымен қырық күн араластырады, ол бір жапырақ етке айналады. Оны оң уысына ауыстырады. Қайтадан оң қолдарына алып, қырық күн араластырып, сыққаннан соң, жайына қалдырады. Одан соң жиырма күнге жуық оны күтеді, соңында, ет, тамыр және сүйек пайда болады.
Одан ары әңгімемізді жалғастырсақ, дененің бүкіл мүшелерінен бұрын қаңқа сүйектер жаратылған, сондықтан, адам өлгеннен соң топырақ әлгі сүйектерді ең соңынан шірітеді.
Екінші күні олар оң қолымен сұқ саусақты, үшінші күні сол қолымен басты, төртінші күні сол аяқты, бесінші күні оң аяқты жаратады. Алтыншы күні үш жүз алпыс алты тамыр жаратылған. Бұлардың жартысы қимылдай алады, ал қалғандары қимылсыз жатады. Өйткені жартысында қан, жартысында жел бар. Қимылсыз жатқан тамыр әрекетке көше қалса, сырқат пайда болады. Ал қимылдауы тиісті тамыр әрекетсіз қалса, адам өледі. Жетінші күні жеті жүз қырық сүйек бөлшектері, сегізінші күні жүз жиырма төрт мың қыл жаратылған.
Төртінші күні Хақ Субханаһу уа Тағала төрт періштені жібереді. Олардың бірі – адамның ажалдық сәтін, екіншісі – оның жамандығы мен бақытсыз кезін және жақсылығы мен бақытты сәтін, келесісі – несібесін, енді бірі – басына келетін оқиғаларды жазады.
Оныншы күні рух тәнге енеді. Жан денеге кіргеннен бес айдан соң, нәресте ана құрсағында қимылдай бастайды, - деп мәліметтерде баяндалады.
Хақ Субханаһу уа Тағала ана емшегін нәрестеге михраб160 еткен. Нәресте сәждеге жығылады, осы сәжденің берекесімен ана кез келген нәрсені жей бермейтін болады. Жан мен ақылдың мекені болып табылатын адамға осындай ұлы да игі істер жасалынады. Тәңір Тағала жанмен бірге ақылды да бере отырып, пендесінің жарату процесін аяқтайды. Алайда, мұнда үш мән бар, осы үш мән кімнің бойынан табылса, оның ақылы толық. Ал мұндай қасиеттер табылмаған адамның ақылы жоқ және жаны да ұйқыда. Әлгі үш мән – пенденің басты ерекшелігі болып табылады. Оның біріншісі - өзін тану, екіншісі – жан тыныштығында болу және үшіншісі – қабырды мекен ету. Осы айтылғандар әсіресе дәулетті адамдарға қатысты. Ал дәулет дегеніміз - әдеп, ақыл және көркем мінез. Аталған үш қасиетке қол жеткізген адамдар - пешенесіне бақыт молынан жазылған ұлы кемеңгерлер. Бұл турасында Расулуллаһ былай деген:
قال النبي عليه السلام: العَقْلُ ميزانُ اللهِ في الاَرْضِ
«Ақыл – Тәңір Тағаланың жер бетіндегі таразысы»
Жер бетінде ақылдан асқан керемет қасиет жоқ. Себебі, жақсылықты білетін де, оны жүзеге асыратын да осы – ақыл.
Ей қымбаттым! Ақыл төрт түрлі нұрдан құралған: біріншісі – ай нұры, екіншісі – күн нұры, үшіншісі – сидрату-л-мунтаһа161, төртіншісі – ғарыш нұры. Ақыл - тән ішіндегі сұлтан, көңіл ішіндегі тыныштық. Тәңір Тағала адамға осыншама ұлылық, нұр, керемет, хилат беруі ақылдың арқасы деп түсінген жөн. Көңілінде ақыл нұры бар адам – ұнамды адам, ал ол жоқ болса, оның қайыры жоқ, тіпті, құдай алдында да орны жоқ.
لَوْ كُنَّا نَسْمَعُ اَوْ نَعْقِلُ مَا كُنَّا في اَصْحَابِ السَّعيرِ قوله تعالي:
«Егер біз (пайғамбарды) тыңдасақ немесе түсінсек, тозақ тұрғындары қатарына қосылмас едік (Мүлк – 10)»
Бізге жеткен мәліметтер былай баяндалады. Жаратқан ие үш түрлі қараңғылықты үш түрлі жарықпен нұрландырды: біріншісі, дүние қараңғылығын ай, күн және жұлдыздар арқылы, екіншісі, түн қараңғылығын шырақ нұры арқылы, үшіншісі, күнә қараңғылығын тәубе нұры арқылы жарыққа бөледі.
Адамды да үш түрлі қараңғылықтан жаратып, үш түрлі жарықпен нұрландырды: Біріншісі, төрт элемент (топырақ, от, су, және ауа) қараңғылығынан жаратып, адамды ақыл нұрымен жарыққа бөледі. Екіншісі, надандық қараңғылығынан жаратты да мағрифатпен нұрландырды.
هُوَ الَّذي يُنَزِّلُ عَلى عَبْدِه ايَاتٍ بَيِّنَاتٍ لِيُخْرِجَكُمْ مِنَ الظُّلُمَاتِ اِلَى النُّورِ قوله تعالي:
«Сендерді қараңғылықтан жарыққа шығару үшін Алла пенделеріне жарқын аяттар жіберді. Сөз жоқ, ол сендер үшін марқабатты әрі аса мейрімді (Хадид – 9)»
Мағрифат күнге, ақыл айға, ілім жұлдыздарға ұқсайды. Ай мен күн туады, олар аспанда айналып кезеді. Ілімді оқу арқылы меңгеруге болады, бірақ ол үнемі есте қала бермейді, ал мағрифатты көңіліне ұялатқан адам көрге кіргенше одан қол үзбейді, тіпті қабірде де оның пайдаға асатыны хақ.
Арифтер сұлтаны, хақиқат жолының арыстаны, шайхтар муршиді162 Сейд Садеддин (р.ғ.) былай деп жырлап кеткен
Жер жүзі етім, тәнім,
Ағар су (тәрізді) - қаным менің.
Тахқиқ мұнарасында туды,
Оянбас күнім менің.
Күн үнемі бір мұнарадан туады, ал қалған мұнаралар бос қалады. Алайда, ақылды көңілдерде үш жүз алпыс алты мұнара бар. Мағрифт күні үнемі бір мұнарадан туады. Ал өзге мұнаралар бос қалады деп ойламаған жөн. Өйткені, тәнде сегіз рахмандық қала, оның әрбірінде жүз мың мұнара орналасқан. Мағрифат күні барлығының үстінде туады және оның сәулесі барлық мұнараларға нұрын төгеді, ешбір мұнара сәуледен мақрұм қалмайды.
Күн де үнемі туады, сәулесін жерге төгеді. Ал ілімнің, мағрифаттың нұры ғарыштан да асып кетеді. Әлемге тіршілік сыйлаған құдіретті Құдай былай деген:
Ей құлдарым! Қалауларың – жұмақ, оның сақшысы – Ридуан атты періште. Ридуанның күзетуімен тұрған жаннат ешқашан жойылмақ емес, үнемі бар болмақ. Мұнымен қоса мағрифатты көңілдердің сақшысы – менмін. Мен тұрғанда оны шайтанның жаулап алуы мүмкін бе? Өйткені мағрифатты көңілдер – менің асыл қазынам, менің бақылауымдағы мекен. Бұл жайлы Пайғамбар: قال النبي عليه السلام: قَلْبُ الْمُؤْمِنِ بَيْتُ اللهِ «Мүміннің көңілі мен жүрегі – Алланың үйі», - деген.
Ақылдың айға ұқсайтыны баяндалды. Ай арту, кему және бату қасиетіне ие. Бірақ кемелденген адам артпайды да, кемімейді де, жоқ болмайды. Ілім жұлдыздарға теңестірілген болатын. Аспан ашық болған түнде адамдар жұлдыздар арқылы жолдарын тауып жүре алады. Шынайы ілімге қол жеткізген адам да Хаққа бастайтын жолды көре алады, барлық нәрсенің мәнін түсіне алады. Керісінше, көк аспанды бұлт жапқан кезде, адамдардың жол таба алмайтыны белгілі. Демек, ақылы, мағрифаты және ілімі жоқ адам Хаққа бастар жолды қалай көрмек? Немесе ғұламалар болмаса адам Хаққа бастар жолды қалай таппақ? Сондықтан, ғалымдарға ата-анадан да артық құрмет көрсету қажет. Өйткені ата-ана балаларын дүние бәлесінен, дүние отынан және дүниелік қиындықтардан қорғайды. Ал ғалымдар болса, мұсылмандарға ақырет бәлесінен, тозақ оты мен азабынан сақтайды.
قال النبي عليه السلام: اَهْلُ الْعِلْمِ اوصَلَ اِلي الْخاصةِ وَ الْعامةِ فائِدة
«Ілім иелері бүкіл жұртқа пайда әкеледі. (хадис)»
Ілімнің айнаға ұқсайтыны да баяндалады. Айнаға үңілген адам өз бейнесін көреді. Ілім айнасы арқылы да адам өзінің жағымсыз қырларын байқайды. Өз кемшілігін ескерген адам өзгенің кемшілігін әңгіме қылмауы тиіс. Хақ Субханаһу уа Тағала былай деген: Ей құлдарым! Мені ұзақтан да жақыннан да қаламаңдар, қайда болсаңдар да менімен бірге болыңдар. Себебі, сендерге сендерден де жақынмын және қайда екендіктеріңді білемін.
فَاِنّي قَريبٌ اُجيبُ دَعْوَةَ الدَّاعِ اِذَا دَعَانِ فَلْيَسْتَجيبُوا لي قوله تعالي:
«Мен оларға ақиқатында жақынмын, маған тілек етсе, оларын қабыл аламын (Бақара -186)»
Мені өзіне жақын тұтқан адам ешқашан үмітін үзбесін. Киіміне мускус жаққан адамның үстінен хош иіс шығатыны сияқты, ілімге жақын жүрген адам сол ілімнен мақрұм қалмайды, Хаққа жақын адамның оқыған дұғасы бос кетпейді. Осы жайында Хақ Субханаһу уа Тағала былай деген:
اَمَّنْ يُجيبُ الْمُضْطَرَّ اِذَا دَعَاهُ قوله تعالي:
«Басына күн туған адам дұға оқыса, оның тілегін қбыл етемін (Нәмл – 62)»
Хақ Субханаһу уа Тағаланың есімін зікір еткен адам тілегіне жетеді.
Құдай Тағала тағы да: Менің атымды естеріңе алыңдар, мен сендердің қалағандарыңды орындаймын, - деп, тағы: ادْعُوني اَسْتَجِبْ لَكُمْ قوله تعالي: «Маған дұға жасаңдар, тілектеріңді орындаймын (Мумин-60)»
Ей мүміндер! Біліп қойыңдар, кәпір діндеріңнің, тәндеріңнің және мал-мүліктеріңнің қас дұшпаны. Бірақ кәпірден де өткен дұшпан бар, ол – Ібіліс. Өйткені Аллаға бағыну және тауазу163 жолынан адамды шайтан ғана адастырады. Ал адасқан адамға тозаққа бару – парыз. Ал кәпір сені немесе кәпірді сен өлтірсең жаннатқа кіру – саған уәжіп. Кәпірді жер жастандырған адам «ғази», кәпірдің қолынан өлген «шейіт» деп аталады. Олай болса, кәпір саған қалайша қауіпті дұшпан болмақ? Шейіттердің мәртебелері пайғамбарлардың дәрежесінен бес есе жоғары. Аталған мәртебелердің біріншісі – пайғамбарлар өлгенде жуындырылады, ал шейіттерді жуындырудың қажеті жоқ. Екіншісі, өлген пайғамбарлардың киімдері шешілсе, шейіттердікі шешілмейді. Үшіншісі, жан тапсырған пайғамбарлар кебінделсе, шейіттер кебінделмейді. Төртіншісі, пайғамбарлар ақыретте тек өз үмметтерін ғана таңдап, шапағат көрсете алады, махшар164 күнінде шейіттер өз қауымына, тайпасына, туыстары мен жақындарына, бауырларына, тіпті, қасына келген кез келген адамдарға шапағатшы бола алады. Шейіттердің өмірде төккен маңдай терінің құрметіне байланысты Хақ Тағала өзгелерге де кешірім жасайды және барлығын жұмаққа кіргізеді. Бесіншісі, пайғмбарларға жылына бір мәрте, шейіттерге күн сайын зиярат жасалынады.
Адамға кәпірден де қауіпті үш жаман қасиет бар: біріншісі, нәпсі қалаулары, екіншісі, кибир пен далалат165, үшіншісі, жалғандық пен айлакерлік. Аталған үш қасиет - Ібіліспен тамыр: мүміндерді жолдан шығарады. Нәпсінің қалауы – байлық пен мырзалық, кибирдің тілегі – тойғанынша жеу, жасанып киіну және Хақтан алыстау, айлакерліктің мұраты – қаһқаһа мен қулық-сұмдық, өз кемшілігін жасыру, өзгенің айыбын ашу. Алланың қарғысына ұшыраған Ібілістің қалау-тілегі баяндалды. Осы жаман қасиетті бойына жинақтаған адам – Ібіліс, ал ондай жиіркенішті қасиеттен аулақ болған адам - ерекше адам. Хақ Субханаһу уа Тағала бұл турасында былай деген:
Қияметтен қорқа отырып, нәпсінің қалауларынан бас тартыңдар:
قوله تعالي: وَاِنْ مِنْكُمْ اِلا وَارِدُهَا «(Кәпірлердің) ішінде тозаққа бармайтын ешкім де болмайды (Мариям -71)»
Тозақтан қорқып, Тәңірдің қалағанын орындаңдар: وَاِنَّ جَهَنَّمَ لَمَوْعِدُهُمْ اَجْمَعينَ قوله تعالي: «Тозақ олардың барлығына ұйғарылған орын болғаны анық (Хижр – 43)»
Құдайдың әмірі болғандықтан шайтанға бой ұсынбаңдар:
اِنَّ الشَّيْطَانَ لَكُمْ عَدُوٌّ فَاتَّخِذُوهُ عَدُوًّا «Шынын айтсақ, шайтан сендердің қас дұшпандарың. Оны дұшпан деп біліңдер (Фатыр – 6)»
Мүміндердің дүниені артық санауы – олардың үлкен қателігі. Бұл жайлы пайғамбар былай деген:
قال النبي عليه السلام: حُب الدنِيَارأْس كُل خَطيئَةٍ وَ تَرْكُ الدنياَ رأْس كل عِبادةٍ
«Дүниені ұнату – барлық қатенің басы, одан бас тарту – ғибадаттың негізі», яғни, дүниені сүю – бүкіл күнәлардың бастамасы, ал оны тәрік ету – бүкіл ғибадаттың кілті. Осы хадис шарифке сәйкес Хақ Субханаһу уа Тағала да Құран Кәрімде былай баяндаған:
فَاَمَّا مَنْ طَغى وَاثَرَ الْحَيوةَ الدُّنْيَا فَاِنَّ الْجَحيمَ هِيَ الْمَاْوى قوله تعالي:
«Кім шектен шығып кетсе, пәни дүниені артық санаса, оның мекені сөзсіз тозақ болады (Насиғат – 37-39)»
Ал дүниеден жирену – Алла Тағаланың ризалығын алу деген сөз.
قوله تعالي: وَاَمَّا مَنْ خَافَ مَقَامَ رَبِّه وَنَهَى النَّفْسَ عَنِ الْهَوى فَاِنَّ الْجَنَّةَ هِيَ الْمَاْوى
«Ал Тәңір алдында (есеп беруден) қорқатындарға, пәни дүниенің нәпсісіне еруден өзін тия білгендерге келсек, олардың орны жаннат болатыны анық. (Насиғат – 40-41)»
Адамның дене-бітімін, шариғат, тариқат және мағрифат халдерін анық түрде баян еттім және әл-қуатым жеткенінше түсіндірдім. Қалған мубарак мәліметтер Құран тафсирінде, пайғамбардың хадис кітаптарында және әулиелердің естеліктерінде көптеп кездеседі. Уаллаһи ағламу биссауаб (ақиқатын білетін Алла ғана). Уа илайһи-л-маржиғу уа-л-мағаб (тек оған ғана қайтамыз және оны ғана паналаймыз).
ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК
1 Íàçàðáàåâ Í. Ò¾ðêiñòàí ½ëòòûº áîñòàíäû¹ûìûç áåí åëäiãiìiçäi» ຠîðäàñû (Ò¾ðêiñòàí ºàëàñûíû» 1500 æûëäû¹ûíà àðíàë¹àí ¹ûëûìè êîíôåðåíöèÿäà ñ¼éëåãåí ñ¼çi)// Åãåìåíäi ²àçàºñòàí. 2000. 21 ºàçàí. 1-2á.
1Расул (رسول) – елші деген мағынаны білдіреді. Алла тарапынан адам баласына жіберілген пайғамбар.
2 Әһли бәйт (اهل بيت) – Мұхаммед пайғамбардың мубарак жанұясы мен ұрпақтары.
3Ерен (ارن) – қауышқан, жетістікке жеткен деген сөз. Аллаға қауышқан әулие, рухани пісіп, кемелденген адам.
4Абид (عالد) - Өмірін құдайға құлшылық жасауға арнаған, көп уақытын ғибадат жасаумен өткізетін тақуа адам.
5Шариғат (شريعة) - жол, су каналы, арық.
А) Сыртқы үкімдер, құқықтық қағидалар, құқықтық құралдар, адамның тәндік, сыртқы дүниеге тән діни үкімдері.
Ә) Алла тарапынан пайғамбарлар арқылы жіберілген заңдар.
Б) Діни үкімдерді орындауға міндетті (мукаллаф) адамдардың бұл дүниелік және о дүниелік өмірін ретке келтіру үшін міндеттелген жекелеген үкімдер деген мағынаға сәйкес келеді.
Өзге бір көзқарас бойынша шариғат сыртқы (заһир) және ішкі (батын) бүкіл діни үкімдерді тұтас қамтиды. Әдетте, суфилер тән мен материяға тән сыртқы үкімдерді шариғат немесе фықһ, жүрек (рух) пен о дүниеге тән – батыни, құпия (даруни, рухани) үкімдерді – хақиқат немесе тасаууф деп атайды. Бастапқыға - амалдық (практикалық) құқық, кейінгісіне - ар-ождандық құқық (мораль) қатысты деп атаған ойшылдар да болған.
Шариғат Алладан келген және пайғамбар арқылы баршаға баян етілген бүкіл діни үкімдер жиынтығы деп қуатталғанмен, шариғат пен хақиқат (тасаууф) бір-бірінен бөлек дүние емес, тұтас, бір бүтін болып табылады. Сондықтан, олардың арасында тартыстар, қарама-қайшылықтар болуы да мүмкін емес. Десек те, мұсылмандық дін ілімінің сыртқы үкімдеріне - шариғат, ішкі үкімдеріне - хақиқат (суфизм) дейтін болсақ, екеуінің арасында айырмашылықтар туындайтыны айқын. Тіпті, кейбір жағдайларда олар сыртқы көрініс тұрғысынан бір-біріне жат болып көрінуі де мүмкін. Мәселен, Мұса пайғамбар мен Қызырдың білімдері арасындағы айырмашылықтар тәрізді. (Кәһф 60-82). Мұндағы Мұса пайғамбардың біліміндегі үкімдер шариғат, Қызырдың білімін хақиқат іліміне жатқызуға болады. Шариғаттағы бұйрықтар жалпы бұқара халыққа қатысты, хақиқаттың үкімдері таңдаулыларға арналған. Шариғатқа жүгіну – адамға міндеттелген бұйрық, ал хақиқатқа ден қою - индивидтің еркі, шариғат - құдайға құлдық ұру, хақиқат – Жаратушымен дидарласу. Хақиқаттың қуаттамаған және сенбеген нәрсесін шариғат мойындамайды, шариғатқа негізделмеген хақиқат - тамырсыз ағаш секілді. Шариғат - хақиқаттың сыртқы келбеті, хақиқат - шариғаттың ішкі дүниесі. Бұл екеуі тиынның екі жағы тәрізді және өздеріне тән критерийлерге ие, бірақ, бірінсіз екіншісінің болуы мүмкін емес. Мұхаммед пайғамбардың сөзі – шариғат, іс-әрекеті – тариқат, өмір салты – хақиқат.
6Жалла жалалуһ (جل جلاله) – Алланың ұлылығын дәріптеу.
7Иншаллаһ (انشاء الله) – Алла рұқсат берсе, құдай қаласа, Алла нәсіп етсе.
8Мағрифат (معرفة) – білім, практикалық білім, тану.
Суфилердің рухани халдерді іс жүзінде, рухани және құдайлық ақиқаттарды сезіне отырып, (ішкі тәжірибе арқылы) қол жеткізетін білімі. Мағрифат арқылы абсолютке тән ақиқатты тануға болатын білімді «мағрифатуллаһ», мағрифат асқар шыңына шыққан суфиді «ариф-и биллаһ» деп атайды. Суфилер мағрифаттың өзіндік мәніне қарағанда оның себебі, нәтижесі және критерийлері турасында қалам тартқан. Кушайридің пікірі бойынша мистик алдымен Хақты, оның атрибуттары мен субстанцияларын, есімдері мен әрекетттерін таниды, одан соң Хаққа бағышталатын құлшылыққа ден қояды, қоғамнан оңашаланады, жан дүниесіндегі нәпсісін ауыздықтайды және Жаратушысына жақындауға тырысады. Осының нәтижесінде абсолют өзіндік мәнін танытады. Міне, мағрифат дегеніміз – осы: Хақтың өзі жайлы мистикке берген мәліметі. Осы іліммен жарақтанған мистик «арифке» немесе «ариф-и биллаһқа» айналады. Мистик өзінен және өмір сүрген ортасынан жатсынған сәтте ғана Хақпен танысады.
Суфилердің пікірі бойынша абсолютті сол күйінде түйсініп, мағрифат ілімі дариясына батуы мүмкін емес. Ол үшін адам оны тану жолында барлық күш-қуатын сарқып, «Хақты тану мүмкін емес» деген қорытындыға келген кезде ғана шынайы мағрифат шыңына шыққан болып есептеледі.
9Нәпсі (نفس) – жан, жекелік, құмарлық, қалау деген мағынаны білдіреді. Сопылықта адамның жаман мінез-құлықтары мен жағымсыз сипаттары, жамандыққа бастайтын сезімдері мағынасына сәйкес келеді. Осы мағынадағы нәпсі адамның қауіпті қас дұшпаны болғандықтан оны ауыздықтау, өлтіру және онымен күресу қажет. Сопылық тариқаттарда нәпсі тәрбиелеудің түрлі жолдары бар.
10Кибир (كبر) – тәкаппарлық, менмендік, өзімшілдік.
11Хасад (حسد) – көре алмаушылық, қызғаншақтық.
12Буғз (بغض) - өшпенділік, жек көру.
13Бухл (بخل) – сараңдық, ешкімге еш нәрсені қимау.
14 Адауат (عداوت) – дұшпандық, кектену.
15Заһид (زاهد) – дегдар, дүниеге мән бермейтін, одан өзін аулақ ұстайтын адам. Дүниелік тіршілік пен дүние ләззатынан бас тартып, ақыреттік өмірге мән берген аскет.
16