Қажы Бекташ Уалидің мақаласы

Вид материалаДокументы

Содержание


Екінші бөлім
Алланың кешірмейтін күнәсі - өзіне басқа бірдеңені Тәңір тұту. Одан басқа күнәларды егер ықыласы ауса кешіреді» (Ниса-48).
Үшінші бөлім
Төртінші бөлім
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ХИКАЯЛАР


Иса пайғамбар ғалайһи салам күндердің бір күнінде сейіл-серуен құрып, бір таудың етегіне келіп тіреледі, сол арадан су тауып ішеді. Бірақ ол ащы су болып шықты. Тау да үнемі теңселіп, тербеліп тұратын. Иса ғалайһи салам «хал17» тілімен тауға сұрақ қойды:

- Бұл су неге ащы және сен де неге теңселіп, тербеліп тұрасың, ей тау ?

Сонда тау оған:

- Ей Рухуллаһ! Мұса пайғамбар ғалайһи салам заманында бір жігіт серуендеп, осы араға келді де мына аятты оқыды:

يَاۤ اَيُّهَا الَّذينَ اٰمَنُوا قُوۤا اَنْفُسَكُمْ وَاَهْليكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ عَلَيْهَا مَلئِكَةٌ غِلاظٌ شِدَادٌ قوله تعالي:

«Ей иман келтіргендер! Сендер өздеріңді және бала-шағаларыңды адамдар мен тастарды отын етіп жағатын рақымсыз, қолы қатал періштелер басқаратын тозақ отынан сақтаңдар. (Тахрим-6)» - деп, тау:

Осы аят Тауратта, Інжілде, Забурда және Құранда бар ма? – деп сұрақ қойды. Иса ғалайһи салам бұл аяттың Інжілде, Тауратта, Забурда және Құранда бар екендігін айтты. Сонда тау:

- Ей Иса! Інжіл – сенікі, Құран - Мұхаммед Мұстафанікі. Ей Рухуллаһ! Сенің дұғаңды Құдай қабыл етеді. Сен Құдай Тағаладан мені осы теңселуден құтқарсын деп дұға жасағын, - деп үн қатты. Иса ғалайһи салам дұға оқыған сәтте-ақ тау теңселуін доғарды, оның ащы суына да дәм кіріп тұщыды. Тау тағы да одан ары әңгімесін жалғастырып:

- Ей Рухуллаһ! Менің ішімде сонау Исраиль ұлдары заманынан қалған бір пір бар. Ол Мұхаммедті немесе оның үмметін көруге ынтық. Бірақ әлгі жігіт:

يَاۤ اَيُّهَا الَّذينَ اٰمَنُوا قُوۤا اَنْفُسَكُمْ وَاَهْليكُمْ نَارًا وَقُودُهَا النَّاسُ وَالْحِجَارَةُ عَلَيْهَا قوله تعالي:

«Адамдар мен тастарды отын етіп жағатын, кәпірлерге дайындалған тозақ отынан өздеріңді сақтаңдар (Тахрим-6)», - деген аятты оқыған кезден бастап күндіз-түні көз жасын көл қылумен болды. Мына ащы су – оның көз-жасы. Әлгі пірдің көз жасы басқа суларға араласып, ол барлығын ащы қылды. Ал қазір, Аллаға шүкір, сенің жасаған дұғаңның берекесімен ол көз жасын тыйды, осының нәтижесінде, ащы су тұщыды, - деп сөзін аяқтады.

Иса ғалайһи салам таудың айтқан әсерлі әңгімесінен сабақ алды және ол қолындағы бар дүниесі – қыш табағын, аса таяғы мен инесін адамдарға таратты.

Сондықтан, қадірлі бауырым! Тек қана дүние жиғандар (одан туындайтын) азаптан қалай құтылмақ? Осы тақырып бойынша Хазіреті Расул ғалайһи салам былай деген.

الدُنيا بَحْرٌ عَميقٌ كَثيرٌ مِنَ الناسِ يُغْرَقُ فيها

«Бұл дүние – түбі терең теңіз. Адамдардың көбісі оның ішінде тұншығады».

Заһидтердің ғибадаттары: күндіз-түні құдайды зікір ету18, барлық істі «бисмиллаһи-р-рахмани-р-рахиммен» бастау, хауф19 пен ража20 және қалау-тілектерді дүниеге қалдырып, ақыретке пайдалы амалдар жасау. Олардың халдері «илми ладунге21» жету және заһидтер өз білімдеріне разы болады. Заһидтер қайдан келіп, қай жаққа бара жатқандарын білмейді. Себебі, оларға әлі ақиқат есігі ашылмаған. Әрбір рухани мәртебеге заһидтер өз қажыр-қайратымен қол жеткізеді. Бұл топтағы адамдардың жағдайы - осындай.

Үшінші топтағылар – арифтер22. Олардың шыққан тегі – су және арифтер «мағрифат» қауымына жатады. Судың өзі таза және тазалаушы қасиеті бар зат. Осыған орай, арифтер де пәк және өзгені тазалау қасиетін иеленуге міндетті.

Сұрақ:

Арифтік алдында әрбір сөздің үш беті, бір артқы жағы бар. Ал мағына иесі үшін әрбір сөздің жетпіс екі жүзі, бір арқасы бар. Білімінің төмендігіне байланысты надандар сөздің артқы жағын айтып, өздерін тозақ отына тастайды. Ал арифтер әрбір сөздің беткі жағын айтады да тозақ азабынан аман қалады.

Су – пәк және ол кез келген ыдысты тазалайтын тазалықтың кепілі, онда қалған дақтарды суға айналдырады және олар реңін де жоғалтады. Осылай, су ыдысты лас кірлерден арылтады.

Арифтердің шыққан тегі – заһири23, сондықтан, олар қайта тегіне қауышу қасиетіне ие. Арифтік пен шірк24 су мен май секілді бір-біріне қарама-қайшы құбылыстар. Арифтік тұрған жерде шірк тұрмайды. Сонымен, арифтік өзін де өзгені де пәктікке жетелейтін жол. Ал өзін рухани лас-кірлерден арылта алмаған, өзгені де ізгілікке бастай алмайтынын білген жөн.

Шариғат бойынша киім мен денеге тиген нәжіс су арқылы тазарады. Демек, денені, киімді тазалайтын су бой дәрет пен дәретті жүзеге асыратын құрал. Алайда, арифтік дәрежеде су арқылы киім мен денені тазалаудың, бой дәрет пен дәрет алудың мәні жоқ. Себебі, адамның жүрегі пәк болмайынша, оның жуған нәрсесі кірден арыла алмайды.

Сонымен, адам суға мұқтаж, себебі, су дәрет алуға, дәрет намаз оқуға, намаз Құдай Тағалаға жақындау үшін қажет. Бұл туралы Хақ Субханаһу уа Тағала былай деген:

«Жай сөзбен мені түсіну, әдеттегі тәнмен маған құлшылық жасау, қарапайым ғибадатпен менің мағрифатымды білу мүмкін емес»

Осыған орай, қадірлі бауырым! Адамның пайдалы әрекет жасауын жақсылап ойланған жөн: адам үнемі жан дүниесі пәк болуы тиіс. Ал адамның рухани лас былыққа белшесінен батуына басты себеп – оның ішінде шайтандық әрекеттің болуы. Егер нанбасаң бір меске толтырып ішімдік құй, аузын бу да, теңізге таста. Сол местің сыртын он жыл бойы ысқылап жусаң да оның ішіндегі арақ сол баяғы арақ, харам күйінше қалады.

Тағы бір мысал келтірер болсақ:

Бір тамшы арақ тамып кеткен құдықтың суы сыртқа түгелімен шығарылып тасталса, құдықтың суы төгілген жерге шыққан шөпті оттаған малдың етін жеу, - тақуалардың сөзімен айтқанда, - харам.

Арақтың арам болуы – шайтанның әрекеті. Осы жайлы Хақ Тағала былай деген:

قوله تعالي:

يَاۤ اَيُّهَا الَّذينَ اٰمَنُوۤا اِنَّمَا الْخَمْرُ وَالْمَيْسِرُ وَالاَنْصَابُ وَالاَزْلامُ رِجْسٌ مِنْ عَمَلِ الشَّيْطَانِ فَاجْتَنِبُوهُ لَعَلَّكُمْ تُفْلِحُونَ

«Арақ ішу, құмар ойнау, бұтқа табыну, оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетемін дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар (Маида-90)»

Қымбаттым! Бір тамшы арақ құдыққа тамғандықтан, тақуа иелерінің сөзіне қарағанда, сол құдықтың суын тазалау қажет. Құдық суына оттаған малдың еті харамға айналады. Себебі, оның ішінде шайтан әрекеті бар. Ал сенің ішіңде кибир, хасад, бухл, адауат, тама25, ашу-ыза, ғайбат26, қаһқаһа27 және қулық-сұмдық тәрізді шайтан әрекеттерінен су арқылы қалай арыла алмақсың? Олардан құтыла алмайтының белгілі.

Жоғарыда баяндалған сегіз түрлі жаман қасиеттердің біріне жолыққан адамның жасаған құдайлығы, құлшылықтары мен амалдары бекершілік. Ал аталған сегіз бәленің барлығы бір адамның бойында жинақталса, оның жағдайы не болмақ?

فَجَعَلْنَاهُ هَبَاۤءً مَنْثُورًا قوله تعالي:

«Біз олардың жасаған жақсы амалдарын шаң-тозаңға айналдырып жібереміз (Фурқан-23)»

Нағыз шайтан – жоғарыдағы рухани дертке ұшыраған адам және шайтанның шайтандығы аталған сегіз жаман қасиетпен сабақтасып жатқандығы баяндалып өтті.

Қымбаттым! Арифтердің шыққан тегі – су, сондықтан, оларға лас кірлер жұқпайды. Су көк (жасыл) жауһардан28, көк жауһар құдайдың құдіретінен жаралған. Сондықтан, Құдай Табарака уа Тағала арифтерін сүйеді. Себебі, арифтердің шыққан тегі құдайдың өзі, ал тектінің тегін сүюі таңқаларлық дүние емес.

Иншаллаһ, арифтердің ілімін адам өзін таныған сәтте есіне саламыз. Ал арифтердің ғибадаттарына келсек, тафаккур29, дүние мен ақыреттен бас тарту, ізгі ниетпен уилаят30 күту және Құдай Тағалаға қауышуға ынтығу. Арифтік халға барлық болмыспен үйлесе білу (бірлесу) және жаман ойлардан аулақ болу тән. Міне, арифтік қауымының жағдайы - осындай.

Төртінші қауым – мухибтер31 хақиқат32 қауымына жатады және олардың шыққан тегі – топырақ. Топырақ – тәслим33 мен риза34 болудың символы. Сондықтан, мухиб те көнуге, риза болуға міндетті. Осы мәселе бойынша Расулуллаһ (ғ.с.) былай деген:

كُل شَيْءٍ يَرْجِعُ اِلَي اَصْلِهِ «Барлық нәрсе шыққан тегіне қайта оралады».

Мухиб арифке былай деп сұрақ қояды екен:
  • Ей ариф! Құдай Табарака уа Тағала Құранда былай деген:

مِنْهَا خَلَقْنَاكُمْ وَفيهَا نُعيدُكُمْ وَمِنْهاَ نُخْرِجُكُمْ تَارَةً اُخْرى قوله تعالي:

«Сендерді біз сол жерден жараттық, сол жерге қайтарамыз, керек болса, одан біз сендерді алып та шығарамыз». (Таһа-55)

Олай болса, топырақ топыраққа, су суға, жел желге, от отқа оралады, ал сен Жаратқанға қалай ораласың? Оған сен «мен бастапқыда қандай болсам, дәл соның өзімін», - деп жауап бересің,

Сонда ариф:

- Айтқаның орынды, оған қарсылық жоқ. Бірақ, менің үш жолдасым (досым) бар. Мен қайтыс болған кезде, бірі – үйде, келесісі – жолда қалады, ал үшіншісі – менімен бірге болады. Үйде қалатыны – малым, жолда қалатыны – туыстарым мен жанұям, ал менімен бірге баратыны – жасаған ізгі істерім мен амалдарым. Жаман мінезім мен жаман амалыма келер болсақ, тегі шыққан ұясына оралғандығына және ұқсағандығына байланысты екендігін білген жөн, - деп жауап береді екен.

Сонда ариф те мухибке былай деп сұрақ қояды екен:
  • Ей мухиб! Адамның тегі атадан туындайды ма әлде анадан бастау алады ма?

Сонда мухиб:
  • Адамдардың көпшілігі ана –тек, ал ата – түп қазық екендігін алға

тартады. Бірақ, біздің пікіріміз бойынша ата – тек, ана – түп қазық, себебі, тек дегеніміз – жерге себетін тұқым, ол жерге себілгеннен соң түп қазыққа айналады, - деп жауап береді екен.

Мухибтердің ғибадаттары: мінажат35 ету, сайр36 мен мушаһада37. Осындай дәрежедегі мухибтердің қалау-тілектеріне Аллаға қауышу мақсатында өздерін Құдай бірлігі ішінде деп біліп, жандары мен халдерін біріктіріп, бір болу жатады. Міне, мухибтердің жағдайы осындай.

Мухибтер үш жерде мол табысқа кенеледі:

Біріншісі: Құдай жолында сайр;

Екіншісі: Жаратушысына мінажат;

Үшіншісі: Құдайға махаббатпен мушаһада көзімен қарау.

Құдайды қалай тануға болады? - деп мухибтерден сұралса, олар былай деп жауап береді:

- құдайды өзімізден, өзімізді құдайдан білдік. Сөзіміздің дәлелі ретінде Мұхаммед ғалайһи саламның мына бір хадисін айтуға болады:

مَنْ عَرَفَ نَفْسُهُ فَقَدْ عَرَفَ رَبهُ

«Өзін білген адам күмәнсіз Раббысын (иесін) біледі».

Мухибтердің айтқан сөзінің ақиқаты – құдай адамның өз ішінде, басқа жерден іздеген адам оны қалай таппақ? Сондықтан, өзін танымаған адам құдайды қалай біледі, қалай көреді? Осы турасында Құдай Тағала былай деген:

وَنَحْنُ اَقْرَبُ اِلَيْهِ مِنْكُمْ وَ لكِنْ لا تُبْصِرُونَ قوله تعالي:

«Ал оған сендерден гөрі ілім, құдіретімізбен біз жақынбыз, бірақ, сендер оны білмейсіңдер (Уақиға – 85)»

Басқа бір аят былай баяндалады:

وَنَحْنُ اَقْرَبُ اِلَيْهِ مِنْ حَبْلِ الْوَريدِ قوله تعالي:

«Біз оған күре тамырынан да жақынбыз (Қаф -16)»

Абидтердің, заһидтердің және арифтердің ғибадаттары, қалау-тілектері мен халдері өз алдына бөлек арнаны құрағанмен, бұл арналар мухибтер арнасына құяды.

Қымбаттым! Мухибтердің анықтамасы өте көп. Алайда, ақылдың тануына, көңілдің оянуына, адамдардың тура жолға түсуіне осы айтылған сөздер жеткілікті, тіпті, артығын баяндадық. Алладан басқа турасын білетін ешкім жоқ.


ЕКІНШІ БӨЛІМ


БҰЛ БӨЛІМДЕ МАҒРИФАТТЫҢ МӘНІ БАЯНДАЛАДЫ


Әлемнің Қутбы38 былай дейді: «құл Тәңір Тағалаға қырық мақам39 арқылы жетеді, оның досына40 айналады. Қырық мақамның оны шариғат, оны тариқат, оны мағрифат, оны хақиқат ішінде орын алған».

Шариғаттың алғашқы мақамы – иман41 келтіру. Осы иманның шарты – алтау: Аллаға, періштелеріне, кітаптарына, пайғамбарларына, ақырет күніне, тағдырға, жақсылық пен жамандықтың Алладан екендігіне сену. Бірақ иманның тәнде екендігін қуаттаған адам қателеседі және иман жанда да емес. Арифтік дәрежеде иман – ақылда. Алайда, иманның тіл мен көңілде екендігі баршамызға аян: Тәңір Тағалаға көңілімен иман келтірмеген адам – нағыз кәпір.

حَتَّي يَلِجَ الْجَمَلُ في سَمِّ الْخِيَاطِ قوله تعالي: ...

«Иненің көзінен түйе өткенге дейін олар жұмаққа кірмейді (Ағраф 40)».

Өзге бір қыры жағынан тілімен иман келтіріп, көңілімен сенбеген адам «мұнафықтар42» қатарына қосылады, тозақтың төменгі қабатына жайғасады:

اِنَّ الْمُنَافِقينَ فِي الدَّرْكِ الاَسْفَلِ مِنَ النَّارِ قوله تعالي:

«Шүбәсіз мұнафықтар тозақтың ең астыңғы қабатына тасталатыны даусыз» (Ниса-145)

Ғибадатына келер болсақ, амал - иманнан бөлек, ал иман – ғибадат. Жай жасалатын құлшылық имандылыққа жатпайды. Күпірлікке келсек - күнә, бірақ кішігірім күнә - күпірлікке жатпайды. Бұл турасында Алла былай деген:

اِنَّ اللّهَ لا يَغْفِرُ اَنْ يُشْرَكَ بِه وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذلِكَ لِمَنْ يَشَاءُ قوله تعالي:

« Алланың кешірмейтін күнәсі - өзіне басқа бірдеңені Тәңір тұту. Одан басқа күнәларды егер ықыласы ауса кешіреді» (Ниса-48).

Бұл екі сөз де адамдарға дос болып табылады:

وَاِذْ اَخَذَ رَبُّكَ مِنْ بَني ادَمَ مِنْ ظُهُورِهِمْ ذُرِّيَّتَهُمْ وَاَشْهَدَهُمْ عَلى اَنْفُسِهِمْ اَلَسْتُ بِرَبِّكُمْ قَالُوا بَلى قوله تعالي:

«Адам балаларын кезінде Алла Тағала әкелерінің белінен шығарады да: «мен сендердің Раббыларың емеспін бе? деп, оларды өздеріне өздері куә болуға көндірді» (Ағраф-172).

Міне, иман дегеніміз – осы. Алайда, бұған біз мына бір пікірді қосамыз: Рахман43 мен шайтанның негізі не? – деген сұраққа жауап берер болсақ, Рахманның негізі - иман, шайтанның түп қазығы – шүбә (күдік) екендігін естен шығармау керек. Иман мен шүбә ақ пен қара тәрізді. Себебі, иман ақылда орын тепкен, ақыл - сұлтан, тән - өзінің ішіндегі иманның көрінісі, өкілі. Сұлтан кетсе, өкілдің жағдайы не болмақ?

Бұған басқа бір мысал: иман – қазына, Алланың қарғысына ұшыраған Ібіліс44 – баукеспе ұры, ал ақыл – қазына күзетшісі. Егер күзетші қазынаны иесіз қалдырса, ұрының қазынаны не істейтіні белгілі.

Басқалай айтар болсақ, иман – қой, ақыл – шопан, ал Ібіліс – бөрі. Шопансыз қойға бөрінің шабатыны айдан анық. Басқа бір мысал келтіріп кетсек, иман – сүт, ақыл - оның иесі, Ібілісі – ит. Үшеуі де бір үйде. Иесі тысқа шыққан сәтте иттің сүтті не істейтіні айқын.

Ей бейшара міскін45! Иман сенің ішіңде қорғансыз қалды. Құдай Тағалаға сену, әмірлерін орындау, тыйымдарынан сақтану имандылыққа жатады. Ал Құдай Тағала уа Табараканың әмірлерін орындамау, тыйымдарынан бас тарту – жаратқан Тәңірге сенбеу деген сөз.

Құдайдың періштелеріне сену де имандылыққа жатады. Қымбаттым! Әрбір адамды үш жүз алпыс періште бәле-жаладан қорғайды. Осыншама періштелердің арасында әдепсіздікке бой алдырып, адамдардың арасында әдептілік сақтаған адамның періштелерге иман еткені бекершілік.

Жаратушы Тәңірдің Құранына және өзге де кітаптарына иман келтіру де имандылықтың нақ өзі. Ал жан дүниесі кибир, хасад, бухл, тама, ашу-ыза, ғайбат, қаһқаһа және қулық-сұмдыққа толы адамның Құдайдың кітаптарына, оның ізгі жолға үндегеніне иман келтіргені қайда қалды? Себебі, Құдайдың кітаптары әлгі өнегесіздік қасиеттер имандыларға жат екендігін ескерткен.

Алланың достарына (пайғамбарлар) сену де имандылыққа жатады. Өйткені құдайдың достары міскіндікті (пақырлық) қабылдады. Екіліктен46, касраттан47 бас тартып, уахдат48 жолын таңдады. Алланың достарына бір күн тоқ, екі күн аш жүру тән. Бұл жайлы Хазіреті Расул (с.ғ.с.) былай деген:

قال عليه السلام: اَشْبَعُ يَوْمًا وَ اَجوعُ يَوْمَيْنِ

«Мен де бір күн тоқ, екі күн аш жүремін» (Тирмизи, Зуһд/35).

Алла Тағала «Құдайдың достарына сендік» дегендердің қателерін бетіне басты. Себебі, олар қажетсіз әрекеттер жасағанда оның нәтижесі жауапсыз қалады және бізден қорқады, ұялады деп санаған болатын. Олай болса, олардың Құдай достарына сендік, иман келтірдік дегендері қайда қалды?

Ей мүміндер49! Қияметке иман келтіру сендер ойлағандай жай сенім ғана емес. Өйткені адал-арамдығына қарамастан тапқанына киініп, әшекейлерді үстіне жапсырып, арамдықпен тапқан азығын ішіп-жеген адамның иман еткені осы ма?

Әй мүміндер! Егер өздеріңді таныған болсаңдар бұл – үміт қақпасы. Ол сендерге көмек қолын созады. Ал өздеріңді танымасаңдар аталған үміт қақпасы жабылады және сендерді өкініш пен қайғы-қасіретке қалдырады. Себебі, Ұлы Жаратушы әмірші былай деген: «мен – миллиондаған адамның есігімде жалынышты күйде тұруын қалайтын патшамын. Есігімде өмір бойы зар еңіреп тұрып, олар риялық50 танытса, сонда қайғы-қасіретке ұшырайды. Олар ықыласпен51 иман келтіруге мәжбүр». Міне, осылардың барлығы имандылыққа жатады. Қаннен-қаперсіз (қорқынышсыз) өмір кешу иманға күдікпен қараған болып саналады.

Қымбаттым! Мағрифаттың түп негізін қысқаша баян еттік. Өйткені шынайы жандарға қысқа сөздің өзі жеткілікті.


ҮШІНШІ БӨЛІМ


БҰЛ БӨЛІМДЕ ШАРИҒАТ МАҚАМДАРЫ БАЯНДАЛАДЫ


Шариғаттың бірінші мақамы – иман келтіру. Бұл турасында Құранда былай делінеді:

قوله تعالي: يَا اَيُّهَا الَّذينَ امَنُوا ...

«Ей иман келтіргендер ! (Маида -1)»

Екінші мақамы – ілім52 үйрену:

قوله تعالي: كُونُوا رَبَّانِيّنَ

«Раббыға құл болыңдар (Али Имран-79)»

Үшінші мақамы – намаз оқу, зекет беру, ораза ұстау, күші жетсе қажылыққа бару, соғыс жағдайында қашпай, дұшпанмен соғысу және жүніптіктен тазалану. Осы туралы Құран мен хадистерде былай баяндалады:

قوله تعالي: وَاَقيمُوا الصَّلوةَ وَاتُوا الزَّكوةَ ۪

«Намаз оқыңдар, зекет беріңдер ... (Бақара-43)»

صوموا شَهْرَ رَمَضانَ

«Рамазан айында ораза ұстаңдар (хадис)»

وَلِلّهِ عَلَى النَّاسِ حِجُّ الْبَيْتِ مَنِ اسْتَطَاعَ اِلَيْهِ سَبيلاً قوله تعالي:

«Мұнда келуге мүмкіндігі болған адамның бәрі Алла үшін сол үйді хаж етуге қарыздар (Али Имран – 97)»

و الجِهادُ اِذا كانَ النضيرُ عامًا

«Жалпылық сапары болған кезде, жиһат жасау (аят та хадис те емес)»

وَ الغُسْلُ مِنَ الجَنابةِ مِنْ كُلِها

«Дененің барлығын жүніптіктен жуып тазалаңдар (аят та хадис те емес)»

Төртінші мақамы – адал (халал) еңбек ету және өсімқорлықты арам (харам) деп білу:

اَحَلَّ اللّهُ الْبَيْعَ وَحَرَّمَ الرِّبوا قوله تعالي:

«Алла сауда-саттыққа рұқсат етті, бірақ өсім алуға тыйым салды (Бақара-275)»

Бесінші мақамы – неке қию:

وَاِنْ اَرَدْتُمُ اسْتِبْدَالَ زَوْجٍ مَكَانَ زَوْجٍ قوله تعالي:

«Әйелдердің сендер үшін жақсы және лайықты болғандарымен некелесіңдер (Ниса-20)»

Алтыншы мақамы – етек кір мен нифас кезінде жыныстық қатынасты харам деп білу:

فَاعْتَزِلُوا النِّسَاءَ فِي الْمَحيضِ وَلا تَقْرَبُوهُنَّ حَتّى يَطْهُرْنَ قوله تعالي:

«Етек кірі кезінде әйелдеріңнен аулақ болыңдар. Бойлары тазарғанша олармен жанаспаңдар (Бақара-222)»

Жетінші мақамы – «әһли сүннет уа-л-жамағат53» қатарында болу:

صَلاةُ الجَماعةِ اَفْضَلُ مِنْ صَلاةِ الفذ بسَبْعٍ وَ عِشْرينَ دَرَجةً قال النبي عليه السلام:

«Жамағатпен оқылатын намаздың жеке оқылатын намаздан жиырма жеті есе артық сауабы бар (хадис)»

Сегізінші мақамы – шафқат54:

قوله تعالي:

۪ وَالَّذينَ يَنْقُضُونَ عَهْدَ اللّهِ مِنْ بَعْدِ ميثَاقِه وَيَقْطَعُونَ مَا اَمَرَ اللّهُ بِه اَنْ يُوصَلَ وَيُفْسِدُونَ فِي الْاَرْضِ اُولئِكَ لَهُمُ اللَّعْنَةُ وَلَهُمْ سُوءُ الدَّارِ

«Құдайға берген серттерін бекіткен соң қайта бұзғандар, Құдай жалғастыр деп әмір еткен істерді үзіп тастағандар. Жер бетінде бұзықтық жасағандар – қарғысқа қалады. Олардың соңғы орны – сұмдық жаман болады. (Рағыд-25)»

Хазіреті Расул (с.ғ.с.) да бұл туралы:

الشفقةُ مِنَ الاِيمانِ قال عليه السلام:

«Мейірімділік – иманнан», - деген.

Тоғызыншы мақамы – таза жеу, таза киіну:

كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ قوله تعالي:

«Сендерге біз ризық етіп берген жақсы тағамдардан ғана жеңдер (Бақара – 172)»

كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ قوله تعالي:

«Біздің ризық үшін берген таза нәрселерімізді жеңдер (Та-һа – 81)»

وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ قوله تعالي:

«Киіміңді таза ұста (Мүддасір – 4)»

Оныншы мақамы – «әмр-и би-л-мағруф уа нахйи ани-л-мункар55», яғни, жақсылыққа үндеп, жамандықтан аулақ болу:

وَيَاْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ قوله تعالي:

«Сендердің араларыңда да берекелі істерге бастайтын, жақсылыққа үндеп, жамандықтан жирендіретін бір қауым болсын (Али-Имран – 104)»

وَالْمُؤْمِنُونَ وَالْمُؤْمِنَاتُ بَعْضُهُمْ اَوْلِيَاءُ بَعْضٍ يَاْمُرُونَ بِالْمَعْرُوفِ وَيَنْهَوْنَ عَنِ الْمُنْكَرِ قوله تعالي:

«Мүмін ер, мүмін әйел бір-біріне көмекші. Олар жұртты жақсылыққа үндеп, жамандықтан сақтандырады (Тәубе – 71)».

Баян етілген осы аяттардың барлығы иманды қауымға жіберілген. Қалғаны белгілі.


ТӨРТІНШІ БӨЛІМ