Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   88
№ 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2007.21.07. № 307-III (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 568-бап өзгертілді

568-бап. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар

1. Объектілерді салу сапасына мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауын және қадағалауын жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 230, 231 (бiрiншi бөлiгiнде), 234, 235 (бiрiншi бөлiгiнде), 236, 238, 239, 278 (екiншi бөлiгiнде), 291, 357-2 (бірінші бөлігінде), 387, 499-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы, оның орынбасарлары, облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) бас мемлекеттік инспекторлары құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) 569-бап жаңа редакцияда; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 569-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 569-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

569-бап. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті орган

1. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкі­летті орган осы Кодекстің 381, 381-2, 382, 383, 384 және 384-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазаларды қолдануға құқылы.

 

ҚР 13.03.03 ж. № 394-II (бұр. ред. қара); 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 08.04.04 ж. № 542-II; 13.12.04 ж. № 11-III (01.01.05 ж. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.11.12. № 201-III (2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен 570-бап өзгертілді (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.10.12. № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV (бұр.ред.қара)  Заңдарымен 570-бап өзгертілді

570-бап. Салық қызметi органдары

1. Салық қызметі органдары осы Кодекстің 88 (үшiншi, төртiншi және бесінші бөліктерінде), 88-1 (екінші, үшінші бөліктерінде), 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 166, 205-212, 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 215-218, 218-1 (бірінші – алтыншы, сегізінші бөліктерінде), 219, 357-2 (бiрiншi бөлiгiнде), 358, 358-1, 360-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Салық қызметі органдарының басшылары мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

 

ҚР 12.07.01 ж. № 240-II Заңымен 570-1-баппен толықтырылды; ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара); 09.12.04 ж. № 10-III (бұр. ред. қара); ҚР 2005.21.10. № 80-III (бұр.ред.қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) Заңдарымен 570-1- бап өзгертілді; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV (бұр.ред.қара); 2009.07.12 № 222-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 570-1-бап өзгертілді

570-1-бап. Қаржы полициясы органдары

1. Қаржы полициясы органдары осы Кодекстiң 140 (бiрiншi бөлiгiнде), 141, 161-1, 164, 169-1, 176 (бiрiншi бөлiгiнде), 205 (бірінші, екінші, төртінші және бесінші бөліктерінде), 206-2, 207, 212, 215, 358-361-баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға қаржы полициясы органының басшысы мен оның орынбасарлары, облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, Қазақстан Республикасы астанасының, аймақаралық, аудандық, қалалық, қалалардағы аудандық қаржы полициясы органдарының және қаржы полициясының арнаулы бөлiмшелерiнiң басшылары мен олардың орынбасарлары құқылы.

 

05.12.03 ж. № 506-II ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2005.21.10. № 80-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2006.20.01. № 123-III ҚР Заңымен (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2006.05.05 № 139-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2006.05.07. № 165-III ҚР Заңымен

 (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.28.02. № 235-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2007.27.07. № 315-III ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2009.20.02. № 138-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 571-бап өзгертілді

571-бап. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң органдары осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгiнде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204, 357-2 (бірінші бөлігінде) баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға:

1) алып тасталды

2) осы Кодекстiң 176 (екiншi бөлiгінде), 178, 179-2, 184-2, 186, 204 , 357-2 (бірінші бөлігінде) -баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық үшiн - мемлекеттік қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық органдардың басшылары; аудиторлық қызмет саласындағы реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік органның басшысы құқылы.

3) алып тасталды

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 571-1-баппен толықтырылды. ҚР 2005.21.10. № 80-III заңымен өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР 2007.21.07. № 304-ІІІ (2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) Заңымен 571-1-бап жаңа редакцияда

571-1-бап. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган

1. Ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті орган осы Кодекстің 167-бабында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға ішкі бақылау жөніндегі орталық уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары құқылы.

 

2008.05.07 № 60-ІV ҚР Заңымен 571-2-баппен толықтырылды

571-2-бап. Банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган

1. Банкроттық саласында мемлекет­тік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган және оның аумақтық органдары, осы Кодекстің