Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   88
№ 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.19.02. № 230-III ( бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 555-бап өзгертілді

2010.06.01. № 238-IV ҚР Заңымен (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілді) 555-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен 555-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

555-бап. Кеден органдары

1. Кеден органдары осы Кодекстің 140 (бірінші бөлігінде), 141, 357-2 (бірінші бөлігінде), 400, 401, 402, 403, 404, 405 (екінші және үшінші бөліктерінде), 406, 407, 409-1, 411, 412, 425, 431, 434, 434-1, 435, 438, 438-1-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

2. Кеден органдары осы тармақта аталған әкім­шілік құқық бұзушылықтар Қазақстан Республикасы­ның Мемлекеттік шекарасы арқылы автомобиль өткізу пункттерінде жасалса, осы Кодекстің 175 (екінші бөлігінде), 220, 240 (бірінші бөлігінде), 247, 294 (бірінші бөлігінде), 323 (бірінші бөлігінде), 447 (екінші және үшінші бөліктерінде), 447-1 (бірінші бөлігінде), 447-2, 447-3, 460 (автомобиль көлігіндегі әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша), 461 (бірінші, екінші, төртінші, бесінші, алтыншы, 6-1) бөліктерінде), 463 (екінші және үшінші бөліктерінде), 467-1, 470 (үшінші бөлігінде), 477 (төртінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

3. Кеден органдарының бастықтары немесе олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ; 2007.22.05. № 255-III (бұр.ред. қара); 2007.27.07. № 314-III (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 556-бап өзгертілді

556-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы осы Кодекстiң 461 (бiрiншi, екiншi, төртiншi-алтыншы бөлiктерiнде), 462 (бiрiншi және екiншi бөлiктерiнде), 463 (1-1-бөлігін қоспағанда) , 464 (бiрiншi бөлiгiнде), 467 (төртiншi, алтыншы бөлiктерiнде), 468 (үшiншi бөлiктерiнде), 470, 472-476, 477 (бiрiншi, екiншi, төртiншi бөлiктерiнде), 503, 505-512 баптарында көзделген iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң органдары атынан әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және:

1) осы Кодекстiң 503, 505-512 баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылықтар үшiн - жергілікті әскери басқару органдарының бастықтары ;

2) осы Кодекстің 461 (бірінші бөлігінде), 462 (бірінші бөлігінде), 463 (бірінші бөлігінде), 464 (бірінші бөлігінде), 470 (бірінші бөлігінде), 473 (бірінші бөлігінде), 476-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық үшін - әскери автомобиль полициясының лауазымды адамдары: бастық немесе бастықтың орынбасары, әскери біліктілік комиссиясының төрағасы, аға инспектор және белгіленген тәртіппен әскери автомобиль полициясының штаттағы және штаттан тыс инспекторлары болып тағайындалған басқа да әскери қызметкерлер ескерту түрінде әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

3. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер және жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған әкiмшiлiк жазалау ретiнде айыппұл көзделген тәртiп бұзушылық туралы материалдарды Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгi белгiлеген тәртiппен әскери автомобиль инспекциясы кiнәлiлердi Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Тәртiптiк жарғысы бойынша жауапқа тарту үшiн тиiстi командирлерге (бастықтарға) бередi.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң көлiк құралдарын жүргiзушiлер - әскери қызметшiлер мен жиынға шақырылған әскери мiндеттiлер жасаған көлiк құралын жүргiзу құқығынан айыру түрiнде әкiмшiлiк жаза қолданылуы мүмкiн тәртiп бұзушылық туралы хаттамаларды әскери автомобиль инспекциясы Қорғаныс министрлiгi Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiмен бiрлесiп белгiленген тәртiппен сотқа жiберу үшiн жол полициясы органдарына бередi.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II (бұр. ред. қара) ; 2006.20.01. № 123-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара); 2009.10.07 № 180-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 557-бап өзгертілді

557-бап. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар

1. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауды жүзеге асыратын органдар осы Кодекстiң 89, 140 (бірінші бөлігінде), 161 (бірінші бөлігінде) , 164, 220, 221, 236, 239, 240, 242, 244, 248, 249, 261, 270, 272, 275, 276, 277 (екiншi бөлiгiнде), 281-1, 294, 304 (бiрiншi бөлiгiнде), 310, 323 (бірінші бөлігінде), 333, 357-2 (бірінші бөлігінде) , 387, 477 (бiрiншi, екiншi бөлiктерiнде), 494 (бiрiншi бөлiгiнде) - баптарында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерi мен оның орынбасарлары, облыстардың, қалалардың, аудандардың мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлерi мен олардың орынбасарлары, көліктегі мемлекеттiк бас санитариялық дәрiгерлер мен олардың орынбасарлары әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға құқылы.

 

ҚР 06.05.04 ж. № 551-II Заңымен 557-1-баппен толықтырылды; 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен 357-1-бап өзгертілді (бұр.ред.қара)

557-1-бап. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган

1. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері осы Кодекстің 324-бабының бірінші бөлігінде, 357-2-бабының бірінші бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді өз құзыреті шегінде қарайды.

2. Дәрілік заттар, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника айналымы саласындағы мемлекеттік органның басшысы, оның орынбасарлары, аумақтық бөлімшелердің басшылары мен олардың орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

2006.07.07. № 171-III ҚР Заңымен 557-2-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2009.16.07 № 186-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 557-2-бап өзгертілді

557-2-бап. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган

1. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік орган және оның аумақтық бөлімшелері өз құзыреті шегінде осы Кодекстің 85 (бірінші, екінші және үшінші бөліктері), 85-1 (бірінші бөлігі), 85-2 (бірінші бөлігі), 322 (бірінші және екінші бөліктері), 325 - баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Медициналық қызмет көрсетулер саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік органның басшысы және оның аумақтық бөлімшелерінің басшылары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

ҚР 09.12.04 ж. № 10-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара) 558-бап өзгертілді

558-бап. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгi мен Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң, Iшкi iстер министрлiгiнiң және Әдiлет министрлiгi Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнiң санитариялық қадағалауды жүзеге асыратын медициналық қызметтерi Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгiнiң әскери қалалары мен оқу орталықтарының аумақтарында орналасқан объектiлерде және Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi мен Әдiлет министрлiгiнiң Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiне бағынысты объектiлерде санитариялық-гигиеналық және санитариялық - эпидемияға қарсы ережелердi бұзу туралы осы Кодекстiң 323-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

 

2006.20.01.