Әкімшілік құқық бұзушылық туралы

Вид материалаКодекс
Подобный материал:
1   ...   67   68   69   70   71   72   73   74   ...   88
ред. қара ); 2010.30.06. № 297-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара)  576-1-бап өзгертілді

576-1-бап. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар

1. Акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымына мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органдар 163 (бірінші, екінші, бесінші және сегізінші бөліктерінде), 213 (бірінші-үшінші бөліктерінде), 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға акцизделетiн өнiм өндiрудi және олардың айналымын мемлекеттiк бақылау жөнiндегi органның басшылары (орынбасарлары) құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-2-баппен толықтырылды ; 2007.26.03. № 240-III ҚР Заңымен 586-2-бап өзгертілді (бұр. ред. қара )

576-2-бап. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары

1. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi қылмыстық-атқару жүйесiнiң органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға облыстар бойынша қылмыстық-атқару жүйесi аумақтық органдарының бастықтары мен олардың орынбасарлары, түзеу мекемелерiнiң , тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.

 

ҚР 05.12.03 ж. № 506-II Заңымен 576-3-баппен толықтырылды

576-3-бап. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауiпсiздiк органдары

1. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк органдары осы Кодекстiң 367-бабында көзделген әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi (ұлттық қауiпсiздiк органдары жүйесінің тергеу изоляторында құқық бұзушылықтар жасағаны үшін) қарайды.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға және әкiмшiлiк жазалар қолдануға ұлттық қауіпсiздiк органдары тергеу изоляторларының бастықтары құқылы.

 

ҚР 2007.21.07. № 299-III Заңымен 576-4-баппен толықтырылды; 2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2008.05.07. № 59-IV ҚР Заңымен (осы Заңның қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 576-4-бап өзгертілді; 2009.11.12 № 229-IV ҚР Заңымен 576-4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

576-4-бап. Жергілікті атқарушы органдар

1. Облыстың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы, онын­шы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы осы Кодекстің 309-1 (бесінші, алтыншы, тоғызыншы бөліктерінде), 309-4 (төртінші, бесінші, алтыншы, жетінші бөліктерінде), 357-2 (бірінші бөлігінде)-баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

3. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың әкімі және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға құқылы.

 

2007.27.07. № 320-III ҚР Заңымен 576-5-баппен толықтырылды (2007 жылғы 9 тамыздан қолданысқа енді)

576-5-бап. Білім беру саласындағы уәкілетті орган

1. Білім беру саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 311-1 (бірінші-алтыншы бөліктер), 357-2 (бірінші бөлік) баптарында көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолда­нуға білім беру саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары, білім беру саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

2008.05.07 № 59-IV ҚР Заңымен 576-6-баппен толықтырылды (қолданысқа енгізілген күнінен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

576-6-бап. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган

1. Туристік қызмет саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 357-2-бабында (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға туристік қызмет саласындағы уәкілетті органның басшысы мен оның орынбасарлары құқылы.

 

2009.04.05 № 157-IV ҚР Заңымен Заң 576-7-баппен толықтырылды (ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізілді)

576-7-бап. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган

1. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті орган 357-2-бапта (бірінші бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді қарайды.

2. Ойын бизнесі саласындағы уәкілетті органның басшысы және оның орынбасарлары әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

2009.04.05. № 156-ІV ҚР Заңымен мазмұн 576-8-баппен толықтырылды (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді)

576-8-бап. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган

1. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган осы Кодекстің 204-1-бабында, 357-2-бабында (бірінші бөлігі) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті органның басшысы не оның міндетін атқарушы адам әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жаза қолдануға құқылы.

 

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 576-9-баппен толықтырылды

576-9-бап. Биоотын өндірісі сала­сындағы уәкілетті орган

1. Биоотын өндірісі саласындағы уәкі­летті орган 147-10-бапта (бірінші, үшінші, сегізінші бөліктерінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

1) биоотын өндірісі саласындағы уә­кілетті орган басшысы және оның орынбасарлары;

2) биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

2010.15.11. № 352-ІV ҚР Заңымен 576-10-баппен толықтырылды

576-10-бап. Биоотын айналымы сала­сын­дағы уәкілетті орган

1. Биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган 147-10-бапта (тоғызыншы бөлігінде) көзделген әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарайды.

2. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және әкімшілік жазалар қолдануға:

1) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті орган басшысы және оның орынбасарлары;

2) биоотын айналымы саласындағы уәкілетті органның аумақтық органдарының басшылары және олардың орынбасарлары құқылы.

 

4-бөлiм. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізу

 

33-тарау. Негізгі ережелер

 

577-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң мiндеттерi әрбiр iстiң мән-жайын дер кезiнде, жан-жақты, толық және объективтi анықтау, оны осы Кодекске сәйкес шешу, шығарылған қаулының орындалуын қамтамасыз ету, сондай-ақ әкiмшiлiк құқық бұзушылықтың жасалуына ықпал ететiн себептер мен жағдайларды анықтау болып табылады.

 

578-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудiң тәртiбi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарауға уәкiлеттi судьялар мен органдардың (лауазымды адамдардың) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу тәртiбi осы Кодекспен айқындалады.

2. Қылмыстық немесе азаматтық iстердi қарау процесiнде соттың әкiмшiлiк жазалар қолдану тәртiбi осы Кодекстiң ережелерiмен және Қазақстан Республикасының Қылмыстық iс жүргiзу кодексi мен Қазақстан Республикасының Азаматтық iс жүргiзу кодексiне сәйкес айқындалады.

 

579-бап. Өтiнiш жасау

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуге қатысушы адамдардың, сол iстi жүргiзiп жатқан судьяның, органның (лауазымды адамның) мiндеттi түрде қарауына жататын өтiнiш мәлiмдеуге құқығы бар.

2. Өтiнiш жазбаша түрде мәлiмденедi және дереу қаралуға тиiс.

3. Өтiнiштi қанағаттандыру туралы не оны қанағаттандырудан бас тарту туралы шешiм ұйғарым түрiнде шығарылады.

2008.10.12. № 101-IV ҚР Заңымен 580-бап өзгертілді (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара)

580-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi болдырмайтын мән-жайлар

1. Төмендегi мән-жайлардың ең болмағанда бiреуi болған жағдайда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi бастауға болмайды, ал басталған iс қысқартылуға жатады:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық оқиғаларының болмауы;

2) әкiмшiлiк құқық бұзушылық құрамының болмауы, соның iшiнде әкiмшiлiк жауапқа тарту үшiн жеке адамның құқық бұзушылық жасаған кезде осы Кодексте көзделген жасқа толмауы немесе құқыққа қарсы әрекет жасаған жеке адамның ақыл-есiнiң дұрыс болмауы;

3) әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңның немесе оның жекелеген ережелерiнiң күшi жойылуы;

4) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi әкiмшiлiк жауаптылықты белгiлейтiн заңды немесе оның кейбiр ережелерiн Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес келмейдi деп тануы салдарынан олардың күшi жойылуы;

5) әкiмшiлiк жауапқа тарту мерзiмiнiң өтуi;

6) әкiмшiлiк жауапқа тартылатын адам жөнiнде сол факт бойынша әкiмшiлiк жаза қолдану туралы судьяның, органның (лауазымды адамның) қаулысының не әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстiң қысқартылуы туралы күшi жойылмаған қаулының болуы, сондай-ақ нақ сол факт бойынша қылмыстық iс қозғау туралы қаулының болуы;

7) iсi жүргiзiлiп отырған жеке адамның қайтыс болуы.

8) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлем­дердің түсуін қамтамасыз ету саласына басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган бекіткен бағдарламалық қамтамасыз етуде техникалық қателер туындаған жағдайда салық төлеушінің салықтық міндеттемелерді салық есептілігі нысанын электрондық түрде ұсыну бойынша Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде орындамауына әкеліп соғуы;

9) Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда.

2. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 2) тармақшасында көзделген негiз бойынша және зиян келтiру заңды болып табылғанда немесе осы Кодекстiң 5-тарауына сәйкес әкiмшiлiк жауаптылық жоққа шығарылатын мән-жайларда жасалған ретте қысқартылады.

 

581-бап. Әкiмшiлiк жауапқа тартпауға мүмкiндiк беретiн мән-жайлар

Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу осы Кодексте көзделген тәртiппен, 67, 68-баптарда көзделген жағдайларда, сондай-ақ әрекетте қылмыстық заңдарда көзделген қылмыс құрамының белгiлерi болуына байланысты материал прокурорға, алдын ала тергеу немесе анықтау органына берiлген жағдайда қысқартылуы мүмкiн.

 

582-бап. Прокурорлық қадағалау

Қазақстан Республикасы Конституциясының 83-бабына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзу процесiнде заңдардың дәл және бiркелкi қолданылуын жоғары дәрежеде қадағалауды мемлекет атынан тiкелей де, өзiне бағынысты прокурорлар арқылы да Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры жүзеге асырады.

 

583-бап. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзуде прокурордың заңдылықты қамтамасыз ету жөнiндегi өкiлеттiгi

1. Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi тексеру нәтижелерi бойынша прокурор:

1) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс бойынша қаулыға сотқа, өзге де уәкiлеттi органға немесе оның лауазымды адамына наразылық келтiруге;

2) уәкiлеттi лауазымды адамдар мен органдарға (соттан басқа) қосымша тексеру жүргiзу туралы жазбаша нұсқау беруге;

3) уәкiлеттi органдардан өздерiнiң бақылауындағы немесе өзiне бағынысты ұйымдарда тексеру жүргiзудi талап етуге;

4) заңда белгiленген жағдайларда әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қысқартуға;

5) әкiмшiлiк жаза туралы қаулының орындалуын тоқтата тұруға;

6) әкiмшiлiк ұстауға заңсыз таратылған адамды босату туралы қаулы шығаруға;

7) өкiлеттi мемлекеттiк органдардың лауазымды адамдары өздерiнiң мiндеттерiн орындауға байланысты жеке, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң құқықтары мен заңды мүдделерiн бұзатын жағдайларда қолданған тыйым салу немесе шектеу сипатындағы кез келген шаралардың алып тасталуы туралы қаулы шығаруға немесе талап қоюға;

8) әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iс жүргiзудi қозғау туралы қаулы шығаруға құқылы.

2. Прокурордың осы баптың бiрiншi бөлiгiнiң 6) және 7) тармақшаларында аталған актiлерi дереу орындалуға тиiс. Прокурордың аталған актiлерiнiң орындалуын кiдiртуге кiнәлi лауазымды адамдар заңда белгiленгендей жауапты болады.

 

34-тарау. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс жүргізуге қатысушылар, олардың құқықтары мен міндеттері

 

2007.27.07. № 314-III ҚР Заңымен (2008.01.01. бастап қолданысқа енді) (бұр.ред.қара); 2010.02.04. № 262-IV ҚР Заңымен (жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.